Зерттеу нысаны. М.Жұмабаев поэмалары және оның сюжеттік негіздеріндегі тарихи деректер, тілдік ерекшелігі қарастырылады.
Зерттеу нысаны. М.Жұмабаев поэмалары және оның сюжеттік негіздеріндегі тарихи деректер, тілдік ерекшелігі қарастырылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдері:Зерттеу барысында тіл біліміндегі сипаттау, салыстыру, анализ, деректік негіздеу, индукция және дедукция синтез жасаудың әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды.
Жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.Зерттеу осы сала бойынша жүргізілетін лингвомәдениеттану, лексикология, көркем мәтін поэтикасы, стилистика, мәтін семантикасына қатысты еңбектерге теориялық, ұстанымдық негіз ретінде қызмет етеді. Еңбектің нәтижелері іргелі ғылыми пайымдаулардың дамуына жол ашады.
Жұмыстың жариялануы.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ әдебиеті әлемі XX ғасырда жан-жақты байыды. Халық тарихының даму кезеңдері руханият әлемінің өзекті мәселелеріне айналып, ұлттық әдебиетімізге жаңалық, өзгеріс, тақырып, ұстанымдар әкелді. Ұлттық проблема негізінде туындаған жаңа идеялар, жаңа үлгі, жаңа мотив, жаңа түр әкелді. Ойды жаңа мазмұнда көркемдеп астарлап беру әдісі – “зар заман” сарыны, поэтикалық дербес мотив М.Жұмабаев поэмаларының өзіндік жаңалығы болды. М.Жұмабаев шығармашылығында замана проблемаларынан бастап мәңгілік тақырыптар қозғалды. “Тегінде әдебиет көктен түсетін пайғамбарлық емес. Әдебиет елдің жанында жүре бастаған толқындардың жарыққа шыққан жаңғырығы”,-деп әдебиетке саналы көзқараспен қараған ақын поэмаларында таптық емес, бүтін ұлттық проблемалар қаралады. Ақын өз шығармаларында философиялық таным, психологиялық құбылыстар арқылы кейіпкерге жан бітіріп, қоғам санасына қозғау беруге әрекеттенді. М.Жұмабаев поэма табиғатына психологизмді де шебер үйлестіре біледі. Халықтық поэзия мен ақын-жыраулар поэзиясындағы романтикалық стильді ақын өзіндік жаңа үлгідегі ізденістерімен дамытты.