Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
6. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Аударыңыз. аққу, үкі, шіл, ақбөкен. 1. ... – тауық тәрізді құс. Олар шыршалы орманда, аралас ормандарда
мекендейді.
2. ... – жабайыланған қой тұқымдас. Жыртқыш аңдар қатер төндіргенде,
олар адамды паналап, қойға қосылып кететіні де бар.
3. ... – жыртқыш құс. Қараңғыда жердегі жалғыз ноқатты көре алады. Күндізгі
көруі де кем емес.
4. Шалқар көл еркесі - ... . тұмсығының кейбір жері қара, қалғаны қызғылт
сары және тұмсығының үстінде томпақ мүйізшесі болады. Бұл әсем құстың
тазалығы мен сұлулығын ескеріп, жұртшылық қыз-келіншектердің нәзіктігін,
келбеттерін соған теңейді.