Магистрант: абзалова алимахан абдазимовна ғылыми жетекшісі: ф.ғ. к Абенова Л. У 7М02310-«Филология»



бет2/4
Дата18.05.2023
өлшемі370,5 Kb.
#94453
түріПоэма
1   2   3   4
Байланысты:
Алимахан

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

  • Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алған егеменді еліміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Алайда, ұлт – азаттық идеяны ұстанған алаш азаматтарының өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларына айналды да, олар саяси айыппен қоғамнан аластатылды. Сондықтан да оларды тану‚ зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Осы лекпен ортаға оралғанның бірі – Мағжан Жұмабаев шығармашылығы еді. Осы уақыт ішінде М.Жұмабаев шығармашылығы жан – жақты зерттелді. Ақын көркем туындыларындағы эстетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан‚ халықтық мәдениеттен‚ жыраулық поэзиядан алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық позициясын (ұстанымын) таныту да‚ патриоттық рухта жазылған поэмаларының да рөлі зор. Өйткені поэма идеялары ұлт тағдыры проблемаларынан туындаған. Бұл ақынның азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған, Алаш қозғалысы идеясымен суарылған туындылары. М.Жұмабаев шығармашылығындағы идеялық – көркемдік ізденістердің бәрінде алашшыл көзқарас сабақтастығы‚ пікір жалғастығы ұласып жатады.

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

  • Жұмыстың мақсаты – М.Жұмабаев поэмаларының тарихи сюжеттік негіздерін анықтау, көркемдік жүйесін қарастыру. Поэмаларындағы негізгі идеялық, стильдік жаңашылдығына мән бере отыра зерттеу жұмыстарын жүргізу. Негізгі мақсатта мынадай басты мәселелерді назарда ұстау міндеттелді:
  • авторлық идеяны беруде тарихи оқиғаларды қолдану ерекшелігі;
  • поэмадағы көркемдік жүйе компоненттерінің қызметі;
  • әр поэма астарындағы авторлық идея;
  • ақын поэмаларындағы «өлім» мотивінің берілуі;
  • ұлт-азаттық идеясының көркем мазмұнға айналуы.

Жұмыстың жаңалығы. Әдебиет саласындағы поэма жанры негізінен стильдік ерекшелігі жағынан өзгешеленеді. Және қазіргі таңға дейін біршама ғылыми еңбектерде Мағжан Жұмабаев шығармалары талданып, жетістік-кемшіліктері айтылып, жоғары бағаланғанымен, жазушы еңбектері өз бағасын толыққанды алды дей алмаймыз. Жалпы, Мағжан Жұмабаев шығармаларын жанрлық, тақырыптық, теориялық тұрғыдан арнайы қарастырылған еңбектердің бірі осы поэмалары болғандықтан, жазушының суреткерлік шеберлігіне, тақырыптық ерекшеліктеріне, өмір шындығын толыққанды көркем бейнелерімен жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аудардық. Зерттеу жұмысында Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетінің тарихына өзіндік стиль алып келген, ерекше қолтаңбалы жазушы екеніне айрықша көңіл бөлдік. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы дүниетаным туралы зерттеушілердің еңбектеріндегі пікір қайшылықтарын саралай келіп, өз көзқарасымызды білдірдік.

  • Жұмыстың жаңалығы. Әдебиет саласындағы поэма жанры негізінен стильдік ерекшелігі жағынан өзгешеленеді. Және қазіргі таңға дейін біршама ғылыми еңбектерде Мағжан Жұмабаев шығармалары талданып, жетістік-кемшіліктері айтылып, жоғары бағаланғанымен, жазушы еңбектері өз бағасын толыққанды алды дей алмаймыз. Жалпы, Мағжан Жұмабаев шығармаларын жанрлық, тақырыптық, теориялық тұрғыдан арнайы қарастырылған еңбектердің бірі осы поэмалары болғандықтан, жазушының суреткерлік шеберлігіне, тақырыптық ерекшеліктеріне, өмір шындығын толыққанды көркем бейнелерімен жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аудардық. Зерттеу жұмысында Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетінің тарихына өзіндік стиль алып келген, ерекше қолтаңбалы жазушы екеніне айрықша көңіл бөлдік. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы дүниетаным туралы зерттеушілердің еңбектеріндегі пікір қайшылықтарын саралай келіп, өз көзқарасымызды білдірдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет