69
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
** Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды.
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды. (Абай)
* Ұшпа–шашыранды бұлт.
**Шидем- жылқышының қой жабағысынан, сыртын шекпенмен қаптап
тігілген киімі.
Тапсырма:
1. Өлеңді аударыңыз.
2. Өлеңнен неше көрініс көріп тұрсыз? Ұнаған көріністің суретін
салыңыз.
3. Өлеңді жаттап алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: