Магистрлік диссертацияны дайындау және қОРҒау бойынша әдістемелік ұсыныстар нормативтік сілтемелер


 Магистрлік диссертацияның тақырыбы мен мазмұнына



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата20.09.2022
өлшемі0,67 Mb.
#39537
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МД бойынша әдістемелік ұсыныстар

 
3. Магистрлік диссертацияның тақырыбы мен мазмұнына 
қойылатын талаптар 
3.1 
Магистрлік диссертацияның тақырыбы бітірушінің кафедра 
отырысында, факультеттің, университеттің Ғылыми кеңесінде талқыланады 
және оқудың алғашқы екі айы ішінде университет бойынша бұйрықпен 
бекітіледі. Осы уақытта магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-
зерттеу жұмысы мен магистрлік академиялық дәрежесін алуду орындауды 
қадағалайтын ғылыми жетекшісі тағайындалады. Магистрлік диссертацияны 
орындау әр түрлі мамандықтармен қатар келген жағдайда қосымша ғылыми 
жетекші және ғылыми кеңесшілер тағайындауға мүмкіндік беріледі. 
3.2 Магистрлік диссертациялар тақырыптарының тізбесін кафедра 
кафедраның, ЖОО – ның ғылыми мектептерінің (кафедраның, ЖОО-ның зерттеу 
бағыттары), сондай-ақ кафедрада, ЖОО-да өткізілетін ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының (ҒЗЖ) тақырыптарын ескере отырып, конкурстардың 
қорытындысына сәйкес орындалатын ЖОО ішіндегі ҒЗЖ мен ҒЗЖ, сондай-ақ 
магистранттың ғылыми және/немесе практикалық мүдделеріне сәйкес 
құрылады. Бұл тақырыптар тізімі жыл сайын кем дегенде 30% - ға жаңартылуы 
тиіс. 


3.3 Магистрантқа магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау құқығы 
беріледі немесе ол өз тақырыбын әзірлеудің мақсаттылығын қажетті негіздеумен 
ұсына алады. 
3.4 Магистрлік диссертациямен жұмыс магистранттың жеке жоспарына 
сәйкес жүргізіледі. Жеке жоспар магистратурада мамандануын, мазмұнын, 
көлемін, оқу мерзімін және оны аттестаттау нысанын анықтайтын негізгі 
басшылық құжат болып табылады. Онда магистрлік зерттеу тақырыбы 
тұжырымдалады. 
3.5 Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдаған кезде келесі 
ережелерді басшылыққа алу керек: 
 тақырыптың өзектілігі мен ғылымның, техника мен технологияның қазіргі 
жағдайы мен даму перспективаларына сәйкестігін ескеру; 
 әдебиетте оның әзірлену және жарық беру дәрежесін ескеру; 
 диссертациялық жұмыс барысында эксперименталды мәліметтер алу 
мүмкіндігіне негізделу; 
 жұмыс орындалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделері мен 
қажеттіліктерін басшылыққа алу. 
3.6 Магистрлік диссертацияның тақырыбы магистранттың өтініші 
бойынша, себебін көрсете отырып, ғылыми жетекшінің және кафедра 
меңгерушісінің рұқсат беруімен өзгертілуі мүмкін.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзгеруі кафедра, факультеттің 
Ғылыми кеңесі отырыстарында қаралады және ректордың бұйрығымен 
ресімделеді. 
3.7 Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағыттағы білім 
алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары: 
 диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі мәселелеріне сай болуы; 
 өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының 
болуы; 
 
ғылым мен тәжірибенің қазіргі заманғы теориялық және 
технологиялық жетістіктеріне негізделген болуы; 
 
зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып жүзеге 
асырылуы; 
 
негізгі қорғау ережелері бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік және 
практикалық) бөлімдерді қамтуы; 
 
білім саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенуі керек. 
3.8 
Магистратураның 
бейіндік 
бағыттағы 
білім 
алушылардың 
Эксперименталды-зерттеу жұмысы: 
 
қорғалатын диссертациясының мамандығының негізгі проблемаларына 
сай келуі; 
 
ғылым, техника, өндірістің соңғы жетістіктеріне
негізделген 
және 
нақты практикалық ұсыныстар, тәуелсіз 
шешім және басқа да әкімшілік міндеттерді қамтуы; 
 
алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы 


жүзеге асуы; 
 
негізгі 
қорғау 
ережелері 
бойынша 
эксперименталды-зерттеу 
(әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы керек. 
3.9 
Ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысын орындау және 
магистрлік диссертация жұмысын дайындау бітірушінің келесі негізгі 
құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс: 
 
ақпаратты табу, өңдеу және кәсіби мақсаттарда пайдалана білу; 
 
жоғары мамандандырылған теориялық білімдері мен ғылыми-зерттеу 
және кәсіби міндеттерді шешуге негіз болатын практикалық дағдылардың 
болуы; 
 
эмпирикалық (зерттеу) материалды өңдеу әдіснамасы мен әдістерін білу 
және оларды ғылыми-практикалық қызметте пайдалана білу; 
 
кәсіби, соның ішінде пәнаралық сипаттағы білімді сын тұрғысынан 
ойлау және қолдана білу
;
 
әр түрлі салалардан білімді интеграциялауда жаңа білім мен әдістерді 
құру мақсатында ғылыми зерттеулер және/немесе инновациялар үшін қажетті 
мәселелерді шешудің мамандандырылған дағдыларына ие болу 
 коммуникативтік қабілеттерге ие болу, өз ойын қисынды және дәлелді 
түрде баяндау, командада жұмыс істей білу, кәсіби білім мен кәсіби қызметке 
қосқан үлесі үшін жауапкершілікті қабылдай білу; 
 таңдап алған мамандану саласындағы нақты проблеманы шешу қабілетіне 
ие болу; 
 
Күрделі және күтпеген және жаңа стратегиялық тәсілдерді талап ететін 
кәсіби жағдайларды басқару және түрлендіруге қабілетті болуы. 
3.10 
Магистрлік диссертация келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: 
 жұмыста зерттеулер жүргізілуі немесе ғылымның осы саладағы өзекті 
мәселелері шешілуі керек; 
 жұмыс маңызды ғылыми міндеттерді анықтау және оларды шешуге 
негізделуі қажет; 
 шешімдер ғылыми негізделген және сенімді, ішкі бірлігі бар болуы тиіс; 
 диссертациялық жұмыс жеке жазылуы керек. 
3.11 Магистрлік диссертация мазмұны жаңа факторлар, құбылыстар, 
заңдар, немесе басқа да бұрыннан белгілі ғылыми позициялар немесе жаңа 
аспектілердегі ережелерді қорытуды қоса алғанда, түбегейлі жаңа материал 
болып табылады. 
3.12 Магистрлік диссертация мазмұны ғылыми зерттеулер алғышарттарын, 
оның барысы мен нәтижелерін көрсетеді. Диссертацияның мазмұнында 
таңдалған тұжырымдамасын пайдасына салмақты дәлелдер ұсынылуы тиіс. Оған 
қайшы келетін көзқарастар жан-жақты талдауға және сыни бағалау жүргізілуі 
керек. Талқылау және полемиялық материалдар диссертацияның элементтері 
болып табылады. 
3.13 Магистрлік диссертацияның мазмұнында келесі ережелер қамтылуы 
тиіс: 


 
зерттеу тақырыбының өзектілігін, теориялық және практикалық 
маңыздылығын негіздеу; 
 
ғылыми-зерттеу бағытына сәйкес мәселенің жағдайын талдау; 
 
зерттеудің мақсаттары мен нақты міндеттерін қою; 
 
зерттеу объектісі мен пәнін анықтау; 
 
зерттеу әдіснамасы және әдістерін таңдау; 
 
зерттеу кезеңдері мен үрдісінің сипаттамасы; 
 
қорытындыларды тұжырымдау мен алынған нәтижелерін бағалау; 
 
алынған нәтижелердің негізділігі, сенімділігі және ғылыми жаңалығын 
анықтау. 
3.14 Қорғауға 
ұсынылған 
магистрлік 
диссертация 
нәтижелері 
жариялануы тиіс. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кемінде бір 
жарияланымда 
және/немесе 
ғылыми-практикалық 
конференцияда 
бір 
баяндамада ұсынылуы тиіс. Жарияланымдарға предпатенттер (патенттер), 
баяндамалар, халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялардың 
тезистері, аналитикалық шолулар теңестіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет