Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет5/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА
 
Жетекші сѳз
ТӘРБИЕ ДЕГЕН НЕ?
Т
әрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса 
бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің 
дұрыс ѳсуіне кѳмек кѳрсету деген сѳз. Ал енді адамзат 
туралы айтылғанда, адамның баласын, кәміл жасқа то-
лып, ѳзіне-ѳзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, ѳсіру 
деген мағынада жүргізіледі.
(Адамзат дене һәм жан аталған екі бѳлімнен тұр-
ғандықтан, бұл екі бѳлімнің соңғысы, яғни жан, адам-
зат үшін аса қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда 
адамға шын мағынасымен «адам» деген атты осы жан 
ғана беретіндіктен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, 
әрине, адам баласының әсіресе, жанын тәрбие қылу ке-
рек деп ұғу керек).
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырған- 
да, адам баласы туғанда ѳте әлсіз, зағып, осал болып 


«Асыл мұра» сериясы
туады. Малдың тѳлі туа сала аяқтанады. Тауықтың ба-
лапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. 
Ал адам баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір ке-
сек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Ѳсуі, ұлғаюы 
тым сараң, тым шабан. Мінеки адам баласы осылай ѳте 
әлсіз боп туып, аса сараң ѳсетіндігінен, оның денесіне, 
жанына азық беріп, ѳсуіне кѳмек кѳрсетпей, яғни оны 
тәрбие қылмай болмайды.


14
ТӘРБИЕ БӨЛІМДЕРІ
 
Т
әрбие тѳрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұ-
лулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам 
баласына осы тѳрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі 
түгел болғаны. Егерде ол жѳпшенді ыстық, суық, аш-
тық, жалаңаштық, сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын 
кѳріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу 
ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақыл-
ды болса, сұлу сѳз, нәзік үн, әдемі түрден ләззат алып, 
жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны 
жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты 
болса, міне осындай болғанда адам баласының дұрыс 
тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам бол-
сын деген ата-ана осы тѳрт тәрбиені дұрыс орындасын. 
Бала ауру не зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден. 
Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәр-
биеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін 
мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жа-
залы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші 
кѳтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел.


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет