Физианы оқыту әдістемесі қалыптасу мен дамуы барысында басқа ғылымдармен тығыз байланыста, әсіресе философиямен тығыз байланыста дамыды. Студенттерде шын мәнісіндегі табиғат туралы сапалы ғылыми білімді қалыптастыру осы ғылымдардың өзара байланысының арқасында жүзеге асырылуда.
Басқа ғылымдардың да ғылымдағы қол жеткізген жетістіктеріне сүйене отырып, физиканы оқыту саласындағы теориялық және практикалық мәселелерін ұтымды шешуде. Осы айтылғандардың ішінде студенттердің ойлау қабілетін дамыту да жатады.
Айтылып өткендей пәнді (физиканы) оқыту тікелей сол оқытылатын пәннің мәнімен (физика ғылымына) байланысты. Физиканы оқытудың мақсаты заманауи базалық білімді тек пәннің ішкі мазмұны мен құрылымын ғана емес, сонымен қатар оқу процесін жетілдіруге де қолдану. Физиканы оқытуда педагогикамен тығыз байланыста. Педагогикадағы әр түрлі дидактикалық принциптерді шығармашылықпен пайдалана отырып, оны жүзеге асырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін жасап оны физиканы оқыту мен тәрбие процесінде қолдануға болады.
Теория практикамен тексеріледі. Физиканы оқытудан жинақталған тәжірибелер, яғни әдістеме педагогиканы өзінің педагогикалық практикалық мәліметтерімен толықтырып, байыта отырып, оның ары қарай дамуына септігін тигізеді.
Оқу тәрбие процесіндегі мәселелерді шешуде физиканы оқыту әдістемесі студенттердің ақыл-ой іс-әрекетінің заңдылықтары мен олардың психологиялық қасиеттеріне (качество), моральдық стимульдарына сүйенеді және бұған қол жеткізуде оқытудағы психологияның жетістіктерін кеңінен қолданады.
Бұл мақсатта
- И.П.Павловтың шартты рефлекстер мен оның оқыту процесінің физиологиялық негізі ретінде қалыптасуының заңдылықтары қолданылды;
-И.М.Сеченовтың білімді меңгеру процесін бөгденің тәжірибесін өз жұмысының нәтижесімен біріктіру процесі ретінде қарастырады.