Хұкімдердің бѳлінуі.
Хұкімдер былай бѳлінеді:
1) жасалуына қарап, 2) қомағы яки санына қарап, 3) іші
яки сынына қарап, 4) ие мен айтылыс арасындағы бай-
ланысқа қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (мо-
дальность) қарап.
1) Хұкімнің жасалуына, яғни біз иеге айтылысты
қайдан алып отырмыз, соған қарап екіге бѳлінеді;
а)
шешетін хұкім
(анализ хұкімі). Егерде иеге сол
иенің ѳз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, ше-
шетін хұкім жасаған боламыз. «Кѳмір қара, қар суық»
деген сықылды;
б)
қоспа хұкім
(синтез хұкім). Егерде біз иеге сол
иенің ѳз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, қос-
па хұкім жасаған боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары»
деген сықылды.
2) Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бѳлінеді:
а)
жалпы хұкім.
Егерде ие қомағы таратылмай, ѳзіне
бағынатын дербес ұғымдардың бәрімен кәдімгі күйін-
де алынып хұкім жасалған болса, мұндай хұкім жалпы
болады. Адам ақылды деген сықылды;
б)
дербес хұкім.
Егер иенің бұрынғы қомағы тараты-
лып алынып хұкім жасалған болса, – бұл хұкім дербес
болады.
«Кей адам ақын болады» деген сықылды;
г)
жалқы хұкім.
Егер иеміз жалқы болса, хұкім де
жалқы болады. «Абай ақын болған» деген сықылды.
3) Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бѳлінеді:
а)
бекітетін хұкім.
Айтылыс сын иеге жапсырылып
бекітілсе, бекітетін хұкім болады. «Жылқы шабады» де-
ген сықылды;
106
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
б)
бекітпейтін хұкім.
Айтылыс иеге бекітілмей, бе-
керленсе, бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпай-
ды» деген сықылды.
4) Ие мен айтылыс арасындағы байламға қарап
үшке бѳлінеді:
а)
кесімді хұкім.
Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге)
күдіксіз, шартсыз байланатын болса, «адам ѳледі деген
сықылды;
б)
шартты хұкім.
Егерде сын затқа белгілі бір шарт-
тармен ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар
жанады», «жаз жетсе, қар ериді» деген сықылды;
г)
бѳлмелі хұкім.
Егерде затқа бірнешесі жапсыры-
лып, бірақ қайсысы екені кѳрсетілмесе, яки бір айты-
лысқа бірнеше ие кѳрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар,
не қыз табар», «Я мақсұт, яки ѳлім – екіден бір» деген
сықылды.
5) Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бѳлінеді:
а)
мүмкін хұкім.
Егерде айтылысты иеге байлаудың
мүмкін екендігі ғана кѳрсетілсе, «мүмкін Марста халық
бар шығар», «сар далада адасып, суық кебін жамылып
қалармын, кім біледі» деген сықылды;
б)
шын хұкім.
Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы
тәжірибе, бақылау, куәлік арқылы тексеріліп, шын деп
табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсы-
нов – қазақ тілін кѳп тексерген», «Абылай – данышпан
хан болған» деген сықылды;
г)
міндетті хұкім.
Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір
сынның бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам
сүйгіш келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» де-
ген сықылды.
Хұқімдер жоғарыда саналған бѳлімдерге бѳлінген-
мен, бір хұкімде әлденеше бѳлім табылуға мүмкін. Мы-
салы, «қар суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы,
әрі бекітетін, әрі киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім.
107
Достарыңызбен бөлісу: |