3. «Маман» сөзін жіктеңіз Мен
Біз
Сен
Сендер
Сіз
Маман ...
Сіздер
Маман ...
Ол
Олар
4. Тиісті жіктеу есімдіктерін қолданыңыз. ... шаш қиямын. ... ертең келеді. ... егістікке бар. ... дәрігерден келдіңіз бе? ...
келесі жылы диплом аламыз. ... білікті мамандар. ... тәжірибелі
сатушысыңдар. ... білімді оқытушысыздар.
5. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Жіктеу есімдіктері мен жалғауларын тауып астын сызыңыз. Мұқағали Мақатаев Менің анкетам - Туған жерің? - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Жынысың кім? - Еркекпін ғой, еркекпін! Және дағы тәуірмін...
47
-Партияда барсың? -Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын. -Шыққан тегің? -Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. -Білімің ше? -Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын. -Ана тілің? -Қазақша. -Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. -Қайда істедің? -Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар. -Міндеттісің бе әскерге? -Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге. -Сөгіс алып көрдің бе? -Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... -Шетелдерде болдың ба? -Болғаным жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жайыммен, Осы отырған орнымда-ақ. -Мекен-жайың? -Мекен-жайым –жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!