205
6. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Ақсүйек
Ай сүттей жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар
араласып ойнай береді. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған.
Соған орай ойын да «Ақсүйек» деп аталған. Жиналғандар екі топқа бөлінеді.
Ойын бастаушы ақ сүйекті лақтырады. Басқалары ақ сүйектен көз алмай,
қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң бастаушы:
«Ал іздеңдер!» - деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен
таптым!» - деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтереді. Содан соң
көмбеге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсылстары оны ұстап алуға тиіс. Ұсталып
қалса, ақ сүйекті соған береді. Сөйтіп, ақ сүйекті қай топтың ойыншысы
көмбеге жеткізсе, сол топ жеңеді. Қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән
салып, күй тартады т.б. өнер көрсетеді. Ойын кезінде басқа сүйекті
пайдалануға болмайды. («Қазақ әдебиеті» газетінен)
Достарыңызбен бөлісу: