Орындаған: Джумабаева Анель 302-топ
Тақырыбы: А.Байтұрсынұлының, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтың баларарға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні
Мағжан Жұмабаев.ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап «Педагогика»,«Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні еңбектерін жариялады. Жалпы бала тәрбиесінде Мағжан ешқандай зорлық зомбылықтың болмауын ұсынады. Балаға мейірбандылық тәрбиесін беру керектігін айтады. Ол: «Баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Баланы ұру, соғу ісі адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбиеленген бала санының бар жақсы мінездерінен, акылынан, есінен айрылып, миғұла болады. Сужүрек, жасқаншақ болады», - дейді.
Мағжан шығармаларында ХХғ.б. басты тақырыптардың бірі болған оқу-білім тақырыбы ерекше орын алады. Ақын өзінің алғашқы өлеңдерінің бірі «Жатыр» деген өлеңінде: Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін де өнер-білім ашып жатыр.
Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі күн боп,
Жалтылдап көктен нұрын шашып жатыр,
- дей келіп, өз жұртын да сондай өнерлі елдерден үлгі алып, ілгері ұмтылуға шақырады.
Балаларға арналған «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым», «Қарағым», «Балалық шак», т.б. өлеңдерінде тереңдете түседі, жастарды бойкүйесіздіктен арылып серпілуге, білім алып, халқына қызмет етуге үндейді.
Мағжанның кішкентай балаларға базарлық ретінде жазлған ең алғашқы өлеңдері алғаш Қазақстан оку комиссариаты шығарған «Жаңа мектеп жорналының 1926 жылғы 6-санына «Тегін қосымша» болп баслған кітапқа енеді. Олар: «Бөбектің тілегі», «Ойын», «Балалар атасы», «Ана», «Сылдырмақ», «Сұр құлын», «Сал,сал, сал білек», «Немере мен әжесі», «Ана мен бала», т.б. « Бөбектің тілегі» деген Тоқтышағым тоғыз тап, өлеңінде ақын баланың арман-тілегін былай береді:
Саулық кoйым сегіз тап,
Сегізін де семіз тап Құла бием күлын тап,
Құлын таппа құнан тап,
Құнан тапсаң, семіз тап...
Ал «Ана» деген өлеңінде баланың анасы баласын былай жұбатады:
Бурыл тайға мін бөпем,
Ақ қызы бар ауылында,
Балпаңбайдың үйіне
Бұрала басып түс бөпем .
Қымызынан іш бөпем...
Балаларға арнап ертегі, дастан, поэмалар жазған ақын. Олар: «Ертегі», «Жүсіп хан», «Ескендірдің мүйізі»,«Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі». Мысалы, «Өтірік ертек» поэма-ертегісінде мысыққа қарсы тышқандар көтерілісі негізгі ойын жеткізу үшін схемалық түрде алынған.Шираз қаласындағы бір тышқан жүзім шарабына тойып алып, мысықтарға соғыс ашады, мысық мешітке барып, тәж киіп, тышқандармен бітісем деп алдауы, тарту-таралғысымен келген тышқандарды қан жоса етуі, мысықты көп тышқанның байлауы, дарға асам деген жерден босап кетуі, ақыры тышқандардың өз ханын құртып, ханды да, мысықты да елден аластатады. Поэманы оқи отырып, баланың өміргедеген көзқарасы, қызығушылығы арта түседі. Жаман мен жақсыны, зұлымдық пен қайырымдылықты ажырата білуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |