125
Кет -па
Бар -пе
Бер
5. Сұрақтарға бірінші болымды түрде, екінші болымсыз түрде жауап
қайтарыңыз
Үлгі: Иә, мен оларды таңертең көрдім. Жоқ, мен оларды таңертең көрген
жоқпын.
1. Сен оларды таңертең көрдің бе?
2. Қыздар кешке театрға бара ма?
3. Сендер бүгін балық ауладыңдар ма?
4. Сіз оларға айтасыз ба?
5. Жұмыстан кешке таман қайтасыз ба?
6 Өлеңдегі етістіктерді болымсыз түрге айналдырыңыз
Көктем келді. Өмірдің келешегі-
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр сап тентек жігіт-жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
М. Мақатаев
7. Етістіктің болымсыз формасын беріңіз
1. Айтамын- айтпаймын
2. Жазамын-
3. Келемін-
4. Оқисың-
5. Жүреді-
6. Барады-
Достарыңызбен бөлісу: