Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА 
Ж
алпы педагогика екі нәрсе жайынан сѳйлейді: 
1) Дене тәрбиесі 
2) Жан тәрбиесі
Дене тәрбиесі
Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. 
Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана 
жас баланы тәрбие қылғанда күшінің кѳбін баланың 
дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне 
жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылын-
са болады, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс 
емес. Дене – жанның кабы. Қап берік болса, ішіндегі зат 
та берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құрал мықты 
болса иесі де мықты. «Сау жан сау денеде ғана бола-
ды» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі – шын дұрыс
мәтел.
Жаңа туған баланы тәрбиелегенде тәрбиеші тѳмен-
дегі нәрселерді білуге, һәм істеуге тиіс.
Ѳлшеу. 
Егерде сау болса, жаңа туған баланың сал-
мағы 8 қадақ шамасында болады. Нашар, ауру бала


23
«Асыл мұра» сериясы
6 қадақ шамасында, нағыз сау, таза бала 10–11 қадақ 
шамасында салмақты болады. Бастапқы 2–4 күн ішінде 
түрлі себептерден баланың туғандағы салмағынан 1/2 – 
3/4 – қадақ шамасында кемиді. Мұнан соң бірте-бірте 
салмағы арта бастайды. 7–10 күнде туғандағы салмағы-
на қайта түседі. Айдың аяғында, туғандағы салмағынан 
1/3 артады. Мұнан соң салмақ арту шабандай береді. 
Екінші жыл бойына бастапқы салмағының 1/5, үшінші 
жыл бойына 1/10, ал енді тѳрт жастан онға шейін жы-
лына 4–5 қадақтан артып отырады.
Бала сау болып туды ма, ауру болып туды ма, сау 
болып ѳсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма – осылар-
ды дұрыс біліп отыру үшін жоғарғы мѳлшер бойынша 
баланы ѳлшеп отыру керек. Бастапқы айда күн сайын, 
мұнан соң жыл толғанша жетіде екі-үш рет, екінші 
жылда жетіде бір, үшінші жылда айында бір ѳлшеп 
отыру мақұл.
«Баламды безбенге сал» деп айттың деп қазақтың 
ыршып кетуінде сѳз бар ма?! Тәрбиенің басқа түрлерін 
ести келе, адуын әжелер ыршымақ түгіл сѳгіп тастар. 
Әйткенменен, амал қанша, кѳтерерміз. Мойнымыз 
жуан болғанмен, ѳзіміз жуаспыз. Біздің бар тілегіміз 
ыршыса ыршысын, ұрысса ұрыссын, тек біздің айт-
қанымызды естісе екен. Қайткенмен де біреу болмаса 
біреу, жүздерін болмаса да мыңнан біреу осы педаго-
гика кѳрсеткен жолмен жүрер деп сенеміз. Біз ѳзімізді 
ақынның:
Сѳзімді біреу алмас, біреу алар, 
Құлағын біреу салмас, біреу салар. 
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, 
Солардан аз да болса белгі қалар, – 
деген сѳзімен жұбатамыз.


24
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет