Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

есік жыры
К
үнім, айым, 
Еркетайым, 
Бѳлейін енді
Тыста дауыл, 
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді. 
Жұмсақ бесік,
Жылы тѳсек,
Жата ғой, қозым, 


67
«Асыл мұра» сериясы
Әлди, бѳпем, 
Әлди, бѳпем,
Ұйықта, жұм кѳзің. 
Құлыншақтар,
Қозы, лақтар –
Бәрі-ақ ұйқыда. 
Сен – жұлдызым,
Сен – кѳз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға. 
Сая жаным,
Балапаным,
Соқсын дауыл, жел, 
Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл. 
Беу-беу, бѳпем,
Беу-беу, бѳпем,
Әлди, әлди-ай! 
Сәулем, еркем,
Күні ертең
Толарсың сен ай. 
Пісіп алмам,
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің. 
Сұлу сүйрік,
Жорға жүйрік
Тайға мінерсің. 
Қара жарғақ,
Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің. 
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,
Қысып сүйермін. 


68
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Мініп тұлпар,
Алып сұңқар,
Тауға кетерсің. 
Сен боп сѳзім,
Жасты кѳзім,
Сағынып күтермін. 
Қызық іздеп,
Қыздар кѳздеп,
Елдер кезерсің. 
Тарлан шүйіп,
Сұлу сүйіп,
Үйден безерсің. 
Қуып бақыт,
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің. 
Жүрек жара,
Мен – бейшара,
Жастар тѳгермін. 
Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар. 
Сен еріме,
Жас бѳріме
Қарсы кім тұрар? 
Алмас қылыш,
Найза құрыш
Белге буарсың. 
Сен, сырттаным, 
Арыстаным,
Жауды қуарсың. 
Туған жерден,
Ѳскен елден
Ерге не қымбат? 


69
«Асыл мұра» сериясы
Жас жолбарыс, 
Жаумен алыс,
Шаңға, қанға бат. 
Айбатыңды, 
Қайратыңды
Кѳріп қарт анаң 
Тѳгіп жасын,
Жайып шашың,
Тілер: «Бол аман!»
Күтем, күйем, 
Кѳрсет, ием,
Сол алтын күнін. 
Ұйқың тәтті,
Ұйқың қатты,
Қозым, құлыным. 
Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай! 
Әлди, бѳпем,
Әлди, бѳпем,
Әлди, әлди, әлди-ай!
Е
сту сезімінің жан тұрмысына керектігі. 
Адам-
ның дыбысы жан тұрмысына байлаулы. Жан жат 
болса, дауыс та жат шығады. Жан күңгірт болса, дауыс 
та күңгірт. Жанның терең түкпірінде жатқан ыстық 
сырларды ашып, шешіп беретін адам сѳзінен қымбат 
дүниеде не нәрсе бар? Міне, бізді шет адамның жаны-
мен шын табыстыратын нәрсе – осы есту сезімі.
Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы 
есту сезімі. Біз егер жануарлардың шулауы, бұлттың 
күркіреуі, судың сылдыры сықылды жаратылыстың 
түрлі әуенін естімесек, жаратылыс бізге жансыз, мыл-
қау болып кѳрінер еді.


70
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Есту сезімі адамның кѳру сезіміне де кѳп кѳмек кѳр-
сетеді. Кѳз нәрсенің сыртын кѳреді. Құлақ бізге бір зат-
тың ішін, жанын шешіп береді. Грек данышпаны ал-
дында тұрған кісіге:
«Қане, сѳйлеші. Мен сені кѳрейін»,– дейді екен. 
Мылқауға қарағаңда тума соқырдың ақылды, құлық-
ты болуы һәм оның жанының, жүрегінің жұмсақ, нәзік 
болуы осыдан.
Адамның әділеттілікті сүю сезімін тереңдететін де – 
осы есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені 
балқытып, адамға терең ой салмай ма?
Құлақтан қіріп бойды алар 
Тәтті ән менен мұңды күй. 
Жүрекке терең ой салар 
Әнді сүйсең, менше сүй, –
дейді Абай. Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді. 
Шат күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі 
ѳлгенде ѳлім күйі, тойда қуаныш күйі, соғыста адам-
ды есалаңдандырып кѳтеріп жіберетін соғыс күйі ой-
налуының мәнісі осы. Грек елінде бір әдемі ертегі бар. 
Орфей деген күйші күйімен, әнімен тағы аңдарды ұйы-
тып алады екен. Қазақтың әдемі ертегісінде Қорқыт 
қайда барса да алдынан кез келе берген кѳрден, яғни 
жанын жеген ѳлім туралы ойдан құтылам ба деп бір 
тоқтаусыз қобыз тартатын болыпты. Қысқасы, баланың 
жаны кетік болмай, бүтін болсын десе, тәрбиеші бала-
ны әннен, жырдан, музыкадан қашырмасын.
Сипау сезімі. 
Сипау сезімінің құралы – адамның 
терісі. Мидан һәм жұлыннан шығып, сипау нерв-
тері теріге келіп бұтақтанады. Сипау нервтерінің кѳп 
жиылған жері – қол. Қол болғанда, саусақтардың ішкі 
жақ бас терісі. Мұнан соң – алақан, тілдің ұшы, ерін, 
мұрынның ұшы, саусақтардың сыртқы жағы, табан 
һәм жақ терісі. Сипау сезімінің ең әлсіз жері – арқа.


71
«Асыл мұра» сериясы
Сипау сезімі арқылы біз заттардың үстін, яғни қат-
тылығын, тегістігін, бұдырлығын, ѳткірлігін, топасты-
ғын һәм ыстықтығын, жылылығын, суықтығын білеміз.
Баланың сипау сезімін жақсы тәрбие қылудың ке-
ректігінде дау жоқ. Сипау сезімін тәрбие қылу үшін 
алдымен сипау сезімінің құралы – теріні түрлі зиян-
нан сақтау керек. Теріні кір басып кетсе, сипау сезімі 
топас болып қалады. Екінші, балаға түрлі нәрсе бере 
беру керек. Сипау сезімі жақсы тәрбие қылынса, тіпті 
ѳткір болады. Мысалы, кассада отыратын адамдар сау-
сағымен бір сипап жіберіп, қағаз ақшаның асылы мен 
жасығын айыра қояды. Соқырлар қолымен ақшалар-
ды, һәм жазылған қағаз бен жай қағазды айырып біле 
алады.
Сипау сезімінің адамға қымбаттығы сонша, адам-
ның кѳрген, яки естіген нәрсесін ұстап кѳргісі келмей 
қоймайды.
Ет сезімі. 
Ет сезімінің құралы – терінің астындағы 
ет. Етке келіп тараған қозғау нервтері бар. Ет сезімі 
арқылы біз ѳз денеміздің қандай халде екені, яғни қоз-
ғалып тұр ма, тек тұр ма, қозғалғанда қалай қозғалып 
тұр, тек тұрғанда қалай тек тұр, міне, осыны білеміз. 
Бұл бір. Екінші, ет сезімі арқылы түрлі заттардың сал-
мағын білеміз.
Баланың еті оның ойыны мен секіруі, жүгіруімен 
ѳседі һәм бекиді. Сондықтан баланың еті жақсы ѳсіп, 
берік болсын деген тәрбиеші баланы ойыннан қыспау 
керек. Ал енді бала мектепке кіріп, сабақ оқи бастаған-
да оған әлсін-әлсін гимнастика жасату керек. Бірақ гим-
настиканың шарттары бар. Сол шарттар табылмаса, 
гимнастикадан пайда орнына зиян шығады. Мысалы, 
гимнастика лайықты киімде, таза ауада болсын. Әсіре-
се гимнастика бір міндетті іс сықылды, сабақ сықылды 
болмасын. Мұндай гимнастикадан бала безіп кетеді.


«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Ет сезімі адамның жан тұрмысы үшін яғни адамның 
білімін арттыруына кѳп кѳмек кѳрсетеді. Біздің сырт-
қы дүниедегі заттар туралы толық білімді болуымызға 
осы ет сезім себепші. Заттардың түрін һәм салмағын 
біз осы сезім арқылы ғана білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет