52
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені ішкізудің дұ-
рыс еместігі ѳз-ѳзінен белгілі тұр.
Нерв системасын ѳсіру һәм берік қылу
Нерв системасының сау болуы керек болған сықыл-
ды, оның дұрыс ѳсуі һәм берік болуы да керек. Бар де-
ненің жақсы ѳсуінің шарты денені тек жатқызбай жұ-
мыс қылдыру болса, нерв системасының жақсы ѳсуінің
һәм берік болуының да шарты сол. Нерв системасына
әсіресе миға істететін жұмысы сол мидың ѳсу дәуір-
леріне тура келетін болсын. Есте болсын, адамның бар
денесі бастапқы кезде ѳсуді ғана біледі. Біраздан қоз-
ғалымпаз һәм сезімпаз болады. Ұлғая келе ғана адам-
да есті тұрмыс басталады. Сондықтан балаға бастапқы
кезде оның сыртқы сезімдерін ұлғайтатын һәм дене
мүшелерін кѳп қозғалтатын жұмыстар істету керек.
Сурет салдыру, жабыстыру (балшықтан түрлі заттар
жасау), қол еңбегі һәм гимнастика сықылды. Мұнан
соң бала ұлғая, ѳсе келе оның істейтін жұмыстары да
тереңдей беру керек. Қысқасы, нерв системасының тәр-
биесі дененің ѳсуіне қабысып отыруға тиісті. Белгілі
жолдармен басқыштап тәрбие қылынған ми сау, ѳткір
һәм талмайтын берік болады. Миын іскер қылып үй-
ренген адам қартайып, бар денесі қаусап іске жарамай
отырған күнде де сау милы, дұрыс ойлы болады. Ал
енді «жасыңда қылжың болсаң, ѳскенде мылжың бо-
ларсың» деген мақал ып-ырас.
Достарыңызбен бөлісу: