Мағжан Жұмабаев педагогика



бет37/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Индукцияның керектігі. Адам білімін осы индукция арқылы ғана байыта алады. Әсіресе кем индукция арқылы. Біз индукция арқылы заттар, көріністер аралығындағы байламды белгілейміз, негізгі заңдарды табамыз. Заттар, көріністер араларындағы байламға қарап тап‑тапқа бөлеміз. Бұл – бір. Екінші, біз аз ғана бақыланған заттар, көріністер арқылы бақыланбаған, көрмеген, білмеген сансыз заттар, көріністерді шешеміз. Хатта келешекті де болжаймыз. Баланы үйреткен уақытта біз оған бірнеше мысалдар арқылы жалпы заңды баланың өзіне тапсырамыз.
Бірақ біз заттарды, көріністерді жақсылап бақыламай, араларындағы байламды терең тексермей, асығып үстірт нәтиже шығарсақ, бұл нәтижеміз қате болады. Осыдан сақтану керек. Асығып үстірт нәтиже шығару балада көп болады. Өзінің аты бар, тоны бар бала жер жүзіндегі баланың бәрінін аты, тоны бар деп нәтиже шығарады. Дүниеде аш, жалаңаш, сорлы балалар бар десең, нанбауға мүмікін.
Аналогия. Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар еке нін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес көріністен дербес емесіне көшуі аналогия деп аталады. Мысалы, астрономдар (көк ғылымына жетік адамдар) айта ды: Марста біздің Жердің ауасындай ауа бар, суындай су бар, ендеше Жердегі сықылды Марста да жан иесі бар дейді. Міне, бұл – аналогия бойынша шығарылған нәтиже.
Аналогия жай тұрмыста да, пәнмен бір нәрсені тексергенд е де көп қолданылады. Әсіресе бала көбінесе осы аналогиямен ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп жүр, мен неге мін беймін». «Пәлен баланың пәлендей ісін мұғалім ұнатпады, ендеше, онда мен ондай іс істемеймін» деп ойлайды бала. Аналогия да индукция сықылды кейде қате болуға мүмкін. Қате болуы екі зат, яки екі көріністің бір‑біріне болмашы бір сында бір‑біріне ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығарудан болады. Мысалы, киімдері ұқсас екі адамның білімдері де бірдей деп нәтиже шығару, әрине, қате.
Гипотеза. Кейбір көріністердің арасындағы байламды бақылауға мүмкін болмайды. Ол уақытта біз бұл көріністер туралы жалпы заңды жорып, болжап қана шығамыз. Жалпы заңды жорумен, болжаумен шығару гипотеза деп аталады. Мысалы, физикадағы әрбір зат молекула аталған негізгі ең ұсақ бөлімнен тұрады деген гипотеза сықылды.
Баланың ойлауы. Бала айналасындағы заттарды, көріністі біліп қана қоймайды, соларды ұққысы келеді. Яғни солар туралы ұғым жасауға, хұкім һәм ой шығаруға ұмтылады. Үш жастан былай бала дамылсыз «Мынау не? Бұл неге жатады? Мынау іс не үшін істеледі?» деген сықылды сұрауларды бере береді. Міне, осы сұраулар балада ойлау болатынын көрсетеді. Бірақ баланың ойлауы терең ойлау емес. Балаңың жанында суреттеулер аз. Суреттеулерден ұғым жасай алмайды. Сондықтан баланың бір зат туралы ұғымы сол заттың суреті болады. Мысалы, бала ағаш туралы ойлағанда, белгілі бір ағаш туралы ғана ойлайды. Баладан «Зат деген не?» деп сұрасаң, «Жылқы» дейді. «Бөрік деген не?» деп сұрасаң, «Менің бөркім, атамның бөркі» дейді. Баланың жаңа ой шығаруы да терең емес. Дедукция бойынша жалпыдан жалқыға, индукция бойынша жалқыдан жалпыға ой жүргізуді бала білмейді. Бала аналогия бойынша ойлайды. Мұнда да көбінесе сыртқы болмашы сындарына қарайды. 2 жыл 10 айлық бір бала тәрелкеге су құйып, ішіне ет салыпты. Не үшін? Етті суға ерітем деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен. 10 жасар бір америка баласының мұғалімі тапал бойлы ашуланшақ адам болыпты. Бір уақытта осы мұғалім кеткен соң әкесі басқа бір мұғалім алыпты. Бұл мұғалім де тапал екен. Сонда жаңа мұғалімте бала айтыпты: «Мен сізден қорқам, сіз ашуланшақ шығарсыз»,– деп. «Оны қайдан білдің?» – деп сұрайды мұғалім. «Сіз де тапал екенсіз»,– депті бала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет