ЖАН КӨРІНІСТЕРІНІҢ ДЕНЕ
КӨРІНІСТЕРІНЕН АЙЫРМАСЫ
Ж
ан кѳріністері мен дене кѳріністерінің арасында
кѳп айырма бар:
1) сыртқы дүние заттарының бәрі, мысалы, қазан,
дѳңбек, құдық белгілі бір орын алып тұрады. Қандай
зат болса да, оның орын алатыны бізге белгілі. Егерде
бір заттың алып тұрған орнын ѳлшеген болсақ, пәлен-
дей орын алып тұр дейміз. Ѳлшемеген болсақ, пәлен
зат зор, не болмаса кіші, яки пәлен зат пәлен заттың
не оң жағында, не сол жағында тұр дейміз. Сыртқы дү-
ниедегі заттың ѳзі түгіл ол заттың ісі де белгілі бір орын
алады, яғни белгілі бір орында болады. Мысалы, жүру –
адамның ісі. Осы іс белгілі орында болмай ма? Әрине.
Ал еңді жан кѳріністері белгілі орын иелемейді. Мы-
салы, біз бір ойымызды пәлендей орын иелеп тұр, яки
пәлен ой пәлен ойдың оң жақ, яки сол жағында тұр деп
айта алмаймыз. Жан кѳріністері жалғыз уақытпен ғана
ѳлшенеді. Біз жан кѳріністері туралы, ой туралы пәлен
уақытта болды, яки қазір ғана болып тұр дей ғана ала-
мыз. Бұл – бір айырма.
2) Сыртқы дүние заттары һәм кѳріністері сезім мү-
шелері арқылы білінеді. Мысалы, бір малды кѳріп, бір
иісті иіскеп, жылылықты сипап білеміз. Ал енді жан
кѳріністерін сыртқы сезімдермен білуге болмайды.
44
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Мысалы, ұялу деп аталған жан кѳрінісін не кѳріп, не та-
тып, қысқасы сезім мүшелерінің біреуімен біліп бола
ма? Әрине, жоқ. Біз екінші адамда болып тұрған жан
кѳрінісін ѳзімізді-ѳзіміз сынаумен ғана білеміз. Мысал
үшін ұялу деген жан кѳрінісін алайық, қасымызда бір
кісі бір орасан істі істеді де, қызарып кетті, біз осы кісіде
ұялу жан кѳрінісінің болғанын біле қоямыз. Мұны қа-
лай білдік. Ұят деген бір зат болып кѳзімізге кѳрінді ме?
Яки иіс болып мұрнымызға келді ме? Жоқ, бірі де бол-
ған жоқ. Біз жалғыз-ақ қарсыда отырған кісінің бетінде
кенет қызылдық кѳрдік, басқа еш нәрсе сезгеніміз жоқ.
Олай болса жаңа қарсыдағы адамда ұялу жан кѳрінісі
болды деген білім бізге қайдан келді? Мұның мәнісі
мынау: күндерде бір күн біз де орасан бір іс істеп, жа-
нымыз қысылып қалған, яки ұялған, жанымызда осы
ұялу кѳрінісі болып қалған уақытта бетіміз дуылдап,
қып-қызыл болып кеткен, сонда біз біліп қойғамыз: «Ә-
ә-ә... жанда ұялу кѳрінісі болғанда бет қызарады екен»
деп. Жаңа қарсымыздағы адам қызарғанда біздің оны
ұялды дегеніміз осы. Яғни ана адамның бетінде қызыл-
дықты кѳргенде, біздің ѳз басымыздан кешкен іс есіміз-
ге түсе қалды, яғни біз ѳзімізді-ѳзіміз сынай қойдық.
Қысқасы, жан кѳріністерін адам сыртқы сезімдерімен
біле алмайды, ѳзін сынап қана біледі.
3) Сыртқы дүниеде бірнеше заттар, яки кѳріністер
бір уақытта бола береді. Мысалы, денеде қан жүру, дем
алу сықылды дене кѳріністері бір уақытта болып жата-
ды, біріне- бірінің бѳгеті жоқ. Ал енді жан кѳріністері
бір уақытта болмайды. Олар бірінің артынан бірі бола-
ды. Мысалы, біз бір уақытта екі ой ойлай аламыз ба?
Жоқ. Дұрыс, кей уақытта ойлар бірінің артынан бірі
нажағайдың жарқылындай тез-тез келгенде, бізге осы
ойлар бір-ақ уақытта болған сықылды кѳрінеді. Бірақ
бұл кѳрінуі ғана, шынында әрқайсысы әр уақытта, яғни
бірінің артынан бірі келіп-кетіп жатыр.
|