67
11. Мәтінге ат қойыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.Наурыз, сәуір, мамыр
көктем айлары.Бұл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады.
Көктем туғанда, ерекше мереке Наурыз мейрамы тойланады. 22 наурыз
– шығыс халықтарының жаңа жылы. Наурыз парсы сөзі, “Жаңа күн” деген
мағынаны береді. Жылдың төрт мезгілінің бірі – жаз. Маусым, шілде, тамыз
– жаз айлары.
Жазда шыққанда, күн ыстық, ашық болады. Жаңбыр аз жауады. Күн
ұзақ, түн қысқа болады.
Күз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары.
Күз келгенде, күн қысқарады, түн ұзарады. Қараңғылық ерте түседі. Жаңбыр
да жиі-жиі жауады. Ал адамдар қысқа әзірлікке кіріседі.Күз - ерекше мезгіл.
Қазақ күзді қоңыр күз, күрең күз деп атайды.
Ең әдемі де ерекше мезгілдің бірі – қыс. Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс
айлары.
Күзден кейін қыс келеді. Қыс түскенде дала, орман, үйлер де ақ қар
жамылады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз қатады. Жыл мезгілдерінің
ең суық та қаһарлы кезі – осы қыс айлары.Бір жылда 365 күн бар. Бір айда
30 күн бар. Бір айда 4 апта бар. Бір аптада 7 күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі,
сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Достарыңызбен бөлісу: