Магистрлік диссертацияны дайындау және қОРҒау бойынша әдістемелік ұсыныстар нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата20.09.2022
өлшемі0,67 Mb.
#39537
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6


Жоба 
 
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ БОЙЫНША 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
 
1. Нормативтік сілтемелер 
1.1 Магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау бойынша осы 
Әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныстар) келесі құжаттарға 
сәйкес әзірленді: 
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім 
туралы» Заңы (22.12.2016 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 
қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты (13.05.2016 ж. берілген өзгерістер мен 
толықтырулармен); 
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 
сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша 
оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (28.01.2016 ж. өзгертулер және 
толықтырулармен); 
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 
қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім 
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды 
аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (16.11.2016 ж. берілген өзгерістер мен 
толықтырулармен);
- Мемлекетаралық стандарттар: МЕМСТ 7.32-2001 (2006 жылғы 
өзгерістермен). Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы мен ресімдеу 
ережелері;
- МЕМСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. 
Жалпы талаптар және құрастыру ережелері. 
2. Жалпы ережелер 
2.1 
Әдістемелік ұсыныстар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінде (бұдан әрі мәтін бойынша университет) магистратураның 
кәсіптік оқу бағдарламаларын білім алушылар орындайтын диссертациялардың 
құрылымына, мазмұнына және ресімделуіне қойылатын міндетті талаптарды 
анықтайды. 
2.2 Магистрлік диссертация – магистранттың өз бетінше зерттеу 
нәтижелерін жинақтап, ішкі бірлігі бар және таңдалған тақырыпты әзірлеу 
барысы мен нәтижелерін көрсететін ғылым саласының нақты мамандығының 
өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын қорытынды біліктілік ғылыми 
жұмысы. 


2.3 Магистрлік диссертация – бүкіл оқу кезеңінде жүргізілген 
магистранттың ғылыми-зерттеу / Эксперименталды-зерттеу жұмысының 
қорытындысы. 
Магистрлік 
диссертацияны 
қорғау 
магистранттың 
дайындығының қорытынды кезеңі болып табылады. 
2.4 Магистрлік диссертацияның мақсаты - магистранттың ғылыми / зерттеу 
біліктілігінің деңгейін көрсету, ғылыми іздестіруді өз бетінше жүргізе білу, 
ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу, жобалық жұмыстарды орындау, нақты 
материалдарды жүйелеу, жинақтау, сонымен қатар жүргізілген зерттеулердің 
нәтижелері бойынша қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды өз бетінше 
негіздеу. 
2.5 Магистрлік диссертация бітірушіге тиісті мамандық бойынша магистр 
академиялық дәрежесін беруге негіз болып табылады. Жұмыстың нәтижелері 
автордың таңдаған кәсіби қызмет саласында тиісті құзыреттерінің бар екендігін 
куәландыруға тиіс. 
2.6 Магистрлік диссертациялар қорғалуға ұсынғанға дейiн алдын ала 
қорғау және бітірушінің кафедрасынан плагиаттық тексеруден өту керек. 
Диссертациялық жұмыста әдейі жасалған плагиат дәлелдемелері анықталған 
жағдайда, үміткер диссертация қорғауға жіберілмейді және белгіленген 
тәртіппен университеттен шығарылады. 
2.7 Магистрлік диссертацияларды қорғау тәртібі ҚР БҒМ-нің нормативтік 
құжаттарымен және университеттің «Магистратура және докторантурадағы 
қорытынды аттестаттау туралы Ережесімен» анықталады. Қорғалған магистрлік 
диссертациялар белгіленген тәртіп бойынша университет мұрағатына беріледі 
және сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет