Зерттеу әдістері. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін геотеханикалық үдерістерді зерттеу саласындағы әдебиет жинақтарында бай тәжірибеге талдау жасап, геотеханикалық мониторинг жүргізудің әдістерін, өлшеу әдістерінің дәлдігіне баға беруді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін жетілдіруді қамтитын кешенді әдістер пайдаланылды.
Басты тапсырмалар: карьер алаңы аумағынан құнарлы топырақ қабатының жойылуын бақылау мақсатында карьерден пайдалы қазбаларды қазу және өндірудің тау-кен-геометриялық талдауын жүргізу;
бұзылған аумақтан құнарлы топырақ қабатын жоюды басқару үшін үйіндінің дамуы мен қалыптасуын талдау;
топырақтың құнарлы қабатын жағу үшін рекультивацияланған беттерді дайындауды жеделдетуді қамтамасыз ететін сыртқы үйіндіні әзірлеу және қалыптастырудың технологиялық схемасын негіздеу;
үйіндінің рекультивацияланған бетіне құнарлы топырақ қабатын жағудың ұтымды нұсқасын белгілеу.