Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтін дайындаңыз



Pdf көрінісі
бет246/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

3. Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтін дайындаңыз.
7 қорық
1. Ақсу – Жабағылы қорығы – 1926 жыл
2. Алматы қорығы – 1931 жыл
3. Наурызым қорығы – 1934 жыл
4. Барсакелмес қорығы – 1939 жыл
5. Марқакөл қорығы – 1976 жыл
6. Қорғалжын қорығы – 1979 жыл
7. Үстірт қорығы – 1984 жыл


184
Қазақ  тілі  практикумы
Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша,  жануар,  жәндік
тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны,
мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар
ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.
Сабағына арнайы байланыс құралын орнатып, өздері жапырақты жұлуға
қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш діріл пайда
болған. Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған.
Яғни, бір ғұмыр үзілді. Жансыз деп есептейтін қарапайым жапырақтың
өзінде осыншама сезім болуы неткен ғажап десеңізші! Ал қалампыр гүліне
жасалған тәжірибе тіптен керемет. Жас, сұлу қыздар иіскесе, гүлін ашып,
кәдімгідей сүйсініпті. Жиіркенішті біреулерді ұнатпай, тыжырыныпты.
Темекі тартқан, арақ ішкендердің демінен қорқып, гүл жабыла бастапты.
Ғажап емес пе?!
Халқымыз  қасиетті  құс  деп  ардақтайтын  аққу  көгілдір  шағында
жұптасады екен де, қалған ғұмырын аса тату бірлікте өткізетін көрінеді.
Олардың бір-біріне деген махаббаты соншалық – жұптың бірі қапияда қаза
тапса, екіншісі қайғыға шыдамай, әуеден құлдилап келіп, жерге соғылып
өлетініне немесе нәр татпай, жан тәсілім ететініне табиғат әуесқойлары талай
мәрте көз жеткізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет