193
Қазақ пен қалмақ арасындағы келіссөздердің бірінде Қазыбек би көзге
түскені мәлім. Сондағы Қазыбектің айтқаны мынау екен: - Біз қазақ деген
мал баққан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау
баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, татулықты
сақтай білген елміз. Сен қалмақ болсаң біз қазақ қарпысқалы келгенбіз,
танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы
келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан алысқалы келгенбіз, берсең
жөндеп бітіміңді айт, бермесең тұрысатын жеріңді айт
Басымыздан намысты
Асырмаған елміз.
Адалдықты әрқашан
Жасырмаған елміз.
Адал ниетті ақтай білген елміз.
Атаның өсиетін балаға,
Баланың өнері атаға,
Айтып тарата білген елміз.
Достарыңызбен бөлісу: