Магистранты Изтлеуова А. Р



бет1/2
Дата06.04.2023
өлшемі25,67 Kb.
#79814
  1   2
Байланысты:
Мониторинг Изтлеуова Айдана


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

Тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жоспарына сай тәрбиелеу- білім беру процесінің мониторингі

Тексерген: п.ғ.д. Туребаева К.Ж.


Дайындаған: МДОжТ 1 курс
магистранты Изтлеуова А.Р.
Ақтөбе-2023
Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жоспарына сай тәрбиелеу- білім беру процесінің мониторингі;

  2. Мектепалды даярлық тобының мониторингі (Excel форматта жалғанған)





Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының келесі құжаттарының мазмұны қайта қаралып бекітілді:



1

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

2

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары;

3

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.

Нормативтік құқықтық актілерде айтылғандарды ескере отырылып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары дайындалды.


Мониторинг педагогтің балалардың түрлі жас кезеңдерінде Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге жету деңгейлерін және баламен жеке жұмыс жүргізуде педагогтің алдағы іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнында айқындалған күтілетін нәтижелерге балалар мен педагогтің жету деңгейін бақылау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету.




Мониторинг міндеттері:



1.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнын балалардың игеруін бақылау;



2.

балаларға жасына сәйкес біліктер мен дағдыларды игерту;



3.

баламен жүргізілетін жеке жұмыстың мазмұнын айқындау;



4.

балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жеке және топтық жоспарлау;



5.

мектепке дейінгі ұйымның ұсынатын қызметінің сапасын арттыру;



6.

педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру.


Аталған әдістемелік ұсынымдар педагогтердің Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді.


Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын;
- Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;
- мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;
- диагностика жүргізу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын игеру деңгейін есептеу әдістерін;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет.
Мониторинг мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды сыныптарындағы балаларға жүргізіледі. Мониторингтің критерийлері (өлшемшарттары) балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін:
1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру);
2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде);
3) сөйлеуді дамыту;
4) көркем әдебиет;
5) сауат ашу негіздері;
6) қазақ тілі (оқыту басқа тілдерде жүргізілетін топтарда);
7) сенсорика;
8) математика негіздері;
9) құрастыру;
10) қоршаған ортамен таныстыру;
11) сурет салу;
12) мүсіндеу;
13) жапсыру;
14) музыка бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің мазмұнынан күтілетін нәтижелер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет