Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Өлеңді түсініп оқыңыз. Жаттап алыңыз



Pdf көрінісі
бет240/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

14. Өлеңді түсініп оқыңыз. Жаттап алыңыз.
Түнгі Алматы
Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда,
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған ба?!
Сүйіседі көшелер көшелермен,
Бір рақат сезесің еселенген.
Осы сиқыр қалада өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше келген.
Емен, терек еркімен қауышады,
Қайың менен қарағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады.
Алматыға жеткенде аң-таң болып,
Арықтармен ақырын тартар жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра қалып,
Атылады аспанға фонтан болып.
Судың аты- су ғой, ол бұғына ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
Алматы- жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген. ( М. Мақатаев)


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет