Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы Жұмыстың тақырыбы: 5G сымсыз желілерінде қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерін зерттеу



бет1/2
Дата24.04.2023
өлшемі315,21 Kb.
#86322
  1   2
Байланысты:
НИРМ 4 Курбанбеков А.М.


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы   
Жұмыстың тақырыбы: 5G сымсыз желілерінде қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерін зерттеу
Білім беру бағдарламалары тобының коды мен атауы: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (7M06219)
Оқу мерзімі: 2021 - 2023 оқу жылы. 4 - семестр
Орындаған: МРЭТ-23 группасы магистранты Құрбанбеков А.М.
Тексерген: доцент м.а., ф.-м.ғ.к. Канымгазиева Ильмира Айдосовна

Астана, 2023 


Жоспары:
Кіріспе

  1. 5G желідесіндегі QoS параметрлері

  2. 5G желісіндегі қызметтер мен трафиктер алмасу

  3. 5G желілеріндегі кідіріс талаптары

  4. QoS CQCF басқару функциясы

  5. 5G технологиясы Қазақстанда

Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Заманауи телекоммуникациялық желілерге деген сенімділік кез-келген технологияның немесе телекоммуникациялық қызметтердің технологиялық және нарықтық жетістіктерінің факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеге қатысты технологиялық тәсілдердің көпшілігі тек желілік қауіпсіздікке бағытталғандықтан, 5G желілерін сенімді етуде, тұтынушылардың да, реттеушінің де сенімін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын қызмет көрсету сапасы (QoS) сияқты факторлар есепке алынбай қалады. Сондықтан да бұл мақалада толықтай желілік функцияларды виртуалдандыру (NFV) қағидаттарына негізделіп жұмыс істейтін қызмет көрсету сапасын бақылау және спектрді басқару желілік объектілері үшін QoS критерийлеріне талдау жасау қарастырылады.
Қазіргі уақытта бесінші буын желілерінің технологиялық ортасы мен инженерлік аспектілерін зерттеу басымдық болып қала береді, өйткені ұсынылған желілік платформа әлемнің бірде-бір елінде толық енгізілмеген. Сондықтан, үздіксіз ұзақ мерзімді зерттеулер 5G пайдалану кезінде тиімділік пен өнімділік көрсеткіштері экспоненциалды түрде артады, барлығы тек телекоммуникация компаниялары белгілеген алгоритмге байланысты болады деп бекітудің іргелі факторы болып табылады.
Шетелдік байланыс операторлары да 5G желісі инфрақұрылымының технологиялық формасын белсенді түрде зерделеуде, сондай-ақ бесінші буын желісін енгізу және пайдалану процесін анықтайтын сценарийлерді әзірлеуде. Нәтижелері технологиялық формаларды анықтайтын белгіленген әдістерді пайдалана отырып зерттеулер жүргізу телекоммуникация нарығында өзекті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет