Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
11. Мәтінді оқып, аударыңыз. Би – дау-жанжалға билік айтушы білермен адам. Би халықтың әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі
қарауда тапқырлығымен көзге түсіп белгілі болды. Билердің билік шығару,
ол биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде кең құқықтары болды. Олар
кіші, орта және ішкі ордалар хандары кеңесінің құрамына кіріп, хандар
саясатына елеулі ықпал жасаған. Қазақ халқында атақты билер: Төле би
(1663-1756жж), Қаз дауысты Қазыбек би (1167-1764жж), Әйтеке би (1683-
1767жж). «Билер соты» деген Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін
болды. ( Мұхамадиева Н.Қ. Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)