балаларды ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде бақылау;
әңгімелесу;
балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар.
Жетекші әдіс – бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірде жүргізіледі. Мониторинг жылына 3 рет:
-бастапқы – қыркүйекте;
- аралық – қаңтарда;
- қорытынды – мамырдажүргізіледі.
Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық ал қалған топтарда бастапқы бақылаудан басталады. Ерте жас тобы Үлгілік бағдарлама мазмұнын алғаш рет үйреніп жатқандықтан оларда бастапқы бақылау жүргізілмейді.
Басқа топтар үшін бастапқы бақылау алдыңғы жастың бақылау парақтарымен жүргізіледі (мысалы, ересек топ үшін ортаңғы топтың бақылау парақтары қолданылады). Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол жасқа сәйкес бақылау парақтарымен жүргізіледі. Әрбір бақылауды жүргізу кезінде бақылау парақтарында берілген орынға бастапқы, аралық немесе қорытынды алынып жатқан бақылау кезеңін жазып қою қажет болады.