Мағжан Жұмабаев педагогика


Ойлау мен қиял арасындағы айырма



бет31/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Ойлау мен қиял арасындағы айырма. Қиял суреттеулерден жасалады. Ал ойлау болса ұғымдардан жасалады. Мысалы, Қобыландының Тайбурылы туралы біз ойлаймыз, қиял жүргіземіз. Жалпы жылқы туралы біз қиял қыламыз, ойлаймыз. Қиял – суретті, жанды көрініс, ойлау – белгісі бір тірі суретсіз жалаңаш көрініс. Қиял мен ойлау арасындағы айырма – осы.
Ұғымның іші һәм ауданы. Бір ұғымды басқа ұғымдар дан айыратын сол ұғымның сындары ұғымның іші деп аталады. Сол ұғымға кіретін заттар ұғымның ауданы деп аталады. Мысалы, құс деген – ұғымның сыны, яғни ұша алатындығы, тұмсығы, қанаттары – бұлар іші болады. Ал енді құс деген ұғымға кіретін заттар: торғай, қарға, бүркіт, үйрек… – ұғымның ауданы болады.
Ұғымның іші мен ауданының арасы. Іші мен ауданын салыстырғанда әр ұғым әр түрлі. Іш пен аудан арасында қарсылық бар, яғни ұғымның іші неғұрлым кең болса, ауданы сонша тар болады. Ал енді аудан неғұрлым кең болса, іш сонша тар болады. Адам һәм қазақ, ағаш һәм қайың деген сықылды.
Ұғымдардың ішіне қарап бөлінуі. Егерде ұғымның бір ғана сыны болса, ондай ұғым – жабайы ұғым деп аталады. Мысалы, тәттілік деген ұғым – жабайы ұғым. Ал енді ұғымның сыны көп болса, ондай ұғым күрделі ұғым деп аталады. Мысалы, ағаш деген ұғымның сыны көп, сондықтан ол – күрделі ұғым. Егер бірнеше ұғымдардың бір яки бірнеше ортақ сындары болса, мұңдай ұғымдар ұқсас ұғымдар деп аталады: қасқыр, түлкі сықылды. Егер бір ұғымның сындары екінші ұғымның сындарына қабысатын болса, мұндай ұғымдар қабысатын ұғымдар деп аталады: хайуан һәм жануар, қазақ һәм алаш сықылды. Ортақ сындары болмаған ұғымдар ұқсамайтын ұғымдар деп аталады. Адам һәм тас сықылды сындары бір‑біріне қарсы болған ұғымдар қарсы ұғымдар деп аталады: жақсылық, жауыздық сықылды.
Жалаңаштау. Біз жылқы, ағаш, адам сықылды заттар туралы ғана ойлаймыз. Сол заттардың қаралық, аласалық, кәрілік, қайырымдылық сықылды сындары туралы да ойлаймыз. Яғни бір затты жалаңаштап, сынын бөліп алып, сол сынды жеке бір зат сықылдандырып ойлаймыз. Заттың сынын заттан бөліп алып, сол сынды жеке бір зат қып ойлау жалаңаштау деп аталады. Осы заттан бөлініп алынған сын ұғымы жалаңаш (абстракты) ұғым деп аталады. Қаралық, алыстық, жақсылық сықылды барлық сындарымен алынған зат ұғымы киімді (конкретті) ұғым деп аталады: жылқы, ағаш, мұрын сықылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет