Ж.Аймауытов қазақтың көркем прозасының негізін салып, өзіндік мектеп калыптастырып кеткен ұлы суреткер, жалынды публиист, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері.Ауыл мұғалімдігінен бастап губерниялық оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі», «Ақ жол», «Абай» газеттерінің қызметкері, пед.техникумның директоры қызметтерін атқарған.
«Баланы бұзуга, яки түзеуге себеп болатын бір шарт — жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Атаананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салган ізге байланысты». Сол секілді ол бала тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүрлердің рөл атқаратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.
«Ұран» өлеңінде былай дейді: Намыстан, қайраттан, қатарға ен, Басқадан кем болған сенің нең. Ұраным, қорғаным сен Алаш,Жолыңа құрбандық мал мен бас, Онер тап, өрге шап, қару ап, Аллалап алға бас, ал Алаш»-деген өленде балаларды өнер, білімге шақырады. «Жазғы шілде» өлеңі:
Ой, балалар, балалар!
Шілдем, Шудаланған көп шөптер...
Ой, балалар, балалар!
Ойналык та, күлелік,
Үйретіп тай мінелік
шілдем, шілде айым,
Шырлап торғай күн сайын,
Шұбар ала шешектер,
Ақын хайуанаттар әлемі туралы жазған орыс жазушылары Паустовский, Осеева сияқты қазақ балаларының дүниетанымына лайықтап, оларды қызықтыратын төрт түлік малдардың ерекше қасиеттерін дәріптейтін қысқа әңгімелер жазған. Мысалы, «Жан-жануардың иісшілдігі» деген әңгімесінде қазақ халқының көшпелі өмірінде маңызды рөл атқаратын төрт түліктің иіс сезгіштік қасиеті туралы былай деп сөз қозғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |