Мадиева Г. indd


V тақырыптық блок. «Шығыс герман тілдерінің ерекшеліктері»



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Герман филологиясына кіріспе

V тақырыптық блок. «Шығыс герман тілдерінің ерекшеліктері»
14 27-дәріс. Шығыс герман тілдері.
28-дәріс. Шығыс герман тілдерінің басты 
фонетикалық белгілері.
14-семинар. Солтүстік герман 
тілдері: фарьер тілінің басты белгілері 
(фонетикалық, грамматикалық, 
лексикалық). 
№18 СОӨЖ. Герман 
тілдеріндегі кірме сөз -
дер: атаулы және қор-
ғаушы пуризм (эссе).
№19 СОӨЖ. Неміс 
тілі: Австриядағы 
қызметі (презентация).
15 29-дәріс. Шығыс герман тілдері: гот тілі. 
30-дәріс. Гот тілінің тарихы, жазба ескерт-
кіштері, құрылымдық ерекше лік тері.
15-семинар. Герман тілдері: жалпылама 
мәліметтер. Герман Неміс тілінің 
диалектілері және өзге нұсқалары. Шығыс 
герман тайпалары және диалектілері 
жайлы мәліметтер (бургунд, вандал, 
гепид). Жоғарыда берілген терминдерге 
лингвистикалық сөздіктер бойынша 
салғастырмалы талдау жасау.
№20 СОӨЖ. Шығыс 
герман және солтүстік 
герман тілдерінің 
фонетикалық 
ерекшеліктері 
(презентация).
АБ 2 (топтық жұмыс): Барлық тақырып 
бойынша ауызша бақылау, терминдер, 
тақырыптар бойынша карта сызу, 
сөзжұмбақ құрастыру, сұрақтар дайындау.
Кестенің жалғасы


9
Герман филологиясына кіріспе
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 
СЕМИНАР ЖӘНЕ ӨЗДІК ЖҰМЫС 
ТАПСЫРМАЛАРЫ
1-2 ДӘрІС
Тақырып: Кіріспе: германтану тіл білімінің жалпы

және жеке саласыСалыстырмалы-тарихи

әдіс және оның түрлері
Германтану (лат. germanus – герман) ұғымы екі мағынада қол-
да нылады: біріншіден, герман халықтарының тарихын, тілі мен 
әдебиетінің, рухани мәдениетін зерттейтін ғылымдар жиынтығы 
және екіншіден, герман тілдерінің пайда болу тарихы мен дамуын 
және оның диалектілері мен қазіргі жағдайын зерттейтін тіл 
білімінің бір саласы ретінде.
Герман тілдері үндіеуропа жанұясына (ҮЕЖ) кіреді. ҮЕЖ 
– Еуразия, Америка, Австралия және ішінара Африка аумақта-
рына таралған туыстас тілдердің ірі одағы. Осы жанұяға туыстас 
герман тілдері кіреді. Әйгілі германтанушылар: Ф. Бопп, Р. Раск, 
Я. Гримм (ХIX ғ. басында). Германтанудың дамуына Кеңес 
ғалымдары В.М. Жир мунский, В.Н. Ярцева, А.И. Смирницкий, 
С.Д. Кацнельсон т.б. үлес қосты. 
Германтану жеке бөлім ретінде XVII ғ. герман тілді халықтарда 
көне жазба ескерткіштерге қызығушылық басталған кезде, ана 
тілін көтеруге, бірыңғай тілді қалыптастыруға бет алған кезде 
бөлініп шықты. Алмания, Англия, Нидерланды елдерінде ана 
тілінің оқулықтары XVI ғ., Скандинавия елдерінде XVII ғ. пайда 
болды.
«Салыстыру» терминінің ұзақ әрі тұрақты қолданылуы салыс-


10
Герман филологиясына кіріспе
тырмалы-тарихи тіл білімімен және салыстырылатын тілдер дің 
туыстығын айқындаумен байланысты. 
1. Салыстырмалы-тарихи әдістің көмегімен зерттелетін тіл-
дік материалдың таңдап алынуы белгілі бір тіл топтарының 
мүмкін болатын туыстығы жайлы ғылыми болжаммен бай-
ланысты.
2. Салыстырмалы-тарихи талдау үшін (тілдердің тарихи даму 
заңдылықтарын, сәйкестіктерін анықтау, ататілдік жағдай мо-
делін қайта құрастыру және т.т.) тілдер (жанұялар, топтар) көне 
жазба дәстүрлердің болуына байланысты таңдалады. 
3. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі әртүрлі уақыттағы тілдің 
жай-күйін салыстырады, сондықтан да диахрондық болып табы-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет