Магистранттың педагогикалық практиканы өту туралы есебі



бет8/8
Дата06.06.2023
өлшемі116,54 Kb.
#99168
түріОтчет
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен, Әбдеш Байгелді Талғатұлы, 23.01.2023ж.-09.02.2023ж аралығында ҚМУ «ҚДСЖМ» педагогикалық практикадан өттім.

«Сабақ беріп көру» практикасына байланысты 1 курс студенттерінің дайындық жұмыстары жүргізілді. Бір апта бұрын бөлінген топтар бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жоспарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік папка жасақталды. Студенттермен бірге оқу жоспарларын қарастыру барысында ортақ тақырыптардың және тілдік мақсаттардың маңызы талқыланды. Сонымен қатар,


- белсенді оқытудың артықшылықтары мен қиындықтары қандай?,


- оқудағы кедергілерді қалай жоюға болады?,


- оқудың қандай белгісіне қарап оны белсенді оқу деп айта аламыз?,


- белсенді білімгерлермен жұмыс жасау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады?, т.б. сұрақтар аясында студенттермен әңгімелесу жүргізілді.


Критериалды бағалау қағидаттарын және критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын және интернеттегі материалдарды http://www.cpm.kz, http://www.nao.kz, http://smk.edu.kz порталдарына тіркелу арқылы ұсынылған оқу – әдістемелік материалдарын қарастыру барысында танысты.


Практика 3 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары жүргізілді. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырдым. Оқу кабинеттері құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Магистранттардың өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.


Екінші аптадан бастап пәндер бойынша сабақ беруге кірістім. Төменде көрсетілген пән бойынша:


- «Жалпы хирургия», «Хирургиялық аурулар» циклы бойынша 15 сағаттан;


- бірден кем емес оқудан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткіздім.


Сабақтарды белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың төмендегідей әдіс – тәсілдерін қолдандым.


- білімгерлердің ойын әрекетін, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;


- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, коммуникативтік дағдыларын дамыту;


- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білімгерлерді ынталандыра және дамыта оқыту;


- білімгерлердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;


- бірін-бірі оқыту;


- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін клиникалық есептерді шығаруға көмектесу;


- хирургияның практикада қолданылуын пайдалана отырып білімгерлердің іс-әрекетін ұйымдастыру;


- тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;


- клиникалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;


- тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша);


- білімгерлерді өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).


Практика кезінде білімгерлердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, оқытушылардың ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ізденімпаздықтары т.б.


Практиканың соңғы күні педкеңес өткізіліп, білімгерлер жұмысына пікір айтылып, баға берілді.



Педагогикалық практика өту туралы сын-пікір

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д., профессор Камалиев М.А.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет