Мағжан Жұмабаев педагогика



бет30/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Ұғым һәм оның жасалуы. Бір‑біріне ұқсас бірнеше заттарды суреттесек, біз сол заттарды бір‑бірімен салыстырамыз. Мысалы, біздің жанымызда суреттері бар көп адамды біз бір‑бірінен айырамыз. Себебі оларды бірінен‑бірін айыратын сындары бар. Бірақ сол адамдардың айыратын сындары болған сықылды соларды бірін‑біріне ұқсататын да сындары бар. Дене бітімдері сықылды. Әрине, салыстыру үшін заттарды тар тапта алсақ, олардың ұқсастықтары көп болады. Егер кең тапта алсақ, ұқсастықтары аз болады. Мысалы, жылқы мен сиыр арасындағы ұқсастықты табу оңай. Себебі араларында ұқсастық көп. Ал еңді жылқы мен ағаш арасындағы ұқсастықты табу қиын. Себебі араларында ұқсастық аз. Қысқасы, біз бір затты бір затпен салыстырғанда олардың әрқайсысының өздеріне ғана арналған дербес сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуіне де жабамыз, ортақ сындарды жалпылаймыз. Яки екі заттың, яки көп заттың ортасынан оймен жасалған бір зат шығады. Мысалы, мен адам туралы ойлаймын. Сәрсембай, Бейсембай, Фахыредден, Иван туралы емес, жалпы адам туралы. Сонда мен Сәрсембайдың қара шашын, Фахыредденнің сопақ басын, Иванның сары сақалын, яғни солардың әрқайсысының дербес сындарын алып тастап, бәріне ортақ сындарды, мысалы, екі аяқты, екі қолды болуы, сөйлей, ойлай білуі сықылды ортақ сындарды аламын. Міне, осы көп заттардың ортақ сыңдарын алып жия білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы ой, ұғым деп аталады.
Ұғым мен суреттеу арасындағы айырма. Суреттеу қашанда болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген сөз – сол затты белгілі бір орында, белгілі бір уақыттағы түрімен, барлық сындарымен тірілтіп алып келу деген сөз. Мысалы, адамды суреттеу деген не Сәрсембайды, не Бейсембайды, әйтеуір дербес бір адамды суреттеу болып шығады. Белгілі бір түрсіз жалпы адамды суреттеу мүмкін емес.
Ал енді ұғым жалпылықты тілейді. Жалпыламасаң, яғни бір топ заттардың әрқайсысының дербес сындарын алып тастамасаң, ұғым болмайды. Мысалы, жылқы туралы ұғым – әрбір жылқының дербес сыңдарын алып тастасаң, торылығын, көктігін, жалдастығын, қайқылығын сықылды, сонда ғана ұғым болады. Яғни ұғым болу үшін заттардан алып, жалпы зат жасау керек. Бірақ дүниеде жалпы зат болмайды. Мысалы, дүниеде жалпы жылқы жоқ: не көк, не қара… Сондықтан ұғым – ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен ғана жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет