Негізгі бөлім: Жер қойнауы – тау кен өнеркәсібі үшін ерекше қазына
болып саналады.Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен игерген кезде халық шаруашылығынан қомақты жер мөлшерін алуға тура келеді. Бұл, ашық тау-кен жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік алаңдар, карьерлер, үйінділер,
технологиялық жолдар мен қалдық қоймалар үшін, едәуір мөлшерде же қажет болады. Осының салдарынан, ауыл және орман шаруашылығына экономикалық шығын келеді.Тағы да геологиялық орта мен жер бетінің
едәуір бұзылуы және табиғи ландшафтың тікелей өзгеруі болады. Минералды шикізат кенорындарын игерудің масштабы жылдан -жылға
қарқынды өсуі әсерінен, қоршаған орта шаң-тозаңдармен, газдар және
зиянды химиялық заттектермен ластанып, экологиялық тепе-теңдіктің
өзгеруімен қатар, тұрғындардың денсаулығына да қауіп төнетіндігі
белгілі.
Пайдалы қазба кенорындарын ашық әдіспен игеру кезіндегі күрделі мәселе, жердің бұзылуы мен топырақтың антропогендік ластануы және игерілетін аудандардағы жер беті және жерасты суының ластануы болады. Бұдан басқа, гидрогеологиялық режимнің бұзылуы, ауаның шаң және газбен ластануы, флора мен фаунаның улы заттектермен улануы, санитарлық-гигиеналық жағдайдың төмендеуі байқалады. Осыған байланысты кенорынды ашық әдіспен игеруде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, бұзылған жерлерді дер кезінде рекультивациялау, ауаға, топыраққа ластаушы заттектер шығаруды азайту және кенорынды игеру кезінде экологиялық мониторинг жүргізумен қатар, жерді және оның қойнауын пайдалану туралы заң талаптарының орындалуын қадағалау, өзекті мәселеге айналып отыр.
Тау-кен жұмыстары барысында тозған жерлерді рекультивациялау, елімізде түбегейлі шешімін таппаған мәселе. Өйткені, кейбір кенорындарын игеру жобаларында тозған жерді қалпына келтіру, кенорынды игеріп біткеннен кейін жүргізіледі деп жазылған. Сол себепті, кенорындарын игеру мерзімі ұзақ болуына және тозған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізубеуге байланысты, олармен қоса қалдық үйінділері жылдар бойы табиғи ортаны ластаудың тұрақты көзі болып отыр. Бұзылған жерлер атмосфераға, гидросфераға және литосфераға, осы аудан тұрғындарына зиян тигізуде. Республикада қалпына келтірілген жердің көлемі өте аз, ал қалдық төгілген жерлер жыл сайын ұлғайып келеді. Пайдалы қазбаны игеру жұмыстары аяқталғаннан кейін көптеген жер қойнауын пайдаланушыларда бұзылған жерлерді рекультивациялауға қаржы жетпей қалады. Осыған байланысты бұзылған жерлерді рекультивациялау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құруды талап етеді. Тау-кен өндірісінің дамуы қоршаған ортаның зиянды заттектермен ластану үрдісін де күшейтеді. Оның дәлелі, Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жердің бұзылуы мен топырақтың антропогендік ластануы бойынша тіркелген мәліметтері төмендегіні көрсетеді:
Республикамыздың өндірістік аймақтарда ауданы 60 мың.га тең топырақты үнемі ластайтын экологиялық жағынан қауіпті әсер ететін факторлар бар: террикондар, үйінділер, карьерлер, бұрғылау ұңғымалары, тау-кен өндірісінің қалдықтары. тау-кен өндірісінің жұмыс істеуі нәтижесінде үйінділерде 4 млрд.т, 1,1 млрд.т кенді байыту және пайдалы қазбаларды өндіру қалдықтары, металлургиялық кәсіпорындардың жұмыс істеуі нәтижесінде 105 млн.т қалдықтар пайда болды.
Республикада өнеркәсіптік нысандарды желілік құрылыстарды салуда, пайдалы қазбалар кенорындарын игеруде, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 171,0 мың.га бұзылған жер есепке алынған. Олардың 49,9 мың.га істен шығарылған, оларды қайта қалпына келтіруге болады. Тозған жердің ең көп аудандары – Қарағанды (41,4 мың.га тозған және 10,1 мың.га істен шығарылған), Қостанай (сәйкесінше 30,8 мың және 8,4 мың.га), Маңғыстау (21,1 мың.га және 3,6 мың.га), Ақмола (17,5 мың.га және 7,1 мың.га), Шығыс Қазақстан (13,1 мың.га және 6,3 мың.га) және Павлодар (12,1 мың.га және 1,2 мың.га) облыстарында тіркелген.
Республика бойынша бұзылған жердің 1,6 мың. га қайта қалпына келтірілген, олардың 0,6 мың. га ауылшаруашылық, 1,0 мың. га басқа алқаптарға айналдырылды. Қалпына келтірілген жерлердің ең көп аудандары Қарағанды (0,9 мың. га), Қостанай (0,4 мың. га), Батыс Қазақстан (0,3 мың.га) облыстарында тіркелді.
Республика аумағындағы өнімділігі төмен алқаптарда жайылуға арналған топырақтың құнарлы қабатының 21,8 млн. м 3 үйінділерде сақталынуда. Оның негізгі көлемі (88,0 %-дан астамы) 4 облыста жинақталған: Қостанай (10,1 млн.м 3 ), Қарағанды (3,4 млн.м 3 ), Ақтөбе (3,2 млн.м 3 ) және Шығыс Қазақстан (2,5 млн.м 3 ). Тек қана 2006 жылы 993 мың.м 3 – құнарлы топырақ жинақталған, олардың 94,6%-ы Қостанай облысында. Өнімділігі төмен алқаптарды жақсарту үшін 438 мың.м 3 жер бетінен алынған құнарлы топырақ пайдаланылған, ол Қостанай (175 млн.м 3 ) және Павлодар (157 млн.м 3 ) облыстарында. Соның нәтижесінде 112 га өнімділігі төмен алқаптар жақсартылған, олардың 62 га– Ақтөбе, 39-га – Павлодар, 11 га – Қостанай облыстарында.
Республикада бұзылатын жерлерден алынған құнарлы топырақ өте тиімсіз пайдаланылатынын айтқан жөн: оның жыл сайынғы пайдаланылуы, жинақталған көлемінің 2%- нан аспайды. Осыған орай жарамсыз жерлерді қайта қалпына келтіру проблемасына тау-кен өнеркәсібінде көңіл бөлінбейтіне назар аударуға тура келеді. Жоғарыда келтірілген мәселерге байланысты жерді тиімді пайдаланумен қатар, топырақтың құнарлылығын сақтау және бұзылған жерді дер кезінде қайта қалпына келтіру, өзекті мәселенің бірі екендігін көрсетеді.
Қазіргі кезде бұзылған жерлерді рекультивациялау, техникалық және биологиялық кезеңдерден тұрады. Техникалық рекультивациялау кезеңі бұзылған жерді алдағы уақытта халық шаруашылығында өз мақсатында пайдалануға әзірлеуді көздейді. Оған жерді тегістеу, үйінді беткейін еңістету, топырақтың құнарлы қабатын жинап алып, рекультивацияланатын жерге тасымалдап төгу, жол гидротехникалық және мелиорация құрылыстарын салу жұмыстары жатады. Ал биологиялық рекультивациялау кезеңі техникалық рекультивациялаудан кейін жүзеге асырылатын және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру шараларын қамтиды. Оған флора мен фаунаны қалпына келтіруге бағытталған агротехникалық және фитомелирациялық шаралар жатады.