Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ
әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі.
Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі
Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев
ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен,
адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған.
Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы
Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды.
Ілияс ОМАРОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері
Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр
шашса, кейбір «әдебиеттің жұлдызы боламыз» деп
жүргендер сөніп қалады.
Зейнолла ҚАБДОЛОВ,
академик-жазушы
Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы
алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан
Жұмабаев