Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Мағынасына қарай көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз



Pdf көрінісі
бет165/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

7. Мағынасына қарай көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. Мұндай (нені?).................... естігенде ренжіп қалды.
2. Әсел (кімді?) .......................көргенде қатты қуанып қалды.
3. Ол ғажайып (нені?) ................. тағы тыңдағысы келді.
4. Дүние жүзіндегі барлық халық (нені?) ...................қалайды.
5. (кімді?).............  барлығы сыйлайды.


133
Лексикалық  тақырып:  Пошта,  байланыс
1. Мәтінді жалғастырыңыз, мазмұнын айтыңыз.
Ертеде хат-хабарды түйе немесе ат арбамен тасыған. Ол кездерде байланысқа
ұзақ уақыт кететін. Кейіннен 1860 жылы Алматы қаласында Пошта бөлімшесі
ашылды...
2.Мәтінді оқыңыз. Тақырып қойыңыз. Аударыңыз.
1862 жылы Алматы (бұрын Верный бекінісі) мен Пішпек қалаларын
байланыстырған телеграф желісі болды. Сол кезеңде Қазақстан қалалары
мен жалпы барлық өңірін қоршаған ортамен тез байланыстыратын  жалғыз
тиімді  құрал  болды.  Келесі  жылы  телеграф  желісі  бойынша  байланыс
Алматы  қаласы  мен  Жетісу-  Жәркент,  Лепсі,  Сергиопол,  Қапал  уездік
қалалары арасында, ал содан кейін батыста- Ташкентте және солтүстікте-
Семей мен Омбыда орнатылды. 1934 жылы Алматының поштамп, телеграф,
қалалааралық,  халықаралық  телефон станциялары  орналасқан  Алматы
Байланыс үйінің құрылысының аяқталуы  елдегі маңызды оқиға болды.
1939 жылы алғаш рет қазақстандық телеграф желісі бойынша фотобейне-
қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың портреті жіберілген
болатын.
Алпысыншы жылдары жеті факсимильді байланысты енгізу басталды,
соның  көмегімен  байланыс  желісі  арқылы  құжаттарды,  сурет,  фото,
сызбалар мен газеттерді жіберу жүзеге асырылды. 1970 жылы барлық совхоз,
колхоздар мен ауыл кеңестерін телефондандыру аяқталды.
КСРО  тарағаннан  кейін  сала  жаңа  жағдайға  тап  болды.  Барлық
қиыншылықтарға  қарамастан,  саланың  техникалық  және  кадрлық
әлеуеттілігін  сақтау,  инвестицияны  тарту,  шетел  серіктестерімен
алғашқы қарым-қатынас орнату үшін көп жұмыс жасалды. Қазақстан
дүние  жүзілік  экономикаға  шыға  бастады.  Телекоммуникация
саласындағы ұлттық операторды- компания құру қажеттілігі туралы
мәселе туындады.
1994 жылдың 17 маусымы күні - «Қазақтелеком» ҰАҚ компаниясының
құрылған  күні.  Оның  атымен  біздің  еліміздегі  телекоммуникация
саласынының  тағдыры  байланысты.  Бүгінгі  күні  «Қазақтелеком»
компаниясынсыз біздің қоғамның өмірі мүмкін еместігі баршамызға белгілі.
(интернет материалынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет