Мағжан Жұмабаев педагогика


Ұғымдардың қомағына қарап бөлінуі



бет32/50
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#138275
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Ұғымдардың қомағына қарап бөлінуі. Көп заттарды қомағына алатын ұғым жалпы ұғым деп аталады. Қомағына са наулы заттарды ғана алатын ұғым дербес ұғым деп аталады. Қомағына бір‑ақ затты алатын ұғым жалқы ұғым деп аталады. Жалпы ұғым дербес ұғымның тұқымы деп аталады. Дербес ұғым жалпы ұғымның түрі деп аталады. Бір ұғым оны қандай ұғыммен салыстыруымызға қарап, әрі жалпы, әрі дербес, әрі тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мысалы, «адам» деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қарағанда, жалпы һәм тұқым ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы «жанды зат» деген ұғымға қарағанда дербес һәм түр ұғым.
Өзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғымның қомағына кіретін ұғымдар бағынушы ұғым деп аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір дәреже бағынатын ұғымдар бірге бағынатын ұғымдар деп аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға қарағанда бағындырушы ұғым, терек, қайың, қарағай бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар.
Жалпылау һәм шектеу. Дербес ұғымдардан жалпы ұғым жасау жалпылау деп аталады. Мысалы, біз ағаштардың, шөптердің, гүлдердің дербес сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана алып, өсімдік деген жалпы ұғым жасаймыз. Ал енді жалпы ұғымдардан дербес ұғымдар жасау шектеу деп аталады. Мысалы, біз сындарды қосақоса қайың деген ұғым жасаймыз.
Категория. Бір ұғымдарды жалпылай‑жалпылай ең жалпы, ең жоғарғы ұғымға жетеміз. Ең жалпы, ең жоғарғы ұғым категория деп аталады. Категория үшеу:
1) зат (адам, жануар, тас, зат);
2) сын (түс, түр, сын);
3) іс (сөйлеу, бөлу, істеу).


Хұкім



Хұкімнің жасалуы. Ұғымдарды жеке‑жеке ойлаған сықылды, біз оларды бір‑біріне байлап та ойлаймыз. Яғни біз екі ұғымды қатар алып, сол екеуінің арасында не байлам барын, не байлам жоғын табамыз. Мысалы, бізде «жылқы», «шабу», «ұшу» деген үш ұғым бар. Біз осы ұғымды бірбіріне байлап байқаймыз да, «жылқы» ұғымына «шабу» ұғымын байлау мүмкін екенін тауып, «жылқы шабады» дейміз. Сол «жылқы» ұғымына «ұшу» ұғымын байлау мүмкін емес екендігін тауып, «жылқы ұшпайды» дейміз. Осы екі ұғым арасында байлам хұкім деп аталады.
Хұкім берілген ұғым – ие деп, иеге жапсырылған ұғым айтылыс деп аталады. Айтылыс иенің ісін көрсеткендіктен, ол хұкімнің іші деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет