Мүгедектік
Бұл бөлімде тестіленушіде мүгедектіктің болуы жөнінде ақпарат көрсетіледі (19-
сурет). Мүгедектік болған жағдайда көмекші қажеттігі жөнінде көрсету керек, сонымен
қатар мүгедектігі туралы анықтаманы және кешенді тестілеу барысына көмекші сұрау
бойынша ҰТО директорының атына жазылған өтінішті жүктеу қажет. Өтініштің үлгісін
алу үшін «Өтініш үлгісі» батырмасына басу қажет.
19-сурет-«Өтініш» парақшасы. «Мүгедектік» бөлімі
Барлық өрістер толтырылғаннан кейін Магистратураға түсу кешенді тестілеуін және
докторантураға түсу емтиханын өткізу туралы ережемен келісетіндігін растап, ұяшыққа
белгі қою қажет.
Тестілеу ережесімен келіскен соң «Өтініш беру» батырмасын басу қажет. Осы
кезеңде төлем жасау парақшасы ашылады.
Төлем жасау
Тестілеу үшін төлемді екі жолмен жасауға болады:
1)
Kaspi қосымшасы арқылы;
2)
Онлайн-төлем.
Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасау
Осы жолмен төлем жасау үшін тиісті батырмаға басу арқылы тапсырыс нөмірін
қалыптастырып, телефондағы Kaspi қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу қажет
немесе келесі іс-әрекеттерді жасау керек (20-сурет):
1)
Kaspi қосымшасын ашу;
2)
«Төлемдер» бөліміне кіру;
3)
«Білім» санатын таңдау;
4)
«Ұлттық тестілеу орталығын» таңдау;
5)
Тапсырыс нөмірін енгізу және төлем жасау;
6)
Төлем жасаған соң «Жаңарту» батырмасын басу.
20-сурет-«Төлем жасау жолы» парақшасы. Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасау
Онлайн-төлем
Осы жолмен төлем жасау үшін:
1)
«Төлем жасау» батырмасын басу (21-1-сурет);
2)
Ашылған парақшада банк картасының мәліметтерін енгізіп, төлем жасау (21-2-
сурет);
3)
Төлем жасаған соң «Жаңарту» батырмасын басу.
21-1-сурет-«Төлем жасау жолы» парақшасы. Онлайн-төлем
21-2-сурет-«Төлем жасау жолы» парақшасы. Онлайн-төлем
Достарыңызбен бөлісу: |