Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

Бірінші хат
Ата, білесің бе? Әттең, білмейсің ғой. Ұядағы 
ұяң мінезімнен аттап басып өте алмай, оған қоса, 
жарық дүниеде өткізген соңғы күндеріңдегі күй-
зелген көңіліңді қимай, осы бір сырды айтпадым 
ғой өзіңе. Енді келіп айтсам деймін... Енді қайтіп 
жеткізсем екен, ә?.. Айтуға әлі де ұяламын. 
Мейлі, ата... Міне, сенсіз өткен үшінші ай да аяқ-
талып қалды. Дала көктемнің шуағына малынып, 
жасарып, жайнап тұр. Атам-ау, көктемді ерекше 
күтетін едің ғой. Осы жолы неге күтпедің? Қазір 
осы сөзіме: «Әй, Қарлығаш, Құдайдың ісіне қар-
сы шықпағың» деп жауап берер едің. Ол күмәнсіз 
нәрсе.
Құдайды ерекше құрметтеп, ерекше жақсы кө-
руші едің. Сүйіктіңе қайтыпсың ғой, ата-ау. Сен 
кеткелі әлі де жабырқаумыз. Есімізді жисақ та, 
ісімізді тиянақтай алмай жүрміз. Өз басым өзіңді 
ойлай беремін. Қайда жүр екенсің? Жаның жай-
ланып, құлағың тыншыды ма екен, мынау фәни 
өмірдің ың-шыңынан?.. 
Ата, мен енді өзіңді құшақтай алмаймын, са-
ған еркелей де алмаймын. Сен тек жүрегімдесің 
және дұғамдасың… 
Біздегі тірлік-тіршіліктің барлығы жақсы. 
«Сұлу келіншегің» – әжем де аман-есен. Немере-
лерің де оқуда. Ата-анам жұмыстарына кірісіп 
кетті. Өзіңіз айтқандай, «Тірі адам тіршілігін іс-
тейдімен» ертелі-кеш шапқыласып жүр. Менің 


117
оқуым өз ырғағымен өтіп жатыр. Қосымша курс-
тарға баруды тоқтаттым, соны қайта қолға алға-
ным дұрыс-ау. Көбінде жаңа кітаптарға қызығып, 
тағы да өзің айтқандай, жапон әдебиетін көбірек 
оқып жүрмін. 
Ата, айтайын дегенім… Мен әлгі түсімдегі аза-
матты өңімде кездестірдім. Иә, ата, солай. Құдай-
дың құдіреті ғой. Өзің: «Алтыным, бұл тылсым-
ның да сыры ашылады» деп, мені сабырға шақы-
рушы-ең. Міне, айтқаның дәл келді. Ата, осыдан 
екі жыл бұрын, он тоғызыншы жылдың қысында 
ояна сала жаныңа жүгіре келіп, терлеп-тепшіп
дірілдеген қалпыммен: «Ата, қызық түс көрдім» 
дегенім есіңде ме? Әлгі ақ жаулықты ананың 
маған ағарған дәм ұсынғаны... Есіңде болса, сол 
түсімдегі нұрлы жүзді ана – Қасымханның ана-
сы екен. Ал жаңағы азаматтың есімі – Қасымхан! 
«Азамат» деп нық айтқаныма ренжіме. Оны бас-
қаша атай алмаспын. Себебі менің көзіме нағыз 
азамат ретінде көрінді. Оны өткенде құрбым 
Бибімен Елордаға барған сапарда кездестірдім. 
Екеуміздің жолымыз қапияда тоғысып, құдды 
бір Корей халқының романтикаға толы кино-
ларындағыдай бір-бірімізбен иық қағыстырып, 
көз түйістіре қарап қалыстық. Содан кейін де 
бір-бірімізден кешірім сұрасып, өз жайымызбен 
кете бардық. Мен – оңға, ол солға қарай… Ата, сол 
сәттегі жай-күйімді түсіндіре алмаспын. Қаттым 
да қалдым. Орнымнан тапжылмадым. Ал жарыс 
үстінде, залдағы алдыңғы қатардың бірінен ана-
сын көргенімде, тіптен есімді жоғалттым. Рас, 


118
ата, түсіме жиі енетін адамдар осылар екен. Қы-
зық, иә? Өзің айтпақшы, «естімеген елде көп»… 
Бұл жайлы жақындарыма айтқым келсе де, бат-
паймын. Мен үшін бұл оқиға ғажайып мұғжиза 
болғанымен, басқалар үшін жай ғана сәйкестік, 
тіпті ақынжанды қыздың ойлап тапқан қиялы 
ғана. 
Ата, осы оқиғадан соң бірнеше ай өтті. Өзіңнен 
айырған қатал күнге дейін менің жүрегім шексіз 
бақыттан тұншыға жаздады. Ауылға келгенімде 
өзіңе айтпағаным үшін ренжіме… Мүмкін, мен 
махаббаттан хабары жоқ үрімдей жас қыз шы-
ғармын әлі. Бірақ бейтаныс жанды өзіме белгісіз 
сезіммен сүйетінім, әрі оны сүйіктім деп кө-
ретінім рас. Тіпті оның анасын өзінен артық сү-
йетіндеймін. Ол кісіні де түсімде бір, өңімде бір 
көрсем де, кеудемде ерекше жылулық орнап үл-
герді. Өзім ойлаймын, жүрегіңде ерекше орны 
бар азаматқа дүние жарығын сыйлаған ананы 
сүймесең, сыйламасаң, мұның несі махаббат? 
Ол кісіні де ерекше ықыласпен жақсы көретінім 
осыдан шығар, ата… 
Ата, сен үнемі сүйгенінің ата-анасына, елі-
не, жеріне асқан ықылас танытып, құрмет жа-
саған аналарымыз жайлы жиі айтушы-ең. 
Төле би бабамыздың келіні – Данагүл жөнінде,
Бәйдібек бабамыздың келіні – Жұпар ана жай-
лы да айтқандарың есімде. Егер де мен айтсам, 
бүгінгі біздің әжеміздің, анамыздың, жеңге-
леріміздің өзі қандай үлгі…


119
Оттай сезімге оранған ендігі тағдырым бір Ал-
ланың қолында, ата. «Өмірде қандай жағдай бол-
масын, Аллаға сүйен» деп айтқан ақылыңды са-
на-түйсігімде ұялатып, бір Құдайды ғана сүйеніш 
етіп келемін. 
Жатқан жерің жайлы болсын... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет