Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Баланың тамағы. 
Баланың жақсы ѳсуі үшін оның 
тамағы жақсы болуға тиіс. Тамақ баланың ѳсуіне қарай 
ѳзгеріп отыру керек. Бастапқы кезде балаға ең дұрыс 
тамақ – ананың сүті. Сүттің ішінде денеге керек заттар-
дың бәрі бар. Ана сүті бала ѳскен сайын ѳзгеріп отыра-
ды. Ана бір себептерден баласын емізе алмайтын бол-
са, әрине қолдан асырауға тура келеді.
Бірақ, емізуге мүмкін болғанда абзалы – ананың ѳзі 
емізу. Статистикалық санақ пәнінің кѳрсетуі бойынша 
ана сүтін емген жүз баладан 15–20-сы ғана ѳледі. Ал, 
қолдан асыраған жүз баладан бір жылда 65 бала ѳледі.
Қолдан асырау. 
Қолдан асырағанда балаға лайықты 
тамақ – ешкі сүті. Бұл болмаған күнде сиыр сүті. Бірақ 
сиыр сүтінде ақ (белковина) пен май кѳп, қант аз. Сон-
дықтан сиыр сүтін сұйылту һәм тәттілеу керек. Жаңа 
туған балаға берілетін сиыр сүтіне үш есе су қосу керек. 
Мұнан соң 2–3 айға шейін бір бѳлім сүт, екі бѳлім су,
3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей, ал тоғыз айдан 
былай таза сүттің ѳзін беріп отыру керек. Бір ішкізген-
нен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға 
беретін сүттің жылылығы адам денесінің жылылығын-
дай болуы керек.
Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. 
Бір стакан сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға бері-
летін сүт сау сиырдың жаңа туылған сүті болсын. Әр 
сиырдың сүтін бір бергеннен бір ғана сиырдың сүтін 
берген дұрыс. Сүт, ыдысы таза болсын һәм берілетін 
сүт қайнатылуға тиісті.
Емізік. 
Қолдан асырағанда балаға тамақ беру үшін 
қолайлы әдіс – емізік. Ішіндегі сүтін емізіп болған соң 


28
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
құр емізікті балаға сорғызып қою тіпті дұрыс емес. 
Біріншіден, баланың іші желге толып аурулы болуға 
себеп болады. Екіншіден, желімнен жасалған емшек 
баланың денесіне зиян келтіреді. Баласына құр емізікті 
сорғызып қойып, ауыл қыдырып ѳсек аңду анаға ла-
йықты іс емес, баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға 
біл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет