Зерттеудің объектісі: ғылыми-білім беру қызметін қолдауға арналған
ақпараттық жүйе, тезаурустар, морфологиялық талдағыштар және т.б.
Зерттеудің пәні: ақпараттық жүйелер, тезаурустар, морфологиялық
талдағыштар, координатты индекстеудің алгоритмдері, классификациялау және
іздеу механизмдерінің моделдері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Диссертацияда
ғылыми-білім
беру
қызметі
саласындағы
пайдаланушылардың ақпараттық мұқтаждықтарын талдау негізінде:
1. DELOS DLRM және OAIS RM стандарттары негізінде ақпараттық
ресурстарды сипаттауға арналған метадеректерді пайдаланып ақпараттық
жүйенің концептуалды моделі өңделді;
2. Z39.50 хаттамасы мен Zthes модификацияланған деректер схемасын
пайдалану негізінде тезаурус деректер
қоры мен
үлестірілген АЖ
классификаторларының
және
басқа
лексикографиялық
ресурстардың
интероперабельділігі мәселесінің
шешімі
ұсынылды, олар ақпараттық
технология бойынша көптілді тезаурусты өңдеу кезінде апробацияланды (қазақ,
орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 21672 термин);
3. Іздеу функциясының тиімді алгоритмдері құрылып, іске асырылды:
3.1Қазақ тілінің сөздерін қалыпты түрге келтірудің жаңа алгоритмі;
3.2Ақпараттық технология саласындағы терминдердің классификациялық
белгілерін ескеретін координаттық индекстеу алгоритмі;
3.3Кілттік терминдер (ұғымдар) негізіндегі құжаттар топтамасының
фасеттік рубрикаторын (фасеттік классификация) қалыптастыратын
құжаттарды тақырыптық классификациялау алгоритмі. Ақпараттық
технология бойынша
ғылыми-білім беру ресурстарын фасеттік
классификациялаудың математикалық формализациясы жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |