Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

Есту сезімін тәрбие қылу. 
Баланың есту сезімін 
тәрбие қылу – алдымен оның құлағын түрлі зияннан 
сақтау деген сѳз. Мысалы, баланы қисық яки еңкейтіп 
ұстау жарамайды. Себебі, басқа шапшыған қан құлақ-
қа зиян келтіреді. Қатты дыбыс, құлаққа суық тигізу, 
шомылдырғанда су жіберу жарамайды. Құлық ағып, 
яки басқа түрлі баланың құлағы ауыра бастаса, тез док-
торға емдету керек. Надан алдауыш дәрігерге емес, ғы-
лым иесі докторға. Әсіресе қызылшадан соң баланың 
құлағы ауырымпаз болады. Қысқасы, ауру білінсе-ақ, 
емдету керек.
Баланың құлағын зияннан сақтаумен бірге баланың 
сақ құлақ болуына да кѳмек кѳрсету керек. Құлақтың 
сақ, естімпаз болуы үшін баланың түрлі дыбысты ести 
беруі шарт. Сондықтан ана баланың жанында ешбір 
уақыт үндемей отырмауы керек. Дұрыс, ол анасының 
сѳзін ұқпайды. Әйткенде де әдеттене берсін. Біз айт-
пай-ақ, баласы еш нәрсені ұқпаса да, баласын шын сүй-
ген ана ѳзі-ақ айналып-толғанып жатады ғой.


66
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Қысқасы, балаға қандайда болса дыбыс естіртпей 
қою дұрыс емес. Бала жансыз заттардан шығатын шуды, 
судың сылдырын, жібектің судырын, шѳптің сыбдырын, 
темірдің қаңғырын, һәм жанды заттардан шығатын ды-
быстарды, жылқының кісінеуін, қойдың маңырауын, 
мысықтың мияуын, құстың шырылын ести берсін. Бала 
малдың дыбысына еліктегіш болады. Бала қошақанша 
маңыраймын деп әуре болып жатады.
Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан бала-
ға түрлі музыка құралдарының үнін естірте беру керек. 
Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдыңда отыр-
ған бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай 
ма? Баланың есту сезіміне аса кѳп әсер беретін – бесік 
жыры. Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына 
келген ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. 
Жырлай берсін. Бала сѳзін ұқпаса да күйінен әсерле-
неді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди, ақ бѳпем» деп 
басталатын ескі бесік жырын жырлау керек. Бұл жыр-
дың күйі де, сѳзі де тәтті. Біраз есейген балаға жырлау 
үшін қазақ әйелі тѳмендегі бесік жырымен таныс болса 
игі болар еді.
Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет