Маңғыстау ауданы Тобанияз атындағы орта мектеп физика пәні мұғалімі Алдабергенова Айжан Физика пәнінен 10 сыныпқа арналған деңгейлік есептер



Дата26.11.2022
өлшемі55,78 Kb.
#52804



Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Тобанияз атындағы орта мектеп
физика пәні мұғалімі
Алдабергенова Айжан

Физика пәнінен 10 сыныпқа арналған деңгейлік есептер



Молекулалар массасы. Зат мөлшері тақырыптарына арналған.
I деңгей
1.Судың бір молекуласының массасы қандай?
2. 500 моль көмірқышқыл газының массасы неге тең?
II деңгей
1.2.Судың мольдік массасы 0.018кг/моль. Судың бір тамшысында 1020 молекула бар. Тамшының массаысын табыңдар.
III деңгей
1.Алмастың тығыздығы 3500кг/м. Осы заттың 1022 атомы қандай көлем алып тұрады?
2.Қалыпты жағдайда көлемі1м3 оттегінде қанша молекула бар? Оттегінің бір молекуласының массасы қандай?

Газдың МКТ-ның негізгі теңдеуі
I деңгей
1.Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с, ал 1.35кг/м3 болса, оның қысымы қандай?
2.Қыздырудың нәтижесінде жабық ыдыс ішіндегі газ қысымы 4есе өсті. Орташа квадраттық жылдамдық қаншаға өсті?
II деңгей
1.Қысым 20кПа бір атомды газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясын табыңдар.Осы газдың көрсетілген қысымдағы молекулаларының концентрациясы 3*1025м3.
2.Егер оттегігің қысымы 0.2 МПа, ал молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с –қа тең болса, оттегі молекулаларының кнсентрациясын табыңдар.
III деңгей
1.Газдың массасы 6кг, қысымы 2000кПа, болғанда 5м3 көлем алды. Осы жағдайдағы газ молекулалары қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы қандай?
2.Массасы 6кг, көлемі 4,9 м3 және қысымы 2000кДж сутегі газы молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын есептеп табыңдар.

Молекуланың жылулық қозғалысының энергиясы. Темпратура – молекулалардың кинетикалық энергиясының өлшеуші.
I деңгей
1.Егер аргон газының темперетурасы 170 0С болса, онда оның атомының орташа кинетикалық энергиясы қандай?
2. Массасы 0,3 г оттегінің алып тұрған көлемі 0,002 м3. Концентрациясын табыңдар.
II деңгей
1.Газдың массасы 2,6кг, қысымы 2,6*105Па, көлемі 0,83м3, ал температурасы 280К. Осы газдың мольдік массасын табыңдар.
2. Бір атомды газдың температурасы 290К, ал қысымы 0,8МПа болған кездегі молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын және млекулалардың шоғырын анықтаңдар.

III деңгей
1.Газдың температурасы 1К-ге өзгергенде, оның орташа кинетикалық энергиясы қанша есе өзгереді?
2.Газдың т емпературасын 7-ден 350С-қа дейін арттырғанда оның молеклаларының орташа кинетикалық энергиясы қанша пайызға артты?

Газ молекулаларының жылдамдықтары.
I деңгей
1.Көлемі 3л ыдыстағы газдың температурасы 2730С, ал қысымы 150кПа болса, ыдыста қанша молекула бар?
2.1000С температурадағы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 540 м/с. Молекуланың массасын табыңдар.
II деңгей
1.Температурасы 270С болған кездегі сутегі молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын табыңдар. Сутегі морлекуласының массасы 3,34*10-27кг.
2.Егер массасы 6кг, көлемі 5м2, қысымы 200 кП, газдың молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын табыңдар.
III деңгей
1.Температурасы 370С-тен 400С-қа көтерілгенде біздің қанымыздағы су молеклаларының орташа квадраттық жылдамдығы неше пайыз артты? Судың бір молекуласының массасы 29,9*10-27кг.
2.Көлемі 0,5л газдың массасы 3г,ал молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с. Осы газ молекулалары ыдыс қабырғасына қандай қысым түсіреді?.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет