111
«Асыл мұра» сериясы
айда отыз бір күннен артық күн болмайды деуіміз сы-
қылды. Бұл толық индукция адамның білімін арттыр-
майды.
Егерде біз бірнеше заттарды яки кѳріністерді бақы-
лап, сол бақыланған заттар, кѳріністерге ұқсас, тұқым-
дас барлық заттар, кѳріністер туралы бір ой шығарсақ,
онда біз кем индукция арқылы шығарған боламыз.
Мысалы, біз жер жүзіндегі барлық ағаштың суда қал-
қығанын бақылаймыз. Жоқ, ѳмірімізде бірнеше ағаш-
тың қалқығанын бақылағанымыз бар. Бірақ біз аз ғана
ағаштың қалқығанын бақыласақ та, жер жүзіндегі бар-
лық ағаш суда қалқиды деген жалпы заң шығарамыз.
Кем индукцияның дұрыс болуының шарты – ба-
қыланған кѳріністер арасындағы байлам берік болуға
тиісті. Байлам берік болмаса, мысалы, бір кѳріністің
жанында екінші кѳрініс уақытша тұрған болса, нәтиже
шықпайды. Мысалы, қазақ кѳбінесе тымақ киеді. Соған
қарап қазақ біткен тымақ киеді, тымақ кимеген адам
қазақ емес деп нәтиже шығару, әрине, дұрыс емес.
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сықылды
ырымдар – бәрі индукцияның қаталығынан туған.
Достарыңызбен бөлісу: