Қозғалысты сипаттайтын негізгі теориялар мен заңдар
Шредингер теңдеуі
Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы
Ньютонның қозғалыс заңдары
Дәріс №10. Салыстырмалылықтың арнайы теориясын оқытудың жалпы әдістемесі Жоспар: 1.Салыстырмалылықтың арнайы теориясын оқытудағы проблемалық мәселелер 2. Сақталу заңдарын оқыту. 3. Механика бөлімін оқытудағы методологиялық мәселелер Жалпы физика курсының қай жерінде осы теориямен студенттерді таныстыру методистер арасында көптеген пікірталастар туғызып жүр. Әрине нүктелер жүйесінің кинематикасы туралы жалпыланған көзқарастар салыстырмалылық теориясын баяндауда анық көрніс табады. Дегенмен кейбір методистердің айтуынша 1 курс студенттері механиканы релятивистік теория тұрғысында бастау студенттерге қиындық туғызады. Соның нәтижесінде студенттер тек Лоренц түрлендірулерінің тек формуласын жаттап алады. Салыстырмалылық теориясын оқытуда түрлендірулердің физикалық мағынасын ашуға негізделген есептерді көбірек шығарту керек.
Ньютонның І-ші заңын қарастырғанда жалпылама физикалық заңдарды қалыптастыруда эмперикалық базистің рөлі туралы айта кету керек. Себебі физикалық заңдылық құбылыста арасындағы байланыс пен тәуелділіктердің сипаты болып табылады. Күш ұғымын ендіруде инерция заңының ашылу тарихына тоқтала отырып, Ньютонға дейін Аристотельдің концепциясы үстемдік еткендігін айту керек. Аристотельдің концепциясы бойынша: «кез-келген қозғалыстың «күш» деп аталатын себебі болады».
Әсерлесу өріс арқылы жүзеге асатын зарядталған денелер мен планеталардың және т.б. өзара әсерлесулерді түсіндірген кезде салыстырмалылық теориясы бұл мәселелерді шеше алмайтынын және бұл жерде алыстан және жақыннан әсер етудің маңызды екенін баса айту керек.
Методологиялық көзқарастар тұрғысынан алғанда сақталу заңдары да өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен бірге жүйенің уақыттық және кеңістіктік сипаттамаларының түрленуіне қатысты қозғалыс заңдарының инварианттылық қасиетімен байланысын ашып көрсеткен өте тиімді. Себебі, сақталу заңының инварианттылығының қазіргі заманғы физиканың зерттеу саласындағы маңызы ерекше.
Релятивистік механикадан классикалық механикаға өту кезінде релятивистік механика классикалық механиканы жоққа шығармайды. Себебі, онда қозғалыстың әр түрлі шарттары қарастырылады және оның өзгеруі саннан сапаға өтуді көрстетеді. Ең маңыздысы салыстырмалылық теориясының релятивизмі біздің табиғат заңдары туралы объектиті емес талдаулар туралы мен көзқарастарымызбен еш байланысы жоқ.
Механика бөлімін оқытудың методологиялық мәселелері.Кіріспе сабақта физиканың ғылым саласы екенін айта отырып, оның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны мен философиямен байланысын ерекше атап өткен жөн. Физикалық зерттеу әдістері мен тәсілдерін: гипотеза, эксперимент, теория, физикадағы модель мен абстракцияның рөлін сипаттау керек. Материяның әзірше бізге белгілі екі түрі туралы (өріс пен зат) түсінік беру маңызды.