М.Дулатұлы.Қазақ сөз майталмандарының тіліне әсер ететін бірінші қайнар көз – фольклор. Міржақып шығармашылығына халық ауыз әдебиеті әсер еткен бірінші бастау екенін өз еңбектерінде фольклор жанрының үлгілері мен деректерін үзбей пайдаланылуы айғақтаса керек. Әсіресе, балаларға арналған педагогикалық еңбектерінде, оқу құралдарында фольклор үзіктері үзбей қолданылады. Мысалы, («Қобыланды мен Тайбурыл», «Қара батыр» ертегісі т.б.). Міржақып сонымен қатар, дәстүрлі шығыс әдебиетінің өзіндік ерекшелігінің бойына қабылдайды, өйткені ол кезде қазақ даласында шығыс шайырларының есімдері дәуірлеп тұрған болатын. Шығыс ойшылдарының еңбектері, ислам дінінің имандылық мәні Міржақыптың алғаш танысқан әдеби үлгілері, тұма бұлақтары болатын. Кейіннен ол алдыңғы қатарлы орыс әдебиетін оқыған, көзі ашық ағартушы дәрежесіндегі тілдік тұлғаға айналды. Соңынан Абай өлеңдері жарыққа шыққаннан бастап, Міржақып әдеби тұлғасына ерекше әсер еткен дана Абай көрсеткен жол еді.
Міржақыпты тілдік тұлға ретінде танытатын қырының бірі - оның публицистикасы екені және қазақ көсемсөзінің қалыптасу кезеңінің басында тұрғандардың да бірі Міржақып Дулатұлы болғаны зерттеушілерге аян. (М.Дулатұлының «Қазақ» газетінде, «Айқап» журналында жарияланған мақалалары). Міржақыптың ақындық жазушылығынан басқа шығармашылық тіліндегі бір көрінісі - оның аудармалары. Мысалы, оның араб тілінен аударған Әл-Фараби замандасы, арабтың ертедегі ақыны Абу Фарастың «Тағдырдан сұра, қаскүнем» өлеңі, А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан, Н.Ановтан жасаған әдеби аудармаларымен қатар, әртүрлі заңдар, кітапшалар, оқу құралдарының аудармалары сақталған.
Міне, осы қасиеттерді бойына жинақтаған М.Дулатұлының таным әлемі және қоғамға, тілге деген еңбегінің қозғаушы күші тілін зерттегенде ғана айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |