ПЕДАГОГИКАҒА
ЖӘРДЕМШІ ПӘНДЕР
Педагогика адамның денесін, һәм жанын дұрыс тәр-
бие қылу жолдарын ізденетін пән болғандықтан, пе-
дагогика пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші
түрлі айтқанда, адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін
адамның денесі, һәм жанының жайын кеңес қылатын
басқа пәндермен таныс болуға тиісті. Бұл пәндер тѳ-
мендегілер.
Дене туралы пәндер:
Анатомия.
Адам денесінің құрылысын баяндайды
(Денеде қандай мүше бар, жаратылысы қандай).
Физиология.
Адам денесінде болатын кѳріністерді
баяндайды (тұру, жүру, демалу сықылды).
Гигиена.
Саулықты сақтау пәні.
Гимнастика.
Саулықты бекіту үшін түрлі дене қоз-
ғалысы туралы.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Жан туралы пәндер:
Психология.
Адамның жанының жайын, жан тұрмы-
сын, жан кѳріністерін, жан күштерін, ақыл-ойдың жа-
йын баяндайтын пән.
Логика.
Дұрыс ойлау жолдарын кѳрсететін пән.
Этика.
Құлық туралы пән. Яғни адамшылық не?
Осыны баяндайды.
Педагогикаға тағы бір керекті пән
Педагогика тарихы.
Түрлі заманда түрлі тәрбиеге
адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген,
тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар ѳткен, олар
қандай жаңа жолдар тапқан. Міне, педагогика тарихы
осыларды баяндайды.
21
ПЕДАГОГИКА БӨЛІМДЕРІ
Педагогика пәні беске бѳлінеді:
1)
Жалпы педагогика.
Адамның дене, һәм жан күш-
терін, тәрбие жолдарын кѳрсетеді.
2)
Дидактика.
Оқытудың негізгі жолдарын керсетеді.
3)
Методика.
Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп
белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын кѳрсетеді. Мы-
салы, мектепте қазақ тілін қай жолмен оқыту керек
екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп
аталады.
4)
Мектепті басқару.
Бұл пән мектеп қалай салыну-
ға, қалай ұсталуға тиісті, сыныптарға шәкірттерді қа-
лай бѳлу керек, оқу пәнін қалай белгілеу керек, міне,
осылар сықылды мектеп құрылысы жұмыстарын кѳр-
сетеді.
5)
Педагогика тарихы.
Бұл пәннің не нәрсені кеңес
қылатындығы жоғарыда айтылды.
|