Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Магистральдық газ құбырының компрессорлық станциясына техникалық



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата31.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

2-параграф. Магистральдық газ құбырының компрессорлық станциясына техникалық 
диагностика жүргізу
      347. Техникалық диагностика, компрессорлық станция жабдығының жұмысқа қабілеттігін, 
сенімдігін және қауіпсіздігін бақылау мониторинг және диагностика жүргізудің техникалық және 
бағдарламалық құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Осы құралдар компрессорлық станция 
жабдығының техникалық жағдайына талап етілетін нақтылықпен бағалау жүргізеді және кем дегенде 
келесі өлшеу өткізу кезеңіне дейін оның өзгеруін болжайды. Мониторинг және диагностика жүйелері
оларды әзірлеу және ведомстволық комиссияның пайдалануға қабылдауы бойынша компрессорлық 
станциясында орнатылады.
      348. Пайдалануға берілетін диагностикалық жүйелер мына үш деңгейдегі өзара байланысқан 
мақсаттарды шешуге тиіс:
      1) оларды пайдалану бойынша нормативтік құжаттармен және әдістемелік нұсқаулықтармен 
реттелетін параметрлері бойынша жабдықтың жай-күйін бақылау және оны белгіленген «Жақсы», «
Рұқсат етіледі», «Шараларды қолдануды талап етеді», «Рұқсат етілмейді» нормативтік техникалық 
жағдайлардың біріне жатқызу;
      2) жабдықтың элементтері мен тораптарының нақты кемшіліктерін сәйкестендіру және 
өлшенетін сигналдарды өңдеудің арнайы әдістерін және бұрын өткізілген өлшеулердің 
қорытындыларын қолданумен алынатын диагностикалық параметрлері бойынша оларды дамыту дәрежесін 
бағалау;
      3) жабдықтың элементтері мен тораптарының техникалық жағдайын және диагностика 
жүргізілетін объекті үшін жиналған ақпаратты статистикалық өңдеудің нәтижелері бойынша 
анықталған ақаулардың даму процестерін болжау (болжау жүйелерінде басқа үлгілі объектілерде 
жиналған ақпарат қолданылуы мүмкін).
      349. Мониторинг пен диагностика жүйелерін орнату компрессорлық станцияны жаңадан салу 
және қайта жаңарту кезінде, сондай-ақ пайдаланылатын компрессорлық станцияларды жаңарту 
барысында қамтамасыз етіледі. Пайдалануға берілетін толық функциялы жүйелер компрессорлық 
станцияны диагностикадан өтетін жабдықтың әр түрінің, үлгісінің және нақты данасының нақты 
жай-күйін ескерумен пайдалануды қамтамасыз етеді. Диагностикалық жүйелерді тәжірибелік 
пайдалану кезеңінен кейін жабдықты жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесінен нақты техникалық жағдайы 
бойынша қызмет көрсету жүйесіне жүйелі түрде ауысу жүзеге асырылады. Ауысу уақыты нақты 
компрессорлық станция үшін өзі құрамына кіретін саланың және ГТҰның техникалық қайта жарақтау 
жоспарлары бойынша регламентке сәйкес белгіленеді. Ауысу жүйесі мен тәртібі салалық 
құжаттарымен және ГТҰның бұйрығымен реттеледі.

      350. Компрессорлық станцияға диагностикалық қызмет көрсету үш деңгейлі жүйеге сәйкес 
қамтамасыз етіледі: компрессорлық станцияның қызмет көрсету персоналы, ГТҰ құрамына кіретін 
немесе кірмейтін аймақтық диагностикалық орталықтар, сараптама орталықтары. Компрессорлық 
станцияда пайдаланылатын диагностикалық жүйелер авариялардың болмауын және жабдықтың ағымдағы 
және болжамды техникалық жағдайы туралы компрессорлық станция персоналы қабылдаған шешімнің 
анықтығын, сонымен қатар, мамандар мен сарапшыларды тартумен шешімдерді қабылдаудың қолайлы 
мерзімдерін қамтамасыз етеді. Компрессорлық станцияда диагностикалық қызмет көрсету кезіндегі 
нормативтік құжаттама жабдық авариялық жағдайда істен шыққан болса, сондай-ақ «Рұқсат етілмейді
» диагностикалық техникалық жай-күйі орын алған кезде станцияның барлық қатысушыларының өзара 
әрекет етуін қатаң регламенттейді. Жабдықты өндірушінің диагностикалық қызмет көрсету 
нәтижелері бойынша реттелетін (белгіленген немесе тағайындалған) жөндеу аралық кезеңін ұзартуы 
жабдықты «Азаматтық өор,аныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өндірушімен және 
қадағалау органдарымен келісілген салалық нормативтік құжаттамамен регламенттеледі.
3-параграф. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігіне техникалық диагностика жүргізу
      351. МГҚ объектілерінің тоттануына қарсы қорғау тиімділігі мен тоттану (коррозиялық) 
күйін кешенді тексеру осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Құрамында омдық құрамдасы жоқ қорғау 
әлеуеттерін қосымша өлшеуді кем дегенде 5 жылда бір рет тот басып кету қаупі жоғары 
учаскелердің ең төмен әлеуеттер аймағында арасын 10 метрден асырмай жүргізу керек. Тексеру 
кезінде анықталған магистральдық газ құбыр қорғау жабындарының зақымданулары жоспарлы мезгілден 
асырмай жөнделеді. Кезектен тыс өлшеулер кәсіпорын белгілеген мерзімде мыналарда жүргізіледі:
      1) электрхимиялық қорғау жабдықтарының жұмыс тәртібі мен жобасы өзгеріске ұшыраған 
учаскелердің бәрінде;
      2) электрленген темір жолдарды пайдалану схемалары мен тәртібі өзгерген кезбе ток әсері 
бар учаскелерде;
      3) жаңа жерасты металл құрылыстар салынған немесе жер астындағы іргелес ескі құрылыстар 
бұзылған учаскелерде.
      352. Шурфтардағы ғимараттарды тексеру кезінде тоттану қаупі жоғары учаскелерді ішінара 
зерттеу мына көлемде орындалады:
      1) табиғи әлеуетін және омдық құрамдасы жоқ әлеуетін өлшеу;
      2) қорғау жабынының сипаттамасын, өлшемін, орналасқан жерін, тесіктерін, қыртыстарды, 
гофрларды, ажыраған қабаттарды анықтау және сипаттау;
      3) топырақтың құбырға жақын жеріндегі электролиттің сутекті көрсеткішін (бұдан әрі – ph) 
анықтау;
      4) құбырдың шеңбері бойынша тот басқан жердің тереңдігін, көлемін, мөлшерін, ауданын 
анықтау, актімен ресімдеу;
      5) 10 жылға дейін пайдаланылғанда тереңдігі 3 мм-ден асатын тоттанған сызықтар, 5 жылдан 
кем пайдаланылғанда 2 мм-ден асатын терең тоттанған сызықтар анықталған болса, топырақ сынамасы
алынып, мамандандырылған зертханаға химиялық талдауға жіберіледі.
      353. Электрхимиялық қорғау деректерін тексеру нәтижелері дала журналдары мен 
электрхимиялық қорғау құралдарын пайдалану журналдарына жазылады. Катодты қорғау қондырғылары 
телебақылауын қолданған жағдайда бақылау деректері электрхимиялық қорғау құрылғыларын пайдалану
журналына енгізіледі.
9. Магистральдық газ құбырын жөндеу
1-параграф. Жалпы талаптар
      354. Жабдықты жөндеуден кейін жаттықтырумен қоса дайындау және жөндеу жұмыстарын 
жүргізуге жауапты қызметкерлер ГТҰ қызметкерлерінің құрамынан тағайындалады. Газ қауіпті (от) 

жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарды басқаруды дайындық жұмыстарына жауапты және (немесе) 
жұмысты жүргізуге жауапты тұлға міндеттерімен қатар атқаруға жол берілмейді. Егер жөндеу 
жұмыстарын мердігерлік ұйым орындаса, ұйым тарапынан осы жұмысты орындауға рұқсат құжаты 
берілген ұйым қызметкері жұмыстың басшысы болып тағайындалады. Бұл жағдайда дайындық жұмысынан 
кейін агрегат жөндеу жұмысы мерзіміне мердігерлік ұйымның актісі бойынша беріледі. Негізгі 
жөндеу жұмыстары кезінде дайындық жұмыстары газ қауіпті және от жұмыстарының көлемін барынша 
қысқартады. Жөнделіп отырған газ құбырымен қатарлас, жақын орналасқан және қиып өтетін басқа 
қолданыстағы газ құбырларын оларды пайдаланатын кәсіпорындар осы Қағидалардың 
 
22-қосымшасына
сәйкес болуы мүмкін газ жылыстауын анықтау мақсатында жөнделетін аймақ шекарасына жақын 
орналасқан учаскелердің техникалық жай-күйін тексереді.
      355. МГҚ трассасында, бұрма жолақта немесе автомобиль және темір жолдарының күзет 
аймақтарында, электр қуатын беру желілерінде, кабельдік желілерде, кеме жүретін өзендер мен 
кеме жүзетін каналдар өткелдерінде, сонымен қатар басқа ұйымдарға тиесілі жоғары вольтты 
желілер мен коммуникациялардың түйіскен жерлерінде жөндеу, сондай-ақ дайындық және жер 
жұмыстарын жүргізу үшін осы жолдар мен коммуникацияларды пайдаланып отырған ұйымдармен 
алдын-ала жазбаша келісім жасалады. Егер келісімде жұмыстар кезінде ұйым өкілінің қатысуы 
келісілген болса, соңғысы жұмыс мерзімі мен орны жөнінде алдын ала ескертіледі. Магистральдық 
құбырдың күзет аймағында жұмыстарды жүргізу рұқсаты және жүргізу осы Қағидалар талаптарына 
сәйкес және 
 көрсетілген нысан бойынша рәсімделеді. Күзет аймағында 
23-қосымшасында
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тез арада орындау қажет болатын авариялық жағдайда мына 
талаптарды орындай отырып, пайдаланушы ұйымдармен алдын ала келіспей-ақ жүргізуге рұқсат 
етіледі:
      1) авариялық бригаданы авария болған жерге жібере отырып, тәулік уақытына қарамастан, 
пайдаланушы ұйымға жұмыстың басталуы мен жұмыс орнына ұйым өкілінің келу қажеттігі туралы 
хабарланады;
      2) жұмыс басшысы үнемі авария аймағында болуға тиіс;
      3) құбырды пайдаланушы ұйым өкілінің авария орнына келіп жеткеніне дейін күзет 
аймағындағы жер жұмыстары қолмен орындалады;
      4) авария орнына келіп жеткен пайдаланушы ұйым өкілі құбыр және оның құрылыстарының 
тұрған жерін дәл көрсетіп, оларды сақтау шараларын қолданады және жұмыстың соңына дейін сол 
жерде болады.
      356. Желілік-пайдалану қызметі апаттық-қалпына келтіру және жөндеу-алдын алу жұмыстарын 
орындау үшін материалдық-техникалық қормен (көлік құралдарымен және механизмдермен) жабдықталады
. Биіктікте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс басталмай тұрып жұмыс орны қоршаулары мен 
сатылары төсеме тақтаймен жабдықталады. 3 метрден артық емес биіктікте жиылмалы басқыштарды 
қолдануға жол беріледі. Белгіленген нормаларға сай емес дайындалған төсеме тақтайларды, сонымен
қатар кездейсоқ заттарды төсеме тақтай ретінде қолдануға жол берілмейді. Газ құбырының үстіңгі 
жағын тазалау немесе газ құбырының осы бөлігін өшіргеннен және оны газдан босатқаннан кейін оны
оқшаулай жабу үшін газ құбырына сүйеп қоятын механизмдерді қолдануға рұқсат етіледі.
      357. Қолданыстағы газ құбырлары мен технологиялық жарылыс қаупі бар қондырғылар 
орналасқан жұмыс орындарын, сонымен қатар жер жұмыстарын жарықтандыру жарылыстан қорғалып 
жасалған құралдармен (шырақтар, ажыратқыштар, электр өткізгіштермен) жүзеге асырылады. Қысымы 
42 Вольттан (бұдан әрі – В) жоғары емес, зауытта өндірілген қозғалмалы шамдар (шырақтар), аса 
қауіпті (ор, құдық, ыдыстар) және ылғалдылығы жоғары жерлерде – жарылыстан қорғалып жасалған 12
В-тан жоғары емес шамдар қолданылады.
      358. Шырақтарды және электр саймандарын электрмен қамтамасыз ету кәбілі механикалық 
зақымданулардан қорғалады.
      359. Дұрыс жасалған прожекторды жарылысқа қауіпті объектілерден электр қондырғыларын 
пайдалану ережелері талап ететін қауіпсіз арақашықтықта, мүмкіндігінше олардың жел соғатын 
жағына орнатуға болады, оның ішінде:
      1) компрессорлық станциядан, жарылысқа қауіпті бөлмелерден (ғимараттар) кем дегенде 60 
метр қашықтықта;
      2) сұйытылған газдары бар сұйыққоймаларынан (газоконденсатпен) кем дегенде 100 метр 
қашықтықта.

      360. Жер астындағы резервуарлар үшiн көрcетiлген қашықтық екi есе кiшiрейтіледі.
      361. Оқшаулауды қалпына келтіру (жөндеу) және құбыр металы зақымданбаған газ құбыры 
учаскесін бітеу жұмыстарын газ қысымын төмендете отырып осы Қағидалар талаптарына сәйкес қолмен
жүргізу қажет. Газ құбырын күрделі жөндеу кезінде оқшаулауды қалпына келтіру мен бітеуді газдан
босатылған газ құбырында машиналар мен механизмдердің күшімен орындауға рұқсат етіледі.
      362. Топырақ коррозиясы бар аумақтарда газ құбырын тексеру және жөндеу кезінде параллель 
тармақтарда қысымды арттыруға жол берілмейді.
      363. Газ құбырын күрделі жөндеу кезінде құбырлардың жарамдылығын бағалауды кәсіпорын, МГҚ
желілік-өндірістік басқармасы және мердігерлік ұйым өкілдерінен тұратын, кәсіпорын басшысы 
тағайындаған комиссия жүргізеді. Тесік емес және басқа зақымданулар анықталған жағдайда (гофра,
механикалық зақымданулар) өтпелі жұмыс қысымы осы учаскеде ең төмен рұқсат етілген қысымның 30 
%-дан аспайтын мәнге төмендетіледі. Қабырға қалыңдығының 30%-ға дейін коррозиялық зақымданулар 
бар болса (құбырішілік ақау табу нәтижелері бойынша), қысым соңғы пайдаланған жылы осы учаскеде
тіркелген ең төмен жұмыс қысымынан кем дегенде 30%-ға төмендетіледі. Қабырға қалыңдығының 30%-
дан асатын коррозиялық зақымданулар бар болса (құбырішілік ақау табу нәтижелері бойынша), газ 
құбырындағы қысым толығымен жойылады. МГҚ желілік бөлігін, технологиялық құбырларды жөндеу 
кезінде олар механикалық әсерге ұшыраса, ондағы қысым атмосфералық қысымға дейін төмендейді. 
Газды білте арқылы шығарады. Бұл кезеңде білтеден, сондай-ақ қозғалтқышы істеп тұрған 
машиналардан немесе механизмдерден 200 метрге дейін от жұмыстары жүргізілмейді. Ашу алдында 
резервуарлар, аппараттар суытылады, өнімнен босатылады, істеп тұрған аппаратурадан және құбыр 
жүйесінен ажыратылады, қажет болса, шайылады және бумен өңделіп, желдетіледі. Артқы ілмегі бар 
бітеуіштер жөнделетін резервуарға тартылған коммуникациялардың бәріне орнатылады.
      364. Ысырмалар камерасы және құдықтар желдетіліп, олардағы мұнай өнiмдерi өнеркәсiптiк 
кәрізге шайылады, еден толық тазартылады және сумен мұқият жуылады. Жұмыстың орындалуын, 
әсіресе жабық жұмыстардың сапасын техникалық операциялық бақылауды жауапты орындаушылар және 
оның жетекшiсi iске асырады. Қолданыстағы объектіде (МГҚ желілік бөліктерінде, компрессорлық 
станцияларда, ГТС-та, газ өлшеу станцияларында, жерасты газ қоймаларында) жөндеу жұмыстарын 
жүргізу кезінде (бекіту арматурасы, кері клапан, газ құбырының бөлшектерін ауыстыру) дәнекерлеу
жіктерін жұмыс қысымынан артық қысыммен байқау мүмкін болмаған жағдайда, оларды «кепілді» 
дәнекерлеу қосылыстарына жатқызады.
      365. Газ объектілерінің сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жөндеу 
жұмыстарынан кейін кепілді дәнекерлеу жіктерін орындауға қосымша талаптар белгіленеді. Кепілді 
дәнекерлеу жіктерінің қажеттілігі, орналасуы және саны ұйымның от жұмыстары жоспарына және оған
наряд-рұқсатқа сәйкес белгіленеді. Кепілді жіктерді жинау және дәнекерлеуді операциялық бақылау
үшін жауапты, осындай газ объектілерінде 3 жылдан кем емес дәнәкерлеу-құрастыру жұмыстарын 
жасау тәжірибесі бар тұлға басқарады. Дәнекерлеу жұмыстарына 6-разрядтан төмен емес біліктілігі
бар, аттестаттаудан өткен дәнекерлеушілер жіберіледі. Кепілді дәнекерлеу жігі екі сағаттан кем 
емес уақыт бойы жұмыс қысымымен тасымалданатын (технологиялық) өнім (шикізат) арқылы 
саңылаусыздыққа тексеріледі. Әрбір кепілді дәнекерлеу жігіне от жұмыстарына жауапты тұлға, 
операциялық бақылау үшін жауапты тұлға осы Қағидалардың 
 сәйкес, 
24-қосымшасына
дәнекерлеу-құрастыру жұмыстарын орындаушылар және сынау зертханасының жауапты өкілдері қол 
қоятын, белгіленген нысан бойынша акт толтырылады. Актінің бір данасы атқару құжаттарына енгізу
үшін от жұмыстары жүргізілген цех немесе пайдалану қызметінің басшысына беріледі. Кепілді 
жіктерге жасалған актілер техникалық атқару құжаттарымен бірге сақталады. Жөндеу жұмыстары 
аяқталғаннан кейін құбыр, ыдыс және аппарат іші бөгде заттардан, кірден, май қалдықтарынан және
басқа заттардан тазартылады.
      366. МГҚ жөндеу кезінде газ қауіпті және от жұмыстарына осы Қағидалардың 
 
12-қосымшасына
сәйкес нысан бойынша наряд-рұқсат беріледі, ал жоспарлы от жұмыстарына, сонымен қатар, осы 
жұмысты ұйымдастыру жоспары осы Қағидалардың 
 сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
25-қосымшасына
2-параграф. Жер қазу жұмыстары

      367. Жерасты электр тарату желісінің тік жазықтармен шектелген, шекті кәбілдермен қатар 
жүретін және екі жағынан олардан 1 метр қашықтықта орналасқан жер телімі түріндегі қорғалатын 
аймақта жер жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Су асты электр тарату желісінің шеткі 
кәбілдердің екі жағынан 100 метрге алыс орналасқан тік бағытты жазықтықтар арасындағы су 
бетінен су түбіне дейінгі су кеңістігі түріндегі қорғалатын аймақта жер жұмыстарын жүргізуге 
жол берілмейді. Жұмыстар қауіпті (қорғалатын) аймақта, газ құбырына немесе өнім құбырына жақын 
жерде жүргізілсе, жұмыстардың басшысы (жауапты орындаушы) жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды және
жанатын заттардың құрамын қатаң бақылауға алады.
      368. Газ құбырын тексеру, сонымен бiрге катод шығуларын бекіту немесе бұрмаларды ойып 
орнату үшін шурфтарды орнату кезіндегі жер қазу жұмыстары желілік шебердің немесе 
желілік-пайдалану қызметінің басшылығы тағайындаған басқа жауапты тұлғаның басшылық етуімен 
жүргізіледі.
      369. Жерүсті және жерасты коммуникациялары көрсетілген аумақ жоспары немесе осы жоспардың
көшірмесі болмаса, сондай-ақ жұмыс орнынан қауіпті аумақ шегінде орналасқан жерасты 
коммуникациялар мен құрылыстарға иелік ететін ұйымдар мен қызметтердің жауапты өкілдерімен 
келісілмесе, жер қазу жұмыстарын компрессорлық станция, газ үлестiру станциясы, газ өлшеу 
станциясы, жерасты газ қоймалары аумағында, газ құбырларына, өнім құбырларына, кәбілдерге және 
басқа жерасты коммуникацияларға жақын бастауға жол берілмейді. Жер жұмыстарын механикаланған 
тәсілмен немесе қолмен жасау талаптары, шұңғы (ор) көлемі, қабырғаларды бекіту шарттары мен 
құлдилық мәні осы Қағидалар талаптарына сәйкес қабылданады.
      370. Терең ор тік қабырғаларымен тасты емес және қатпаған топырақта бекітпелерсіз 
тереңдігі 1,0-ден аспайтын жерасты суы деңгейінен жоғары - үйілген, құмды және қиыршық тасты 
топырақта; 1,5 – құмдақтарда; 1,5 – саздақтарда; 2,0 – аса тығыз тасты емес топырақтарда 
ашылады. Ордың тереңдігі одан жоғары болғанда еңіс ылдилығы ордың тереңдігіне, топырақ түріне 
және оның жай-күйіне қарай осы Қағидалардың 
 сәйкес анықталады. Ылғалданған құмды
26–қосымшасына
, сарғыш топырақты және үйілген (тығыздалмаған) топырақтарды бекітпелерсіз өңдеуге жол 
берілмейді. Жұмысшыларды бекітпелер орнатпай тұрып траншеяға жұмысқа жіберу жүзеге асырылмайды.
      371. Жұмыстардың басшысы әсіресе ылғалданған топырақтың құлауына қарсы шараларды, атап 
айтқанда, еңіс ылдилығын азайту, жерасты және жерүсті суларын бұру, бекітпелерді күшейту 
шараларын қабылдай отырып, еңістер мен бекітпелердің жай-күйін үнемі бақылап отырады. Шөгінді 
және жеңіл шайылатын топыраққа салынған газ құбыры учаскесінде жұмыс жасау кезінде жерүсті 
суларының газ құбыры траншеясына ағып кетпеуін болдырмау шараларын қарастыру қажет. 
Механизмдермен жер жұмыстарын жүргізу кезінде қолмен істейтін жерлердің шеттеріне белгі 
қойылады. Диаметрі 800 мм дейінгі құбырда жұмыс жасау кезінде шұңғы кем дегенде екі шығумен – 
шұңғының екі жағынан бір-бірден жабдықталады. Диаметрі 800 мм асатын құбырда жұмыс жасау 
кезінде шұңғы кем дегенде екі жағынан екі-екіден төрт шығумен жабдықталады. Шығулар саты 
түрінде жасалады немесе жиылмалы басқышпен жабдықталады. Жұмысшылар қабырғалары бекітілмеген 
орда (шұңғыда) жұмыс жасап жатқан кезде ор жанында жұмыстар жүргізілмейді, ал ауыр механизмдер 
топырақ құлауы мүмкін дене шегінен тыс орналастырылады. Жұмысқа қажетті аспаптар мен 
материалдар ордың (шұңғы) сыртқы шетінен 0,5 м жақын емес қойылады. Жер жұмыстары жұмыс 
аймағының ауасы тексерілгеннен кейін басталады. Қысым астындағы қолданыстағы газ құбыры 
трассасында жер қазатын механизм көмегімен шурф немесе ор қазуға тек жоспарда және тереңдігі 
бойынша жұмыс істеу орнында газ құбырының нақты орналасуы белгілі болса, сондай-ақ кесетін 
механизм ернеуін құбырға жан-жағынан 0,5 метрден жақын келтірмеу шартымен рұқсат етіледі. Жер 
қазатын механизмнің тірегіш бөліктері бұл ретте тікелей құбырдың үстінен жүргізілмейді. Әрі 
қарай құралдар құбыр қабырғасын зақымдап кетпеу үшін, балғаны, сүйменді немесе басқа соққы 
құралдарын қолданбай, қолмен жүргізіледі. Газ құбырының нақты орналасуы туралы деректер жоқ 
болса, шурфтау, зондпен тексеру немесе басқа қауіпсіз тәсілмен оның орналасқан жерін анықтап 
алғаннан кейін ғана механизмнің көмегімен қазуға рұқсат етіледі. МГҚ мен кәбілдерді пайдалану 
және жөндеумен байланысты емес жер жұмыстарын сырт ұйымдар газ құбырынан және кәбілден кем 
дегенде 2 метр қашықтықта МГҚ пайдалану қызметі өкілінің қатысуымен жүргізеді. Қолданыстағы 
коммуникациялар трассаларына жақын жерде жер жұмыстарын жүргізу кезінде осы трассаларға топырақ
үйіп қоюға жол берілмейді.

      372. Орлар су бұрғыш орлар орнату арқылы тау жағынан топырақ үйіндісін орналастыра отырып
, су басудан және жер үстіндегі сулардың шайып кетуінен қорғалады. Егер шурфты (шұңғыны) қазу 
кезінде газ құбырынан газ шығуы немесе газдану белгілері байқалса, онда жер қазу жұмыстары 
дереу тоқтатылады да, адамдар шурфтан (шұңғыдан) шығарылады. Жер қазу жұмыстары газ шығуы және 
газдану тоқтатылғаннан кейiн, қауіпті газ жұмыстарын жүргізу барысында талап етілетін қосымша 
сақтандыру шаралары орындалған жағдайда жалғастырылады. Газ шығуын тоқтату бойынша жұмыстарды 
атқарғанда газ құбырын қазып табатын жұмысшылардың сақтандырғыш белбеулері және құбырішек 
газтұтқыштары болуы керек. Құбырішек ұштары газдалған жерден тыс аймақтың жел жағында болғаны 
дұрыс. Сақтандырғыш белбеулерінің жіптерін жұмыс істеп жатқан жұмысшыларды бақылайтын және қажет
болғанда оларға көмек көрсететін, ордың сыртында тұрған жұмысшылар (дублер) ұстап тұрады. Ашық 
ор, компрессорлық станция, ГТС, газ өлшеуіш станциясы аумағындағы, көлік пен жаяу жүргіншілер 
жүретін жерлердегі газ сақтайтын жер асты қоймалары берік қоршалады және қауіпсіздік белгілері 
мен жазбалар қойылады. Түнгі уақыттарда жарық дабыл шамдары, ал қажет болса – пост қойылады.
      373. Жүкті тиеу-түсіру жұмыстары қол еңбегімен және механикаландырылған әдіспен жауапты 
қызметкердің басшылығымен жүзеге асырылады. Жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылған 
әдісі салмағы 50 килограмнан (бұдан әрі – кг) артық жүктер үшін, сонымен қатар жүктерді 3 
метрден артық биіктікке көтеру жұмыстары үшін міндетті болып табылады. Жұмыс басшысы жүкті 
тиеу-түсіру жұмыстарын бастамас бұрын шарттардың сәйкестігін, жүккөтергіш жабдықтың техникалық 
жағдайын және жүккөтергіш крандарды қауіпсіз қолданылуы және жабдықтау қағидаларына сәйкес 
орындаушылардың дайындығын тексереді. Жүктерді инвентарлы арқанмен немесе бекітілген техникалық 
шарттарға сәйкес дайындалған арнайы жүкті байлайтын жабдықтармен арқандайды. Арқандау әдістері 
арқандалған жүктің құлауын немесе сырғуын болдырмау керек. Жүкті тиеу, тасымалдау және түсіру 
кездерінде көліктің және жүктің нық тұруын қамтамасыз ету қажет. Жүкті тиеу-түсіру жұмыстары 
кезінде орнықсыз тұрған жүктерді арқандау, сонымен қатар көтерілген жүктегі арқандау құралдарын
ығыстыру жүзеге асырылмайды.
      374. Пайдалану және жөндеу кезінде қолданылатын такелаждық құралдар (кендір арқандар, 
сымтемірлер, арқандар, шынжырлар) және жүккөтергіш механизмдер (тальдар, жүкшығырлар, крандар) 
тексеріледі және жүк көтеру мөлшерінің шегі, сынақ өткізілген күн мен кезекті сынақтың өтетін 
күні, техникалық куәландыруы белгіленген таңбалармен немесе биркалармен, тақтайшалармен 
жабдықталады. Жүкті көтеру немесе қозғау кезінде жұмыс орны қол еңбегін қолданған жағдайда 5 
люкстен (бұдан әрі – лк) кем емес және машина мен құрылғыларды пайдаланған жағдайда 10 лк-дан 
кем емес мөлшерде жарықтандырылады. Құбырларды тиеу және түсіру кезінде олардың өз бетімен 
қатардан немесе көліктен сырғып кетуін болдырмайтын шаралар қолданылады. Болат құбырларды 
биіктігі 3 метрден аспайтын алдын ала тегістелген қатарларға төсеу қажет. Құбырлардың астыңғы 
қатарына бөренелер мен тақтайлардан жасалған төсемелер қойылады. Құбырлардың сырғып кетпеуі 
үшін төменгі қатарды темір (инвентарлық) тығыздап бекіткен жөн. Кейбір жағдайларда кебістердің 
орнына төсемелерге берік бекітілген ағаш ұштық тіреулерді қолдануға болады. Құбырлардың екінші 
және одан кейінгі қатарларын төсемелерсіз бір-бірінің үстіне қойып жинайды.
      375. Жиек үсті мен ор үстіндегі дәнекерлеу және оқшаулау жұмыстары кезінде құбыр төсегіш 
крандардың көмегімен жауапты адамның белгі беруі бойынша құбырды орға түсіреді. Қысым астындағы
түтікшелер мен баллондарды, шыны ыдыстағы материалдарды, жанғыш және жарылғыш жүктерді тиеу, 
тасымалдау және түсіру кезінде олардың серпілуі мен соққыға ұшыруын, үйкелуін, оларға ұшқын 
шашырауын және жанар-жағар маймен, сондай-ақ тұтанғыш заттармен үйкелуін болдырмау шаралары 
қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет