Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі4,17 Mb.
#11598
  1   2
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар



МАХАББАТ

 ҚЫЗЫҚ МОЛ

ЖЫЛДАР

ӘЗІЛХАН


 НҰРШАЙЫҚОВ



П Р О Л О Г

  О Р Н Ы Н А

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау, құрғырлар.

— АБАЙ

Әңгіме  сүйіспеншілік  жайына  ауысты.  Қазіргі  әдебиетте



махаббат туралы қалай жазу керектігі сѳз болды.

Тургенев былай деген екен, - деді әдебиет зерттеуші, -



«

Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге

болады: ѳзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп

қалады;  ал  еменнің  жапырағы  қыста  да  бүлк  етпейді,  тек

келесі  кѳктемде  -  бұтақтарында  жаңа,  жас  бүршіктер

қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге

құлайды.  Мықты  жүректі  мекендеген  ескі  махаббат  та

осыған  ұқсайды  -  ѳшсе  де  орын  бермей,  қоламталанып




жатып  алады;  оны  жалынды  жаңа  махаббат  қана

тықсырып шыға алады».

Ал,  белгілі  жазушы  Пришвин  ѳз  күнделіктерінің



бірінде  былай  деп  жазыпты,  -  деді  жазушы,  -  «Бүгінгі

күннің  тақырыбы  -  жеке  адамға  арналған  махаббатты

кѳпке  деген  сүйіспеншілікпен  ұластыра  білу,  екінші

сѳзбен  айтқанда:  жеке  адамды  жақсы  кѳре  тұрып,  кѳпті

сүйе  білудің  жолын  табу».  Ѳте  дұрыс  айтылған.  Бірақ

осыны қалай кѳр-сетуге болады?

Оны білмеймін, - деді журналист. - Мен сіздерге тек



қана ѳз махаббатымның тарихын айтып берейін.

Айтыңыз, тілеуіңізді берсін.



Ал, тыңдаңыздар онда.




– 

М

ен  оларды  жақсы  кѳрдім.  Бірақ  олар  маған



қарамады,  -  деп  бастады  Ербол  әңгімесін.  -

Жалғыз  қыз  ғана  жанымды  ұқты,  тек  соны  айтайын  мен

сізге. Сонымен, мен 1945 жылдын он тѳртінші ноябрі күні

осы  әсем  астана  Алматыдағы  Қазақ  университетінің

студенті  боп  қабылдандым.  Тарих-филология  факуль‐

тетінің  деканы,  батыр  тұлғалы,  кесек  пішінді,  жалпақ

бетті,  қысық  кѳздеу  келген  орта  жас  мѳлшеріндегі

сабырлы кісі документтерімді байыппен қарап шықты да,

бұрын  пединституттың  бірінші  курсын  бітіргендіктен,

бірден  екінші  курсқа  алынатынымды  айтты.  Мен  содан

бір  сағат  қана  бұрын,  астананың  Совет  кѳшесіндегі

университет үйінің баспалдағына табанымды тіреп, жаңа

ғана үзіліске шығып, дәлізді кернеп тұрған студенттердің

арасынан ѳтіп, үйдің екінші қабатына кѳтерілгенде Алата‐

удың  асқар  шыңына  шыққандай  болып  едім.  Шыңнан

шыңырауға қарағандағыдай басым айналыңқырап, буын-

буыным  дірілдей  түскенін  де  аңғарғанмын.  Енді  міне,

декан  екінші  курсқа  қабылдандың  дегенде  ѳзім  екі

аяғыммен  нық  басып  тұрған  деканаттың  едені  жылжып,

қозғала  жѳнелген  сияқтанды.  Мен  деканат  бѳлмесінде

емес,  Алатаудың  шың-құздарының  үстінде,  дүниенің

тѳбесінде қалықтап ұшып бара жатқандай күй кештім.

Декан  алдында,  стол  үстіндегі  шыны  астында  жатқан

сабақ кестесіне қарап отырды да:

— 

Сіздің  курс  қазір  осы  дәліздегі  33-аудиторияға



жиналады.  Бес  минуттан  кейін  сабақ  басталады.  Ѳзіңізді

студентпін  деп  есептеп,  курсыңызға  барып  отыра

беруіңізге болады, - деді.

Мен  деканға  рақмет  айтып,  бас  идім  де,  есікке  қарай

бұрылдым.

Дәлізді қуалай жүріп келемін. Ұмытып қалмайын деп

қайта-қайта  ішімнен:  «Отыз  үшінші  аудитория...  отыз

1



үшінші  аудитория...»  деп  күбірлеп  келемін.  Міне,

сыртында «31» деген жазуы бар есік тұр. Есігінің аңқайып,

ашық қалғанына қарағанда аудитория бос тұрған тәрізді.

Ѳзімді  толық  праволы  студент  деп  сезінгендіктен  бе,

білмеймін,  кенет  оның  ішін  кѳргім  келіп  кетті.  Бас

сұқтым.  Аудитория  іші  ат  шаптырым  дерлік  кең  екен.

Еденнің  оң  жағы  сахна  тәріздендіріліп  қойыпты.  Оның

тѳрінде  -  қабырғада  қара  тақта  ілулі  тұр.  Сол  жақта

жыпырлаған  биік  парталар.  «Әлде  бұл  клуб  па  екен?  »

деп ойладым одан шыға беріп. «Отыз үшінші аудитория...

отыз  үшінші  аудитория...»  деп  күбірлеп,  тағы  ілгері

аяңдадым.

Келесі  есіктегі  «32»  деген  жазуға  кѳзім  түсе  беріп  еді,

сол-ақ  екен  ол  шалқасынан  ашылып  кеп  кетті.  Кітап

қолтықтаған  бірнеше  студент  шығып  келе  жатты.  Мен

солардың  арасынан  есікке  және  кѳз  салдым.  Сол  жақта

алдарындағы  кітап,  қағаздарына  үңіліп,  бұқшия  тѳмен

қарап  отырған  кѳп  студент  кѳрінді.  Оң  жақта,  сѳреде

қатар-қатар  тізіліп  тұрған  кітап-тардың  алтын  жазулы

түптері  кѳзге  шалынды.  Үстіне  кѳк  халат  киген  татар

ѳңдес  жас  келіншек  қашаның  қасында  тұрған  біреуге

кітап  ұсынып  жатыр.  Бұл  немене,  кітапхана  ма  ѳзі?»  деп

ойлап, мен аяғымның ұшымен кѳтеріліп, мойнымды соза

бергенде  іштен  шыққан  соңғы  студент  есікті  серпіп

жіберді.  Менің  жорамалым  шынында  да  дұрыс  екен.  Екі

жармалы  есіктің  жабылған  белігінің  сыртына  бадырайта

«

Кітапхана» деп жазып, оның бетін шынылап қойыпты.



Сонымен,  не  керек,  отыз  үшінші  аудиторияны

таптым-ау  жағалап  келіп.  Ендігі  барлық  бақытым,  кѳрер

қызық,  кешер  қуанышым  отыз  үш  деген  екі  сѳзге  тірел‐

гендей  болып,  есіктің  жоғарғы  жағына  жазылған  екі

цифрға  ентелей  қарап,  күлімдеп  тұрмын.  Бойым  жетсе,

қолымды  созып,  ѳзім  үшін  ѳзгеше  ғажап  бұл  цифрды

2



сипағым  да  келетін  сияқгы.  Ѳйткені  мен  тѳрт  жыл  бойы

Жеңісті  арман  еттім.  9  майда  батыста  неміс  фашистері

тізе  бүкті,  3  сентябрьде  шығыста  жапон  империалистері

жеңіліп,  қол  кѳтерді.  Отан  үстінде  жеңіс  туы  желбіреді.

Қаһарлы  қыс  ѳтіп,  халық  аңсаған  жазғытұры  жеткенде

жер бетіне қаулап бір кѳк шықпайтын ба еді. Сол сияқты

боп,  соғыс  біткеннен  кейін  жұрт  жүрегін  жаңа  арман

кернеді.  Ана  ұлын,  әке  баласын,  жігіт  жарын,  қыз

ғашығын  кѳксеп,  тезірек  қауышуды  тіледі.  Кѳгеннен

ағытылған  қозыдай  жамырап,  батыс  пен  шығыстан  елдің

түкпіріне  қарай  тірі  қалған  солдаттар  ағылды.  Жолда

кездескен жыпырлаған село, кѳп қаланың біріне тоқтама‐

стан әркім ѳз ауылына, ѳз үйіне жетуге ынтықты, ѳз ұясын

кѳруге  асықты.  «Менің  ұям  сенсің  -  университет,  сенсің  -

отыз  үшінші  аудитория!  Сенен  басқа  менің  ешкімім

жоқ!»  деп  іштей  тебірене  есіктін  тұтқасына  қол

создым мен.

Солдаттын  ауыр  салмақты  керзі  етігімен  еденді  тарс-

тұрс  басып,  есіктен  кірдім.  Менің  бұл  кірісім  аудитори‐

ядағыларға  асфальт  кѳшеде  тағалы  ат  келе  жатқандай

әсер  еткен  болуы  керек.  Олай  дейтінім,  парталарына

жайғасып,  алдарындағы  қағаздарына  үңіліп  отырған

студенттердің бәрі бастарын кѳтерісіп, күнге қарай бұры‐

лған күнбағысқа ұқсап, мойындарын соза маған тесірейді.

Мен  де  оларға  қарадым.  Қарасам,  алдымда  қаптап

отырған  қыз  екен.  Соғысқа  дейін  бір  қыз  бетіме  тіке

қараса,  бәшірем  кететін  мен  байғұс  аудиториядағы  отыз

қыздың алпыс кѳзі ѳзіме қадалғанда қалай шыдап тұрға‐

нымды  білмеймін...  Түнде,  майдан  шебіне  жау  самолеті

келіп  қалғанда  прожекторлардың  қараңғы  аспанды

қатарласа  тілгілеп,  жерден  жарқ  етіп  кѳтерілгендей

найзағай сәулелерінің бірі алыста жүйткіп бара жатқан ақ

ноқатты  шалатын.  Самолетнокат  прожектор  сәулесінен

3



тез  сытылып  кету  үшін  жанталаса  сасқалақтап,  олай  бір,

бұлай бір бұлтаратын. Бірақ қанша қашқанымен, қараңғы

аспанның  қабатына  кіріп,  жасырынып  қалуға  мұршасын

келтірмей,  барлық  прожекторлардың  сәулесі  лезде  тұс-

тұстан  шаншылып,  қадалып  қалатын.  Сол  кезде  жерден

атылған  зенитка  оқтары  шѳкім-шѳкім  ақ  бұлт  болып,

бұрқ-бұрқ  етіп,  жау  самолетінің  жанынан  жарыла

бастайтын...  Мен  де  сол  сансыз  прожектордың  сәулесіне

шаншылған  самолеттей  күйге  түстім.  Сасқанымнан

командирдің  алдына  келген  солдаттай  болып,  екі

қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тік тұра қалдым да :

— 

Сәлеметсіздер ме, жолдастар! - дедім.



Гүл  бақшасында  болып  па  едіңіз?  Гүл  ашылған

ғажайып  сәтті  кѳріп  пе  едіңіз?  Бақшаның  жер  нәрі,  күн

нұрына  қанып,  толысқан  ақ,  қызыл,  қызғылт,  сарыкѳк

гүлдері  біртіндеп,  бірімен-бірі  жарыса  ашыла  бастағанда

жаныңызды  ләззат  кернеп,  ѳз-ѳзіңізден  ѳзгеше  бір

рақатқа  кенелмейтін  бе  едіңіз.  Сол  гүлдердің  торғыннан

жұқа,  әсем  үлбектерінің  әр  дірілі  жаныңызды  толқын-

толқын қуаныш боп кернеп, басқаның бәрін ұмыттырып,

елжіретіп,  елтітіп  әкетпейтін  бе  еді?!.  Міне,  қыздардың

менің  сәлемімді  алып,  еріндерін  сәнмен  қозғаған  осы  бір

сәті менің кѳз алдыма гүл бағын елестетті. Иран бақ деген

осы болар, осы отыз үшінші аудитория шығар деп ойла‐

дым.  Қыздардың  томпақ,  толық,  жұқа,  жұмсақ  еріндері

сәл  ашылғанда  олардың  ауыздарынан  ақ  маржан  ақта‐

рылып кеткендей кѳрінді.«Ал енді не айтасың?» дегендей,

жазық  маңдай,  қыр  мұрын,  аққұба,  аққу  мойын,  аршын

тѳс,  қара  торы  қиғаш  қас,  ақ  сары  қыздар  әлі  маған

жаудырап  қарап  отыр.  Енді  не  айтарымды  ѳзім  де

білмедім. Алма ағаштың бұтақтарын қайыстырып, «ѳзіме

кім  кѳл  созар  екен?»  деп  жерге  телміре  қарасып,

сабағында  самсап  тұрған  хош  иісті,  піскен  алма  секілді

осынау  тәтті  қыздардың  қасынан  ілгері  қарай  үндемей,

4



одыраңдап, бос орын іздеп ѳте беруді орынсыз кѳрдім бе,

білмеймін:

— 

Рұқсат па кіруге? - деппін тағы да сасқалақтап. Есік



жақ  қатарда  екінші  партада  отырған  шашы  кѳмірдей

қара,  жазық  маңдай,  қызыл  шырайлы  қыз  күлкі  қысып,

теріс  айналып  кетті  де,  танадай  кѳзін  жалт  еткізіп,

қайтадан маған қарады.

— 

Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді? - деді ол



жалпақтау  біткен  күрек  тісі  жарқ-жұрқ  ете  кѳзге  шалы‐

нып.  Содан  соң  ол  анқаусып,  арт  жағында  отырған

қыздарға  бұрыла  қарап  қойды.  Әлдекім  мырс  ете  түсті.

Мен қызарып кеттім.

— 

Қанипа, сен қойсаңшы, - деді оның алдында отырған



аққу  мойын,  сары  қыз.  -  Бәлкім,  бұл  кісі  біреуді  іздеп

келген шығар.

— 

Ағай,  сізге  кім  керек  еді?  -  деді  алдыңғы  партада



отырған  кішіректеу  екі  қыздың  аққұбасы  орнынан

кѳтеріліп. - Біреуді іздеп жүрсіз бе?

— 

Отыз  үшінші  аудитория  керек  еді,  -  дедім  мен.  -



Осы курсқа қосылатын жаңа студент едім.

— 

Е,  онда  тѳрлетіңіз,  -  деді  тағы  да  жазық  маңдай,



қасқа тіс қыз. - Қосылыңыз...

Менің  «жаңа  студентпін»  деген  сѳзімнің  қыздарға

жаңаша  бір  әсері  болды-ау  деймін.  Олар  бір  сәт

шаштарын  сипап,  сәнденген  сияқтанды.  Содан  соң,

әлдекімнің  командасын  орындағандай,  кеуделеріне  түсіп

тұрған  білектей  бұрымдарын  бір  кісідей  болып  арқала‐

рына  қарай  серіпті.  Сѳйтті  де  қыздар  қайтадан  маған

қарады.  Бұл  жолы  бұрынғыдай  самарқау  емес,  менің

жүрегімді  жандыра,  күйдіре  қараған  сияқтанды.  Әрине,

бәрі  емес  қой,  кейбіреулері  ғана  сѳйткен  болар.  Бәлкім

маған  солай  сияқтанып  кѳрінген  шығар...  Прожекторлар

сәулесінің 

найзасына 

ілінген 


самолетке 

оқтимей


қоймайды.  Оқ  тиген  самолет  ѳртеніп,  лаулап,  соңынан

5



қара  түтін  сүйретіп,  бет  алдына  ауытқып,  жер  қайдасың

деп құлдилап, лаға жѳнеледі... Отыз қыздың кѳзі менің де

жүрегімді ѳртеп жібергендей болды. Оқ тиген самолеттей

теңселіп,  теп-тегіс  еденде  жаңа  жыртылған  тақтаның

үстінен  келе  жатқандай  сүріне  аяңдап,  бос  орын  іздеп,

аудиторияның ең түкпіріндегі бос партаға қарай беттедім.

6



Е

ң  артқы  партаға  келіп,  еңкейіп,  оның  кітап  қоятын

қуысына  әскери  сумкамды,  қоқайма  фуражкамды

сүңгітіп, енді отыра бергенімде дәл қасымнан дүр етіп бір

топ кѳгершін кѳ-терілген іспеттеніп кетті. Олардың лапыл

қаққан  женіл  қанаттарының  жақыннан  шыққан  лебін  де

естіген сияқтандым.

«

Мұнда  кѳгершін  қайдан  келді?»  деп  ойлап,  басымды



кѳтеріп  алдым.  Сѳйтсем,  кѳгершін  дегенім  орындарынан

ѳре  түрегелген  қыздар  екен.  Қыздардын  жауырындары

қақпақтай,  етжеңді,  бойшаңдары  да,  иықтары  қушиған,

бірақ  бойлары  тартқан  сымдай  тіптік,  нәзік  денелі,

талшыбықтай  майысқан  талдырмаштары  да  бар  екен.

Оларды  шолып  келіп,  менің  кѳзім  ѳз  алдымдағы  кѳрші

партадан  кѳтерілген  екі  қыздың  жып-жылтыр  шашта‐

рына, олардың қос-қос бұрымдарына түсті. Орындарынан

тез  тұрғандықтан  болар,  қыздардың  тастай  ғып  ѳріп

тастаған  әсем  бұрымдары  тақтайдай  жауырындарын

сипағандай  боп,  жеңіл  ғана  қозғала  тербеліп  қалыпты.

Қыз  бұрымдарының  осы  әлсіз  тербелісі  аудиторияға

оқытушы  кіргенін,  ендеше  бұл  қауымға  қазір  қосылған

жана  студент  менің  де  оған  құрмет  кѳрсетіп,  орнымнан

тұруым керектігін есіме салды.

Орнымнан  ұшып  тұрған  бойда  мойнымды  созыңқы‐

рап, алға қарадым. Келген оқытушы қандай адам екен деп

ойладым.  Алда,  қыздардың  бастарынан  биігіректе  біре‐

удің қозы бұйра шашы тѳрге қарай жай жылжып барады

екен...  Соғыста  жүргенде  компаспен  жѳн  бағдарлайтын‐

быз.  Компас  қозғалса,  оның  тілі  жан-жағына  қыпылық

қаға  шайқалып  кететін  де,  сәл  тыныштық  болса,  «міне,

менің  іздегенім!..»  дегендей  сұқтанып,  солтүстік  жаққа

телміре  қалатын.  Неге  екенін  білмеймін,  тегіс  жерге

қойған  компастың  тілі  сияқтанып,  менің  кѳзім  қайтадан

алдымда  тұрған  қыздардың  бұрымына  ауды.  «Білектей

арқасында  ѳрген  бұрым»  деген  Абай  ѳлеңінің  жолы

7



ойыма  оралды.  Жылтыр,  қара  шашты  қақ  жарып  ѳтіп,

маңдайдан  желкеге  дейін  тартылған  шаш  жармасының

кіршіксіз  құйқаны  ашып  кѳрсеткен  ақ  сызығы  жүрегімді

қытықтағандай  болды.  Қос  бұрымның  арасындағы

қағаздай  аппақжелкелер  ѳне  бойымды  балқытып  бара

жатқан  сияқтанды.  Осы  кезде  сол  қанатта  түрегеліп

тұрған қыздардың бірі бұрылып, арт жаққа қарады. Кейін

білдім,  ол  Зайкүл  деген  қыз  екен.  Ол  тура  маған  қараған

тәрізді  болды.  Менің  қыздарға  сұқтанып  тұрғанымды

сезіп,  «апыр-ай,  мына  жігіт  келмей  жатып  елтіп  қалған

екен» деп ойлайды-ау деп ұялып, тѳмен қарап кеттім.

Ұялшақтық - ұлтымызға тән қасиет қой. Әсіресе ауыл

балалары  ұяң  келетін  әдеті  емес  пе?  Жасымда  мен  де

сондай  болдым.  Үлкендердің  алдында  суырылып  сѳйле‐

мейтінмін,  әйелдердің  бетіне  қарамайтынмын.  Жақсы

кѳрген  қызымның  жанына  жолай  алмайтынмын.  Соғы‐

стан  қайтып  оралғанша  әйел  алдындағы  ѳзімнің  осы

ұялшақтығымның  қандай  күйде  екенін  білмейтін

едім.Оны енді сезе бастадым. Жаңа, қыздар толы аудито‐

рияға  кіріп  келгенде  бірінші  рет  ұқтым.  Сол  бұрынғы,

бала  күнгі  қалпымда  екенімді  білдім.  Бірақ  бала  күнімде

менің  қыздардың  сыртынан  сұқтана  қарауға  да  батылым

бармайтын  еді.  Тѳрт  жыл  соғыста  болып,  жаман,

жақсыны кѳп кѳргендіктен бе, кім білсін, енді қыздардың

желкесіне  қызыға  қарауға  жарап  қалған  сияқтымын.

Ішімнен  бұл  күйіме  де  шүкіршілік  еткендеймін.  «Тіпті

қыздардың  бетіне  де,  сыртына  да  қарамай-  ақ  қояйын,  -

деп ойладым кѳзімді тѳмен салып тұрып. - Жұртпен бірге

жауды  жеңіп,  аман-есен  елге  келіп,  осы  қыздардың

қасында тұрғанымның ѳзі қаншама бақыт!

Оқытушының: «Отырыңдар!» дегенге ұқсас үні естілді.

Шырқап  биікке  кѳтерілген  кѳп  кѳгершін  құйыла

тѳмендеп келіп, жаңағы ұшқан жеріне дүр етіп қайтадан

қонды.  Кѳгершін  тобына  тақау  келіп,  қалбаң  етіп  қонған

8



жалғыз  қарға  тәрізденіп,  қыздардан  кейін  орныма  жалп

етіп  мен  де  жайғастым.  Содан  соң  жайлап,  алдағы

қыздардың  бастарының  ара-арасымен  оқытушыға  кѳз

жібердім.  Бірінші  кѳрген  оқытушым  болған  соң  ба,  әлде

жүзінде  есте  қалар  ерекше  белгілері  бар  ма,  білмеймін,

кѳмірдей  қара,  қозыдай  бұйра  шашы  мен  бірден

бүркіттің тұмсығын кѳзге елестететін үлкен имек мұрыны

бар,  қоңырқай  ѳңді  келген  отыз  үш-отыз  тѳрттер  шама‐

сындағы сабырлы кісі ѳмір бойы ойымда сақталып қалды.

Оқытушының  қоңырқайлығынан  басқа  бетінде  қазаққа

ұқсайтын  еш  белгі  жоқ  сияқты  еді.  Сондықтан  мен  оны

соғыстың  соңғы  жылында  бастығым  болған  аз  ұлттан

шыққан  командиріме  ұқсаттым  да,  бұл  кісі  қай  сабақтан

лекция  оқиды  екен  деп  ойладым.  Ол  лекцияның  орыс

тілінде оқыларына да күмәнім болған жоқ.

— 

Ал, балалар, дайынсыңдар ма?



Мен  елең  етіп,  мойынымды  ілгері  создым.  Қазақша

сѳйлеген  осы  оқытушы  ма,  әлде  басқа  біреу  ме  деп,  ѳз

құлағым мен ѳз кѳзіме ѳзім сенбегендей сияқтандым.

— 

Дайынбыз,  ағай,  -  деген  оң  жақ  қанаттан  шыққан



қыз  дауысы  естілді.  Алғашқы  сѳзді  оқытушы  айтқанына

әлі  де  иланатын  емеспін.  Ѳзгелер  сатырлатып  дәптер‐

лерін  аша  бастағанда  мен  бақырайып,  қаранғыда  жау

пулеметінің  қай  жерден  от  шашарын  андыған  түнгі

барлаушыға  ұқсап,  бүркіт  мұрынның  астындағы  ауызды

бағумен болдым.

— 

Дайын болсаңдар, жол ортасына былай деп жазын‐



дар:  Сын  есім.  -  Бүркіт  мұрнының  астынан  ақ  тістер

жарқ-жарқ  ете  қалды.  Оқытушы  ѳзін  байсалды  ұстап,  әр

сѳзін  баппен,  байыппен  айтады  екен.  Соғыста  командир‐

лердің  шапшаң  айтылатын  бұйрық  сѳздеріне  үйреніп

қалған  маған  бұл  ырғақ  тосындау  танылып,  оқытушы

әдейі маңғазданып отырғандай кѳрінді. Менің осылай деп

ойлауыма мүмкіндік бергендей, құс мұрын оқытушы сәл

9



бегеліп  барып,  сѳзін  ары  қарай  жалғады.  -  Біздің  бүгінгі

ѳтетініміз: сын есімнің түрлері - сапалық сын есімдер мен

қатыстык  сын  есімдер,  сын  есімнің  мор-фологиялық

құрамы, яғни сын есімнің қосымша арқылы жасалуы, сын

есімнің  синтаксистік  тәсіл  арқылы  жасалуы  және  форма

тудыратын қосымшалар.

— 

Түу, ағай, тіпті кѳп қой, - деді тѳмен тұқырып алып,



дәптерлеріне сусылдатып жаза бастаған қыздардың бірі.

«

Бәләй,  кѳп  деп  бекер  айтты-ау»  деп  ойладым  мен



ішімнен жаңағы сѳзді айтқан қызға жаным ашып. Ѳйткені

командир  сабақ  беріп  тұрғанда  солдаттардың  бұлай  деп,

оның  әрекетіне  баға  бермек  тұрғай,  сѳзін  бәлуге  хақысы

жоқ.  Мұндайда  командир  жаңағы  сѳзді  айтқан  адамды

орнынан  тұрғызып,  казарманың  еденін  жууға  жазалайды

да, сабақтан қуып жібереді. Әскер ѳмірінің тәртібі солай.

Тѳрт жыл бойы сол ѳмірге қалыптасып қалғандықтан ба,

кім  білсін,  оқытушы  жаңағы  студентканы  да  аудитори‐

ядан қуып шығатын болар деп қауіптендім.

Бірақ ол сѳз оқытушының кәперіне мүлде келген жоқ.

— 

Программа  бойынша  солай  ғой,  -  деді  де,  лекция‐



сына кірісті.

Бѳтен  ұлттың  адамы  болар  деген  оқытушының

қазақша  сѳйлегеніне,  оның  үстіне  қазақ  тілінің  ѳзінен

сабақ  бере  бастағанына  таңданған  мен  оның  тілін  қабыл‐

дағанмен,  қазақ  де-уге  түрін  қабылдай  алмай  біраз

отырдым да, ақыры оған да кѳндіктім.

Содан соң ѳз дәптерімді алдыма қарай тартып, мен де

жұртпен  ілесе  конспект  жазуға  талаптандым.  Бірақ  бір

ғажабы,  қаншахалаптансам  да  жаза  алмадым.  Дәптердің

дәл  орта-сына  «Сын  есім»  деген  екі  сѳзді  баттитып

қойдым да, тѳбеден ұрғандай боп тұрып қалдым. Бірінші‐

ден,  тѳрт  жыл  бойы  қолыма  қалам  орнына  салмағы  сегіз

килограмм  снаряд  ұстап  үйренген  саусақтарым  икемге

келетін  емес.  Екіншіден,  бәлкім  сол  себептен  де  болар,

10



жаңа  ғана  ѳзім  жай  сѳйлейді  екен  деп  ойлаған  оқыту‐

шының  дауыс  екпіні  тындауға  қырсау  сияқты  боп  кѳрін‐

генмен,  менің  әрқайсысы  әрең  бүгілетін,  буындары  шѳр-

шѳр,  барбиған,  жуан  саусақтарымның  шапшаңдығынан

әлде-қайда  жылдам  болып  шықты.  Оның  үстіне  соғыста

зеңбірек пен винтовка сияқты жауынгер қарулардың тілін

ғана  ұғып,-тас  тѳбеңнен  тѳне  түсіп,  боздай  сорғалап  келе

жатқан  мина  мен  бомбалардың  қай  жерге  кѳп  бұрқ  ете

қаларын  үніне  қарай  ажыратуды  мүлтіксіз  білгенмен,

мынадай  аудиторияда  лекция  тындаудан  мүлде  тосы‐

рқап,  әрі  мүкістенген  солдат  құлағы  оқытушының  «сын

есім...  сын  есім...»  дегеннен  басқа  сѳздерін  және  ажырата

алмады.  Маған  құсмұрын  оқытушының  лекцияға  кіріс‐

кеннен  кейінгі  шыныдай  шыңылдап  қалған  ликциясы

тағы  ұнамады.  Ол  сѳйлеген  сайын  біреу  аудитория  тере‐

зелерінің  әйнегін  шылдырата  сындырып  келе  жатқан

тәрізді  немесе  аязды  күні  әлдекім  ақ  қарды  шықырлата

басып,  қасыңнан  ѳтіп  бара  жатқан  сияқты  болды  да

тұрды.  Маған  сѳзден  гѳрі  сол  бір  шыңыл  кѳбірек  естіле

берді.


Қойшы, қаншама тырыссам да ештеңе жаза алмайты‐

ныма  кѳзім  жетті.  Қауырсындай  ғана  жеп-жеңіл  қарын‐

дашты  қағаз  бетінде  жорғалату  алпамсадай  зеңбіректі

ашық  позицияға  дѳңгелетіп  алып  шығудан  ауыр  тиді.

«

Жоқ, бүйтіп босқа қиналмайын, - деп ойладым ішімнен.



Алдымен  оқытушының  үнін  құлағыма  сіңісті  етейін.

Содан соң бірте-бірте лекциясын жазуға да жаттығармын.

Осы  отырғандардың  бәрі  лекция  тыңдап,  конспект  жазу

шеберлігіне бірден емес, біртіндеп жеткен болар. Ендеше,

тѳрт  жыл  окопта  жатып,  соғыс  академиясын  тауысқан

солдаттың  бұлармен  бірге  бейбіт  ѳмір  университетін

тәмамдауға  да  шамасы  келер  әлі».  Осы  ойдан  кейін

қарындашымды  дәптерімнің  ортасына  қойдым  да,  бала

күнгі  әдетім  бойынша,  сол  жақ  алақаныммен  жағымды

11



таянып,  жақсылап  тыңдамақ  болдым.  Тыңдай  бастап,

қыздардың  кесте  тоқығандай  жыпылдатып,  жылдамдата

конспект  жазып  жатқан  әсем  қолдарына  кѳзім  түсті  де,

тағы  да  солар  туралы  ойлап  кеткенімді  ѳзім  де  аңғармай

қалдым.

«

Қыздар! Сендер қандай ғажайып жансыңдар, шіркін!



Жаудырай қадалған қап-қара кѳздерің мен жанды еріткен

кѳмірдей  шаштарың,  иықтарыңдағы  толқындай  тулаған,

білектей  бұрымдарың  мен  сол  қос  бұрым  арасынан

кѳрінген  кіршіксіз  аппақ  желкелерің  қандай  әсем  еді

сендердің. Ѳзеннің құба талындай солқылдаған бойларың

неткен  кѳркем,  апырау.  Қыр  жігітінің  қанын  қыздырып,

құшақтауға 

құмартатын 

қыпша 

белдерің 



мынау

бұралған!  Сендердің  сымбаттарынды  суреттеуге  соғыстан

қайтқан солдаттың тілі жетер алар ма ешқашан?!»

Осындай  ойлар  бірінен  соң  бірі  жалғаса  береді,

жалғаса  береді.  Ой  құшағында  отырған  мен  қыздардан

ѳзге дүниенің бәрін де ұмытып кеткен сияқтымын.

«

Бұл  қыздарды  кѳріп  отырған  мен  неткен  бақытты‐



мын!  -  деймін  тағы  да  ішімнен.  -  Соғыс  бойы  жауды

жеңіп,  сендерді  кѳрсем  деп  имандай  арман  тұтып  едім

ішіме.  Сыз  окопта  суық  жаңбыр  тѳбеден  сорғалап

тұрғанда да сендерді ойлағанмын. Ақ қар, кѳк мұзда жол

жағасында  жау  танкісін  тосып,  зеңбіректі  құрып  қойып,

шұңқырдың  тѳбесіне  плащ-палатка  тұтып,  тісім  тісіме

тимей  сақылдап,  тоңып  отырғанда  да  сендер  жүрегімде

жатқансыңдар,  қыздар.  Жаяу  жорықта  жан  қиналып,

күндіз  жау  самолеттерінін  тѳбеден  атқылаған  оғы

шинелімнің  етегін  шұрқ-шұрқ  тескілеп,  түнде  ұйқы

қаумалап,  кірпіктеріме  қайта-қайта  желім  жағып,  буын‐

дарымды  босатып,  мазамды  алып,  есім  шығып  келе

жатқанда  да  сендер  менің  ойымнан  кетпегенсіндер,

арулар.  Сол  күндердің,  сол  айлардың,  жылдардың

бәрінде  де  мен  сендерді  бір  минут  та  есімнен  шығарған

12



емеспін. Жалғыз менің ғана емес, майдандағы бар жігіттің

жүрегінде болдыңдар сендер. Сендерден ауық-ауық хабар

алу қандай бақыт еді майдандағы жігіттерге. Әр жауынгер

қолына  үшкіл  хат  тиіп,  оның  сыртындағы  ѳзіне  таныс

қолдың  таңбасын  кѳргенде  жел  қозғаған  жапырақтай

дірілдеп,  тез  оқып  шыққанша  тағаты  қалмай  асығатын.

Жаңа  ғана  жаудың  жебір  танкін  жайратып,  қираған

болаттың  беріктігі  мен  сұстылығын  ѳз  бойына,  ѳз  ѳңіне

жиып,  шымырқанып  тұрған  қаһарлы  солдаттың  қыз

хатын  оқып  шыққанда  жаны  жадырап,  қара  кѳзі  күлім‐

деп,  бүйрек  бетіне  алқызыл  бояу  шабатын.  Ақтістері

ақсия  кѳрініп,  ѳзгеше  бір  рақат  табатын.  Осы  бір  ѳңі

жұмсарып,  жүзі  жылып,  жүрегі  нәзік  лүпілге  басқан

шағында оның кѳкірегіне ѳзгеше бір күш құйылатын. Сол

сәтте  ол  бір  емес,  жаудың  бірнеше  танкін  жалғыз  ѳзі

жайратуға  әзір  болатын.  Міне,  майдандағы  жігіттерді

біресе  болаттай  қатайтып,  біресе  қорғасындай  ерітетін

сендер  едіндер,  сендердің  ғажайып  хаттарың  еді,  қыздар.

Сендердің  «жауды  жеңіп  қайтыңдар!»  деп  әр  хатта

айтатын  ѳмірлерінді  орындап,  тезірек  Берлинге  барып,

одан соң ѳздеріңе жетсек деп ынтығушы едік бәріміз. Бір

қазақ қызының жүзін кѳріп, қасында отырсақ арманымыз

болмас еді деп аңсайтын едік біз. Енді міне, мен біреуіңнің

ғана емес, бір аудитория толы қыздың қасында отырмын.

Қандай бақыттымын мен! «Мен бақыттымын!» деп Алата‐

удың  тѳбесіне  шығып  айғайлағым  келеді  қазір.  Отан

армиясының  сапында  зұлым  жауды  жеңгеніме  бақытты‐

мын!  Сѳйтіп,  ѳз  еліме  оралып  келгеніме  бақыттымын!

Каншама  ер-азамат  туған  жерге  жете  алмай,  туған  елдің

топырағында ѳскен қызыл гүлдей қыздардың ақ жүздерін

кѳре  алмай,  арманда  ѳтті.  Олер  алдындағы  әр  солдаттың

аузында  ең  соңғы  сѳзі  әйел  аты  болды.  Біреуі  анасын,

біреуі  жарын,  біреуі  ғашығын  есіне  алып,  тілі  күрмеліп,

мәңгіге  кѳз  жұмар  алдында  ақтық  күш  жиып,  солардың

13



есімін  атады.  Олардың  ѳздеріне  деген  махаббатының

қарызын солдат сол бір ауыз сѳзді ұмытпай айтып ѳтеуге

тырысты.  Содан  кейін  Отан  сүйгіш,  ана  сүйгіш,  жар

сүйгіш солдат жаны мәңгіге тыншықты».

Осындай  ойлар  арынды  ѳзеннің  ақжал  толқынындай

тѳпеп,  бірін-бірі  қуып  жѳнелді-ай  келіп.  Мен  ѳзімде

қыздарға  деген  осынша  мол,  нәзік  сезімдер  бар  екенін

бұрын  да  білетін  едім.  Сол  сезімдердің  бүгін  универси‐

тетке  түсіп,  алғашкы  лекцияға  қатыскан  сәтте-ақ  ағыл-

тегіл  ағылғанына  таңдандым.  «Қой,  мұным  болмас.

Университетке  алынбай  жатып  аңсарым  қызға  ауғаны

несі?  Мен  мұнда  қызға  қырындаймын  деп  емес,  оқу

оқимын деп келіп едім ғой. Ендеше қыз туралы ойлаудан

тыйылуым  керек»  деп  ѳзіме  ѳзім  тоқтау  салмақ  та

болдым. Бірақ айы, күні жеткен әйелді ауық-ауық қинаған

толғақтай  әлде  бір  арылмас  мазасыздық  менің  бойымды

билеп, барған сайын бастағы ой ерістеп, ершелене берді.

«

Ұлы Отан соғысында біз жауды қаруымыздың - само‐



леттің, танктің, артиллерияның құдіретімен жендік, - деп

ойладым  мен  онан  әрі.  -  Сол  сияқты  алаулаған  асыл

махаб-баттың  күшімен  де  жеңдік.  Біздің  жүрегімізде

Отанға, анаға, сүйген жарға деген шексіз махаббат болды.

Соңғы  күш  алдыңғының  қуатты  қозғаушысына  айналды

да,  ѳлім  мен  ѳмірдің  арпалысындай  айқаста  біз  жеңіп

шықтык.  Меніңше,  махаббат  -  дүниедегі  барлық  күштің

кѳзі,  барлық  қуаттың  бұлақ-бастауы.  Онсыз  еш  жерде

жеңіс жоқ. Ендеше, қыздар, махаббаттың мѳлдір бастауы

сендерді кѳргенде қалай тебіренбейін, қалай қуанбайын



мен! Кеше ѳгей Европадан ѳз Европама жеткенше асығып

ем, ѳз Европам ѳз Азиямдай қуанышпен қарсы алды мені.

Жолдағы  ағайын  жұрттың  жылы  жүз,  ыстық  ықыласы

жүрегімді  тербеп,  ежелден  таныс  үнді  славян  сѳздері

құлағыма  тәтті  күй  боп  құйылды.  Ал  ѳз  Қазақстаныма

жеткендегі  күйім  қандай  болды  десеңші!  Ауызбен  айтып

14



жеткізе  алмаспын  мен  оны.  Жол  бойындағы  жадау  разъ‐

езд,  жапырайған  қазақ  ауылдары  қоңырайып  алдымнан

шыққанда  Батыс  Европаның  салтанатты  сарайларынан

артық  кѳрдім  мен  оларды.  Үй  жанында  үймелеп  күз

тіршілігін  жасап  жатқан  жүдеу  жүзді,  жалбыр  киімді

ауыл адамдары кѳзіме шалынғанда жүрегім елжіреп, еріп

қоя берді шайға салған қанттай боп». Осы кезде «Кѳнілді

бес  жүзінші  поезд»  деп  аталатын  әскерден  қайтқан

солдаттар  тиелген  қызыл  вагонды  ұзын  составтын  Қаза‐

қстанның шеткі, шағын станцияларының біріне келіп

тоқтағаны кѳз алдыма елестеді. Тәкен деген жолдасым

вагонган  қарғып  түсті  де,  поезға  сүт,  айран,  жұмыртқа

алып шыққан әйелдердің қасына барды одыраңдап.

— 

Апалар, амансындар ма, бәріңізге мың сәлем! - деді



ол бас иіп. - Айран бар ма?

— 

Бар, шырағым, бар, - десті әйелдер.



Жолдасым  бір  банка  айранды  басына  бірақ  кетерді.

Содан  соң  түбінде  қалған  жұғынын  жинап  алып,  бетіне

жақты. Кап-қара жігіттің беті алабажақ боп шыға келді.

— 

Мұның не, шырағым, - деді айран иесі қартаң әйел



танданып.

— 

Мұным  -  қуанғаным,  апа.  Сұрапыл  соғыстан  аман



келіп, туған жерге табаным тиіп, сіздей апамның қолынан

айран  ішкеніме  қуанғаным.  Туған  елдің  дәмін  татқаныма

қуанғаным,  айранның  қалғанын  бетіме  жаққаным  -

балалық күнім есіме түсіп, еркелегенім, апа. Сізге еркеле‐

генім, Қазақстанға, халқыма еркелегенім.

Әшейінде сѳзге олақ, кеудесі орден мен медальға толы,

аңқылдақ,  батыр  жолдасымның  сол  бір  сѳзі  керемет

шешендік болып шықты.

— 

Алда,  бақыр-ай,  елді  сағынған  екен  ғой,  -  деп  сол



жерде әйелдердің бәрі тегіс жылап жіберді.

— 

Қай жердікісің?



— 

Шешең бар ма еді? - деп әркімдер сұрап та жатыр.

15



— 

Талдықорған  облысыныкімін.  Ѳзіңіздей  келген

шүйкедей  ғана  қара  домалақ  шешем  бар  еді.  Соған

асығып келемін, - деді Тәкен кемпірлердің біріне қарап.

— 

Алда, бақыр-ай.



— 

Шешеңнің  жүрегі  жарылып-ақ  кетер-ау  сені

кѳргенде.  -  Осылай  деп  әйелдер  қолдарындағы  бар

жұмыртқа, бар сүт, айранын Тѳкенге ұсынды.

— 

Туған  жердің  дәмін  таттым,  маған  сол  да  болады,  -



деді Тәкен әйелдердің ұсынғанын алмай.

Жұрт оған қарамады.

— 

Жолдастарыңа бер.



— 

Соларға дәм татыр.

Тѳкен  бет-аузы  айғыз-айғыз  болып,  әйелдерді  вагонға

бастап келді.

— 

Алындар, жігіттер! Туған ел ырзығы! Алындар!..



-

Ішіңдер.


— 

Дәм татындар, - деп жатыр әйелдер.

Әйелдер  әкелген  тамақтарын  бәрімізге  тегін  беліп

берді.  Біреу  ақша  тѳлемек  болып  еді,  қартаң  ана  ренжіп

калды:

— 

Тѳрт  жыл  соғыста  аштан  ѳлмеген  біз  соғыс



біткеннен кейін ѳледі деп пе едіндер? Қойыңдар, қарақта‐

рым, ақшаларынды қозғамандар. Әлде жат жерде жүріп,

елдеріңнің қонақжай салтын ұмытып қалып па едіндер?

Бұл сѳзге жауапты тағы да Тәкең берді.

— 

Жоқ,  апа,  ұмытқанымыз  жоқ,  -  деді  ол.  -  Онда  біз



мұны  халықтың  майданнан  жеңіспен  келген  жігіттерге

шашқан шашуы деп қабылдайық.

— 

Е, жѳн.


— 

Сѳйтіндер, - деп әйелдер разы боп қалды. Осы кезде

біздің поезымыз гудок беріп, ілгері қозғалды.

Зымырап  келе  жатқан  поездың  есігінен  етектегі  елге

қарап отырған менің есіме данышпан Жиренше түсті. Хан

қасында кѳп жүріп, ел аралап, орда, сарайларда ұзақ-ұзак

16



қонақ  болып,  үйіне  қайтқан  кедей  Жиреншенің  сирағы

жаман  лашығына  сыймай,  сыртқа  шығып  жатса  керек.

Хан  ордасындағыдай  мамық  тѳсекте  емес,  лашық  ішіне

тѳселген  ѳлең  шѳптің  үстінде  рақаттана  керіліп  жатып,

шешен:  «Шіркін,  менің  ѳз  үйім,  кең  сарайдай  бѳз  үйім»

деген екен дейді.

Мен жолдасымның бетіне қарадым.

— 

Тәкең, үйіңе жетуге асығып келесің бе? - дедім.



— 

Е, үйіне жетуге кім асықпаушы еді, - деді ол.

Мен  ауылға  баруға  асықпайтынымды,  Алматыда

қалып, оқуға түсетінімді айттым.

— 

Сенің  оқуыңа  болады.  Ал  менің  басыма  ешбір  оқу



қонбайды,  -  деп  ол  ѳз  басын  жұдырығымен  тоқылдатып

қойды.  -  Мен  барамын  да  елдегі  бір  жақсы  қызға

құлындай шыңғыртып құрық саламын. Маған одан басқа

оқудың керегі жоқ.

Мен күлдім.

— 

Күлме,  -  деді  ол.  -  Оқуда  да  жақсы  қыздар  кѳп



болады.  Аузыңды  ашып,  босқа  қарап  жүрмей,  сен  де

солардың бір тәуірін нысанаңа ал.

«

Сѳйтіп,  мен  кеше  ғана  эшелоннан  түстім,  қыздар.



Бүгін  міне  сендердің  орталарыңа  келдім.  Мен  сендердің

ағаңмын,  досыңмын,  қыздар.  Мен  сендердің  бәріңді  де

жақсы кѳремін!..»

Аудитория  есігінің  сыртынан  шылдырлаған  қоңырау

дауысы естілді. Бірінші лекция бітті. Құсмұрын оқытушы

жайлап  орнынан  тұрып,  есікке  аяңдады.  Әшейінде

қоңырау  соғылса-ақ  ешкідей  секендеп,  есікке  қарай

алдымен  жүгіретін  қыздар  сабақ  үстінде  ѳзара  уәделес‐

кендей,  ешқайсысы  селт  етпестен  парталарында  сіресіп

отырып қалды.

17



О

қытушы  кеткеннен  кейін  екеу-екеуден  қатар

отырған  қыздар  бір-бірімен  кубірлесе  күлісті  де,

командамен  бұрылған  бір  взвод  солдаттай  болып,  тегіс

кеуделерін  қозғап,  жүз-дерін  аудиторияның  ең  артында

отырған  маған  қарай  бұрды.  Түнде  далада  машинамен

келе  жатқаныңызда  алдыңыздан  жайылып  жүрген  қоян

кездеседі.  Қоянды  кѳре  сала  оған  машинаның  фарын

бағыттай  қойса,  қашудың  орнына  ол  байғұс:  «мені  ат!»

дегендей болып, артқы екі аяғымен тікиіп, құлағы селтиіп

тұра  калатын.  Машина  жарығына  бір  ілінгеннен  кейін

қоян  сорлыны  бір  атсаң  да,  бес  атсаң  да  сол  орнынан

қозғалмайды.  Тек  оқ  тигенде  ғана  тұрған  жерінде  жалп

етіп  құлай  кетеді...  Қыздардын  бәрі  маған  қарай  бұры‐

лғанда  мен  де  сол  қоянға  ұқсап,  орнымнан  апалақтап

атып тұрдым. Егер сол сәтте қыздардың бәрі мені кѳздеп,

махаббат  мылтығының  шүріппесін  басып  кеп  қалған

болса,  солардың  бір-сыпыра  бытырасы  дәл  осы  күнге

дейін  ѳне  бойымда  жүрген  болар  деп  ойлаймын.

Орнымнан атып тұрғаннан кейін әскери машық бойынша

жалма-жан гимнастеркамның етегін тѳмен қарай тартқы‐

лап,  қыртысын  белбеуге  сұққан  бармақ  ар-қылы  кейін

қарай сырғыта бастадым.

Ұзын  аудиторияға  екі  қатар  қойылған  парталардың

есік  пен  терезе  жақ  шетіндегі  қыздар  сол  бұрылған

күйлерінде  қозғалмастан  отырып  қалды  да,  ортадағы

қыздар орындарынан тұрып, маған қарай аяндады. Ѳзіме

қарай келе жатқан олардың тақтай еденді тық-тық басқан

дыбыстарын  естігенде  жүрегім  атақаға  шығар  алдын‐

дағьщай дүрс-дүрс соғып қоя берді.

Ал,  жолдас,  сізді  студент  болуыңызбен  құтгыктай‐



мыз,  -  деді  кѳмірдей  қара  шашты,  жазық  мандай,  қызыл

шырайлы,  күлімкѳз  қыз  менің  қасыма  келіп.  Маған  ол

сондай  сұлу  боп  кѳрінді.  Бұл  жанағы,  мен  аудитѳрияға

алғаш кіріп, рұқсат сұрағанда мырс етіп күліп: «Рұқсатты

18



кірмей  тұрып  сұрамаушы  ма  еді?»  деген  қыз  болар  деп

мелш ерледім. Мен: «Рақмет», - деп басымды идім.

Қыз  тағы  да  мырс  етіп  күліп  жіберді  де,  құттықтау

үшін  бе,  әлде  амандасу  үшін  бе,  маған  сүйріктей

саусақтарын  созды.  Алдымен  қолды  ѳзім  бермегеніме  екі

бетім  ду  ете  қалып,  мен  де  алақанымды  ұсындым.

Қыздардың  қол  ұсынып,  амандасқанда  алақанын  су

құятындай  шұнқырайта  қойып,  саусақтарының  ұшы

жігіттің қолына тиер-тиместен тартып әкететін әдеті емес

пе. Мен ѳзіме тѳрт жыл соғыстан кейін алғаш ұсынылған

қыз  қолының  алақанын  алақаныма  тѳсеп  қойып,

солдатша құшырлана бір қысармын деп ойлаған едім. Тот

басқан темір іспеттес күсті алақаныма қыздың қолы емес,

ұстай  бер-генде  ұша  жѳнелген  торғай  қанатының  ұшы

тигендей  болды.  Мен  бұған  мүлде  абыржып  қалдым.

Ѳйткені  солдаттар  бірінің  қолын  бірі  қатты  қысып  аман‐

дасады.  Олар  үшін  қол  беріп  амандасу  ләззатының  ѳзі

сонда.  Бәлкім  қыз  қолын  жаңа  маған  бермеген  шығар,

бәлкім  ол  қайта  ұсынатын  болар,  сонда  дұрыстап

қысармын  деп  үміттендім.  Бірақ  қыз  енді  қолын  қайта

беретін  белгі  танытпады.  Менім.  білегім  жау  танкісіне

қарай кѳзделген зеңбірек стволындай серейіп, созылды да

қалды. Қайта әкетуді қолайсыз кѳрдім. Менің осы күйімді

аңғарған екінші қыз шапшаң ілгерірек шықты да:

Ағай,  сәлеметсіз  бе,  құттықтаймын,  -  деп  қолын



берді.  Мен  бұл  қызға  сонша  разы  болдым.  Еиік  қабақ,

бота  кѳз  осынау  ақ  сары  қыз  маған  барлық  қыздардың

сұлуы  сияқты  боп  кѳрінді.  Бағанадан  қысылып,  не

істерімді  білмей  сасқалактап  тұрғанмен  қыздың  қолын

қатты  қыспай,  демеп  ұстап,  тез  босатып  жібердім.  Мен

оның ѳзімді қолайсыз күйден құтқарғанына қуандым. Бар

абыройды  жапқан  бетімнің  бояу  жұқпас  қоңырлығы

болды. Іштей қанша қысылып, қиналсам да ѳмірі ѳңімнен

белгі  білінген  емес.  Ѳзімнің  дүрдік  ерін,  жалпақ  бет,

19



шойын  қаралығымнан  ѳмір  бойы  осыдан  ѳзге  тапқан

пайдам да жоқ.

Тағы  да  еден  тықылдады.  Тізеден  келетін  юбкадан

шыққан  түп-түзу  екі  сирак  киіктің  лағындай  қаздандап,

қасыма  және  тақай  берді.  Үстіне  киген  ак  кофтасы  ақ

мамықтай  үлпілдеген,  қаз  кеуде,  қызыл  ерін,  аққұба  қыз

жымиғаны жанынды майдай ерітіп, иіліп келіп, ол қолын

берді.  Одан  соң  қос  бұрымы  жер  сызған,  биік  ѳкше

етігінің  аттағанынан  аялдағаны  кѳп,  балдай  шұбатылып,

жібектей  ширатылған  сұрша  қыз  екі  аттам  жерге  буыны

құрығандай  былқ-сылқ  етіп  әрең  жетіп,  қарлығаш  қанат

қасын  кере,  қаймыжықтай  жұқа  еріндерін  жай  ғана

жыбырлатып,  кер  маралдай  керіліп,  ол  қолын  созды.

Оның  артынан  жасында  балалар  үйінде  тәрбие  алып

ѳскендерін  таныта  шаштарын  иықтарына  түсіре  қиды‐

рып,  сол  әдемі  қолаң  шаштарын  жауырындарын  жаба

жайып  жіберулерінің  ѳзі  жігіттің  жүрегін  бірден  бүлк

еткізетін қыр мұрын, қыпша бел, бірі нәзік, бірі толықша

екі әдемі қыз ақ тістерін жарқырата кѳрсетіп, бірінен соң

бірі амандасты.

Қойшы, не керек, сѳйтіп мен қыздардың жұп-жұмсақ,

ып-ыстық  қолдарын  ауыртып  алмайын  деп  еппен  ұстап,

бірінің соңынан бірін қыса бердім, қыса бердім. Олардың

қолдарын  алып  жатып,  ақырын  ұрланып  жүздеріне,

кѳздеріне  қараймын.  Уыздай  уылжыған,  алмадай  албы‐

раған,  бүйректей  бұлтиған,  мамықтай  үлпілдеген,

үлбіреген  беттерді,  қарақаттай  мѳлдіреген  қап-қара

кѳздерді, жүрекке жебедей атылған «Катюша-ның» оғына

ұқсас ұзын кірпіктерді, жаңа туған жіңішке айдай немесе

егіншінің қол орағындай иілген сүйкімді қастарды бірінен

соң  бірін  кѳріп,  елтіп,  елжіреп,  панорамалы  кинода

отырғандай  басым  айналып,  жығылып  кете  жаздап

тұрмын. Сол қолыммен партадан қапсыра, мықтап ұстап

алмаған  болсам,  сол  сәтте  гүрс  етіп  құлап  кетуім  де

20



ықтимал еді. Осы мүшкіл күйімде тыныш тұрмай, Жағал‐

байлы  елінен  Жайыққа  қыз  іздеп  барған  Тѳлегенді  есіме

алдым.  Ол  да  осы  мен  сияқты  бір  қыздан  соң  екінші

қызды  кѳріп,  есі  кеткен  еді.  «Тау  басында  қарағай,  Тѳле‐

геннің  мінезі  болып  кетті  баладай.  Осындай  болып  әр

жерден,  он  бір  қыз  ѳтті  сәулетпен,  бәрі  де  қалды  жара‐

май»  деп  келетін  бала  күнде  қызыға  жаттаған  қисса

жолдары  ойыма  оралды.  Қырық  шақты  қыздың  қасынан

ѳткен Тѳлегеннің ол күні қандай күйде болғанын білмей‐

мін.  Ал  ѳзімнің  ѳн  бестей  қыздың  қолын  ұстағанға  бір

шара  қымыз  ішкендей  мас  болғаным  аян.  Әр  қыздың

алақаны  қолыма  келген  сайын  электр  еріткіші  тиген

қалайыдай  балқып,  елжіреп  бара  жаттым.  Барған  сайын

қызуым  артып,  күйіп  кететін  сияқтымын.  Егер  отыз

қыздың  қолын  түгел  ұстаған  болсам,  онда  мүлде  еріп

кеткен болар ма едім, кім білсін. Ѳзімнің осы күнге дейін

аман  жүргенім,  бәлкім,  сол  күні  аудиториядағы

қыздардың бәрінің қолын тегіс ұстамағанымнан да шығар

деп ойлаймын кейде.

Менің  бақытыма  қарай  алғашқы  амандасқан  қыз

қайтадан тіл қатты.

— 

Жә,  ѳзгелерің  отыра  беріндер,  -  деді  ол  басқа



қыздарға қолын сермеп. - Қалғандарың кейін амандасасы‐

ңдар. Қазір басқа шаруа бар.

Басқалар  күле  түсіп,  орындарында  отырып  қалды.

Бірсыпыра қыз мені қоршай түрегеп тұрды.

— 

Ал, жолдас, сѳйлеңіз, - деді әлгі қыз дауысын әндете



созып,  мен  бір  оған  баяндама  жасап  беремін  деп  уәде

қылғандай-ақ.

— 

Не  сѳйле  дейсіз?  -  дедім  сәл  ыржия  түсіп.  Бұл



арада  мен  ыржалаңдайтын  да  ештеңе  жоқ  еді.  Тегі  коп

қыздың  мысы  басып,  қысылғанымнан  сойткен  болуым

керек.  Бұрын  бір  қыздың  бетіне  бедірейе  қарай

алмайтын  басым,  енді  бірнеше  қыз  ѳзімді  ентелей

21



қоршап  алғаннан  кейін,  сойған  қасқырдай  боп,  ыржиға‐

нымды қайтейін.

— 

Қайдан  келдіңіз?  -  деді  қызыл  шырайлы  қыз  кѳзін



ойнақшытып.

— 

Германиядан.



— 

Соғыстан  қайтқандардың  бәрі  Германиядан  келеді,

иә,  қыздар?  -  деп  қызыл  шырайлы  қыз  достарына  қарай

бұрылды.  Олар  қыздын  мені  әзілмен  қағытып  тұрғанын

сезіп, ақырын ғана жымиысып қойды. Оны мен де сездім,

сондықтан да жаңағы жауабымды қайта толықтырып:

— 

Берлин түбінен қайттым, - дедім.



— 

Түбі деген қай жер? - деді қыз мүләйімсіп.

Қыздар мырс етісіп қалды. щ

— 

Шпрее деген ѳзеннің жағасынан, - дедім мен де сәл



қысыла түсіп. - Берлинге тақау жер.

— 

Ә, - деді қыз менің жауабымды түсінген болып.



— 

Берлинде болдыңыз ба?

— 

Болдым.


— 

Рейхстагты кѳрдіңіз бе?

— 

Кѳрдім.


Берлинде  болып,  Рейхстагты  кѳргенім  тергеуші  қызға

әсер  етті-ау  деймін.  Берлиннен  келген  жігітті  бүйтіп

әурелемейік деді ме, кім білсін, ол сұрағын саябырлатып,

сәл  бѳгеліп  қалды.  Ол  үндемеген  соң  басқа  қыздар  да

менен  беттерін  бұрып,  тѳмен  қарасты.  Қолға  түскен

тұтқындай  болып,  олардың  ортасында  тѳмен  қарап  мен

тұрдым.

Қыз қайта сұрақ қойды.

— 

Соғыста командир деген болады дейді, рас па?



— 

Рас, - дедім мен басымды кѳтеріп.

— 

Ә-ә-ә,  -  деді  қыз  даусын  соза  аңқаусып.  -  Сіз



командир болдыңыз ба?

— 

Жоқ, - деп қалдым да артынан: - Иә, болдым, - деп



басымды изедім.

22



Қыз  сықылықтап  күліп  жіберді.  Оған  ѳзге  қыздар

күлкісінің күміс сыңғыры қосылды.

— 

Жоғыңыз  қалай,  иә,  болдымыңыз  қалай?  -  деді  қыз



күлкісін  сәл  басып,  қара  кѳздерін  одан  сайын  ойнақтата

түсіп. Мен жайымды айттым.

— 

Кіші командир болған едім, - дедім.



«

Кіші»  деген  сѳзді  бекер  айтқанымды  кеш  біліп

қалдым.  Бірақ  «айтқан  сѳз  -  атқан  оқ»  деген.  Ѳкінгенмен

оқты кері қайтара алмайсың. Не де болса ақырын күттім.

Ақыры былай болып шықты.

Жазық  маңдайы  жарқырап,  қыз  тұрған  жерінен  сәл

кейін  шегінді  де,  менің  бұзау  бас  керзі  етікті  аяғыма  бір,

әлі  шаш  есе  қоймаған  тықырлау  басыма  бір  қарап,

шомбалдау  боп  біткен  тәпелтек  бойымды  лезде

шолып етті.

Содан  соң  ол  менің  бойыма  басымнан  аяғыма  қарай

қайтадан кѳз жүгіртті. Ѳң бермеген құдай маған құнттап

бой  да  бермеген  ғой.  Қыз  байғұс  бейнеттеніп  қанша

қарағанымен,  бәйтерек  емес,  бір  жарым  метрден  аз-ақ

асатын  тапал  бойға  қанша  бѳгеледі.  Жуантық  келген

жұмыр мойнын бір жағына қарай бұрды да: Кѳрініп тұр,

деді ақырын, бірақ барлық қыздарға естірте айтты.



Әскерде  кіші  командир,  үлкен  командир  болатынын

оның білетін, білмейтіні маған беймәлім. Алайда ол менің

кіші  командир  болдым  дегенімді  бойымның  кішілігіне

апарып сайды. Әдейі сѳйтті ме, жоқ білмегендіктен солай

ойлады ма, оны да аңғара алмадым. Әйтеуір қыздар оның

«

кѳрініп тұр» дегеніне ду күліп жіберді. Басымды қайта-



қайта сипалап, ѳзім де күлдім.

— 

Қыздар, күлмеңдер, - деді ол түсін суытқан болып. -



Күлкен, анау журналды алып келші.

Гүлдей  майысқан  бір  қыз  оқытушы  столының  үстінде

жатқан  журналды  алып  келді.  Мені  тергеуші  қыз  оны

қолына ұстап тұрды да:

23



— 

Мұнда, курста староста болады, білесіз бе? - деді.

Ішімнен:  «мені  тым  тақымдап  тұрғаның  староста

екенсің ғой»

деп  ойладым  да,  басымды  изедім.  Қыз  сѳзін  қайта

жалғады.


— 

Староста студенттердің бәрін тізімге алады.

Мен тағы басымды изедім.

Қыз енді маған маңғаздана қарады.

— 

Мен  староста  емеспін.  Бірақ  бүгін  староста  жоқ.



Сондықтан  сізді  тізімге  алу  құрметі  маған  тиіп  отыр.  -

Осылай деп ол журналды ашты. - Фамилияңыз кім?

— 

Есенов.


— 

Атыңыз?


— 

Ербол.


Қыз  саусақтары  майысып  отырып,  журналдың  ең

соңына «Есенов Е.» деп жазды да, қайтадан бетіме қарады.

— 

Ербол?.. Сіз соғыста ер болдыңыз ба?



Бұл  сұраққа  не  айтарымды  білмей  және  бѳгеліп

қалдым.


— 

Жоқ, жұрт қатарлы, - дедім ақырын.

— 

Бәсе, кеудеңіз сылдырламайды, - деді қыз.



Мұны  да  оның  қай  мағынада  айтқанын  аңғармадым.

Кеудеңде  орден,  медальдарың  жоқ  дегені  болар  деп

түйдім. Ал менің орден, медальдарым жеткілікті болатын.

Тек  оларды  студенттер  арасында  мақтанған  сияқты  боп

кѳрінбейін 

деп 


таңертең 

университетке 

келерде

кеудемнен  бір-бірлеп  ағытып,  түскен  үйімде  қалған  зат

қапшығымнын ішіне салып кеткенмін. Бірақ кызға дәнеңе

демедім.


Қыз  журнал  бетіне  үңіліп,  тағы  да  сұрақ  қоя  бастады.

Осы  кезде  сыртқа  шығып  кеткен  бірен-саран  қыздар  да

аудиторияға қайта кіріп жатты.

— 

Қай жылы туғансыз?



— 1922 

жылы, - дедім күбірлеп.

24



— 

Қаттырақ  айтыныз,  -  деді  қыз  менің  жауабымды

ести  тұрса  да.  -  Семья  жағдайыңыз  қандай  -  әйеліңіз

бар ма?


— 

Жоқ.


— 

Сүйген қызыңыз бар ма?

Мен басымды шайқадым.

— 

Қыздар естіп отырсындар ма? - деді ол жан-жағына



қарап.

Ешкім үндемеді.

— 

Түу,  қойсаңшы,  Қанипа,  -  деді  осы  кезде  отырған



қыздардың  біреуі  орнынан  тұрып,  бізге  қарай  аяңдап.  -

Ағайды, 


соншама 

әурелегенің 

не, 

тергеушідей



жауап алып.

25



О

ртадан  сәл  ғана  тѳмендеу  бойы  бар,  самай  тұсы

шираты-а  бұйраланып  тұратын  қою  қара  шашын

ұзын  қос  бұрым  етіп  ѳріп,  оны  ақ  мандайынан  жоғары‐

лата  басына  бірнеше  рет  орап,  екі  ұшын  тас  қылып

тѳбесіне  түйіп  тастаған,  ақ  беті  таза  қолмен  аршыған

жұмыртқадай  кіршіксіз,  жасы  он  сегізге  келген

талдырмаш  қыз  мені  қоршап  тұрған  ѳзге  қыздардың

арасын қақ жарып етіп, қасыма жақындай берді. Қыздың

ғажап сипатын кѳргенде мен ұялуды ұмытып, оған бақы‐

райып, қадалдым да қалдым. Орасан үлкен де емес, онша

кіші  де  емес  дѳңгелек  қара  кѳздер  «тергеуші»  қыздың

кѳзіндей ойнақыланбай, кѳлгірсіп күлімдемей, ѳзгеше бір

пәк, таза тұнықтықпен жаудырай қарайды. Жылы шуақты

осы  қос  кѳздің  арасынан  тѳмен  қарай  ақ  қағазға  ақ

бояумен  тартқан  тік  сызықтай  болып,  қыр  мұрыны  кѳрі‐

неді.  Осы  әсем  мұрын  астындағы  таңертеңгі  гүлдей

бүрсіңкі  оймақтай  ауыздың  «мені  кім  сүйеді?»  дегендей

ынтыға  үлбірей  қалған,  боялмаған  қызыл  еріндері  қыз

жүрісінің  ырғағымен  әлде  ѳзі  дір  еткендей  ме,  әлде

тыныш тұрған мені дір еткізгендей ме, бір белгісіз жайды

аңғартты. Лезде сол дірілдің суға лақтырған тастай болып,

алысқа,  жүрегімнің  түбіне  қарай  шым  батып  бара

жатқаны  ѳзіме  ап-айқын  боп  біліне  бастады.  Жаныма

тақап  қалған  қыздың  аппақ  бұғағы  мен  жұп-жұмыр

мойнын  кѳзім  шалғанда  тамағымның  ішінен  бір  жұмсақ

нәрсе қытықтай жѳнелгендей және бір сезім пайда болды.

Әсіресе,  оның  оң  бетіндегі  мойылдай  Мѳлдіреген  мең

менің кѳзімді де, ѳзімді де магниттей тартып, әкетіп бара

жатты.  Ақ  қыз  алдыма  келіп  тоқтап,  қылымсымай,

қымсынбай,  бейнебір  ѳзінің  туған  ағасымен  сѳйлесіп

тұрғандай үн қатты.

Ағай, бұл Қанипа деген қалжыңбас қыз, - деді ол мені



сұрақтарымен  сонша  қинаған  қызыл  шырайлы,  қасқа  тіс

қызды  иығынан  бір  сипап  қойып.  -  Бәрімізді  күлдіріп,

26



кѳңілімізді  кѳтеріп  отыратын  осы.  Сіз  оған  ренжіп

қалмаңыз.

Неге  екенін  білмеймін,  бұл  қыздың  дауысын  құбылт‐

пай,  бірқалыпты  табиғи  биязылықпен  ѳтіне  айтқан  сѳзі

маған  бұйрықтан  бетер  әсер  етті.  Жау  танкімен  жекпе-

жек  айқасуға  жауапты  бұйрық  берген  командир  сѳзін

тыңдағандай,  екі  қолымды  жамбасыма  жапсыра  ұстап,

тіп-тік  бола  қалдым  да,  «құп  болады»  дегендей  ишара

жасап,  алдымен  басымды  изеп,  одан  соң  еңкейе  иілдім.

Бұл  арадағы  екі  қимылдың  бірі  ар-тық:  бас  изеген  соң

иілудің  қажеті  жок  еді.  Бірақ  мен  сол  сәтте  не  қажет,  не

қажет  емес  екенін  біліппін  бе,  сірѳ.  Содан  соң  қайтадан

кеудемді  керіп,  бақырайып,  бағжиып  қызға  қарап,  оқтау

жұтқандай тік-тік боп серейдім де қалдым. Мұным: «Мен

сіздің  құлыңызбын,  айтқаныңызды  бұлжытпай  орындай‐

мын,  тағы  не  бұйырасыз?»  дегенім  сияқтанды.  Менің  бұл

тұрысым  сылаңдаған  әсем  аққудың  қасында  ѳз-ѳзінен

күжірейіп, одырайып тұрған күркетауықтын қоразын кѳз

алдарына елестетті ме, кім білсін, кейбір қыздар мырс етіп

күліп  жіберді.  Осы  кезде  бағанағы  бүріскен  гүл

ашылайын  дегендей  әлпеттанытып  келе  жатты  да,  тез

тоқгап,  сол  күйінде  қозғалыссыз  қалды.  Ѳзге  қыздар

күлгенмен  ақ  қыз  әсем  ернін  қытықтай  бастаған  күлкіні

кері  қайырып  жіберді.  Мұнысымен  ол  барша  ұстамды

қыздың  бетінен  еш  нәрсені  білдіртпейтін,  жақсы  иә  жек

кѳргенін  ешқашан  аңғартпайтын  ең  үлкен  ѳнерін  таны‐

тқан  еді.  Бірақ  ағасының,  ѳзімді  айтамын,  ол  кезде  оны

аңғарарлық жайы мүлде жоқ болатын.

Сонымен,  ұзын  сѳздің  қысқасы,  жігітке  жұтаң  соғыс

кезіндегі  ауылда  ѳсіп,  сұрапыл  шақта  бозбаламен  қатар

тұруға  үйренбегендіктен  және  олардын  қыз  алдында

ѳздерін қалай ұстайтындықтарын кѳрмегендіктен бе, әлде

ѳзінің  де  мен  сияқты  қобалақ,  қолапайлау  ағасы  болып,

сол  есіне  түскендіктен  бе,  білмеймін,  қыз  менің  ат

27



байлайтын  ақырдай  болып,  серейіп  қалған  қолайсыз

күйімді  күлкі  етпеуге,  елемеуге  тырысты.  Оның  орнына

бағанадан  бері  қыздар  кѳзіне  күлкінің  нысанасы  боп

тұрған  мені  бұл  жағдайдан  тез  шығарып  әкетуге  әрекет‐

тенген  сияқтанды.  Жаныма  одан  сайын  жанаса  кеп

тұрды да:

Қане,  ағай,  жаңа  лекцияны  жаза  алдыңыз  ба?  -  деп



алдымда беті жабулы жатқан дәптерге қолын созды.

Бұл  бір  неміс  қағазынан  жасалған  қалың  кінағаның

жартысы  болатын.  Германиядан  қайтарда  дүниеқоңыз

кейбіреулер дүкеннен дүкен қоймай аралап жүріп, нәрсе

алып, үйлеріне сәлемдеме - посылкалар жѳнелтір жатты.

Ал  мен  халқымыздың  «Бүлінгеннен  бүлдіргі  алма»  деген

қағидасын  берік  ұстандым  да,  еш  нәрсеге  қол  созбадым.

Маған  Отанымның  жауын  жеңгендігі  мен  ѳзімнің  аман

қалғандығымнан қымбат олжа жоқ еді. Осы оймен Герма‐

ниядан  кеткелі  жатқанымда  кѳп  айлар  қоластымда

болған,  кейін  зеңбірек  кѳздеушісіне  жоғарылатылған

жауынгер  жолдасым  -  коми  жігіті  осы  қалың  кінағаны

қаладағы баспаханаға барып, қақ бѳлдіріп әкеп, менің зат

қапшығыма  салды.  «Сержант,  мұны  жау  жерінен  алған

олжам  деп  емес,  менің  сізге  тартқан  сыйлығым  деп

алыңыз.  Еліңізге  барып,  оқуға  түссеңіз,  бұл  қағаз  сізге

керек  болады»  деп  етініп  болмады.  Ал,  менің  оқуға

түсетініме  еш  күмәнім  жоқ  еді.  Мен  бір  қызық  айтайын

сіздерге:  ѳзім  соғыста  ешқашан  да  әлемін  деп  ойлаған

емеспін.  Соғыстан  кейін  алдыма  қайтсем  де  журналист

болуым керек деген мақсат қойып едім, ол да орындалды.

Тегі  адам  не  нәрсеге  сеніп,  беріле  істесе,  оның  сол  ойы

орындалып  шығатын  болар  деп  ойлаймын.  Жоқ,  мұның

біздің  әңгімеге  қатысы  жоқ.  Жай,  еске  түсіп  кеткен  соң

айтып  жатқаным  да.  Сонымен,  қыз  менің  алдымдағы

дәптерді  ѳзіне  қарай  сырғытып,  бірінші  бетін  ашып

қарады.  Одан  жол  ортасына  бадырайта  жазылған  «Сын

28



есім»  деген  сѳзден  еңге  ештеме  таппады  да,  бас  жағын

жазып  үлгіре  алмай,  аяқ  жағын  келесі  бетке  жазған

шығар  деп  ойлаған  болуы  керек,  ол  қағаздан  да  аппақ

сүйрік саусақтарымен дәптердің екінші бетін аударды.

-

Бәле,  ағай,  ештеңе  жазбапсыз  ғой,  -  деді  ол  келесі



беттін  де  таза  тұрғанын  кѳріп.  Дес  берісі  қыз  маған

«

Ештеңе  жаза  алмапсыз  ғой»  демей,  »жазбапсыз  ғой»



деді.  Тегі  сол  сѳзінің  ѳзі  менің  кѳңіліме  кѳп  қалды  деп

ойлаған  болуы  керек,  дереу  оны  және  жұмсартуға  тыры‐

сты.  -  Ой,  ағай,  мұндай  бола  береді.  Шүу  дегенде  осы

отырған бәріміз де лекция жаза алмағанбыз. Адам бірте-

бірте  тѳселеді.  Алдымен  әр  оқытушының  үніне  құлақты

үйрету керек.

Осы  кезде  дәлізде  соғылған  қоңырау  үні  естілді.  Мені

қоршап тұрған ѳзге қыздар ѳз орындарына қарай ойысты.

Тек  ақ  қыз  әлденені  ойлағандай  ернін  жымыра  түсіп,

бѳгеліп қалды да:

— 

Ағай,  алға  жүріп,  менің  қасыма  отырыңызшы.  Мен



сіздің конспект жазуыңызға кѳмектесейін, - деді.

Мен не істерімді, бұл ұсыныска не дерімді білмей, сәл

бѳгеліп қалдым. Мұным - қыздың бұл сѳзді шын ықыла‐

сымен  айтып,  ѳзіме  қиыла  қарағаны  су  қоспаған,  таза

спиртті  жұтқан  адамның  алдымен  тұншыға  жаздап

барып, дем алғаннан кейін кѳмейінен томен қарай әлдене

ішін  ѳртеп,  ақырын  жылжып  бара  жатқанын  сезіп,  біраз

үнсіз отыратыны сияқты бір сәт еді. Бұған дейін бұл қызға

бас  изеп,  сақаудай  ыммен  жауап  бергеннен  басқа  үн

қатып  ештеңе  дей  алмағанмын.  Дей  алмағаным,  оны

кѳргеннен-ақ  тіл  мен  жағымнан  айырылдым.  Қыздың  ақ

дидарынан  шыққан  әлдебір  асыл  күш  менің  сѳйлеуге

тілімді  келтірмей,  кѳмекейімді  тас  қып  буып  тастаған

тәрізденді. Міне, сондықтан бұл жолы да мен қызға риза‐

лығымды  ыммен  білдіріп,  басымды  изедім.  Осы  кездегі

оның  ризалық,  биязылық,  сыпайылық,  сүйкімділігін

29



кѳргенде  менің  жүрегім  бұрынғыдан  бетер  дүбірлеп,

дүрсілдеп кетті. Бағанадан бері жүрегімнің лүпілі тыныш

тұрған  самолет  моторының  от  алдырғандағы  алғашқы

гүріліне ұқсаса, оның ендігі соғысы сол мотордың стартқа

келген  самолетті  кѳкке  кѳтерер  алдындағы  бар  қуатымен

қалшылдай  дірілдеп,  самолетті  ішіндегі  жолаушыла‐

рымен қоса теңселте қозғап, тітіретіп жіберер сәтіне пара-

пар болды. Қойшы, не керек, лезде-ақ мен мұрнын тескен

тайлақтай  елпеңдеп,  қыздың  соңына  ілесіп,  аудитори‐

яның алдыңғы жағына қарай аяңдадым. Жоқ, сол сәтте ол

қыз менің тек мұр-нымды ғана емес, жүрегімнің ѳзін қоса

тесіп, бұйдалап алыпты ғой. Кім білген, қыз шіркіндердің

бар істі осылай, үндемей тындыратынын.

Ақ  қыздың  орны  есік  жақтағы  екінші  партаның  оң

қанатында  екен.  Мен  жақындай  бергенде  сол  жағында

отырған қызға былай деп жатты:

— 

Қанипа,  сен  артқа  барып  отыршы.  Мен  ағайды



қасыма алып, конспект жазуына кѳмектесейін.

— 

Іһ-һі! - деді Қанипа біреу оны ынқ еткізіп бүйірден



қойып қалғандай, даусына мән бере және қаттырақ шыға‐

рып.  Жақынырақ  отырған  қыздар  оның  «іһ-һісіне!»  елең

етіп,  мән  бере  қалды.  Тек  ақ  қыз  ғана  оны  елемеген

сияқтанды.

— 

Немесе  мен  орнымды  берейін,  ағайға  сен  кѳмектес.



Жаңа келген, әлі үйренбеген кісіге алыста отырып лекция

тыңдау қиын ғой, - деді ол ѳзінің сабырлы қалпымен.

Жолдасына  тағы  бірдене  демек  боп  оқтала  берген

қызыл  шырайлы  қыз  сәл  бір  йіп  мен  қасына  келіп

қалғаннан кейін жалт етіп бетіме қарады да, ақырын ғана

жымиып:


— 

Қазір,  қазір,  -  деп  қағазын  жинай  бастады.  -  Әй,

Меңтай-ай,  жаңа  ғана  бұл  жігіттен  жауап  алып,  беделім

күшейіп  қалып  еді.  Абыройымды  айрандай  тѳктің-ау.

Тым болмаса ертең ауысып отыратын едік қой.

30



Маған қамқоршы қыздың аты Меңтай екенін мен енді

ғана  білдім.  Аудиторияда  алғаш  естіген  аттарымды

ұмытып  қалмау  үшін  «Қанипа,  Меңтай!..  Қанипа,

Меңтай!..»  деп  ѳлең  жаттағандай,  күбірлец»,  ішімнен

бірнеше рет қайталай бердім.

— 

Ағай жауды тезірек жеңіп, оқуға келсем, біз сияқты



қарындастарының  қасында  отырсам  деп  талай  арман

еткен шығар. Сѳйтіп келген кісіні ең түкпірге шошайтып

жалғыз отырғызып қойғанымыз ұят емес пе?

Ментайдың  бұл  сѳзі  жаныма  жағып  кетті-ау

деймін, мен:

— 

Иә, иә, тѳрт жыл арман еттік кой, - деп ыржалактап,



басымды  изей  бердім.  Меңтай  сѳзінен  жеңілген  Қанипа

басқа  еді  дау  айта  алмады.  Тіпті  ерніне  келген  ѳткір  әзіл

сѳздерінен  де  айырылып  қалды-ау  деймін.  Сасқалақтай

орнынан тұрып:

— 

Ғапу етіңіз, отырыңыз, - деп маған тағы бір жымия



қарап,  жалт  ѳткізе  кѳз  тастады  да,  қағаздарын  құшақтап

артқы партаға қарай кетті.

— 

Қанипа, қайда барасың? - деді қыздар әзілдеп.



— 

Эвакуация, тылға кѳшіп барамын, - деді ол да күле

жа-уап беріп.

Мен  оның  орнына  отыра  беріп,  Меңтай  ойының

зеректігіне таң қалдым. Меңтайдың жаңағы айтқан: «Ағай

жауды  тезірек  жеңіп,  оқуға  келсем,  біз  сияқты  қарын‐

дастарының  қасында  отырсам  деп  талай  арман  еткен

шығар»  дегені,  оның  алдында  айтқан  -  алыста  отырып

лекция тындау ауыр екендігі, алдымен оқытушының үніне

құлақты  үйрету  қажеттігі  туралы  пікірлері  -  бәрі-бәрі

менің  ойым.  Сонда  осы  қыз  алдыңғы  лекцияда  ештеңе

жазбай,  ѳлдебір  әдіспен  тек  қана  менің  ойымды  тындап

отырғаннан  сау  ма  екен  ѳзі  деп,  оған  қымсына  қарап

қойдым.  Қыз  жай  ғана  жымиып,  парта  қуысындағы

дәптерін,  сиясауытын,  қаламын  бір-  бірлеп  шығарып,

31



жайлап  алдына  қоя  бастады.  Оның  парта  үстіне  қойған

дәптерінің мұқабасындағы жазуға кѳзім түсті. Онда былай

деп  жазылған  екен:  «Қазақ  тілі  Қазақ  Мемлекеттік

универсигеті  тарих-филология  факультетінің  II  курс

студенті

Ербосынова М.»

Мен  Меңтайдың  фамилиясынын  Ербосынова  екенін

осы  арада  білдім.  Ол  дәптерінің  беттерін  парактап

ашқанда  ѳткен  лекциядан  маржандай  тізілген  айқын

әріптермен  шақпақ  жолды  үш  бетке  толтыра  конспект

жазып  алғанын  кѳрдім.  «Бәсе,  ішіндегіні  біреу  қайдан

білсін,  -  деп  ойладым  тағы  да.  -  Ѳзінің  зеректігімен  мен

ойлаған  ойдың  үстінен  түсіп  жатқан  шығар.  Дегенмен,

бұл  қыздың  аузынан  шыққан  қарапайым  сѳздердің  ѳзі

мені  сары  алтынның  буындай  балқытып  бара  жатқаны

тегі  оның  әң  сұлулығынан  ғана  емес,  осы  ой  зеректігінен

де болар».

Қазақ  тілінің  оқытушысы  біраз  кешігіңкіреп  келіп,

сабағын 

жалғастырды. 

Жақыннан 

қарағанда 

ол

құсмұрындығының  үстіне  мүлде  шүңірек  кѳз  кісі  екен.



Менің  алыста  оты-рып,  оны  бүркітке  ұқсатқаным  тіпті

дұрыс болыпты.

Сабағын  бастай  бере  ол  екінші  партада  жапалақтай

жарбиып отырған маған кѳз тоқтатты.

— 

Сіз  қайдан  келдіңіз,  аты-жѳніңіз  кім?  -  деді



оқытушы маған.

Партаны  салдыр-күлдір  еткізіп,  мен  орнымнан  атып

тұрдым. Керзі етіктің екі басы, бірімен-бірі сүзіскен бұза‐

удай  болып,  сарт  ете  қалды.  Оң  қолымды  шошаң  ѳткізіп

жоғары кѳтере бердім де, жалаң бас тұрғаным есіме түсіп,

жалма-жан жамбасыма жапсыра қойдым. Бағанадан бері

оқытушының аты-жѳнін де сұрамаппын,. не де болса деп,

бұрынғыша тарта бердім.

— 

Жолдас  оқытушы,  алдыңызда  тұрған  -  аға  сержант



32


Есенов  Ербол.  Демобилизациямен  әскерден  қайтып,

университетке оқуға келдім.

Қыздардың  бәрі  қыран  күлкі  болды.  Оқытушы  да

күліп  жатыр.  Тек  Меңтай  ғана  дыбыс  шығармай,  езу

тартты.  Онысын  да  тез  тыя  қойып,  маған  қарай  жақын‐

даңқырап:

— 

Ағай, сержант емес, студент деп айтыңыз, - деді.



Жұрт  осыған  күлген  екен  ғой  дедім  де,  шапшаң

қатемді


түзетпек болып, қыздардың күлкісі тоқтала бергенде:

— 

То есть студент Есенов Ерболмын, - дедім ыржиып.



Қыздар  бұрынғыдан  бетер  сақылдап  күлсін.  Күлсе

күле  берсін.  Қыздардың  күлкісі  маған  майдай  жағады.

Ѳйткені  ол  немістердің  алты  стволды  минометінің

абалап  келіп,  айналаға  ажал  шаша,  алды-артымда

жарылып  жатқан  миналары  емес.  Мен  қазір  тірі

дүниенің  тозағынан  шығып,  пейішке  келіп  тұрғандай‐

мын. Сондықган осынау хор қыздарына қосылып, ѳзім де

еріксіз күлемін.

Бір  кезде  күлкі  басылды.  Оқытушы  оң  жағына  бұры‐

лың-қырап, қалтасынан орамалын алып, кѳзін сүртті. Тегі

мен орнына отырды ма деп ойлады ма, әлде маған қара‐

сам, күліп

қоярмын  деді  ме,  білмеймін,  оқытушы  сол  қырын

қараған күйі сабағын бастады.

Ал мен отырғаным жоқ. Отырмағаным, әскерде ондай

тәртіп  жоқ.  Шені  кіші  адамдар  аға  командир  рұқсат

еткенде  ғана  орнына  отырады.  Бұл  жерде  оқытушы  аға

командир есебінде. Ендеше мен ол «отыр» демей, орныма

жайғасуға  тиісті  емеспін.  Ѳстіп,  ѳзімнің  тәртіптілігімді

танытпақ  боп  қалшиып  тұрмын.  Меңтай  маған  сыбыр‐

лап: «Отырыңыз», - дейді. Тәртіпті солдат қалай отырды?

Ал  мен  оқытушының  әскерде  болмағанын,  әскер

тәртібінің  иісі  мұрнына  да  бармайтынын  қайдан  білейін.

33



Мен одан сайын екі жамбасымды қаттырақ қысып, сіресе

түсемін.


Қыздар  күлкіге  булығып,  тағы  сықылықтай  бастады.

Тіпті  болмаған  соң  Меңтай  мені  гимнастеркамның

етегінен  тартып,  ѳзіне  қаратты  да:  «Отырыңыз»,  -  деп

жалынғандай  болды.  Мен  қыздың  кѳңілін  қимай,

отырайын  деп  ойладым  да,  оқытушыға  қайта  қарадым.

Ол  алдындағы  конспектісіне  үңіліп,  сын  есім  туралы

лекциясын  тѳпелеп  жатыр,  мен  жаққа  ақы  берсең  бұры‐

латын емес. Бірінші рет әскер тәртібін бұзып, амалсыздан

отыруыма  тура  келді.  Рұқсатсыз  отырғаныма,  бейне  бір

намазым  қаза  болған  молдадай  ішімнен  бұрқылдап,

құсмұрын  оқытушыны  кіналадым.  Дегенмен  ол  мен

жаққа бұрыла қалса, тез орнымнан атып тұруға және әзір

болдым.  Осы  кезде  ол  кѳзін  менен  асырып,  арт  жаққа

қарады.  Оқытушы  маған  назар  аударған  екен  деп,  елбең

етіп,  ұшып  тұра  жаздадым.  Менің  мұныма  Меңтай

амалсыз жымиып, ақырын ғана бас шайқады.

Әскерде сүйекке сіңіп кеткен тәртіпке байланысты осы

қылығымнан  мен  кейін  қатты  ұялып  жүрдім.  Оған

мынандай тағы бір себеп те болды. Сол күннен кейін іле-

шала Тәкен-нен хат алғамын. Ол былай деп жазған екен.

«

Ербол,  аманбысың?  Оқуға  түскеніңе  қуанып  жатыр‐



мын.  Сенің  түсетінінді  білгенмін.  Мен  де  аманмын.  Ѳзім

келген  күннің  ертеңінде-ақ  бір  асауға  бұғалықты  тастап

кеп  жі-бергенмін.  Бірақ  әлі  құлағына  қолым  тиген  жоқ.

Ноқтаны  ыңғайлап  ұстап,  жалын  сипалап,  жақындап

келемін.  Әлдеқашан-ақтұқыртып  алатын  едім,  ѳзімнен

болды.  Ѳйткені,  келген  күні  мен  оның  шешесін  ѳлтіріп

ала жаздаппын.

Әңгіме  былай.  Ауылдың  үлкен-кішісі  біздің  үйге,

маған  сәлемдесуге  келіп  жатты.  Мен  де  оларға  әскери

тәртіппен  ізет  кѳрсеттім.  Келгендер  не  қолымды  алмақ

болып,  не  бетімнен  сүюге  ыңғайланып,  тѳрде  отырған

34



маған қарай ұмтылады. Мен орнымнан атып тұрамын да,

он қолымды сарт еткізіп шекеме кѳтеріп:

Здравия  желаю,  старший  сержант  Майшанов,  -  дегі



қатты айқайлап, қаққан қазықтай боп, бажырая қаламын.

Міне,  осыған  соғыс  кѳрмеген  сужүрек  екі-үш  жаман

кемпір  шалқаларынан  түсе  жаздап,  талып  қалған  бола‐

тын.  Жұрт  олардың  бетіне  су  бүркіп  жатқанда  мен:

«

Әкетіңдер,  әкетіндер,  санротаға  апарыңдар»  деймін  ғой



баяғы.  Ѳйткені  маған  сәлемдесуге  басқа  жұрт  та  келеді.

Кемпірлерді  тѳрге  серейтіп  салып  қойып  отырайын  ба

сол.  Құдай  ұрғанда  жаңағы  талып  қалған  кемпірлердің

бірі  мен  жақсы  кѳрген  қыздың  шешесі  болып  шықпасы

бар ма? «Алыстан ажалдың аузынан қайтқан бала ғой деп,

емірене  еңкейіп,  құшағымды  жая  бергенімде  тѳрде  тып-

тыныш  отырған  алпамсадай  жігіт  алақ-жұлақ  етіп  атып

тұрды.  Кеудесіндегі  теңгеліктері  диуананың  асасындай

сыл-дыр-сылдыр  қағып,  әкесінің  атына  әлдебір  түсініксіз

сѳздерді  қосып,  арс-арс  ете  қалғанда  иманым  ұшып,

жүрегім  жарылып  кете  жаздады.  Мен  ондай  диуанаға

қызымды  бермеймін»  деп  айтады  дейді  сол  кемпір.

Диуана деп отырғаны - мен. Тапқан екен диуананы!

Біздің жағдай осы. Бірақ кемпірдің қарсылығына қара‐

мастан атаканы күшейтіп жатырмын.

Сен ѳзің де сыпайысың ғой. Дегенмен осындайдан сақ

бол.  Әскердің  заңы  ауылға  жарамайтынын  байқап

қалдым. Жақсы кѳрген біреуің болса, маған ұқсап, үркітіп

алып жүрме. Ал мен болдым.

Қанды кѳйлек досың Тәкен».

Хатты оқып, алдымен ішек-сілем қатып, күліп алдым.

Артынан  ѳзімнің  алғашқы  лекцияда:  «Аға  сержант

Есенов!»  деп  орнымнан  атып  тұрып,  одан  рұқсатсыз

отырмаймын  деп  қалшиып  тұрып  алғаным  есіме  түсіп,

кірерге тесік таба алмай ѳз-ѳзімнен қысылған едім. Деген‐

мен,  әскерден  қайтқан  адамның  бойындағы  бұл  сияқты

35



сол  теліктер  келденең  жұртқа  күлкілілеу  кѳрінгенмен,

әскер  тәртібінің  осылай,  сүйекке  сіңісті  боп,  кѳпке  дейін

кеңілден  кетпегеніне  ѳз  басым,  бір  себептен,  ѳкін-беймін

де.  Ѳйткені  сүйекке  сіңбеген  тәрбие  -  тәрбие  емес.

Тәртіпті,  ынтымақты  әскер  ғана  жауынан  жеңілмейді.

Меніңше  осы  күнгі  жастар  тәрбиесі  үлкен  үш  бѳлімнен

құралады.  Ол:  семья,  мектеп  және  әскери  ѳмір.  Осы  үш

тәрбиені ѳз бойына дұрыс сіңіре алған жас адам - жақсы

азамат. Ондай ұрпағы бар Отан - Ұлы Отан, оны ешқашан

да жау ала алмайды.

Жә,  мұның  ѳзі  бүйректеу  әңгіме  боп  кетті-ау  деймін.

Енді оны қойып, әлгі аудиторияға қайта оралайын.

Иә,  мен  орныма  отырғаннан  кейін  қыз  ақырын  ғана

жымиып, білінер-білінбес етіп, басын шайқады дедім ғой.

Онысы  Ментайдың  мені  жазғырғаны  ма,  әлде  жақтағаны

ма  -  аңғарғаным  жоқ.  Бар  байқағаным  қыз  сыпылдатып,

ѳз дәптеріне тағы да жарты беттей жазып тастаған екен. -

Ағай,  үш  жарым  беттей  орын  қалдырып,  міне  жерден

бастап  маған  ілесіп  жаза  беріңіз,  -  деп  Меңтай  сол

қолының шынашағымен ѳзі дәптерге енді түсіре бастаған

сѳйлемді  нұсқады.  Қыздың  шынашағы  аяпақ,  жұп-

жұмыр  екен.  Одан  озыңкы  ѳзге  саусақтар  әсемдігі,

әдемілігімен  және  жан  күйдіреді.  «Әттең,  мына

саусақтарды  шѳпілдетіп  сүйер  ме  еді,  тым  болмаса

ақырын  ғана  сыртынан  сипар  ма  еді?!»  деп  мен  кәмпит

кѳрген  баладай  жұтынып,  телмірдім  де  қалдым.  Менің

сұқтанып  отырғанымды  сѳзді-ау  деймін,  қыз  дәптерінің

шетін  басып  тұрған  есем  саусақтарын  ақырын  ғана

жұмып,  жұдырығын  түйіп  алды.  Жас  баланын  жұдыры‐

ғындай  сүйкімді  сол  бір  жұдырықты  жұтып  қояр  ма  еді

деп, мен оған да қызыға қарадым. Оң қолымен сыпылдата

конспект жазып жатқан қыз жаңағы жұмған жұдырығын

дәптер  шетінде  сәл  ұстап  отырды  да,  маған  сездірмеуге

тырысып, сол қолын жайлап тартып алып, тѳмен түсірді.

36



Алақанымен сипалап, партаның қуысынан бірдеңе іздеген

сияқтанды.  Онысы  менің  кѳзімді  тайдыру  үшін  жасаған

қулығы-  ау  деймін.  Ѳйткені  сия  сорғыш  іздеді  ме  дейін

десем, 


онысы 

дәптерінің 

үстінде, 

оң 


қолының 

астын-да жатыр.

Бір минут қана осы арада бір кѳлденең әңгімеге тоқтай

кетейін. Лекция жазып отырған кезде кѳл терлейтінін, ал

қағаздың тер тиген жеріне сия жайылып кететінін, ѳйтпес

үшін  оң  қолдың  астына  сия  сорғыш  не  бір  басқа  қағаз

тѳсеп  отыру  керектігін  мен  кейін  Меңтайдан  үйрендім.

Меңтай  үйреткен  осы  әдіс  маған  ѳмірлік  айнымас  әдет

болып кетті. Күні бүгінгі үйде, иә кеңседе отырып газетке

мақала немесе очерк жазғанымда бір бет ақ қағазды алып,

ортасынан  бүктеймін  де,  оң  қолымның  астына  салып,  әр

жол  жазған  сайын  оны  сол  студент  күнімдегі  сияқты

тѳмен  қарай  сырғытамын  да  отырамын.  Ал  аудандарға

командировкаға шыққанымда шақтап қойын дәптерімнің

ішіне  де  сондай  бѳлек  қағаз  салып  аламын.  Неге  десеңіз,

мен  жолжазбаларымды  қойын  дәптерге  тек  қана  сиямен

толтырамын. 

Қарындашқа 

сенбеймін. 

Қарындаш


тұрақсыз әйел сияқты, жазғаның қазір бадырайып тұрға‐

нымен, біраздан соң із-түзсіз боп ѳшіп қалады. Иә, кейде

сондай  қағазды  ортасынан  бүктеп  немесе  қойын

дәптеріме  шақтап  кесіп  жатқанымда  ойыма  Меңтай

түседі  де,  жақсы  керген  жаныңнан  үйренген  әдет  жады‐

ңнан шықпайды екен-ау деп қоямын ішімнен.

Жә,  енді  жаңағы  жерден  қайта  сабақтайын.  Сиясы

алдында  тұрған,  сия  сорғышы  оң  қолының  астында

жатқан  қыздың  партаның  астынан  басқа  еш  нәрсе  іздей

қояр  жѳні  жоқ  еді.  «Тегі  Меңтайдың  мұнысы  қолыма

қарама дегені шығар» дедім де, мен лекция жазуға ыңғай‐

ландым.  Гимнастеркамның  омырау  қалтасынан  бір

басына сол кезде сексен алты аталатын қаламұш сұғылған

қаңылтыр  қаламымды  қолыма  алып,  Меңтайдың

37



сиясынан жазуға ыңғайландым. Тѳрт жыл бойы майданда

санаусыз  солдат,  сансыз  техника,  қаптаған  қала,  деревня‐

ларды  толассыз  жалмап  отырғанның  үстіне  арттағы  елде

кѳзге  кѳрінген  дүниенің  бәрін  түк  қалдырмай  қылғып,

жұтып  келген  жебір  соғыстың  жойылғанына  жарты  жыл

ғана  толған  ол  кезде  студент  үшін  бір  сауыт  сияның

қасқалдақтың  қанындай  қымбат  казына  екенін  мен

артынан  білдім.  Қасына  ѳзі  шақырып  әкелген  кыздың

сиясы  да  ортақ  шығар  деп,  қолымды  соза  бергенде-ақ,

Меңтай:  «Жазыңыз,  жазыңыз»  дегендей  басын  екі  рет

изеп,  ишара  білдірді.  Сонда  ғана  менің  «бәләй,  рұқсат

сұрауым  керек  еді-  ау»  деген  ойыма  келді.  «Жаманның

ақылы  артынан  түседі»  деп,  маған  осындай  жақсы  ойлар

ылғи  кейіннен  келеді.  Енді  қайтадан  рұқсат  сұрап

жатудың  реті  жоқ.  Не  де  болса  қаламымды  Меңтайдың

сауытына батыруға ыңғайландым. Сѳйтсем, сиясауыт деп

мардымсып отырғаным бармақ басындай ғана шүршиген

шиша  екен.  Оның  қай  жерінде  сия  тұрғанын  бір

құдайдың  ѳзі  білсін.  Бұл  пәлені  аударып  аламын  ба  деп,

қолым  дірілдеңкіреп,  оның  тар  аузына  қаламымды  әрең

дегенде  бір  батырып  алдым-ау,  әйтеуір.  Ал  Меңтайдың

қалам ұстаған қолы тары шоқыған торғайдай болып, сия-

сауыттың  аузын  жып-жып  етіп,  тез-ақ  табады.  Қойшы,

қыздың сиясауытына сығалап отырып, қаламымды екі-үш

рет сұққаннан кейін, ептеп мен де жыпылдата бастадым.

Кейде  оқытушының  айтқанын  тұтас  жазып  үлгіріп,

кейде  ести  алмай  қалған  сѳзімді  Меңтайдың  жазғанынан

қарап, ілініп-салынып конспекті құрастырып жатырмын.

Алғашқы  сағаттағыдай  емес,  оқытушының  үніне  де

құлағым  үйрене  бастағандай.  Онда  бір  жол  да  жаза

алмаған  болсам,  енді  бір  бетке  жуық  ѳтіп  сойдақтатып

тастадым.  «Қуан,  Ербол,  сенен  бірдеңе  шығады!»  деймін

ішімнен.  Ѳстіп,  ѳзімнен  ѳзім  масаттанып,  сияға  қарай

қолымды және соза бергенімде, ѳн бойымды электр тогы

38



соғып  кеп  жіберген  сияқтанды.  Сѳйтсем,  тѳмен  қарап

жазып отырған Меңтай екеуіміздің бір мезгілде созылған

қолымыз  сауытқа  қатар  жетіп,  қапталдасып  қалған  екен.

Кішкентай  әсем  аппақ  қол  мен  быртықайлау  қап-қара

қол біріне-бірі тиіскенде элекгр сымының екі ұшы біріне-

бірі  жанасып,  сол  жерден  жарқылдап  от  ұшқындап

жатқандай, екеуін тез айырып жібермесе ѳшпес орт тұта‐

натындай күй туған екен. Жүрек лүпілдеп, қан лапылдап,

дене дуылдап кетті. Осы қазір күйіп, кѳмір боп кетсем де,

менің ѳз қолымды қыз қолынан ажыратып алғым келмеді.

Меңтайдың  мені  мерт  еткісі  келмеді  ме,  әлде  аға  деп,

сияны бұрын алуға жол бергені ме, білмеймін, ол ѳз қолын

айлап  кері  тартып  алды  да,  дәптерінің  келесі  ақ  бетін

аударыстырып  қарай  бастады.  Сия-сауыт  босағаннан

кейін,  қайтадан,  ештеңе  болмағандай,  бұрынғысындай

сабырлы  қалында  конспектісін  әрі  қарай  жалғастырып

жаза-берді.

Бірақ  қыз  сабырлы  болған  сайын  менен  сабыр  кете

бастады.  Оның  ақ  саусақ,  ақ  білек,  ақ  мойнына  кѳзім

түскен 


сайын 

буын-буыным 

құрып, 

безгекке


ұшырағандай  бойым  қалтырай  түсті.  Оның  үстіндегі

ангѳр  ешкінің  жүнінен  тоқылған  ақ  свитерге  дейін  мені

ѳлітіп,  елжіретіп,  дүниеде  сол  свитерден  сүйкімді,

Меңтайға  содан  жарасымды  киім  жоқтай  боп  кѳрінді.

Осы  күйде  отырып,  лекцияның  ырғағына  ілесе  алмай

асықтым ба, әлде сол сәтте кѳзіме Меңтайдан ѳзге ешкім,

еш  нәрсе  кѳрінбей  кетті  ме,  білмеймін,  ілгері  сѳзған

қаламым  сауыттың  ернеуіне  тиіп,  кѳк  сия  молт  етіп

Меңтайдың  дәптеріне  ақтарылды  да,  сауыт  домалай

жѳнеліп, оның ақ свитерінің етегіне барып құлады.

Менің  бұл  кездегі  жағдайымның  қандай  болғанын  сіз

сұрамаңыз,  мен  айтпайын.  Жазушы  кісісіз  ғой,  ѳзінізді

менің  орныма  қойып,  мѳлшерлеп  түсіне  беріңіз.  Менің

бар  білетінім  -  сол  сәтте  ѳзімнін  жерге  кірерге  тесік  таба

39



алмағаным.  Әйтпегенде  қайтейін,  ағалап,  жаны  ашып,

жақсылық  жасағалы  жанына  шақырып  әкелген  қызға

қиянат  жасап  алсам.  Қиянат  емей  немене,  оның  еңбегін

еш  етіп,  дәптеріне  сия  тегіп,  свитерін  былғасам.

«

Кетіңізші  орныңызға,  ѳзіңіз  бір  адам  емес,  аю  екенсіз



ғой»  десе,  не  деймін  қазір.  Ашуланса,  ауыл  қыздарының

тілі  ащы  келеді.  Олардың  «қу  қайыршы»,  «иттің  ғана

баласы»  деген  сияқты  «тәтті»  сездерін  талай  рет  есті‐

генмін  бала  күнімде.  Бұл  қыздың  да  мені  сѳйдеп  тілде‐

месіне  кім  кепіл.  Мына  қаптаған  қыздың  ортасында

масқараға  ұшырайтын  болдым-ау.  Бұдан  да  бағанағы

орнымда  отыра  бергенім  артық  еді.  Бір  керген  қыз  бір

ауыз  жылы  сѳз  айтты  деп,  желпендей  кеп  жѳнеліп  едім,

ѳзіме  де  обал  жоқ.  Енді  Меңтай  мені  не  деп  сѳксе  де

құлмын!..

Осылай  ойлап,  ѳзіне  ѳлім  жазасын  күткен  қылмыс‐

кердей  құнысып,  бір  уыс  болдым  да  қалдым.  Бет-аузым

бір  түрлі  боп  быжырайып  кеткен  шығар  деп  ойлаймын,

әйтеуір жалынышты түрмен жапалақ қағып, біресе парта

үстіндегі  кѳк  ала  боп  қалған  дәптерге,  біресе  Меңтайдың

алдындағы  аузы  маған  қарап  «мен  не  істер  екен»  деп

андып  жатқандай  кѳрінген  кішкентай  сиясауытқа  кезек

қарай бергенімді білемін...

Соғыста  жүргенімде  бір  күні  мені  іздеп  артиллерия

полкына  майдандық  газеттің  тілшілері  келді.  Ѳздері  үш

адам:  бір  орыс,  бір  қазақ,  бір  ѳзбек  екен.  Ана  екеуінен

дәрежесі  үлкен  капитан  қазақ  менімен  бұрыннан  таны‐

стай, бірден шүйіркелесіп кетті. Оның себебі бар еді. Мен

дивизиялық  және  майдандық  газеттерге  артиллеристер

әмірінен  хабар,  корреспонденция,  мақалалар  жазып

тұратынмын.  Жас  кезінде  қай  қазақ  ѳлең  жазбаған.  Ара-

тұра  ол  газеттерде  менің  ѳлеңсымақтарым  да  жария‐

ланып  қалатын.  Содан,  сырттай  мені  жақын  тартатын

капитан  Бағи  Уазитов  ѳз  газеттеріне  материал  жинай

40



алғы  шѳпке  шыққан  бұл  сапарларында  жолдастарын

ертіп,  маған  жолығуға  келіпті.  Редакциядан  ала  келген

блокнот, қағаздарын беріп, қарқ қылып тастады. Соғыстан

аман  қалсаң,  журналист  бол,  КазГУ-дің  журналистика

бѳліміне  түс  деп,  мәслихат  та  айтып  жатыр.  Тірі  болсам,

расындада  журналист  болуым  керек  деген  ой  менің

басыма  сонда  ұялаған  еді.  Біз  батарея  желкесінде

жертѳледе  сѳйлесіп  отырған  болатынбыз.  Бір  кезде

алдыңғы шѳп жақтан гүрс еткен үн шықты да, лезде жерді

солқ еткізе дүрс ете қалған және дыбыс естілді. Апыр-ай,

танктен  атқан  жоқ  па  екен  деп  ойладым  мен.  Ѳйткені

танктен  шыққан  снаряд  лашындай  ұшқыр  келеді,  оның

гүрс  етіп  стволдан  шыққандағы  дыбысы  мен  шарқ  етіп,

нысанаға  жетіп,  жарылғандағы  үнінің  арасындағы

алшақтық  азғантай  ғана  болады:  «Апырай,  жау  танктері

батареяға  шабуыл  жасап  келе  жатқан  жоқ  па  екен?»  деп

сасқалақтаған  мен  жертәледен  шыға  жүгірмек  бола

бергенде  бір  нәрсе  ысылдап,  ысқы-рып,  қақаңдап  келіп

дәл  есік  алдына  тѳқтады  да,  шыр  кѳбелек  үйіріле  қалды.

Зәрем  зәр  түбіне  кетіп,  «ойбай,  снаряд»  деп  жертѳленің

тѳріне  қарай  жүгірдім.  Журналистердіңде  кѳздері  шара‐

сынан  шығып,  «аллалап»  жатыр.  Біріміздің  астымызға

біріміз  тығылып,  үйме-жүйме  болдық  та  қалдық.  Сѳйтіп

жатып бәріміз бақырайып есікке қараймыз. Есік алдында

ажал биін билеп, ұршықша айналып снаряд тұр. Ешқай‐

сымызда үн жоқ, іштей снаряд әне жарылады, міне жары‐

лады  деп  жанымыз  шығып  барады.  Бір  кезде  снарядтың

шыр  кѳбелек  айналған  шапшаңдығы  азайып,  оның

шоқиып отырған аюдың күшігіндей боп бойы керінді де,

сәлден  соң,  буыны  құрып,  әлі  біткендей,  сылқ  етіп  құлай

кетті.  Сол  кезде  менің  тасамда  жатқан  капитан  селк  ете

түсіп, кѳзін жұмды. Снаряд құласа да жай таппай аунақ‐

шып-дѳңбекшіп,  ѳлі  тигендей  әлденеше  рет  тыпыршып

барып,  әрең  тынышталды.  Соның  ѳзінде  де:  «Әй,  қайда‐

41



сындар?»  дегендей,  мойынсыз  мұқыл  тұмсығымен  бізді

іздеп,  жер  иіскеп  жатқандай  боп,  басын  жертѳленің

есігіне  тірей  тоқтады.  Біреуміз  басымызды  кѳтерсек-ақ

снаряд кѳмейінен қорғасын бүркіп жіберетін сияқтанды.

— 

Алла! - деді қазақ.



— 

Ойбай! - деді ѳзбек.

Бәріміз бірдей кѳзімізді тас жұмдық. Енді қазір снаряд

жарылып, тѳртеуіміздің парша-паршамыз шығатын сәтті

күттік.

Жоқ,  біз  асыққан  екенбіз.  Біз  тѳртеуміздің  парша-

паршамызды  шығаратын  снаряд  Германияның  ажал

фабрикасында жасалмаған боп шықты.

Сонымен  не  керек,  ары  жаттық,  бері  жаттық  -  снаряд

жарылмады. Осы иттің ѳзі біздің қасымызға келіп жары‐

лғалы жертѳленің ішіне кіріп кеткен жоқ па екен деп, мен

ақырын  кѳзімді  аштым.  Жоқ,  ѳйтпепті,  үй  күзеткен  итке

ұқсап жатыр есік алдында тоңқиып.

— 

Жолдастар, бұл снаряд емес, болванка



болды,  мен  шығып,  ары  апарып  тастайын,  -  дедім

қасымдағыларға.

— 

Ойбай, қарағым, барма, - деді капитан безек қағып,



бұл кеш жарылатын снаряд.

— 

Ойбай,  қозғалма,  -  деді  ѳзбек  журналист.  -  Сенің



кимылыңмен  ауа  қозғалады  да,  снарядты  соғады.  Содан

соң бәріміз бірдей ғаріп боламыз.

— 

Черт возьми, - дейді орыс журналист, о да не істерін



білмей.

Ѳстіп отырғанымызда бірнеше секунд уақыт ѳтті. Осы

тұсқа  кешеден  бері  анда-санда  бір  болванка  кеп  түсіп,

жарылмай  қалатынын  білетін  мен  орнымнан  тұрдым.

Әлде  журналистердің  алдында  ѳзімнің  қорықпайтын

батыр екенімді кѳрсеткім келді ме, қайдан білейін. Алды-

артты  ойлатпайтын  жастықтың  қызуы  бойымды  кернеп,

бір  басып,  екі  басып,  есікке  қарай  аяндадым.  Болванка

42



болмай,  басқа  снаряд  болып,  жарылып  кетпес  пе  екен

деген де ой келді. Алайда шешінген судан тайынбас деген

емес  пе,  кейін  қайтпай,  ілгері  ұмтыла  бердім.  Ептеп

есіктің сәкісіне кѳтерілдім. Бұл жақтан Болванка - жарыл‐

майтын снаряд расында да кешеден бері екі-үш рет кѳріп,

кѳзім  қанып  қалған  болванканың  ѳзі  тәрізденді.  Оны

құйрық  жағынан  ұстап,  кѳтеріп  алайын  деп  еңкейе

бергенімде капитанның:

Ербол,  қарағым,  қош.  Біз  үйіңе  хабарлармыз,  -  деп



жыламсыраған үні естілді.

Шоққа  қызған  шойындай  ыстық,  ауыр  снарядты

шинелімнің  жеңімен  қапсыра  ұстап,  жерден  кѳтеріп

алдым да, аяғымды бір басып, екі басып, жертѳленің сырт

жағындағы шұңқырға қарай аяндадым.

Снарядты жерден кетеріп алуын алсам да, одан құты‐

лғанша  асықтым.  Жаңа  журналистердің  қасынан  батыр‐

сынып  тұрғаныммен,  батырға  да  жан  керек  екен.  Неге

тұрдым, жай жатқан жыланның құйрығын басқандай боп,

мұны  неге  кетердімге  қалдым.  Бұл  пәле  болванка  емес,

қазір шарқ ете түссе, менен бір жапырақ та қалмайды. Ал

әлгінде  бәріміз  жертѳледе  жатқан  кезде  жарылса,  бәлкім

жаралы болсам да, тірі қалатын ба едім деп ойладым. Осы

сәтте  қос  қолдап  кѳтеріп  келе  жатқаным  ауыр  қара

снаряд емес, шиыршықталып жатқан қара жылан сияқты

боп кѳрінді. Ол қазір басын қылқаң еткізіп кѳтеріп алып,

менің мойныма орала түсетін тәрізденді. Осыдан кейін ѳн

бойымды  қара  тер  жауып  кетті.  Отыз  метр  жердегі

шұңқырға  батпақта  отыз  километр  жүргендей  болып,

әрең жеттім.

Снарядты шұңқырдың шетіне жатқызып, ептеп түбіне

қарай  домалата  бергенімде  ол  шынында  да,  жыланша

ысылдай бастады. Мен жанұшырып, кейін қарай қаштым.

Алқы-нып  жертѳлеге  жетіп,  ішіне  кіре  бергенімде  сырт

жақтан  гүрс  етіп  жаңағы  снаряд  жарылды  -  оның

43



болванка  емес,  кеш  жарылатын  снаряд  боп  шыққанын

мен сонда ғана білдім. Есіктен ішке қарай домалағы келе

жатып,  капитанның  «алла»  деп  ышқынған  даусын  тағы

естідім. Жергәле тұсаулы аттай бір секіріп қалды да, оның

тер жақ іргесі құлап, үстімізге суық топырақ сау ете түсті.

Алыстан  келген  дүмпуі  мынандай,  ал  бұл  пәле  жаңа

жанымызда  жарылса  тѳртеуімізді  бірдей  жайратып

кетеді екен-ау деп ойладым ішімнен...

Меңтайдың алдында жатқан сиясауытты кѳргенде осы

оқиға  есіме  түсті.  Бірақ  махаббат  мысы  басқан  адамның

қозғалуға  халі  келмейді  екен.  Кеше  ғана  жарты  пұт

болванканы  жерден  кетеріп  алып,  жер  үйден  аулаққа

апарып  лақтырыгі  тастаған  солдаттың  енді  міне,  саусақ

басындай шишаны жатқан орнынан кѳтеріп алуға батылы

да, шамасы да жетпеді.

Менің  қолымнан  келмеген  бұл  қайрат  Меңтайдың

қолынан келді. Ол шүу дегенде «бәләй» дегендей, астыңғы

ернін  босан  тістеп,  не  істерін  білмегендей,  сәл  бѳгеліп

қалды.  Содан  соң,  ұзын  қою  кірпіктерін  бір-  екі  қағып

жіберді  де,  мен  жаққа  бұрылып  та  қарамастан,  сияны

бейне бір ѳзі тѳгіп алған, оған ѳзі ғана кінәлі жандай жай

таныта,  алдына  құлаған  сиясауытты  алып,  жайлап

партаның  үстіне  қойды.  Ақ  свитер  етегінің  алақандай

жері әп-сәтте кѳк ала болды да Қалды. Бірақ оған Меңтай

мән бермеген болды да, жаудырап маған қарады:

— 

Қысылмаңыз, ағай, - деді. Бүған бейне бір ѳзі кінәлі‐



дей,  онысына  менен  кешірім  әтініп,  жаЛынғандай  боп

айтты.  Со-дан  соң  артқы  партадағы  қыздарға  қарай

бұрылды да: - Қыз-дар, сияларыңды бері койындаршы, -

деді.


— 

Не  боп  қалды,  Меңтай?  -  деді  арттағы  екі  қыздың

бірі жәп етіп.

— 

Свитерді  былғап  алдын  бг.?  -  деді  екіншісі  жаны



ашыған-сып.

44



Бүлардың сѳздерін естігенде менің мандайымнан тағы

да шып-шып тер шықты.

— 

Жоқ, жай, әшейін, - деп Меңтай қыздардың сиясына



қаламын  батырып  алып,  дәптерінің  ақ  бетінен  бастап,

қайта-дан  жазуға  кірісті.  Жаза  бастап,  басын  тез  кѳтерді

де: - Ағай, сіз де мына қыздардың сиясымен жаза беріңіз, -

деді.


«

Ұялған  тек  тұрмас»  дегендей,  сасқалақтай  бұрылып,

арт жаққа қарадым. Онда да бір шүмшиген сауыт тұр. Бір

жақсысы,  оны  қыздардың  бірі  дәптерінің  шетіне  басқан

сол қолының екі саусағымен қыса ұстап отыр екен. «Қой,

біреуінің  сиясын  үстіне  тѳгіп,  жетістіріп  едім.  Енді  мына

қыздың  қолына  қалам  тығып  алып  сорлатармын»  дедім

де,  тырп  етпестен  отырып  қалдым.  Ми  айналып  жерге

түсердей  ыстықта  ауыр  жүк,  қару-жарақарқалап

жорықта келе жатқандай боп, гимнастеркамның жеңімен

самайымды,  мандайымды  сипай  бердім.  Қоңырау  соғы‐

лғанда  басы-кѳзін  тер  жауып,  болдырған  зеңбірек

атындай  сенделектеп,  сүмірейіп,  сүйретіліп  орнымнан

әрең тұрдым.

45



С

ѳйтіп менің студенттік дәуірімнің алғашқы күндері

ѳте бастады. Университетке, оның биік-биік аудито‐

рияларына  бойым  үйреніп,  оқытушылардың  аты-жѳнін

біліп,  қай  сабақ-тың  қай  жерде  ѳтетінін  адаспай  табатын

болып,  біртіндеп  кѳшелі  студент  санатына  қосылып  келе

жаттым.  Бұрынғыдай  біреу  бетіме  қараса,  ыржиып  қоя

бермейтін  болдым.  Мастықтан  айыққандай,  ѳзімді  ѳзім

тежеп ұстауға машықтана бастадым. Соғыста жеңіл нәрсе,

жұмсақ  зат  ұстап  кѳрмегендіктен,  аудиторияда  қолыма

ілінгеннін  бәрі  жеп-  жеңіл  кѳрініп,  не  құлатып,  не

қиратып алатын әдетімнен де айыға түстім.

Ѳзіміздің  курстың  қыздарына  да  ептем  кѳзім  қанып,

оларды  аудиторияда  ғана  емес,  кѳшеде  де  танып,  бас

изесетін халге келдім. Аш ауызға ерінге тигеннің бәрі май

тәрізді  боп  таныла  ма,  кім  білсін,  әйтеуір,  бірінші

кѳргенде курстағы қыздардың бәрі бірдей сұлу, сымбатты,

бірінен-бірі ѳткен әсем, бейіштің тѳріндегі хор қызындай,

бірінен-бірі айырғы-сыз сияқтанып еді. Алғашында балы‐

қтың  уылдырығындай  ұқсас,  шетінен  жұмыртқадай  ақ

боп кѳрінген қыздар бірте-бірте пішін тұлғалары бірінен-

бірі  бѳлектеніп,  мінез-құлық-тары  ерекшелене,  екшеле

түсті.  Олардың  ішінен  ептеп  қараторы  қыз  да,  қара  қыз

да,  шұбар  қыз  да  шыға  бастады.  Дегенмен,  кѳпшілігі  сол

бірінші  жүздескендегімдей  жылы  шырайлы,  уыздай

уылжыған әсем, әдемі күйінде қалды.

Ал  солардың  бәрінен  де  мен  үшін  алғашқы  кѳргенім‐

дегіден де сұлу, сымбатты, одан да сезімтал һәм инабатты

болып Меңтай ғана жеке-дара шықты.

Жігіттің  қызды  жақсы  кѳруінін  себептері  кѳп  қой.

Бірақ  оның  бәрін  ауыз  шіркін  айтып  жеткізе  алар  ма?

Тек жүрек қана қыз жақсылығын қылдай тізіп, кѳкіректе

сақтап  жүреді  емес  пе.  Мен  соғыстан  қайтып  келген

күндері  кѳрген  қыздарымның  бәріне  ғашық  едім.  Жігіт

ѳзін  самғап  жүрген  сұнқармын  деп  есептесе,  қыздың

46



М

кѳркі  сол  сұңқар  шырмалар  тор  емес  пе?  Сұлу  емес

қыздың  ѳзі  саған  жалт  етіп  бір  кѳз  тастаса,  сорлы

жүрегің  қолға  түскен  ұрыдай  қалтырап  қоя  бермей  ме?

Ал мен болсам, самғап келіп, бір курста мѳлдіреп отырғ-

ан  отыз  қызға  тап  болдым  -  отыз  торға  шырмалдым.

Қыздың  кѳркі  тор  болса,  оның  жайдары  кѳңіл,  жақсы

мінез, 


қылықтарын 

неге 


теңеуге 

болады? 


Асау

тұлпардың  аяғына  салған  болат  кісеннен  кем  емес-ау

деймін  жақсы  қыздың  қылығы.  Алғашқы  күнгі  мен

партаға  құлатып  алған  кішкентай  сия-сауыттың  әлсіз

сылдыры  бірте-бірте  сол  кісен  шынжырының  шылды‐

рына айналған тәрізденді. Осы оқиға сұлу әйелдің бетін‐

дегі  мең  мұндалап,  мѳлдіреп  тұратын  меңдей  болып,

ѳмір  бойы  кѳкейімде,  кѳз  алдымда  қалды.  Меңтайды

шын  жақсы  кѳруімнің  шеті  осы  оқиғадан  басталды-ау

деймін.


Бұл  оқиғаны  мен  де,  курстың  басқа  қыздары  да

бірнеше  күнге  дейін  естен  шығара  алмадық.  Мен  ұялға‐

нымнан  ұмытпаймын,  қыздар  қылжақ  үшін  естеріне

алады.  Әсіресе  Қанипа  мен  Зайкүл  деген  қыз  қоян  қуған

тазыдай тақымдап, есімді шығарды.

еңтай  алғашында  бірнеше  күн  сабаққа  мен  сия

тѳккен  свитерін  киіп  келіп  жүрді.  Тегі  оны

ауыстырып киерлік лайықты басқа кеуде киімі болмады-

ау  деймін.  Аппақ  свитердің  етегіндегі  алақандай  кѳк

сияны  кѳргенде  менің  бетімнен  отым  шығып,  оған  қара‐

мауға  тырысамын,  кѳзімді  басқа  жаққа  бұра  бастаймын.

Менің  дәл  сол  сәтімді  андып  тұрғандай  Қанипа  сѳз

бастайды.

— 

Меңтай, немене, ѳзің кѳк бүйрек боп кеткенсің бе? -



дейді оның бүйіріне үңіліп.

— 

Тү-ү-у,  қыздар-ай,  -  дейді  Меңтай  даусын  соза



47


сѳйлеп,  сәл  күлімсіреп  қойып.  -  Кірлемейтін  киім

болушы ма еді, қойсаңдаршы.

Осы кезде Зайкүл күлміңдеп, басын қиқандатады.

— 

Кѳк  бүйрегін  не,  Қанипа-ау,  бұл  -  Меңтайға



ағасынын басып берген мѳрі емес пе? - дейді.

Басқа  қыздар  мырс  ете  қалады.  Менің  мандайымнан

тер бұрқ ете түседі. Сасқалақтап, жан-жағыма қараймын.

Қыздар  түк  болмағансып,  тѳмен  қарайды.  Меңтай

сабырмен  отырып,  құрбысының  әзіліне  шындап  жауап

береді.


— 

Қыздар-ау,  баяғыда  бір  сауыт  сия  тѳгіліп  еді  деп,

ағайды күн сайын қинай бермесендерші, - дейді ол доста‐

рына  мѳлдірей  қарап.  -  Орнықсыз  кішкентай  сауыттың

құлап кеткеніне ағай кінәлі ме екен? Қарандаршы ѳздерің:

біріміздің  жѳні  түзу  сиясауытымыз  жоқ  қой  алдымызда.

Біріміз  әтірдің  сауытына,  біріміз  дәрі-дәрмек  шишасына

сия құйып жазамыз. Ал бұған шын кінәліні іздесек, соғыс

қой ол. Соның салдары емес пе бәрімізге қағаз, қарындаш,

портфельге дейін қат болып кеткені. - Осылай деп Меңтай

лықсып кеп қалған қалың суды бѳтен арнаға аударғандай,

қыздардың  күлкі  кернеп  келе  жатқан  кѳңілдерін  басқа

жаққа  бұрып  жібереді.  -  Қайта  сәл  сияны  тѳгіп  алғаны

үшін  ағайға  рақмет  айтуымыз  жѳн  емес  пе?  Ағай  бізге

қысылғанынан  ұшталмаған  сия  қарындашын  берді.  Міне

бүгінге  дейін  осы  отырған  бәріміз  сол  қарындаштың

сиясымен жазып келеміз.

— 

Оның рас, - деді Зайкүл. - Сенің сияң тѳгілмесе, бұл



кісі  бізге  ұшталмаған  қарындашын  бермес  еді  ғой.  -

Зайкүл «ұшталмаған» деген сѳзді сықылықтай айтты. Осы

кезде  артқы  партада  жалғыз  отырған  Қанипа  саңқ  етіп

Зайкүлге сұрақ қойды.

— 

Бұл  ағайдың  басқа  ұшталмаған  ештеңесі  жоқ



па екен?

Оны  естіген  екі-үш  қыз,  біреу  желкелерінен  түйіп

48



қалғандай  тілдерін  салаң  еткізіп,  тѳмен  бұқты.  Біреулер

үн  шығармай  мырс-мырс  күлді.  Менің  қасымдағы

Меңтайдан басқа

қыздардың  бәрінің  иықтары  діріл  қақты.  Қатты  күліп

тоқтап, екі беті қып-қызыл боп кеткен Майра ғана сәлден

соң басын кѳтеріп:

— 

Иә,  Қанипа,  саған  не  боп  кеткен,  -  деді  құрбысын



кіналаған сияқтанып.

Қазақтың  сѳзі  қызық  қой,  шіркін!  Дұрыс  айтылған

сѳзді күлкі үшін бұрып түсінуге де болады. Бұрып айтқан

сѳзден  «жоқ,  мен  былай  ойлап  едім»  деп  бұлтара  салуға

және  оңтайлы.  Қуанышы  мен  бақытын  күміс  күлкінің

сыңғырымен  ѳлшейтін,  әр  сѳзін  астарлап  әзілмен  айтып,

әрқашан  «Осы  күлкіден  айырмасын»  деп  тілейтін  ғазиз

жүрегі  қамқорлық  пен  қалжыңға  бірдей  толы,  жаны

жайдары  қазақ  үшін  дүниеде  бұдан  тамаша  тіл  бар

ма, сірә?

— 

Жолдастар!  -  Қанипа  екі  кѳзі  жалтылдап  орнынан



тұрды. Бетінде ешбір күлкі жоқ. Жиналыстарда мінбеден

сѳз  сѳйлейтін  шешендей,  екі  қолын  партаның  екі  жақ

ернеуіне  тіреп  алыпты.  -  Жолдастар,  мені  дұрыс  түсіну‐

леріңізді сұраймын. Мен басқа мәселеге байланыссыз, тек

қарындаш тұрғысында ғана айттым.

Бұған қыздар тегіс ду күлді. Оның алғашқы сѳзін есті‐

меген сияқтанып, күлместен, жымимастан қалған Меңтай

да бұл жолы мырс етіп, езу тартты.

— 

Әй, Қанипа, сенің тілің-ай, осы, - деп қойды ақырын



ғана.  Меңтайдың  үнінен  маған  қыз  жүрегінде  кінәлау

емес,  құрбысына  деген  сонша  бір  нәзік  мейірбандық

жатқаны аңғарылды.

Арада  жексенбі  ѳткен  келесі  бір  дүйсенбіде  Меңтай

аудиторияға кѳк свитер киіп келді. Оны есіктен кѳре сала

Зайкүл:


— 

Әу, Меңтай, жаңа свитер сатып алғаннан саумысың

49



ѳзің?  -  деп  жүгіріп  жанына  жетіп  барды.  Меңтай  сызыла

аяңдап партаға жеткенше ұршықша иіріліп Зайкүл оның

ал-дына  бір  шығып,  артына  бір  шығып  қарап  үлгірді  де,

«

жарасымды  екен»  деп  ѳз  бағасын  айтты.  Содан  кейін



әлденеге  мұңайғандай  боп,  сәл  күрсініп  алды.  -  Жұртқа

осындай жақ-сы нәрселер кездесе кетеді.

Меңтай  парта  жанына  жеткеннен  кейін  аудиторияға

ертерек келіп отырған бәрімізбен бас изеп амандасты да,

күле  түсіп,  үйіріліп  қасынан  кетпей  жүрген  Зайкүлге

бұрылды.


— 

Бұл менің бұрынғы свитерім ғой, Зайкүл-ау, - деді.

— 

Қойшы,  -  деді  Зайкүл  оған  сенбей.  -  Анадағы  ағай



сия тѳгіп тастаған свитер ме?

— 

Иә,  сол  свитер.  Сонда  ағайдың  қолы  сиясауытты



қағып  кеткені  жақсы  болды,  -  деді  Меңтай  маған  балаша

еркелей  бір  қарап  қойып.  -  Ағайға  рахмет,  әйтпесе  мен

жалқау  мұны  қай  уақытта  бояп  аларымды  кім  білсін.  -

Осылай  деп  ол  менің  үстіне  сия  тѳккеніме  шын

қуанғандай күй танытты.

— 

Осындай әп-әдемі ғып, ѳзің боядың ба, ей, Меңтай? -



деп  Зайкүл  свитерге  қайтадан  үңілді.  -  Қой,  ѳзің  емес

шығарсың.

Меңтай және күлді.

— 

Ѳзім,  -  деді  тағы  да  Меңтай  басын  изеп.  -  Бұл



свитерді тоқыған да ѳзім.

— 

Не дейді, қашан тоқып жүрсің?



— 

Биыл, жазғы каникул кезінде.

— 

Жіпті кім иіріп берді саған?



— 

Ѳзім, - деді тағы да Меңтай басын изеп.

— 

Былай,  битіп  пе?  -  деді  Зайкүл  сол  қолын  жоғары



кѳтеріп,  шынашағына  іліп  алған  шүйкенің  шумақтаулы

жүнін  сұқ  саусағы  мен  бармақ  арасында  қыса  ұстап

тұрып,оң  қолымен  тѳмендегі  кѳзге  кѳрінбейтін  ұршы‐

қтың сабын ширатып кеп қалғандай белгі жасап.

50



Қыздар ду күліп жіберді.

— 

Иә,  -  деп  Меңтай  да  еріксіз  күлді.  -  Оған  несіне



таңданасың,  ұршық  біздің  бабаларымыздан  келе  жатқан

жүн иіру фабрикасы емес пе?

— 

Алла-ай,  ішің  неғып  жарылып  кетпеген,  -  деп



Зайкүл Меңтайды аяғандай боп басын шайқады. - Осыдан

кейін  сен  де  жалқаумын  дейсің-ау  ѳзіңді.  Мына  мені

айтсаңшы ештеңе істей алмайтын.

— 

Дегенмен,  он  сегізге  келген  қыздың  ѳз  киімін  ѳзі



тігіп,  тоқып  кие  алғаны  жѳн  ғой,  -  деді  Меңтай

құрбысының  кѳңіліне  келіп  қалмасын  деген  сақтықпен

жайлап қана. - Біз енді бала емеспіз ғой, Зайкүл-ау.

— 

Мен  отыз  сегізге  келсем  де  ѳйте  алмайтын  шығар‐



мын.  Ештеңеге  мойным  жар  бермейді  осы,  -  деп  қайта

мұңайды  Зайкүл.  -  Осы  сабағы  түскірді  де  емтихан

тұсында оқымас едім, қайтесің, баға керек.

Сырттан Қанипа келіп кірді.

— 

Алла-ай, - деді ол Зайкүлдің даусына салып. - Осы



сен неғып кѳбелек боп ұшып кетпей жүрсің аспанға?

— 

Ей,  рас,  соған  ѳзімнің  де  таңым  бар,  -  деді  ол



дѳңгелек кѳздерін одан сайын бақырайта түсіп.

— 

Онда, ұшып кетпей тұрғаныңда орныңа отыр тез, -



деді  Қанипа  Зайкүлді  иығынан  басып.  -  Оқытушы

келе жатыр.

Әрине,  ол  оқытушы  келді.  Оны  басқа  оқытушы  және

алмастырды.  Күн  сайын  ѳстіп  үш-тѳрт  адамнан  лекция

тындаймыз. Оқытушыларымыз да әр түрлі, алуан мінезді

адамдар.  Мәселен,  біреуі  биязы,  білімдар,  басы  артық

сѳзге  жоқ  кісі.  Біреуі  байсалды,  маңғаз,  енді  біреуі

жеңілтек деген сияқты. Ал тағы бір оқытушымыздың әдеті

қыздардың шашын, иегін сипау болатын. Ол кісі келерде

басқа қыздар артқы партаға қарай қашып, алға қасқайып

Зайкүл  мен  Қанипа  ғана  шығатын.  Оқытушы  орнынан

тұрып,  бұлардың  қасына  келгенде  біреуі  сипауға

51



үйренген  мысықтай  боп  шашын,  біреуі  енесі  әукесін

жалаған  бұзаудай  сүйсініп,  бұғағын  тосып  отырады.

Әрине, оқытушылар жайында уақыт алып сіздерге айтып

жатуымның  қажеті  жоқ.  Бұл  арада  тек  айта  кетейін

дегенім  Меңтайдың  сол  оқытушыларды  алаламай,  бәрін

бірдей  жақсы  кѳретіндігі  еді.  Біз,  басқамыз  әр  оқыту‐

шынын ѳзімізше кемшілігін тауып, мінеп жатамыз. Сонда

оларды жақтап жалғыз Меңтай ғана шығады.

— 

Қыздар-ау,  қойсандаршы.  Оқытушыларымыздың



бәрі  жақсы  адамдар  ғой.  Тек  кейбіреулердің  сүйекке

сіңген әдеті болады. Адамды ол үшін кінәлауға болмайды

ғой, - деп жалынғандай жай танытады.

— 

Ендеше ол кісіге ѳзің неге шашыңнан сипатпайсың?



дейді  Меңтайға  қарсы  дау  айтып  қыздардың  бірі  Бұған

Меңтай жауап бере алмай қысылады да, шынын айтады.

— 

Мен ұяламын, қыздар, менің шашымды шешемнен



басқа ешкім сипаған жоқ қой, - дейді.

Қыздар оған дүрсе қоя береді.

— 

Біздің басымызды шешемізден басқа кім сипапты?



— 

О не дегенің, Меңтай? - десіп, бұртиысып қалады.

— 

Сендердің  әкелерің  бар,  әкелерің  сипаған  шығар



дегенім ғой, - дейді Меңтай достарын ѳкпелетіп алдым ба

дегендей,  әрқайсысына  бір  жаутаңдай  қарап.  -  Ал

оқытушы  ағай  бәрімізге  әке  құралып  тас  кісі  емес  пе,

сондықтан  айтамын...  Мен  әкемнен  ерте,  ес  білмеген

шағымда айырылдым ғой.

Жүзі  қандай  ақ  болса,  жанының  да  сондай  пәктігіне

кѳзім , жетті ме, әйтеуір, аузынан шыққан осындай әр сѳзі

мен  әр  қылығы  мені  елтітіп,  елжіретіп,  күн  сайын

Меңтайды  іштей  жақсы  кѳруім  артып,  оған  бар  ықыла‐

сыммен  беріле  құлап  бара  жаттым.  Енді  оқытушыларды

қойып, мен сізге соны айтайын.

Соғыстан кейінгі бейбіт, бірінші жаңа жыл келе жатты.

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туған-туыс, жора- жолдаста‐

52



рына алдын ала ашық хаттар жолдасып, асығыс телеграм‐

малар  жѳнелтісіп,  құттықтаулар  қабылдасып,  мәз-

мейрам  болыса  бастады.  Осы  кезде  ауылдары  астанаға

жақын  студенттер  деканаттан  жалынып  жүріп  рұқсат

алысып, үйді-үйлеріне кетісіп жатты.

Жана жыл қарсаңындағы соңғы лекциялардың аралы‐

ғында Ментай менен:

— 

Ағай, ертең Жаңа жыл ғой, сіз елге қайтпайсыз ба? -



деп сұрады.

Мен басымды шайқадым.

— 

Неге? Ѳзіңіз соғыстан келдіңіз, ѳзге бармаса да сіздің



баруыңыз  керек  қой,  ағай.  Әке  не  шйие,  тіпті  болмаса

туыстарыңыз  бар  шығар.  Не  басқа  бір  жақын  адамда‐

рыңыз  болар.  -  Соңғы  сѳйлемін  Меңтай  ойланыңқырап

айтып  еді.  Тегі,  мен  соны  сезіп  қалмасын  деді  ме  екен,

әйтеуір,  одан  кейінгі  сѳздерін  сәл  шапшаңдатыңқырап

жіберді. - Ал менің шешем тірі болса, мұнда бір сағат та

тұрмастан  үйге  осы  қазір-ақ  жүгіріп  кетер  едім.  Бірақ

шешем былтыр қайтыс болды.

— 

Неден?  -  деппін  мен  ѳлген  адамның  неден  қайтыс



болғанын білсем, бейне бір тірілтіп жіберетіндей-ақ.

— 

Неден деріңіз бар ма, бәрі соғыстың әлегі ғой, ағай, -



дей салды қыз шешесінің неден ѳлгенін ежіктеп түсіндіріп

жатқысы келмегендей.

— 

Біздің үйде де ешкім жоқ, - дедім мен.



— 

Жалғыз екенсіз ғой.

— 

Жоқ, қарындасым бар.



— 

А,  қарындасыңыз  бар  ма?  -  Меңтай  кѳзі  мѳлдірей

түсіп,  сәл  ойланып  қалды.  -  Соғыстан  ағасы  аман  келген

қарындастан  бақытты  адам  бола  ма  екен,  шіркін!  -  Ол

маған  қайтадан  сұрақ  қойды.  -  Ал  сіз  қарындасыңызға

неге  бармайсыз?  Ол  жалғыз  ѳзі  сізді  қашан  кѳремін  деп

сарғая күтіп отыр емес пе?

— 

Жоқ, жалғыз емес, тұрмысқа шыққан!



53


— 

Сіз соғыста жүргенде ме?

— 

Иә.


— 

Сіздің рұқсатыңызбен бе?

— 

Жоқ, менен рұқсат сұраған жоқ, - дедім күліп.



Қыз:  «Бәләй,  неге  рұқсат  сұрамады  екен?»  дегендей,

басын шайқады да, одан соң біраз үнсіз отырды.

— 

Егер  ешқайда  бармасаңыз,  -  деді  қыз  маған  қайта



бұрылып,  -  ертең  біздің  бѳлмеге  келуіңізді  сұраймын,

ағай.  Қасымдағы  қыздардың  бәрі  кетіп  қалды.  Күні  бойы

елегізіп бір бѳлмеде бірі кісінің отыруы қиын сияқты.

— 

Жарайды,  -  дедім  мен  әлденеге  жүрегім  дір  ете



қалып.  -  Бірақ  мен  сіздердің  мекендеріңізді  білмеймін

ғой.


— 

Ә,  солай  ма  еді?  Сіз  жатақханаға  әлі  бір  рет  барып

кѳрген жоқсыз ба?

— 

Жоқ.



— 

Ендеше сізге қалай түсіндірсем екен? - Меңтай ернін

тістеп, сәл ойланып алды. Университеттің екі жатақханасы

бар:  бірі  Калинин  кѳшесінде,  бірі  Виноградов  кѳшесінде.

Бірақ  екеуі  бір  жерде,  қатар.  Виноградов,  62  -  біздің

жатақхана.  Соның  62-бѳлмесі.  Ұқтыңыз  ба?  Алпыс  екі,

алпыс  екі,  -  деді  қыз  мен  ұғып  алсын  дегендей  әр  сѳзін

соза айтып. Екі рет алпыс екі.

Мен  сәл  ойланыңқырап  барып,  басымды  изедім.

Ойланғаным, Калинин кѳшесіндегі жатақханаға майданнан

бірнеше рет хат жолдағаным есіме түсті. Менің бѳгеліп бас

изегенімді  шала  ұққандығымнан  деп  білді  ме,  әлде

айтқанын ұқсам да ұмытып қалар деп ойлады ма, білмей‐

мін, Меңтай дереу дәптерінің аяқ жағынан бір бетін жыртып

алды да, әдірісін жаза бастады. Мен оның айтқанын ұқсам да,

ұмытпайтынымды білсем де, жазбай-ақ қойыңыз демедім.

Маған ѳз қолымен жазып берген қағазы қымбат кѳрінді.

— 

Ѳзіңіз  қайда  тұрасыз,  ағай?  -  деп  сұрады  Меңтай



54


әдіріс  жазған  қағазды  бүктеп,  менің  қолыма  ұстатып

жатып.


— 

Дзержинский кѳшесінде, бір жолдасымның әкесінің

үйінде пәтердемін.

— 

Тұрған  үйіңіз  Виноградов  кѳшесінен  тѳмен  бе,



жоғары ма?

— 

Тѳмен.



— 

Онда  біздің  жатақхананы  былай  табасыз.  Үйден

шыққан  бетіңізде  Дзержинский  кѳшесімен  ѳрлеп,

жоғары, Виноградовқа дейін кѳтерілесіз. Он жақ бұрышта

драма  театрының  үйі  тұр,  оны  білетін  шығарсыз.

Театрдан  оңға  қарай  бұрылсаңыз,  бір  он  минуттан  кейін

Никольский базарына жетесіз. Сол жағыңыздан бір үлкен

шіркеудің діңкиіп тұрған, - Меңтай «діңкиіп» деген сѳзді

балаша  созып  айтты,  -  сары  ала  күмбезін  кѳрсеңіз  -  сол

Никольский  базары.  Базардың  қарсысындағы  екі  этажды

жалпақтау  сары  үй  -  сіз  іздеген  жатақхана  болады  да

шығады. Енді табасыз ғой.

— 

Табамын.


— 

Келесіз ғой?

— 

Келемін.


Кешке лекциядан қайтқан маған Меңтай берген әдіріс

қағазы  молда  жазып  берген  бойтұмардан  кем  кѳрінбеді.

Жоғалтып  алған  жоқпын  ба  деп  сасқалақтап,  үйге

жеткенше  гимнастеркамның  омырау  қалтасын  әлденеше

рет  сипалағаным  бар.  Үйге  келе  сала  бітірген  жұмысым

Меңтай  берген  қағазды  тезірек  ашу  болды.  Онда  қыздың

жаңа ѳз аузынан айтқан әдірісі ғана барын білсем де, соны

оқып шыққанша тағатым қалмады. Меңтай әдірісті былай

деп ұзын етіп бір-ақ жолға жазыпты: «Виноградов кѳшесі,

62. 62-


бѳлме, Меңтай».

Шота  Руставелидің  «Жолбарыс  терісін  жамылған

батыр»  поэмасынын  арқандай  шұбатылған  ұзын  жолда‐

55



рына ұқсас бұл сѳздер маған бүтін бір поэмадан кем әсер

еткен жоқ.

«

Бұл қыз мені неге шақырады? Әлде мені жақсы кѳре



ме екен? Үндемей жүріп ол да мені ішінен ұната ма екен,

сүйе  ме  екен?  Әрине,  солай  болуға  тиіс.  Сүймесе  мені

оңаша  бѳлмеге  шақырар  ма  еді?  Жалынғашдай  боп,

қайта-қайта  ѳтініп,  ѳз  қолымен  әдірісін  жазып  берер  ме

еді?  Әттең  шіркін,  Меңтайдай  әсем,  ақылды  қыз  мені

сүйіп,  мәңгілік  жарым  болса  -  ѳмірде  ешбір  арманым

болмас еді!»

Осылай ойлап, тѳсекте шалқамнан жатқан менің есіме

бала күнімде естіген бір шумақ халық ѳлеңі түсті.

Мінгенім дәйім менің сарым болса!

Қолымда жетелеген нарым болса!

Армансыз бұл дүниеден ѳтер едім,

Күлім кѳз, оймақ ауыз жарым болса!

«

Рас,  Меңтай  мендік  болса,  менің  де  арманым  болмас



еді!» деп іштей күрсінемін де, осы ѳлеңнен картина құрас‐

тырамын. Астында сары аты, қолында жетектеген жалғыз

еркеш  нар  түйесі  бар  жігіт  алдында,  ақ  отаудың  қасында

тұрған  күлім  кѳз,  оймақ  ауыз  келіншекке  қарай  асығып

бара  жатқандай  кѳрінеді.  Сонда  менің  де  астымда  атым,

қолымда  нарым  болуы  керек  пе?  -  деймін  мен  ѳзіммен

ѳзім  дауласып.  «Ат  -  адамның  қанаты»  деп  білетін  қазақ

үшін бір жүйріктің болуы қажет-ақ дейік. Сонда нардың

керегі  не?  Кѳшпей-қонбай  нар  жетектеп  жүрудің  ѳзі  ұят

емес пе? Әлде нар дегені дәулет деген мағынада ма екен?

Бірақ қазіргі дәулет денсаулық пен білім емес пе? Қойшы,

не  керек,  ақыры  қазақтың  қара  ѳлендерінің  бәрінің

алғашқы екі жолы мағынасыз келеді, бар мағынаны соңғы

қос  жолы  ғана  білдірігі  отырады  деген  оқытушы  сѳзі

ойыма оралды да, бұл шумақ ѳлеңнің бар мәні «армансыз

бұл  дүниеден  ѳтер  едім,  күлім  кѳз,  оймақ  ауыз  жарым

болса» дегенінде деп түйемін.

56



Осыдан кейін басыма тағы бір күдікті ой келеді. «Сені

қыз оңаша бѳлмесіне сүйгендіктен емес, аға деп сыйлаған‐

дықтан,  ағасындай  сенгендіктен  шақырса,  қайтесің?»  дегі

біреу  мені  үрейлендіре,  алғашқы  тәтті  ойымнан  үркіте

сыбырлағандай  болады.  Осындай  неше  алуан  ойлардың

тұйығына тіреліп, таң атқанша дѳңбекшіп шыққан ол түн

ѳмірімдегі ең мазасыз түндердің бірі болып есімде қалды.

Таңертең, шай үстінде үй иесі маған қарап:

— 

Ербол, қарағым, түні бойы дѳңбекшіп шықтың ғой,



ауырып қалған жоқсың ба? - деп сұрады.

— 

Жоқ, - дедім мен басымды шайқап.



— 

Е,  жѳн,  онда  шайынды  ішіп,  нанынды  жесеңші,  -

деді ақсақал менің ауырмағаныма қуанып.

Бірақ  мен  бір  түйір  де  тата  алмадым.  Еш  нәрсе

тамағымнан ѳтпеді.

Соғыстан  кейінгі  жұтаң  дастарқанның  жұпыны

шайынан  ауыз  тиген  болып,  апыл-ғұпыл  киініп,  үйден

шықсам,  кѳшелер  ертегідей  ғажап  бір  құлпырған  күйде

екен. Қала тѳбесінен түні бойы жауған ұлпа қар әр кѳшені

ақ простыня жапқан аппақ тѳсекке, әр үйді үлпілдеген ақ

бѳкебай  жамылған  әсем  келіншекке  ұқсатып  қойыпты.

Ағаштар  ақ  тонының  етегі  жер  сызған  аяз  аталарды  еске

түсіріп, бір емес бірнеше ата мұртынан күліп, саған қарай

асықпай  аяңдап  келе  жатқан  сияқтанды.  Телеграф

сымдары  аптеканың  үлпілдек  ақ  мақтасымен  жуан  етіп

есіп,  кѳрмеге  тартқан  ақ  арқан  тәрізденеді.  Шинелімнің

екі  етегі  делендеп,  бұзау  бас  етігімнің  екі  тұмсығы  ұлпа

қарға  үйректей  сүңгіп,  есіп  келемін  едірендеп.  Жас

қардың  жұпар  иісі  тынысымды  кеңейтіп,  жүрегіме  бір

ғажайып  сыр  құйғандай  болады.  Ақ  қар,  асыл  ауа

Меңтайдың ақ жүзін, аппақ мойнын еріксіз есіме салады.

Жанға шипа мынау мѳлдір ауа маған тек қана соның дем-

лебізіндей боп танылады.

Кешеде менен басқа тірі жан жоқ. Айнала жым-жырт.

57



Түнде  Жаңа  жылды  қарсы  алып,  бар  дүние  шаршап-

мүлгіп  тұрғандай  күй  танытады.  Меңтай  есіме  түскенде

осы  иен  кѳшенің  ортасында  тоқтай  қалып,  еңкейдім  де,

бір жерін ауыртып алмайын дегендей ептеп жердегі ұлпа

қардың  аппақ  жотасын  бір  сипап  ѳттім.  Оған  айызым

қанбаған  соң  алақаныммен  кесіп  кеп  алдым  да,  уысым‐

дағы  қарды  бар  саусағымның  күшімен  мытып-мытып

жібердім.  Ғашықтың  ыстықалақанына  түскен  салқын  қар

лезде  еріп,  кѳздің  жасындай  боп  жерге  тамшылады.

«

Шіркін, осы ұлпа қардай боп, менің құшағымда Меңтай



да  ерісе-ау»  дедім  ынтығып.  Одан  соң  «Виноградов,  62...

Виноградов,  62»  деген  екі  сѳзді  жан  тебірентер  жақсы

әннің қайырмасындай қайталап, ентелей ілгері бастым.

Шіркеудің  қасындағы  екі  этажды  сары  үйді  адаспай

табуын  таптым-ақ.  Бірақ  соның  ішіне  кіруім  мұң  болды.

Жатақханаға  жеткенше  біреу  мойнымнан  арқан  сап,

дедектетіп  келе  жатқандай-ақ  асығып  едім.  Жатақха‐

наның  жанына  келген  соң  жүрегім  лүпілдеп,  буын-

буыным құрыды да қалды. Бағанадан бері жайдақ жермен

келіп,  енді  бейне  бір  биік  таудың  басына  қарай  ѳрмеле‐

гендей,  ілбіп,  ілгері  басқан  аяғым  кейін  кетіп,  дымым

құрып,  дыбысым  тұншығып,  әп-сәтте  әлсірегендей  күйге

түстім.  Әрең  дегенде  есікген  кіріп,  екінші  этажға

кѳтерілдім.

Жатақхананың  ұзын  дәлізінің  екі  жағы  қатар-қатар

жалғаскан ерсілі-қарсылы есіктер екен. Шеткі есікке тақай

бере  буынымды  бекіткен  болдым  да,  үйге  түскен  ұрыдай

тынысымды  ішіме  тартып,  есіктердің  номеріне  кѳз

жүгірте  бастадым.  Бала  күнімде  ауылдың  діндар  қартта‐

рының  намаз  оқығанын  талай  рет  кѳргенім  бар  еді.

Сәждеге  қайта-қайта  бас  қойып,  ѳз-ѳзінен  күбірлей

тізерлеп  отырған  қарт  бір  кезде  «Ассалаумағалейкум,

Рахметолла!»  деп  дауысын  шығарыңқырап,  басын  он

нығына, содан соң сол иығына қарай бұратын. Сол сияқты

58



мен  «алпыс  екінші  бәлме»  деп  іштей  күбірлеп,  басымды

екі жағыма кезек бұрып келемін. Тегі шалдарға қарағанда

менің «намазым« ұзаққа созылды-ау деймін, ѳйткені олар

мойнын  екі-ақ  рет  бұрса,  менің  әлденеше  рет  бұруыма

тура  келді.  Сѳйтіп,  58,  60,  61-бѳлмелердің  есіктері

алдынан  ѳттім.  Енді  алпыс  екінші  келетін  шығар  деп,

жүрегім  одан  сайын  лүпілдей  түсіп,  сол  жағымдағы

есіктің мандайшасына және қарадым. Жоқ, бұл алпыс екі

емес,  тіпті  мұның  маңдайшасында  ешбір  цифр  жоқ.  Ал

қарсысындағы есікте 63 деген цифр тұр. Сәл бѳгелдім де,

мүмкін  алда  шығар  деп,  екі  жағыма  кезек  үңіліп,  тағы

ілгері  жүрдім.  Қанша  үңілсем  де  алпыс  екінші  есікті

таппадым. Шорылдап аққан су дыбысы естіліп жатқан ең

түкпірдегі бѳлмеге дейін бардым да, дәліздің қабырғасына

тіреліп,  кейін  қайттым.  «Бұл  қалай  болды?  Әлде  Меңтай

бѳлмесінің  нѳмерін  қателесіп  теріс  айтты  ма?  Әлде  ол

мені  алдады  ма?..  Неге  алдайды,  олай  болуы  мүмкін

емес...»  Осы-лай  ойлап,  ұзындығы  ат  шаптырым  дерлік

жатақхананың  екінші  басын  қуалап,  ондағы  бірінші

номерлі  есіктің  алдына  дейін  бардым.  Бірақ  еш  жерден

алпыс екіні кездестірмедім. Салым суға кетіп, кейін қайт‐

тым.  Енді  не  істеу  керек?  Қой,  жаңағы  номерсіз  есікті

анықтап  қарайыншы  деп,  алпыс  үшінші  бѳлменің

қарсысына  қайтадан  келдім.  Сѳйтсем,  басқа  бѳлмелерде‐

гідей  ромб  пішіндес  қаңылтырға  жазылған  мандайша

нѳмері  түсіп  қалыпты  да,  оның  орнына  бұл  есіктің

тақтайына  қарындашпен  бадырайтып,  62  деген  цифр

жазылған  екен.  Екі  кѳзім  мандайшада  боп  жүрген  мен

алдында оны аңғар-маппын да, бос бейнетке түсіппін.

Бѳлме табылғанымен, менің жүрегімнен бѳлмеге кірер

батылдықтабылмай, тағы біраз бегеліп қалдым. Сағатыма

қарасам,  таңертеңгі  сегізден  жаңа  асып  барады  екен.

«

Апырай,  осы  келісім  не  келіс?  Қыз  шақырды  деп



қылқандап,  таң  атпай  жетіп  келуімнің  жѳні  қалай  бола‐

59



ды?.. Менің бұл елпектегенімді қыз қалай түсінеді?..» деп

ойлап  тұрдым  да,  «шешінген  судан  тайынбас»  дегендей,

не  де  болса  кіруге  ұйғардым.  Меңтай  есік  дыбысынан

шошымасын  дедім  бе,  білмеймін,  әшейінде  темірдей

саусақтарым  киіз  боп  кеткендей,  былп-былп  еткізіп  есік

қақтым.  Іштен  ешкім  дыбыс  бермеді.  Тағы  да  қақтым,

тағы  да  үн  жоқ.  Үш  рет  сѳйттім.  Итеріп  қарасам,  есіктің

кілттелмей  бос  жабылып  тұрғаны  байқалды.  Содан  соң

«

алға!»  деген  бұйрық  естілгеннен  кейін  окоптан  қарғып



шығып,  мойныңды  ішке  алып,  мылтықты  кезене  ұстап,

шабуыл  дүрмегіне  ілесе  тайсақтай  ілгері  жүгірген

солдаттай  болып,  кѳзімді  шарт  жұмдым  да,  есікті  ішке

қарай  итеріп  қалдым.  Тұтқа  қолымнан  сүйреп,  есікпен

ілесе ішке кірдім. Ішке кірсем... Сол жақтағы және тѳрдегі

екі тѳсек жинаулы, бос тұр. Екі тѳсектің бел ортасындағы

екі ақ жастық: «Саған не жоқ, ей» дегендей, екі құлақтары

едіреңдеп, маған қарай қалысты. Мен, неге екенін білмей‐

мін,  әлде  бір  магнит  тартқандай  болды  ма,  әйтеуір

шапшаң мойнымды оңға бұрдым. Бұрылсам, он жақтағы

тѳсекте  Меңтай  жатыр.  Жайшылықта  жуан  бұрым  етіп

басына орап-орап, тѳбесінен түйіп тастайтын қалың қара

шашы  ақ  жастықты  кѳміп  кетіпті.  Ақ  маңдайы  ашыла

жарқырап, ақша беті албырап, бал-бұл жанады. Оң бетін‐

дегі  қара  мең  мойылдай  мѳлдіреп,  кѳзіңді  қызықтырып,

жаныңды  еріксіз  шиыршықатырады.  «Апыр-ай,  Меңтай

деген әсем ат бұған осы меңге байланысты қойылған екен-

ау»  деп  ойладым  ішімнен  сол  сәт.  Ѳз  лебіне  ѳзі  балқып,

тәтті  ұйқының  құшағында  жатқан  сұлу  қыздың  сәбидей

пәк  жүзінен  ѳзгеше  бір  рақат  нұры  шашырап  тұрған

тәрізденді.

Шинелімнің  екі  етегі  салбырап,  керзі  етігімнің  екі

ұлтаны  еденге  екі  басы  алшия  жабысып  қалғандай  боп

қалшиып  тұрған  мен  құнқағарлы  қоқайма  фуражкамды

умаждап, бұрап, мыжғылай бергенімді ѳзім де аңғармап‐

60



пын.  Кісі  қолынан  садақа  дәметкен  қайыршыдай  емініп,

қыз тесегіне теніп тұрып қалыппын.

Кезім  Меңтайдын  беті-жүзін  сұқтана,  ашқарақтана

шолып,  оның  бұғағы  мен  мойнына  қарай  ауысты.

Жалаңаш  жатқан  мәрмәр  екі  иық  пен  жаңа  ғана  кѳшеде

ѳзім  кѳріп,  қолыммен  уыстаған  ұлпа  қардай  аппақ

кеудені кѳргенде жаным шығып кете жаздады. Екі иықтан

асып келген ақ жібек иық бау, қыздың кѳгілдір түсті жұп-

жұқа  ішкѳйлегінің  омырау  тұстарынан  жалғасыпты.

Ішкѳйлектің  кеудесі  кѳктемде  қозы  жейтін  балауса

сарғалдақтың үлдірегі іспеттес жұқа шілтермен безеліпті.

Одан  тѳменіректе,  ішкѳйлек  астынан,  қатар  жатқан  қос

жұдырықтай  боп,  қыздың  қос  алмасы  тырсияды.  Қыз

денесінің  ѳзге  жағын  менен  жасырғандай  боп,  жеңіл

қызыл  жібек  кѳрпе  шымқап  орай  алыпты.  Қызыл  кѳрпе

маған  жай  кѳрпеден  гѳрі,  қыз  денесінің  басқа  бѳлігін

қызғана қымтап, қаусыра құшып жатқан әлдебір толассыз

құмарлық, құштарлық бейнесіндей боп кѳрінді. «Мейлің,

ѳзге  жерін  кѳрсетпесең  кѳрсетпе,  маған  мынау  жалаңаш,

ғажап кеудені кѳрудің ѳзі де жетеді» деп, кѳрпемен іштей

ұрыстым да, қайтадан Меңтайдың бетіне үңілдім.

Сол  кезде  қыз  тѳсегінің  бас  жағында,  жерде  жатқан

кітапқа  назарым  ауды.  Оның  мұқабасында  «Жас

Вертердің  азабы»  деген  жазу  кѳзіме  оттай  басылды.  Бұл

менің соғыстан қайтарда сонау Германияда жүріп оқыған

соңғы  кітабым  болатын.Тегі  Меңтай  мұны  түні  бойы

оқып, тауысып, талып ба-рып ұйықтаған-ау. Бітірген соң,

бас жағына тастай салған кітабы жерге түсіп қалған болды

ғой  деп  ойладым  да,  ақырын  еңкейіп,  жердегі  кітапты

сыбдырлатпай алып, ептеп қана Меңтайдың жастығының

жанына  қойдым.  Содан  соң,  қыздың  мынау  ғажап,  тәтті

ұйқысын  бұзбайын  деп,  аяғымның  ұшы-мен  бір  басып,

екі басып, есікке қарай шегіндім.

Шығар алдында ұйықтап жатқан қыз келбетіне тағы да

61



бір бұрылып қарадым. Маған Меңтай «Ұйқыдағы Венера»

картинасынан  да  сұлу  боп  кѳрінді.  Шіркін-ай,  мен  ұлы

суретші  болсам,  соғыстан  келген  студент-  солдаттың

ұйықтап  жатқан  жартылай  жаланаш  сұлу  қызға  ыстық

іңкәрлікпен,  сонымен  бірге  мол  мейір,  қадір-құрмет

таныта  қадалып  қалған  сол  бір  сәтін  ұрпақтан  ұрпаққа

жетер  мәңгілік  мұра  етіп  қалдырған  болар  едім  деп

ойлап,  бѳлмеден  шықтым  да,  ептей  тартып,  есікті

жаптым.

Қайтадан  кѳшеге  шықсам,  айнала  бағанағыдан  да

жарықтанып,  тѳңіректің  бәрі  жайнап,  жадырап  кетіпті.

Бағанағы  жатақханаға  кірердегідей  емес,  менің  де  аяғым

қаздаң-қаздаң  етеді.  Жатақхананың  дәл  жанынан  ѳтетін

Ұйғыр кѳшесіне түсіп алып, Алатаудың алыстан кѳрінген

ақ бас шыңын бетке ұстап, лағып, гарта бердім. Ол кезде

Алматыда  үш  этаждан  биік  үйлер  болмайтын.  Олардың

ѳздері  де  орталық  кѳшелердін  әр  жерінен  бір  бой

кѳрсетіп,  қаланың  ѳзге  тұстарын  бір  қабат  жатаған  ағаш

үйлер  кернейтін.  Әсіресе,  Ұйғыр  кѳшесі  сияқты  сырт

аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш

үйлер  тіпті  кѳп  болатын.  Солардың  ара-арасымен  ѳтіп

келе  жатқан  маған  жатаған  сол  бір  жаман  үйлер  алтын

сарайдан  кем  кѳрінбей,  сол  сәтте  ѳзімнің  ғажайып  бір

бѳтен патшалықтың ішін аралап, кезіп жүргендей жайым

барын бұлдыр сезінемін. Аяқ астымдағы ақ қардың шетін

кейде  әлдебір  қызыл  нұр  бүркеп,  қымтап  жауып  қалған

жай елестейді. «Ә, бұл Меңтайдың аппақ қар-дай денесін

бүркеп  жасырып  жатқан  жаңағы  қызыл  кѳрпе  елесі

болар» деп ойлаймын да, ѳз-ѳзімнен тамсана жымиямын.

Ендіғі  ойым  алпыс  екінші  бѳлмеғе  ауысып,  жаңағы

картина  тұтастай  кѳз  алдыма  ѳралды.  «Әттең,  шіркін-ай,

Меңтайдың  ақ  денесін  қаусыра  құшып  жатқан  жаңағы

қызыл керпе кандай ғажап! - деп ойлаймын ішімнен. Мен

сол  кызыл  кѳрпе  болар  ма  едім.  Әй,  ол  менің  қолыма

62



тимейтін,  кесек  бақыт  қой.  Одан  да  сол  керпенің  астары

болсам  да  жарар  еді-ау.  Жок,  ол  да  менің  маң-дайыма

сыймас,  ең  жоқ  деғенде,  сол  кѳрпе  астарының  бір  са-бақ

жібі болсам да жетер еді...»

Осындай  қиялмен  келе  жатқан  менің  ойыма  әлде‐

кайдан  келіп:  «Ақ  етіне  қызыл  кѳрпе  басылып»  деғен

сѳздер  ѳрала  кетті.  Алғашында  оған  онша  мән  бермедім

де,  орамы  жеңілдеу  сияқты  кѳрінген  бұл  сѳздерді  іштей

ыңылдап, тағы бір қайта-лап айтып шықтым. Сѳнда ғана

оның  ойнақы  ѳлең  жолына  ұқсас  бірдеңе  екенін  білдім.

Кѳшеде  арлы-берлі  ѳсылай  ыңыл-даумен  жүріп,  ѳзімнің

шѳрқақ тіл, ѳлақ үйқасыммен Меңтайға арнап алғаш рет

ѳлең шығарғанымды аңғардым. Әр жерге тѳқ-тай қалып,

түрегеп  тұрып,  кѳйын  дәптеріме  тізген  үзік-үзік

жолдардан  «Қызыл  кѳрпе»  деген  атпен  мынандай  тѳрт-

бес ауыз ѳлең құрастырыппын.

Тәтті ұйқының құшағына беріліп, Жатты сұлу шалқа‐

сынан  керіліп,  Ақ  дидарын,  аппақ  тәнін  кѳргенде  Бойым

балқып, кетті сезім еліріп.

Ай  секілді  мандайдағы  қиғаш  қас,  Беттегі  мең  -  сайда

жатқан  қара  тас.  Дем  шығарып  кеудесінен  жұпардай,

Корғасындай толықсиды қарындас.

Ак  етіне  кызыл  кѳрпе  басылып,  Кѳкірегі  жатыр  екен

ашылып:  Діріл  какты  уылжыған  кос  алма,  Қара  шашы

толкындай боп шашылып.

Күнім  туып  бақ  жұлдызым  жанатын,  Қымтап,

шымқап, жаным рақаттанатын, Болсам етті, әттең дүние-

ай, сол кѳрпе Құшып, сүйіп, құмарым бір қанатын.

Дәурен  кайда  маған  оны  сүйетін?  Тым  болмаса

киімінің  киетін,  Не  сол  кѳрпе  астарының  бір  сабақ  Жібі

болсам  денесіне  тиетін!  Не  болса  да  кѳкіректі  жарып

шыққан  пәле  емес  пе  -  осы  жаман  ѳлең  сымақ  ол  сәтте

ѳзіме  жап-жақсы  сияқты  боп  кѳрінді.  Айта  берсеңіз

осындай  ѳлең  құрастырғаныма,  бейне  бір  Абайдың

63



«

Айттым  сәлем,  қаламқасын»  шығарғандай-ақ  едәуір

қанаттанып  қалдым.  Сѳйтіп  кѳшені  біраз  таптағаннан

кейін,  сағат  он  бірге  таяна  жатақханаға  жақындап  қайта

келдім.  Сол  сәтте  бір  ой  түсе  қалды  да,  шапшаң  жан-

жағыма  қарадым.  Жол  шетіндегі  аласа  қашалы  аула‐

лардың  бірінде  шатырын  қар  басып,  саңырау  қуяақтай

қалтиған беседка тұр екен. Қашадан бір-ақ аттап, жүгіріп

соған  бардым.  Беседканың  ортасында  жазда  үй  иелері

отырып  домино  ойнайтын  үш  сирағы  ағаш,  бір  сирағы

темір,  ортасы  ойылып  кеткен  ескі  стол  бар  екен.  Соның

бір  шетіне  отыра  қалып,  жасаулы  жақсы  ка-бинетке

жайғасқан  үлы  ақындай-ақ  айналама  маңғаздана  қарап

алып,  жаңағы  ѳлеңді  жеке  қағазға  кѳшіруге  кірістім.

Кағаздың  ѳртасына  ірілеу  етіп  «Қызыл  кѳрпе»  деп

жаздым  да,  оның  астына  жақша  ішіне  үсағырак  әріп‐

термен  «Меңтай  ту-ралы  лирикалық  ой»  деген  сѳздерді

жѳне  кѳстым.  Ѳленді  ке-шіріп  болып,  қайталап  оқып

шықтым  да,  аяғына  «1946  жыл,  1  январь»  деп  күнін

кѳрсеттім.  Сѳдан  соң  қағазды  жаксылап  бүктеп,  қойын

дѳптерімнің ортасына салдым да, орнымнан тұрдым.

64



Ж

үректегі  лүпілді  шынашақтың  сәл  дірілінен

аңғартып,  тағы  да  менің  қолым  соқырдың

алақаныңдай  боп,  алпыс  екінші  бѳлменің  есігін  ақырын

бір  сипап  ѳтті.  Содан  соң  саусақтар  бүгіліп,  бірінен  бірі

сүйеу,  қолдау  тапқандай  иықтаса  жұмылып  барып,

тақтайды тықылдатты.

— 

Кіріңіз,  кіріңіз,  -  деп  екі  рет  қайталап  айтқан  қыз



даусы естілді. Мен есікті жайлап ашып, ішке кірдім. Үстел

басында  Меңтай  кѳйлегін  үтіктеп  жатыр  екен.  Мені

кѳргеннен кейін:

— 

О,  ағай,  жоғарылатыңыз,  тѳрлетіңіз,  -  деп  үтігін



үстел  шетіне  шоқитып  қоя  салды.  Меңтай  үстіне  кѳп

жуылғандықтан  бұрынғы  қара  кѳк  түсі  бозғылттанып

кеткен  кѳнетѳздау  спорт  костюмін  киіп  тұр  екен.  Ескілеу

болғанмен  етпен  ет  боп  жабысқан  осы  бір  жарасты  киім

қыз  мүсінінің  мүшелерін  айқындап,  адамды  одан  сайын

ынтықтыра  түсетіндей.  Оның  есесіне  бағанағы  ақ  мойын,

ақ білек, уыз кеуде біржола жасырынып, бүркеліп қалған.

Мен сол бір сұлу картинаны іздегендей тамсанып, тѳсекке

қарадым.  Тап-тұйнақтай  боп  жиналған  қыз  тѳсегі  маған

жанды ерітер тамаша картинаның бос қалған рамасындай

үңірейіп  тұрған  сияқты  боп  кѳрінді.  Үтігін  қоя  салып,

Меңтай екі қолын қатарластыра ілгері созып, маған қарай

жүрді.

— 

Ағай, сіздің Жаңа жылда бақытты болуыңызға, ойға



алған  мақсаттыңыздың  бәрі  түгел  орындалуына  шын

жүректен  тілектестік  білдіремін!  -  деп  кішкентай  әсем

алақандарының  арасына  алып,  менің  қолымды  қысты.

«

Егер шын тілектес болсаң, онда ойға алған бар мақсатым



ѳзіңсің  ғой,  Меңтай»,  -  дедім  мен  ішімнен.  Бірақ  оны

сыртыма шығарып айта алмадым.

— 

Рахмет, Меңтай, мен де сізге соны тілеймін! - дедім



оның қолын мен де қос қолдай қысып, қысып емес-ау, жас

65



баланың  білегін  ұстағандай  мәпелеп.  Меңтай  маған

еркелей қарады.

— 

Ағай, бір ѳтінішім бар, айтайын ба?



— 

Айтыңыз,  -  дедім,  «ол  не  етініш  болды  екен»  деп

жүрегім лүп ете қалып.

— 

Айтсам, бүгіннен бастап мені «сіз» демей, «сен» деп



айтыңызшы. Жарай ма?

— 

Неге?



— 

Мен  сізді  туған  ағамдай  жақсы  кѳремін,  -  деді

Меңтай  тағы  да  еркелей  үн  қатып.  -  Ал  «сен»  демей,

маған «сіз» десеңіз, онда бѳтен адам сияқтанып кетесіз.

Меңтай осылай деп, оң иығына қарай басын қисайтты.

Үстіне спорт костюмін киген Ментай маған бұл сәтте кѳз

қызықтырар  бѳтен  үйдің  бойжеткенінен  гѳрі  ерке-шора

боп ѳскен тентектеу ѳз бауырым тәрізденіп кетті.

— 

Жарайды, онда солай болсын, - дедім мен күліп.



Меңтай  мені  жетектеп  тѳрге  шығарып,  орындыққа

отырғызды.  Содан  соң  үстел  үстіндегі  үтіктеліп  болған

ұзын  жеңді  қысқы  кѳйлегін,  гардеробтың  есігін  қалқалап

тұрып,  оның  ішінен  және  бірдеңелерді  алды  да:  «Ағай,

мен қазір келемін» деп есіктен шығып кетті. Мен бѳлмеде

оңаша  қалған  мен  студенттік  жұпыны  тіршілік  мекеніне

кѳз жүгірттім. Арзанқол темір тѳсек, тақтай тумбочкалар.

Әр  қыздың  тѳсегінің  тұсына  тұскиіз,  кілемше  орнына

газет  тұтылып,  олардың  үстіне  фотосуреттер  жапсыры‐

лыпты.  Кѳпшілігі  екеу-үшеуден,  кейде  үлкен  топ  болып

бірігіп түскен қыз суреттері. Әр тұстан әскери киімді жігіт

суреттері  кѳзге  шалынады.  Сондай  бір  жұпыны  жігіт

Меңтай  тұсында  да  тұр.  Меңтай  расында  да  тез  келді.

Жаңағыдай  емес  ѳзгеріп,  басқаша  болып  келді.  Үстіндегі

спорт  костюмін  шешіп  тастап,  ѳзінің  кыз  киімін  киіп

алыпты. Тегі менің алдымда тар кос-тюммен алды-артын

бұлтитып  жүруге  ұялған  болу  керек.  Мені  не  дәлізге

қуаламай,  не  теріс  қаратып  қойып,  осы  жерде  шешініп,

66



кѳйлегінін судыр-сусылымен, желкені куйдіре, жақыннан

шыққандай  боп  білінетін  ыстық  демінің  лебімен

жанымды  қинамай,  ѳзі  басқа  қыздардың  бѳлмесіне

барып,  қайта  киініп  келген.  Жіп  шұлығы  оқтаудай  түзу

аяқтарына  және  жарасып  тұр.  Мен  Меңтайдың  бұл

инабаттылығына іштей сүйсіндім.

— 

Ағай, мен сізді ертерек кеп қалар деп шай қайнатып



қойып  едім,  -  деді  Меңтай,  дәлізге  дәл  бір  сол  үшін

шығып  келгендей.  Киімін  ауыстырып  келгенін  ешбір  сез

етпестен,  қолына  шиыршықтап  ұстаған  спорт  костюмін

гардероб тартпасына сұға салды.

— 

Мен  расында  да  ертерек  келіппін.  Келсем,  сіз..  а,



жоқ,  сен,  -  дедім  күліп,  жаңа  ғана  Меңтайды  «сен»  деп

атауға уәделескенім есіме түсіп, - ұйықтап жатыр екенсің.

— 

Ә-ә!  -  деді  Меңтай  даусын  әндете  созып.  -  Онда



есікті қаттырақ қақсаңыз етті, мен оянатын едім ғой.

— 

Мен  ақырын  қақтым,  бірақ  есік  кілттелмей,  бос



жабулы тұр екен.

— 

Кілттелмепті дейсіз бе? - деді Меңтай бѳлмесіне дәл



қазір  ұры  кіріп  кеткендей  кѳзі  бақырайып.  -  Бір  кітапты

қолыма алып едім. - Меңтай оның не кітап екенін айтқан

жоқ.  Бірақ  мен  оның  не  кітап  екенін  түсініп,  қыз  тесегі

жаққа кѳзімді жүгірттім. Бірақ жас Вертер Лоттаны іздеп,

таңертеңгі  жатқан  жерінен  «тұрып  кетсе»  керек,  орын‐

дық,  тумбочка  үстерінде  де  кѳрінбеді.  -  Сол  кітаптың

қызығымен есікті әне жабамын, міне жабамын деп жатып

ұмытқанмын  ғой  тегі.  -  Кыз  әлдебір  ұятқа  ұрынғандай

боп,  басын  шайкады.  -  Мен  әзім  сақ  емес,  сенгішпін.

Осыным  жаман-ау,  тегі,  -  деді  ѳзіне  ѳзі  ұрысқандай:  -

Түнде үйге ағай емес, басқа біреу кіріп кетсе, қайтер едім.

Осыдан  кейін  Меңтай  екеуіміз  үстел  басында  отырып,

шай  іштік.  Бір  тілім  қара  нанды  бѳліп  жеп,  Меңтаймен

ішкен  қара  шай  маған  балдан  да  тәтті  боп  кѳрінді.

Екеуміздің  ортамызда  тұрған  кемерінен  шай  ұрттаған

67



сайын  күйдіріп,  ерінді  қаритын  екі  қаңылтыр  кружка,

шойын  шәугім  мен  пластмассадан  жасалған  арзан

тарелка сол сәтте маған дүниедегі ең қымбат алтын серв‐

издерден де артық, қадірлі сияқтанды.

— 

Сіз менің туған ағам Жүніске сондай ұқсайсыз, ағай,



деді Меңтай шай ішіп отырып, - біз бір әке, бір шешеден

Жүй-ке екеуіміз ғана едік. Кішкене күнімде тілім келмей,

мен  Жүністі  Жүйке  дейді  екемін,  ѳмір  бойы  солай  атап

кеттім.  Ол  менен  бес  жас  үлкен  болатын,  сіз  құралыптас

еді.  Сіз  де  қозыдай  жуассыз,  момынсыз  ғой,  ағай.  Жүйке

де  сондай  еді.  Анау  тұрған  сол  ағайымның  суреті.  -

Меңтай  тѳсегінің  тұсындағы  газетке  жапсырылған  сурет‐

терді  нұсқады.  -  Сіз  ең  алғаш  біздің  аудиторияға  кіріп

келгенде,  не  болғанымды  білмей  кеттім.  Сізді  мені  іздеп

келген сол ағайым екен деп қалдым. Артынан Жүйке емес

екеніңізді  білсем  де,  жүрегім  еріп,  үзіліс  болғанша  әрең

отырдым.  Сіз  тым  болмаса  менің  ағаммен  соғыста  бірге

болмады  ма  екен  деп  ойладым.  Үзіліс  кезінде  соны

сұрайын деп оқталған едім. Қалжыңбас Қанипа сізді ұзақ

тергеп,  әуреге  салды.  Сол  кезде  менің  сізге  қатты  жаным

ашып  тұрды.  Шыдамай,  қасыңызға  барғанымда  Жүйке

есіме  түсіп,  «Арманым,  ағатайым,  қайдасың  сен?»  деп

ішімнен  егіліп,  жылап  тұрдым.  Кейіннен,  сіздің

дәптеріңізді  үйге  әкеліп,  қазақ  тілінің  барлық  конспек‐

тілерін  кѳшіргенімде  де  осы  жерде  отырып  оның  талай

беттеріне  кѳзімнің  жасы  тамды.  Меңтайдың  мен  алғаш

аудиторияға  келген  сағаттан  бастап  маған  қамқоршы

болғанын  жоғарыда  айттым.  Ол  сол  күнгі  лекциядан

кейін менің қазақ тілі дәптерімді алып кетіп, бірнеше кеш

отырып,  бұрын  еткен  лекцияларын  кѳшіріп  берген.  Сол

сияқты  Майра,  Күлкен,  Қанипа  сияқты  қыздарға  да  бір-

бір  дәптер  етіп  басқа  пән  лекцияларын  және  кешірткен.

Адал кѳңілмен ағасындай кѳріп, жаны қалмай, қамқоршы

боп жүрген қызға менің іштей ғашық болып, құмартуым

68



оған бейне бір жамандық ойлаумен пара-пар сияқты боп

кѳрінді  ѳзіме.  Осы  осалдығым  үшін  ѳзімді  ѳзім  іштей

кінәлап,  ұрысып,  үнсіз  отырып  қалдым.  Қыздың  балдай

тәтті  шайы  терлетті  ме,  әлде  шайдан  ыстық  сѳзі  жіпсітті

ме,  білмеймін,  маңдайым  бусанып  қоя  берді.  Меңтай

жайлап отырып сѳзін ары қарай жалғады.

— 

Ағай,  сіз  Сегізінші  гвардия  дивизиясынан  келген



жоқсыз ба?

— 

Жоқ, мен Жүзінші бригадада болдым.



— 

Ондайды  естігем  жоқ.  Маған  соғыстан  қайтқан

жұрттың  бәрі  Сегізінші  гвардия  дивизиясынан  келген

сияқты  боп  кѳрінеді.  -  Меңтай  сәл  бѳгеліп,  ойланды  да,

оның жауабын ѳзі айтты. - Бәлкім, ол Жүйкенің сол диви‐

зияда болғанынан шығар.

— 

Ол кісі тірі ме? - деп сұрадым мен.



— 

Жоқ,  «қара қағаз»  келген.  Артынан қасында  болған

кісі  ѳз  қолыммен  қойдым,  ѳлгені  рас  деп  сендірді.  Осы

арада  Меңтай  екеуіміз  де  едәуір  үнсіз  отырып  қалдық.

Тегі  ендігі  әңгімені  неден  сабақтарымызды  білмей,

бѳгелген  болуымыз  керек.  Шай  ішілгеннен  кейін  Меңтай

ыдыс-аяқты гардероб полкаларына тез жинап тастады да,

тѳсегінің  бас  жағындағы  тумбочкасынан  бір  қалың

кітапты алып шықты.

— 

Ағай,  -  деді  ол  үстел  басына  қайта  келіп,  жаңағы



шай  ішкендегідей  менің  қарсыма  емес,  енді  қасыма

отырып жатып, - мен кітапханадан үш күнге сұрап әкеп,

«

Одиссеяны»  оқып  жатыр  едім.  Ѳткен  түнде  Гетенің



қызығына  түсіп,  мұның  аяғын  бітіре  алмай  қалғаным.

Сізбен  бірге  отырып,  осыны  тауысып  тас-тасақ  қайтеді,

егер бүгін басқа жұмысыңыз болмаса?

— 

Жоқ, оқиық, - дедім мен бірден.



— 

Онда  жақсы  болды,  -  деді  Меңтай  қуанып  кетіп.  -

Бәрі-бір жазда ежелгі грек әдебиетінен емтихан тапсырға‐

нымызда  да  керек  қой  бұл.  Маған  сонау  жазда  тапсыры‐

69



латын емтиханнан гѳрі сол сәтте Меңтай қасында кѳбірек

отыру қымбаттырақ еді.

— 

Шаршағанда  кезектесіп  оқырмыз,  қазір  мен



бастайын,  ағай.  Мен  басымды  изедім.  Меңтай,  тамағын

кенеп  алып,  он  тоғызыншы  жырдан  бастап,  оқуға  кірісті.

Все  разошлися;  один  Одиссей  в  опустевшей  палате

Смерть,  замышлять  женихам  совокупно  с  Афиной

остался. С ним Телемах...

Меңтайдың  әсем  даусы,  жаздыгүні  Алматының  әр

кешесін  бойлай  ағатын  сансыз  бұлақтың  сылдыр-

сыңғыры  тәрізденіп,  бірте-бірте  бѳлмені  керней  бастады.

Қыз  кітапты  бар  ықыласымен  беріле  оқып  отыр.  Әсіресе

ол  Пенелопаның  басынан  кешкен  қиыншылық,  ауыр

жайлар  тұсын  оқығанда  сѳл  қасіреттердің  бәрін  ѳз

басынан  ѳткеріп  отырғандай  қабақ  шытып,  қиналып

қалады. Сол кезде мен ішім ауырып отырғандай кіржиіп,

онымен  іштей  қоса  қиналамын.  Меңтай  даусы  жанды

әлдилер бүлақ сыңғырындай біркелкі күйге кешкенде мен

де кең тыныс алып, жадырап, рақаттанып қаламын. Ѳзіңіз

білесіз,«Одиссеяның»  соңғы  жыр-тарауларында  Одиссей

батырдың  жары  Пенелопа  сұлудың  соғысқа  кеткен  ерін

жиырма жыл бойы айнымас адалдықпен күткені суретте‐

леді  ғой.  Жиырма  жыл  бойына  ол  ѳзінен  дәмеленіп,  қол

созған  жігітсымақтардың  бәрін  әр  түрлі  айла  тауып,

бойына  дарытпайды.  Қызығушылар  қыр  соңынан

қалмаған  соң,  бірде  ол  сол  елдің  дәстүрі  бойынша  қарт

атасына  кебін  тоқуға  кіріседі.  Соны  бітіріп,  атамның

алдында  келіндік  қарызымды  ѳтегеннен  кейін  ғана  басқа

күйеуге шығамын деп жар салады. Бірақ Пенелопа күндіз

тоқыған  ѳрмегінің  жібін  ѳзі  ылғи  түнде  тарқатып  тастап

отырады.  Дәмелі  жігіттер  арудың  бұл  айласын  сезіп

қойып, кѳбінді тез тоқып бітір деп дігірлейді. Бұл айласы

ашылып  қалғаннан  кейін  Пенелопа  жаңа  бір  шартты

және  ойлап  табады.  Енді  ол  Одиссейдің  үйде  қалған

70



адырнасы  ағытулы  садағын  кімде-кім  тартып,  бір  жебені

қатар тізілген он екі шығыршыктың кѳзінен ѳткізсе, соған

тиемін дейді. Ѳйткені ол Одиссейдің алып садағын ешкім

тарта  алмас,  сѳйтіп  мырзалар  менен  күдерін  үзіп,

құлағыма  тыныштық  берер  деп  үміттенеді.  Күйеулердің

ѳзара  жарысы  белгі-ленген  күнге  Пенелопадан  дәмесі

барлардың бәрі тегіс жиналады. Бірақ олардың бірде бірі

оқатып,  он  екі  шығыршықган  ѳткізбек  түгіл,  алып

садақтың  адырнасын  да  кигізе  алмайды.  Осы  топырдың

үстіне  Одиссей  келіп,  ақ  некелі  әйелінің  басын  дауға

салғандарды  тегіс  құртады.  Сѳйтіп  ол  ѳзінің  кіршіксіз

адал  жары  Пенелопаға  қосылып,  ѳзі  жоқта  ержетіп,

азамат  болған  ұлы  Телемахпен,  барша  ел-жұртымен

табысып,  мұратына  жетеді.  Қасымдағы  қыздың  оқып

отырған  кітабына,  кітаптың  екінші  бетінде  жатқан  оның

ақ  сүйрік  саусақтарына  мүлгіп,  телміре  қарап,  қыздың

үніне, кітаптың оқиғасына елтіп, екеуіне бірдей ынтығып,

мен  ұзақотырдым.  Сондай  сәттерде  кейде  менің  иығым

Меңтайдың  иығына  тиіп  кетеді  де,  вокзалда  отырып

ұйықтаған адамның селк етіп оянып, мойнының сылқ ете

түскенін кѳрген ешкім жоқ па екен деп, жалма-жан жан-

жағына  қарап,  әлек  боп  қалатынындай,  кеудемді  кейін

шегеріп, қолымды қайта-қайта уқалай беремін.

Сѳйтіп  отырып,  кешке  қарай  біз  «Одиссеяны»  аяқта‐

дық.  Әрине,  мен  осының  бәрі  ѳз  жырым  -  ѳз  одиссеям

болмағанына  іштей  ѳкіндім.  Әлдебір  кѳмескі  елестер  кѳз

алдыма келіп, Сәлиманың мені күтпей, басқа біреуге тиіп

кеткені ернімді еріксіз тістетіп, және қынжылтты.

— 

Міне,  бір  үлкен  жұмыс  бітті,  ағай,  -  деп  Меңтай



кітаптың соңғы бетін жапты. Бірақ оны алдынан ысырып

тастамай,  оқығанын  ойға  жинағандай  боп,  кітаптың

сыртын сипап біраз үнсіз отырды.

— 

Ағай,  сіз  қалай  ойлайсыз?  -  деді  ол  содан  соңмаған



соң-  шама  бір  сабырлылықпен  қарап.  -  Маған  Гомер

71



поэмалары  қазақдастандарына  ұқсайтын  сияқты  боп

кѳрінеді.  Мәселен,  мен  ѳз  басым  осы  Одиссейді  біздің

Қобыланды батырға , Пенелопаны Құртқа сұлуға жақын‐

датамын  да  тұрамын.  Айырмашылық  екі  елдің  тіршілік

кәсібінде, бірі теңізді, екіншісі даланы мекендейтіндігінде

ғана  ғой  деймін.  Қобыланды  жауға  аттанып  кеткенде

оның  елін  Қызылбас  жұрты  шауып  алып,  сол  елдің  ханы

Алшағырдың  Құртқаны  аламын  деп  әлек  салатыны

жаңағы  Пенелопаны  аламын  деушілердің  қылығына

ұқсамай  ма?  Ѳмірі  Гомерді  естімеген  қазақ  жыраула‐

рының онымен үндес шыққанына қайран қаламын.

Бұл  сѳздерімен  Меңтай  маған  кітапты  кей  қыздарша

судыратып  босқа  оқып  шықпай,  оның  мән-мағынасына

ой 


жіберіп, 

оқығандарын 

бір-бірімен 

салыстыра

отыратын  зерделілігін  танытты.  «Қаласаң,  сен  түбегейлі

зерттеуші,  жақсы  ғалым  да  боп  шығар  едің-ау»  депфй‐

ладым мен.

— 

Иә, рас, - дедім мен Меңтайдың сѳзін құптап.



— 

Менін  әдебиеттегі  әйел  бейнесінен  ең  жақсы

кѳретіндерім  осы  Пенелопа,  Құртқа  тәрізділер,  -  деді

Меңтай ойын ары қарай жалғап. - Бұлардың ѳзі еңбекші

әйелдер.  Пенелопаның  атасына  ақырет  тоқымақ  боп,

күндіз-түні  ѳрмектің  үстінен  түспеуі,  Құртқаның  Тайбу‐

рылдай  тұлпарды  балаша  мәпелеп,  бабын  тауып  ѳсіруі

ересен  еңбекшілдікті  білдірмей  ме?  Меніңше,  әйелге

керек  негізгі  үш  қасиет  бар,  ағай.  Олар:  еңбекшілдік,

ақылдылық,  сұлулық.  Бойында  осы  үш  қасиет  тегіс  бар

әйелді  тѳрт  құбыласы  түгел  әйел  деп  бағалау  абзал.  Ал

соның  алғашқы  екеуі  ғана  табылса,  онда  соңғысынсыз  да

ѳмір  сүре  беруге  болады.  Солай  емес  пе,  ағай?  -  Мен

әйелдердің  сұлулықты  ѳздеріне  ең  бірінші  қажет  деп

білетінін,  сондықтан  сиықсыз  әйелдер  де  ѳздерін

сүлумыз  деп  есептейтінін  сезсем  де,  Меңтайдың  сѳзін

құптап,  тағы  да  басымды  изедім.  Бірақ  Меңтайдың

72



еңбекшілдікті  бірінші  қажетдеп  біліп  отырғанын  оның

келесі  сѳзінен  ғана  анғардым.  -  «Әдебиеттегі  еңбекші

әйелдер  бейнесі»  десе,  бір  диссертацияға  тақырып  та

болады екен-ау ѳзі.

Қыз  осылай  деп  сѳзін  аяқтағандай  болды.  Бірақ  оны

мен қайтадан жалғастырдым.

— 

Осы  тақырыпты  ѳзің  диплом  жұмысы  етіп  алып,



университет  бітірген  соң  оны  диссертацияға  неге  айнал‐

дырмайсың, Меңтай?

— 

Диплом жұмысы етіп алуға болады ғой, - деп барып



қыз жымиып күліп алды. - Ал диссертация қорғау менің

қолымнан келмес.

— 

Неге?


— 

Анада  оқытушы  ағайдың  осы  жѳнінде  ѳжеттік,

ѳлермендік деп екіге жіктеп айтқан бір ѳткір сѳзі әлі күнге

дейін кѳкейімнен кетпейді. Ол сѳз сіздің де есіңізде болар,

ағай?  -  деді  Меңтай  ѳзіне  тән  сыпайылығын  берік  сақтай

отырып.


Иә,  мен  оны  ұмытқан  жоқ  едім.  Ѳзімізге  құдайдай

кѳрінетін  қасқа  мандай  қадірмен  оқытушымыз  лекция

үстінде сѳзден сѳз шығып кетіп, былай деген еді: «Бағдар‐

лап,  барлап  қарасақ,  кей  кезде  диссертация  түрлі

жолдармен қорғалатыны байқалады. Бірі - ғылымға келер

жастын  шын  бейімділік  таныт-қан,  анық  парасатпен

қорғауы.  Екіншісі  -  ешбір  бейімі,  ғылы-мға  анық  қосар

үлесі  жоқ  қарадүрсін,  кейбір  адамдардын  күрпілдетіп

сиыр  сауғандай  етіп  кандидаттык  дипломнан  ай  сайын

мол акша сауып отыру мақсатын кѳздеп, құлқын-құмар‐

лықпен,  пайдакүнемдікпен  қорғауы.  Соңғысы,  алға‐

шқыдай ғылымда айтатын ѳз сѳзім бар деп, ѳзекті жарып

шыққан 

ѳжеттікпен 

емес, 

жалынып-жалпайып,



әлеусіреген  ѳлермендікпен  қорғау.  Сендердің  іштеріңде

кейін  диссертация  қорғаймын  дейтін  талапкерлерің

болса, онда ғылымға анау алғашқы ақ, әділ жолмен бару‐

73



ларыңды  мәслихат  етемін.  Осы  соңғы  сәлекет  жол  доға‐

рылса екен деп тілеймін».

— 

Ағайдың сол айтқанындай-ақ, - деді Меңтай жаңағы



сѳзін жалғап, - ғылымға үлес қосу үшін емес, күрпілдетіп

ақша  салу  үшін  ғана  диссертация  қорғау  біздің

қыздардың  кейбіреулерінін  қолдарынан  келсе  келер,

бірақ  мен  ѳйте  алмаспын.  -  Меңтайдың  енді  бұл  тақы‐

рыпта  әңгіме  қозғағысы  келмеді  білем,  сѳздің  бетін

басқаға  бұрды.  -  Бұның  бәрі  мына  кітаптан  шығып  кетті

ғой. - Ол алдында жатқан кітаптың сыртын тағы бір сипап

қойды.  -  Айтпақшы,  ағай,  жаңа,  кітап  оқып  отырғанда

кѳмейіме  келген  бір  сұрақ  бар  еді.  Соны  сұрайын  ба

сізден?


— 

Сұра,  Меңтай,  -  дедім  мен  күле  түсіп.  Қыздың  не

сұрағалы отырғанын сезгендей, жүрегім су ете қалды.

— 

Сұрасам,  Одиссей  батыр  сияқты,  сіз  де  соғыстан



қайттыңыз ғой. Ал елде сізді күткен ѳз Пенелопаңыз жоқ

па  еді?  Бұл  сұрағыма  ренжімеңіз,  ағай,  -  деді  Меңтай

соңғы  сұрағым  менің  кѳңіліме  кеп  қалды  ма  дегендей,

кейінгі сѳздерін тездете айтып.

Несіне ренжиін, мен қызға шынымды айттым.

— 

Болды.  Меңтай,  -  дедім  сәл  ғана  күрсініп  қойып.  -



Аты  Сәлима  еді.  Соғысқа  кетерде  уәде  байластық.

Артынан  ол  осы  КазГУ-ге  келіп  студент  болып,  оқып

жүрді.  Хат  алысып  тұрдық.  Оның  ең  соңғы  хатын  мен

1944 


жылдың  басында  алдым.  Сол  хат  әлі  күнге  дейін

қалтамда жүр. Тындасаң, оқып берейін.

— 

Оқыңыз,  ағай,  -  деді  Меңтай  әлденеден  қаймы‐



ққандай  бѳгеле  сѳйлеп.  -  Бірақ  ѳзіңізге  ауыр  болып

жүрмесе... олай болса, оқымай-ақ қойыңыз.

— 

Е, адам басына түскен ауырлықтың бәріне кѳнуге де



тиіс,  оны  кѳтеруге  де  міндетті  ғой.  Әйтпесе  оның  несі

адам?!  -  дедім  ѳзімді-езім  қайрағандай  болып.  Содан  соң

орнымнан тұрып, Меңтай шифонерінің есік жақ сыртын‐

74



дағы  темір  шегеде  қабырғаға  ілген  қасқырдың  терісіндей

жер сыза салақтан тұрған шинелімнің ішкі қалтасынан су

ѳтпейтін жылтыр қағазға оралған хаттарды алдым. Бѳлме

іші  қара  кѳлеңке  тарта  бастаған  еді.  Меңтай  да  менімен

ілесе орнынан тұрып, есіктің екінші жақ қабырғасындағы

қара  тиекті  бұрап,  тѳбе  шамды  жақты.  Мен  орныма

отырып,  Сәлиманың  хатын  оқуға  кірістім.  Мең-тай

жаңағы  жерге  «Одиссеяні»  шынтақтай  қайта  жайғасып,

бейтаныс  қыздың  әр  сѳзіне  барынша  зейін  қоя  тындап

қалды.


Мен  онда  дәптердің  алты  бетінің  асты-үстін  толтыра

ұзақ жазылған хатты Меңтайға түпнұсқадан оқып берген

едім.  Енді  оны  сізге  жаттап  алған  тақпақ  сияқты  етіп,

ауызша айтуыма тура келеді. Егер менің қолыма қарамай,

сәл  қырындай  отырсаңыздар  онда  түпнұсқадан  оқылған

хатты  тыңдағандай  әсер  алуларыңыз  да  мүмкін.  Ал

бастайын не де болса.

«

Жаным Ербол!



Менің  сені  шексіз  сүйетінімді  білесің.  Ѳзім  де  сен

дегенде  шығарда  жаным  ғана  басқа  шығар  деуші  едім.  -

Бұрынғы  хаттарының  бәрінде  Сәлима  алдымен  менің

амандығымды  сұраушы  еді.  Содан  соң  есен-сау  бола

беруіме, жауды тез жеңіп қайтуыма тілектестік білдіретін.

Осыдан  кейін  ғана  ѳз  жайын,  ел  хабарын  баяндауға  кірі‐

сетін.  Ит  қуған  адамның  айқайындай  ғып,  бірден  бұлай

бастағаны несі екен деп ойладым бұл хат ең алғаш қолыма

тигенде.  Содан  соң  оны  ары  қарай  оқыдым.  -  Осы  кеше

ғана  ауылға  каникулға  барып  қайттым.  Бүркітбай

бригадир  сенің  папаңның  орнына  колхозға  председатель

болған еді ғой. Жақында соның бұрынғы бала кѳтермеген

кәрі  әйелі  қайтыс  болыпты.  Ауылға  мен  барған  күннің

ертеңінде  біздікіне  сол  кісі  келді.  Маған  амандасты.

Сабағымның  жайын,  оқуды  қашан  бітіретінімді  сұрап,

біраз отырып, кетіп қалды. Басқа ештеңе деген жоқ. Бірақ

75



кешке  шешем  маған  «сен  сол  Бүркітбайға  тұрмысқа

шығасың, егер мені ше- шем дейтін болсаң, сѳйтесің!» деп

қиғылыкты  салды.  «Ол  менің  әкемдей  кісі  ғой,  қалай

шығамын?»  дедім  мен.  «Түгі  де  жоқ,  ерлі-байлы  болған

соң оның үлкендігі де ұмытылып кетеді» деді шешем. Мен

кѳнбедім. Шешем қарысып отырып алды.

«

Әкең трудармияда, сен оқудасың. Мына екі бала мен



мені  кім  асырап,  сақтайды?  Ал  Бүркітбайға  шықсаң,

ѳзіңнің  де  жаның  тыныш  -  ит  ѳлген  жерге  оқу  іздеп

сандалмайсың.  Менің  де  жаным  тыныш  -  бір  жағыңнан

ѳкеңді, бір жағынан сені ойлап, түн ұйқымды тѳрт бѳліп,

дѳңбекшімеймін.  Бүр-кітбай  екеуің  бүкіл  ауылды  билеп,

бірің  бастық,  бірің  мұғалім  боласындар  да,  отырасындар.

Осы  заманда  осыдан  артықтың  керегі  не?»  деп

құлағымның етін қудай жеді. Мен сені айттым. «Ерболды

қайтесіз,  екеуміздің  қосылатынымызды  ел  біледі  ғой,  -

дедім.  -  Ол  күнде  хатты  Алматыдағы  маған  да,  ауылдағы

саған да жазады. Осы үйдің ѳз адамы болып жолдайды», -

дедім.


Шешем  шап  ете  түсті.  «Ербол,  Ербол  дейсің.  Ол  тірі

келе ме, әлі бола ма? Оны қайдан білдің. Қайта, Ерболдың

сені  жақсы  кѳргені  рас  болса,  бағынды  байламасын.  Егер

ѳзі  аман  келсе,  елден  Ерболға  лайыққыз  табылады.

Сәниям  жетіп  және  келеді.  Ертең  оған  да  күйеу  керек.

Тіпті Ерболға соны беремін. Оған апасын алды не, сіңлісін

алды  не  -  бәрібір  емес  пе?  Екеуі  де  менен  туған.  Ал  дѳп

саған  ертеңгі  Ерболдан  бүгінгі  Бүркітбай  артық.  Осыдан

Бүркітбайға  бармадың  ғой,  ақ  сүтімді  аспанға  сауамын,

теріс батамды беремін. Аналық қарызымды екі дүниеде де

кешпеймін!» деді.

Не  істерімді  білмедім.  Ақыры  жазғы  каникулге

келгенде  кѳрейік  дедім.  Оған  дейін  ѳзіңмен  ақылдасып

алғым  келді.  «Бүркітбай  менімен  бұрыннан  сѳйлесіп

жүрген.  Қыста  келгенде  сені  үйіме  кіргізіп  бер,  оқуға

76



жіберме  деген.  Сенің  сонау  жазыңды  күтіп,  қу  тізесін

құшақтап отыра бере ме ол. Осындағы бойжетіп отырған

қыздардың  бірін  алады  да  қояды,  сені  дәт  дегізіп.  Ана

Жексеннің қызы Қатипа жоқ нәрсені сылтауратып, күнде

баратын  кѳрінеді  конторға.  Бүркітбайды  қалай  қолыма

түсіремін  деп  жүрсе  керек.  Әне,  сол  сияқты  біреу  есігіме

ѳзі келіп тұрған бақ-дәулет, бай күйеуді қағады да кетеді»

деп шешем тепсіне тақымдап болмайды.

Ендеше Бүркітбай сол Қатипаны алсын, - дедім мен.

-

Бүркітбай  оны  ұнатпайды,  -  деді  шешем.  -  Осы



тѳңіректе  оның  ұнататыны  сен  ғана  болып  отырсың.

Құдайдың  мұнысына  мың  шүкіршілік,  ат  аяғы  жетер

жердегі жал-ғыз еркек қызының аяғынан құшақтап жатса,

одан  артық  бақыт  бар  ма  шешеге!  Бірақ  есіңде  болсын,

еркектің  кѳңілі  құбылмалы  болады.  Мысықты  кім  арқа‐

сынан  сипаса,  ол  со-ған  сүйкеніп,  пырылдап,  алдынан

түспей  қоймай  ма?  Еркек  те  сол  сияқты.  Қай  әйел  бетіне

күле  қарап,  қылмындай  бастаса,  еркек  те  соған  қарай

бейімделе  береді.  Сен  шалқая  бер-сең,  ол  ерегесіп,

Жексеннің қызын алады да қояды. Сѳйтіп саған арналған

жылы  суға  Қатипа  қолын  малады  да  отырады.  Жұртқа

таба боп мен қаламын, елге күлкі боп сен жүресің.

— 

Неге табалайды жұрт? - деймін мен.



— 

Неге  табаламайды,  -  дейді  шешем.  -  Бүркітбайдың

кѳңілі сенде екенін бүкіл осы ауыл түгел біледі. Кеше анау

шеттегі  саңырау  кемпір  Сақып  та:  «Бүбіш,  Сәлиманы

Бүркітбайға  қашан  қосқалы  жатырсың?  Ұмытып  кетпей

мені  де  тойына  шақыр.  Сәлиманың  тұсауын  ѳзім  кескен‐

мін»,  -  деп  кетті.  Білмесе,  ол  не?  «Ел  құлағы  елу»  деген

емес  пе,  бәрі  де  біледі.  Білсін,  осы  қиыншылықта  мына

Бүбіштен  басқа  кімнің  қызын  күйеу,  күйеу  болғанда

жарты патша - басқарманың ѳзі алып жатыр.

Мен  ыза  боп  кеттім.  «Тойыңның  да,  Бүркітбайыңның

да  керегі  жоқ»  деп  жылап  жатып  алдым.  Шешем

77



бұртиып,  біраз  қасымда  отырды.  Содан  кейін  даусын

жұмсартып,  басымды  сипады.  Біраздан  кейін  мені

құшақтап,  ѳзі  де  жылап  алды.  Кѳзін  сүртіп,  бір  кезде

қайта сѳз бастады.

Егер  соғыстан  Ербол  келмей  қалса,  сорлайтын  сен



боласың,  балам,  -  деді  жыламсырап  отырып.  -  Одан  да

бүгіннен  бастап  Бүркітбайға  шығып  ал,  қалқам.  Айна‐

лайын,  ақылың  бар  ғой  сенің.  Мына  дауылды  заманда

үйге  тіреу  болатын  еркек  керек.  Оқуды  қайтесің,  оқудың

түбіне  кім  жетеді?  Ербол,  Ербол  дейсің.  Ерболың  да

жасынан оқу құмар бала болатын. Соғыстан бұрын тауыса

алмай  кеткен  оқуын  соғыстан  кейін  бітіремін  деп  әуре

болмасына  кім  кепіл  оның.  Алдымен  соғыстың  бітуін

күтіп,  одан  соң  Ерболдың  оқуды  тауысуын  тосып,  ѳз

бағынды ѳзің байлап отырасың ба, күнім-ау. Қыз баланың

бақыты  -  байға  тиіп,  бала  құшақтау.  Жалғыз  сен  емес,

сонау Хауа анадан бері келе жатқан жоралғы осы, ботам.

Осылай  деп  шешем  дауыс  айтып  отырып  алды.  Бір

жағынан  сені  аяп,  бір  жағынан  шешемді,  он  беске  кеп

қалған  сіңлім  Сәния  мен  он  жасар  інім  Әскержанды  аяп,

екі оттың арасында қалғандай, дал болдым. «Апатай, бұл

әңгімені  жазға  қалдыр»  деп  таң  атқанша  жылап,  жатып

алдым.


Бүркітбаймен ақылдасты ма, әлде ѳзі жібіді ме білмей‐

мін,  ертеңінде  кешке  шешем  осыған  кѳнді.  Жазғы  кани‐

кулға  шыққанымда  мені  Бүркітбайға  қосатын  болды  (Ал

ѳзім  Бүркітбайды  алғаш  келіп,  амандасып  кеткеннен

кейін кѳргенім жоқ).

Мінеки,  сѳйтіп,  ауылдан  мен  кеше  ғана  келдім.  Келе

сала  саған  хат  жазып,  мұңымды  шағып  отырмын.  Не

істейін, Ербол! Не қылайын? Жаным, қуатым, ақылды едің

ғой,  бір  амалын  тапшы  ѳзің.  «Сақал-мұртың  қуарып,

бойға  біткен  тамырдың  бәрі  бірдей  суалып,  алайын  деп

тұрмысың мені кѳріп қуанып» деп қарт Қожаққа Ақжүніс

78



айтқандай, Бүркітбай шалға қалай барамын, сенсіз қалай

ѳмір  сүремін?  Бармасам,  шешем  күн  кѳрсетпейді,  үй

ішінің  халі  ауыр  екен.  Ѳзің  барда  күзде  үй  басына  арба-

арба еңбеккүнге тиген астық түсіп, қыс

бойы  ол  қап-қап  болып  тошалада  тіреліп  турушы  еді

ғой.  Ѳткен  күзде  біздің  үйге  бір  жарым  қап  бидай  әрең

тиіпті.  Үйдегі  үш  жан  күніне  үш  мезгіл  дастарқанға  бір

уыс  бидай  шашып,  соны  тауықтай  теріп  жеп,  талшық

ететін кѳрінеді. Бір біздің үй емес, бар ауылдың күйі осы.

Жақ  жүндері  үрпиіп,  бозарған  балаларды  кѳргенде  ішің

удай ашиды. Міне, елдің жайы осы, Ербол!

Студенттік  жағдай  да  жетісіп  тұрған  жоқ.  Күніне

карточкамен алатын бір жапырақ нан мен қатықсыз қара

кѳже ғана. Жатақхана да суық. Осы хатты кѳрпеге оранып

отырып,  қолымды  қайта-қайта  үрлеп,  ѳз  деміммен

жылытып,  әрең  жазып  отырмын.  Бірақ  маған  сенің  әр

хатың бес күндік азық, әр сѳзің бір күндік қызу. Қаншама

жүдеп-жадап  жүрсем  де  сенен  хат  келгенде  жайнап,

жадырап кетемін. Бұл шын сѳзім, шын сырым, қуатым.

Сүйіктім Ербол!

Менің бар жайым осы. Ендігі хабарды ѳзіңнен күтемін.

Шешімін де, кесімін де ѳзің айт. Мен сенің айтқанынды

ғана  орындаймын.  Күт  десең  -  күтемін,  шалға  бар,

тұрмысқа  шық  десең  -  шығамын.  Талай  махаббаттың

қанатын  қырыққан  қанды  соғысты  бастаған  қаскѳй  жауға

лағынет  айтып  шығамын.  Бүркітбайдың  босағасында

басыма  қызыл  желек  бүркелсе,  саған  деген  ақ  жүрегім

қара жамылып жататын болады кеудемде.

Жоқ, бұлай болуы жѳн емес, Ербол. Жазға дейін соғыс

бітуі  керек.  Сендер  Гитлер  сұмның  кѳзін  жоясыңдар.

Сонда  Бүркітбай  айдалада  қалады.  Екеуміз  қосыламыз  -

махаббаттың  мерейі  үстем  болады.  Махаббат  зұлым‐

дыкты  жеңеді.  Сендер  соғыста  жаумен  жұлысып  жатыр‐

сындар.  Менің  жүрегім  де  сондай  майданға  айналды.

79



Менің  жүрегімде  махаббат  пен  шарасыздық  шарпысып

жатыр.  Махаббат  жеңісінің  туы  сендердің  қолдарында,

Ербол.  Сендер  жауды  құртасындар,  майданда  сендер

кѳтерген  жеңіс  туы  мұнда  жығылып  жатқан  мыңдаған

махаббаттың 

жалауын 


жалтылдатады. 

Айналайын,

қуатым, жауды тезірек жеңіндер. Сѳйтіп, ѳзіңді де, мені де

құтқар мына азаптан.

Қасымдағы  қыздар  жатып  қалды.  Мен  стол  шамын

жаныма жақындатып алып, саған осы хатты жазып отыр‐

мын,  жылап  отырмын.  Мына  бір  сиясы  жайылып  кеткен

сѳз - менің кѳз жасым тамған жер.

«

Жаман  айтпай,  жақсы  жоқ»  деген,  Ербол.  Жазда,



жазатайым  Бүркітбайдың  жайған  торына  түсіп  қалсам,

сен мені кеш. Ѳзіңді уыз махаббатыммен шексіз сүйгенім

үшін кеш. Соғыста талай темірдің қамырша иленіп, талай

шойынның  шыныдай  үгітіліп  жатқанын  сан  рет  жазып

едің  ғой  маған.  Ендеше  адам  жаны  темірдей  тѳзімді  ме,

шойыннан берік пе? Майданда сом болаттарды күйреткен

соғыс елде де талай серттерді сындырып, уәлелерді уатып

жатыр.  Әрине,  оныңда  тау-қыметі  жауынгерлердің

иығына  түседі.  Олай  дейтінім,  осы  жолы  ауылдан

келгенде  күйеулері  соғыста  жүрген  кейбір  жас  әйелдер‐

дін,  сѳз  байласқан  жігіттері  майданға  кеткен  қыздардың

күйеуге  шығып  алғандарын  кѳрдім.  Жоғарғы  ауылдағы

ѳзіңнің  Ағайша  жеңгең  завферма  боп  жүрген  Жолболды

деген  шұбар  шалға  тиіп  алыпты.  Алматыға  қайтар

алдында мектептің жанындағы ләпкеде кездесіп:

— 

Неге ѳйттіңіз? - деп сұрадым Ағайшадан.



— 

Күйеуімнен  соғыс  басталғалы  хат  жоқ.  Мен  сонсоң

шықтым. Ал Еркеш қайнымнан (жеңгелеріңнің сені солай

деп атайтыны есіңде шығар) күн сайын хат алып отырған

сен де Бүркітбай бастыққа барғалы жатыр дейді ғой, - деп

ол  ѳзімді  кекетті.  Тѳменгі  ауылдағы  «бес  жорға»  атанған

бес  бойжеткеннің  бірі  Қазиза  еді  ғой.  Сол  отыз  жыл

80



отасқан әйелін тастатып, бригадир шалға шығып алыпты.

Бұл  менің  ауылдан,  ѳзіміздің  қолхоздан  ғана  кѳргенім.

Ондайлар  басқа  ауылдарда  да  бар  шығар.  Осының  бәрі

тұрақсыздықтан  емес,  кѳпшілігі  шарасыздықтан  кетіп

жатыр,  Ербол.  Мұның  бәрін  сенің  алдында  ақталу  үшін

жазып отырғаным жоқ, жаным. Ертең жауды жеңіп, аман

қайтқан  жігіттердің  бәрі  ѳздерін  тоспай  кетіп  қалған

жарлары  мен  ғашықтарына  қарғыс  дауылын  боратып,

лағынет  боранын  ұйтқыта  келеді  әлі.  Содан,  ең  жоқ

дегенде  бір  жігіт  -  менің  ақылды  досым,  бар  жағдайды

байыппен  ойлап,  пайымдай  білетін  Ерболым  олай  етпе‐

сін.  Ол  пайдасыз  ашу  мен  ызадан  биік  болсын.  Қыз

сорлылардың  шалға  телініп,  жат  босағаны  жастанғаны‐

мен,  ѳздерінің  сол  жігіттерге  деген  сүйіспеншіліктерін

жүректерінің түкпіріне түйіп, ѳмір бойы жадында сақтап

қалғанын  білсін.  Қаншама  бармын,  бақыттымын  десе  де,

сол  алғаш  сүйген  жігіттерінің  тебесін  кѳргенде  шексіз

қуанатындарын,  оңашада  соларды  ойлап,  ексіп  алатын‐

дарын түсінсін. Сѳйтіп қыздарға кешірім етсін, жалғыз ѳз

атынан  емес,  барлық  жігіттер  атынан  кешірім  етсін  деп

жазып отырмын мұны.

Жо-жоқ,  Ербол  сен  мұны  мен  Бүркітбайға  баруға  бел

байлаған  соң  айтып  отыр  екен  деп  ойлама.  Жоқ,  атама.

Бұл  менің  бар  жүрегімді  жайып,  бар  сырымды

ақтарғаным саған. Ойдағының бәрін жасырмай жазғаным.

Осылай  ақтарыла  сѳйлеуге  мені  ѳзің  үйретіп  едің  ғой,

жаным. Сол талабынды және орындағаным.

Міне, ағарып таң да атты. Терезеден ақ бас Алатаудың

бір  биік  шыңы  кѳрінді.  Осы  шыңдай  берік,  осы  шындай

тұрақты  болсам  деуші  едім  ѳмірде.  Оны  алдағы  күндер,

алдағы жағдайлар біледі.

Ал, қалқам, мен болдым. Сенің амандығынды тілеймін.

Осы  жазда  жауды  құртуларыңды  күтемін.  Сенің  маған

ақыл беретін хатыңды тосамын.

81



Басынды  кѳкірегіме  басып,  қысып,  бетіңнен  сүйдім

сені.  Окобыңда  аязда  тоңып  отырған  жеріңде  ыстық

ерніммен аймалап, айқара құшақтадым, жаным.

Сенің Сәлимаң.

1944 

жыл, 20 ақпан, Алматы, КазГу».



Мен хатты оқып болып, Меңтай екеуіміздің ортамызға

қойдым.  Қыз  қолын  хатқа  созбады.  Маған  оның  жүрегі

толқып,  тулап  отырғандай  боп  кѳрінді.  Бірақонысын

сездірмеді.

— 

Бұл Сәлиманың сізге жазған хаты ғой, - деді арамы‐



здағы сәл үнсіздіктен кейін Меңтай.

— 

Иә.



Қыздың кѳмейіне оның ар жағы не болды деген сұрақ

та  келген  болар.  Бірақ  ол  енді  ләм  демеді.  Басталған

әңгіме  аяқсыз  қалмайтынын  біліп,  әліптің  артын  бағып,

үнсіз отыра берді.

— 

Енді  ар  жағын  айтайын  ба?  -  дедім  қызға  қарап.



Меңтай басын изеді.

— 

Бұл  хатты  оқып  шыққаннан  кейінгі  менің  жайым



еркек қауымның бәріне де түсінікті ғой. Кѳзге кѳрінбейтін

әлдебір  алып  қолмен  желкемнен  ұстап  алып,  біресе  тай

қазанда бұрқ-сарқ қайнап жатқан ыстық суға малып, одан

соң сақылдаған сары аязда мұз ойыққа батырып алғандай

болды.  Сол  күшті  қол  мені  осы  бір  ыстық,  бір  суыққа

кезек сүңгітіп тұрғанға ұқсады. Біресе денем от боп күйіп,

артынша  мұздап  кеп  қоя  береді.  Ѳне  бойым  қалш-қалш

етіп 


бүрісіп, 

Балзақтың 

шегірен 

былғарысындай

кішірейіп,  бір  жапырақ  боп  бара  жатқан  сияқтымын.

Қойшы,  не  керек,  сонымен  ол  кезде  күндіз  күлкі,  түнде

ұйқыдан  айырылдым.  Сәлимаға  не  деймін,  не  деп  жауап

беремін  деп  қиналдым.  Оны  ойлағанда  қолымдағы

мылтығымның  сусып  қалай  жерге  түсіп  кеткенінде

аңғармай  қаламын.  Бүркітбайға  бар  деуге  Сәлиманы

қимаймын,  Сәлимадан  айырылып  қалсам,  енді  ешқашан

82



да  маған  ондай  жақсы  қыз  кездеспейтіндей  кѳрінеді.

Ешкімге  барма,  ѳзімді  тос  дейін  десем,  ѳлермін  деп

ешқашан  ойламағаныммен,  анық  тірі  қаларыма,  осы

күнгідей  он  екі  мүшем  сау,  аман  келеріме  және  кезім

жетпейді.  Ѳлі  болам  ба,  тірі  қалам  ба  -  онда  шаруаң

болмасын, тек мені тос деп әгоистік жасауға тағы да арым

бармайды.Сәлима хатында жазға дейін жауды жеңіп кел,

сонда ѳзіміз қосыламыз дейді. Менің сѳйтіп оған жеткім-

ақ келеді. Бірақ бүкіл неміс армиясын жазға дейін жалғыз

жайпап  тастау  менің  колымнан  келе  ме?  Еғер  бәрі  менің

қолымда болса, онда жаз-ға дейін емес, бір айда-ақ, тіпті

бір  тәулікте,  тіпті  сол  күні-ақ  жауды  құртып,  бар

ғашықты бақытты етіп, елге қайтқан болар едім. Қайтейін,

қанша бұлқынса да бір солдаттың қолында не бар.

Ѳстіп  дел-сал  болып  жүргеңімде  елден  тағы  бір  хат

алдым.  Оны  ауылдан  Сәлиманың  шешесі  жолдапты.

Әрине,  Бүбіш  апайдың  ѳзі  хат  білмейтін.  Бұл  апайдың

кіші  қызы  Сәнияның  да  жазуы  емес.  Қолтаңбасы  маған

ѳте  таныстау.  Басқа  біреуге  жаздырыпты.  Хатының

мазмұны мынандай:

«

Қымбатты Ербол балам!



Дүние  тыныштық  болса,  сені  шын  балам  болар  дегі

ойлаушы  едім.  Сұм  соғыс  килікті  де,  бәрінді  кѳгендеген

қозыдай  алысқа  алып  кетті.  Сәлимам  сені  сарғайып  кеп

күтті.  Оның  енді  отыруының  орны  жоқ.  Ерге  шығуы

керек.  Шырағым,  мен  шешемін  ғой.  Ең  жоқ  дегенде  бір

қызымды қолымнан ұзатып, қызығын кѳрейін. Егер сенің

оны  шын  жақсы  кѳргенін  рас  болса,  бағын  байламай,

рұқсатыңды  бер.  Оған  кінә  қойма,  ѳз  күнін  кѳрсін,  обал‐

дарың сұм Китлерге болсын. Ал, қарағым, Ербол! Осыны

сенен  аналық  тілек  етемін.  Жасыңнан  ана  сыйлаған

жалғыз едің ғой. Айтқанымды орындасаң - батамды бере‐

мін.  Құдайдан  сенің  аман-есен  келуіңді  тілеймін.  Аман

келсең, ѳзіңе лайық қыз табылады елден.

83



Анаң Бүбіш».

Бұл хат жанымды және күйдірді. Күйдірген кемпірдің

сѳзі  ғана  емес  (бірақ  шеше  байғұста  не  кінә  бар),  сол

хаттың  жазуында  еді.  Әріптері  қиқы-жиқы  бұл  шимай

Бүркітбай  бригадирдің  жазуы.  Мен  жыл  сайын,  оқу

біткеннен  кейін,  жаз  бойы  оның  тѳбілшісі  болатынмын.

Сондықтан да маған Бүркітбайдың қай әріпті қалай жаза‐

тыны,  тәбілдің  аяғына  қолды  қалай  қоятыны  бес

саусағымдай  белгілі  еді.  Тѳрт  бұрышты  конверттен

алынған  хат  бетіне  тізілген  сол  бір  қиқы-жиқы  әріптер

енді маған омартадан құжынай ұшқан сары ала шыбын -

сансыз  араларға  айналып,  ѳзімді  жабыла  талағалы  келе

жатқан сияқты боп кѳрінді.

Сонымен,  біресе  жапандағы  жалғыз  жолаушыны

қамаған  аш  қасқырдай  анталап,  алдан  да,  бүйірден  де

снаряд, миналар жарылып, біресе ордалы жыландай жан

тітірете  ысқырып,  сумаңдап  оқ  қаумалап,  біресе  үстіңе

тѳніп  келген  аюдың  тісіндей  сақылдаған  жау  танкі  ысты‐

құяң  -  окопты  таптап,  солдат  ѳміріне  күніне  қырық  рет

қауіп тѳндірген қырық тѳртінші соғыс жылының сұрапыл

қысы да ѳтіп бара жатты. Бұл уақыт ішінде мен Сәлимаға

арнап  сан  рет  хат  жазып,  сен  рет  жырттым.  Ақыры,

кѳктемнің алғашқы күндерінің бірінде мен оған мынандай

жауап жібердім.

«

Сәлима!


Менің  ѳмірімнің  қауіпті  екені  рас.  Осы  күнге  дейін

ѳзім  ѳлермін  деп  еш  ойламасам  да,  соғыс  біткенше  әлі

боламын  ба,  тірі  боламын  ба,  ал  тірі  қалсам  -  мүгедек

боламын  ба,  әлде  жай  жарақатты  боп  қайтамын  ба,

білмеймін. Бар білетінім: осы соңғы үш айдың ішінде ғана

бірнеше жан жолдастарымнан айырылдым.

Мен  сені  шексіз  сүйетінімді  ѳзің  білесің.  Сүйгендігім

үшін  ѳз  жүрегімді  ѳзім  тұншықтырып,  құрбан  етуге

ұйғардым.  Сен  мені  күтпе,  қалаған  адамыңа  тұрмысқа

84



шық. Ѳлсем - есінде сақта. Бір балаңа менің атымды қой -

мен соған да ризамын.

Қош.

Ербол.


1944 

жыл, 15 сәуір. Майдандағы армия».

Осылай дедім. Ѳйтпегенде қайтейін. Ол менің некелеп

алған  жарым  емес  қой.  Біздің  екі-үш  рет  сүйісіп,  тілден

бал  сорысқаннан  басқа  арамызда  ештеңе  болған  жоқ.

Елде, Сәли-маның ѳзі айтқандай, соғысты сылтау етіп, ақ

некенің  ѳзін  бұзып  жатқандар  аз  ба?  Қайта  Сәлиманың

менен рұқсат сұрағанына рақмет. Бүркітбайға сұрамай-ақ

шығып  кетсе,  мен  не  істейтін  едім.  Шешесі  айтқандай,

ѳзім шын сүйген Сәлиманың бағын байламайын.

«

Тос мені, тос!» деу хатқа жазуға немесе әндетіп айтуға



ғана  оңай  шығар.  Тосушы  ол  үшін  талай  тозақтан,  талай

тұзақтан  ѳтетін  болар.  Сол  кѳп  тозақтың  бірі  -  шеше

қаһары. Үй ішіне, сѳз салушыға жеккѳрінішті болып, сені

күткен жардың еңбегі сен аман барып, ақталса жақсы. Ал

олай  болмаса  ше?  Ѳлген  екіне  білмейді.  Күйініш  тіріні

күйдіреді.  Ѳзің  олай-пұлай  боп  кетсең,  оны  және  отқа

салудың қажеті не? Қыз байғұс сені сүйгеніне кінәлі ме?..

85




Осылай ойладым. Сондықтан «ѳзің біл, ойлан» деп, Сәли‐

маның  басын  қатырмадым.  «Мені  күтпе»  деп  пышақ

кескендей ғып бірден айттым.

Хатымды  бүктедім  де,  тез  почташыға  бердім.  Ѳйтпе‐

сем,  тағы  да  жыртып  тастайтынымды  сездім.  Почташы

оны  дивизия  штабына  апарып  тастады.  Одан  басқа  да

үшкіл  хаттармен  бірге  армия  почтасына  жѳнелтілді.

Сѳйтіп, менің хатым елге, Алматыға қарай бет қойды.

Хат  осылай  жылжып  кетіп  бара  жаткқнда  маған  тағы

да  мынандай  ой  келді.  «Осыным  дұрыс  болды,  -  дедім

ѳзімді  ѳзім  жұбатып  _  Бұлай  ету  -  біріншіден,  менің

адамгершілік  парызым.  Екіншіден,  Сәлимаға  қойған

сыным.  Ол  мені  шын  сүйсе,  оның  үстіне  уәдесіне  берік,

табанды  болса,  мені  тосады.  Ал  шын  сүймесе,  сүйсе  де

табансыз, тайғақ болса, мені күтпейді».

Ақыры  ол  мені  күтпеді.  Хатымды  алғаннан  кейін,  1

мамыр  мерекесіне  ауылға  барады  да,  қайтадан  КазГУ-ге

қайтпайды.  Бүркітбаймен  қосылып,  біржола  қалып

қояды.

Ақыры  ол  мені  күтпеді,  -  деп  жоғарыдағы  сѳзімді



қайталап  айттым.  -  Бірақ  күтпегеніне  қыз  кінәлі  емес,

«

күтпе»  деген  ѳзім  кінәлідей  сезіндім  соғыс  біткеннен



кейін.  Жұрт  айтып  жатқан  «Тос  мені,  тосты»  неге

айтпадым  деп  ѳкіндім.  Ѳкінгенмен  не  пайда?  Мен  бұл

сұрапыл  соғыстан  тірі  қалатынымды,  тірі  қалғанда  он  екі

мүшем сау болып, елге осылай аман келетінімді біліппін

бе?  Мен  әңгімемді  бітіріп,  үстел  үстінде  жатқан  Сәли‐

маның  хатын  алып,  бүктедім  де,  қайтадан  шинелімнің

қалтасына  апарып  салдым.  Сол  арада  қолыма  қойын

дәптерім  ілінді  де,  оның  ішіндегі  бағана  бѳлек  қағазға

жазып  алған  ѳлең  ойыма  түсіп,  жүрегім  кеудемді

тепкілеп  қоя  берді.  «Мұны  қалай  етсем  екен?»  деп

ойладым.

87



— 

Апырай,  бұл  кісі  Пенелопа  болмады  ғой,  -  деді

Меңтай осы кезде бір-ақ үн қатып.

— 

Мен  де  Одиссейге  ұқсамай  жатырмын-ау,  -  дедім



қызға  қарай  бұрылып.  -  Сәлиманың  қолына  Одиссейдің

садағындай  садақтастап  кетпеген  соң,  әрине,  солай

болады.

— 

Дегенмен ѳзі ақылды, сѳзге де, ойға да ұста, шешен



қыз екен.

— 

Ақын болсам деп арман етуші еді.



— 

Ә, бәсе.


Меңтай Сәлиманы осыдан артық талқыға салмады. Ал

менің ісіме де бір-ақ ауыз сѳзбен баға берді.

— 

Адамгершілік,  ізгілік  шарттарын  бұзу  ѳмірде  кѳп



кездескенімен, махаббаттан бас тарту сирек болады деуші

еді. Бірақ бәрі жағдайға байланысты ғой.

Осылай  деп,  ѳзіне  тән  ұстамдылықпен,  ақырын  ғана

басын шайқады да қойды.

— 

Ағай,  сіз  отыра  тұрыңызшы,  -  деді  ол  содан  соң



орнынан  кѳтеріліп.  -  Мен  мына  кѳрші  қыздардың  плит‐

касы босады ма екен, біліп келейін.

Маған да керегі осы еді. Меңтай шығысымен орнымнан

атып  тұрып,  шинелімнің  қалтасындағы  бағанағы  ѳленді

алдым да, қай жерге тастап кетсем екен деп, жан-жағыма

қарадым.  Осы  кезде  Меңтайдын  қайтып  келе  жатқан

тықыры  естілді  де,  мен  буыным  қалтырап,  қолым  діріл‐

деп,  үстел  үстінде  жатқан  «Одиссея»  кітабынын  ішіне

тыға салдым.

— 

Плиткалары бос емес екен, - деді Меңтай дағдарып.



Мен тағы да бір шай қайната қойсам ба деп едім.

— 

Жоқ,  Меңтай,  рақмет.  Мен  кетейін,  кеш  боп  қалды



ғой,  -  деп  жалма-жан  киіміме  қарай  ұмтылдым.  Енді

кішкентай  бѳгелсем,  Меңтай  «Одиссея»  арасындағы

қағазды кѳріп қойып, масқарам шығатын сияқтанды.

88



— 

Ағай, келгеніңізге кѳп рақмет, - деді Меңтай. - Ертең

жексенбі ғой, уақытыңыз болса тағы да келіңіз. Келесіз бе?

Мен тілім байланып қалғандай, басымды изедім.

Жатақханадан шықсам, кѳшелер қараңғыланып қалған

екен.  Жаңағы  қағазды  жылтындатып  кітаптың  арасына

неге салып кеттім деп жатып ѳкіндім былай шыққан соң.

Ол  бағана  мені  туған  ағамдай  кѳремін  деген  жоқ  па  еді.

Сѳйтіп,  «бауырыңмын,  қарындасыңмын»  деп  отырған

қызға  ғашықтық  ѳлеңін  тастап  кеткенім  -  қай  иттігім?

Ертең  Меңтайды  қалай  кѳремін,  оның  бетіне  қалай

қараймын?

Ѳстіп, ѳзіммен ѳзім ұрысып, қараңғы кѳшеде бүкендеп

келе  жатқан  мен  оқ-дәрі  қоймасына  есебін  тауып  сағат,

минуты  жеткенде  жарылатын  мина  тастап,  сол  жарылы‐

стан  жанұшыра  қашып,  аулақтап  бара  жатқан  жау

жағының  жансызындай  сезіндім  ѳзімді  сол  сәтте.

Махаббат пен сана бірін-бірі тындамайтынын, әрқайсысы

тек  ѳз  дегенім  ғана  болсын  дейтінін  мен  бірінші  рет  осы

кеште ұққандай болдым.

89




Е

ртеңінде қайтадан мен жатақханаға жолай алмадым.

Меңтайға  не  бетіммен  кѳрінемін,  «ағай,  мұныңыз

не?» десе не деймін деп, ѳз жанымды ѳзім жегідей жедім.

Сѳйтіп,  мені  қисапсыз  мас  болған  адамның  ѳзінің

орынсыз айтқан сѳз, келеңсіз қылықтарын естіп, ертеңінде

тартар ѳкініш азабыйдай қинап, екінші қаңтар ѳтті.

Үшінші  қаңтарда,  күндізгі  сағат  екіде  лекциямыз

басталмақ.  Жатақханадан  жүрегім  шайылып  қалған  мен

университетке  баруғатағы  бетімнен  бастым.  Кыздардың

бәрі мені Меңтаймен қосыла кінәлап, мазақтап, масқара‐

лайтындай  кѳрінді.  Тілдері  ашы  Қанипа  мен  Зайкүл:

«

Кѳзі  қарайған  там  сүзеді»  дегендей,  ағаң  сені  бір  сүзіп



кѳрейін деген ғой» деп қазірдің ѳзінде Меңтайды ажуалап

жатқандай  сезілді.  Әлде  бүгін  университетке  бармай

қалсам ба екен деп бір ойладым. Әскерде себепсіз шашау

шығып  кѳрмеген  басым  мұным  тәртіп  бұзғандық  болар

деп  таныдым.  Оның  үстіне  алғашқы  екі  сағаттық  лекци‐

ядан  ѳлсем  де  қалуыма  болмайды.  Ол  профессор  Әуезо‐

втың лекциясы. Біздің филфак оқыту-шыларының ішінде

Әуезовтың  орны  бір  бѳлек  сияқтанды.  Кейбір  лекция‐

ларда  шулаңқырап,  тіпті  болмаса  ѳзара  күбірлесіп,

күңкілдесіп  отыратын  студенттер  аудиторияға  Әуезов

келгенде  оған  ерекше  құрмет  білдіре,  жым  болады.  Ол

лекцияға  кіріскенде  аудиторияда  ұшқан  шыбынның

ызыңы  білінерлік  дейтіндей  тыныштық  орнайды.  Ол  кісі

лекциясын шүу дегенде кібіртіктеп бастап, біраздан кейін,

тұяғы қызған тұлпардай кесіле жѳнелгенде студенттердің

айызы  қанады.  Аса  бір  миғұла  біреу  болмаса,  оған  әсер‐

ленбей,  оны  ұқпай  ешкім  қала  алмайды.  Профессор

студенттерін бір лекциядан бір лекцияға қарай қызықты‐

рып,  ынталандыра  жетелеп  отырады.  Лекциядан  сырғып

шығу,  әсіресе  Әуезовтың  лекциясына  қатыспау  бәріміз

үшін  кешірілмес  күнәдай  болатын.  Әсіресе,  соғыста  тѳрт

жыл  бойы  кітабын  арқалап  жүрген  маған  сүйікті  жазу‐

91



шының  сабағына  қатыспай  қалу  қылмыс  жасағаннан  кем

кѳрінбес  еді.  Оның  үстіне  мен  алдыңғы  күні  Меңтай

бѳлмесінен шыққаннан бері ѳзімді әлдекімнің құзырында,

әлдебір  кѳрінбейтін  шеңбердің  құрсауында  қалғандай

сезіндім. Меңтайды керуден тартынсам да, қаймықсам да,

кѳргім келетінін аңғардым. Сағат бірден аса университетті

жағалап,  келуін  келгеніммен,  оның  ішіне  ене  алмай  кѳп

күйбеңдедім.  Біресе  оның  баспалдағына  кѳтеріліп,  біресе

одан қайта түсіп, қарсыдағы паркке еніп кетіп, әбден есім

шықты.  Ѳзіміздің  қыздардың  ешқайсысының  кѳздеріне

кѳрінбеуге тырыстым. Сағат екіге бес минут қалғанда ішке

кіріп,  шинелім  мен  фуражкамды  гардеробка  ѳткіздім  де,

тѳменде  біраз  бегеліп  тұрып,  екінші  қатарға  кѳтерілдім.

Тура  сағат  екіде  ішінде  Меңтай  отырған  отыз  үшінші

аудиторияның қасына жетіп, тәңір үйінің қақпасы алдына

келген діндардай дірілдеп, есіктің тұтқасын ұстадым. Осы

кезде қарсыдағы деканаттан шығып, профессор Әуезов те

аудиторияға қарай аяңдады. Мен профессорға бас иіп, ол

кісіден бұрынырақ, асыға ішке еніп кеттім.

Мен  аудиторияға  емес,  жаңа  ғана  жау  ѳртеп  кеткен

деревняға  енгендей  болдым.  Бетімді  ып-ыстық  от  лебі

шалған іспеттенді. Не де болса деп, ѳзім ең алғаш келген‐

дегі  артқы  партаға  қарай  тарттым.  Тұсынан  ѳтіп  бара

жатқанымда  Меңтай  маған  бірдеңе  айтпақ  болғандай

жалт қарап еді, ѳрт ішінен созылып, оза шыққан бір ұзын

қызыл  жалын  мені  қатты  шарпып,  ѳн  бойымды  күйдіре

тұншықтырып, орап ѳткен сияқтанды.

Артқы  партада  Жомартбек  деген  аққұба  ѳңді,  ұзын

бойлы,  тыриған  арық,  бала  жігіт  отыратын.  Ол  үнемі

қызметкер  ағасының  үстінен  түскен  кѳнетоз  киімдерін

киіп  жүретін  және  ылғи  шетте  отыратын.  Сондықтан

сырт пішіні жағынан ит-құсты үркіту үшін котан сыртын‐

дағы  жіңішке  ағашқа  кигізіп  қойған  ескі  киім,  тымаққа  -

қарақшыға  ұқсанқырайтын.  Ал  мінез  жағынан  -  тіл

92



алғыш,  жұғымтал,  оның  үстіне  едәуір  қу  тілді  болатын.

Мен  ең  алғаш  келгенде  Жомартбек  соқыр  ішегіне

операция жасатып, ауруханада жатқан екен. Содан сауы‐

ғып,  он  шақты  күннен  кейін  курсқа  қайта  келген.  Отыз

қыздың ішіндегі еркек кіндікті екеуміз ғана болғандықтан

бір-бірімізге үйір бола бастағанбыз.

Ағай,  менің  қасыма  келдіңіз  бе?  -  деп  Жомартбек



тісін  ақсита  күліп,  мен  жанына  тақай  бергенде-ақ  орын

босатып, ѳзі терге қарай сырғыды.

Мен  орныма  отыра  бергенде  есіктен  профессор  кірді.

Екі  жақ  самай  шашы  толқындай  бұйраланып,  қасқа

маңдайы  жарқырап,  орындарынан  тұрып,  қошемет

кѳрсеткен  студенттерге  қайта-қайта  бас  иіп,  жымия

күлімдеп,  сонысымен  бәрімізді  баладай  қуантып,

профессор тѳрге қарай аяңдады.

Оқытушы  столына  жайғасқаннан  кейін  профессор

алдында отырған студенттердің бастарынан асыра әлдебір

қиян  алысқа  кѳз  тастағандай  сәл  үнсіз  отырды  да,  ұзын

кірпіктерін  қайшылай  қағып-қағып  жіберді.  Осы  бір  сәт

алдымен аспанда айқұш-ұйқыш нажағай ойнап, артынан

шелектеп  бір  нѳсер  тѳгер  ғажайып  шақты  еске  түсірді.

Әуезов лекциясын бастап, телегей-теңіз білім тѳгіп, ағыл-

тегіл боп ақтарылды да кетті.

Алайда  «Абайдың  лирикасы»  деп  аталатын  осы

лекцияның  алғашқы  сағатын  мен  алаң-құлаң  тыңдадым.

Бұл лекцияның бір сѳзін де бекерге жібермеуім керек деп,

ѳзімді  ѳзім  қаншама  қайрасам  да,  «Қызыл  кѳрпе»  ѳлеңі

есіме түсіп, тәубамнан жаңылғандай, айдалаға лағамын.

Ѳстіп  екі  күйдің  -  аудиториядағы  Әуезов  лекциясы

мен жүректегі махаббат сазының қайсысына кѳбірек кѳңіл

бѳлуді  білмей,  дел-сал  болып  отырғанымда  қоңырау

соғылды.  Мен  аудиторияда  қалмай,  оқытушымен  ілесе

тезірек  шығып  кетпек  болып,  парталардан  аулақтап,

қабырғаға жанаса жүріп, жылдамдай басып, есікке қарай

93



ұмтылдым.  Партадан  кѳтеріле  бергенде  Меңтайдың  да

орнынан тұрып жатқанын кѳзім шалып қалып еді. Оның

ашулы  жүзін  кѳрмейін  деп,  темен  тұқырып  алғанмын.

Есікке  тақап,  тұтқаға  енді  қолымды  сѳза  бергенімде

асаудың  алдынан  арқан  құрғандай  боп,  екі  құлашын  екі

жағына  керіп,  бетіме  жымия  қарап  тұрған  Меңтайды

кѳрдім.  Қанша  қысылсам  да,  алдымда  кісі  тұрғанда

кимелеп  ѳте  шығатын  сиыр  емеспін  ғой.  Меңтайдың

бетіне тура қарауға жүзім шыдамай, теріс айнала бегеліп,

тоқтап  қалдым.  Меңтай  мені  жұрт  кѳзінше  жерлеп,

масқара  етпек  болған  екен  деп,  ѳне  бойымды  тер  жауып

қоя берді.

— 

Ағай, сіз ақын екенсіз, - деді қыз осы кезде.



Мен  селк  ете  түстім.  Селк  екенім:  «мен  қате  естіген

болармын. Қыз: «Ағай, сіз ақын екенсіз» демей, «ағай, сіз

ақымақ  екенсіз»  деген  шығар  деп  ойладым.  Одан  сайын

ұнжырғам түсіп кетті.

— 

Ағай, сіз ақын екенсіз деймін, - деді қыз тағы да. Бұл



жолы ол кѳңілді кѳзіндегідей әр сѳзін соза, әндетіп айтты.

Мен «ақын екенсіз» деген сѳзді дұрыс естігеніме сенбеген‐

дей, екі кѳзім жыпылықтап, Меңтайдың бетіне қарадым. -

Иә, ақын екенсіз, нағыз ақынсыз, - деді ол басын изеп, тағы

да жымия түсіп.

Үш  күннен  бері  тартқан  қасіретімнің  телеуіндей

болған бұл жымиыс маған соншама қымбат еді.

Жүрегім  жаңа  орнына  түскендей  болды.  Меңтайдың

маған  ұрыспайтынына,  жұрт  алдында  масқараламайты‐

нына  енді  кѳзім  жетті.  «Уһ!»  деп,  арқамнан  ауыр  жүк

түскендей терең бір дем алдым да:

— 

Рақмет, Меңтай! Ақындық қайдан келсін, әншейін...



деп міңгірледім.

— 

Жоқ, «Қызыл кѳрпеңіз» жақсы ѳлең, - деді Меңтай. -



Оны  Зайкүл  де,  Қанипа  да,  Майра  да,  басқа  қыздар  да

94



оқыды. Бәрі де жақсы деп тапты. Менің сізге ол кѳрпенің

тарихын да айтып бергім келді.

— 

Әй, Ербол, - деді Зайкүл мені қолымнан жұлқылап,



тѳрге  қарай  сүйреп.  -  Осы  сенің  мына  Меңтаймен  не

пәлең бар? Бұдан басқаны кезге ілмейсің де, мұның тѳсе‐

гіндегі кѳрпесіне дейін ѳлеңге қосасың. Саған қызыл керек

болса:  менің  кѳйлегім  де  қызыл,  пальтом  да  қызыл,  тіпті

аяғымдағы  етігім  де  қызыл.  Айта  берсең,  ѳзім  де  қып-

қызыл  от  емеспін  бе  жайнап  тұрған.  Сен  осы  мені  неге

ѳлеңге қоспайсың?

Қыздар  ду  күлісіп  жатыр.  Осы  кезде  жүгіріп

Жомартбек жетіп келді.

— 

Шұрқ етпе, Зайкүл, - деді ол кеудесін басып. - Саған



деген асыл сѳз мына алтын сандықта сақтаулы жатыр.

— 

Ал, айт ендеше, - деді Зайкүл қырланып.



Жомартбек тамағын кенегі, Зайкүлге жалынып, жүрек

шерін ақтарғандай боп әндете жѳнелді:

Қара кѳз, имек қас,

Қараса жан тоймас.

Аузың бал қызыл гүл,

Актісің кір шалмас.

Зайкүл  кѳзін  құбылтып,  ернін  бүрістіріп,  мәз  боп

қалды.  Жарқ  еткізіп  әсем  ақ  тістерін  және  ақситып

үлгірді. Жомартбек «ѳлеңін» одан ары жалғастырды:

Иісің гүл аңқыған,

Нұрың күн шалқыған.

Кѳргенде бой еріп,

Сүйегім балқыған...

Жомартбек  ѳлеңнің  әр  жолының  мазмұнына  қарай

бірде мойнын созып, бірде екі құлашын кең жайып, одан

соң  балқып,  еріп,  ақырында  бу  боп  ұшып  бара  жатқан‐

дықты танытып, неше алуан нәзік қимылдар жасап барып

тоқтап, Зайкүлге басын иді.

95



— 

Бис!  Бис!  -  деп  қыздар  қол  соқты.  Зайкүлдін  ѳзі  де

мәз болып, алақанын қоса шапалақтады.

— 

Әй,  мынауың  жап-жақсы  ѳлең  ғой  ѳзі,  -  деді



Зайкүл  Жомартбекке  разы  боп.  -  Басқа  біреудікі

емес пе?


— 

Жоқ, Зайкүл! - Жомартбек кеудесін соқты.

— 

Қарғаншы ѳзімдікі деп.



Жомартбек шұбырта жѳнелді.

— 

Егер  осы  ѳленді  Зайкүлге  арнап  ѳзім  шығармаған



болсам - аяқтағы суға ағылып ѳлейін, құрғақтағы киттерге

қағылып ѳлейін, тумаған ту асаудың құйрығына тағылып

ѳлейін! Оллаһи! Беллаһи!

Осылай  деп  Жомартбек  зірк-зірк  еткізіп  сѳзін  аяқтап,

екі қолын бірдей аспанға кѳтерді.

— 

Сендім,  сендім,  -  деді  Зайкүл  Жомартбектің  «ант»



ішкеніне  разы  боп.  -  Онда  сен  бұл  ѳлеңді  жақсылап  ақ

қағазға  кѳшіріп,  басына  «Зайкүлге»  деп  жазып,  менің

кітабымның арасына әкеп салып қой.

— 

Құп  болады,  Зайкүлжан,  -  деп  арық  Жомартбек



сұрақ белгісіндей иіліп қалды.

— 

Әй, Зайкүл, сен Жомартбекке рас сеніп отырсың ба?



деді  Майра.  -  Бұл  Абайдың  «Кѳзімнің  қарасы»  деген

ѳлеңі емес пе?

— 

А, не дейді? Мен расында әзіме арналған ѳлен екен



деп қуанып едім. Осы ақындар «С-ға», «Қ-ға», пәленшеге,

түгеншеге  деп  жазып  жатады  ғой.  Маған  да  біреу  ѳлең

арнасашы, шіркін! - деп Зайкүл дағдарып қалды. - Ал мен

Абайдың  «Айттым  сәлем,  қаламқастан»  басқа  әлеңін

естіген емеспін.

— 

Естігенің не, оқымайсын ба? - деп күлді Майра.



— 

Жоқ,  мен  ѳлең  оқымаймын,  -  деді  Зайкүл  басын

шайқап  _  Ѳйткені  мен  қызбын.  Ал  қыздың  ѳзі  ѳлең.

Ендеше мені жігіттер оқысын.

— 

Рас,  ѳзге  қыздар  ѳлең  болса,  біздің  Зайкүл  поэма



96


ғой,  -  деді  Жомартбек  жымындап.  -  Поэманың  әр  бетін

ақтарғаның сияқты...

Осы  кезде  үзіліс  бітіп,  профессор  аудиторияға  қайта

кірді.  «Мен  саған  кѳрсетермін  кісі  алдағанды»  дегендей,

Зайкүл  арт  жаққа  бұрылып,  Жомартбекке  жұдырығын

түйді.  Мен  бұл  сабақта  бұрынғы  орнымда,  Меңтайдың

қасында  отырып  қалдым.  Меңтайдың  маған  ренжіме‐

геніне шаттанып, кѳңіл алаңы басылғандықтан болар, бұл

жолы  Әуезов  лекциясын  тағы  да  бұрынғыдай  сүйсіне

тындадым.  Бұл  сағатын  профессор  Абайдың  «Қақталған

ақ  күмістей  кең  мандайлы»  дейтін  кѳпке  мәлім  ѳлеңін

талдауға арнады. 1884 жылы жазылған бұл ѳлеңнің тақы‐

рыбы қазақтың бойжеткен қызының сырт кѳрінісін, мүсін

келбетін суреттеуге арналғанын, жас атаулы қызығарлық,

сүйсініп,  тамаша  етерлік  ерекше  сұлу  қыздың  пәртретін

ұлы ақын қалай жасағанын, сол портретті сомдау тәртібін

санамалап  айтты.  Қыздың  сырт  мүсінін  суреттеуде  тѳл

әдебиетте теңдесі болмаған бұл ѳленді Пушкин, Лермон‐

тов,  Байрон,  Гейненің  қызға  арнаған  ѳлеңдерінің  жатқа

айтқан  үзінділерімен  салыстырып  бір  етті.  Қалай

дегенмен  де  бұл  ѳлеңде  Абайдың  әлі  де  әлеуметтік

шындықты,  халық  басындағы  ауыртпалықты  сыншылды‐

қпен жырлайтын қоғам қайраткері дәрежесіне кѳтерілме‐

гендігін,  «Қақтаған  ақ  күмістей»  ѳлеңінен  кѳбінше

сұлулықты,  жарастық  келісімді  ғана  жырлайтын  эстет

ақынның  лебізі  аңқып  тұрғандығын  профессор  бір  түйіп

тастады.

Осыдан  кейін  ол  осы  ѳлеңнің  бойындағы  ѳзінің

кемшілік,  мін  табатын  жайларына  тоқтады.  Оның

айтуынша, ақын бұл ѳлеңінде тірі адамды, оның жан күйін

бейнелеудің  орнына  жансыз  сурет  берген.  Қасы  қандай,

шашы  қандай,  кезі  қандай,  мұрны  қандай  деген  сияқты

анкеталық  сұрақтарға  жауап  іздеп,  тек  қана  паспорттық

сипаттау жасаған. Мұның себебі, ақынның әйел жынысына

97



қазақы кѳзбен қарап, қыз кѳре келген жігіттің немесе келін

айттыра келген құданың кѳз қарасынан аса алмауында деп

тағы да пайымдау жасады. Бұдан кейін профессор Абайдың

«

Аттың  сыны»  дейтін  ѳлеңің  еске  алды.  Анықтап  қараған



кісіге  «Қақтаған  ак  күмістей»  мен  осы  ѳлеңнің  арасынан

айқын композициялық ұқсастық танылатынын айтты. «Ат

сынында»  жүйрік  аттың  сырт  мүсіні  мүше-мүшесімен

реттеле  баяндалады.  Әрине,  атты  солай  суреттеу  орынды.

Ал адамзатты сипаттауда мұндай әдісті қолдану қонымды

емес деген қорытынды жасады профессор.

Абайдың  еш  ѳлеңінде  ешқандай  мін  бар  дегі  ойла‐

маған біз оған арналған мынандай сындарды естігенде екі

кѳзіміз  ба-қырайып,  профессорға  сенерімізді  де,  сенбесі‐

мізді  де  білмегендей  тесірейіп  отырып  қалдық.  Әрине,

сѳнбеске  болмайды.  Бар  дәлелімен  тайға  басқандай  ѳтіп

кѳрсетіп  отырған  бұл  кемшіліктерді  еріксіз  мойындауға

тура келеді.

Бұл аз дегендей профессор енді сол ѳлеңнің компози‐

циялық  шалағайлығын  ашады.  Ѳлеңнің  бас  жағы  бір

тақырыппен  басталып,  аяқ  жағы  ѳкінші  тақырыпқа

ауысып кететінін, әуелде іс пен мінез жоқ, тек сырт болса,

кейін сырт жоқ, тек мінез ғана айтылатынын, сѳйтіп алға‐

шқыда  мақтаған  нәрсесіне  ақын  кейін  ұрысқа  жақын

сѳздер  қолданатынын  кѳрсетеді.  Атап  айтқанда  ақын

алғашқыда қыздың күлкісі «бұлбұлдай», «іш қайнатады»

деп  мақтаса,  соңынан  сол  күлкіні  «жыртақтап»,  «тыр‐

тақтаған» деп жаратпай шыға келеді.

Осыдан  кейін  Әуезов  ақынның  екінші  бір  ѳлеңін

талқылауға  кѳшеді.  Бір  талдаудан  бір  талдау  қызық  боп,

ол бізді Абай ѳлеңдерінің қатпар-қатпар шатқал, шыңда‐

рына  қарай  жетелеп  бара  жатқан  тәрізденді.  Әуезовтың

ѳзге  оқытушыларда  жоқ  бір  ѳзгеше  дағдысы  бар  еді.  Ол

әрқашан  да  сондай  қызықты  лекциялардың  соңынан

98



міндетті  түрде  бес  минуттай  уақыт  қалдыратын.  Осы  бес

минутты  ол  жеке  студенттің  жай-күйімен  танысуға

жұмсайтын.  Күн  сайын  бір  студентті  орнынан  тұрғызып

алып, ѳзі оған әр түрлі сұрақтар беретін.

Бағана  менің  аудиторияға  кешірек  келгенімді  кѳзі

шалып  қалған  соң  ба,  бұл  жолы  ол  мені  орнымнан

тұрғызды.

— 

Ербол, сен осы соғыста неше жыл болдың?



— 

Тѳрт жыл, Мұхит аға.

— 

Сонда кітап оқи алдың ба?



— 

Оқыдым.


— 

Қане,  айтшы,  қандай  кітаптар  оқыдың?  -  деп

профессор  менің  оқыған  кітаптарымды  санау  үшін  сол

қолының саусақтарын ыңғайлай бастады.

— 

Шекспирдің 



«

Король 


Лирін», 

Шиллердің

«

Зұлымдық  пен  махаббатын»,  Гетенің  «Жас  Вертерін»,  -



осы  кезде  Меңтай  жалт  етіп,  менің  бетіме  бір  қарап

қалды.  -  Анатолий  Виноградовтың  «Паганиниді  ғайбат‐

тау»  деген  кітабын,  Александр  Бектің  «Волоколам  тас

жолын» оқыдым.

— 

Пәлі, - деп профессор рақаттанып қалды. - Ѳзің кѳп



кітап  оқып  тастапсың  ғой.  Мен  соғыс  солдаттарының

кітап  оқыр  хал-мұршасы  болмайтын  шығар  деп  ойлаған

едім.

— 

Мұхит  аға,  -  деді  Зайкүл  осы  арада  профессордың



аузындағы  сѳзін  қағып  әкетіп,  -  бұл  сіздің  «Ақын»  рома‐

ныңызды да оқыпты. - Осы арада Зайкүл ѳз-ѳзінен сықы-

лықтап  күліп  алды.  -  Сыртын  далба-дұлба  қылып  алып

келіпті. Әсіресе Тоғжанды адтқанда аузының суы құриды

мұның.

Әуезовтің ѳңі күреңітіп, қозғалақтап қалды. Содан соң,



сүйінші  сұрағандай  боп,  ѳз  қолының  қос  саусағымен

тыныш  тұрған  ет  жеңділеу  келген  қыр  мұрнын  жебей

99



сауып, жұлқып-жұлқып жіберді. Бұл оның қатты сүйсін‐

гендегі немесе ерекше күйінгендегі әдеті еді.

— 

Пәлі,  не  айтады  мына  Зайкүл,  рас  па,  Ербол?  -  деп



профессор менің бетіме қарады.

Мен тез басымды изедім.

— 

Сіздің  «Ақыныңыз»  біздің  күндік  нанымыз,  артық



патронымызбен  бірге  арқамыздағы  зат  қапшығында

жүрді.


— 

Пәлі, не дейді-ау? Ал оқи алдыңдар ма оны?

— 

Жорықта келе жатып та, окопта отырып та оқыдық,



Мұхит  ағай,  -  дедім  мен  студент  болғалы  бірінші  рет

«

ағай»  деген  сѳз  аузымнан  шығып.  -  Ол  кітаптың  кѳп



кѳмегі болды бізге.

— 

Пәлі,  не  кѳмегі  болды?  -  Әуезовтың  екі  беті  нұрла‐



нып, кѳзі күлімдеп, жүзі бұрынғыдан да жыли түсті. - Қай

қаһарман басым кѳмек кѳрсетті?

— 

Бәрі  де.  Әсіресе  Тоғжанның  кѳмегі  кѳп  болды.  Ол



бір  емес,  бірнеше  медсестра,  санитарка  қызметін  жалғыз

ѳзі атқарды десем, артық болмас деймін.

— 

Пәлі, не дейді-ау! Шын ба осының? - деп профессор



мол денесін тез қозғап, ілгері ұмсынды.

— 

Шын, Мұхит аға.



Әуезов  сәл  шалқайыңқырап,  тағы  да  мұрнын  сауа,

сипалап қалды.

Осы  кезде  лекцияның  біткенін  хабарлап,  қоңырау

соғылды. Бірақ профессор асықпады.

— 

Ербол, сен ѳзің мені қуантып тастадың ғой, - деді ол



алдында жатқан папкасын бір сипап қойып. - Ал енді ѳзің

осы  айтқандарынды  қағазға  түсіре  алар  ма  едің?

Тоғжанның  жаңағы  ѳзің  айтқан  майданда  талай  медсест‐

раның қызметін атқарғанын дәлелдеп, оқушыны иланды‐

ратын етіп жазуың керек. Осы қолыңнан келер ме еді?

— 

Келеді,  Мұхит  аға,  -  деді  Зайкүл  мен  үшін  жауап



беріп. - Бұл ѳзі акқн, «Қызыл кѳрпе» деген ѳлең жазған.

100



Мен  ұялып,  Меңтай  жаққа  қарай  жүзімді  бұрдым.

Байқасам ол да қызарып кеткен екен.

— 

Жазып кѳрейін, - дедім мен.



— 

Ѳзің  ѳлең  де  жазушы  ма  едің?  -  деді  профессѳр

орнынан тұрып жатып.

— 

Жоқ, жай әшейін...



— 

Шын, шын, Мұхит аға! - Зайкүл қасы қанжардай дір

етіп,  одан  сайын  әзеурей  түсті.  -  Ѳзі  ѳзге  сабаққа  да

жақсы.  Соғыстан  қайтқалы  әлі  үйіне  де  барған  жоқ.

Профессор  Зайкүл  сѳзінің  бас  жағында  күлгенімен,  аяқ

жағына  назар  аударып,  менің  әлі  елге  бармағаным  анық

па  екен  деп  сұрады.  Мен  оқу  басталып  қойғаннан  кейін

бір жылым босқа ѳлмесін деп осында қалып қойғанымды

айттым.

— 

Жарайды,  онда  тіпті  жақсы.  Ал  енді  сен  жаңағы



айтқанды менің алдағы дүйсенбідегі келесі сабағыма дейін

жазып  әкел,  -  деді  профессор.  -  Одан  соң  әлгі  Зайкүл

айтқан кітапты да ала кел.

Мен басымды изедім.

Келесі  лекцияның  оқытушысы  жоқ  болып  шықты.

Сѳйтіп  студенттер  «терезе»  деп  атайтын  бос  екі  сағат

сопаң  етіп  шыға  келді.  Студенттер  «терезеге»  қайғыр‐

майды.  Бұл  екі  сағатта  бірсыпыра  жұмыстар  бітіріп

алады.  Соның  негізгілерінің  бірі  Совет  кѳшесі  мен  Карл

Маркс  кѳшесінің  бұрышындағы  «Алатау»  кинотеатрына

бару.

Бұл жолы да бірін-бірі еліктіріп, қыздардың бірсыпы‐



расы  киноға  кетті.  Аудиторияда  бес-алты  қыз  бен

Жомартбек  екеуміз  ғана  қалдық.  Біраздан  кейін  киноға

кіргісі келмегенін айтып, Меңтай қайтып келді.

Меңтайдың  ұрыспасына  анық  кѳзім  жеткеннен  кейін,

бағана  ѳзі  айтқан  қызыл  кѳрпеніңтарихын  білгім  келді.

Жомартбек екеуіміз жағалап, Меңтайдың қасына бардық.

Жомартбек  қыздан  бағанағы  «Қызыл  кѳрпе»  деген  ѳлең‐

101



деріңді  кѳрсетіңдерші  деп  ѳтінді.  Меңтай  кітаптарының

арасын  ақтарып,  алдыңғы  күні  тастап  кеткен  қағазды

тауып  алып,  «Оқыған  соң  ѳзіме  қайтарып  бер»,  -  деп

Жомартбекке  ұсынды.  Меңтайдың  «ѳзіме  қайтарып  бер»

деген  сѳзі  менің  жүрегіме  майдай  жақты.  Ол  менің

сұрауым  бойынша,  маған  «күндес»  боп  кѳрінген  қызыл

кѳрпенің тарихын баяндауға кірісті. Меңтай Лениногорск

шахтерінің  қызы  екен.  Шешесі  бастауыш  мектепте

мұғалім  болыпты.  Әкесі  оның  сәби  шағында  шахтада

тѳбесіне  тас  құлап,  дүниеден  қайтқан.  Қыздың  кішкене

ағасы Жүніс сегізінші сынып бітіргеннен кейін жұмыскер

боп,  семья  асырауға  кіріскен.  Соғыс  басталар  жылдың

Бірінші майында оған жақсы жұмысы үшін сыйлыққа бес

метр  қызыл  жібек  тиеді.  Бұған  шеше  байғұс  қатты

қуанады.  Ұлынын  бұл  алғашқы  табысын  ырым  етіп,  ѳз

алдына  отау  болып  шыққандағы  бірінші  жасауы  болсын

деп,  арасына  түйе  жүнін  салып,  мектептен  қолы  бос

кездерінде  кѳрпе  қабиды.  Сѳйтіп  ұлын  үйлендірмек

болады. Сол екі арада соғыс шығып кетіп, ол кѳрпені етіне

бірақ  күн  жамылып,  Жүніс  майданға  кетеді.  Содан  кейін

шеше  ол  кѳрпені  ешкімнің  етіне  тигізбеген.  Ұлына

сақтаған.  Ал  ұлынан  «ѳлді»  деген  қара  қағаз  келген.

Жалғыз ұлының жаманатына шыдай алмай, шеше сорлы

сол  хабарды  естіген  жерде,  сынып  ішінде  ѳзі  де  дүние

салған.

— 

Соғыста ағайым оққа ұшты, - деді Меңтай күрсініп.



Соның  күйігіне  шыдамай  апам  ѳлді.  Апамның  ѳлгенін

кѳзіммен  кѳрдім,  ағайымның  ѳлгенін  кѳргенім  жоқ.

Сондықтан  Жүйкем  ѳлді  дегенге  кѳпке  дейін  сенбедім.

Жүніс  ағатайымды  Жүйке  деп  атайтын  едім,  -  деді  ол

Жомартбекке  түсіндіріп.  -  Соғыс  біткен  соң,  осы  ѳткен

күздің  басында  Жүйкенің  қасында  болған  бір.  кісіден

ауызба-ауыз естігенде ғана сендім. Ол кісі терең етіп зират

қазып,  ағайымды  жақсылап  тұрып  ѳз  қолынан  қойыпты.

102



Жақын жердегі деревняның ұста дүкеніне барып, зиратқа

темірден  қоршау  шарбақ  жасатып  орнатып,  оған  «Жүніс

Ербосынов»  деп  мәңгі  ешпейтін  етіп  жаздырып  кетіпті.

«

Ағаңның  жатқан  жерін  кѳрем  десең  ертіп  апарайын,



әйтпесе  кейін  барып  кѳрерсің»  деп  әдірісін  берді.  Ѳзім

қазір қайдан іздейін, кейін оқу бітіріп, қызмет істеп, ақша

тапқан соң барармын деп ойладым.

Меңтай  ағасына  мұнша  жақсылық  жасаған  адамның

еңбегін сонша сүйсіне бағалап айтты.

— 

Сол  кѳрпені  биыл  ѳзіммен  бірге  ала  келген  едім,  -



деді қыз күрсініп қойып. - Ол маған аса қымбат ескерткі‐

шпен  пара-пар:  ағайымды  да,  анамды  да  есіме  түсіреді.

Кеше  кітап  арасынан  ағайдың  ѳлеңін  тауып  алып

оқығаннан  кейін  сол  кѳрпені  бауырыма  қысып,  ѳксіп-

ѳксіп жылағанымды айтсаңшы менің!

Байқаймын,  Меңтай  әңгімесінің  Жомартбекке  онша

әсері  болған  жоқ.  Меңтай  сѳзін  аяқтап,  мұңайып,  тѳмен

қарап  калған  кезде  ол:  «Мен  мына  ѳлеңді  кѳшіріп  ала

қояйыншы», деп жымыңдап, ѳз орнына қарай жүгірді. Ал

маған  бүкіл  бір  отбасының  тағдырын  баян  еткен  бұл

қысқа  новелла  дүниедегі  ең  қайғылы,  қасіретті  жырдай

танылды.  Не  айтарымды,  қызды  қалай  жұбатарымды,

жүрегімдегі  аянышты  қалай  жеткізерімді  білмей,

абдырап  отырып  қалдым.  Оның  кѳңілсіздігі  біртіндеп

маған ауа бастады.

Студенттік ѳмірдің бейқам, сонымен бірге аққан судай

ағынды  күндері  ѳзінің  сылдыр-былдыры  мол  қызық,

қуанышымен бірін-бірі қуалап ѳтіп жатты. Мен Әуезовке

берген  уәдемді  орындауға  бар  күшімді  салдым.  Алма‐

тыдан соғысқа кетерде мен магазиндерге жаңағана түскен

«

Ақын»романының  бірінші  кітабын  тауып  алған  едім.



Сол  кітап  бүкіл  майданды  менімен  бірге  аралап  шықты,

талай  солдатты  тамсандырып,  оқып  беріп  жүрдім.  Бірақ

бұл  естелікті  мақтанғандай  боп  ѳз  атымнан  жазбайын,

103



басқа жолдастарым оқыған етіп баяндайын дедім. Сѳйтіп

мен  ол  кішкентай  естелікті  тѳрт  күн  жаздым.  Естелігім

Әуезовке  ұнамай  қалар  ма  екен  деп,  жаным  мұрнымның

ұшына  келді.  Жазып  біткен  соң  оған  «Тоғжан»  деген  ат

қойдым. Зайкүл айтқандай, жазушылардың ѳз шығарма‐

ларын  жақсы  кѳретін  адамдарына  арнап  жататыны

ойыма  түсті.  Менің  бұл  ең  алғашқы  естелігімді  Әуезовке

арнағым  келді.  Оң  жақ  шекесіне  «Осы  образды  жасаған

жазушы  Мұхит  Әуезовке  арнаймын»  деген  сѳздерді

қолымның  қалай  тез  жазып  жібергенін  де  байқамай

қалдым.  «Қой,  мұным  тым  бадырайып  кетті  және  жазу‐

шыға  жасаған  жағым-паздық  сияқты  боп  кѳрінер»  деп

ойладым  да,  оны  қайтадан  түзеттім.  «Осы  образды

жасаған кісіге арнаймын» деп қана қойдым. Жексенбі күні

үйде  табан  аудармай  отырып,  жазғанымды  жақсылап

кѳшіріп шықтым.

Дүйсенбі  күні  отыз  үшінші  аудиторияға  бірінші

лекцияға  келген  профессор  Әуезов  бұрынғы  әдетінше,

самай шашы бұйра-бұйра, Сократ маңдайлы үлкен қасқа

басын  студенттерге  мол  ілтипат,  ықыласпен  изеп,

оқытушы  столының  басына  барып  отырды.  Профессор

есіктен кірісімен-ақ менің жүрегім ѳз-ѳзінен лүпілдеп қоя

берді.  Орнына  отырғаннан  кейін  Әуезов  маған  қарай

бұрылды да:

— 

Ал, Ербол, уәде орындалды ма? - деді.



Мен Әуезов оны лекциядан кейін сұрайтын шығар деп,

жайбарақаттау  күйде  отыр  едім.  Профессор  бірден  соны

сұрағанда  не  дерімді  білмей,  сасқалақтап  қалдым.  Әрең

дегенде ес жинағандай болып:

-

Ѳзімше  орындадым,  Мұхит  аға,  -  деп  орнымнан



тұрдым

— 

Пәлі,  жѳн.  Әрине,  сенің  ѳзінше  орындағаның  керек



бізге, - деп профессор бірден бейілденіп қалды. - Ал оқып

беруіңе лекция аяғында қанша уақыт қалдырайын саған?

104



— 

Терт-бес минут қана, Мұхит аға, - дедім мен дәптер

бетіне жазылған он шақты бетті оқуға қанша уақыт керек

екенін ажырата алмай.

— 

Жоқ,  онда  мен  он  минут  қалдырайын.  Сен



оқығаннан кейін оны біздің талқылауымыз бар емес пе?

Мен «жарайды» дегендей, басымды идім.

— 

Ал  онда  алдымен  кітабыңды  кѳрсет,  Ербол,  -  деп



профессор маған қарай қолын созды.

Мен  шапшан  қимылдап,  сумқамдағы  сырты  жырты‐

лып,  жан-жағы  жемтір-жемтір  боп  кеткен  «Ақын»

кітабын алып, Әуезовке қарай аяңдадым.

Әуезов бағынышты командирден рапорт қабылдайтын

генералдай  боп,  орнынан  кѳтерілді.  Демобилизацияға

жатып,  еліне  қайтатын  солдат  бѳлімнен  кетер  алдында

қай жерінде қандай белгісі барын бес саусағындай білетін

кәрі  винтовкасын  жүрегі  толқи  дірілдеп,  рота  старшина‐

сына ѳткізер еді. Мен де сол солдаттай болып, осыдан бес

жыл бұрын Алматыдан майданға ала кеткен осынау асыл

кітапты енді, міне, аман-есен иесіне тапсырдым.

Профессор  сәл  сұрланғандай  түспен  кітапты  үнсіз

қолына  алды  да,  орнына  отырды.  Кітаптың  сыртына  кѳз

жүгіртіп,  жыртық  мұқабаны  қайта-қайта  сипалап,

ішін ашты.

— 

Рас,  біздің  кітап,  -  деді  басын  ықыластана  изеп



қойып.  Содан  соң  бір-бірлеп,  беттерін  ақтарып  қарай

бастады.  Бір  кезде  кітапты  кѳтеріп,  бетіне  тақады.  -  Пәлі,

ѳзінен дәрі иісі шығады, иіскендерші...

Әуезовтың  қасына  ең  алдымен  Зайкүл  жүгіріп  барды.

Ол кітапты ала салып, дұғалықтай етіп бетіне басты да:

— 

Рас, мүңкіп тұр, - деді оқ-дәрі иісінің қандай бола‐



тынын сезбесе де.

Бұған басқа қыздар мырс етіп күліп жіберді.

— 

Сен  маған  баға  жетпес  ғажап  дүние  сыйладың-ау,



Ербол, - деді Әуезов екі кѳзі жасаурап, тебірене үн қатып.

105



Ѳзім  майданға  бармасам  да,  бұл  кітап  менің  бір

перзентім  болып,  соғысқа  қатысыпты.  Сол  перзентті  сен

аман-есен  ертіп  әкеліп,  қолыма  тапсырдың-ау  менің.

Соғыс  деген  ѳрт  болса,  ѳртке  жанбай  шықкан  бұл

кітаптың  жаңа  бір  бағасын  және  таныттың  сен.  Рақмет,

қарағым.

Аудитория  сілтідей  тынып  қалған  еді.  Профессор

бойын  тез  жинап,  кезекті  лекциясын  бастады.  Әуезов

лекциясының  екінші  сағатының  соңында  бағанадан  бері

толассыз  буырқанған  теңіз  үні  тоқтап,  аудитория  ішінде

әлдебір  әлсіз  бұлақтың  болымсыз  сылдыры  естілгендей

болды.  Естелігімнің  заголовогі  мен  оның  оң  пұшпағын‐

дағы  арнауды  даусым  дірілдеп,  сүрініп-қабынып,  әрең

айтып шықтым да, тамағымды кенеп, сәл тыныс алғаннан

кейін тексті оқуға кірістім.

«1942 

жылдың ортасында Алатау бауырынан эшелон-



эшелон  әскер  майданға  шеру  тартты.  Бұл  Алматыда

құрастырылған  атқыштар  бригадасы  еді.  Жарты  жылдай

астана  айналасында  лагерь-лагерь  болып,  әскери  ѳнерге

жаттыққан  жауынгер  бѳлім  тұтас  кѳтеріліп,  «Отанға

тиген  жау,  қайдасын?»  деп,  батысқа  қарай  бет  түзеген

болатын.  Соңғы  эшелондардың  бірінде  артиллеристер

дивизионы кетіп бара жатты.

Соғыс кезінің паровозы жаңғырығы жер жарып, қатты

жүйткиді. Жолда кездескен станциялардың, разъездердің

тұсында  ащы  бір  айғайлайды  да,  гүрс-гүрс  етіп,  тарта

береді. Су алу, кѳмір тиеу қажет болмаса, басқа жерге кѳп

тоқтамайды. Толассыз жүйткіп, зырлап ағады.

Қызыл вагондардың екі жақ есіктерін бірдей шалқайта

кең  ашып  тастап,  кѳлденең-кѳрме  тақтайға  асыла  иін

тіресіп,  майданға  кетіп  бара  жатқан  жауынгерлер  туған

жерге  жүректері  елжірей  кѳз  тігеді.  Қарт  атадай  ақ  бас

тау, жас анадай жасыл желек жамылған орман, сары бел,

салқын  қол  -  бәрі  самаладай  болып,  бірінің  соңынан  бірі

106



ұзап  қалып  барады.  Ѳз  алдына  бір  шолақ  эшелонға

ұқсап,  шеткі  үйінің  түтіні  будақтаған  ауыл,  тепең-тепең

қаққан  салт  атты  жолаушы,  обадай  қақшиып,  қалың

қойдың  шетінде  тұрған  шопан  жалт  етіп  бір  кѳрінеді  де,

ғайып болады.

Күн  батқанша  дала  бетіне  үңіліп,  кѳзі  жасаурап,

талғанша  кѳп  қараған  адамның  бірі  салпысары,  жез

мұртты  кәрі  солдат,  Талдықорған  облысының  Ақсу  ауда‐

нынан  келе  жатқан  Сәттіғұл  Осенов  болды.  «Сапта

жүруге  жарамаймын,  кеп  тұрсам,  аяғым  талады,  белім

ауырады»  деп,  Осенов  зеңбірек  атына  мінуші  болған.

Осыған  орай  бір  солдат  бағана:  «Сапта  тұрса,  аяғы

ауыратын  козелдің  күн  бойы  қозғалмастан  қызыл  вагон

есігінің алдында какшйюын» деп бір қағытып ѳткен. Оны

естіген  ѳзге  жұрт  қатты  бір  ду  күлісіп  алған  болатын.

Жолдасының ажуасына да, жұрттың күлгеніне де қарама‐

стан  Осенов  вагонның  босағасына  сүйенген  күйі  далаға

қарап  тұра  берген.  Енді,  міне,  жер  бетін  түннің  қара

мақпал  шапаны  бүркеп,  вагон  ішінде  май  шамның

жалғыз  кѳзі  сығырайғаннан  кейін,  Осенов  артына  бұры‐

лып,  шамды  қоршай  отырған  жолдастарының  қасына

келді.


Әттең, шіркін, қалды-ау, қайран туған жер! - деді ол

отыра беріп, вагон ішіндегілердің бәріне естірте. Аузынан

қызыл жалын атқығандай шермен, күрсіне айтты.

Шам айналасында, вагонның бұрыш-бұрышында, қара

кѳлеңке жерде, тѳрт-бестен бірігіп алып, әр жайды коңыр

әңгіме  етісіп  отырған  жұрт  Осеновтің  мына  сѳзін  естіген

шақта тым-тырыс болысып, бір сәт үндеспей қалысты. Ат

айдаушы  шалдың:  «Қалды-ау,  қайран  туған  жер!»  деген

шер  сѳзі  майданға  аттанып  бара  жатқан  осынау  сұсты

солдаттардың жүрек қылын басып қалғандай болды. Шал

айтқан  туған  жерде  әркімнің  жанашыр  жақыны,  жақсы

кѳрер  жандары  қалып  барады.  Біреу  қарт  әке,  қадірлі

107



анасын  еске  алады,  біреудің  кѳз  алдына  жақсы  жар,  жас

баласы  келеді.  Енді  біреудің  жүрегіндеғі  жар  етем  деген

жанына  қосыла  алмай  кеткен  арман-зары  ащы  запыран

болып  ақтарылады.  Шал  сѳзі  әр  жүректіңтүкпірінде

жатқан осындай мұнды сырдың пернесін басады.

Әлден уақытта:

Жоқ, қалған жоқ. Ол бізбен бірге! - деген, саңқ еткен



бала  бүркіт  үніндей,  жігерлі  жас  дауыс  естілді.  Бұл

зеңбіректің  екінші  кездеушісі  Құсайынов  Айтқали  деген

жауынгердің  үні  еді.  Айтқали  қараңғы  бұрышта  отырған

орнынан  тұрып,  шамға  таман  жақындады.  -  Туған  жер

мына кітаптың ішінде.

Ол жұртқа сол кезде баспадан жаңа шыққан, ѳзі Алма‐

тыдан  аттанар  алдында  вокзал  басында  сатып  алған

«

Ақын»  романының  алғашқы  кітабын  кѳрсетті.  Жауын‐



герлер  тез,  қуатты,  үлкен  магнит  тартқан  кѳп,  ұсақ

шегедей болып, Айтқалидың айналасына жиылды. Вагон‐

дағы  жалғыз  жарық  соның  алдына  қарай  итерілді.  Бір

табадан  ыстық  күнде  шүпірлей  су  ішкен  ақ  үрпек  бала‐

пандай  болып,  қара  кѳлеңке  вагон  ішіндегі  қайратты

жастардын  басы  сол  кітаптың  үстінде  түйісті.  Ішіндегі

жандарды  жылауық  баланың  бесігіндей  үздіксіз  шайқай

тербеген  үлкен  вагонньщ  қабырғасына  түскен  үйме-

жүйме кѳлеңке үздіксіз қозғалып тұрды.

Солдаттардың  «Ақын»  романын  оқуы  осылай

басталды.  Алматыдан  аттана  аққан  жұлдыздай  зымырап,

шұбала  созылған  ұзын  қызыл  эшелон  Москваға  келді  де,

қазақ  бригадасы  астана  түбіндегі  Бабушкин  деген  қалада

поездан  түсті.  Мұнда  біраз  жатып,  тыныққаннан  кейін,

жауынгерлер  қалың  тоғайлы,  кѳкшіл  кѳлді  Калинин

облысының  жеріне  қарай  жаяу  тартты.  Ѳне  бойлары

мұздай  кѳк  қарумен  құрсанып,  күн  демей,  түн  демей,

ерлер  етікпенен  су  кешіп,  аттары  ауыздықпен  су  ішіп,

суыт  жүріп,  ұзақ  сапар  шекті.  Артиллеристер  майдан

108



жерінің  батпағын  белуардан  кешіп,  ер  қаруы  -  ұзын

тұмсық,  кѳк  болат  зеңбіректерді  тынбастан  алға  қарай

сүйрейді. Ол батып қалған жерде: «Раз, два - взяли!» деп,

орман  ішін  жаңғырта  айғайлап,  оның  қалқанынан,  ство‐

лынан  итереді.  Доңғалақтары  күшпектерінен  батпаққа

батқан  ауыр  қаруларды  ауыр  азаппен  алға  тартқан

мұндай қиын, қысталан шақтарда екі етегін белге түрінген

жаяу  әскер  зеңбірекшілерді  басып  озып,  оларды  артқа,

алысқа тастап кетеді.

Алдыңғы шепке тақаған сайын колоннаның бас жағы‐

нан:  «Во-о-здух!»  деген  зәредей  ащы  үн  жиі  естіле

бастайды.  Ирелеңдеген  жыландай  етіп,  созылтып,

шұбалта айтқан осы бір үрейлі сѳзді ести сала солдаттар

жолдан  шығып,  тым-тырақай  қашып,  жол  шетіндегі

орманның қойнына тығылады. Қанатында қара бүйісі бар

сары  ала  самолеттер  ырылдап  кеп  тѳбеден  тѳнеді...  Міне,

осындай  жорық  кездерінде  он  бес-жиырма  минуттық

үлкен  бір  дамылдау  шағы  болады.  Он  екі  мүшесі  сау

кісілер қас қаққанша қолынан айырылып, шолақ, аяғынан

айырылып  ақсақ  боп  шыға  келетін,  жаңа  ғана  қасқая

күліп  тұрған  немесе  құлындай  ойнақтап  жүрген

жолдастарың  лезде  жан  тапсырып,  мәңгіге  жоқ  боп

кететін,  адам  ѳмірі  түнгі  үлкен  оттан  ұшқан  ұсақ

ұшқындай  сѳніп  жататын  майдан  ѳмірі  үшін  он  бес-

жиырма минут қысқа ғұмырлы солдат қауымы дамылдап,

жан  шақырып,  талай  қызық  күлкілерге  кенелетін,

естеліктер  айтысып,  ес  жиып  қалысатын  ѳзінше  бір  ұзақ

уақыт.  Колоннаның  алды  тоқтап,  сол  жерден  біреудің

аузынан  біреу  қағып  әкетіп,  артқа  қарай  дауыстап

жеткізіп  жататын  «Привал!»  деген  команда  шыққанда

теңіздің  жиегіне  қарай  жанға  рақат  берер  таудай

толқындар  лықсып,  бірін-бірі  қуалап,  бар  ләззат,  қызы‐

ғымен  ѳзіне  қарай  жақындап  келе  жатқан  сияқтанады.

«

Привал!» Сен де бар даусыңмен қуана дауыстап, ѳзіңнен



109


кейінде келе жатқан жұртқа жар саласың да, жол шетіне

шығып, сызды жерді салулы тѳсектей кѳріп, жолдастары‐

ңмен  бірге  жантая  кетесің.  Бойыңдағы  солдаттың  ауыр

жүгінен  арылып,  құрыс-  тырысыңды  жазып,  рақаттана

керілесін.  Таңертеңгі  ауылдың  мұржаларынан  жарыса

будақтаған  түтінді  еске  түсіріп,  қомағайлана  бұрқыл‐

датып темекі сорасың. Дем аласың.

Артиллерия  дивизионының  жауынгерлері  жиырма

мен  жиырма  бес  арасындағы,  қырдың  қызыл  гүліндей

жайнаған, қыршын жас жігіттер еді. Бұл шақтағы кѳңілге

жақсы  жар,  сұлу  қыз  жайы  кѳп  оралатыны  даусыз.

Ѳмірдің  бүршік  атар  кѳктеміндей  бұл  тұста  осы  жастар

орталарын  қақ  жарып  ѳтіп  жатқан  осынау  майдан

жолына кѳгенделген кѳп қозыдай бо-лып, соғыс әлегімен

сол бір ыстық шақтан алыс қалған. Бірақ олардың орқай‐

сысының жүрегінде алаулап жанған махаббат бар. Сонды‐

қтан  да  осындай  тыныштық,  демалыс  минуттарын-да,

алдымен  екі-үш  солдат  құйрық-жамбастарымен  жер

сыза,  жымыңдай  жортақтасып  келіп,  Айтқалымен  тізе‐

лесе  жайғасады.  Оның  бірі  әрқашан  да  зеңбірек  кѳзде‐

ушісі Ризуан Қалиев болады.

— 

Айтқали,  Абай  мен  Тоғжанның  кездескен  жерін



тағы бір оқып жібермейсің бе? - деп қолқалайды олар.

Айтқали  шаршап  отырмын  деп  бәлденбейді.  Арқа‐

сындағы зат қапшығын иығынан сыпырып, алдына алады.

Сабынға  айналар  сақардай  шұбатылған  зеңбірек  майы

кѳп  сіңіп,  жарадар  болған,  жарылған  жерлеріне  батпақ

орнап,  қап-қара  боп  күстеніп  кеткен  қолының  арбиған

салалы  саусақтарымен  қапшықтын  аузын  аша  бастайды.

Оның  ішінде  таңергең  старшина  берген  күндік  қорек  -

жұдйрықтай нан, карабиннің алпыс патроны, «лимонка»

аталатын,  сырты  тақталана  бѳлінген  шоколад  сияқты

бұжыр-бұжыр  екі  граната  жатыр.  Солардың  арасында

жорықтағы  солдаттың  ешқашан  да  пайдаланылмай

110



қапшығында  жүретін  таза  бет  орамалына  оралған

«

Ақын»  кітабы  бар.  Айтқали  орамалдың  ішінен  кітапты



алып, оның ѳзі жатқа білетін «Шытырман» деген тарауын

ашып,  тамағын  кенеп,  қарлығынкы  даусын  нәшіне

келтіріп,  оқи  бастайды.  Айтқалидың  қолындағы  кітапты

кѳргеннен  кейін  бұлардың  тѳңірегіне  таяу  маңдағы‐

лардың  бәрі  тегіс  жиналады.  Зеңбіректе  жегулі  тұрған

атының шылбырын қолына ұстап, Осенов те Айтқалидың

артына келіп жантаяды.

Тараудың  бас  жағы  әкесінің  жұмсауымен  жасѳспірім

бозбала  Абайдың  Сүйіндік  ауылына  келгенін,  оның

кѳрікті,  ақылды  қызы  Тоғжанды  кѳріп,  оған  ғашық  бола‐

тынын баяндайды. Айтқали тамағын тағы бір кенеп алып,

ары қарай оқиды.

«...

Орташа  келген  қырлы  мұрыны  енді  анық  кѳрінді.



Қырынан  қарағанда  бір  түрлі  сүйкімді  екен.  Жұмсақ,

жұмыр  иегінің  астында  жұқа  ғана  бір  толқындай  боп,

нәзік  бұғағы  білінеді.  Жылтырап  таралған  шашы,  қап-

қара қалың ѳріммен ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай

құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес әшекей сырғасы діріл

қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр...»

— 

Уап, бәле!



— 

Қызым-ақ  екен-ау  ѳзі  де!  -  деп  әркімдер  осы  тұста

сүйсіне үн қатысып қалады.

— 

Е,  Абайды  ѳзіне  ғашық  еткен  қыз  осал  болады



дейсің  бе!  -  Осенов  жез  мұртының  ұшын  ширатып

жіберіп,  ақырын  бір  жұтынып  қояды.  Ұзақ  сапар  шегіп,

шаршап-шалдығып  келе  жатқандардың  езулеріне  жылы

күлкі  жүгіріп,  кездері  жайнай  түседі.  Жүректері  лүпіл

қағып,  ѳздері  сол  сұлу  Тоғжанның  қасында  тұрғандай

сезінеді.  Жүрек  түбінен  әркімге  елде  қалған  ѳз  Тоғжаны

елес береді. Онымен ѳзінің ең алғаш қалай кездескені еске

оралады.  Бір  сәтке  олар  ѳздерінің  орман  ішінде,  оқ

астында  отырғандарын,  жаны  тебірене  жар  денесін

111



сипауға созылған қолдары қазір автоматтың суық стволын

қы-сып  тұрғандығын  ұмытып  кеткендей  болады.  Осы

кезде  алдан,  әр  түрлі  дауыспен  ышқына  айтылған  «По

местам!»  деген  жауынгер  команда  құлаққа  шалынады.

Бойларына  күш  жиып,  қуаттанып  қалған  жауынгерлер

орындарынан атып-атып тұра-ды...

Жауынгер  Айтқали  Кұсайынов  1943  жылдың  тоғы‐

зыншы  қаңтарында,  Великие  Луки  қаласының  түбінде,

жау  танкісі  мен  зенбіректің  жекпе-жек  атысында  ер

ѳлімімен  қаза  тапты.  Соғыстың  қатал  дәстүрі  бойынша

ѳлген солдаттың денесі, бойынан қару, жарағы, қойнынан

документі  алынып,  жаңа  қазылған  жас  қабір  басында

қарулас  серіктерінің  ақырғы  құрметі  кѳрсетіліп,  туған

жердің  топырағына  беріледі.  Отан  үшін  қан  тѳгіп,  жан

берген ер солдатты жер-ана құшағына қысып, мәңгілікке

алып қалады.

Айтқалиды  қастерлеп  қойып,  жауынгер  жолдастары

жаудан  кегіңді  аламыз  деп  серт  еткендей,  аспанға  үш

дүркін оқ атып, салют бергеннен кейін, оның жетімсіреп,

жерде  жатқан  карабинін  кіші  сержант  Ризуан  Қалиев

кѳтеріп,  ал  зат  қапшығындағы  патрондарды  ѳзге  серік‐

теріне бѳліп берді. Қалған екі гранат пен «Ақын» кітабын

кіші сержант ѳз қойнына тығып алды. Ѳлген жауынгердің

қойнынан алынған документ комсомол билеті мен қызыл

әскер  книжкасының  арасынан  жѳнелтілмей  қалған

үшбұрыш хат шықгы. Хаттың сыртында: «Семей облысы,

Белағаш ауданы, Ерназаров с/с, Тоғасова Задаға» делінген

әдіріс бар екен. Зада - Айтқалидың сүйген қызы. Ол сонау

Белағашта,  селолық  советте  секретарь  болып  істейтін.

Айтқали қыздан үзбестен хат алып тұратын. Село-лықсо‐

веттен  хат  келген  сайын  қуанып,  жолдастарына  сүйген

қызы  жайында  кѳп-кѳп  жалынды  әңімелер  шертетін.

Заданың  сұлулығын  да,  сабырлылығын  да  бір  ғана

Тоғжанмен  теңестіретін.  «Тек  Заданың  құлағында  «дір

112



қағып, дамыл алмай, сілкіне түсіп тұратын» сырғасы ғана

жоқ»  деп  қуана  да,  қулана  күлетін.  Хат  ішінде  Айтқа‐

лидың  маржандай  әріптерімен  мынадаи  сѳздер  жазы‐

лыпты: «Қалқам Зада! Біз қазір үлкен бір орыс қаласының

түбіндеміз.  -  Айтқали  әскери  құпияны  сақтап,  Великие

Луки  қаласын  осылай  атапты.  -  Жау  осы  қалаға  аранын

ашып,  анталап  тұр.  Бірақ  біз  оны  бермейміз  жауға.  Оған

сенімін кәміл болсын.

Қазір  түн.  Мен  жертѳледе  кезекшімін.  Жолдастарым

жанымда  тегіс  тынығып  жатыр.  Олар  тѳңбай,  жақсы

ұйықтасын  деп,  темір  пешке  ѳкіртіп  от  жағып  отырмын.

Далада  шыңыл-тыр  қарды  шықырлата  басқан  сақшы

аяғының  сықыры  естіледі.  Жертѳленің  сыртына  немістер

жақын  келіп,  бір  мина  жарылды.  «Қорыққанға  қос  кѳрі‐

неді»  деген  рас  болуы  керек.  Немістердің  түні  бойы

осылай  түсінен  шошынғандай,  бет  алды  оқ  атып  отыр‐

маса  кѳңілдері  кѳншімейді.  Сен  одан  қорықпай-ақ  қой,

мұндай  құр  далбаса  үшін  атылған  жау  оғының  маған  да,

менің жолдастарыма да келтірер қырсығы жоқ.

Сен  қазір  ұйықтап  жатқан  боларсың.  Мен  пешке

шайыры мол құрғақ ағашты қалап қойып снаряд гильза‐

сынан  жасалған  солдат  шамының  түбінде  кітап  оқып

отырмын.  Ол  сен  ту-ралы,  екеуміз  жайында  жазылған

кітап - «Ақын» романы. Соның «Бел-белесте» деген тара‐

уының  аяқ  жағында  Абай  мен  Тоғжаннын  екінші  рет

кездесуі баяндалады. Екі дос жан әрең табысып, бір-біріне

жүректерін  жайып,  ынтыға  ұмтылысқан  шақта  оларға

Қарауыл  ѳзені  тасып  кетті  деген  суық  хабар  келеді.  Бұл

Абайғада,  Абай  жанындағы  әйелдердің  де  бастарына

тѳнген  қатер  еді.  Сондықтан  ол  да  тез  кетпек  болып,

қимас  ғашығын  тастап,  асығыс  жѳнеледі.  Кітаптың  осы

жерін  оқышы,  сен  Зада,  тағы  бір  қайталап  оқышы.

Екеуміздің  жайымыз  да  нақ  осы  сияқты  болды  ғой.  Біз

осы  жазда  қосыламыз  деп  уәде  байласқан  шақта,  сол  бір

113



тәтті  түннің  таңертеңінде  соғыс  басталып  кетті  емес  пе.

Бізге тѳнген қатер кѳктемде тасыған шағын ѳзен Қарауыл

емес,  шалқар  Отанымызды  ша-пыған  сұрапыл  соғыс

болды ғой.

Оқасы  жоқ,  Зада,  сол  Қарауылдың  қалың  сеңінің

қамауынан құтылып, ѳзеннен аман ѳткен Абайдай болып,

бір  күні  жауды  жеңіп  жетермін  мен  де  саған  құстай

ұшып.  Қуана  күліп,  алдында  тұрармын  қанатымды  кең

жайып.  Сонда  біздің  соғыс  ажыратқан  құшағымыз  қайта

айқасады.  Мәңгілік  болып  айқасады.  Қош,  сәулем,  Зада‐

шым-Тоғжаным  менің.  Ақ  бетіңнен  аймалай  сүйіп,  сенің

тек қана сенің Айтқалиың.

қаңтар, 1943 ж. Дала почтасы 1745, 125-бѳлім».



Жебір соғыс жалмаған асыл азамат сүйгеніне жетпеді.

Тѳбе басын томпитып, алыста қалды.

Бұдан  кейін  де  соғыстың  сансыз  темір  тісі  тілгілеп

жатқан  азалы  жерге  адам  сүйегін  сепкен  талай  күндер

ѳтті. Жауынгерлер қилы-қилы қанды жорықтарды, қиын-

қиын  қырқысқан  ұрыстарды  бастарынан  кешірді.

Жырым-жырым  болып,  солдаттар  қойнындағы  кітап  та

тозды.  Бірақ  жігіттердің  жүректеріндегі  Тоғжан  тозған

жоқ. Ол «әшекей сырғасы діріл қағып», жорықта солдат‐

тармен қатар жүрді. Ол «жылтырап таралған шашы, қап-

қара, қалың ѳріммен, ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай

құлап  түсіп»,  жауынгерлермен  қол  ұстаса,  жауға  қарай

сан рет шабуылға шықты. «Елде сенің де сұлу жарың бар»

деп  әр  солдаттың  құлағына  сыбырлады,  әр  жүректі

наздана  қытықтады.  Жаралыға  үміт  болып,  шаршағанға

қайрат берді. Қараңғы түңде алыстан маздаған от, аспан‐

дағы  Шолпандай  болып,  Тоғжан  оларды  атой  салып,

жеңіске шақырды, ѳмірге жетектеді.

Соғыс бітті. Эшелон-эшелон қызыл вагондарға тиеліп,

солдаттар  туған  елге  қайтты.  Жеңіс  поезы  желдей  жүйт‐

кіді. Сол эшелондардың ішінде тарыдай шашырап, баяғы

114



Қазақстан  бригадасының  жігіттері  де  келе  жатты.

Вагонның  екі  жақ  есігінен  бірдей  солдаттар  үйме-жүйме

болып,  сыртқа  кѳз  салып  тұр.  Олар  ѳздері  жорықпен

ѳткен,  соларды  азат  ету  үшін  қан  тѳгіп,  қиян-кескі  ұрыс

салған қалалар мен селоларға, ормандар мен шоқыларға,

ѳзендер  мен  кѳлдерге  қарайды.  Сол  жерлерде  мәңгі

ұйықтап жатқан ер жолдастарын естеріне түсіреді.

Апыр-ай, бұл соғыстан тірі қаламын деп ойлаған жоқ



едім, - дейді жездей сары мұртты, кәрі солдат қасындағы

сержантқа  бұрылып,  басын  шайқап.  -  «Ажалсызға  тау

құласа да ѳлмейді» деген осы екен-ау...

Сары  мұртты  солдат  -  баяғы  Осенов.  Оның  қасында

тұрған  сержант  -  Ризуан  Қалиев.  Қалиевтың  кеудесі

ордендер  мен  медальға  толы.  Осеновтың  де  кеудесі  құр

емес, қос медаль жарқырайды.

Сержант  та  кәрі  солдатқа  күле  қарайды.  Баяғыда

Алматыдан  алғаш  майданға  аттанған  шақ  есіне  түседі.

Сондағы осы шалдың бүкіл вагон ішіндегі жұрттың жүре‐

гіне  қаяу  салып,  шерлене  күрсінуі  бар.  Солдаттарды  сол

сәттегі  шер  тұңғиығынан  шығарған  Айтқали  болып  еді-

ау.  «Жоқ,  туған  жер  қалған  жоқ,  ол  бізбен  бірге,  мына

кітаптың  ішінде»  деп  жарқ  етіп  шыға  келіп  еді-ау,  айна‐

лайын...  Айтқалидың  ѳлген  жерін  есіне  алып,  сержант

еріксіз қабағын шытты. Жалғыз Айтқали ма, талай-талай

маңғаз  жігіт,  аяулы  азаматтарды  мерт  қылып  кетті  ғой

бұл  соғыс.  Сержант  Нәсіп  Қалиев,  кіші  сержант

Әбдірахман  Бимурзин,  жауынгер  Сембек  Молдабаев

кімнен  кем  еді?  Взвод  командирі  лейтенант  Ақыраш

Андиров,  под-полковник  Әбілқайыр  Баймолдин,  пуле‐

метші,  батыр  қыз  Мәншүк  Мәметова  ше?  Бәрі  де  жанып

тұрған,  лаулап  тұрған  жалын  еді.  Отан  үшін,  анамыздай

қымбат  арымыз  үшін  қабақтарын  шытпастан  жандарын

қиды  да,  небір  қаланың  табалды-рығын  жастанып,  небір

ѳзеннің  қабағын  қарайтып,  арыстай  боп  қала  берді  олар.

115



Сержанттың  кѳз  алдына  ѳз  батареясының  командирі,

капитан  Жамалбеков  елестеді.  Ұрыстың  бір  толас  шақта‐

рында  немесе  бѳлім  екінші  эшелонда  тұрған  кездерде

жауынгерлер  алқа  котан  отыра  қалып,  кезекпен  «Ақын»

кітабын  оқысатын  еді.  Жауынгерлермен  бірге  отырып,

бұл кітапты капитан да тындайтын. Ел сағынған жүрекке

осы  бір  тозған  кітап  үлкен  медеу  болатын.  Әсіресе  оның

Тоғжан  жайлы  айтылатын  жерлерін  оқығанда  жауын‐

герлер  жымындасып,  екі  езулері  құлақтарына  жете  мәз

болысып  қалатын.  Жалғыз  жауынгерлер  ғана  емес,

капитан қоса жымиятын. Әшейінде түсі суық, сұсты кѳрі‐

нетін комаңдир жүзі Тоғжанның жүріс-тұрысы, қылықты

қимылдары суреттелген жерде мүлде жібіп, майға балқы‐

тылған  қорғасындай  толықсып  кететін...  Сѳйтіп,  артта

Еуропа қалды. Артта қираған қалалар қалды. Қалалардың

тѳңірегі  толы  молалар  қалды.  Енді  міне,  жеңіспен  елге

келеміз. Қазақтың қара кѳз қыздарын кѳреміз. Ѳз Тоғжа‐

нымызға  барамыз...  Қалиевтың  қиялы  шарықтап,  Шар

ауданындағы  ѳзінің  туған  ауылына  қарай  қанат  қағады.

Ажары  атқан  тандай  жылы  жүзді,  жұмсақ  білекті,  су

тиген қарақаттай мѳлдір қара кѳзді аса бір сымбатты жан

ұяла  да,  қуана  кеп  мұның  алдынан  шықкан  тәрізденеді...

Ол  кезерген  ернін  жалап,  бір  тамсанып  қалып,  жанын‐

дағы жолдасына қайта бұрылады.

— 

Рас,  «ажалсызға  тау  құласа  да  ѳлмейді»  деген...  -



дейді  Осеновке,  әр  сѳзін  үзіп-үзіп  айтып.  -  Апыр-ай,

Мәскеуге  қашан  жетер  екенбіз.  Тезірек  кѳрсек-ау  Қаза‐

қстанды...

Сержанттың жүрегі аузына кеп тығылардай боп, кесек

лүпілдеп,  қатты  соғады.  «Рас,  рас...  туған  жер,  туған

жер...» дегендей, эшелон толы солдаттар вагон ырғағымен

бастарын қайта-қайта изейді».

Мен  оқып  болдым.  Самайымнан  тер  сорғалап  кетті.

Жазғаным Әуезовке ұнамаған шығар деп ойладым. Қысы‐

116



лып, бір қырындай тұрып, профессорға кѳзімнің қиығын

салдым.  Оның  ѳңі  нарттай  қызараңқы  сияқты  кѳрінді.

Менің  оқығанымды  беріле,  бар  ынтасымен  тындап

шыққанға ұқсады.

— 

Пәлі,  Ербол,  сенің  мынауың  кѳркем  шығарма  ғой



ѳзі,  -  деп  мұрнын  бір  сипап  қалды.  -  Мұны  новелла  десе

де,  естелік  атаса  да,  немесе  кѳркем  очерк  деуге  де  келеді.

Бұнда  бүкіл  бір  әскери  бригаданың  қысқаша  тарихын

айтыпсың.  Тоғжан  бейнесін  жақсы  түйіндепсің.  Оны  тек

жақсы қыз деп қана емес, жан сүйсінтер сұлулық мұраты,

ѳмірдің  ѳзі,  тіпті  Отан  тұлғасы  деп  те  түсінуге  болады

екен.  Біз  жазған  Тоғжанның  майданда  осындай  әсері

болғанын  соғысқа  қатысып  келген  солдат  сенің  аузыңнан

есту маған қандай ғанибет екенін білесің бе, Ербол? - деп

профессор  мені  кѳкке  кѳтеріп  тастады.  Мұны  жазғанда

менің  ойыма  түйіндеу  деген  де,  бір  бригаданың  тарихын

тізу деген де келмеген еді. Мен тек ѳзім керген, жолдаста‐

рымның  басынан  кешкен  жайларды  ғана  айтуға  ты-

рыстым, айта алдым ба екен деп шүбәландым. Профессор

сәл  бѳгеліп  барып,  сѳзін  қайта  жалғады.  -  Мен  мұндай

болар  деп  ойламаған  едім.  Тағар  сыным,  айтар  мінім

жоқтың  қасы.  Сен  ѳзің  журналист  боламын  деп  жүрсің

ғой.  Әбден  боласың.  Мына  аяқ  алысың  сенің  қазірдің

ѳзінде  дап-дайын  журналист  екенінді  танытады.  Менің

саған  берер  кеңесім:  осы  жазғаныңды  газетке  апар.  Мен

үшін  емес,  ѳзің  үшін  апар.  Газет  деген  үлкен  жаршы

орын.  Сен  сияқты  болашағы  бар  журналистің  газетке

жарияланып,  кѳріне  беруі  абзал.  Ал  мына  тырнақалды

еңбегің ұялмай жариялауға әбден жарарлық. Сенің мұны

қысылмай ұсынып, газеттің қымсынбай басуына болады.

Әуезов  маған  редакцияға  баруымды  мәслихат  етіп

бола  бергенде  лекцияның  біткенін  паш  етіп,  қоңырау

шылдырлады.  Мен  ѳзімнің  аудиторияда  сабақта  отырға‐

нымды  сонда  бір-ақ  білдім.  Аудиторияда  Әуезов

117



екеумізден  басқа  жандардың  барын  да  енді  аңғардым.

Әуезов  тұруға  ыңғайланып,  алдында  жатқан  папкасын

жиыстырып, үстел үстіне қырынан ұстап отырды да, тағы

бірдеңе  айтқысы  келгендей,  асықпай  менің  бас-аяғыма

қарады.

— 

Солдат  студенттің  жайы  басқалардан  гѳрі  ауырлау



болады.  Сен  ѳзге  жұрттан  кейінірек  келдің  ғой,  Ербол,

жатақханаға жайғасып па едің? - деп сұрады. Мен жатақ‐

ханадан орын тимей, пәтерде жатқанымды айттым.

— 

Ал ѳзге жайларың дұрыс па?



— 

Дұрыс, - дедім мен.

— 

Онда  қазір  менімен  бірге  деканатқа  жүр,  сенің



жатақхана жайынды сѳйлесейік.

Мен  қуанып  кеттім.  Жатақхана  жалына  қол  жетпес

жақсы  арғымақтай  арманым  еді.  Орнымнан  атып  тұрып,

Әуезовтың соңынан ілестім.

Декан ѳз орнында отыр екен. Есіктен кіріп келе жатқан

Әуезовты  кѳріп,  ұшып  тұрып,  оған  ѳз  орнын  берді.  Бас

изеп, менімен де сәлемдесті. Бұған менің ішім одан сайын

жылып, үмітім күшейе түсті.

— 

Ыбырайым,  -  деді  профессор  деканның  орнына



жайғасып  жатып,  -  мен  ѳзіңді  жақсы  декандардың  бірі

санаушы едім. Бірақ мынау ісіңді құптамай қалдым.

— 

Не  боп  қалды,  Мұха?  -  деді  декан  оған  қарай



еңсеріле құлағын тосып.

— 

Мынау Ербол деген жігіт, - деді профессор босағада



түрегеп  тұрған  мені  нұсқап,  -  табандатқан  тѳрт  жыл

соғыста  болып,  осы  тұрған  шағын  бойымен  ер  шыдамас,

нар  кѳтермес  жүк  кѳтеріп,  жауды  жеңіп  келген  асыл

азаматтардың  бірі.  Осы  жігіт  соғыстан  қайтып  келе

жатып,  туған  жеріне  де  бармастан,  осы  біздің  универси‐

тетте оқуда қалған. Мұны ѳзің қабылдапсың, оның дұрыс

болған. Бірақ осы жігіт үш айдан бері туысы емес, танысы

емес, соғыста бірге болған жолдасының тар үйін сол үйдің

118



кѳп  жанымен  қосылып  мекен  ететін  кѳрінеді.  Таны‐

майтын  бет  алды  біреу  бұл  жігітке  босағасынан  орын

бергенде  ѳз  үйі  сияқты  университет  неге  жатақханадан

орын бермейді?

— 

Ойбай, Мұха, - деді декан, - қазір жатақханада орын



жоқ.  Бұл  жігіт  сол  тұрған  үйінде  биылша  бірдеңе  ғып

шыдап  шықсын.  Алдағы  оқу  жылында  жатақханаға

қайтсем де орналастырайын.

— 

Пәлі, со да сѳз бе екен? - деді профессор түсін бірден



суыққа  сала  сѳйлеп.  -  Орын  неге  жоқ?  Жатақханаға

жайғасып  алған,  ѳздері  соғысқа  бармаған,  жай-күйлері

жақсы,  кѳк  жаға,  күйлі  студенттер  бар  емес  пе?  Немесе,

ана  нашар  оқитын  студенттеріңнің  бірін  жатақханадан

шығарып жібер де, орнын осыған бер.

— 

Ол болмайды ғой, Мұха, - деді декан сасқалақтап.



— 

Болмаса мен ректорға барамын. Бұны қайткенде де

болдыру  керек.  Біздің  осы  болымсыздан  қол  жетпейтін

биік,  кѳш  ѳтпейтін  шыңырау  жасап  алатынымыз  жаман.

Әйтпесе  қоластында  үш  жүздей  студенті  бар  деканға

жатақханадан бір орын табу қиын болып па?

— 

Ойбай,  Мұха,  сѳзіңіз  ѳтіп  кетгі.  Мен  бұл  жігітті



қайтсем  де  бірдеңе  ғып  орналастырайын,  -  деп  декан

маған бұрылды. - Фамилияң кім, қарағым?

— 

Есенов, - дедім мен.



Декан менің фамилиямды жазып алды да:

— 

Бүгін  лекңиядан  қайтарында  маған  соға  кет.  Оған



дейін  коменданттармен  хабарласып,  бір  нәрсе  істет‐

тірейін, шырағым.

— 

Е, пәлі, - деді Әуезов қайтадан жадырап. - Жѳн істе‐



дің,  Ыбырайым.  Бұл  ѳзі  қамқорлық  жасауға  тұратын

жігіт.  Мен  деканға  да,  профессорға  да  рақмет  айтып,

қуанышым қойныма сыймай, деканаттан шықтым.

Ертеңінде мен жатақханаға кѳштім. Виноградов кѳше‐

сіндегі  үйдің  екінші  қатарындағы  65-бѳлмеге,  Жомарт‐

119



бектің қасына орналастым. Тѳсек-орын жоқтықтан, әзірге

ол екеуміз бірге жататын болдық. Сѳйтіп, менің екі ыстық

тілегім  бірден  орындалды:  жатақханаға  жайғастым,

Меңтайдың  жанына  жақын  келдім.  Сүйген  қызынды

сыртынан  жиі  кѳріп  жүрудің  ѳзі  бақытқой,  шіркін!  Бұл

бақыт енді менің жүрегімді күн сайын кернеп, оны үрген

шардай тырсылдата кѳріп, жұқартып бара жатты.

120



М

енің 


жазғанымның 

Әуезовке 

ұнауы 

бүкіл


группаны  қуанышқа  бѳледі.  Курсымыздағы  отыз

қыз  бен  менен  кейінгі  еркек  кіндікті  жалғыз  ұл

Жомартбек  сол  күні  мені  кезек-кезек  құттықтаумен

болды.  Келесі  күндері  де  бұл  әңгіме  ауыздан  түспеді.

Әсіресе,  Зайкүл:  «Мұхит  ағаға  мен  айтпасам,  мен

Ерболдың  қолынан  жазу  келеді  демесем,  мен  ол  кісіге

сенің  ѳлең  шығарғаныңды  да  жеткізбесем  -  сен  мұны

жазбайтын  едіңде,  Әуезов  аузынан  мұндай  баға  да  ала

алмайтын  едің»,  -деп  кѳп  мақтанды.  Ал  Меңтай  бір-ақ

ауыз  сѳзбен  баға  берді:  «Анау  ѳлген  жігіттің  қойнынан

алынған хат оқылғанда ойыма ѳз ағайым түсіп, кѳзіме жас

алдым»  -  деді.  Маған  Зайкүлдің  жүз  рет  айтқан  «мен-

менінен» осы бір ауыз сѳз әлдеқайда қымбат боп кѳрінді.

Қыздар Әуезовтің айтқанын орындап, жазғанымды тез

редакңияға жеткізуімді жѳн кѳрді. «Газет мұны қайтсе де

басады»,  «Мұхит  аға  мақұлдаған  әңгімені  неге  қабылда‐

масың» десіп, апармасқа ерік алдыма қоймады.

Шынымды  айтсам,  ол  кезде  қыздармен  қоса  ѳзім  де

керемет  қуанышты  едім.  Кеудемді  қайдағы  бір  лапыл‐

даған сабырсыз мақганыш кернеді. Редакцияны іздеп келе

жатқанымда Әуезов айтқан бір ауыз жылы сѳз қанат боп,

мені аспанға кѳтеріп әкетіп бара жатқандай кѳрінді. Твор‐

чество  адамдарының  кѳңілінде  ѳзге  жанда  кѳп  кездесе

бермейтін  ерекше  бір  леп  болатынын  мен  бірінші  рет

сонда ғана сездім. Сездім де: «Бір ол жуаз әңгіме жаздым

деп  кѳкірегім  гимнастеркамды  жырта  кѳріп,  кѳктемде

тасыған  шолақ  сайдай  күркіреп,  шолтандап  менің  ѳзім

қаншама әлек-шәлек болдым. Ал әлденеше әңгіме, пьеса‐

лар,  «Ақын»  тәрізді  үлкен  роман  жазған  Әуезов  неғып

тѳпан суындай тасып, сел боп қаптап, жолындағы жұртты

жайпап  кетпей  жүр  екен?»  -  деп  және  ойладым.  «Тегі

жазушы  парасаттылығы  жазған  дүниесі  жақсы  болған

сайын  шошандап,  шоршандап,  кеуде  қағуда  емес,

121



сабырлы,  салмақты  бола  түсуде  шығар»,  -  деп  тағы

түйдім.


«

Сап-сап, кѳңілім, сап кѳңілім» - деп, бұл ойыма және

тұсау  салдым.  «Сен  немене,  дәл  бір  жазушы  боп  кеткен‐

дей-ақтолғанып келесің. Саған Әуезов жазушысың немесе

жазушы боласың деген жоқ. Журналист боласың, қазірдің

ѳзінде  дайын  журналист  екенсің  деді  ғой,  -  дедім  ѳзіме

ѳзім.  -  Ендеше  неменеге  ит  қуған  бұзаудай  боп,  екі

танауың шелектей делдиіп, едірең деп келесің?»

Үлкен екі кѳшенің қиылысында тұрған үш қабат үйдің

биік,  тас  баспалдағының  алдына  кеп  тоқтадым.  Үйдің

маңдайшасы толған қызыл шаршы шыныларға республи‐

када шығатын газет аттары қағазға басылатын кѳзге таныс

пішінмен  бедерленіпті.  Осында  келген  ең  негізгі

жұмысым  солдай-ақ,  мен  тұра  қалып,  оларды  шетінен

оқи  бастадым:  «ҚазТАГ»,  »Советтік  Қазақстан»,  «Совет‐

ский Казахстан», «Жас ұлан...»

Мен іздеп келген редакция да осында екен. Жүрексініп

кеп,  тас  баспалдақтын  бірінші  басқышына  аяғымды

салдым.  Редакция  дәлізінің  екі  жағы  қатар-қатар  есік

екен.  Әр  есіктің  сыртында  тақтайға  бұранда  шегемен

бекітілген  алақандай  қызыл  шыны  тұр.  Шыныда  әр

бѳлменің  аты  және  оның  меңгерушісі  мен  әдеби  қызмет‐

керінің фамилиялары кѳрсетіліпті.

Әр  қойдың  шабын  бір  түрткен  жетім  қозыдай  болып,

әр  есікке  бір  үңіліп  келе  жатыр  едім,  алдымнан  тасыр-

тұсыр  пулемет  атылып  қоя  бергендей  болды.  Сѳйтсем

мен  ашық  тұрған  бір  есіктің  алдына  кѳп  қалған  екенмін.

Бѳлме  ішіне  жағалай  келемі  кішіректеу  келген  біркелкі

тапал-тапал  үстелдер  қойылыпты.  Әр  үстелдің  үстінде

бір-бір машинка. Әр үстелдің басында әлекедей жаланған

бір-бір  әдемі  келіншек.  Әр  келіншектің  қасында  алдын‐

дағы қағазына қарап, бірінің айтқанын бірі тыңдамай, ѳз-

ѳзінен екілене сѳйлеп отырған бір-бір еркек. Еркектердің

122



ауыздары 

жыбырлаған 

сайын 

келіншектердің 



ақ

саусақтары  су  бетіне  секіріп  ойнаған  ақ  қайрандай  боп,

жарқ-жұрқ етеді. Әйелдер де, еркектер де ѳз екпіндеріне

ѳздері апиын ішкендей елтіп, екі жақтарына кезек теңсе‐

леді. Бақсам, ол машбюро екен.

Онымен қатарлас, есігі ашық екінші бѳлмеден дүңкіл‐

деген және бір дыбыс естілді. Қарасам, ішінде ешкім жоқ.

Жаңағыдай тапалтақ үстелдің үстінде тұрған бір машинка

тарс-тұрс етіп, ѳзінен ѳзі басылып жатыр. Одан біртіндеп

еденге  қарай  сусыған  молотилканың  кѳш  құлаш  белбе‐

уіндей ұзын сары қағаз жылқының қартасына ұқсап, үсті-

үстіне  қатпарлана  тѳгіледі.  Бұл  телетайп  бѳлмесі  екен.

Сол жақтағы есігі ашық тұрған басқа бѳлмеге және кѳзім

түсіп еді: қатар тұрған екі үстелдің басында алдарындағы

қағаздарына  еңкейе  түсіп,  сырылдата  жазып,  үш  адам

отыр екен. Олар маған, неге екенін білмеймін, бір-бірімен

үзеңгі  қағысып,  танаулап  келе  жатқан  үш  сәйгүліктің

жалдарына  бұқшия  жабысып,  әрқайсысы  ѳз  атына

қамшы  басқан  үш  шабандозға  ұқсап  кетті.  Осының  бәрі

маған  лыпып  соғып  тұрған  тамырдай  сезіліп,  редакция

жұмысының ішкі ырғақ, екпінін танытгы. Ақыры, дәліздің

ең  түкпіріндегі  іздеген  есігіме  де  жеттім.  Онда  былай

деген жазу бар екен:

«

Әдебиет және ѳнер бѳлімі. Меңгерушісі М. Омаров.



Әдеби қызметкер Ш. Шалғынбаев».

Есікті  қағып  едім,  бұл  бѳлмеде  біреу  менің  келуімді

асыға  күтіп  отырғандай-ақ  табан  астында  «да»  деп  барқ

ете түскен, сыпайылықтан гѳрі сызы кѳп тырнауық дауыс

естілді.

Бѳлмеге  кірсем,  ішінде  екі  адам  отыр  екен.  Жас

жағынан  біріне-бірі  тетелес  сияқты:  тѳрдегі  тарамыс

арық, қара-торысы отызға жаңа жетсе, есік жақта отырған

қалың  шашты,  аққұба  еңді,  сәл  пұшық  мұрындау  келген

сымбатты,  дембелше  жігіт  одан  үш-тѳрт  жас  қана  кіші

123



— 

М

болуы  керек.  Есік  жақта  отырған  сымбатты  жігіт  бѳлім



бастығы болар деп ойладым. Сондықтан да оған: «Омаров

ағай  сіз  бе?»  дедім.  Бұйра  шаш  жігіт  бағжиып  бетіме

қарады  да,  иегімен  тѳрде  отырған  кісіні  нұсқады.  Оған

жете  бергенімде  телефоны  шылдырлап,  ол  трубкаға:

«

Қазір, қазір» деді де, бѳлмеден шыға жѳнелді.



Ол шығып кеткеннен кейін бұйра шаш орнынан тұрды

да,4  маған  қарамай,  шолақ  мұрнын  маңғаздана  пұшты‐

райтып,  бастығының  орнына  барып  отырды.  Креслоны

ілгері қозғап, нығырлана жайғасты. Содан соң, оң жақтағы

телефонды  құлағынан  сүйреп  әкеп,  алдына  қойды.  Оның

трубкасын  кѳтеріп,  құлағына  тосты  да,  орнына  қайта

салды. Осыдан соң барып маған қарай қолын еріне созды.

енің  атым  Шалдуар  Шалғынбаев.  Қане,  не

әкеліп едің?

— 

Новелла, - дедім мен Әуезовтің осылай деп атағаны



есіме  түсіп,  не  де  болса  айды  аспанға  бір-ақ  шығарайын

деп. «Естелік» дейін десем, ол от басында отырып ѳткен-

кеткенді  еске  түсіретін  шалдардың  шаруасы  боп  кетер,

«

очерк»  десем,  қара  мақалаға  ұқсар  да,  мына  күпиген



әдеби  қызметкердің  алдында  беделім  түсіп  қалар  деп

ойладым.


Әдеби қызметкер ѳз-ѳзінен мәз бола қарқылдап күліп

алды да:


— 

Жігітім,  сен  ѳзің  кѳкте  екенсің,  аһ!  -  деді  маған

қарап.

— 

Неге? - дедім мен абыржып.



— 

Сол.  Жер  басып  жүрген  жоқсың  әйтеуір.  Әйтпесе

новелла  дей  ме  екен  кісі?  Әңгіме  десеңші  онан  да.  Ал,

меніңше, мұның әңгіме де емес.

— 

Неге? - дедім тағы да одан сайын сасқалақтап.



— 

Неге  екенін  айтайын  қазір.  -  Әдеби  қызметкер

124



шалқая  отырып,  сұқ  саусағымен  менің  қолжазбамның

тақырыбын түртті. - Мынау не деген сѳз, аһ?

—  «

Тоғжан»,  -  дедім  мен  әдеби  қызметкер  менің



жазуымды  ажырата  алмай,  әлде  кѳзі  жетіңкіремей  отыр

екен деп ойлап.

— 

Ол кім, аһ? - Шалдуар маған тесіле қарады.



— «

Ақын» романының кейіпкері.

— 

Онда сол роман жайында ғой мұның, аһ?



— 

Иә, бірақ...

— 

Бірағынды қоя тұр. Мұның романға рецензия болса,



онда  бізге  керегі  жоқ.  Ѳйткені  ол  туралы  бізде  профес‐

сордың  ре-цензиясы  шыккан.  -  Шалдуар  сұк  саусағын

шошайтты.  Онысы  «сен  студент  қанасың,  ал  біз  профес‐

сорлардың  ѳздерімен  істеспіз»  дегені-ау  деп  ұқтым.  -  Ал

бұның  роман  туралы  немесе  соның  бір  кейіпкері  туралы

әңгіме  болса,  оның  не  қажеті  бар  бізге?  Сен  Әуезовтен

артық жаздым деп ойлайсың ба ѳзің?

— 

Жоқ, бірақ бұл тек Тоғжан туралы ғана емес...



— 

Тоқта,  тоқта,  -  деді  Шалдуар,  -  сен  алдымен  менің

сұрағыма  жауап  бер.  Әуезовтен  артық  жаздым  деп

ойлайсың ба ѳзің, аһ?

— 

Жоқ, - дедім мен.



— 

Ендеше мұны газетке басудың қажеті де жоқ, - деді

әдеби қызметкер.

— 

Сонда да алдымен ѳзіңіз оқып кѳрмейсіз бе? - дедім



мен дағдарып.

— 

Тоқта,  тоқта,  -  деп  ол  бейне  бір  мені  қылышпен



шауып  түсетіндей  сұстанып  оң  қолын  кѳтерді.  -  Сен  ѳзің

газет  қызметкерлерін  кім  деп  ойлайсың,  аһ?  Жұмысы

жоқ,  сандалбай  деп  білесің  бе?  Біздің  бәлімге  сенің

мынауың  сияқты,  -  ол  менің  қағаздарымды  дудырата

ұстап, жоғары кѳтерді, - күніне отыз ѳлең, он әңгіме келіп

түседі,  аһ!  Біздің  бѳлім  осы  редакциядағы  ең  хат  кѳп

келетін  бѳлім.  Ѳйткені  қазақтың  ең  жоқ  дегенде  екі  ауыз

125



ѳлең  шығармайтыны  кемде-кем.  Соның  бәрі  ѳздерін

ақынбыз  деп  біледі.  Газетке  басыңдар  деп  оларын  бізге

жібереді.  Ішінде  іліп  аларлық  ештеңесі  жоқ  сол

хаттардың бәрін, сеніңше, біз, Омаров екеуміз, басымызды

қатырып, оқып отыруымыз керек пе, аһ? - Ол есік жаққа

бір  қарап  қойды.  -  Омаров  оқиды.  Ол  елден  келген

хаттардан  ең  жоқ  дегенде  сѳз  үйренуге  болады  дейді.  Ал

мен,  -  ол  даусын  сәл  ақырындата  сѳйледі,  -  елден  келген

шала  сауатты  хаттардан  ештеңе  де  үйренуге  болмайды

деймін  оған.  -  Шалдуар  даусын  қайтадан  қатайтты.  -

Сендердін  бұл  сияқты  бытпырақтарыңды  оқып  біз

отырып  алсақ,  онда  редакцияның  жұмысын  кім  істейді?

Кім істейді, аһ? Егер сен біздің орнымызда болсаң қайтер

едің? Оқыр ма едің соның бәрін, аһ? Оқымайсың. Ендеше

басты  қатырма:  мұныңды  оқуға  уақыт  жоқ.  Және,  сен

біліп  қой,  газет  тек  актуальды  мәселелерді  ғана  жазады.

Сенің  мұныңның  газет  үшін  еш  актуальдығы  жоқ.  Сен

ѳзің  «актуальды»  дегеннің  не  екенін  түсінесің  бе?  Ол

злободневный  вопрос  деген  сѳз.  Вот,  біліп  қой.  Және  сен

ѳзің шүу дегеннен әңгіме жазамын деп ойлама. Ол - қиын

жанр.  Осы  бѳлмеде  отыратын  екеуміздің  ішімізде  әңгі‐

мені жаңағы Омаров қана жазып жүр. Саған қайда әңгіме

жазу.  -  Шалдуар  «қайда»  деген  сѳзді  мені  белімнен

соққандай  ғып  созып  айтты.  -  Сен  тұрғай  осындай  үлкен

редакцияда  қызмет  етіп  отырған  мына  менің  ѳзім  де

әңгіме  жазуға  жүрексінемін.  Мен  ѳзім  қазір  очеркті

боратып  жүрмін.  Сен  біліп  қой:  очерк  деген  газеттің

романы. Очеркті екінің бірі емес, журналистің тѳресі ғана

жаза алады. Білдің бе, аһ? Ал артынан әңгімеге ауысамын.

— 

Менің  мынауым  да  очерк,  -  дедім  мен  бағанағы



айтқанымнан бір саты тѳмендеп, «очерк» десем, Шалдуар

жібімес пе екен деп дәмеленіп.

— 

Очерк? - Ол маған үрке қарады. - Саған очерк жазу



қайдан  келсін?!  Армиядан  келген  солдат  студенттің

126



— 

Ү

мұрнына  очерктің  иісі  қайдан  барады?  Жай,  әшейін,



қызбалықпен айтып тұрған шығарсын, жігітім.

Мен не дерімді, не айтарымды білмедім.

— 

Оқыңызшы  ѳзіңіз,  осы  очерк,  -  дедім  Шалдуарға



жалынғандай болып.

— 

Оқымаймын.  Бұл  очерк  емес,  «Тоғжан»  деген



атының  ѳзі  очеркке  келмейді.  Егер  аты  «сауыншы  қыз

Тоғжан» деп тұрса, онда очерк деп ойлауға болар еді. Ал

алда-жалда  мұның  кейбір  жерлері  очеркке  ұқсай  қалса,

онда ешбір актуальдығы жоқ.

Осы  бір  «актуальды»  деген  сѳз  маған  пәле  болды.

Шалдуар  соны  сойыл  ғып  сілтеп,  шоқпар  ғып  сермеп,

мені  маңдайдан  пергілеп,  тобықтан  ұрғылап,  есімнен

тандырды да отырды.

— 

Актуальды  болмағандықтан  мұның  газетке  қабыл‐



данбайды. Түсінікті ме? Аһ! - деді ол тағы.

— 

Газетке баспай-ақ қойыңыз. Тек маған оқып шығып,



пікіріңізді ғана айтыңызшы.

— 

Осы саған редакцияға бар деп жүрген кім озі?



Шалдуар мені редакцияға бар деген адам қазір қолына

түссе, түтіп жіберердей боп, сұстанып кетті.

— 

Мұны  профессор  Әуезов  сіздерге  апарып  кѳрсет



деген соң келіп едім.

Шалдуардың  түсі  қайта  жұмсарды.  Тіпті  күліп

те алды.

лкен  кісілер  солай  деп  айта  салады,  -  деді  ол.  -

Сенің  кѳңілінді  қимаған  ғой.  Және  ол  кісінің

мазасын алатын сен сияқты студент аз деймісің? - Шалду‐

ардың  түсі  қайта  суыды.  -  Ал  Әуезов  айтты  екен,  сол  кісі

жѳн  сілтеді  екен  деп  сен  малданба.  Біз  Әуезовтың  жазға‐

нының да бәрін баса бермейміз. Әкелгені актуальды болса

ғана басамыз, түсінікті ме?

127



— 

Түсінікті, - дедім мен енді есім шығып, тезірек кетуге

ынғайланып.

— 

Түсінікті болса, жүре бер. Мә, мынауынды ала кет.



Мен  қолжазбамды  алып,  есікке  қарай  аяңдадым.  Осы

кезде  оның  есіне  авторлардың  күдерін  үздірмеу  керек

деген журналистік қағида түсті-ау деймін, маған қайтадан

дауыстап:

— 

Әй, әй, тоқта, - деді қолын шошайтып.



Мен тоқтадым.

— 

Егер  актуальды  бірдеңе  жазсаң,  тағы  да  келерсің.



Енді жүре бер, - деп ол қолын сермеді.

Мен  жүре  бердім.  Редакцияның  босағасын  алғаш

аттауым осылай аяқталды. Кеше ғана Әуезовтың алдынан

кѳңіліме  қанат  бітіп,  іштей  тасып,  лепіріп  шыққан  мен

Шалдуар  Шал-ғынбаевтың  алдынан  жермен-жексен

болып 


шығып, 

редакцияның 

биік 

баспалдағынан



тәлтіректеп,  жерге  әрең  түстім.  «Ѳзіме  де  сол  керек,  -

дедім былайырақ шыққан соң ішімнен. - Тұңғыш баласын

ЗАГС-ке  тіркетемін  деп,  туған  күннің  ертеңінде  ала

жүгірген  жас  анадай  желпендеп,  алды-артыма  қарамай

жүгіріп едім редакция қайдасың деп. Ал жүгір...»

Осыдан  кейін  бір  күні  тағы  да  редакцияға  бардым.

Баяғы бѳлмеде Шалғынбаев жалғыз отыр екен.

— 

Бұл  жолғым  актуальды  мәселе  еді,  -  дедім  мен



Шалдуар иіле ме деп үміттеніп.

— 

Немене?



— 

Алда  Жамбылдың  қайтыс  болған  күні  келе  жатыр

ғой.  Біз  соғыс  кезінде  Жамбылға  хат  жолдап,  ол  кісіден

ѳлеңмен  жазылған  жауап  алғанбыз.  Соның  тарихын

баяндап және...

Қаншама шапшаң сѳйлесем де Шалдуар менің сѳзімді

аяқтатпады.

— 

Оның  да  актуальды  емес,  -  деп  қолын  бір-ақ



сермеді. - Жамбыл туралы филология ғылымының канди‐

128



даты  Тұрғанбаевқа  мақала  жаздырғанбыз.  Филология

ғылымының  кандидаты,  -  деп  қайталады  ол.  -  Соны

машинкаға  бастырып,  мына  ѳз  қолыммен  апарып,  осы

жаңа  ғана  редактордың  алдына  қойып  келдім.  -

Шынымды  айтсам  дәл  сол  сәтте  редактордың  үстеліне

мақала  апарып  қоятын  мынау  Шалдуардай  әдеби

қызметкер  болу  маған  қол  жетпес  бақыт  сияқты  кѳрінді.

Шалдуар  менің  осы  ойымды  сезіп  қалғандай,  қайтадан

кекете сѳйледі. - Немене, Жамбыл туралы мақала жазып,

қаламақы  тауып,  аяқ  астынан  бір  байып  қалайын  деген‐

сің-ау,  тақыр  студент.  Мен  Шалдуардын  бұл  сѳзіне

шамданғаным  жоқ.  Студент  екенім  рас,  студенттің

кѳпшілігі  тақыр  кедей  болатынына  тағы  да  талас  жоқ.

Несіне  ренжимін.  Тек  одан  ѳзім  бұрын  естімеген,

білмейтін сѳзімнің мәнін сұрадым.

— 

Қаламақы дегеніңіз не? - дедім.



Шалдуар тағы дүрсе қоя берді.

— 

Ѳй,  сен  ѳзің  қаламақының  не  екенін  білмейсің,



қалай  журналист  боламын  деп  жүрсің?!  -  Мен  кінәлі

адамдай  басымды  изедім.  Сол  түрімді  аяды-ау  деймін,

Шалдуар  жаңағы  ѳз  аузынан  шыққан,  оны  білмеген

адамның журналист болуы мүмкін емес сияқты сиқырлы

сѳздің  мәнін  маған  түсіндірген  болды.  -  Қаламақы  деген

гонорар деген сѳз. Ал гонорар дегенің қып-қызыл ақша. -

Шалдуар  ѳзінен  ѳзі  тамсанып,  сықап  салған  ақшасы

сыймай  тұрғандай,  шалбары  мен  пиджагының  қалта‐

ларын қайта-қайта басып, сипап қойды. - Түсінікті ме, аһ?

Шалдуардың  осы  бір  «Аһ!»  деген  сѳзі-ақ  жүйкеме

тиеді.  Ол  бұл  сѳзді  «солай  ма,  рас  емес  пе?»  деген  мағы‐

нада  айтады  екен.  Бірақ  ол  мұны  ѳкпесін  қабындыра

аузынан қатты дем шығарып айтқандықтан, маған онысы

кәперсіз  келе  жатқан  адамға  тасадан  «ап!»  деп  әлдебір

қорқынышты нәрсе тап берген сияқты боп сезіледі.

«

Түсінікті» дегендей мен басымды изедім.



129


— 

Ендеше  кете  бер,  -  деп  Шалдуар  телефонға  қарай

қолын созды.

Сѳйтіп  тағы  да  Шалдуардан  қайтып,  адасып  жүріп,

тікенек,  қалың  қарағанның  арасынан  әрең  шыққан

адамдай қалжырап, қарын ашып, жүрек қарайып, бұрлы‐

ғып, университетке, лекцияға келдім.

Университет алдында Меңтай кездесті.

— 

Ағай, сізге айтатын бір жаңалық хабарым бар, - деді



Меңтай  менімен  сәлемдескеннен  кейін  балаша  жымиып,

қуана күлімдеп. Жүрегім ѳз-ѳзінен дүрсілдеп қоя берді.

Меңтай жайлап ѳзінің Пушкин атындағы кітапханадан

келе жатқанын, онда жаңа ғана жазушы Әуезовтың оқыр‐

мандармен кездесуі болып ѳткенін айтты.

— 

Профессор оқырмандар алдында сѳз сѳйледі, - деді



Меңтай.  -  Сѳзінің  сонында  ол  біздің  университетте  соғы‐

стан қайтқан, болашақта үміт күттірерлік бірсыпыра әде-

биетші, журналист жастар бар дей келіп, солардың ішінде

сіздің  де  фамилияңызды  атады.  Мен  сізді  шын  жүректен

құттықтаймын, ағай.

Осылай деп ол кіп-кішкентай, жұп-жұмсақ қос алақа‐

нымен  менің  қолымды  қысты.  Күші  солғын,  күйдіруі

күшті ақ саусақтар оң алақанымның іші-сыртын сәл ғана

сипай ұстаған сол сәтте іште тулаған ыстық лептер дауыл

күні  теңіз  жағалауындағы  жалғыз  жартасты  сабалаған

толассыз  толқындай  қаптап,  жүректі  соғып,  шүйінші

сұрақндай  оның  ұйқы-түйқысын  шығарып,  жұлқылап,

жұлмалап  жатты.  Бал-бұл  жанып,  қуана  жайнап  тұрған

Меңтайдың  жүзі  маған  бұрынғысынан  да  сұлу,  сүйкімді

кѳрінді.  Егер  жұрттың  бәрінде  бірдей  менің  кѳзім  мен

жүрегім  болса,  онда  Меңтайды  бар  студент,  бүкіл  ғалам

жер үстіндегі ен сұлу, ең ақылды қыз осы ғана деп бағалар

еді-ау,  шіркін!  Дариға-ай,  дүниенің  тұтқасы  қолымда

болса,  бар  жақсылықты  осы  қызға  жасап,  бар  бақытты

осының  басына  үйіп  қояр  едім  мен.  Бірақ  кедей  студент

130



менің  қолымнан  махаббат  пен  тұрақтылықтан  басқа  не

келеді десеңші.

Меңтаймен  бірге  ішке  кіріп,  ішімдегі  осы  ойды

мазасыз  баладай  тербетіп,  екінші  қатарға  кѳтеріліп  келе

жаттым.  Алайда  бүгін  бірінші  рет  Меңтайды  кәріп,  екі

қайтара  оның  қолын  ұстауым,  ол  айтқан  жаңағы  жылы

хабар  маған  күш,  қуат  берді.  Қарным  ашып,  қалжырап,

шаршап келе жатқанымның бәрі лезде ұмыт болды.

131



С

туденттердің  қос  ѳкпесіне  найзадай  теніп,  жазғы

емтихан  да  жақындап  келе  жатты.  Найзадай

тѳнетіні,  студент  сияқты  жас  желең  қауымның  ішінде

желбас жігіттер мен желекпе қыздар аз болмайды. Қысқы

семестрді  қалт-құлт  етіп  ѳткеннен  кейін  олар:  «Әй,  жаз

қайда,  біреу  қайда»  деп  қолды  бір-ақ  сермеп,  кітап  пен

конспектіні жауып тастап, секеңдеп сауық іздеп, селкілдеп

би  билеп  кетеді  де,  емтихан  тақағанда  естері  кіріп,  қыл

кѳпірдің  аузына  келгендей  қалтырайды  екен.  Соғыстан

келген  маған  студенттердің  емтихан  тапсыруы  әскер‐

лердің  ұзақ  жатқан  бекіністен  кѳтеріліп,  шабуылға

шыққан  шағымен  пара-пар  сияқты  боп  та  танылады.

Шабуыл шіркін жақсы-ақ қой. Ѳйткені шабуылға шыққан

армия  ілгері  басады,  жеңіске  жақындайды.  Бірақ  дауысы

құлақты  тұндырып,  жау  шебін  бауырдай  тілгілеген

артиллерия атысы - кононададан кейін окоптан кѳтеріліп,

мылтығыңның  найзасын  ұмсына  кезеп,  уралай  ұмтылған

жауынгерлердің  бәрі  бірдей  алға  баспайды:  біреу  оққа

ұшады, біреу денесінен қызыл қан саулап, жер құшады -

жаралы  болады.  Ал  емтихан  тапсырғанда  ешкімнің  оққа

ұшуы  жоқ.  Оның  есесіне  қан  орнына  кѳздерінен  жас

сорғалаған «жаралы» кеп болады екен.

Біздің  курстан  емтиханның  найзасына  бірінші

түйрелген Сақила деген семіз сары қыз болды. XVIII-XIX

ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  емтиханынан  ол  ѳкіріп

жылап шықты.

— 

Не болды? Не болды? - деп жатырмыз отыз үшінші



аудитория  есігінің  сыртында  дәлізде  ішке  кіруге  кезек

күтіп тұрған біз.

— 

Құладым,  -  деді  ол  солқылдап  келіп,  алда  тұрған



қыздардың бірінің мойнына асыла кетіп.

Біз  оны  ортаға  алып,  ѳзімізше  жұбатып  жатырмыз.

«

Қандай сұрақ келді?» дейміз.



— «

Бұхарды білесің бе?» деп сұрады оқытушы, - дейді

132



Сақила солығын басып.

— 

Сен не дедің?



— 

Білемін, - дедім.

— 

Сонсоң?


— 

Білсең  оның  жаңалығы,  ерекшелігі  қандай?  -  деді

оқытушы.

— 

Дұрыс, сен не деп жауап бердің?



— 

Мен ойланып тұрдым, тұрдым да: «Бұхардың жаңа‐

лығы самауыр мен ақ шәйнек қой, ағай» дедім.

Біріміз  күліп,  біріміз  ренжіп  жатырмыз.  «Сейтіп  кісі

жауап бере ме екен» дейміз.

— 

Қайдан білейін, - дейді Сақила ексігін әрең басып, -



Бұхар  -  сауда-саттық  қаласы,  қазаққа  самауыр  мен  ақ

шәйнек  содан  тарады  дегенді  бір  құлағым  шалғаны

бар еді...

— 

Әй,  әй,  қуаттарым,  айтсандаршы,  -  деп  еңі  құп-қу



болып  Зайкүл  ортаға  шықты.  -  Осы  сұрақ  келіп  қалса,

менің не деп жауап беруім керек?

— 

Алдымен,  -  деді  Меңтай,  -  сен  Бұхар  жырау  ѳлен‐



дерінің аттарын біліп ал.

— 

Иә, айтшы сол түскірлерді, - дейді Зайкүл елпілдеп.



,

— 

Бұхар жырау Абылай ханның тұсында ѳмір сүрген, -



дейді  Меңтай  ол  жайындағы  мәліметтерді  Зайкүлге

қысқаша  айтып  түсіндіруге  асығып.  -  Ѳлеңнің  аттары

мынандай: «Айналасын жер тұтқан...»

— 

Мұнысы не пәле «жер тұтқан» ба, «жер жұтқан» ба,



қайсысы? - дейді Зайкүл екі кѳзі бақырайып.

— 

Ѳлеңнің  аты  -  «Айналасын  жер  тұтқан»,  -  дейді



Меңтай оған ыждағатпен түсіндіріп.

— 

Ойбай-ай, Меңтай, менің миымда тұрады дейсің бе



бұл пәлен. Одан басқаларын айтшы.

Меңтай шұбырта жѳнелді.

—  «

Ай,  Абылай,  Абылай»,  «Керей,  қайда  барасың?»,



133


«

Бірінші  тілек  тілеңіз»,  «Жал  құйрығы  қаба.  деп»,  «Қал‐

данмен ұрысып»...

— 

Ойбай-ай,  Меңтай,  қуатым-ау,  мынаның  қайсысы



есте  тұрады?  Әне  біреу,  «Әй,  қайда  барасың?»  дегені

болмаса.


Біз бұған ішек-сілеміз қата күйіп жатырмыз.

— «


Әй, қайда барасың?» емес, ол ѳлеңнің аты «Керей,

қайда  барасың?»  -  дейді  Меңтай  Зайкүлге  бар  ынтасын

сала  түсіндіріп.  -  Бұл  -  жыраудың  Абылай  ханнан  жапа

керіп,  үдере  кѳшіп  бара  жатқан  қазақтың  керей  деген

руына айтқан ѳлеңі.

Осы  арада  жұртты  емтиханға  біртіндеп  кіргізіп,

кіргендерді 

сыртқа 


шығарып 

тұрған 


Жомартбек

мысқылға басты.

— 

Зайкүл Бұхар жырауды неғылсын, «Әй, қайда бара‐



сың?» деп маған айтып жатыр ғой.

Біз бұған ішек-сілеміз қата күліп жатырмыз.

— 

Әй,  жүгірмек,  тыныш  тұршы,  -  дейді  әшейінде



Жомартбекке  жұдырығын  ала  жүгіретін  Зайкүл  қойдан

қоңыр жуастықпен. - Иә, Меңтай, одан соң не дейін?

— 

Бұхардың жаңалығы не деген сұрауға мынаны айта‐



сың.  Жыраудың  ѳлеңдері  сыңсыған  шешендік  сѳздерге

толы.  Онын  ѳлеңінің  қай  жолын  алып  оқысаң  да  ақыл,

нақылға  кездесесің.  Мысалы,  «Айналасын  жер  тұтқан

айды батпас демеңіз. Айнала ішсе азайып, кѳл таусылмас

демеңіз»  деген  сияқты.  Осындай  керемет  шешендік  -

Бұхар  ѳлендерінің  ерекшелігі.  Осы  шешендік  әдебиет

тарихында «Бұхар сарыны, Бұхар үлгісі, оның жаңалығы»

деп аталады. Енді ұқтың ба, Зайкүл.

— 

Үғуын  ұқтым  ғой,  Меңтай.  Бірақ  мен  кѳк  мимын



ғой.  Қазір  ұққанымды  қазір  ұмытып  қаламын.  Сақила,  -

деді ол әлі ѳксігін баса алмай тұрған серігіне қарап. - сенің

екінші сұрағың не?

—  «


Махамбеттің  романтизмін  білесің  бе?»  деді  содан

134



соң оқытушы, - деп Сақила кѳзін сүрте бастады.

— 

Иә, сен не дедің?



— 

Білемін, - дедім мен.

— 

Білсең айт, - деді оқытушы.



Ары  ойландым,  бері  ойландым.  Ақыры  оқытушы

Махамбеттің  оқыған  романдарын  сұрап  тұрған  шығар

дегі ойладым да:

— 

Махамбет романдарды кѳп оқыған, - дедім.



— 

Е,  қандай  романдар  оқыпты?  -  деді  оқытушы

жымыңдап.  Ол  жымындағанға  мен  ойындағысын  дәл

тапқан екенмін деп қуанып кеттім де:

— 

Алдымен  «Жұмбақ  жалау»  романын  оқыған,  -



дедім.

— 

Е, тағы қандай романдар оқыпты? - деді оқытушы.



— «

Менің құрдастарым», - дедім мен.

— 

Иә, сонсоң? - деді оқытушы одан сайын күлімдеп.



—  «

Ақын»  романын,  -  дедім  мен  дәу  де  болса  күтіп

отырғаныңыз осы болар деп.

— 

Зачет  книжканды  әкел,  -  деді  оқытушы  қолын



созып. Мен кемі үш қоятын шығар деп ойладым. Ол қол

қойып,  қайтарып  берді.  Қарасам,  екі  қойыпты,  -  деп

Сақила қайтадан еңкілдеді.

— 

Сағынова  Зайкүл,  -  деді  Жомартбек  бір  қолымен



тұтқадан  ұстап,  дәліздегі  бізге  де,  іштегі  оқытушыға  да

естірте дауыстап. Ѳйткені оқытушы студенттерді ѳз емти‐

ханына бѳгелтпей, кезекпен кіргізіп тұруды Жомартбекке

тапсырған  болатын.  -  Сіздің  кезегіңіз  келді,  емтиханға

кіріңіз.

Зайкүл  есік  жанына  жеткенде  дар  алдына  келгендей

құп-қу  боп  кетті.  Оның  кішкентай  бѳгеліп,  жүрегімді

тоқтатайын дегеніне Жомартбек қараған жоқ.

— «

Шегінуге жол жоқ - артымызда Москва!» - деді де



Зайкүлді  қолды-аяққа  тұрғызбастан  есікті  шалқасынан

ашып, ішке еріксіз кіргізіп қоя берді.

135



— 

Б

Енді біз Зайкүлдің тілеуін тіледік. Есіктің кілт салатын



тесігінен  кезек-кезек  сығалап,  оның  қандай  күйде

отырғанын  байқаймыз.  Содан  соң  тағы  біраз  тым-тырыс

бола  қаламыз.  Осы  кезде  ѳксік  қысып,  солқ  ете  қалған

Сақила дыбысы естілді.

— 

Саспа,  Сақила,  -  дейді  Жомартбек  алақанын



бипаздай  сермеп.  -  «Бәрі  ѳтеді,  бәрі  ѳзгереді»  деп  мен

емес,  Гераклиттің  ѳзі  айтқан.  Ендеше  бұл  да  ѳзгереді  -

сенің екің үшке түзетіледі.

— 

Қалай? - дейді Сақила кѳзін сүртіп.



ылай.  Қазір  Зайкүл  бес  алып  шығады.

Содан соң...

— 

Иә, содан соң? - деді Сақила Жомартбекке, ол бейне



бір ѳлімнен құтылудың жолын айтатындай-ақ жалбарына

қарап.


— 

Содан соң Қанипа екеуі оқытушыға оңаша кіреді де,

ортаға  алады.  Қанипа:  «Ағай,  Сақилаға  үш  қойып

берсеңізші» дейді кѳзін құбылтып. «Иә, сѳйтіңізші, ағай»

дейді Зайкүл емініп. Екі қыз қиылып тұрған соң кѳңілшек

ағай  жібиді.  «Сақила  ерген  келсін»  дейді.  Сѳйтіп,  Герак‐

литтің  айтқаны  болады  да  шығады.«Қойыныз,  қойыңыз,

жаман  екен  ойыңыз»  деп  Қанипа  әндете  ѳтірік  күліп,

кѳлгірсіп  Жомартбекке  қарап,  сахнаға  шыққан  бишідей

боп, мойнын қылқаңдатты.

— 

Иә, түк қоятыны жоқ, - деді Майра оған бұрылып, -



шашын  мен  мойнынды  Кербез  ағайға  босқа  сипатқанша,

Сақиланың бағасын түзеттіріп бер.

Бұл сѳзді басқа қыздар да шуйлдап, қостап қалды.

— 

Зайкүл тапсыра ала ма? - деді Сақила Жомартбекке.



— 

Тапсырады. Ол тегін «Чеховтың қарындасы» аталған

жоқ қой.

136



Бұған  бәріміз  мырс  ете  түстік.  Оның  мынандай  мәнісі

болатын.


Қыста  XIX  ғасырдағы  орыс  әдебиетінен  емтихан

ѳткізуге  әзірленіп  жүрдік.  Бір  күні  үзіліс  кезінде  Зайкүл

бәрімізге сұрақ қойды.

— 

Чехѳвтың  бір  қарындасы  туралы  айтқаны  бар  еді



ғой, сол сѳз кімнің есінде?

— 

Қай  қарындасы  туралы?  -  дедік  біз  түсінбей.  -



Мария Павловнаны айтасың ба?

— 

Тілімнің  ұшында  тұр,  ѳзінің  бір  қарындасы



жайында айтып еді ғой.

— 

Не деп?



— 

Не  деуші  еді  кісі  ѳз  қарындасы  туралы.  Соның  бір

жақсы қасиетін айтқан.

Біз Чеховтың әйел аттас шығармаларын атай бастадық.

— «

Ниночка» ма?



— 

Жоқ, - дейді Зайкүл басын шайқап.

— «

Ит жетектеген келіншек» пе?



Зайкүл сақылдап кеп күледі.

— 

Қойындаршы  әрі,  келіншек  ит  жетектеуші  ме  еді?



Ол  бір  ауылдың  аңшысы  ма  екен  иттерін  қасынан

қалдырмай ертіп жүретін?

— 

Ойбай,  Зайкүл,  сен  білмейді  екенсің  ғой,  -  дейді



Жомартбек  орнынан  ұшып  тұрып.  -  Келіншектердің

керемет аңшылары болады.

— 

Ѳзгеге  сенсем  де,  саған  сенбеймін,  Жомартбек,  -



дейді Зайкүл қолын бір-ақ сермеп.

— 

Онда «Апалы-сіңлілі үшеуді» айтасың ба?



— 

Жоқ,  үшеу  емес,  біреу,  -  дейді  Зайкүл  біздің  діңке‐

мізді  құртып.  -  Чеховтың  сол  сѳзін  жұрт  айта  береді

ғой ылғи.

Ѳлдік-талдық дегенде, келесі үзілісте оны әрең таптық.

Сейтсек, Зайкүлдің сұрап отырғаны Чеховтың «Краткость

-

сестра  таланта»  дейтін  нақылға  айналып  кеткен  атақты



137


сѳзі  екен.  Сол  күні  біз  бәріміз  ішек-  сілеміз  қата  күле

отырып,  Зайкүлге  «Чеховтың  қарындасы»  деген  атты  бір

ауыздан  бергенбіз.  Жомартбектің  еске  алып  тұрғаны  осы

оқиға болатын.

Біз  күлкімізді  тыйып  үлгергенше  іштен  қойқан  қағып

Зайкүл  шыға  келді.  Бәріміз  оған  қарай  қоғадай

жапырылдық.

— 

Не алдың, Зайкүл?



Ол бізге бес саусағын кѳрсетті.

Сенерімізді де, сенбесімізді де білмедік. Зачет книжка‐

сындағы «5» деген бағаны кѳргенде ғана иландық.

— 

Не сұрақ келді ѳзіңе?



— 

Не  сұрақ  келгенін  неғыласыңдар,  мен  ештеңені  де

жетістіріп  айта  алғамын  жоқ.  Бар  бітіргенім  мынау

болды.  -  Қыздар  Зайкүлге  ентелей  түсті.  -  Кербез  ағай

бетіме  қарап  отырды  да:  «Зачет  книжкаңды  әкел,  Сағы‐

нова»  деді.  Байқаймын,  екі  қоятын  түрі  бар.  Емтиханды

мен  емес,  ол  беріп  отырғандай-ақ,  екі  иығы  салбырап,

ұнжырғасы түсіп барады. Аяп кеттім байғұсты. Содан соң

қайдан  шықса,  одан  шықсын  дедім  де,  бастым  тәуекелге.

Зачеткамды  қолыма  ұстап,  юбкамның  ѳзі  қыска  етегін

одан  сайын  кѳтеріңкірей  түстім  де,  стол  жанында  Кербез

ағайдың  қарсысында  тұрған  орындыққа  жалп  етіп  отыра

кеттім  барып.  Ағайдың  тышқан  кѳзі  жылтырай  жайнап,

менің  мына  оқтай  түзу  сирағыма,  жұп-жұмыр  тіземе

қадалып,  одан  да  жоғарылай  берді.  Мен  оны  сѳзбеген

болып,  зачеткамды  ұсынып  былай  дедім:  «Мен  не

қойсаңыз  да  ризамын,  ағай.  Бірақ,  сіз  сияқгы  теңіздей

терең білімі бар ғұлама ұстаздан сабақ алып жүрген мені

үш  пен  тѳртке  оқиды  деп  ешкім  де  ойламайды».  «Тѳрт»

дегенді  әдейі  айтып  отырмын.  «Әттең,  үш  қойып  берсе

жарар  еді»  деймін  ішімнен.  Кербез  ағайдың  осал  жеріне

дәл  тидім-ау  деймін,  книжкама  қонжиып  бесті  қойды

да берді.

138



Бұл  оқытушымыз  ѳте  мақтаншақ  кісі  еді.  Лекция

үстінде  ол  екі  сѳзінің  бірінде:  «Мына  мен  нағыз  қыпша

бел,  қыр  мұрын,  сымбатты  жігітпін  ғой»  деп  отыратын.

Оның  үстіне  .  ѳзін  үлкен,  ұлы  адамдармен  қатар  қоя

сѳйлеп:  «Кеше  Мұхтар  Әуезовпен  екеуіміз  театрға

бардық» немесе «Бұл тақырыпқа байланысты менің мақа‐

ламды,  одан  сон  Белинскийдің  мақаласын  оқыңдар»  деп

те бѳсетін. Осы мінезі үшін қыздар оны сыртынан «Кербез

ағай»  дегі  атайтын  да,  «Қыздар,  тыныш  отырыңдар,

Кербез  ағай  келе  жатыр»,  «Кербез  ағайдың  лекциясына

барсам  ба  екен,  бармасам  ба  екен?»  десетін.  Зайкүл  қу

оның осал жерін тап басыпты.

— 

Мынауың  масқра  екен,  -  деді  Меңтай.  Бұған  дейін



Меңтай аузынан мұндай қатал сѳз шыққанын естіген емес

едім.  Ол  жолдастарының  кемшілігін  кешіре  біліп,

ешкімнің  кѳңілі  қаларлық  сѳз  айтпайгын  еді.  Сол

сабырлы әдетін бүгін бірінші рет бұзғанына қысылды ма,

кім  білсін,  Зайкүлдің  сѳзін  естіп  болғаннан  кейін

құлағының ұшына дейін қызарып, тѳмен қарады. - Мына

сѳзіңді бізден басқа ешкім естімесін.

— 

Енді  қайтейін,  -  деді  Зайкүл  Меңтайдың  алдында



ақталғысы келгендей. - Жаңағы сен айтып бергеннің бәрін

лезде ұмыттым да қалдым. Қысылғанда адам не істемейді.

Ағайдын  мақтаншақтығы,  менің  шашымды  сипай

беретіні ойыма түсті де, жаңағыны істедім. Енді қайтейін,

бір семестр бойы басымды бекерге сипаттым ба мен оған.

Басты  айтасың,  Кербез  ағай  жаңа  менің  бұғағымды  да

сипап  салды.  -  Біз  күліп  жібердік.  -  Мейлі,  сипаса  сипай

берсін,  -  деп  Зайкүл  сѳзін  аяқтауға  ыңғайланды.  -  Оған

менің нем кетті, бір бесті соқтым да алдым.

— 

Бес қана емес, сен бір түлкі соғып алған сияқтысың,



Зайкүл, - деді Жомартбек жымыңдап. - Анада аңшы әйел

болмайды  деп  таласып  едің,  нағыз  аңшы  әйел  ѳзің  боп

шықтын ғой.

139



— 

Әй,  Жомартбек,  байқап  сѳйле:  мен  әйел  емеспін,

қызбын.

— 

Ә,  ә,  солай  екен-ау,  -  деді  Жомартбек  мүләйімсіп.



Содан  сон  түк  білмеген  кісідей  әндете  жѳнелді.  -  «Етімді

шал сипаған құрт жесін деп, жартастан қыз секірді терең

суға»  деген  екен-ау  Абай  атамыз.  Білген  адамға  жақсы

сѳз-ау бұл бір.

Қыздар  мұның  Зайкүлге  арналып  айтылғанын  сезіп,

біріне-бірі қарап жымыңдасты.

— 

Әй,  неге  жымыңдайсындар,  қыздар?  -  Зайкүл  әр



қыздың бетіне кезек қарады.

— 

Жай,  жаңағы  Жомартбекгің  «етімді  шал  сипаған»



дегеніне күлеміз.

— 

Бұл  маған  айтқан  екен  ғой.  Тілі  тотияйындай  осы



жүгірмектен  кѳрдім-ау,  -  деп  Зайкүл  жұдырығын  түйіп,

Жомартбекке қарай тап берді.

— 

Жоқ,  жоқ,  Зайкүл,  -  деді  Жомартбек  қашқақтай



ақталып,  -  «Етімді  шал  сипаған  құрт  жесін  деп»  жарта‐

стан терең суға секіріп жүрген сен емес, феодализм зама‐

нының  ескі  қызы  ғой  ол.  Сенің  жѳнің  басқа,  сен  жаңа

заманнын  сұлуысың.  Кербез  ағаң  да  шал  емес,  қырықта

ғана.

— 

Ә,  солай  десеңші  одан  да,  -  деді  Зайкүл  Жомарт‐



бектің  сұлусың  дегеніне  жайылып  түсіп  қалып.  Оның

«

Кербез  аған  қырықта  ғана»  деген  сѳзіне  мән  де



берген жоқ.

Ѳстіп,  Жомартбек  «Шегінуге  жол  жоқ  -  артымызда

Москва»деген  Клочков  сѳзін  Бас  командашының  бұйры‐

ғындай қайталаумен жұртты еріксіз ішке кіргізіп, есіктен

аппақ  боп  енген  қыздар  қып-қызыл  боп  шығып,  «Не

алдың?» - «Тѳрт». - «Құттықтаймын». «Не алдың? - «Үш».

-  «

Оқасы  жоқ»  деп;  жылап-сықтап,  күліп-  қуанып,



алысып-әзілдесіп жүріп, алғашқы емтиханды да ѳткердік.

140



А

лғашқы  емтихан  маған  бірсыпыра  сабақ  берді.

Курстас  қыздардың  тѳрт-бесеуі  ғана  үздік  жақсы,

жеті-сегізі  жақсы,  он  шақтысы  орташа  оқыса,  алты-жеті

қыздың  үлгерімі  мүлде  нашар  екен.  Оның  үстіне  бұрын

бұлар  сабаққа  жеке-жеке  әзірленіп  келген.  Біреу  емти‐

ханға біліп кірсе, біреулер оқытушы алдына тек «құдайға

тапсырып» қана баратын болған.

Мен  қыздарға  сабаққа  бұдан  былай  бірлесіп  әзірлену

керектігін  айттым.  Әсіресе,  нашар  қыздарды  жақсы

оқитындарымыз  екі-үштен  ѳз  тобымызға  алайық  дедім.

Осыған  келістік.  Меңтай,  Майра  және  мен  үшеуміз

Зайкүл,  Сақила  сияқтыларды  қамқорлыққа  алдық.

Сѳйтіп, осылай үш топқа бѳлініп, кейде үш топ бірлесіп,

бірігіп кетіп, таңертеңгі сағат тѳрттен тұрып алып. тынба‐

стан даярланып жүрдік. Кейде бізге ѳз беттерімен әзірле‐

нетін  әлді  деген  қыздар  да  қосылатын  болды.  Бірте-бірте

қыздардың емтиханнан еңіреп шығуы тоқтала бастады.

Сондай  емтиханға  әзірлік  күндерінің  бірінде  біз

Калинин  кѳшесі  жақтағы  жатақхана  жанындағы  тѳбешік

басында,  қалың  ағаш  кѳлеңкесіндегі  кѳк  шѳп  үстіне

одеялдарды  жай-ып  тастап,  кезектесіп  конспект  оқысып,

білгенімізді бір-бірімізге ауызша айтысып, сарылып ұзақ

отырдық. Бір кезде Меңтай ұсыныс жасады.

— 

Ағай,  шаршап  кеттік  қой,  дем  алайықшы.  Бізге



кѳңіл  сергітетін  басқа  бір  әңгіме  айтып  беріңізші,  -  деді

маған қарап.

— 

Не айтайын? - дедім мен сәл ойлана түсіп.



— 

Ойбай, қыздар, - деді Жомартбек жерден жеті қоян

тапқандай  ентігіп,  сонысымен  қыздарды  одан  сайын

ынтықтыра  түсіп,  -  мұның  соғыс  кезінде  бір  қызбен  үш

күн бірге жатқан әңгімесі бар. Соны айтсын, ѳте қызық.

— 

Оны...  -  деп  Меңтай  күмілжіп  қалды.  Содан  соң



менің  кѳңіліме  бірдеңе  келіп  қалды  деп  ойлады  ма,

141



ренжір  деді  ме,  сезін  қайта  жалғады.  -  Лайықты  десеңіз,

айтыңыз.


— 

Айтсын,  -  деді  Зайкүл  жаны  кіріп.  -  Ондай  әңгіме

қызық  болады.  -  Ол  Меңтайға  қарай  бұрылды.  -  Сен,

Меңтай, Ерболды иектеп алып, аузынан қаға беретінің не

осы?  Әлде  ѳзіңе  ѳлең  шығарғаннан  кейін  ѳзімдікі  деп

жүрмісің?

Зайкүлдің  Меңтайға  айтқан  сѳзінің  ішінде  «Ерболды

иектеп  алып»  дегенінің  жаны  бар  деуге  де  болар  еді.

Менің  Меңтай  қасында  әлдебір  мінімді  тауып,  сѳгіп

немесе  орнымнан  түсіріп  кете  ме  деп  жоғарыдан  келген

үлкен  бастық  алдында  итей  діріл  қағатын  кіші  бағыны‐

штыдай,  ол  маған  атымды  атап,  жѳнімді  жендеп  ештеңе

айтпаса  да,  қылық-қимылымнан  бірдеңе  ұнамай  қала  ма

деп,  ѳз-ѳзімнен  қысылып,  қымсынғандай  күйде  отыра‐

тыным барды. Қу қыз соны аңғарып айтты.

Зайкүл  ѳз  сѳзіне  ѳзі  риза  болып,  сықылықтап  күліп

алды. Меңтай қызарып кетті.

— 

Сен де жоқты айтасың-ау, Зайкүл, - деді ол сабырлы



қалпын  бұзбастан  сәл  ғана  күлімсірей  түсіп.  -  Ағайды

иектеп  маған  соншама  не  болыпты?!  -  «Жоқ,  олай  емес,

иектесем  иектеймін,  онда  сенің  не  шаруаң  бар?»  десең

етті»  деп  ойладым  мен  ішімнен.  -  Әшейін,  бұрын  есті‐

меген әңгіме болған соң...

— 

Естімесең,  естисің,  білмесең,  білесің,  -  деді  Зайкүл



қайтадан  сықылықтап.  -  Есту  үшін  тындау,  білу  үшін

үйрену керек.

— 

Еститін  де,  естімейтін  де,  білетін  де,  білмейтін  де



нәрселер бар ғой... - Меңтай маған қарай сәл ғана мойын

бұрып, бас изегендей болды. - Айта беріңіз, ағай.

— 

Иә,  Зайкүл  шырағым,  осы  сен  тақымдамай  тыныш



отыршы, - деді Майра. - Бір нәрсенің шеті құлағыңа тиіп

еді, құнжыңдап кеттің ғой біржола.

142



— 

Күн жыңдамағанынды кѳрермін қазір, - деді Зайкүл

оған шамданбастан.

Ѳзге 


қыздардың 

үндемегендерімен, 

күлімдеген

кѳздеріне  қарағанда  кѳбінің  менің  айтпақ  әңгімемді

тыңдағылары келіп отырғанын аңғарғаныммен, ол әңгімені

Меңтай алдында ай-туға лайықсыз кѳріп, бѳгеле бердім.

— 

Ал,  бастасаңшы,  Ербол,  -  деді  Зайкүл  дегбірсіздене



түсіп.  -  Қай  жылы?  Неше  күн  құшақтап  жаттым  дейсін

қызды?


Мен басымды шайқап, қашқалақтай бастадым.

— 

Қырық  тѳртінші  жылдың  күзінде  бұл  майданнан



елге  делегат  боп  келген,  -  деді  Жомартбек  Зайкүлдің

құмарлығын  одан  сайын  қоздырып.  -  Сонда,  алдымен

Алматыға соғып, содан соң ѳз ауылына барған. Ауылында

ѳзің сияқты бір сұлу қызбен...

— 

Соғыс  жүріп  жатқанда  ма?  -  деді  Зайкүл  кѳзін



бақырайтып.

— 

Иә.



— 

Алла-ай,  сен  қандай  бақыттысың,  Ербол,  соғыс

кезінде елге келіп жүрген!

— 

Иә,  қоя  тұрсаңшы,  Зайкүл,  -  деді  оған  Майра,  -



Ағайдың әңгімесін айтқызсаңшы.

— 

Әй,  сендер  дәл  осыны  «ағай»  дегендеріңді  қойың‐



даршы  қылымсып,  -  деді  Зайкүл  қыза  сѳйеп.  -  Қайдағы

ағай  бұл,  ѳзіміз  сияқты  студент  қой.  Кѳп  болса  4-5  жас

қана  үлкен  шығар.  Соған  бола  соншама  кәртейте  берме‐

сеңдерші бұл байғұсты.

Зайкүл аяған болып менің басымды сипады. Басқалар

оған  ду  күлді.  Зайкүлдің  ѳзге  сѳздерін  жарата  бермесем

де, осы сѳзін ұнатып, мен де күліп жатырмын.

— 

Жоқ,  оны  емес,  басқа  бір  әңгіме  айтайын,  -  дедім



мен күлкімді тоқтатып.

— 

Жоқ, соны айт, - деді Зайкүл тақымдап.



143


— 

Соны,  -  деді  Қанипа  сықылықтап.  -  Зайкүл,  ер

болсаң, дәл осы әңгімені айтқызбай қойма.

— 

Ендеше,  -  деді  Жомартбек  менен  оқшаулана  шетке



қарай ығысып, - Зайкүл, сен Ерболды мықтап ұстап отыр.

Мен  оның  күнделігіне  жазған  осы  әңгімесін  бәріңе  дауы‐

стап оқып берейін.

Жомартбек  менің  қасымда  жатқан  қалың  дәптерімді

қолтығына  қыса  кеткен  екен.  Шетке  шығып,  соның

беттерін  ақтара  бастады.  Зайкүл  шап  беріп  менің

мойнымнан құшақтап алды.

— 

Ал, оқи бер, Жомартбек. Мен мұны тырп еткізбей‐



мін,  -  деді  Зайкүл  маған  кенедей  жабысып.  -  Қанипа,

жақын отыр, мынау тыпырлап тұрып кетіп жүрмесін.

Жұрт  тағы  бір  ду  күліп,  басыла  бергенде  Жомартбек

менің  күнделік  дәптеріме  жазған  естелік  әңгімемді  суды‐

ратып оқи жѳнелді:

«

Менің  ауылым  -  «Ақбота»  колхозы  темір  жолдан



тоғыз  шақырымдай  жерде  болатын.  Ауылдың  ѳкпе

тұсында  «Оныншы»  деп  аталатын  разъезд  барды.  Ауыл

поселкеге айналып, поселке қала болып үлкейіп жатады.

Бұл  дүниеде  еспейтін  разъездер  екен  ғой.  «Оныншы»

біздің  бала  күнімізде  разъезд  еді.  Жігіт  болып,  соғыстан

келгенімде  де  сол  разъезд  қалпында  алдымнан  шықты.

Бірақ  маған  ол  шетелдің  сәнді  қалаларынан  әлдеқайда

қымбат,  әлдеқайда  артық  еді.  Күн  бата  разъезге  болар-

болмас  қана  кідіріп  ѳткен  поездан  қарғып  түсіп,  мен

қарсы  алдымдағы  қызыл  шатырлы  екі  ағаш  үйте  қуана

қарап,  орнымнан  қозғала  алмай,  қалтиып  қалыппын.  Ол

сәтте  ѳзімді  Петергофтағы  патша  сарайының  алдында

тұрғаннан  бір  де  кем  сезінсем  бұйырмасын.  Айырма‐

шылық  сарай  алдында  фонтан  суына  шомылып  тұрған

жалаңаш  әйелдер  мүсіні  жоқтығында  ғана  сияқты.  Оның

орнына менің кѳз алдымда ѳзге суреттер кѳрнеді.

— 

Заман  менің  жан  досым  болса,  сенің  де  жан  досың



144


еді. Тек дос қана емес, жан жарың еді, Тана. Мен де саған

кѳңіл  айтамын,  -  дедім  қыстығып  отырып..  Сәлден  соң

кѳзімнің  жасын  тежеп,  бойымды  жиғандай  қайта

сѳйледім. - Әкемнің жаманатын үйден естідім. Заманның

суық хабарын хат арқылы сен жеткіздің, Тана. Екеуінен де

маған  үзбей  келіп  тұратын  үшкіл  хаттар  пышақ

кескендей  тыйылып  қалды.  Кѳзбен  кѳріп,  қолмен

қоймағандықтан  ба,  қайдан  білейін,  әкем  мен  Заманнын

ѳлгеніне  әлі  күнге  дейін  ѳнерімді  де,  сенбесімді  де

білмеймін.

— 

Алғашында  мен  де  сенбедім,  -  деді  Тана  екі  иығы



дірілдеп. - Заманнан хатты апта күттім, ай күттім. Жарты

жыл  бойына  оны  жаным  жаманатқа  қимады.  Ақыры

сендім. Сенбесіме не шара енді?!

Қыстыға  жылаған  Тананың  дыбысы  шығып  кетті.  Мен

оған сабыр айтып, шашынан сипадым.

Ѳткінші  жаңбырдай  боп,  қыздың  жасы  тез  тыйылды.

Орамалымен  шапшаң  сүртіп,  кѳзін  құрғатты.  Біздің

оңаша  отырып,  жылап-сықтап  алғанымызды  ешкім  де

сезген жоқ. Тана-ның сүйген жігіті майданда ѳліп еді деп

тәтеме  де  айтпадым.  Айтпағаным,  қазақтың  ескі

дәстүрінде  некелі  жары  немесе  басқа  бір  ет  жақыны

болмаса,  оң  жақта  отырған  қыз  бѳтен  жігіт  үшін  жұрт

кѳзінше  жылауға  тиіс  емес,  Тана  екеуміздің  кешке  дейін

әңгімеден  аузымыз  босамады.  Мен  соғыс  жайын,  ол  ел

жайын айтты. Екеуміз бір-бірімізге Заманнан алған соңғы

хатымызды  баян  етістік.  Тана  маған  Заманның  ѳлімі

жайында  келген  «қара  қағазды»  кѳрсетті.  «Лейтенант

Заман  Әлімбетов  неміс  фашистерімен  күресте  ерлікпен

қаза  тапты»  деген  он  шақты  сѳздің  әріптері  мені  жан-

жағымнан  ысқырып,  ыстық  тіл  мен  жалап  ѳтіп  жатқан

қып-қызыл оқтай тітір етті.

Кешке тәтем қонақ қыз бен екеумізге ақ ірімшік жасап

берді.  Жаңа  сауған  сүтті  ірітіп,  үстіне  сары  май  салып

145



әкелген  мұндай  ақ  ірімшік  ет  жоқта  ет  орнына  жүреді.

Сондықтан  оны  біздің  жақ  кейде  «Ақ  лақ»  деп  атайды.

Ауылдың  тәттілігі  тіл  үйірген  бұл  тамаша  асы  шынында

да  ақ  лақтың  уыздай  былбыраған  жұмсақ  етінен  бір  де

кем болмайды.

Тәтемнің  «ақ  лағына»  ауылдың  бірсыпыра  кемпір-

шалы қоса жиналған еді. Ас ішіліп болғаннан кейін олар

маған  соғыс  жайында  әңгіме  айтқызып  тындады.  Одан

кейін 

ауылдастарым 



маған 

үсті-үстіне 

сұрақтар

жаудырды.

— 

Немістер қандай болады екен?



— 

Китлерді ѳзің кѳрдің бе?

— 

Ѳзіңе мына күміс теңгелерді не үшін берді?



— 

Ортасында  Кремлі  бар  мынау  күміс  жұлдыздарың

не?

— 

Ал енді бұл соғыс қашан бітеді?



— 

Ѳзің келдің, ѳзгелер қашан келеді?

Қарттардың  барлық  сұрақтарына  мен  білгенімше

жауап қайырдым.

— 

Ал  мына  қонақ  бала  кім?  -  деп  сұрады  одан  соң



кемпірлердің бірі.

Бұл сұраққа тәтем жауап берді.

— 

Бұл  баланың  аты  Тана,  ауданның  мұғалімі,  -  деді



тәтем.  -  Осы  күнгі  оқыған  балалар  бірін-бірі  дос  тұтып

жүрмей ме? Тана мен Ербол екеуі соғыстан бұрын қалада

бірге  оқыған  екен.  Ерболдың  хабарын  естіген  соң,  сәлем‐

десуге әдейі келіпті.

— 

Бәле!


— 

Жѳн-ақ!


— 

Кѳп  жаса,  шырағым!  -  деп  қарттар  риза  болып

қалысты.

— 

Ал,  қалқам,  -  деді  кемпірлердің  бірі,  -  сен  бір  ән



айтып жібер. Жассың ғой.

146



— 

Е,  сѳйтсін,  -  деді  тағы  біреу.  -  Ерболдың  арқасында

қонақ баланың лебізін тыңдап қалайық.

Тана  сәл  ойланып  отырды  да,  менің  домбырама  қол

созды.  Үйге  келгеннен  бері  мен  домбырама  ішек  тағып,

пернелерін  жендеп,  күмбірлетіп  қойған  едім.  Тананың

саусағы тиісімен қоңыр домбыра лыпып, сайрай жѳнелді.

— 

Е, ѳзі домбыра да біледі екен ғой.



— 

Уа, бәле, - деп шалдар кѳтеріліп қалды. Домбыраны

құлақ  күйіне  келтіріп  алғаннан  кейін  оны  алдына  қойды

да, Тана кѳпке қарады.

— 

Қарт ақын Сапар Әлімбетов дейтін кісіні бәрілеріңіз



де  білетін  шығарсыздар,  -  деді  қарттарға.  -  Ол  кісі  биыл

қайтыс болды ғой.

— 

Е, неге білмейік?!



— 

Сапекенді  әбден  білеміз,  -  десті  қарттар.  -  Сол

кісінің  Заман  дейтін  жалғыз  ұлы  бар  еді,  -  деді  Тана.  -

Сапар  атамның  сол  баласына  арналған  екі  ѳлеңін  ѳз

әнімен айтып берейін.

— 

Айт, шырағым.



— 

Құлағымыз сенде.

— 

Ол байғұстың жалғыз баласы соғыста қайтыс болып,



соның күйігінен кѳп кешікпей, ѳзі де ѳлді деп естігенбіз.

— 

Рас,  -  деп  Тана  басын  изеді.  -  Мынау  ақын  атаның



қырық  бірінші  жылы  шығарған  ѳлеңі.  -  Содан  соң  Тана

мұнды  бір  әуенмен  қарт  әкенің  жалғыз  ұлына  арнаған

жан  жырын  аңыратып  қоя  берді.  Заманым,  қиын  тиді-ау

осы  жолың,  Үйренген  жалғыз  қозым  жастан  қолым.  Сен

барда алдымнан ай, артымнан күн, Толысып тұр екен ғой

оң мен солым.

Онда  мен  бар  да  екенмін,  бай  да  екенмін.  Бір  мұңсыз,

ѳте  жақсы  жайда  екенмін.  Белге  соққан  жыландай  енді

болдым, Біле алмай сол жалғыздың қайда екенін.

Жанымның жарық таңьлтып тұрған. Егінім, жаңа дәнін

147



татып тұрған. Аузым аққа тигенде алып қойып, Қабағым

сол емес пе қатып тұрған.

Не  керек,  үңірейіп  қала  берді,  Орныңнан  айналайын

жатып  тұрған,  Алды-артында  қарайған  қалмап  еді,

Жаныма сол жерің ғой батып тұрған.

Кѳзіме  терезе  мен  шам  да  күңгірт.  Олар  күңгірт  емес

қой, мен ғой ымырт. Тѳр үйдің тѳрт қанаты құлазып тұр,

Кеткендігін білдіріп иесі сырт.

Ѳзің аман келген соң орнамаса,

Базар тарқап кеткендей болдым жым-жырт.

Ағаруға  айналды  сақал  мен  мұрт.  Кѳздің  жасы  кѳл

болып, суалды ұрт. Жалғызға қандай уақыт кез болды деп,

Кеудені жеп жатыр ғой қарабас құрт.

Қайтейін  жалғыз  ғана  мен  емес  қой.  Мен  сықылды

мұңды  ғой  бүкіл  ел-жұрт.  Тағдырдың  сонда  мені  жеткіз‐

гені. Тілегім: кѳз жасымды ѳзің кеп сүрт.

Баруға  құс  боп  ұшып  қанатым  жоқ.  Ойымнан  кеткен

жоқсың қалатын боп. Сағынып менің жаным жүдеді ғой,

Жүрегім  ауық-ауық  жанатын  боп.  Су  болсамшы  алысқа

ағатын  боп,  Жел  болсамшы  жер  түбін  табатын  боп.

Арқар,  құлан  сықылды  аң  болсамшы,  Айшылықты  алты

аттап шабатын боп.

Ол  емес,  екі  аяқты  жан  болған  соң,  Отырмын  ойдың

отын  жағатын  боп.  Ѳзіңнің  сәлем  жазған  хаттарынды

Бойыма бойтұмар ғып тағатын боп.

Ұзын  сѳздің  кысқасы,  сені  тағдыр  Сақтасын  жанған

оттан қағатын боп.

Тәңірім,  соның  дәмін  халқынан  жаз,  Ѳз  кѳліне

келгендей  үйрек  пен  қаз.  Кѳпті  сақта,  кѳппенен  бірге

сақта, Сѳйлейтін сонан басқа сѳзіміз аз.

Тана  бұл  бірінші  ѳленді  айтып  болып  тоқтап,  кѳзінің

жасын  сүртті.  Жалғыз  Тана  емес,  үй  ішіндегілердің

барлығы  егіліп  жылап  кеткен  еді.  Шалдардың  кѳздерінен

148



аққан  жас  тарам-тарам  болып,  сақалдарын  жуды.

Кемпірлер  жаулықтарының  ұшымен  беттерін  басып,

иықтары  селкілдеп,  бұршақ  соққан  егіндей  жапырылып,

тәмен салбыраған бастарын кѳтере алмай қалды. Әркімнің

кѳз  алдына  ѳз  жалғыздары  елестеді.  Ақын  ѳлеңі  барлық

ата-ана жүрегінің қылын шертіп, олардың ѳз жүректерінің

мұңын ағытты. Әлден уақытта шалдардың бірі бас кѳтерді.

— 

Сапекеңнің қалай ѳлгенін білесің бе, қарағым? - деді



Танаға.

— 

Білемін,  -  деп  бас  изеді  Тана.  -  «Қара  қағаз»



келгеннен кейін ақын ата нәр сызбай жатып алды. Бұры‐

нғыдай  ел  де  араламады,  ѳлең  де  айтпады.  Күндіз-түні

тѳсегінен тұрмады. Бір күні түсте мені шақыртты. «Отыр,

қарағым»,  -деп  қасына  отырғызды  да,  ең  соңғы  ѳлеңін

жаздырды. Біздің үй ақын атаның үйімен кѳрші болатын.

Ақын  атам  баласына  арнаған  бар  хатын  маған  жаздыра‐

тын.  Ѳзінің  жаңа  шығарған  бар  ѳлеңін  маған  кѳшіртетін.

Осы  ѳлеңін  айтып,  жаздырғаннан  кейін  ақын  ата  үш

күннен кейін дүние салды.

— 

Е, жарықтық-ай.



— 

Байғұсай, жалғызымен бірге кетейін деген де.

— 

Қайтсін, ет жүрегі қан боп езіліп кеткен ғой сорлы‐



ның, - десіп қарттар бірінің сѳзін бірі құптады.

Сапекенді  соғыстан  бұрын  менің  де  кѳргенім  бар  еді.

Заманның  қонағы  боп  жатып,  ақынның  бірсыпыра  ѳлен‐

дерін  тындағанмын.  Шоқша  қара  сақалы  бар,  әр  сѳзін

сабырмен айтатын, кесек тұлғалы қарақоңыр кісі еді.

— 

Шырақтарым,  екеуің  дос  болыпсындар,  -  деп  еді



Сапекең  мен  ауылға  қайтарымда  Заман  екеумізді  екі

жағына алып отырып. - Достық қарызы - ауыр жүк. Адал

жар  азбайды,  адал  дос  алдамайды.  Екеуің  де  бір-  бір

үйдің  жалғызы  екенсіндер.  Біріңе  бірің  ақ  дос,  айнымас

серік боп ѳтіңдер. Әрқашан да адал болыңдар. «Адалдың

149



арқаны  ұзын»  деген  сѳз  шын  сѳз.  Осыны  естеріңнен

шығармандар!

Бұдан  кейін  мен  қарт  ақынды  кѳргемін  жоқ.  Заман

маған  хат  жазған  сайын  «әкемнен  сәлем»  деген  сѳздерді

жиі  қосатын.  Ол  Сапекенді  «әке»  дейтін.  Ѳйткені  Заман

әкесінің  егделеніп  қалған  кезінде,  қырықтан  асқанда

кѳрген  жалғыз  баласы  еді.  Жаңа,  Тана  ѳлеңді  әндете

айтқан кезде менің кѳз алдыма ақынның Ақжал тауының

іргесіндегі  аласа  үйі  елестеді.  «Тѳр  үйдің  тѳрт  қанаты

құлазып  тұр»  деген  жол  сол  үйдің  тѳргі  белмесінде  оты-

рып, ақынның бізге айтқан мәслихатын есіме түсірді.

Айт, қарағым. Енді ақынның екінші ѳлеңін айт, - деп



қарттардың бірі Тананы қайтадан қолқалады.

Тана  домбыранын  құлағын  қайтадан  бұрап,  жаңағы

ырғақтан ѳзге, басқа бір мұңды үнмен әндете жѳнелді.

Жанымның  жарық  күні  -  жалғыз  Заман!  Бұл  жолдан

қайтар  деуші  ем  есен-аман.  Қайтады  деп  жүргенде  қара

жер ғып, Бір қағаз келді-ау сенен түсі жаман.

Қағаздың  оқығанда  бетін  ашып,  Суыды  тұла  бойым,

сұрым  қашып,  Батқандай  боп  кѳрінді  күн  кѳзіме  Әлемге

жарық берген, нұрын шашып.

Кѳрінді  ай  тұтылып  тұрғандай  боп,  Кѳрінді  бетін

жалған  бұрғандай  боп.  «Басыңды,  кәне,  бәлем,  кѳтерші»

деп,  Басымнан  шой  балғамен  ұрғандай  боп.  Бір  қалдым

қара  тұман  басқандай  боп.  Бір  қалдым  қасқыр  шауып,

сасқандай  боп.  Кѳзіме  айтқан  жандар  жек  кѳрінді,  не

атып, не дарға асқандай боп.

Солар қалай айтты деп аузы барып, Қалай мені қылды

деп  кернеу  ғаріп.  Ѳмірге  жазылмайтын  жара  таптым,

Дүниеден ѳтпек болдым ашып-арып.

Әлгі ай да, әлгі күн де қаз-қалпында. Қос жарық - бірі

күндіз,  бірі  түнде.  Ѳзімнің  жарық  күнім  батып  кетіп,

Ѳмірге менің жаным жанған мүлде.

Жер  жүзін  тұман  да  жоқ  шалып  тұрған.  Мұнартып,

150



тауды  бүркеп  алып  тұрған.  Жалғыз-ақ  ѳз  басыма  мұнар

түсіп, Жалғаннан менің кѳңілім қалып тұрған.

Бағанағы  қағазды  біреу  жазып,  Жіберсе,  айтушыда

қандай  жазық.  Жанымның  желі  арқаны  үзілген  ғой,

Сынған ғой жазым тауып, жалғыз қазық.

Ендеше  онсыз  маған  ѳмір  арам!  Сѳз  арам  сѳйлеп

жүрген,  ойым  қарам!  Кірермін  қара  жердің  қойынына,

Сел болып кѳздің жасы тарам-тарам.

Малым деп кімнің малын жүрмін бағып?

Үйім деп кімнің отын жүрмін жағып?

Кімім бар «менікі» деп, ие болар,

Бір күні мені кетсе ажал қағып?.

Сол күні менің атым ѳшті-дағы.

Іштегі шемен дертім ѳсті-дағы.

Таныған Қазақстан Сапекеңнің

Дүниеден із-тозы жоқ кѳшті-дағы.

Әйелдер  қайтадан  ѳксіп,  шалдар  еңкілдеп,  үйде

отырғандар  тегіс  бордай  босап  кетті.  Мен  карт  ақынның

қазасын  кѳз  алдыма  елестеттім.  Ѳз  шешемнің  де  соғыс

салған  құсадан  ѳлгенін  ойыма  алдым.  «Адам  оқтан  ғана

ѳлмейді екен ғой, - дедім ішімнен. - Қасірет пен қайғы да

улы газдай тұншықтырып, ѳлтіретін болғаны ғой адамды.

Соғыста Замандай жалғыз-жалғыз боздақтар жау оғынан

опат  болып  жатса,  елде  соғыс  жіберген  қаралы  хабарлар

қарт  әке,  қадірлі  шешелерді  оқтай  құлатып  және

жатыпты-ау.  Оны  кім  білген?  Майданға  келген  хаттар

ішіндегі:  «Аз  ауырып,  анаң  қайтыс  болды»  деген  сияқты

қысқа  хабарлардың  ар  жағында  қандай  қасіреттер

жатқанын  болжамаппыз  ғой».  Тана  оқыған  осынау  екі

шерлі  ѳлең  маған  ѳзім  үш  жылдан  бері  күн  сайын  кѳріп

келе  жатқан  соғысты  жаңа  бір  қырынан  танытқандай

болды. Ол соғыстың адамдарды майданда ғана емес, үйде

де ѳлтіріп жатқандығы еді.

—  «


Бір  қағаз  келді-ау  сенен  түсі  жаман»  дегенге

151



қарағанда  хатты  Заманның  жолдасы  жазған  ғой,  -  дедім

мен Танаға.

— 

Иә, алғашқы хат жолдасынан келді. Ол «бір шегініс



кезінде  адам  кѳп  опат  болды.  Заманнан  айырылып

қалдым.  Тірі  болса,  бері  шығар  еді.  Опат  болғандардың

ортасында  қалды  деп  ұқтым»  деп  жазған  еді.  Артынан

іле-шала  командирінен  «неміс  фашистерімен  күресте

ерлікпен  қаза  тапты»  деген  машинкаға  басылған  екінші

қағаз және келді.

— 

О, пақыр-ай десеңші, - деді қарттардың бірі.



Осыдан  кейін  ауыл  адамдарының  бәрі  үйді-үйлеріне

қайтты.  Арқаларына  бір-бір  қап  тас  арқалағандай  боп,

белдері  бүгжиіп,  біздің  үйден  әрең  шығысты.  Таяқтары

жерді үнсіз түрткілеп, үнсіз тарасып жатты.

Жатар  алдында  далаға  шығып,  Тана  екеуміз  біраз

серуен  жасадық.  Орта  кѳшедегі  мектепке  дейін  барып

қайттық.

— 

Сәлима осы мектепте ме? - деп сұрады Тана.



— 

Осында болар, басқа мектеп жоқ қой мұнда.

— 

Кездестің бе?



— 

Жоқ.


— 

Кѳресің бе?

— 

Білмеймін.



152


Б

іздің үй, барша ауыл үйлері сияқты, «ауыз үй», «тѳр

үй»  және  «қазандық»  деп  аталатын  кухнясы  бар  екі

бѳлмеден  тұру-ы  еді.  Ѳткен  түнде  бәріміз  тѳр  үйде,-

тәтем-балаларымен  еденде,  мен  тѳсекте  жатып  шыққан‐

быз.  Біз  қайта  келсек,  тәтем  тѳргі  бѳлмедегі  түнде  мен

жатқан екі кісілік темір кереуетті Танаға дайындап, маған

еденге  жер  тесек  салып  қойыпты.  Ѳзі  балаларымен  ауыз

бѳлмеге жайғасыпты.

Тана  -  тѳсекте,  мен  -  жерде,  екеуміз  тағы  да  ұзақ

сѳйлесіп жаттық. Есігі жабық тұрған ауыз бѳлмеден тәтті

ұйқының қорылы естілді.

— 

Тана, - дедім мен сол кезде ақырын.



-

Әу.


— 

Бері келші, бірге жатайық.

Тана  үндемеді.  Бұл  сѳзді  қалай  айтқаныма  ѳзім  де

қайран  қалдым.  Шыным  ба,  әлде  Тана  қайтер  екен  деп

сынамақ  болдым  ба  -  алғашқы  сәтте  оны  ѳзім  де  аңғара

алмадым.


Ақырын тѳсек шықырлап, Тана жерге түсті. Терезеден

түскен  кѳмескі  ай  сәулесімен  ақ  балтыры  жарқылдап,

ішкѳйлегі  ағарандап  Тана  қасыма  келді.  Еңкейіп,  тізе

бүкті де, кѳрпенің шетін ѳзі ашып, қойныма кірді.

Әлгінде  Тана  үндемеген  кезде  ол  менің  қасыма

келмейтін шығар деп ойлап едім. Тана келіп, бір кѳрпенің

астына кірген соң енді оған не айтып, не істерімді білмей

қалдым.  Бағана,  күндіз  аяп,  басынан  сипағаным  есіме

түсті де, тағы да оны мандайынан, шашынан сипай баста‐

дым.  Қыздың  мандайынан  қақ  жара  тараған  жылтыр

шашын  сипалай  сырғып  барып,  қолым  оның  тоқпақтай,

жуан жалғыз бұрымына тиді. Алақаным ауға шырмалған

алабұғадай  боп,  бұрымда  бір  сәт  бѳгеліп  қалды  да,  одан

сытылып шығып, ішкѳйлектің жоғарғы, ашық жағындағы

қыздың жұп-жұмсақ жалаңаш етіне тиді. Осы кезде Тана

қойныма  келіп  кіргеннен  бері  тулай  бастаған  жүрегім

153



шапқа  түрткен  тайдай  мѳңкіп,  шапшып,  кеудемді

тынымсыз  тепкілей  жѳнелді.  Қырынан  жатқан  Тана  да

маған үстіңгі, сол жақ қолын созып, басымды ѳзіне қарай

сәл  икемдеп  алып,  тағы  да  жылап  қоя  берді.  Қыздың

ыстық  жасы  жылы  жаңбырдай  боп,  менің  жүзімді

қоса жуды.

— 

Жыламашы, Тана қалқам, - деп мен оның жас сорға‐



лаған  қос  кѳзінен  кезек  сүйдім.  Кѳзден  шыққан  ащы

жастың  кермек  дәміне  де  қарамадым.  Тана  менің  оны

аяғаны-ма  ішінен  рақмет  айтып,  разы  болғандай  қалып

танытып,  жұмыр,  жұмсақ  саусақтарымен  бетімді  сипа‐

лады.  Әлде  менің  жүрегімнің  дүрсілін  сезді  ме,  әлде  сол

дүрсіл  әлін  азайтып  жіберді  ме,  білмеймін,  ѳзінің

торғындай  жұмсақ  мойнының  астында  жатқан  менің  сол

жақ қолымды босатып берді.

-

Қолың  талған  шығар,  ала  ғой,  -  деді  ол  басын  сәл



кѳтеріп.  Даусында  жат  адамның  ресми  ибалылығы  емес,

жас  жардың  жас  күйеуіне  жасаған  ыстық  лепті,  мол

ықыласты  үні  бар  тәрізденді.  Содан  соң  ѳзі  шалқасынан

аударылып  жатып,  оң  иығымен  оған  қарап  қырынан

жатқан менің кеудеме қарай сұғына түсті. Осы кезде менің

кѳңілімді  әлдебір  тәтті  тілек  кернеп,  тамырларымда  қан

лықси  тасып,  Тана  екеуміз  жатқан  кішкентай  бѳлменің

алақандай тері шыр кѳбелек айналып, дѳңгелей жѳнелген

сияқтанды. Жұмсақ бұғақты жұмыр мойнын маған қарай

бұра  түсіп  жатқан  Тананың  ыстық  демі  бетіме  соққанда

күні  бойы  оттай  лепті  аңызақ  желдің  ѳтінде  жүргендей

таңдай  кеуіп,  тән  қаталап,  ѳзгеше  бір  шѳлге  душар

болдым.  Осыдан  кейін  жамбасымда  жатқан  оң  қолымды

қайта  кѳтеруге  оңтайландым.  Сол  сәтте  ұйтқыған  жел

мұржаға тыққан түтіндей шалқып, демім ішіме тығылып,

тынысым  тоқтап  қалған  тәрізденді.  Бұл  жай  бір  минутқа

созылды ма, бір сағатқа барды ма, оны білмеймін. Әйтеуір

ѳз  қолымды  ѳзім  әрең  дегенде  кѳтеріп,  қыздың  кеудесіне

154



салғанымды  білемін.  Осы  бір  ѳмірі  кѳрмеген,  қолым

ешқашан  да  тимеген  жұмсақ,  жылы,  рақаттай  тәтті

кеудеге  алақаным  желімделіп  қалғандай  жабысып,

қозғалмастан  жатып  алды.  Екі  шекемді  қан  теуіп,  ѳне

бойымда  ѳзендей  тасыған  әлдебір  отты  толқындар

лықсып,  кемерінен  аса  кернеп  бара  жатқан  іспеттенді.

Мен  қыздың  қарсылығын  күткендей  едім.  Бірақ  қыз

қарсылықтың  нышанын  да  білдірмеді.  Мен  енді  не  істер

екен  дегендей,  кеудесі  бір  жоғары  кѳтеріліп,  бір  тѳмен

түсіп,  үнсіз,  дыбыссыз  қатты  да  қалды.  Содан  соң  барып

мен  ақырын  қолымды  қозғадым.  Осы  кезде  қыздың

ішкѳйлегінің  астынан  сәл  ғана  діріл  білінгендей  болды.

Ондай діріл менің ѳз қолымда да бар еді. Сол сәл дірілмен

келіп  менің  қолым  қыздың  оң  жақ  алмасының  үстінен

шықты.  Алма  ашық  емес,  сыртын  қол  тайғанататын

сырма  жібекпен  тырсылдата  қаптап  қойғандай  боп

кѳрінді.  Екінші  алмасы  ашық  болар  деп  ойлап,  ақ

мамасын  іздеген  ашқарақ  баладай  шыдамсыздықпен

қолымды  солға  қарай  жылжыттым.  Ол  да  жабық  екен.

Саусақтарымның  жалынғандай  боп  діріл  қаққан  сабыр‐

сыз,  шапшаң  қимылы  әсер  етті  ме,  қыз  кеудесін  кеудеме

тигізе,  ыстық  демімен  бетімді  шарпып,  маған  қарай

бұрылды да, сол қолын арқа жағына қарай созып, әлдебір

нәрселерді  тырсылдатып,  ағытып  жатқандай  болды.  Бұл

кезде мен оның атлас иығын қайта-қайта емірене сипаға‐

нымды білемін. Тананың кеудеме тірелген аршын тѳсі мен

бетіме  соққан  ыстық  лебі  жағадан  толқындай  шегініп,

алыстап кеткендей болды. Сѳйтсем, қыз қайтадан шалқа‐

сынан жатқан екен. Менің қолым ашқарақтанып, тағы да

жаңағы  жерді  сипалады.  Арқадан  ағытылып,  бос  қалған

бюстгальтер  астынан  топ-томпақ,  тып-тығыз  қыз  алмасы

қолыма  ілінді.  Менің  уысыма  ғана  арналып  жасалғандай

шап-шағын,  бірақ  адамның  ѳне  бойына  бірден  электро‐

сварка  отының  жарқылындай  ғажайып  ұшқынды  діріл

155



шашатын ғажап дүниені қайта-қайта сипай бергім келді.

Ағаш  басында  тұрған  алманы  жұлып  алардан  бұрын

оның қатты, жұмсақтығын білу үшін адам уысына салып,

ақырын  қысып  кѳрмейтін  бе  еді.  Меніңде  сѳйткім  келді

ме,  білмеймін  (тегі  мен  оны  ѳз  бағымның  алмасы  деп

ойлап  қалсам  керек),  бір  кезде  қыздың  алмасын  құшыр‐

лана  қысып  жібергенімді  ѳзім  де  байқамай  қалдым.  Қыз

да сүйсініп кетті-ау деймін, «Іһ!» деп қалды. Содан кейін

тек  алмасы  ғана  емес,  бар  денесін  менің  алақанымның

астына  салып,  тұла  бойын  тұтас  менің  уысыма  бергісі

келгендей, сәл ыңырсыған ләззатпен барша денесін менің

алақанымның  астына  қарай  жиырып,  кішірейіп,  бір  уыс

боп,  бүктетіліп  бара  жатты.  Алмасын  қысқан  қолымның

сыртынан  қайта-қайта  сипалап,  Тананың  да  аса  бір  тәтті

құмарлықтың  ырқына  беріле  бастағанын  аңғарғандай

болдым.  Бұрын  жалаңаш  қызды  құшақтап  кім  кѳрген,

шіркін!  Танамен  бір  тѳсекте  жатқан  сол  сәтте  ажалға

арналып, бір арқанмен маталған Еңлік пен Кебек сияқты

тас  қамау,  берік  шырмауда  қалғандай,  қазір  екеуміз

шыңнан  шыңырауға  құлайтындай  күй  кештім.  Биіктен

бүтін  дене  боп  лақтырылғанмен,  етекке  түскенде  парша-

парша  шығатынын  білсем  де,  сол  шыңырау  түбіне  тез

құласам екен деген жүрегімде жалғыз жалын тілек барын

аңғардым.  Бұл  сәт  маған  аса  тәтті  де,  асқан  үрейлі  де

кѳрінді.  Мен  шыңнан  шыңырауға  қарай  тар-тылған

әлдебір  құпия  күштің  арнасында  тұрғандай  болдым.  Ақ

кѳбікті  аузын  ашып,  толқын-толқын  болып,  суылдаған

дыбысы білініп, кемерден аса лықып келе жатқан сол күш

қазір  мені  жаңқадай  жұлып  әкетіп,  құздан  тѳмен  қарай

құлатып қоя беретін сияқтанды. Осы соңғы сәтте ойымда

айдаладан,  алыстан  -  сонау  шыңырау  түбінен  шыққан

атты  үндей  болып,  әлдебір  қарсылықтың  әлсіз  лебі

білінді. Бара-бара ол үн күшейіп, күшті бір әннің әуеніне

айналған  сияқтанды.  Бұл  әуен  жаңағы  мені  құздан  құла‐

156



туға асығып, айдаһардай жүз бүктеле лықып келе жатқан

белгісіз күштің суылдаған үнін ѳшіріп, оны еңсере жеңіп,

теріс  аққан  судай  етіп,  кері  қуып  бара  жатқанға  ұсайды.

Мен  оның  мұншама  екпінді  не  ән  екенін  ұққым,  білгім

келгендей,  құлағымды  тосып,  бүкіл  жер  шарын

уыстағандай  боп,  қыздың  алмасы  үстінде  жатқан  қолым

сәл босап, қалттындап қалған іспеттендім. Ақыры мен ол

әнді де, оны шырқаушыны да таныдым.

Сол  сәттен  тѳрт  жыл  бұрын,  1940  жылдың  жазында

осы  ауылға,  маған  қонаққа  педучилищеде  бірге  оқыған

жалғыз  жан  досым  Заман  келіп,  осы  үйге  қонды.  Заман

бұрын бұл маң естімеген жаңа бір жақсы әнді ѳзімен бірге

ала  келді.  Әннің  аты  «Зәуреш»  екен.  Мазмұны:  оба

жалмаған  отыз  ұлдан  қалған  жалғыз  қызын  іздеп  келген

сорлы  әке  қызының  да  ѳлігі  үстінен,  қабыр  басынан

шығадьң  Сондағы  әкенің  құран  орнына  зарланып  айтқан

аза  әні  тыңдаушыны  еріксіз  егілтіп  жібереді.  Мол  дауы‐

сты,  ашық  үнді,  жайдары  мінезді,  қою  бұйра  шашы

маңдайына  түскен,  жұмсақ  нұр  шашатын  қоңыр  қой

кѳзді  жас  Заман  біздің  осы  үйдің  қасында  отырып,  сол

әнді  шырқағанда  оның  үніне  бүкіл  ауыл  жиналған  еді.

Сол  күні  түнде  Заман  екеуміз  біздің  үйдің  тѳрінде,  дәл

осы  арада,  Тана  екеуміз  жатқан  жерде  айқара  құшақ‐

тасып  ұйықтаған  едік.  Сонда  ол  маған  ѳз  ғашығы  Тана

жайында  сыр  шерткен  еді.  «Ер  мінезді,  ер  кѳңілді  менің

Танамдай  қыз  жоқ»,  -  деп  қуанған  еді.  «Ол  екеуміз  тірі

болсақ,  қайтсек  те  қосыламыз»  деп  ант  еткендей  де

болған.  Енді  міне,  сол  жерде  тѳрт  жылдан  кейін  мен

Заманның  ѳзін  емес,  сүйген  қызын  құшақтап  жатырмын.

«

Апырау,  менің  мұным  жѳн  бе?  Заман  қайда?  Қазір



құшағымда жатқан сол досымның кеше бір-бірінен ыстық

ләззат  татысып,  бірімен-бірі  қосылуға  ант  етісіп,  уәде

байласқан  қызы  емес  пе  еді?  Ол  тірісінде  мені  бүйтіп

Тананың  қасына  жатқызбас  еді-ау.  Ол  Тананы  кѳктегі

157



күннен де, жердегі желден де, кѳлденең кѳзден де, гулеген

сѳзден  де,  мен  тұрғай  ѳзінен  де  қызғанар  еді-ау!  Ендеше

менің  мұным  оны  ѳлді  деп  басынғаным  ба?  Мен

құмарлық  қысып,  ләззаттың  осынау  ѳзім  сипалаған  қос

шыңының  тѳбесіне  кѳтерілсем,  әзіз  досым  Заманның

зиратын таптағандай болмаймын ба? Таптағаным емес пе.

Жоқ, олай болмайды. Жаным тірі тұрғанда мен досымнын

атына  кір  келтіруге  тиіс  емеспін.  Танадан  ләззат  ұрлап,

дос  қарызы,  дос  аруағы  алдында  қарабет  болуға

хакым жоқ.

Осылай деп ойлаған маған Тана екеуміз жатқан тѳбесі

аласа,  тастай  қараңғы  тар  бѳлме  кѳрдей  қорқынышты

боп кетті.

Тананы  құшақтап  жатып,  саудыраған  сүйек  үстінде

ләззат ойнағын салғандай кѳрініп, тѳбе шашым тік тұрып,

жаным  тітіркене  түсті.  «Арсыз,  абыройсыз,  адамгер‐

шіліктен  азған  -  ит  екенсің»  деп  ѳзімді-ѳзім  кінәладым.

Биік  тѳсекте  бѳлек  жатқан  Тананы  азғырғандай  боп,

қасыма  шақырып  алғанымды  сұмдықтай  сезіндім.  Содан

кейін қолымды Тананың кеудесінен тартып алмақ болып,

қозғай бастап едім, Тана оны шап беріп ұстап алып, «Тағы

да  қысшы,  тағы  да!»  дегендей,  кеудесіне  қатты  басып,

босатқысы  келйегендей  ыңғай  танытты.  Әлде  Тана  менің

алма  қысқан  қолым  сәл  босатса  болды,  кеудеден  тѳмен

сырғанап, жүгенсіз жүйріктей лағып, басқа жаққа кете ме

деп  кқорыққандықтан  сѳйтті  ме,  оны  аңғара  алмадым.

Қылмыс  істегендей  боп  сасқалақтаған  мен  қолымды

күшпен  тартып  алуға  шамам  жоғын  сездім  де,  енді

қайран досымның ѳзін кѳмекке шақырдым.

— 

Осыдан тѳрт жыл бұрын, - дедім мен Танаға даусым



дірілдеп,  -  қазір  сен  екеуміз  құшақтасып  жатқан  осы

жерде егіз қозыдай болып Заман екеуміз жатып едік...

Заман  атын  естігенде  Тананың  менің  қолымды  қысып

жатқан қос алақаны ортасынан үзілген серіппедей босап,

158



сусып,  сырғанап  жерге  түсіп  кетті.  Осы  кезде  мен  қыз

кеудесінде  тұтқында  қалған  қолымды  босатып  алып,

қыздан  бойымды  бѳлектей  түсіп,  Заманның  біздің  үйге

сол  жолғы  келісін  ұзақ  әңгіме  етіп  айттым.  Заман  аты

аталғаннан  бастап,  Тана  қайта  жылап,  солқылдап  келіп,

сан рет маған бетін басты.

Екі дос бір-біріне сыр айтады.

Әкесі баласына шын айтады. Айрылып, Зәуреш, сенен

қалғаннан соң,

«

Кѳке!» деп енді мені кім айтады?! -



деп  Заман  кѳкірегі  қарс  айрылғандай  боп  шерлене

шырқағанда  біздің  ауылдың  кәрі-жасының  кѳзінен  жас

парлағанын баян еттім.

— 

Сонда  ѳзінің  осындай  күйге  душар  боларын  біліп



жылаған  екен  ғой  Заман,  -  деп  Тана  қатты  күрсінгенде

аузынан  шыққан  отты  жалын  менің  бетімді  ғана  емес,

барша жанымды жалап, жайпап, күйдіріп барып тынды.

Ѳстіп екеуміз ұзақ жаттық. Әңгімені айта-айта екеуміз

де  шаршадық.  Екеуміздің  де  тамырымызда  тулаған  баға‐

нағы ыстық қан салқындап, сабасына түскендей болды.

Бір  кезде  қасымда  үнсіз  жатқан  Тананың  ішінен  бір

нәрсе  үзіліп  кеткенге  ұқсады.  Оның  менің  иығымда

жатқан  сол  қолы  сылқ  ете  түсті  де,  қорғасындай

салмақпен  сырғып  келіп  бетіме  тиді.  Мен  оны  ептеп

кѳтердім  де,  илікпейтін  ағаштай  икемсіз  боп  қалған  қыз

қолын  жайлап  қана  жанына  салдым.  Ұзақ  жылап,

қайтадан  маған  қарап  қырындап  жатқан  қыз  шалқасына

аунап түсті де, танауы пыс етіп, тәтті ұйқыға кетті.

Ертенінде, түске таман, Тана үш күнге сұранып келген‐

діктен оны Ақжалға жібермей, үйде қалдырып, ѳзім ауыл

аралап,  кемпір-шалдарға  сәлем  берейін  деп  кѳшеге

шықтым.  Алдымнан  соғысқа  бармай,  ауылда  қалған,

кішкентайдан  бірге  ѳскен  құрбым  Тѳкеш  кездесе  кетті.

Колхозда  бригадир  екенін  ол  алдыңғы  күні  түнде,  алғаш

159



кездескенімізде  айтқан  болатын.  Екі  бұты  талтақ,  үш

бұрышты  саржан  ағашын  иығына  салып  алып,  бүкендеп

келеді екен.

— 

Ереке,  батыр,  сәлем  бердік.  Кеше  қайда  барып



келдін,  неге  ат  сұрамадың?  -  деді  ол  қос  қолын  бірден

ұсынып.


— 

Солдаттың  аты  екі  аяғы  ғой,  -  дедім  де,  ауданға,

военкоматқа барып, тіркеліп қайтқанымды айттым. - Сен

ерте жер басына кетіп қалған екенсін, кѳлік сұрап Бүркіт‐

байға барғым келмеді, - дедім.

— 

Айтпақшы,  құсың  кұтты  болсын,  -  деді  Тѳкеш  екі



кѳзі күлміндеп, екі танауы қусырыла түсіп.

— 

Қайдағы құс?



— 

Кеше кешке қарай Ақжал жақтан бір ақ сұнқар құс

ұшып  келіп,  сенің  қолыңа  қонды  деп  естіп  едім.  Сонау

соғыстан  елге  келгенде  еңбегің  еш,  құшағыңның  құр

болмағанына қуанып жатырмыз.

Текештің  Тананы  сѳз  қылып  тұрғанын  енді  түсіндім.

Кѳктемде мұз үстінен жүрген қызыл судай болып, ауылға

Тана  жайында  ѳсек  жайылып  қалғанын  да  жаңа  сездім.

Сондықтан түсімді бірден суыққа сала бастадым.

— 

Батыр, шынынды айтшы, қалындығың ба бұл қыз? -



деп Тѳкеш қайтадан қылмыңдады.

— 

Жоқ, досым, - дедім мен.



— 

Қой, оны түнде қасыңа оңаша алып жатыпсың ғой.

Қалындығың болмаса, ол не?

— 

Бѳлек  жай  болмаған  соң,  бір  бѳлмеде  жатпағанда



қайтесің? Ал оны кім айтты саған?

— 

Ел  құлағы  -  елу  деген  емес  пе?  Жұрт  сенің



кішкентай жиендеріңнен естіпті.

— 

Балалар не біледі, - дедім мен салмақты түрде. - Ел



де  бала  сияқты  естігенін  айта  береді.  Бірақ  сен  сенбей-ақ

қой оған.

— 

Мен неге сенбеймін, - деді Текеш қылмыңдай түсіп.



160


Мен  елден  артықпын  ба  сонша?  -  Содан  соң  кешеде

екеумізден  басқа  ешкім  кѳрінбесе  де,  құлағыма  кѳп

сыбырлады.  -  Қыз  деген  қызыл  гүл  сияқты  емес  пе?

Шырынын  шашып,  сыбағаңды  алып  кет  одан.  Сонда  ол

тырп ете алмайды. Шырыны бар ма екен ѳзінің?

Осылай  деп  ол  ѳз-ѳзінен  мәз  болып,  қарқ-қарқ  күлді.

Мен ыза боп кеттім.

— 

Мен соғыстағы солдатпын! - дедім даусым қаттырақ



шығып. - Бүркітбай екеуін сияқты елдегі қыз- келіншектің

шырынын  тексеріп  жүргенім  жоқ.  Білмеймін  несі  бар,

несі жоғын.

— 

Койдым, қойдым, батыр-екесі, қойдым, - деді ол екі



қолын  бірдей  тѳбесіне  кѳтеріп.  -  Бірақ  есінде  болсын,

келін-шектің  шырмауығы  болса  да,  шырыны  болмайды.

Ал  жаңағы  «білмеймін  несі  бар,  несі  жоғын»  дегенің

Байбала қыздың Сабырбай ақынға айтқанына ұқсап кетті.

«

Ақын»  деген  сѳзге  құлағым  елең  ете  қалды.  Ол  не



әңгіме екенін білгім келді.

— 

Ол қандай сѳз? - дедім ажарымды сәл жылытып.



— 

Білгің  келсе  ,айтайын.  Кейін  соғысқа  қайта  барға‐

нында  солдаттар  арасында  да  айтып  жүруіңе  болады.

Қызық, - деп Тѳкеш мені ынтықтыра түсті.

— 

Ертеректе, мына Сыбанның бір елінде он жеті ақын



болыпты, - деп Тѳкеш ашаршылық жылдары ауып келген

ауылдағы екі үй жақты иегімен нұсқады.

— 

Сыбан-мыбанда  шаруаң  не,  «осы  елде»  деп  айта



бермейсің бе? - дедім мен Тѳкештің ру қуалай сѳйлегенін

ұнатпай.


— 

Жарайды.  Сол  елде  Сабырбай  деген  ақын  жігіт,

Байбала  деген  ақын  қыз  болыпты,  -  деді  ол  саржан

ағашына  винтовкадай-ақ  шірене  сүйеніп  тұрып.  -  Сол

екеуі  он  жеті  ақынның  ішінде  ѳмір  бойы  ѳзара  қатысып,

айтысып  ѳткен  екен  дейді.  Бірақ  қанша  андыса  да  бірін-

бірі  жеңе  алмапты.  Бір  күні  Сабырбай  Байбаланың

161



күйеуге  шыққалы  жатқанын  естіп,  енді  оны  жеңетін

жерім  келді  деп  ойлайды.  Кешке  ол  ѳзіне  той  хабарын

жеткізетін  бірнеше  жас  жігіт,  келіншектерді  сайлап

қойып,  атын  шылбырынан  ұстап,  той  болған  ауылдың

сыртында  отырады.  Бір  кезде  той  тарқап,  женгелері

Байбаланы  күйеудің  қойнына  салу  үшін  отауға  қарай

алып  жүреді.  Хабаршы  келіншектердің  Сабырбайға

жетсін деп сықылықтаған күлкісі, шолпы сылдыры ақынға

айқын  естіліп  тұрады.  Қыз  шолпылары  сылдырап  күйеу

жайғасқан тѳсектің алдында шешініп жатыр дегенді естіп,

Сабырбай  атына  мінеді.  Ақын  айлы  түнде,  ақбоз  аттың

үстінде,  ақ  домбыра  қолында,  түнгі  тыныштықты  бұзып,

дүбірлете  дүңкілдетіп,  ақ  отаудың  жанына  жетіп  келіп,

ѳлеңдетіп  қоя  береді.  Күйеу  құшағында  жатқан  Байбала

оның әніне ән, әзіліне әзілмен жауап береді.

Сонда Сабырбай қызға қайта айтатын сѳз таба алмай,

«

Болмас,  Байбалаға  дауа  жоқ  екен»  деп,  атын  борбайға



бір  салып,  жѳнеле  берген  екен  дейді.  Жаңағы  сенің  сѳзің

осыған ұқсады дегенім ғой, - деді Тѳкеш әңгімесін аяқтап,

қайтадан  қылмыңдап.  -  Байбала  айтқандай,  «Той  болған

жер тѳмендеп, ой боп» қалса деп жатырмын да баяғы.

— 

Жоқ,  -  дедім  мен  қабағымды  қайта  түйіп.  -



Ешқашан да олай болмайды.

— 

Жарайды, ал қайда беттеп барасың? - деді Тѳкеш.



Мен ауыл аралауға шыққанымды айттым.

Осы  кезде  қасымызға  жас  жігіт  Тұрсын  келді.  Ол

трактор бригадасында учетчик екен. Тѳкеш екеуі ақылда‐

сып,  Тұрсын  бүгін  ауылда  менімен  бірге  қалатын  болды.

Тѳкеш  екеуінің  жұмысын  қоса  атқармак  боп,  ертең  ѳзі

маған серік боп ауылда қалу үшін жер басына қарай кетті.

Тұрсынды  ертіп  жүріп,  ауылдың  үлкендеріне  тегіс

сәлем  беріп  шықтым.  Соғыста  тұл  қалған,  жесір  жеңге‐

леріме  амандастым.  Кірген  үйімнің  ѳлгендеріне  кѳңіл

айтып,  соғыста  тірі  жүргендерін  осы  мен  сияқты  боп,

162



аман-есен  қайтып  келеді  деп  жұбаттым.  Үйден  үйге

ілесе  жүріп  Тұрсын  кімнің  үйінде  қандай  хал-ахуал  бар,

ауыл соғыс кезінде қандай қиындықтар кѳріп жатыр, қай

үйге  қара  қағаз  қашан  келді  -  соның  бәрін  жақ

жаппастан баяндаумен болды. Менен алты жас кіші, мен

соғысқа  кеткенде  тѳртінші  класта  оқып  жүрген  бала

Тұрсын  енді  ширақ,  пысық,  елпек  жігіт  болыпты.

Үлкенге  қызмет  етуге  даяр  тұратын  жылпостығы  және

білінеді.

— 

Мынау  Бүркітбай  ағайдың  үйі,  кіресіз  бе?  -  деді



Тұрсын  колхоз  председателінің  үйінің  тұсына  келгені‐

мізде.  Мен  ол  үйдің  кімдікі  екенін  Тұрсын  айтпаса  да

білуші едім. Қу бала мені қайтер екен деп, әдейі айтты-ау

деймін.  Ѳйткені  менімен  уәдесі  бар  Сәлиманы  бұзып,

Бүркітбай  алып  отырғанын  бүкіл  «Ақбота»  ауылы

білгенде, ол білмеуші ме еді?

— 

Ол  кісі  ѳзі  қайда  екен?  -  дедім  мен  Тұрсынға  осы



кезде  ѳз  кѳңілімнің  алай-түлей  боп  кеткенін  сездірмеуге

тырысып.


— 

Кеңседе шығар, - деді Тұрсын.

— 

Жүр,  онда  кеңсеге  барып,  Бүкеңе  де  сәлем  берейік.



Ол  кісі  менің  бұрынғы  бригадирім  ғой.  Тұрсын  бетіме

қарады. «Қу бала, күйімнің қандай екенін білгің келеді-ау,

тегі» дедім ішімнен. Балаға бәрібір сыр бермеуге бақтым.

— 

Жарайды,  жүріңіз,  кеңсеге  барайық  онда,  -  деп



Тұрсын қайтадан лып ете қалды.

Колхоз  председателі  Бүркітбай  Тұтқышевпен  кенсе

алдын-да кездестік. Ол іштен сыртқа қарай шығып келеді

екен.  Басында  қызыл  пүліштен  тысталған  түлкі  тымақ,

аяғында сап-тама етік. Сақал-мұрттан қылтанақ жоқ, бет-

аузы жып-жылмағай, бѳшкедей сары шал бізді кѳргеннен

кейін, жылан кѳзін маған қадап, маңғаздана тоқтап қалды.

— 

Ассалаумағалейкүм,  Бүркітбәді  аға,  -  дедім  мен



елдің үлкендерге құрметпен осылай сәлем беретін дәстүрі

163



бойынша, ѳзімнің оған деген наразылығымды сездірмеуге

тырысып.


Әрине,  Бүркітбай  менің  келгенімді  әлдеқашан  естіген

болуы  керек.  Кѳргеніне  танданбады.  Аузындағы  насы‐

байын  таяқтай  жуан  сұқ  саусағымен  алып,  жерге  тастап,

бір түкірді де:

— 

Уағалейкүмүссәләм, қашан келдің, бала? - деді.



— 

Алдыңғы күні.

— 

Ойбай-ау,  содан  бері  неғып  кеңсеге  келмей



жатырсың?

— 

Кеңсеге келетін уәкіл емеспін ғой мен, - дедім ѳзімді



ѳзім  зорлай  күліп.  -  Кеше  военкоматқа  барып  қайттым.

Бүгін ауыл аралап, үлкендерге сәлем беріп жүрмін.

Бүркітбай  кекжиіп  қалды.  Мен  де  үндемедім.  Менің

кѳзім  оның  басындағы  түлкі  тымаққа  қайта  түсті.

Шашақты екі құлағы пілдің құлағындай үлкен сары тазы

кѳз  алдыма  елестеді.  Ол  Бүркітбайдың  қасына  керіліп

келіп  тұра  қалып,  бірден  пілдей  боп  үлкейіп,  Бүркітбай

қандендей кішірейіп кеткен сияқтанды. Содан соң Лашын

оқтиген  пілдей  шѳгіп,  басын  алдыңғы  екі  аяғынын  үстіне

салып, тас болып қатып қалған іспеттенді...

Мен  тістеніп,  басымды  шайқадым.  Бүркітбайдың  кѳзі

менің  оң  жамбасымдағы  пистолетіме  түсіп  кетті  де,  дір

еткендей болып:

— 

Ой, Ербол, ѳзіңнің мылтығың бар екен ғой, - деді.



Ѳне  бойымды  ыза  буып  тұрған  мен  де  қырыстана

қалдым.


— 

Бар. Жау майданда ғана емес, елде де бар. Кездескен

жауыңды  жайратып  кет  деп  әдейі  берді,  -  деп  қалың,

қатты,  сары  былғарыдан  жасалған  кобураны  сыртынан

сықырлата сипап қойдым.

Мен  қолымды  мылтыққа  қарай  апарғанда  Бүркітбай

әлденеден сескеніп, қозғалақтап қалды. Бірақ мен мылтық

суырмаған соң тез тыныштанды да:

164



М

— 

Қой, Ербол, елде жау қайдан болсын, - деді айтарын



айтса  да  қайтадан  қыбыжықтап.  Содан  соң,  суға  салған

кѳндей  болып,  бірден  жібіп,  жұмсай  қалды.  -  Керегің

болса  айт,  Ербол.  Немесе  қасындағы  Тұрсыннан  үйге

барған  сон  айтып  жібер.  Майдандағы  жауынгерден  не

аяймыз?

— 

Рақмет. Ештеңе де керегі жоқ, бәрі де майданда бар.



Сізден  председатель  еді  деп  бірдеңе  сұрағалы  келгенім

жоқ, бұрынғы бригадирім еді деп сәлем бере ғана келдім,

дедім  «бұрынғы»  деген  сѳзді  нығарлай  айтып.  Сол



арқылы  бүгінгіңнің  маған  бір  тиынға  қажеті  жоқ  дегенді

де тұспалдап сездірдім.-

ейлің,  мейлің,  -  деді  Бүркітбай  қайтадан

тәкаппарлана  бастап.  -  Колхоздың  далада

шашылып жатқан малы жоқ.

— «


Жаны да жоқ» деңіз, - дедім мен мырс етіп. Мұным

оған ѳзімше атқан екінші оғым еді. Бұл Сәлиманы тұспал‐

дағаным  болатын.  -  Колхоздың  мал-жанын  кәрі  қасқыр‐

лардан сақтай білген жѳн.

Қу  шал  менің  бұл  сѳзімнің  де  астарын  түсінді.  Бірақ

ұқпаған,  ұқса  да  тура  мағынасында  қабылдаған  боп,

үндемей қалды.

— 

Ал, сау болыңыз, - дедім мен тез кеткім келіп.



— 

Жолың болсын, - деп міңгірледі Бүркітбай.

Біз кете бардық. Бүркітбай сол орнында тұрып қалды.

Ол  мені  үйіне  шақырған  жоқ.  Сондықтан  мен  баруға

тиісті  емеспін.  Сәлиманы  несіне  кѳремін.  Адуын  шалдың

әйелі бо-лған соң ол енді мені неғылсын деп түйдім.

Сонымен кешке үйге қайттым. Қайтып келе жатып та,

күні бойы үй арасында жүріп те Тананы есімнен шығар‐

мадым. «Апырау, түндегім теріс пе? Жоқ, дұрыс. Тананың

маған деген айқын ықыласы бар емес пе еді? Болса, болар.

165



Бірақ Заман ѳлді деп хабар алған соң, Сәлима менен кетіп

қалған соң туған ықылас шығар ол. Сол ықыластан арты‐

қтың  керегі  не  маған,  қойнымда  жатқан  қызды  құшып,

құмардан  шықпаймын  ба  бір?  Жоқ,  олай  етуім  дұрыс

емес. Мен қыздың да, ѳзімнің де ертеңімді ойлауым керек.

Ертең  мен  соғыстан  аман  келсем  жақсы.  Тағы  да  менің

жаманатымды  естіп,  қыз  байғұстың  жүрегіне  екінші  рет

қанжар  сұғылмаса  құба-құп.  Бір  күнгі  нәпсіден  емірлік

ѳкініш  тумасына  кім  кепіл?»  Осылай  деп  күні  бойы

ѳзіммен  ѳзім  іштей  сейлесіп,  жауаптасып,  ақыл  қоры-  »

тумен болдым.

Кешке  қыз  тѳсекте,  мен  жерде,  екеуміз  екі  бѳлек

жаттық.  Мен  қызды  қасыма  шақырмадым.  Ол  да  үнде‐

меді.  Екеуміз  екі  жерде  бірімізге  біріміз  білдірмей

дѳңбекшіп, танды атырдық.

Бұл  күні  Тѳкештің  үйіне  қонаққа  барып  қайттық.

Тѳкештің  қаладағы  апа-жездесі  таңдап  әперген  сұлу

келіншегі  Мәстураны  кѳрдік.  Алтын  сырға,  ақ  білезік,

алтын  сақиналары  жал-тылдаған,  сұңғақ  бойлы  ақ

келіншек  колхозды  ауылдың  келіні  болудан  гѳрі  үлкен

қаланың  артисткасы  болуға  лайық  екен.  Тана  екеуміз

солай деп ұйғардық.

Сонымен,  үшінші  күні  түнде,  шам  сѳнгеннен  кейін,

қыз  түнде  жалғыз  жатқан  тѳсегінің  алдына  барып,  сырт

киімдерін  шешініп  болды  да,  тѳрде  жатқан  маған

тіл қатты:

— 

Ербол.


— 

Ау.


— 

Ұйықтаған жоқсың ба?

— 

Жоқ.


166


— 

О

нда құлақ сал.



Мен 

басымды 


кѳтеріп, 

жастыққа


шынтақтадым.

— 

Жұрт  соғыстағы  жауынгерлерді  қыран  деп  атайды



ғой,  -  деп  бастады  Тана  сѳзін.  Кездескеннен  бері  оның

шешендігіне  кѳзім  жеткендей  болған  еді.  Соны  дәлелдей

түскісі  келгендей  бүгін  бірден  тұспалдап  сѳйледі.  -  Осы

ѳңірдің  қыраны  ѳзіңсің.  Сонау  майданнан  шарықгап,

туған жер аспанына келіпсің. Түсер тұғырың тайып кетті,

досың  ѳліп  қалды.  Қияда  шарықтап  жүрген  қыранның

кѳзіне тѳменде ілер ештеңе болмай құс алана ма деп, сені

аяғанымнан,  әрі  жақсы  кѳргенімнен,  қызықсаң  тоят  алар

қызылың болайын деп бел буып едім. Ендігісін ѳзің біл.

— 

Танажан,  пиғылыңнан  садағамын,  -  дедім  мен



даусым  дірілдеп.  Содан  соң  түрегеп,  тѳсегімде  отырып,

бар  сырымды  ақтардым.  Мен  саған  алғашқы  түнде-ақ

ынтыққанмын,  Тана.  Қазір  де  жүрегім  лүпілдеп,

құмартып отырмын. Ѳзімді қинап, үш күннен бері тежеп

келемін.  Тежейтінім:  ертең  мен  соғысқа  кетемін.  Одан

аман-есен оралсам жақсы. - Осы арада мен күле отырып,

Текештің  кешегі  «сыбағанды»  алып  кет,  сонда  тыпыр  ете

«

алмайды»  дегенін  айттым.  -  Тәкеш  айтқандай  «шыры‐



нынды шашып» кетіп, қайта оралмай қалсам, сенің Заман

ѳлімі  тілгілеп  кеткен  жүрегіңнің  жарасы  жазылмай

жатып,  мен  оған  екінші  қанжар  боп  және  қадалмаймын

ба?  «Ат  аунаған  жерде  түк  қалып»  жүрсе,  оны  қайтесің?

Ол  жас  жаныңа  азап,  жас  басыңа  және  қасірет  емес  пе?

Бүкіл  Отанның  бар  халқын  азап  пен  қасіреттен  азат

етісемін  деп  шыбын  жанды  шүберекке  түйіп  жүрген

солдат  мен  ендігі  ең  жақын  жандарымның  бірі  сенің

басынды ѳзім азапқа душар етсем, онда менің нем солдат,

ѳзгеге менің нем қорған! Одан да бұрын, майданда «ѳлді,

хабарсыз  кетті»  дейтін  адамдардың  жаралы  боп,  жау

167



қолына  түсіп,  ѳлмей,  тірі  қалатындары  да  кездеседі.

Жасырын  тапсырмамен  жау  тылына  жіберілетіндері  де

болады...

Тана  менің  сѳзімді  тѳсекте,  аппақ  сирақтарын  еденге

салбыратып отырып тыңдаған еді.

— 

Аһ,  ондай  атты  күн  болмаса,  мен  бақыттымын  ғой,



Ербол,  -  деп  қыз  жастықты  құшақтап  құлай  кетті.  Әкем

мен шешем жатқан ескі темір кереует Тананың кѳкірегін‐

дегі күйікті ауырсынып, белі қайысқандай, бір сықыр етті

де  тынды.  Мен  ойымды  жинақтап,  сѳзімді  аяқтауға

кірістім.

— 

Бүгін мен үш күн ѳзімді берік ұстай алмасам, ертең



Заман  тірі  боп  шықса,  ел  алдында  сен  екеуміз  қарабет

болмаймыз  ба,  Тана?  Онда  менің  Бүркітбайдан,  сенің

Сәлимадан  нең  артық?  Соғыстан  кейін  Заманмен  жүз

кѳрісер шақ болса, екеумізді ен алдымен Бүркітбай таба‐

ламай  ма?  Сыртына  шығармағанымен  іштей  болса  да

Сәлима  ойламай  ма?  Мен  сондықтан  шыдап  жатырмын,

шыдайын деп жатырмын, Танажан.

— 

Ѳлді деген адам тіріледі деген ойымда жоқ еді, - деді



Тана  даусы  дірілдеп.  -  Онда  менің  үмітім  үзілмеген  екен

ғой  әлі.  Заманым,  жаным,  барсың  ба,  тірісің  бе?  Кеш

менің бір жолғы осалдығымды, - деп қыз аһ ұра дыбыстап

барып,  үнсіз  қалды.  Жастықты  тістелеп,  тұншығып,

солқылдап жылай берді.

Сѳйтіп  ол  қызбен  мен  осылай  үш  күн  бірге  жаттым.

Сол  үш  күнде  үш  рет  қыл  кѳпірден  ѳткендей  болдым.

Тізем  дірілдеп,  буыным  қалтыраған  сәттер  болса  да,

құламай  аман  ѳттім.  Тѳртінші  күні  таңертең  Тананы

жарты жолға дейін жаяу шығарып салдым. Айырылысар

жерде  екеуміз  құшақтасып  тұрып,  бір-бірімізді  қия

алмай,  құшырлана  сүйістік  те,  тез  ажырасып  кеттік.  Ол

велосипедін  жетектеп  Ақжалға  қарай  ,  мен  жаяу  ауылға

қарай  қайттым.  Қайта-қайта  қол  сермесіп,  біріміздің

168



сыртымыздан  біріміз  ұзақ  қарасып  тұрып,  арамыз

алыстай берді.

Түстен кейін, кешкі поезға отырып, Алматыға, одан әрі

қайтадан  майданға  кетпек  боп,  ауылдан  мен  аттандым.

Тѳкеш  пен  Тұрсын  екеуі  пар  ат  жегіп,  мені  «Акботадан»

жиырма бес километр жердегі Біртѳбе станциясына алып

жүрді.  Бірақ  ауылдан  бір  аттанып  кетіп,  бес-алты  кило‐

метрден  кейін  ауылға  қайта  оралуға  тура  келді.  Бағана,

үйден  шығарда  Қарашекені  қораға  қамап,  есікті  бекітіп

кетіп едік. Соның қалай босап, бізді қалай тауып келгенін

білмеймін.  Бір  кезде  ол  бар  *  пәрменімен  жүгіріп,  тілі

салақтап,  біздің  соңымыздан  қуып  жетті.  Арбаны  тоқта‐

тып,  үшеуміз  бірдей:  «Кет!»  деп,  итті  үйге  қарай  қудық.

Тұрсын  жерден  алып  тас  та  лақтырды.  Ит  кетпей  қойды.

«

Не атып ѳлтіріп кет, не қасыңнан қалдырмай алып кет»



дегендей  боп,  анадай  жерге  барып,  маған  телміре  қарап,

жатып алды.

— 

Станцияға  барса,  не  қаңғып  кетеді,  не  поезд  басып,



ѳлтіріп кетеді ғой мұны, - деді Текеш.

Амалсыздан аттың басын ауылға қарай қайта бұрдық.

Үйдің  жанына  барған  соң  Қарашеке  ешкімге  ұстатпай

қойды. Тәтем шақырса да, балалар ұстайын десе де, үйден

аулақтап,  станция  жақтың  жолына  қарай  сытылып  шыға

берді. Ақырында қолыма шынжыр ұстап, Қарашекеге мен

барып  едім,  ол  қашпай,  құйрығын  бұлғандатып,  тѳрт

аяғын  кѳкке  кѳтеріп  жата  кетті.  Екі  кѳзі  менде,  «қалмай‐

мын,  тастама»  деп  жалынып  жатқан  сияқты.  Мен  оның

қарғыбауына  шынжырды  тақ-қанымда  иттің  кѳзінен  жас

парлап  қоя  берді.  Менің  сол  жер-де  Қарашекеге  жаным

қатты ашып кетті. - Қой, Қарашеке, мен келемін, соғысты

бітіріп, қайтып келемін, - дедім сасқанымнан.

Қарашеке:  «Сѳйт!  Сѳйт!»  дегендей  боп,  құйрығын

бұлғаңдатты.  Иттің  иесіне  мұншама  адалдығы  кѳңілімді

босатты.  «Сәлимадан  сен  сенімді  болдың-ау,  Қарашеке»

169



деп ойладым оны үй алдындағы қазыққа мықтап байлап

жатып.


Біз  арбаға  қайта  отырдық.  Тағы  да  «Қош,  кош!»  деген

дауыстар  естілді.  Жиендерім,  жеңгелерім  жылады.

Апайым  жаулығының  шетімен  тағы  да  кѳзін  сүртті.

Осының бәрі ауыр жүк болғандай қос ат жеккен арба тағы

да орнынан әрең қозғалды. Мен енді Қарашекеге қарама‐

дым.  Адал  достың  ауыр  қайғысын  кѳргім  келмеді.  Арба

үйдің бұрышынан станция жаққа қарай айнала бергенде

иттің  қыңсылап,  қыстыға  арс-арс  етіп  қалған  ақырғы

даусы  естілді.  Ауыл  адамдарының  менімен  қоштасып

тұрып  күрсінгендері,  жиендерімнің  жылағаны,  жеңге‐

лерімнің  менен  жасқанып,  үн  шығара  алмай  сыңсыған‐

дары,  Қарашекенің  қатты  кқңсылап,  не  шынжырын,  не

мойнын үзердей боп, арбаның соңынан қоса ұмтылмақ

боп,  темір  шынжыр  босатпай,  қылғына'  «Қош,  қош!»

дегендей боп екі рет арс еткені - бәрі-бәрі, майданға қайта

аттанған менің құлағымда кетті. Кешке жолаушы поезына

ілігіп, Алматыға қарай бет қойдым.

Вагонда  келе  жатып,  ауылда  еткізген  тѳрт-бес  күнімді

тағы да еске алдым. Еске алдым да, Танамен бірге болған

үш  күнгі  ұстамдылығымды  бір  жолғы  ұрыста  жау

танкімен  жалғыз  ѳзім  жекпе-жек  беттескен  сұрапыл

шайқаспен салыстырдым.

Ол  ұрыста  жау  біздің  жаяу  әскерді  кейін  тықсырып,

тура наводкада тұрған біздің батареяға танктер дүрсе қоя

берді. Қарасам, бір зенбірек расчетынан бас кѳтерер адам

жалғыз  мен  ғана  боп  қалыппын.  Кѳздеуші  мен  октаушы

екеуі  де  оққа  ұшқан.  Ѳзгелер  жаралы  боп  кетті.  Одан

кейін  маған  зеңбіректі  оқтап  беріп  тұрған  жалғыз

жауынгер  бар  еді.  Танктен  атылған  снаряд  жарықшағы

оны  да  жалп  еткізді.  Оқсыз,  отсыз  зеңбірек  жау  танкінен

жасқанғандай  бүкірейіп,  бүкжиіп,  мойнын  ішіне  алып,

үнсіз  қалды.  Оның  доңғалағын  құшақтап,  жерге  кіріп

170



кетердей  жабысып,  окоп  ішінде  мен  жатырмын.  Біресе

ұзын  стволы  қылқандай  зеңбірек  кѳмейінен  күрк-күрк

жѳтеліп,  біресе  пулеметтердің  тажал  ѳңешінен  шыққан

ыстық  қорғасын  лебімен  жолындағының  бәрін  жайпап,

жарқ-жарқ  еткен  жыланбауыр  тісін  шақыр-шұқыр

шайнап,  бейне  бір  сені  жалмауға  жұтынып  келе  жатқан

таудай  темір  құбыжықтың  алдында  оған  қарсы  шығуды

былай  қойғанда,  жер-ден  бас  кѳтерудін  ѳзі  ешбір  адам

баласына оңай іс емес, сірә. Ѳне бойым жерге желімделіп

қалғандай  боп,  басымды  кѳтертпей,  бір  ауыр  қол

желкемнен нығарлай басып тұрған тәрізденіп, біраз үнсіз

жаттым. Танктың тура маған қарай зымырап келе жатқа‐

нын,  окопты  ойрандап,  оның  ішінде  үнсіз  бұғып  жатқан

зеңбірек  екеумізді  жаныштап,  жермен-жексен  етіп

кететінін  біліп  жатырмын.  Білсем  де  танк  таптап,

жанышса  жаншып-ақ  кетсін,  бірақ  басымды  кѳтермесем

қайтеді  деп  ойлаймын.  Бір  кезде  дүбір  жақындап,  айна‐

лам,  астым  дірілдеп  бара  жатты.  Осы  кезде  танкке  қарсы

қолданатын  гранатты  қыса  ұстап,  орнымнан  қалай  атып

тұрғанымды ѳзім де білмей қалдым. Қорқақтық етегімнен

тартып:  «Бұқ,  бұқ!»  деп  босатпай  жатқан  соңғы  сәтте

жауға  деген  ѳшпенділік  орнымнан  кѳтерді-ау  деймін

мені.

Сол  жолдан  кейін  мен  солдат  қабылдар  шешімнің  ең



мәндісі  соңғы  сәттегі  шешім  екен-ау  деген  ойға  келдім.

Солдатты ер ететін де, жер ететін де сол соңғы сәт шешімі

деп  білдім.  Кімде-кім  соңғы  сәтте  бойындағы  бар  үрей,

қорқынышты  жеңіп,  азаматтық  борышын  орындаса,  ол  -

нағыз  жауынгер.  Тек  солдат  қана  емес,  адамның  әр  істің

соңғы  сәтіндегі  ұйғарымы,  сол  сәтте  ѳзін-ѳзі  ұстай  білуі

оның адамгершілігін танытатын болуға тиіс.

Иә,  сонымен,  орнымнан тұрғаннан кейін мен  де темір

танктен  бетер  тістеніп,  жағым  қисая  ашылып,  бар

қуатымды қос қолыма жиып, шоқпардай гранатты танкке

171



қарай  сілтеп  кеп  қалдым.  Содан  кейін  жалп  етіп,  ѳз

окобыма  қайта  құладым.  Танктың  «жан  бергені»  сондай

қиын  болады  екен.  Алдымен  сұрапыл  бір  дыбыс  шықты

да,  дүние  солқ  ете  түскендей  болды.  Жер  тѳңкеріліп

кеткенге  ұқсады.  Содан  соң  қарамай,  бензиннің  иісін

тарата  лап  еткен  қара  жалын  қолымды,  желкемді  жалап

жіберген  сияқтанды.  Артынан  аман  екенімді  бір-ақ

білдім. Екі құлағым тас керең боп қалыпты...»

Ой,  мен  мұны  жүрек  жұтқан  батыр  деп  жүрсем,  ѳзі



қорқақ та болған екен ғой, - деді Зайкүл бір қолымен мені

иығымнан баса ұстап, екінші қолымен кеудемді нұсқап.

Зайкүлдің  әлде  әзілдегісі  келді  ме,  әлде  мені  әжуа‐

лағысы  келді  ме,  оны  білмеймін.  Бірақ  мен  оған

шынымды айттым.

— 

Мен ұрысқа кірер алдында әрқашан да қобалжушы



едім, Зайкүл, - дедім жайлап. - Бірақ қобалжыған сайын,

не ғажап екенін білмеймін, жауымды жеңіп шығатынмын.

Сонда осы қобалжудың ѳзінде де жеңімпаз күш бар емес

пе  екен  деп  таңданатынмын.  Сол  жолы  жау  танкін

қиратқаным  үшін  мен  Жомартбектің  кеудесіндегі  анау

даңк орденімен наградталған едім.

Осылай деп мен қыздарға Жомартбек кеудесіне тағып

жүретін  ѳзімнің  орден,  медальдарымды  нұсқадым.

Жомартбек  менің  наградтарымды  әсіресе  асханаға

барғанда  тағып  алатын.  Ѳйткені  майдангер  студенттер

кассаға  кезексіз  жіберілетін.  Мен  соғыстан  келгенімді

пайдаланып  ас  алу  үшін  алға  қарай  ентелемей,  кезегімді

күтіп  тұра  беретіндіктен,  Жомартбек  менің  тумбочкада

жатқан медальдарымды тағып алып, кассаға қарай ұмты‐

латын.  Фанермен  қоршалған  тар  кассада  отырған  әйелге

студенттердің  омырауы  кѳрінбейді.  Жомартбек  ондайда

кеудесін шайқап, медальдарын сылдырата қояды.

— 

Қазір,  қазір,  -  дейді  кассир  әйел  оның  майдангер



екенін «танып». Содан кейін оған сұраған чектерін жазып

172



береді.  Ұзын  чекті  ашы  ішектей  шұбатып,  қораздана

басып ол менің қасыма келеді де, ѳзімен ілестіріп, үстелге

қарай алып кетеді.

Түскі  тамақтың  уақыты  тақап  қалғаннан  кейін

Жомартбек бүгін де сол «кәсібін» істеп, қазір, қолындағы

дәптер сѳздерін оқығаннан кейін, тайраңдап жатақханаға

қарай  жүгіре  жѳнелуге  әзір  отыр  еді.  Мен  ѳзің

нұсқағаннан  кейін  Жомартбек  қоқилана  түсіп,  кеудесін

қозғап-қозғап  жіберді.  Күміс  медальдар  сыңғырлап  қоя

берді.  Оған  қыздар  күлкісінің  сыңғыры  және  қосылды.

Жомартбек  дәптерді  әрі  қарай  оқыды.  «Сѳйтіп,  ол  үш

күнді  ерлікке  пара-пар-ау  деп  ойладым  ѳзімше.  Олай

ойлайтыным, баяғыда қазақтың бір батырынан ѳміріңізде

ѳзіңіз  сүйсінген  неше  ерлігіңіз  болды  деп  сұрапты-мыс.

Сонда:  «Ѳмірі  есімнен  қалмайтын  үш  ерлігім  бар»  деп

батыр мына тѳмендегілерді айтыпты.

— 

Бір  ұрыста  жау  қолына  түсіп  қалдым,  -  деп



бастапты  батыр.  -  Қалмақтың  мені  олжа  еткен  батыры

еліңнің  ерлерін  ата,  олардың  осал  жерлерін  айт,  қаза‐

қтың  ұлы  ѳзенінің  ѳткелін  кѳрсет  деп  қинады  мені.  Мен

айтпадым  да,  кѳрсетпедім  де.  Содан  кейін  ол  мені

кеңірдегімнен  қылқитып  жаңа  сойылған  ѳгіздің  жас

терісіне қаптатып, босағасына байлатып қойды. Жас тері

жаздың  ыстығында  бір-ақ  күнде  кеуіп,  сірі  боп  шыға

келді.  Күн  кѳтеріле  сіріге  шелектеп  су  құйдырады.  Ол

кезде  сірі  сәл  кеңиді  де,  құрыс-тырысым  жазылып,

ракаттанып қаламын. Күн қыза сірінің суы кеуіп, ол енді

қайтадан  құрысады.  Ѳгіз  терісінен  жасалған  темірдей

сірі  жан-жағымнан  құрсау  боп  қысқанда  сүйектерім

сытырлап,  ѳліп  кете  жаздаймын.  «Жауға  жанынды

берсең  де,  сырыңды  берме»  деген  емес  пе?  Ѳлсем  ѳлер‐

мін,  бірақ  сырымды  бермеспін  деп  тістеніп,  күн  сайын

бір уыс боп бүрісемін де қаламын. Ѳстіп бір ай жаттым.

Бір  айдың  ішінде  арыстай  басым  аруақтай  болды  да

173



қалды.  Бір  айдан  кейін  қазақтың  бас  батыры  келіп,  мені

қинаған  жауды  ѳз  қолымен  ѳлтіріп,  мені  қысқан  сіріні

ѳз  қолымен  тіліп,  босатып  алды.  Бір  ай  сіріде  жатқа‐

нымда  қынқ  етіп  үн  шығармағанымды  бір  ерлік  деп

білемін.

Түнде, мен далада ұйықтап жатқан жерімде сұп-суық

бірдеңе  бақайымнан  кѳтеріліп,  кеудеме  шығып,  жоғары

қарай  ѳрмелеп  келе  жатқанын  сезіп,  оянып  кеттім.

Қозғалмай  жа-тып,  байқасам,  бақайымнан  бері  қарай

ѳрмелеп келе жатқан ұп-ұзын жылан екен. Ұшып тұрсам,

оның  шағып  алатынын  білдім  де,  сенің  іздеп  келе

жатқаның  осы  ғой  деп,  аузымды  аша  бердім.  Жылан

апандай  боп  жатқан  ауызға  басын  сұға  бергенде

мойнынан  қыршып  алдым  да,  жыланның  басын  жерде

шеңбердей боп шоршып жатқан денесінің қасына түкіріп

тастадым. Екінші ерлігім осы деп есептеймін.

Жиырмаға  жаңа  ілінген  қылшылдаған  шыдамсыз  жас

шағымда ене бойымды қышыма қотыр басып, орнымнан

қозғала  алмай,  жатып  қалдым.  Сонда  тұла  бойым  отқа

күйгендей дуылдап, қанша қышынып, қиналсам да, етіме

бір  рет  тырнақ  тигізбей,  шыдап  кеттім.  Осыны  үшінші

ерлігім деп айтар едім депті батыр.

Мінеки, әр адамның басынан ѳткерер ерекше үш ерлігі

болса,  мен  мұны  ѳз  үш  ерлігімнің  біріне  балар  едім,

достар!» - деп Жомартбек дәптердің бетін жапты.

Алғашында  бұл  жайды  қыздардың  кейбіреулері  күле,

жымия  отырып  тыңдағандарымен,  ең  соңында  олардың

бәрі де жым-жырт отырып қалды.

— 

Жоқ,  бұл  жазғаныңыз  да  жақсы  екен,  ағай,  -  деді



Меңтай ғана әлден уақытта.

— 

Оның несі жақсы? - деп Зайкүл шап ете түсті. - Үш



күн  қыздың  қасында  жатып,  жігер  кѳрсете  алмағаны

жігіттік пе?

— 

Иә,  неге  жігіттік  емес,  нағыз  жігіттік,  -  деді  Майра



174


Абаева.  -  Орынсыз  құмарлық  -  опасыз  жаумен  тең.

Ендеше адамның ѳз нәпсісін тыя білуі - үлкен ерлік.

— 

Қойыңдаршы,  ерлік  соғыста  болмай  ма?  -  деді



Қанипа  қыздардың  бұл  ѳзара  таласын  ѳршіте  түсу  үшін

шеткерірек отырғандарға қарап, кѳзін қысып қойып.

— 

Рас, ерлік соғыста ғана болады, бұл қайдағы ерлік, -



деді  Зайкүл  Қанипа  ѳзін  қостап  отыр  екен  деп  ойлап,

одан сайын әршелене түсіп.

— 

Ой, шырағым, - деді Майра да қызбаланып, - ерлік



тек қана соғыста болады деп кім айтты саған? Біле білсең,

күнделікті  ѳмірдің  ѳзі  ерлік.  Егер  сен  бірдеңеге  ұшырап

қалып, мына Жомартбек ѳзіңді алақанымен кѳтеріп, ауру‐

ханаға жеткізсе, ол да ерлік.

Жомартбек басын шайкады.

— 

Оны,  кімді  алақанға  салып,  кімді  арқалап  апаруды



ойланатын  шығармыз.  Ал  Зайкүлді  аяғынан  салақтатып,

арқалап алғанға не жетсін. Ол маған да жеңіл, Зайкүлге де

рақат: аппақ саны, ѳзі айтқандай, «түбіне» дейін кѳрінеді.

Қыздар қыран күлкі болып қалды.

— 

Әй,  ѳй,  менің  санымда  шаруаң  болмасын,  -  деп



Зайкүл  Жомартбекке  қарап  жұдырығын  түйді.  -  Мен

бірдеңеге  ұшырап  қалсам,  бәрібір  сен  ауруханаға  апар‐

майсың. Одан да жедел жәрдемге жалынғаным артық. 03-

ке телефон соғындар, қыздар, ондай бірдеңе бола қалса.

— 

Оған  да  мен  жүгіремін  ғой  бәрібір,  -  деді



Жомартбек  күлместен,  жымимастан.  -  Ал  сенің  санында

менің  ешқашан  шаруам  болған  емес.  Кербез  ағайыңа

кѳрсетіп жүрген ѳзің ғой оны.

Зайкүл  Жомартбекті  жене  алмасын  біліп,  қолын  бір

сілтеді де, алғашқы әңгімеге қайта оралды.

— 

Тоқта,  Абаева,  сен  несіне  қызылкеңірдек  боласың



Ерболды  қорғап.  Алдымен  мұның  осы  жазғаны  шын  деп

ойлайсың ба?

— 

Шын. Ѳмірде ондай болады, - деді Майра.



175


— 

Тоқта ендеше. - Зайкүл басына келген әлдебір ойға

екі  кѳзі  жайнаңдап  қуанып  кетті.  -  Ендеше  Ерболды

періште  дейік.  Сен  сонда  мына  мақалды  білесің  бе  ѳзің:

«

Алтын кѳрсе періште жолдан таяр» деген. А? Білесің бе?



— 

Иә. - Майра сасқалақтап қалды. «Апырау, ондай да

мақал бар еді-ау. Мына түлкі қыз оны қайдан суырып ала

қойды?  Бұған  енді  не  десем  дауа?»  дегендей,  Зайкүл

айтқан  мақалдан  адамның  адалдығына  бұлтартпай

сендіретін сѳз іздеп, дағдарғандай күй танытты. - Білемін.

Ол мақал ғой. Бірақ мақалдың бәрі бірдей...

— 

Тоқта.  -  Зайкүл  қолын  кѳтерді.  -  Емтиханда  мақал



деген халық жүрегінің шындығы, мақал - шындық сәулесі

деп таңдайың тақылдағанда алдыңа жан салмайсың. Енді

келіп, ол мақал ғой дейсің. Мақал болса, ѳтірік демекпісің

сонда?


— 

Жок,  ѳтірік  демеймін,  шындық.  Бірақ  ол  қандай

мақал? Мәселе сонда. Халықтың адал жүрегінен шыққан,

ѳмірдің философиясын білдіретін, шын даналықты таны‐

татын  мақал  мен  мәтелге  дауым  жоқ.  Ал  халықтың  сол

даналығына  үстем  таптың,  елдегі  қу,  сұмдардың  ѳз

пайдасын кѳздеп, қосып жіберген қоспалары және бар.

— 

Мысалы? - деді Зайкүл. - Мысалын айт.



— 

Мысалы,  «Бәйбішеге  жарасар  қолындағы  сабасы»

деген мақалды ал. Бәйбішеден басқа әйел, кедей әйелдері

қолдарына  саба  ұстаса,  күнә  бола  ма  екен?  Олар  қымыз

ішсе,  ауыздарынан  ағып  кете  ме  екен?  Жоқ,  бәйбішеге

жарасқан  саба  басқаға  да  жарасады.  Бірақ  үстем  таптың

сабаны  бәйбішеден  басқаға  ұстатқысы  келмейді.  Кедей,

күң әйелдерге саба ұстауға жазбаған деп оларды сендіруге

тырысады.  Атам  заманнан  келе  жатқан  халық  мақалы

осылай  деген  дейді.  Сол  сияқты  ѳздерінің  ѳзгеге  жасаған

қиянат,  қылмысын  бүркеу  үшін  қу,  сұм  адамдар  да

мақалға  ұқсас  сѳздер  шығарып,  қосқан.  Мәселен  жаңағы

ѳзің  айтқан:  «Алтын  кѳрсе  періште  жолдан  таяр»  деген.

176



Сұм,  арам  адамдар  сұмдығын  істеп  алады  да,  артынан

«

Мен  қайтейін,  «Алтын  кѳрсе  періште  жолдан  таяды»



деген,  мен  періште  емеспін,  адаммын  ғой»  деп  монтан‐

сиды. Бұл сол үшін шығарылған сѳз. Әйтпесе алтын кѳрсе,

періште неге жолдан таяды? Жолдан таяды екен, онда ол

періште емес. Жолдан таю, жѳнсіздік жасау - адамнын ісі.

Бірақ  адамның  да  адамы  бар.  Жұрттың  бәрін  жолдан

таяды деуге болмайды, жолдас Сағынова. Мақалды білген

жақсы.  Бірақ  әр  мақалдың  мәнін  де  ажырата  білу  керек.

Ас  ішіп,  ақ  нан  жегенді  жақсы  керіп,  арпа  мен  бидайды

айыра алмаудың несі лайық?

Майра  алғашында  сѳзін  кібіртіктеп,  күмілжіңкіреп

бастағанымен,  орынды  ой,  орамды  сѳз  тапқаннан  кейін

біржолата  қанаттанып,  қайраттанып  кетті.  Үсті-үстіне

бастырмалата, 

екпіндей 

сейлеп, 

Зайкүлдің 

аузын

аштырмай тастады.



— 

Жаса,  Майра!  -  деп  Жомартбек  жалғыз  ѳзі  аямай

алақан  соқты.  -  Сағынованы  шалқасынан  түсірдің.  Аяғын

аспаннан келтірдің.

— 

Жоқ,  жоқ,  сен  қоя  тұр  оны,  -  деді  Зайкүл  жеңілгісі



келмей.  -  Қыздар,  айтындаршы,  Ерболдың  қызды

құшақтап,  үш  күн  оңаша  жатқандағы  адалдығына  әсте

сенуге бола ма?

Ол  Майрадан  басқалардың  ѳзің  қолдауын  күтті.

Қыздар  сылқылдап,  сықылықтап  күліскендерімен,  ешкім

оған демеу болар ештеңе айтпады.

— 

Мен  сенемін,  -  деді  Қанипа  сықылыктап  күліп



отырып.

— 

Мен  де  ағайға  сенемін!  -  деді  Меңтай  күлместен,



байыпты түрде. - Майра ете дұрыс айтты.

— 

Жоқ,  мен  сенбеймін,  -  деді  Зайкүл.  -  Ешқашан  да



олай болмайды.

Мен  ѳз  басымнан  кешкен  адал,  ақиқат  шындыққа

Зайкүлді сендіре алмағаныма ыза болдым. Бірақ адамның

177



күн-шуақ  жақтарына  кѳңіл  бѳлмей,  кѳлеңке  жағына

кѳбірек кез салатын Зайкүл сияқтыларға не дауа? Әсіресе,

оның «ешқашан да олай болмайды» дегені жаныма батты.

Неге  олай  болмасқа?  Болғанын  бастан  кешкен  кісі  айтып

тұрғанда неге сенбеске?

— 

Қалай болады ендеше? - дедім мен Зайкүлге кекете



сұрақ қойып.

— 

Оны ѳзің де білесің, - деп Зайкүл ыржалақгай күлді.



Ѳзің  ѳзгеше  мас  еткен  әлдебір  тәттінің  дәмін  есіне  түсір‐

гендей боп елтіп қалды.

— 

Біздің  Зайкүл  ерте  ашылған  гүл  ғой,  -  деді



Жомартбек оған ешбір мән бермегенсіп, мүләйім ғана.

— 

Иә, әр гүлдің ѳз уақытында ашылғаны жақсы ғой, -



деп қостады Майра, мырс етіп.

— 

Онын  несі  жақсы?  -  деді  Зайкүл  лап  ете  тез  жауап



беріп.  -  Уақытында  ашыламын  деп  жүргенде  суық  соғып

кетсе, солар да қалар ол гүл.

— 

Жоқ,  олай  болмас,  мезгілінен  бұрын  ашылған  гүл



ғана ерте солатын шығар, - деді Жомартбек.

— 

Ерте  солсам  да,  есемді  жібермесем  болады.  Менің



білетінім  осы,  қыздар,  -  деді  Зайкүл  Жомартбектің

мысқылын елемеген болып.

— 

Иә, ашыл, Зайкүл, ашыл, - деді Майра, сылқылдай



күліп.  -  Бірақ  бір  жола  ашылып-шашылып  қалып

жүрме.


Бұл әңгімені Меңтай басқа арнаға ауыстырды.

— 

Ол  қыз  қазір  қайда,  ағай?  -  деп  маған  қарады.  -



Тананы айтамын.

— 

Осында.



— 

Осында-а-а?  -  деп  екі-үш  қыз  қосыла  дауыстап

қалды. - Алматыда ма?

— 

Иә.  Кѳргілерің  келсе,  мен  бір  күні  ертіп  әкеліп,



таныстырайын ѳздеріңмен. Ақылды, жақсы қыз.

— 

Бәсе,  -  деді  Зайкүл  қайтадан  сықылыктап.  -  Енді



178


түсінікті болды. Осылай шығар деп ѳзімде ойлап едім- ау.

Екеуің ЗАГС-ке де барған шығарсындар.

— 

Қоя  тұршы  сарнамай,  Зайкүл,  -  деді  Қанипа  кѳзі



ойнақшып зәлімдене қалып. - Ал, ол мұнда қашан, қалай

келген? Біз неге оны осы күнге дейін білмейміз?

Бұл бар қыздын кѳкейіндегі сұрақ болуға тиіс.

— 

Бәсе!



— 

Иә, - десіп қалды бірсыпыралары Қанипаны қостап.

Мен  сол  жолы  Танаға  Алматыда  ЖенПИ  деген  жаңа

интитута  шылғалы  жатқанын  естігенімді  хабарлап,  соған

барып, оқуға түсуге кенес бергенімді айттым.

— 

Менің соңымнан іле-шала Тана Алматыға келіп, сол



институтқа  түсіпті,  -  дедім.  -  Қазір  екінші  курсында

оқиды.


— 

Кездесу жағы қалай? - деді тағы да Қанипа.

— 

Анда-санда.



— 

Одан  кейін  бірге  жатқан  жоқсындар  ма?  -  деді

Зайкүл шыдамсызданып.

Қыздар үндемеді, Зайкүлді қайырып тастамады. Соған

қарағанда  олардың  да  осыны  білгілері  кеп  отырғаны

аян болды.

— 

Жоқ, - дедім мен күліп. - Ол менің досымның қызы -



досым  ғой.  Тек  дос  тұрғысында  ғана  кездесіп,

ажырасамыз.

Зайкүл одан сайын тақымдай түсті.

— 

Достықтан  махаббат  туады  демеуші  ме  еді?  Әлде



достық махаббатқа ұласады деуші ме еді? Абаева, айтшы,

осылай ма еді! - деді Зайкүл Майраға қарап. Майра басын

изеді.

— 

Ендеше,  -  деді  Зайкүл  тағы  да  қылмындап,  -  дос



болғаннан кейін ептеп...

Қыздар ақырын ғана сылқ-сылқ

күлісіп  алды.  Жомартбек  басын  шайқады.  Меңтай,

Майра, мен үшеуіміз ғана күлгеніміз жоқ.

179



— 

Ондай  ұласқан  ештеңе  жоқ  әзір,  -  дедім  мен

салмақты түрде.

— 

Ол енді екі жақтың да кѳңіліне байланысты шығар, -



деді Меңтай жай ғана.

Зайкүл ентелей түсті.

— 

Немене,  Ерболдың  қызда  кѳңілі  жоқ  дейсің  бе?



Болғанда  қандай!  Осында  тѳмен  қараған  болып,  бәрі‐

міздің  ашық-шашық  жерімізді  андып,  сілекейіне  шаша‐

лып, ѳзінен-ѳзі әлек болып отырады ғой бұл. Әсіресе, сен

қолына түссен, шайнамай қылғыр еді, бәлем.

Қыздар  да,  Жомартбек  те  тегіс  ду  күлісіп  қалды.

Меңтайдың ақ жүзіне қызыл қан ойнап шыға келді. Бірақ

онысын  білдірмеу  үшін  Меңтай  қыздармен  қоса  күліп,

Зайкүлдің сѳзін әзілге айналдырып жіберуге тырысты.

— 

Сен  немене,  Зайкүл,  -  деді  Меңтай  күліп  жатып.  -



Ағай сонша кісі жейтін тажал ғой деп пе едің?

— 

Қызды жейтін жалмауыз - жігіт екенін сен білмеуші



ме  едін,  -  деді  Зайкүл  жұлып  алғандай.  -  Сен  оны  «ағай,

ағай!»  дейсің.  Бір  күні  ағайың  сені,  әлгі  бір  елдің  ерте‐

гісінде  айтылатын,  қай  елдікі  еді  ѳзі,  иә  қызыл  бѳрікті

қызды  жұтқан  сұр  қасқыр  сияқты,  «ап!»  деп  асап

қойғанда білерсін әлі тажалдың кім екенін, жалмауыздың

не  екенін.  «Қызыл  кѳр-пені»  ұмытып  кеттің  бе  ѳзің?  Ол

жай  шығарыла  салған  ѳлең  емес.  Ол  жалмауыздың  саған

қарап алақтаған тілі де, шырағым.

Қыздар  бұған  да  мәз  боп  қалды.  Бұл  жолы  мен  де

күлдім.  Тек  Меңтай  ғана  не  күлерін,  не  күлмесін  білмей

сәл отырды да, артынан амалсыздан езу тартты.

— 

Зайкүл  не  десе,  о  десін,  -  деді  Меңтай  қыздардың



күлкісі  тыйылғаннан  кейін.  -  Бірақ  біздің  ағай  ондай

кісі емес!

— 

Кѳрерміз, - деді Зайкүл де ерегісіп.



— 

Иә, - деді Қанипа күліп.

180



Жаңағы  Зайкүл  айтқандай  менің  қыздарға  қызыға

қарайтыным  рас  еді.  Бірақ  менің  қарауым  Дон  Жуанның

жас  келіншектерге  қарауы,  Жиль  Бластың  жақсы  әйел‐

дерге  қызығуы  емес.  Менің  қыздарға  қарауым  ѳмірге

қызығу,  ѳмірдің  сұлулығына  ынтығу  болатын.  Бағбанның

ѳз қолынан ѳсірген гүлге мақтанышпен, құмарта қарағаны

сияқты,  ѳзім  солдат  болып,  қоса  қорғасқан  ѳміріміздің

жанды  гүлі,  жақсы  қыздарға  сүйсіне  кѳз  салып,  осындай

жандарды  ѳлімге  бермеу  үшін  күрескеніме  риза  болып,

іштей  мақтануым  еді.  Кѳп  жігіттер  осы  ғажап  гүлдерді

кѳре  алмай  кетті.  Мен  сендерге  ѳзімнің  алапат  соғыста

аман қалып, ѳздеріңнің орталарыңда отырған баға жетпес

бақытымды  сағат  сайын  сезіну  үшін  қараймын,  қыздар.

Ал  сен  менің  мұнымды  мазақ  етесің,  Зайкүл.  Бірақ  мен

сенің  бір  сѳзінді  құптар  едім.  Сол  сѳзіңнің  шындыққа

айналуын  қалар  едім.  Ол  сенің  Меңтайды  мен  тажал

болып,  «ап!»  деп  асап  қояды,  қылғымай  жұтады  дегенің.

Меңтайды менің сүйетінім рас. Бірақ мен оны, сен айтқан‐

дай,  «асап»  та  қоймас  едім,  «қылғымай»  да  жұтпас  едім.

Ол  мені  сүйсе,  мендік  болса,  мен  оны  гүл  етіп  тѳбеме

кѳтерер  едім.  Оған  айнымас  адал  жар,  ажырамас  жан

серік болар едім. Дегенмен, сен бүгін маған жақсы қызмет

еттің,  Зайкүл.  Сен  менің  ойымды  айттың.  Меңтайға

ауызбен  айтып  білдіре  алмай  жүрген  тілегімді  жеткіздің.

Бұл үшін саған мың да бір рақмет, Сағынова.

Мен  осылай  деп  ойладым.  Бірақ  мен  оны  ешкімге  де

айтпадым.  Қыздармен  қосыла  күліп,  жайбарақат  адамға

ұқсап, үндемей отыра бердім.

— 

Иә,  әркімнің  ѳз  Пенелопасы  болғанға  не  жетсін!  -



деді  Қанипа  жұрт  тегіс  тынышталғаннан  кейін  маған

кѳзінің  астымен  қарап  қойып,  ѳзгелерге  бұрылып,  кѳзін

бір қысып қалып. Содан соң ѳтірік күрсініп алды. - Онсыз

ѳмір қиын ғой!..

181



«

Әркімнің  ѳз  Пенелопасы  болғанға  не  жетсін»  деген

менің сѳзім болатын. Бұл курстағы қыздардың

ауыздарынан түспейтін афоризмге айналып кеткен еді.

Осындай  бір  үнсіздік  орнай  қалған  тұста  әлдебіреу  соны

айтып жіберіп, жұртты ду күлдіретін.

— 

Жоқ, - деді Зайкүл қолын сермеп. - Бұл Ерболдың,



Ербол сияқты ұлдардың айтатын сѳзі. Біздің оны ѳзгертіп,

«

Әркімнің ѳз Одиссейі болғанға не жетсін!» деуіміз керек,



қыздар. Маған Одиссей керек!

Қыздар тағы да күлді.

— 

Одан ѳзге жарамай ма? - деді Жомартбек Зайкүлдін



сѳзін қағып алып.

— 

Жоқ, - Зайкүл де тез жауап берді. - Жарамайды, сен



жарамайсың. Соғыста болған жоқсың.

— 

Ендеше  соғыста  болған,  омырауы  орденге  толып



қайтқан  адам  отыр  ғой  алдыңда,  -  деп  Жомартбек  мені

нұсқады.


— 

Мұның ѳзі бір кісіден басқаны кѳрмейтін соқырлау

Одиссей, - деді Зайкүл жұртты тағы ду күлдіріп.

— 

Қыздар, кѳп күліп кеттік, қояйық енді, - деді Меңтай



оң жағында одеял үстінде жатқан кітапты қолына алып. -

«

Үй артында кісі бар» дегендей, емтихан келе жатқан жоқ



па ертең тағы да.

— 

Иә, сақалы сапсиып, - деді Жомартбек.



Жомартбектің сѳзіне ешкім күлмеді. Бәріміз, бѳлменің

ішін  шаңдата  асыр  салып  ойнап,  мұғалім  келе  жатқанда

тым-тырыс  парталарына  отыра  қалатын  тѳменгі  класс

шәкірттеріндей  бұқиып,  тѳмен  қарап,  конспект,  кітаптар

бетіне қайта үңіліп, үнсіз қалдык.

Осыдан  кейін  бір  демалыс  күні  мен  Тананы  жатақха‐

наға  ертіп  әкеп,  қыздармен  таныстырдым.  Ол,  әсіресе

Меңтаймен,  Майрамен  шүйіркелесе  сѳйлесіп,  жақсы  дос

боп кетті.

182



Н

ашар  студенттердің  кѳз  жасын  кѳктемнің  жылы

жауынындай  сорғалатып,  жазғы  емтихан  да  ѳтті.

Біздің  бірсыпыра  қыздар  жылап-сықтап  жүріп,  кейбіре‐

улері  құлап  қалған  емтихандарын  қайта  тапсырып,

бәріміз  тегіс  үшінші  курсқа  кѳштік.  Бір  курс  жоғары‐

лағанға  Алатаудың  тѳбесіне  шықпағанмен  тѳскейіне

жеткендей боп, кѳңіліміз кѳтеріліп қалды.

Соңғы  емтиханнан  құтылған  күні  кешке  отыз  үшінші

аудиторияға  жиналып,  ѳзімізше  сауык  ѳткіздік.  Оны

қалай ұйымдастыруды алдын ала ақылдасып алғанбыз.

Ішкісі  келгендерге  бір-бір  бокал  шампан  қойылды.

1

шпейміз  дегендерге  қалағандарынша  лимонад  пен



минерал  суы  берілді.  «Сен  ананы  іш»,  «сен  мынаны  іш»

деген  сияқты  біреуді  біреу  қыстау,  қинауға  қатаң  тыйым

салынды.  Әркімге  екі  бутербродтан  шайнама  және  тиді.

Осының ѳзі бізге бірінші класты ресторанның ең қымбат,

ең  дәмді  лағамынан  кем  боп  кѳрінген  жоқ-  Бірлесіп

жасалған  программаның  «Ішу,  жеу,  ықыластану»  деген

бірінші  бѳлімі  осымен  бітті.  Оның  «Ойнау,  ойлау,  ѳнер

таныту»  деп  аталатын  екінші  бѳлімі  басталды.  Бұл

бѳлімде әркім ѳзінің бұрыннан осы күнге арнап даярлаған

ең  оригиналды  деген  ойынын  ортаға  салады.  Ең  жақсы

деп  танылған  номерлерге  мынадай  сыйлық  беріледі:

ұлдар  қалаған  қызынын  бетінен  сүйеді;  қыздар  қалаған

адамына ѳз тілегін орындатады.

... 


Түскенде  сен  есіме,  ерке  Гәкку,  Құлпыртып  осынау

әнді  толғанамын,  -  дейді  Меңтай  қыздармен  қосыла.

Қыздар  бұлай  десе,  мен  ішімнен  сол  әуенге  қосып  ѳз

әнімді, ѳз жүрегімді жарып шыққан жырымды ағытамын.

Мен де ѳз-ѳзімнен ырғалып, толассыз тербелемін. Бәрі аз

бағасына барлық санның; Тәж, тағы, мал мен мүлкі патша,

ханның - Меңтайды мәңгі құшып, сүйетұғын Бар екен не

арманы  жігіт-жанның?..  Мен  қайта-қайта  жаутандап

183



Меңтайға  қараймын.  «Жанымның  жырын  ұқсаңшы,

жүрегімнің  тебіренісін  тындасаңшы!»  деп  жалынғандай

боламын.  «Мен  сені  екі  ай  кѳрмеймін.  Екі  күн  кѳрмесем,

есім  шығатын  басым  екі  айға  қалай  шыдаймын,  Меңтай?

Сол екі айға азық боларлықтай етіп, маған бір рет қиыла

қарасаңшы,  аясаңшы  мені»  деп  жылағандай  боламын.

Бәлкім, кѳлденеңнен анықтап қараған адамға менің иегім

Дірілдеп,  ернім  кемсендеп  кеткен  де  шығар.  Бірақ  әсем

әнге  елтіген  жұрттың  ешқайсысы  менің  кѳріксіз  бетіме

кѳңіл аударған жоқ.

Вокзал радиосы поездың жүруіне бес минут қалғанын

хабарлап,  перронға  «Саржайлау»  күйінің  екпінді  әуенін

тѳкті.  Осы  кезде  қыздар  мен  жігіттер  шыр  кѳбелек  айна‐

лып,  етек-тер  үйіріліп,  еріндер  күлімдеп,  вагондар  алды

би  алаңына  айналып  кетті.  Екі-екіден  жұптасқан  жастар

аяқтарының ұштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды

бірін-бірі  қуалаған  сансыз  құйынға  толып  кеткен

сияқтанды.  Қан  кѳбелек  айналған  сол  құйындар  кѳкке

бұрандадай бұралып, қазір ұшып-ұшып, биіктен самғап,

алыстап 


кететін 

іспеттенді. 

Жомартбекпен 

билей


жѳнелген Меңтайға кѳзім түсіп еді, екі бетінің ұшы қыза‐

рып,  екі  танауы  әсем  боп  делдиіп  кеткен  Меңтайдың

кішкентай  әдемі  аяқтары  жерден  жоғарылай  кѳтеріліп

барады  екен.  Одан  айырылып  қалардай  зәрем  ұшып,

«

алла!» деп кѳзімді жұмдым. Менің бақытыма қарай осы



кезде күй аяқталды да, бауырын жазып, кѳкке кѳтерілуге

айналған  аққу  қайтадан  жерге  қонды.  «Уһ!»  деп  ішіме

терең бір дем тартып үлгіргенімше проводниктердің тұс-

тұстан  жамырай  айтқан:  «Жолдас  жолаушылар,  вагонға

кіріңіздер!»  деген  үндері  естілді.  Перронды  кернеген

жаңағы «құйындар» тегіс вагондарға қарай лап қойысты.

Біз  де  қыздарымызды  қолтықтап,  вагонның  тепкішегіне

кѳтердік.  Олармен  асығыс  қол  қысыстық.  Меңтай  менің

184



қолымды қаттырақ қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар деп

үміттенген  едім.  Олай  болмады,  оның  алақаны  менің

қолыма тиер-тиместе екінші біреу қағып әкетті. Осы кезде

радио  «Қараторғай»  әнін  бастады.  Оған  перрондағылар

қосылды,  вагондағылар  және  шырқады.  Кѳп  адамның

қосыла  айтқан  әні  желді  күнгі  теңіздей  толқып,  вокзал

үстіне  кѳтерілді  де,  кең  проспектіні  керней  Алатауға

қарай лықсыды. Келеді қара торғай қанат қағып...

Мен дереу ілгері ұмтылып, вагонның алдына келдім де:

Меңтай,  сен  маған  ұрыспа,  дәптеріңе  бір  сѳз  қосып



қойдым! - дедім дауыстап.

Осы  кезде  гудок  беріп,  поезд  қозғалды.  Перроннан

поезға, поездан перронға қарай қолдар созылды. Меңтай

басын  изеп,  қыздарға  қолын  бұлғады.  Ол  басын  маған

изеді  ме,  қыздарға  изеді  ме,  менің  не  дегенімді  естіді  ме,

естімеді ме - айыра алмадым. Менің кѳзіме мѳлтілдеп жас

келді.  Оны  ѳзгелерге  кѳрсетпеу  үшін  жылжып  бара

жатқан  вагондарға  қарап  қолымды  сермей  бердім.  Қол

сермеп, жердегілер шырқап тұр. Вагондардың терезелері‐

нен, есіктерінен қол бұлғап, поездағылар шырқап барады.

Сермелген  қолдар  қалықтап  ұшып  бара  жатқан  қара

торғайларға  ұқсайды.  Бір  топ  қара  торғай  зымырай,

самғай  ұшып,  алысқа  бет  қойғандай.  Бір  тобы  қалықтай

кѳтеріліп,  қайта  айналып  келіп,  алғашқы  орнына  қонуға

бет алып, қайта тѳмендегендей.

Бұлан, етіп қасымыздан соңғы вагон ѳтті. Сары жалау‐

шасын  шошайта  ұстаған  кондуктор  сан  кѳздің  шарасына

жалғыз  кіріп,  бейне  бір  сол  кѳздердің  тұңғиық  түбіне

сіңгендей болып, тереңдеп батып бара жатты.

Радио музыкасы тынды. Ән тоқталды. Поездың дүрсілі

бірте-бірте  алыстай  да  бәсендей  берді.  Қалған  жұрт  үн-

түнсіз  кері  бұрылып,  вокзал  қашасынан  қалаға  шығатын

қақпаға  қарай  ағылды.  Перрон  той  ѳткен,  жәрмеңкесі

185



тараған  тақыр  тебеге  ұқсап,  құлазып,  бос  қалды.  Сол

перрондай  болып,  поездың  қарасынан  кѳз  айырмай,

қалтиып жалғыз қалған менің кѳңілім құлазыды.

Ереке,  -  деді  біреу  ақырын  дауыстап.  Бұл  Жомарт‐



бектің үні еді. Ол мен әскерден келген алғашқы кездегідей

«

ағайды»  қойып,  кейде  осылай,  «Ереке»  дейтін  болған.



Үйренісе  келе  басқа  бірсыпыра  қыздар  да  мені  «Ербол»

деп атауға кѳшкен. Тек Меңтай ғана «ағай» деп атайтын.

Мен  мойнымды  бұрсам,  мың  кісі  сыярлық  перронда

Жомартбек  екеуміз  ғана  қалыппыз.  Жомартбек  менің

Меңтайды  құлай  сүйетінімді  іштей  түсінетін  еді.  Сонды‐

қтан болар, ол жақаурата сѳйледі. «Екі ай деген не, екі-ақ

күндей  боп  ѳте  шығады  әлі.  Содан  соң  тағы  да  бас

қосамыз  ғой  бәріміз,  -  деді  ол  екі  танауы  делдендеп.  -

Жүріңіз, жұртта сіз екеуміз ғана қалдық».

Жомартбек  мені  жұбаттым  деп  ойлады.  Бірақ  онысы

жұбату  емес,  жараның  аузын  тырнаумен  тең  болды.  «Екі

ай екі күндей боп қалай кѳрінсін, - деп назаландым ішім‐

нен. - Мен қызыққанға келдененнің құрығы түскіш келуші

еді. Кѳңілім құлаған осы қызды да тағы біреу қағып кетіп,

дәт  деп  қалмасам  жарар  еді.  Онда  мен  қалай  ѳмір  сүре‐

мін?  Сәлиманың  шерін  соғыс  тұншықтырған  еді.  Бұл

қызға  қолым  жетпей  қалса,  оның  ѳкінішін  не  ұмыттыр‐

мақ?  Мұндай  келбет-кѳркі  келісті,  ақыл,  парасаты  мол,

жаным  сүйген  жақсы  қыздан  айырылып  қалсам,  сорлы

жүрегім  ѳмір  бойы  қап  арқалаған  қайыршыдай,  арман

арқалап  кетпей  ме  амалсыз.  Мұны  ұмыттыратын  басқа

жақсы қызға кездессем құба-құп, кездеспесем, мүгедектей

мұнды  болып  қалмаймын  ба  ѳмір  бойы.  Ендеше  аузын

буған  ѳгізге  ұқсап,  сегіз  ай  бойы  неге  жүрдім  үн-түнсіз?

Неге  айтпадым  шынымды?  Неге  аяғына  жығылып,

«

жарым  бол»  деп  жалынбадым  мен  оған?  Кейбіреулер



қызды  бір  кѳргенде-ақ  «мен  саған  ғашықпын.  Мен  сенсіз

ѳмір  сүре  алмаймын»  деп,  жетім  қозыдай  қақсамай  ма,

186



жақ  жаппай?  Құмарлығын  ғашықтыққа  балап,  қыр

соңынан  қала  ма  қыздың  ондайлар?  Қант  салған  қаптай

ғып,  қолма-қол  жүрегінің  аузын  ашып  тастамай  ма

аңқайтып?  Ендеше  мен  шын  ғашықтық  сырымды  неге

ақтармадым сонша күннің ішінде? - деп іштей еңіреп, ѳз

бармағымды  ѳзім  шайнап,  сүйретіліп,  вокзалдың  қақпа‐

сынан  әрең  шықтым.  Жаным  жаңағы  поезда  кетіп,  бұл

жерде  құр  сүлдерім  ғана  қалғандай,  мең-зең  күйде

Жомартбекке  ілесіп  келіп,  трамвайға  міндім.  Кетеді  таң

атқан  соң  ѳсек  бағып.  Еріне  былшылдайды  елді  шағып.

Қонаққа  тамақ  бер  деп  ептеп  айтса,  Жүреді  теріс  қарап,

жыбыр қағып.

Кісіге  күле  сѳйлеп  келмес  жанап.  Былшылдар  ел

кезінше байын сыбап, Таусылды күні-түні ет пен шай деп,

Қонағын қыстай келген бәрін санап...



Орамал  жерде  жатыр,  кірі  батпан.  Салдырап  аяқ-

табақ  қирап  жатқан.  Сүтіне  шелектегі  ит  кеп  тисе,

«

Кет!»  деп  те  айтпайды  оған,  құдай  атқан,ѳ-ѳ,  е-



е-е.. Оуф!

Тѳрешінің  ұйғаруымен  Жомартбекке  де  сүю  сыйлығы

тиді. Ол алшаңдап, Зайкүлге қарай жүрді. Ернін шүрши‐

тіп,  нақ  соны  ғана  сүйетіндей  боп,  ыңғайланып  бара

жатты.  Зайкүл  құйтыңдап,  басын  қиқандатып,  ернін

ыңғайлай  бастады.  Жомартбек  оны  ѳзіне  қарай  ұмтылта

түсті  де,  басын  шапшаң  бұрып,  шѳп  еткізіп  Зайкүлдің

қасында отырған Нәзиләштің бетінен сүйді. Зайкүл сүйі‐

суге  ыңғайлап,  шошайтқан  ернін  не  істерін  білмей,  түсі

бұзылып, нәумез боп қалды. Оны бағып отырған біз және

қыран күлкіге баттық. - Зайкүл, немене сүйіскің келіп пе

еді,  кел,  -  деді  Жомартбек  ештеңе  болмағандай  жайба‐

рақат оған қарай бұрылып.

— 

Архимедтің  тұтқасын  ұстағандай  болмай,  аулақ



кетші, -деді Зайкүл теріс айналып.

— 

Менің ѳз тұтқам да жетеді, - деді Жомартбек бейне



187


бір  Зайкүлмен  ұрысқандай  баж  ете  қалып.  -  Біреудікі

маған дәрі емес!

Осылай  деп  Жомартбек  Зайкүлге  қарап  күлейін

дегендей  боп  ыржиып  келе  жатты  да,  дереу  біреумен

тѳбелесіп қалғандай, түсін томсырайта қойды. Бұлай, бет-

бейнесін  лезде  екінші  түрге  түсіре  қою  сияқты  артистік

ѳнер курста Жомартбекке ғана тән болатын. Осынысымен

ол бәрімізді бұрын да талай рет күлдірген еді. Бұл жолы

да ол біздің күлмес еркімізге қоймады.

Қанипа,  Сақила,  Назиләш  үшеуі  үш  жақтан  қол

кѳтерді.  Майра  үшеуіне  де  бас  изеді.  Олар  ортаға  келіп,

соғыс кезінде шыққан «Кѳкем-ай» деген әнді шырқады.

Елде  жүрген  жас  бауырдың  майдандағы  ағасын  сағы‐

нып,  жүректің  запырандай  зарымен  айтқан  жан-жүйені

босатар  ащы  әні  аудиторияны  кернеп  кетті.  Үш  дауыс

қосыла  шырқ-ап,  «Кѳкем-ай!»  деп  зарлағанда  терезенің

шынысына дейін дірілдеп, қалтырап кеткендей болды.

Қан майданнын ішінде кѳкем жүр-ау, а-а-ау,

Мылтық кезеп кѳкеме неміс тұр-ау, а-а-ау-ай.

Кѳкем-ау!

Қашан келер екен-ау!?

Мен тағдырдан сұраймын күндіз-түні-ау, а-а-ау,

Кѳкеме атқан жау оғын маған бұр-ау, а-а-ау, а-а-ау-ай.

Жан кѳкем!

Дидарынды бір кѳрсем!

Бұдан кейінгі кезек маған келді. Үш қыз қосыла айтқан

жаңағы  зарлы  ән  жүйе-жүйемді  босатқан  мен  не  айта‐

рымды  білмей  састым.  Әзірлеп  әкелдім  дегенімнің  бәрі

жан  толқыт-қан  жаңағы  әннен  кейін  мүлде  қажетсіз,

керексіз  сияқтанды.  Бірақ  қыздар  қыстап,  болмады.

«

Шықсын  ортаға,  айтсын  бірдеңе»  деп  жанымды



шығарды. Амалсыз ортаға шықтым.

— 

Мен  Абай  ѳлендерінде  кездесетін  ескі  сѳздердің



тізбесін жасап, оларға ѳзімше түсінік берген едім. Бүгінгі

188



конкурс  сияқты  қорытынды  кешке  соны  ұсынуыма

болады.  Бірақ  мұның  ѳзі  бір  дәптер,  -  дедім  қыздарға

дәптерімді  кѳрсетіп.  -Бәрін  табан  астында  оқып  шығу

мүмкін емес. Сондықтан мен қазір соңғы оқыған бір кіта‐

бымнан сұлу әйел, махаббат жайында жазып алған екі-үш

нақыл сѳзім бар, соны оқып берейін.

189




Мен Майраға қарадым. Майра қыздарға қарады.

— 

Махаббат жайындағысын окысын.



— 

Соңғысын  айтсын,  -  деп  шуласты  қыздар.  Абаева

кітабын  жоғары  кѳтерді.  Жұрт  тегіс  тым-тырыс  боп,

тыныштала қалды.

— 

Иә,  онда  былай  болсын,  қыздар,  -  деді  Майра.  -



Ербол  ағайдың  Абай  ѳлеңдеріне  түсінік  жасауы  біздің

ешқайсысымыздың  ойымызға  келмеген  үлкен  жұмыс.

Оны  білудің  бәріміз  үшін  пайдасы  бар.  Ол  әсіресе  ертең

біз  мүғалім  болып,  мектепке  барғанда'  керек.  Сондықтан

біз оны ағайдан сұрап, кѳшіріп алармыз. Меніңше ағайға

тандаған қызын сүю сыйлығын осы еңбегі үшін беруімізге

болады.  Ал  бұл  кісі  жаңағы  соңғы  айтқанын  оқып

шықсын да, сыйлығын алсын.

Мен  бір  жапырақ  бѳлек  қағазға  тізіп  алған  махаббат

жайындағы сѳздерімді оқи бастадым.

«

Махаббат бар жерде кѳз жасы қоса жүреді.



Адамның  ѳмірі  қысқа  болғанымен,  махаббаты  ұзақ

ѳмір сүреді.

Құштарлық - махаббат хабаршысы.

Құштарлықты кѳз айтып, тілекгі тіл түсіндіреді.

Жүрегін  махаббат  мекендесе,  ең  саран  деген  адамның

ѳзі ересен

мырза боп кетеді.

Әдемі әйелдің әлегі кѳп.

Сұлу  әйел  сорға  бітеді.  Кѳрікті  әйелдің  күйеуінің

кѳңілінен күдік арылмайды.

Сұлуға сұқтанушы кѳп. Сорлының әйелі сұлу болады».

Жазып  алған  қағазымның  екінші  бетін  оқымай,  орта‐

сынан  бүктей  салып,  қыздарға  рақмет  деген  ишара

жасадым.


Зайкүл аузынан емшек тартып алған жас баладай боп,

баж ете қалды.

— 

Екінші  бетін  оқыған  жоқ,  Майра.  Ербол  енді  қаға‐



191


зының екінші бетіндегісін оқысын, - деп елбелектеп ұшып

кете жаздады.

Абаева маған қарап, «Зайкүл бәрін естімей тынбайды»

дегендей  жымиды  да,  басын  изеді.  Бұл  тѳрешінің  «тағы

оқы»  деген  әмірі  еді.  Әскерде  командир  бұйрығын  екі

етпей  орындап  үйренген  басым  қағазымның  бүктеуін

қайта жаздым.

— 

Бұл  үзінділер  үндінің  ұлы  жазушысы  Дандиннің



«

Он  ханзаданың  басынан  кешкен  оқиғалары»  деген  кіта‐

бынан  алынды.  Ал  тыңда,  Зайкүл,  -  дедім  мен  алдымен

жүзі жайнап, құлпырып отырған Зайкүлге қарап алып.

— 

Оқи бер, оқи бер, - деді Зайкүл шыдамсызданып. -



Мен тындап отырмын.

Мен тағы да оқуға кірістім.

«... 

Махаббат жайына келетін болсақ, оның мәні адамға



дүниеде теңдесі жоқ ѳзгеше рақат беретіндігінде. Кеудесін

махаббат кернеген еркек пен әйелдің ойлайтыны ѳмірдің

ѳзгеше  сол  рақатына  жету  ғана  болады.  Жүрегіне  махаб‐

баттың  нұры  түскен  жанның  жай  жұрттан  ѳзгешелігі

оның  айналасының  бәрі  күліп,  қуанып  тұрғандай  күйде

болады.  Ынтызар  екі  жанның  құшақтарының  айқасуы

ѳздеріне ѳшпес қуаныш боп танылып, кейін сол сәтті еске

алудың  ѳзі  ол  екеуін  ерекше  елтітіп,  ѳзгеше  шаттыққа

бәлейді.  Жүректі  кернеген  осы  қуанышқа  жету  үшін

үлкен  қызметтегі  адамдардың  ѳздері  аса  қиын  ерліктер

жасауға  дейін  барып,  мол-мол  сыйлықтар  тартады,

қауіпті іс, қатерлі жанжалға дейін тәуекел етеді...

... 

Әйелге, әсіресе жүрегінде біреуге арналған маздаған



махаббаты  бар  әйелге  ѳзі  сүймейтін  еркекке  еріксіз

қосақталудан қиямет қорлық жоқ.

... 

Мені  махаббаттың  улы  жыланы  шакты  аямай.



Жаныма дәрі, дертіме шипа сен ғана!

... 


О,  құдірет,  жалаң  бұт  жүгіріп,  күні  бойы  қуалап

торғай  ататын  сәби  сияқты,  садақ  толғап,  сан  адамның

192



жүрегіне  жебе  қадалатын  махаббат  тәңірі!  Не  жазығым

бар  еді  менің?  Неге  мұнша  қинайсың  мені?  Біржола

ѳртеп,  құл  қылып  жібермей,  неге  мұнша  күйдіресің

аяусыз?..

...- 

Ѳзіңдей  сен  оның  жүрегіне!  Оның  жүрегі  алып



жартастың  табанындай  тұрақты,  нағыз  болаттың  ѳзіндей

берік.  Ол  жүректі  ѳзгеше  байлық  -  ѳз  махаббатыңның

нұрлы  гауһар  тасымен  ѳрнектегейсің  сен!  Оның  биік

кеудесі  ѳзіндей  лайықты  жардың  салмағына  жаншылып,

ѳз  рақатын  алсын  ѳмірден».  Ханшаның  некер  қыздары

осылай  деп  үн  қатты  маған.  Бұл  сѳздерден  кейін  менін

жүрегімді  қысқан  махаббат  бұғауы  одан  сайын  тарыла

түскен тәрізді болды».

Мен  бар  оқығыштық  ѳнерімді  жұмсап,  бар  жанымды

салып, біреудің сѳзін оқып тұрғандай емес, ѳз жүрегімнің

бар  сырын  бір  жанға  ғана  арнап,  ақтарып  тұрғандай  боп

елтіп,  егілгендей  күймен  үнімді  үзіп,  қағаздан  басымды

кѳтердім.  Әрине,  мен  бұл  сѳздерді  тек  қана  Меңтайға

арнап едім. «Осынымды ұқты ма екен?» деп мен басымды

кѳтергеннен  кейін,  басқаларға  білдіртпеуге  тырысып,

Меңтай жаққа кѳз тастадым.

Мен  оқыған  сѳздерге  қыздардың  кѳбі  іштей  рақатта‐

нып,  бас  кѳтере  алмай,  тѳмен  тұқырыса,  сылқылдап

күлісіп  қалған  екен.  Зайкүлдін  екі  кѳзі  ішіп-жеп,  маған

қадалып  алыпты.  «Тағы  да  бар  ма,  тағы  да  оқышы»  деп

ѳтінгендей,  сұрап,  тілегендей  күй  танытады.  Тек  Меңтай

ғана  күлместен,  жымимастан,  менің  сѳздерімді  естіме‐

гендей  боп,  маған  емес,  терезе  жаққа  кѳзін  қадап,

ойланып қалыпты.

Иә,  ағай,  сыйлығыңызды  алыңыз,  -  деді  Майра



жаңағы  мен  оқыған  үзіндідегі  нѳкер  қыздар  мақтаған

ханшадай жымиып. - Қалаған қызыңызды сүйіңіз.

Мен жаңағы махаббат жайында үзінділер оқыған сәтте

бар дүниені ұмытып, ойымнан шығарған екенмін. Сѳйле‐

193



генім  үшін  маған  да  сыйлық  бары,  сыйлық  болғанда

таңдаған,  жаным  жақсы  кѳрген  қызды  құшақтап,  бетінен

сүюге  праволы  екенім  енді  ғана  есіме  түсті.  Сол-ақ  екен

жүрегім  ѳз-ѳзінен  лүпілдеп,  дүрсілдеп  қоя  берді.

«

Сүйсем бе екен, сүймесем бе екен?» деп ойладым. «Жоқ,



осындай сәті кеп тұрғанда сүйіп алайын, ол қайтер екен?»

дедім  де,  ақырын  басып,  Меңтайға  қарай  аяңдадым.

Меңтай  маған  келе  жатыр  деп  ойламаған  сияқты  қалып

кѳрсетіп, басқа қыздардай қымсынып, бетін баса бастаған

жоқ.  Мен  оның  қасына  тақап  қалғанда  да  ѳзінің  сол

жағындағы  қыздың  бетінен  сүюге  келе  жатқан  болар

дегендей,  оң  жағындағы  кѳрші  қызына  қарай  мойнын

бұрып, оны сѳзге шақырды. Дәл сол кезде мен қолы діріл‐

деп,  ең  алғаш  мѳр  ұстаған  ауылнайдай,  етектей  ернімді

жиған  боп  сәл  бүрістірдім  де,  оны  Меңтайдың  қағаздай

мойнына  былш  еткізіп  басып  кеп  калдым.  Бейқам

отырып,  селк  еткендей  болып  және  қытығы  келген

сияқтанып қыз мойнын ішіне тартыңқырап, қайтадан сол

жағына  қарай  бұрды.  Ол  кез  менің  қызға  құмар-ып,

қиналып  жүрген  шағым  емес  пе?  Егеудей  ернім

Меңтайдың  мойнын,  кішкентай  құлағын  үйкелеп  барып,

лезде  қып-қызыл  боп  кеткен  ақ  бетінің  ұшына  тоқтады.

Оны  ѳзімше  ақырын  ѳптім  де,  қыздарды  қыран  күлкіге

батырып,  мас  кі-сідей  сенделектеп,  ѳз  орныма  қарай

аяңдадым.

Менен кейін қыздар бірлесіп тағы да ѳлең айтты. Бірақ

олардың  не  айтқанын  мен  ұққамын  жоқ.  Меңтайдың

бетінен  бір  сүйгенге  бір  шиша  шербетті  басыма  кѳтеріп,

жалғыз сі-міргендей, ѳз-ѳзімнен масайып, буын- буыным

құрып,  елтідім  де  отырдым.  Сол  кезде  қолына  шағындау

дәптер ұстап, ортаға Меңтайдың ѳзі шықты.

— 

Ойынның  шарты  ѳзгешелеу  нәрселер  даярлап



әкелуді  талап  еткен  соң,  -  деді  Меңтай  бѳгеле  сѳйлеп,  -

мен мына бір дәптерді ала салып едім. Мұнда шешемнің

194



айтқан  бірсыпыра  сѳздері  жазылған.  Шешем  бастауыш

мектепте  мұғалімдік  қызмет  атқарған,  сауатты  кісі  бола‐

тын.  Оқыған  кітаптарының  ақ  бетіне  ѳз  ойларын  жазып,

тастай  салатын.  Менің  он  жасыма  дейін  біз  ауылда

тұрдық. Одан соң Ридцер деген қалаға кѳшіп барып, әкем

жұмысшы  болды.  Былтыр  ауылға  барғанда  (әкемнің  інісі

ауылда  тұрады)  апам  оқыған  кітаптардың  беттерін  бір-

бірлеп  ақтарып  отырып,  оның  ѳз  қолымен  жазған  жазу‐

ларын  мына  дәптерге  кѳшіріп  алған  едім.  Талай  қызық

кітапты  ѳздерің  де  оқып  жүрсіңдер  ғой.  Мен  сендерге

апамның  жазғандарын  айтып  берейін.  Мұның  кей

тұстары  тұрпайылау  да  боп  кѳрінер.  Бірақ  бәріміз  де  ес

білген  ересек  балалармыз  ғой,  ондайларын  алып  таста‐

май-ақтұтас оқи берейін.

— 

Дұрыс.


— 

Жѳн.


— 

Оқы, Меңтай, - дедік біз жарыса шуылдап.

Меңтай  тамағын  кенеп  алды  да,  асықпай,  жайлап,

бірінің соңынан бірін тізіп, ана жүрегінен шыққан ақылды

нақылдарды ақтара бастады.

«1. 


Жазғы  салқыннан  жаныңды  аяма.  2.Ешқашан  да

ешкімді  жамандама.  Ең  жаман  деген  адамның  да  ѳз

жақсылығы болады.

3.

Қыз кѳйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек,



себебі қыздың жалаңаш жеріне кѳп кѳзінің құрты түскіш

келеді.  Ал  халықта:  «Есті  қыз  етегін  қымтап  ұстайды»

деген мақал бар.

4.

Әйелдің  жалаңаш  денесі  еркектің  құмарлығын  қозды‐



рады.  Ақылмен  бѳгеп,  сабырмен  тұсалмаған  құмарлық

таудан  тѳңкерілген  сең  сияқты:  жолындағының  бәрін

ұйпа-тұйпа  етіп,  жайпап,  жойып  кетеді.  Сондықтан

195



әйелдің  еркек  құмарлығын  қоздыратын  ашық-шашық

жерді  кѳбейтпей,  жауып,  жария  етілмейтінін  қымтап

ұстауы  абзал.  Әсіресе  етекті  қара  санға  дейін  кѳтермеу,

кеудені  жалаңаштамау  жѳн.  Сонда  еркек  елеңдемейді,

әйел аландамайды, адалдық бұзылмайды.

5.

Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағанды жоясың.



6.

Қарқылдап күлу, тарқылдап сѳйлеу - дарақылық белгісі.

7.

Кемшіліксіз  кісі  болмайды,  оны  кѳруден  оңай  жоқ.  Кісі



кемшілігін тез кѳруге емес, тез түзетуге кѳмектес.

8.

Қызға  қатты  күлудің  қажеті  жоқ,  жігіттерге  оның



жымиғаны да жетіп жатыр.

9.

Ауыз  шешендік  әркімде  болады.  Әсіресе  қыздың  аузы



сүйреңдеп,  кѳп  сѳйлемегені  абзал.  Ѳйткені  қыздың

күлкісі,  жымиюы,  бас  изеуі,  кѳзқарасы,  жүріс-тұрысы  -

бәрі  де  сай-рап  тұрған  сѳз.  Сондықтан,  оның  аз  сѳйлеп,

айналасына ақылмен танылғаны дұрыс.

10.

196



Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.

11.


Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем, жаман бала

жақсы ананы ажалынан бұрын кѳрге кіргізеді.

12.

Жаман  туыс  тістеуік,  жақсы  жолдас  үйірсек.  Жақсы  дос



жаман әкеден артық.

13.


Үміт  күткен  ұлы  оңбаған  боп  кетсе  -  әке  сорлы;  қызы

күйеуге  ѳтпесе,-  шеше  сорлы;  сұлу  деп  алғаны  сүйкімсіз

боп  шықса  -  жігіт  сорлы;  қыран  деп  тигені  жапалақ  боп

шықса - жар сорлы.

14.

Ак  кѳңіл  мен  адал  ниеттен  туған  іс  әсем  болмаса  да



сүйкімді.  Айла  мен  арамдықтан  туған  іс  әдемі  болса  да

жиіркенішті.

15.

Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап



алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат,

ал жеткен жеңісті баянды ету - одан да қымбат.

16.

Кѳшеде  кѳлденең  тұра  қалып,  бірінің  ернін  бірі  жұлып



197


жердей  боп  жалмап,  жұрт  кѳзінше  сүйісіп  жатқан  қыз

бен  жігітте  ар  да,  ұят  та  болмайды.  Ондай  әдеттен  без,

ондай құрбыдан аулақ.

17.


Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу

әйелге  және  ұлы  адамға  ғана  жарасады.  Бұл  үшеуінен

басқаға біткен қыңырлық қырсықпен тең.

18.


Махаббат  барша  байлықтан  күшті.  Бірақ  күштіге  де

кѳмек  керек.  Сол  сияқты  махаббат  та  ѳзін  байлық  пен

барлыктың қоса қолдауын ұнатады.

19.


Екі  адамның  бір-біріне  шын  ықыласпен  қалтқысыз

қызмет  етуі  не  араларындағы  адал  махаббаттын,  не  асыл

достықтың арқасы.

20.


Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

21.


Тірі  адамның  бар  бақыты,  бар  қызығы  жер  бетінде.  Оған

кѳкке  ұмтылудың  немесе  о  дүниеден  үміт  етудің  қажеті

жоқ.  Сол  себепті  бар  терді  тѳгіп,  барша  ой  мен  ақылды

жұмсап, жер бетін, тұрған үйінді жұмақ ете біл.

22.

198



Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.

23.


Жақсы  адам  -  магнит.  Магниттің  бірнеше  темір  шегені

ѳзіне  тартып  ала  алатыны  сияқты,  жақсы  адамның  да

жанына  жұрт  кѳп  үйіріледі.  Ѳзің  жақсы  болсаң  -  айна‐

ланда досың кѳп; жаман болсаң - жалғыз жүресің; орташа

болсаң - сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты

сырттан  іздеме,  жақыннан  ізде,  ѳзіңнің  ішіңнен,  ішкі

дүниеңнен  ізде.  Жаның  жақсы,  жүрегің  жылы,  ақылың

парасатты  болса  -  іздеген  досың  алыстан  үйіріліп,  ѳзі

келеді.

24.


Біздің  ауылдың  қазақтары  баяғы  ескі  әдетпен  әлі  күнге

дейін  жүзге  бѳлінеді.  Содан  соң  әлі  жеткені  әлсізін

аяғынан  шалып,  бѳтен  жүздің  баласы  деп  жұдырықтап,

жұлмалап,  жүндеп  жатады.  Алауыздықтың  атасы  -  жүз

жойылса екен. Жүзге бѳлінгеннің жүзі күйсе екен!

25.


Ел 

билеген 


жақсы 

адамның 


ѳмірдің 

күнделікті

күйбенімен  кетіп,  ертеңгі  ұрпаққа  мұра  боларлық  ѳз

атынан  ештеңе  қалдырмауы  ѳкінішті.  Абай  атамыздың

ѳзгелерден  артықшылығы  да  осында  -  артына  тастап

кеткен асыл кітабында ғой.

26.

Біреуді  пәленше  кѳп  біледі  деп  мақтайды.  Кѳп  білген



адам  кѳп  тындырса,  мақтауға  болар  еді.  Кѳп  біліп,  түк

199



тындырмайтындар  да  бар.  Мұндай  іске  пайдасыз  білгі‐

штікті  білдім  деудің  қажеті  жоқ.  Ондай  «білгіштен»  аз

біліп, кѳп тындыратын қоңырқай адамның ѳзі артық».

Меңтай  дәптерінің  бетін  жауып,  кѳкірегіне  басты,

жұртқа басын иді.

Қыздар қозыдай жамырасып, жарыса сѳйлей жѳнелді.

— 

Үндемей жүріп, бар білім сенде екен ғой, Меңтай.



— 

Міне, тамаша!

— 

Кітап сѳзінен кем емес!



— 

Кей  кітаптарды  қырық  рет  ақтарсаң  да,  мұндай

сѳздерді таба алмайсың, - десті.

«

Меңтайдың  мұнша  сабырлы,  ұстамды  болуы  шеше



тәрбиесінен  екен-ау,  -  деп  ойладым  мен.  -  Асыл  ана

ешқашан  да  аптықпа,  асықпа,  шошақай  болма  деп

қызының  құлағына  сіңіріп  отырған-ау,  тегі.  Ақылды

ананың  адал  перзентіне  берген  ақ  бата  -  тәрбиесіне  не

жетсін, шіркін!»

— 

Ал Меңтай, сыйлығынды ал.



— 

Не тілейсің? - десті қыздар қаумалап.

Менің жүрегім, қос ішегі қатты бұралған домбырадай

болып,  соғуын  тоқтатып,  тынып  қалған  сияқтанды.

Меңтай  не  тілер  екен,  Зайкүлше,  біреу  келіп  бетімнен

сүйсін дер ме екен деп ынтықтым.

Меңтай басын шайқады.

— 

Бұл  менің  ѳз  жанымнан  шығарғаным  емес,  мен



апамның айтқандарын ғана оқып бердім. Сондықтан мен

оған ешқандай сыйлық тілемеймін.

Менің екі бетім ду ете түсті. Жаңа, оз кезегім келгенде,

біреудің сѳзін оқып бергенім үшін ақы тілеп, Меңтайдың

бетінен сүйгеніме ұялдым.

Кешіміз  кѳңілді  болып,  ұзққка  созылды  да,  универси‐

теттен  жатақханаға  кеш  қайттық.  Улап-шулап,  кѳшені

басымызға  кѳтере  дабырласып  келе  жаттық.  Бір  қаға

берісте мен Меңтайға тіл қаттым.

200



— 

Меңтай,  сен  маған  ѳкпелеп  қалған  жоқсын

ба? - дедім.

— 

Неге?



— 

Бағанағы сүйгенім үшін.

— 

Ол,  біріншіден,  ойынның  шартына  байланысты



болды  ғой,  -  деді  Меңтай.  -  Екіншіден,  сіз  менің  ағайым

іспеттісіз.  Ағасы  бетінен  сүйгенге  қарындасы  ѳкпелеуші

ме еді?

— 

Шын  ѳкпелеген  жоқсың  ба?  -  дедім  мен  қуанып



кетіп.

— 

Шын, - деді Меңтай байсалды үнмен.



— 

Онда рақмет саған...

Біраз жүргеннен кейін тағы да үн қаттым.

— 

Меңтай, бір ѳтінішім бар еді айтатын, - дедім.



— 

Айтыңыз.


— 

Рұқсат  етсең,  жаңағы  оқығандарыңды  кѳшіріп

алар едім.

Меңтай  үнсіз  екі-үш  аттады.  Содан  соң  барып  жауап

берді.

— 

Дәптерде басқа да шимайларым бар еді, - деп баяу



айтты  да,  тез  шешімге  келді.  -  Жарайды,  алыңыз.  Бірақ

басқа ешкімге кѳрсетпессіз.

— 

Кѳрсетпеймін, - дедім мен ант еткендей елпілдеп.



Қыз қолтығындағы дәптерін маған берді.

Бағана,  оны  бір  сүйгенге  сүйегім  балқыған  еді.  Енді

дәптері  қолыма  тигенде  патшаның  сарайынан  кѳтер‐

генінше алтын алған қайыршыдай қуандым. Жатақханаға

жетіп, бѳлмеге кіргеннен кейін стол басына отыра қалдым

да, шамды кѳлеңкелеп алып, қадалып қыз дәптерін оқуға

кірістім. Дәптердің алғашқы бірнеше бетіне «АПАМНЫҢ

АЙТҚАНДАРЫ»  деген  заголовокпен  Меңтайдың  баға‐

нағы  оқығандары  тізілген  екен.  Оның  одан  кейінгі

беттеріне  қыз  ѳзінің  оқыған,  білген,  кѳрген  жайларын

жазыпты.  Соларға  байланысты  ѳз  ойларын  маржандай

201



тізілтіп,  қысқа-қысқа  етіп  қағазға  түсіріпті.  Біткен  әр

ойдың  арасын  сызықпен  бѳліп  тастап,  кей  жазбаларына

жеке-жеке  ат  қойып,  рим  цифрларымен  тараулап

отырыпты.  Дәптердің  кей  тұстары  күнделік  іспеттен‐

діріліп, онда қыздың жан сырлары баяндалыпты. Мен ол

беттердің  бәрін  дастарқандағы  тәттінің  бірінен  соң  бірін

сұрап,  қол  созған  баладай  болып,  бас  алмастан  оқи

бердім.


Таң  ағарғанша  тапжылмастан  отырып  мен  Меңтай

дәптерінен мыналарды оқып шықтым.

«

Құлақтан  кірген  ѳтірік  пен  ѳсек  ғашықтар  жүрегінің



тѳріне  тасқорған  боп  қаланады.  Түрмедей  қапас,  сұры‐

қсыз  ол  қорғанның  кірпіштерін  балталап  бұзып,

сүйменмен  соғып,  қирата  алмайсың.  Оған  ѳзгеше  құрал

керек - ақтыққа кѳз жетіп, адалдыққа кѳңіл сенгенде ғана

ол күл болып, кѳкке ұшады.

Зұлымдық махаббатты ториды. Қашан да махаббаттың

қалай  мерейін  тѳмендетсем  екен  деп  аласұрады.  Тек

күшті махаббат қана зұлымдықтың торына түспейді.

Шығыс  нақылы.  I.  -  Басқа  кіммен  дос  болсаң,  онымен

дос бол, бірақ мынадай үш адаммен дос болма, - депті бір

данышпан ѳзінен ақыл сұрай келген адамға. - Ақымақпен

дос  болма,  ол  саған  жақсылық  жасаймын  деп  жүріп-ақ

жамандық  жасайды;  зеріккіш  жанға  жолама,  қанша

сенгеніңмен  ол  сені  тастап  кетеді;  ѳтірікшіден  аулақ  бол,

ол сені ѳсекке таңғанын ѳзі де сезбей қалады.

II. 


Бір  адам  қазының  алдына  келіп:  «Менің  үш  түрлі

құмарлығым  бар,  олар:  шарап,  әйел,  ѳтірік  айтушылық.

Осы  үшеуінің  қайсысын  тастасам  екен?»  -  депті.  Қазы

ойланып отырып: «Ѳтірікті тастағаның жѳн болар» депті.

Кеңес  алған  адам  қайтып  кетеді.  Бір  күні  оның  бѳтен

әйелге  кѳңілі  ауады.  Сонда  оның  басына  мынадай  ой

келеді:  іс  аяғы  насырға  шауып,  қазыға  барсам  -  ол  менен

«

Басқаның  әйелін  азғырғаның  рас  па?»  -  деп  сұрайды.



202


«

Иә», - десем, жазаға ұшыраймын, «жоқ» десем, ѳтірікші

боламын.  Қой,  одан  да  әйел  құмарлықты  да  тастайын

деген  қорытындыға  келеді.  Сѳйтіп,  ол  ѳзінің  шарап

құмарлығын  да  тастаған  екен  дейді.  «Бұл  байғұс  неге

шѳлге  құмар?»  деп  балық  түйеқұсқа  таңданады  екен.

«

Бұл  неге  соншама  суға  ғашық?»  деп  түйеқұс  балыққа



танданатын болса керек.

Інжу теңіздің терең түбінен алынады. Теңіздің суығына

тоңып, суына тұншықпағанның інжу мен меруертке қолы

жетпейді. Махаббат та сол сияқты.

Жылтыраған  кішкентай  ұшқыннан  лапылдаған  ѳрт

тұтанады. Махаббатта сол сияқты.

Жаманға 

бастамақ 

мұраттан 

жақсыға 


бастар

ұят артық.

Шѳлдемей тұрғанда екі рет ішкен судан шѳл қысқанда

бір рет қанғанның ѳзі абзал.

Жалықпайтын жан жартасты мүжіген сумен тең.

Кінә тағу - кикілжіңнің басы.

Зеріккіш  жанның  махаббаты  қайтарылмас  қарызбен

тең. Соқырдың кѳзі кѳрмесе, күнде қанша жазық бар. Тату

болып,  ажырау  жаныңа  түскен  дақпен  тең.  Араз  болып,

жақындау,  ол  да  ѳзінше  бір  мерей.  Тұрақтылық  -

махаббат мұраты.

Сүйіскен  жандар  бір-бірінен  алыста  жүрсе,  түс

кѳрісіп, түшіркеніседі.

Оңда тән табысса, түсте жан жанасады.

Түс туралы. Ғашықтар кѳретін түстің тѳрт түрі болады.

I. 


Сүйгені  тастап  кеткен  ғашық  түсінде  сүйіктісімен

жақындап,  қайтадан  татуласып  жүргенін  кѳреді.  Ояна

келсе, онысы түс болып, ѳкінішке батады.

II. 


Сүйгені жақында, бірақ аңаларында әлдебір салқын

жүрген  ғашык  түсінде  сүйгенінің  ѳзін  тастап  кеткенін

кѳріп, қатты ѳкініп, кейде ѳксіп жылап оянады. Бұл оның

солай болып кетпесе игі еді деген ішкі ойының жалғасы.

203



III. 

Сүйгенінің  үйі  жақын  жердегі  ғашықтың  түсіне

алыстап, аулақтап кеткен боп кѳрінеді. Бұған қатты қина‐

лып,  үрейлене  оянған  ол  бұл  түсі  екенін,  ғашығының

ешқайда  кетпегенін  біліп,  «уһ!»  деп,  ѳз-ѳзінен  қуаныш

табады.


IV. 

Сүйгенінен  алыста  жүрген  ғашык  түсінде  оның

қасында болып шығады. Екеуі қосылып, қуаныш, рақатта‐

бады.  Ал  ояна  келгенде  оның  бірі  де  жоқ  болып  шығады

да, бұрынғыдан да күшті қайғы мен қасіретке батады.

Ұстамды әйел мен ұстамды еркек күлге кѳмулі қолам‐

таға  ұқсайды,  олар  күлді  аршып,  ѳздеріне  жақын  келген

жанды ғана күйдіреді.

Ѳз ойларым:

Неге  екенін  білмеймін,  мен  әйелдер  туралы,  олардың

жаратылыс-табиғатындағы мәңгілік мазасыздық жайында

кѳбірек  толғанамын.  Кейде  менің  әйелді  түнгі  бѳлмеде

маздап  жанып  тұрған  шыраққа  теңегім  келеді.  Олай

дейтінім,  шырақ  бүкіл  бѳлмеге  сәуле  шашып,  нұр  тара‐

тады.  Соның  жарығымен  үй  ішінің  күндізгі  тіршілігі

жалғасып, шаруасы істеліп, реттеліп жатады. Сағат сайын

шырақтың  майы  азайып,  бойы  аласара  береді.  Ең  соңғы

тамшы  майы  сарқылып,  білтесі  біткеннен  кейін,  «ал,

маған  разы  болыңдар»  дегендей,  кеудеден  ақтық  рет  дем

шығарғандай  бір  дір  етеді  де,  шырақ  сѳнеді.  Ол  жан-

жағына үздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен

бар ѳмірін ѳткереді де, мәңгі ѳшеді.

Байқап,  барлап  қарасақ,  әйелдіңде  ѳмірі  осыған

ұқсайтын сияқты. Бойжетті, босаға ѳзгертіп, басынан қыз

дәурені  кеткеннен  кейін  ол  қызметке  тұрады,  жұмысқа

орналасады. Біраздан кейін балалы-шағалы болады. Одан

соң  қызмет,  күйеу  және  баланың  ғана  қамын  ойлап,  бар

жанын соларға салып, дедектейді де жүреді. Кешке арты‐

нып-тартынып  жұ-мыстан  келе  сала  білекті  сыбанып

жіберіп,  үй  ішіне  ас  әзірлейді.  Кѳпшілік  еркектер  түз

204



шаруасы,  кеңсе  қызметінен  келгеннен  кейін,  жығылып

қалмау  үшін  дѳңгелек  үстелді  жағалаған  жас  баладай

болып,  диванды  тѳңіректейді.  Мен  мұны  ауылдан  да  кѳп

кѳрдім,  қаладан  да  байқадым.  Ал  әйел  оған  мүлде  қабақ

шытпайды, балаларының бетінен бір-бір иіскеп алып, үй

ішін  күміс  күлкіге  толтырып,  жайраңдап,  жарқылдап

жүре  береді.  Мен  осының  бәрі  әйел  жүрегіндегі  шексіз

махаббатқа байланысты-ау деп ойлаймын. Меніңше, әйел

махаббаты  -  ең  күшті  махаббат.  Еркектер  әлімен  күшті

болса,  әйелдер  махаббатымен  мықты.  Әйел  махаббаты  -

әлемнің тұтқасы. Мен осылай деп түсінемін. Әйел махаб‐

батының  күші  Жердің  тарту  күшінен  кем  емес-ау  деп

ойлаймын.

Мінеки, әйел деген осындай, ерекше еңбекші жұрт. Ол

дүниеге  әмір  таратады,  қоғам  игілігіне  еңбегімен  үлес

қосады,  семьяға  қуаныш  әкеледі.  Сол  үшін  ол  қарлыға‐

штай  лы-пып,  ешқашан  тыным  таппайды.  Бұдан  басқа

тіршілікті ешбір әйел ѳмір деп түсінбейді. Біз де бір күні

семья  құрып,  апа,  аналарымыздың  мәңгілік  кәсібіне  кірі‐

семіз-ау  әлі.  (Біздің  диван  жағалағыштарымыз  қандай

болар екен десеңші?!.).

Семья  -  мемлекеттің  негізі.  Біздің  мемлекетіміз  -

азаттықтың,  әділдіктің,  адамгершіліктің  Отаны.  Семьяға

адалдықтың үлгісі де елден елге, ұрпақтан ұрпаққа бізден

тарауы  керек.  Сондықтан  мен  ерлі-зайыпты  адамдардын

жұптылық 

салтын 

адалдық 


заңындай 

ардақтап,

бұлжытпай  орындауын  қалаймын.  Әйелдің  жүрегіне

жара  түспесе  екен,  ол  әрқашан  да  бақытты,  қуанышты

бола  берсе  екен  деймін.  Барлық  әйелдің  күйеуі  ақкѳңіл,

адал  болса  екен,  олар  әрқашан  әйелдерін  қадірлей  білсе

екен деп тілеймін.

Мен  Отанымды  сүйемін.  Ѳз  мемлекетімді  ѳз  үйімдей

кѳремін.  Егер  мен  соғыста  болсам,  сүйікті  Отаным  үшін

Зоя 


Космодемьянская, 

Мәншүк 


Мәметова, 

Әлия


205


Молдағұлова  сияқты,  қасықтай  қанымды,  шыбындай

жанымды  аямас  едім.  Бірақ  менің  үлесіме  соғысқа  бару

тиген  жоқ.  Мен  бұл  соғыста  талай  адамның  қаны  тѳгіліп

қорғалған  қасиетті  мемлекетімнің  моральдыкқ  негіздері

одан  сайын  берік  бола  беруін  мұрат  тұтамын.  Ѳрістеген

экономика  мен  берік  моральдық  негізі  бар  мемлекет

ешқашан  да,  ешкімнен  де  жеңілмейді  деп  білгендіктен

соны нығайта беруге үлес қосуды арман етемін.

Он  сегіз  жас  -  от  боп  лаулап  тұрған  шағы  екен  ғой

адамның.  Жаның  жалынды  болып,  жас  ғұмырды  еліңе

пайдалы  етіп  ѳткізгенге  не  жетсін!  Жан-жағына  нұр

шашып ѳткен ѳмірден ардақты не болсын!

Кино  -  жақсы  ѳнер.  Бірақ  кейбір  қыздардың  сабақты

тастап, күн сайын киношыл болуы - жақсы ѳнер емес-ау.

Кѳз кѳрмегенге күдік келтірме. Күдік - ѳтіріктің, жаланың

бір  түрі.  Ауыздан  шыққан  сѳзді  аңдыма.  Аңдысаң  да

жаманға жорыма. Сырлар Л. Кеше университеттен Е., Ж.

және  мен  үшеуміз  бірге  қайттык.  Күлкілі,  қызық

жайларды  кѳп  айтысып,  жатақханаға  дейін  жаяу  келдік.

Бір кезде ұлдардың қыздардан сыр жасырмайтындығы, ал

қыздарйың  ұлдарға  сырын  айтпайтындығы  сѳз  болды.  Е.

менен осының себебі не деп сұрады.

— 

Қыздың жағдайы қиын ғой, ағай, - дедім мен. - Олар



жігіттерге сырын лак еткізіп ешқашан ақтара алмайды.

— 

Неге?



— 

Онын  неге  екенін  айту  қиын.  Бәлкім  қыз  табиғаты,

жаратылысы  солай  шығар.  Әйтеуір  қыз  сырын  ішіне

бүгеді.  Ол  сүйіп  тұрған  адамына  мен  сені  сүйемін  деп

айта алмайды. Айта алмағандықтан оның сүйген жігітінен

айырылып қалуы да ықтимал.

— 

Айтуы керек қой.



— 

Ия,  айтуы  керек.  Бәлкім  қыздың  қадірі  сол  айта

алмауында шығар, кім біледі.

— 

Мен қыз болсам, айтар едім, - деді Ж.



206


— 

Қыз жанының нәзіктігі, жасқаншақ, үркек, сыршыл‐

дығы айтқызбаса, қалай айтасың? - дедім мен күліп.

II. 


Бүгін біздің бѳлмеге жүгіріп 3. келді.

— 

Мен бір жігітпен танысып едім, соны сынап берші, -



деді екі иығынан дем алып.

— 

Қой,  3.,  «Шоқпардай  кекілі  бар,  қамыс  құлақ»  деп



заулатып  қоя  беретін  жігіт  жылқы  емес,  қалай  сынайды

оны? - дедім әзілдеп.

— 

Қойшы,  сен  білесің  ғой,  адамның  жақсы,  жаманын



бірден айырасың ғой, - деп 3. ѳңештеп болмады.

— 

Танысқандарыңа  қанша  болды?  -  дедім  ол  қыр



соңымнан қалмаған соң.

— 

Бақандай он алты күн.



— 

Тым аз екен, - дедім мен басымды шайқап.

— 

Сеніңше  жігіт  пен  қыз  қанша  уақыт  таныс  боп



жүруі керек?

— 

Бір жыл, екі жыл.



— 

Ойбай,  -  деп  3-ның  кѳзі  бақырайып  кетті.  -  Оған

дейін менің ішім жарылып кетеді ғой, Меңтай-ау.

— 

Жігіттің  жанын  сынау  айлар  мен  жылдарды  керек



етеді дейді, - деп мен күлдім.

— 

Қойшы,  күлмеші,  мен  оның  барлық  қасиеттерін



санап  шығайын,  сен  маған  оның  қандай  жігіт  екенін

айтып  берші.  3.  ѳлердегі  сѳзін  айтып,  жалынғандай

болды. Мен оған екі-үш сұрақ қойдым.

— 

Жігітің арақ іше ме?



— 

Ептеп ішеді, бірақ кѳп емес.

— 

Мас болғанын кѳрдің бе?



— 

Бір-ақ  рет.  Онда  да  бір  вечерде  жолдастары  іш-іш

деп болмаған соң...

— 

Басқа қандай мінін білесің?



— 

Басқа  еш  міні  жоқ:  жақсы  билейді,  иіліп  тұрады,

киноға  апарады.  Оның  үстіне  ағасы  жақсы  қызметте

кѳрінеді.

207



3. 

мен жігітің жаман екен деп айтып қала ма деп сасқа‐

лақтағандай, оны үсті-үстіне мақтай жѳнелді.

— 

Қой,  3,,  -  дедім  мен  тағы  күліп.  -  Бұл  сұрақгарды



саған  әшейін,  әзіл  үшін  қойып  жатырмын.  Мен  сырлас

емес  кісіге  сын  айта  алмаймын.  Бірақ  апамның  бір  жігіт

жайында  айтқаны  есімде  қалыпты.  Қаласаң,  соны  айтып

берейін.


— 

Айтшы,  жігіттерді  қалай  сынау  жайында  болар,  -

деп 3. одан сайын үздіге түсті.

Апам мен жоғары класқа кѳшкеннен кейін ѳмірдің әр

алуан  қиындығы,  жақсы  мен  жамандық,  әр  қилы  адам

мінездері  жайлы  әңгімелер  айтып  отыратын.  Сонда

байғұс  апам  айтқанының  барлығы  менің  құлағыма  сіңе

берсін  деп  ойлайды  екен  ғой.  Бір  күні  апам  ѳз-ѳзінен

отырып, маған жігіттер жайлы әңгіме айтты.

— 

Ѳмірде  мінсіз  кісі  болмайды,  -  деп  бастады  апам



сѳзін.  -  Қызға  жігіт  жүз  процент  жақсы  боп  ешқашан  да

кездеспейді.  Жігітті  жүз  процент  жақсы  ететін  жақсы

жар,  жақсы  әйел  ғана.  Сондықтан  қыз  балалардың  дап-

дайын,  жақсы  күйеуге  шыға  қоямын  деуі  қиын.  -  Апам

осылай деп басын бір шайқап қойды. Мен әлдебір кітапқа

кѳз жүгірткен боп, үнсіз тындап отыра бердім. - Ол жігіт‐

тердің де кінәсі емес, - деді апам қайтадан сѳзін жалғап. -

Олардың  да  бұл  істе  білім,  тәжірибелері  жоқ.  Келіншек

алу керектігін білсе де, онымен қалай ѳмір сүру керектігін

білмейді.  Оны  жүре-жүре  жігітке  ѳмір  үйретеді.  Сонды‐

қтан  жас  жігіттер  маған  кесек-кесек  руда  іспеттес  боп

танылады. Ал жас әйелге сол руданың кенін алып, жақсы

мүсін  жасау  қажет,  ѳзінің  кѳңіліндегідей  күйеу  етіп

шығаруы  керек.  Бұл  үшін  біреудің  еркесі  боп,  бұлғақтап

ѳскен қыз байғұста тәжірибе жоқ. Уһ! - деп апам әлдебір

ауыр жүк арқалап келе жатқандай боп күрсініп қойды. -

Әрине,  руданы  іс  қылу  оңай.  Ол  үшін  заводта  арнаулы

мартен пеші бар. Пештің қызуы руданы балқытып, оның

208



бойындағы  құрышты  қоқыстан  бѳліп  алуға  мүмкіндік

береді. Содан соң шебердің таза құрышты қайда пайдала‐

намын  десе  де  еркі  бар.  Ал  жігітті  руда  сияқты  пешке

салып  балқыта  алмайсың.  Оны  тек  әйелдің  махаббаты

ғана  балқытады.  Күшті  махаббат  қана  куйеудің  бойын‐

дағы  кінәратты  жеңеді.  Күшті  махаббаты  бар,  ақылды,

сабырлы әйел ғана жаман жігіттен жақсы жар жасап ала

алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай,

сыйласымды,  тату-тәтті  ѳмірді  бастарынан  кешіреді.  Бұл

жолда  әйелдің  кѳп  қажыр,  қайраты  жұмсалады.  Ол

жақсы жарды содан соң барып табады.

— 

Апам байғұс бұл әңгімесін маған бір емес, бірнеше



рет  қайталап  айтқан  еді,  -  дедім  3-ға  бұрылып.  -  Сонды‐

қтан құлағымда қалыпты. - Ал енді мен саған не деймін?

Менің айтар ақылым біреу ғана...

— 

Е, соны айтшы, - деді 3. шыдамсызданып.



— 

Менің  айтар  ақылым  мынау  ғана:  ѳзің  біл,  ѳзің

ойлан,  ѳзің  есепте.  Қыздың  ѳзіне  лайық  ѳмірлік  жар

тандауы ауыл боп ақылдасып, базардан ат сатып алу емес.

Ѳзің  оған  жақсы  жігіт  деп  шаң  жуытпай  тұрсың.  Ал

жақсы  жігіттің  әлден  арақ  ішуі  маған  ұнап  тұрған  жоқ.

Қосылған  соң  кемшілігін  түзеп  әкетуге  әлім  келеді,  апам

айтқандай,  махаббатымның  күші,  ѳз  қажырым  оған

жетеді десең, ѳзіңе серік ет оны.

— 

Сонда оны жаман жігіт дегің келе ме?



— 

Менің  ешкім  жайында  асығыс  пікір  айтқым

келмейді.  Оның  үстіне  ѳзім  кѳрмеген,  білмейтін  адамым

туралы  олай  деп  тіпті  де  айта  алмаймын.  Бәлкім,  бір

қарағанда  біреуге  біреу  жаман  кѳрінгенімен,  негізінде  ол

жаксы адам боп шығар, кім біледі. Жігіт үстіңдегі кѳйлек

емес қой бірден иә жақсы, иә жаман деп бағасын беретін.

— 

Осындайдың  бәрін  қайдан  білесің?  -  деді  3.  күліп.



Мен оған шындап жауап бердім:

— 

Адам бойындағы, әсіресе қыз бойындағы қасиет ана



209


берген  тәрбиеден  ғой.  Апам  маған  ылғи:  «Қарағым,

адамды білмей жатып, асығыс жамандама. Кім біледі, сол

жаман  деген  адамның  да  жақсылығы  болар»  деп

отырушы еді. Мен ол кісінің ѳмірі біреуді «ол солай» деп

жамандағанын  естіген  емеспін.  Одан  соң  адамға  тәрбиені

мектеп пен кітап береді ғой, - дедім.

— 

Мектепте  мен  де  оқыдым,  менің  де  шешем  бар.



Ендеше  мен  неге  сен  білгенді  білмеймін?  Бірақ  мен

ешқашан  да  бастаған  кітабымның  аяғына  шыққан  емес‐

пін.  Неге  екенін  білмеймін,  кітапты  қолыма  алсам-ақ

ұйқым келеді.

— 

Сен  де  жақсы  қызсың,  -  деп  мен  3-ның  мойнынан



құшақтадым.  -  Сен  ақкѳңілсің,  ойындағыны  жасырмай

тура айтасың. Бұл - жақсы адамның қасиеті. Бірақ сен сәл

ұш-қалақсың, кѳргенің мен естігенінді байыптай бермей‐

сің.  Аздаған  кѳрсеқызар,  модышылдығың  бар.  Бірақ

мұның бәрі кейін ѳзінен-ѳзі қалады.

Рас айтасың ба? Мен шынында жақсымын ба? - деп 3.



қуанып  қалды.  Қуанғаны  сондай,  ол  маған  ақылдасамын

деп келген әңгімесін де аяқтатпастан ұмытып кетті.

Біз  университеттің  екінші  курсын  аяқтауға  айналдық.

Ертең  бәріміз  соңғы  емтиханды  ѳткізіп,  үшінші  курсқа

кѳшеміз. Кейбір қыздар кѳше алмай қала ма деп қорқып

жүруші  едім.  Әупірімдеп  олар  да  ѳтіп  келеді.  Оларға

емтихан кезінде Е. ағай қатты кѳмектесті.

Ертең кешке курсты бітіруге арналған кешіміз болады.

Оған  бәріміз  жаңа  нәрсе  даярлап  апаруға  келістік.  Мен

«

Апамның айтқандарын» оқып берсем деймін».



Меңтай  дәптерін  ең  қызық  романға  үңілгендей  боп,

бас  алмастан  оқыдым.  Әшейінде  кѳп  үндемейтін,

ешкіммен  ешқашан  да  сѳз  жарыстырып  жатпайтын,

құптағанын  жымиюмен  жеткізіп,  теріс  кѳргенін  үнсіз

қалумен аңғартатын Меңтайдың жан шешендігін жаңадан

тағы да танығандай болдым. Оқыған кітаптарынан жазып

210



алған  үлгі,  ғибрат  боларлық  сѳздері,  қоғамдық  мәні  бар

кейбір  мәселелерге  ѳзінше  ой  жүгіртіп,  баға  беруі  мені

сонша  тебірентті.  «Осындай  кѳрікті,  ақылды,  адамгер‐

шілігі  мол  қызға  қолы  жетіп,  жар  еткен  жанның  арманы

болар  ма  екен,  сірә»,  -  деп  іштей  күрсініп,  ынтыққан

үстіне  ынтыға  түстім.  Бағанағы  оны  бетінен  сүйгенім

ойыма  оралғанда  жүрегім  лүпілдеп,  толкып,  лықып

аузыма  келіп  қалғандай  болды.  Меңтайды  ойынның

тәртібі  дегенді  сылтау  етіп,  рұқсатсыз  сүйгеніме  қайта

қысылып, «апырай, ол ѳкпелеп қалған жоқ па екен?» деп

және қиналдым.

Осы  ойлармен  мен  таң  ата  бѳлменің  шамын  ѳшіріп,

бажылдауық  тѳсегіме  барып  қисайдым.  Мақтасы  түйірт‐

пек-түйіртпек  боп  екі-үш  жерге  жиылып,  ѳзге  тұсы

мүлде  жұқарып  кеткен,  жамбасқа  жайсыз  ескі  матрац

үстінде  ѳлі  тигендей  боп  дѳңбекшідім.  Кѳзден  ұйқы

қашып,  Меңтай  туралы  ойым  шынжырдың  шығыршы‐

қтарындай  біріне-бірі  жалғасып,  жаңа  бір  ѳлеңнің

жолдары туды. Ол жолдарды ұмытпау үшін қайта-қайта

орнымнан  тұрып,  қағазға  тіздім.  Әрең  дегенде  бір-екі

сағат кѳз шырымын алып, түске таман Меңтай дәптеріне

оның  тоқтаған  жерінен  жалғастырып  мына  шумақтарды

жаздым.

Ай - қасы, күн - Ментайдың екі кѳзі.

Самал жел -оның күле айтқан сѳзі.

Бақыт - ыстық құшағы, байлық қазына,

Дүние деген тек соның жалғыз ѳзі!

Құлақтың  сүйкімдісі  -  оның  аты.  Кѳздің  кѳркі  -  бір

сызық  жазған  хаты,  Ужымақ  деген  бары  рас  болса,  Ол  -

тек қана Меңтайдың махаббаты.

Рақат - соның кеудесі, гүл - мінезі. От - ѳзіңе тура кѳз

тіккен кезі. Дүниедегі ең тәтті - соның ерні.

Дәмі қайтып, ешқашан етпес мезі.

Маржан,  жақұт  дейтіндер  -  сонын  тісі.  Кѳз  тартар

211



әдеппенен  қылған  ісі.  Бір  ауыз  айтқан  сѳзі  жанды  ерітіп,

Мас болар ақ дидарын кѳрген кісі.

Тигенде  қолым  оның  білегіне  Жеткендей  болдым

барлық  тілегіме.  Басыма  бақыт  орнап  ѳмірдегі,  Бар

шаттық құйылды кеп жүрегіме.

Қайтер  ем  егер  Меңтай  құшақтатса  -  Жарқырап,

күнше күліп, таң боп атса?! Сүйгізіп тағы да бір ақ тамак‐

тан, Ѳң беріп, жылы шырай жауап қатса?!

Бәрі  аз  бағасына  барша  санның,  Тәж,  тағы  мал  мен

мүлкі патша, ханның - Меңтайды мәңгі құшып сүйетұғын

Бар екен не арманы жігіт жанның?!

Дәптерді  ѳзіне  қайтарып  берейін  деп  алпыс  екінші

бѳлмеге  барсам,  Меңтай  бүгін  түстен  кейінгі  поезбен

каникулға  ауылына  қайтпақ  боп  әзірленуде  екен.  Кітап‐

тарын  текшелеп  буып  қойыпты.  Үстел  үстінде  аузы

жайындай ашылып, қара чемодан жатыр. Қанипа, Майра,

Ақанас,  Нәзиләш,  Зайкүл  бәрі  сонда  жиналған,  жапыр‐

ласып жүк буысып жүр.

— 

Ѳй,  сен  қайда  жүрсің?  -  деді  Зайкүл  мені  кѳре



салып, жүк салатын кенепке тығыздап жатқан Меңтайдың

кѳрпе-жастығын тастай беріп. - Аузын түймелеп, бу мына

қызыл кѳрпені.

Мен  қолымдағы  дәптерді  Меңтайға  қайырып  үлгір‐

генше Зайкүл ағаш тұтқалы, жүк буатын екі айыр брезент

белбеуді  менің  мойныма  салып  кеп  жіберіп,  бұйдалап

алған  тайлағындай  елпеңдетіп,  жүгі  жиналған  жаланаш

тѳсекке қарай жетелей кеп жѳнелді.

— 

Қойсаңшы, Зайкүл, - деп қыздар ду күлісіп жатыр.



— 

не  қоятыны  бар.  «Қызыл  кѳрпе»  деп  таңдайы

тақылдағанда  сондай,  бусын  қызыл  кѳрпесін.  Мен  бұры‐

лып, қолымдағы дәптерді Меңтайға ұсындым.

212



— 

Ә,  менің  дәптерім  бе?  -  деп  Меңтай  оны  маған

бергенін  мүлде  ұмытып  кеткен  сияқтанып,  жайлап

қолына  алды  да,  бетін  ашпастан  ашық  жатқан  чемо‐

данның  ішіне  тастай  салды.  Мен  біреу-міреу  дәптерді

ақтарып,  ондағы  менің  ѳлең-сымағымды  кѳріп  қояр  ма

екен деп қорыққан едім. Асығыс болғандықтан ба, әйтеуір,

ешкім оған назар аудармады. Лезде ол Меңтайдың чемо‐

данға салған басқа заттарының астында қалды.

Зайкүлдің  басшылығы,  Майраның  кѳмегімен  мен

Меңтайдың  кѳрпе-жастығын,  қысқы  пальтосын  кенепке

жайғастырдым.

— 

Сенің  осы  жалқаулығың-ай,  Зайкүл,  -  деді  Меңтай



қасымызға  келіп,  -  ағайды  әуре  қылмай,  ѳзің-ақ  буа

салмайтын ба едің?

— 

Е, Ербол тұрғанда мен неге буамын? - деді Зайкүл. -



Жігіт  деген  қыздың  кѳк  есегі  емес  пе,  тәйірі.  Қыздардың

жүгін  кѳтеріп,  жұмысын  тындырғанды  бақыт  деп  білуі

керек бұлар. - Осылай деп Зайкүл қыздарды ду күлдіріп

алды  да,  сѳзін  қайта  жалғады.  -  Оның  үстіне  мен  бұған

жақсылық  жасап  тұрмын,  -  деп  иегімен  мені  нұсқап,

Меңтайға  бұрылды.  -  Сенің  етіңе  тиген  кѳрпені  қолына

ұстаттым,  сенің  иісің  сіңген  заттарды  мұрнына  иіскеттім.

Бұдан  артық  не  керек  жігітке!  Ербол,  солай  ма?  -  Зайкүл

мені иығымнан нұқыды.

Мен терлеп-тепшіп, күліп, басымды изедім.

— 

Түу,  Зайкүл,  сен  де  жоқты  айтады  екенсің,  -  деп



Меңтай  қып-қызыл  боп,  теріс  айналып  кетті.  Қыздар

сылқ-сылқ  күлісіп,  тѳмен  қарасты.  Зайкүлдің  сѳзінен  бе,

қыздардың  күлкісінен  бе,  күннің  ыстықтығынан  ба,  әлде

шынында  да,  Меңтайдың  заттарына  қолым  тиген  соң

елжіреп,  есеңгіредім  бе,  әйтеуір,  мандайым,  ѳне  бойым

жіпсіп,  лезде  арқамды  тер  жауып  кетті.  Қалың  солдат

гимнастеркасы  оны  сырт  кѳзге  кѳрсетпегенімен,  соған

ерегесіп,  қасақана,  қыздар  керсін  дегендей,  екі  самай‐

213



ымнан  жарыса  домалаған  қос  моншақ  еңкейіп  жұмыс

істеп  жатқан  менің  мұрныма  қарай  жылжыды.  Мұны

қыздар  кермесе  екен  деп,  меңкитін  асаудай  мойнымды

ішіме алып, одан сайын бұға түстім. Дес берісі, осы сәтте

біреу дүбірлете жүгіріп келіп, сартылдата бѳлменің есігін

қақты  да,  жұрттың  бәрінің  назары  солай  қарай  ауды.  Ол

түнде  қаладағы  жақындарының  үйіне  қонып,  қыздарды

шығарып  сала  алмай  қалып  қойдым  ба  деп  желпендеп

келген  Жомартбек  екен.  Қыздар  жапырласып  оған

бұрылып  кеткенде  мен  ұрланып,  гимнастеркамның

жеңімен екі самайымды, маңдайымды сүрттім. Содан соң

жүк  қаптың  екі  жақ  басын  буып,  тығыздап,  белбеуін

тарттым.

Қыздардын  кейбіреуі  қолдарына  бір-бір  бума  ұстап,

буылған  жүкті  мен,  чемоданды  Жомартбек  кѳтеріп,  әзіл-

күлкімен  жатақхананың  дәлізін  басымызға  кѳтеріп,

кѳшеге шықтық. Есік алдында Жомартбек екі қолыма тең

болсын деп мен кѳтеріп келе жатқан жүкке ұмсынып еді,

Қанипа қолын қылыштай сермеп кегі қалды.

— 

Жоқ,  болмайды,  мұны  тек  Ербол  ғана  алып  жүруі



керек.

— 

Неге? - деді Жомартбек апалақтап.



— 

Себебі бар. Солай ғой, Зайкүл?

— 

Солай,  солай!  -  деп  Зайкүл  Жомартбек  екеуіміздің



ортамызға кимелеп кіріп, арамызды алшақтатып жіберді.

Ерігіп келе жатқан жұртқа бұл да езу жидырмас күлкі

болды. Қойшы, не керек, аттап басқанымыз әзіл, қит еткен

қимылымыз  күлкі  болып,  жатақхана  жанынан  ѳтетін

трамвай  жолына  жеттік.  Никольск  шіркеуінің  түбіндегі

кѳк базардың қасынан базардан шыққан жұртпен таласа-

тармаса  екінші  трамвайға  отырып,  оның  ішін  және

күлкіге толтырып, екінші Алматы вокзалына келдік.

Вокзал  басын  кернеген  кілең  студенттер  екен.  Біз

перронға шығып, бірінші жолда тұрған, қабырғаларында

214



«

Алматы - Новосибирск» деген жазулары бар вагондарға

жақындадық. Бұл поезбен Меңтай, Майра, Сақила аттан‐

бақ. Олардың жүгін вагонға жайғастырып, жерге түстік те,

алқа-қотан  тұра  қалып,  әнге  кірістік.  Әнді  Жомартбек

бастады.


Аққұмның  бір  қызы  бар  Іңкәр  атты.  Сѳзі  бар  алуа,

шекер, балдан тәтті...

— 

Бәсе, - деп сықылықтай күлді Зайкүл. - Жомартбек



«

Аққұмды» айтатын шығар деп едім, тура содан бастады.

Енді оны поезд жүргенше созады бұл.

Жомартбек  ѳзіне  қарап  күліп,  бірдеңе  деп  тұрған

Зайкүлге  басын  изеді  де,  әнін  тоқтатпай  жалғастыра

берді.


Адамның ѳзім кѳрген абзалы екен.

Айтайын әнге қосып... перизатты.

Еги-гай,

Еги-гай,


Ек-кәй,

Еги-гай, -

деп ол, қай жерінен суырып алғаны белгісіз, құрықтай

ұшталмаған  қара  қарындашты  бізге  қарай  сілтеп,  сәл

бѳгелді  де:  «Ал  енді  қосылыңдар»  дегендей,  әрқайсы‐

мызды бір нұқып,

дирижерше  басын  изей  бастады.  Біз  тез  әннің  қайыр‐

масына кірістік.

Еги-гай, сәулем, Еги-гай, сәулем, Еги-гай, еги-гай! Еги-

гай, сәулем. Еги-гай!

Бір  вагонның  қасында  ән  басталуы-ақ  мұң  екен,

біртіндеп басқа вагондар тұсынан да кѳп дауыстар қосыла

айтқан  әуендер  шырқалып  кетті.  Бізге  кѳрші  вагонның

жерде тұрған жо-лаушы қыздары «Басында Қамажайдың

бір тал үкі» деп бастап, құйқылжыта шырқаса, бір жағы‐

мыздан  «Маусымжан,  Маусымжан,  танимын,  сәулем,

даусыңнан»  деп  жігіттер  екпіндете  және  жѳнелді.  Одан

215



әріректе  «Айттым  сәлем,  қаламқас»,  «Айнамкѳз»  айты‐

лып,  енді  бір  жақтан  «Қызы  едім  мен  Уәлидің...  »  деп

Майра әні сайрады. Мен Жомартбек бастаған әннің «еги-

гай,  ек-кәйін»  қоя  салып,  солардың  әрқайсысына  кезек

құлақ  тігемін.  Студенттер  мен  жүргінші  жолаушылар

жаңа  ғана  чемодан  сүйретіп,  жүк  арқалап,  қайшыласқан

перронның  енді  лезде  ән  аланына  айналып  кеткеніне  таң

қаламын.  Әр  жерде  нақыш-мәніне  келтіре  шырқалған

әндердін  таныс  әуендері  мен  сѳздері  жүректі  қытықтап,

жанды тербей тамылжиды.

Сенен артық жан тумас, Туса туар, артылмас...

Мен  еріксіз  Меңтайға  қарадым.  Ол  ақ  мандайы

жарқырап,  қыздар  айтқан  екінші  ән  «Гәккуге»  сабырмен

қосыла шырқап тұр.

Құс салып, айдын кѳлде дабыл қақтым.

Ән салып, талай жердің дәмін таттым...

Әннің  әр  сѳзін  айтқан  сайын  қыздың  оймақтай

аузынан керінген кіршіксіз аппақ тістері жарқ-жұрқ етіп,

кѳз  шағылыстырады.  «Секілді  қолмен  тізген  іш

қайнайды»  деген  ақын  сѳзі  ойға  оралады.  Менің  де  ішім

қайнайды. Мен қыздың мінез, кѳрік, келбет, ақыл, параса‐

тына қызығамын. Мен оның адамгершілік, инабат, ұстам‐

дылығын  ұнатамын.  Сары  алтындай  сабырлылығына

сүйсінемін. Мен іштей осы қыз ѳзімнің жарым болса екен

деп  тілеймін.  Бірақ  сол  тілегімді  оған  ашып  айтуға  тіл

жоқ.  Тіл  бар-ау,  тілге  тілекті  жеткіздірер  тәуекел  жоқ.

Ѳйткені қыз мені «аға» деп ардақтайды, туысындай кѳріп,

құрметтейді.  Оның  осыдан  басқа  ойы  жоқ.  Ойы

жоқтығын қысқы каникул кезінде «Қызыл кѳрпе» ѳлеңіне

байланысты  бір  білдірді.  Кеше  оны  тағы  да  аңғартты.

Кешке,  сауықтан  кейін  университеттен  жатақханаға

қайтып  келе  жатқанда  менің  бетіннен  сүйгеніме  ѳкпе‐

леген  жоқсың  ба  деген  сұрағыма:  «Жоқ,  біріншіден,  ол

ойынның шартына байланысты болды ғой. Екіншіден, сіз

216



менің  ағайым  іспеттісіз.  Ағасы  бетінен  сүйгенге  қарын‐

дасы  ѳкпелеуші  ме  еді?»  деп  жауап  берді.  Бірақ  Меңтай

қалай қашқалақтаса да, менен бойын қаншама аулақтатса

да,  бәрібір,  мен  оны  жақсы  кѳремін.  Ол  күндіз  ойымнан,

түнде  түсімнен  шықпайды.  Маған  бір  ауыз  жылы  жауап

бермесе  де  мен  оның  жақыннан  жүзін,  алыстан  қарасын

кѳргенге  мәзбін.  Анадайдан  Меңтайдың  тѳбесі  кѳрінсе

болды,  желді  күнгі  диірменнің  қалағындай  қалба‐

лақтаймын  да  қаламын.  Ѳзімнің  соншама  күлкілі  жайға

түсетінімді сеземін. Сезсем де, сезімімді тежей алмаймын.

Ыржалақтап  күліп,  ықыластанып,  қауқалақтай  беремін.

Бірақ  қыз  оны  сѳзбеген,  ұқпаған  қалып  танытады.  Менің

жүрегімде оған деген соншама ыстық сезім барын білме‐

ген,  түсінбеген  күй  кѳрсетеді.  Қазір  де  оның  менің  ѳзі

жайында  ғана  ойлап  тұрғаныммен  шаруасы  жоқ.  Маған

кѳз қиығын да салмастан, жүзін де бұрмастан қыздармен

қосыла  ән  шырқап,  ән  ырға-ғымен  сәл  тербеле,  теңселіп

тұр. ... Түскенде сен есіме, ерке Гәкку, Құлпыртып осынау

әнді  толғанамын,  -  дейді  Меңтай  қыздармен  қосыла.

Қыздар  бұлай  десе,  мен  ішімнен  сол  әуенге  қосып  ѳз

әнімді, ѳз жүрегімді жарып шыққан жырымды ағытамын.

Мен де ѳз-ѳзімнен ырғалып, толассыз тербелемін. Бәрі аз

бағасына барлық санның; Тәж, тағы, мал мен мүлкі патша,

ханның - Меңтайды мәңгі құшып, сүйетұғын Бар екен не

арманы  жігіт-жанның?..  Мен  қайта-қайта  жаутандап

Меңтайға  қараймын.  «Жанымның  жырын  ұқсаңшы,

жүрегімнің  тебіренісін  тындасаңшы!»  деп  жалынғандай

боламын.  «Мен  сені  екі  ай  кѳрмеймін.  Екі  күн  кѳрмесем,

есім  шығатын  басым  екі  айға  қалай  шыдаймын,  Меңтай?

Сол екі айға азық боларлықтай етіп, маған бір рет қиыла

қарасаңшы,  аясаңшы  мені»  деп  жылағандай  боламын.

Бәлкім, кѳлденеңнен анықтап қараған адамға менің иегім

Дірілдеп,  ернім  кемсендеп  кеткен  де  шығар.  Бірақ  әсем

217



әнге  елтіген  жұрттың  ешқайсысы  менің  кѳріксіз  бетіме

кѳңіл аударған жоқ.

Вокзал радиосы поездың жүруіне бес минут қалғанын

хабарлап,  перронға  «Саржайлау»  күйінің  екпінді  әуенін

тѳкті.  Осы  кезде  қыздар  мен  жігіттер  шыр  кѳбелек  айна‐

лып,  етек-тер  үйіріліп,  еріндер  күлімдеп,  вагондар  алды

би  алаңына  айналып  кетті.  Екі-екіден  жұптасқан  жастар

аяқтарының ұштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды

бірін-бірі  қуалаған  сансыз  құйынға  толып  кеткен

сияқтанды.  Қан  кѳбелек  айналған  сол  құйындар  кѳкке

бұрандадай бұралып, қазір ұшып-ұшып, биіктен самғап,

алыстап 


кететін 

іспеттенді. 

Жомартбекпен 

билей


жѳнелген Меңтайға кѳзім түсіп еді, екі бетінің ұшы қыза‐

рып,  екі  танауы  әсем  боп  делдиіп  кеткен  Меңтайдың

кішкентай  әдемі  аяқтары  жерден  жоғарылай  кѳтеріліп

барады  екен.  Одан  айырылып  қалардай  зәрем  ұшып,

«

алла!» деп кѳзімді жұмдым. Менің бақытыма қарай осы



кезде күй аяқталды да, бауырын жазып, кѳкке кѳтерілуге

айналған  аққу  қайтадан  жерге  қонды.  «Уһ!»  деп  ішіме

терең бір дем тартып үлгіргенімше проводниктердің тұс-

тұстан  жамырай  айтқан:  «Жолдас  жолаушылар,  вагонға

кіріңіздер!»  деген  үндері  естілді.  Перронды  кернеген

жаңағы «құйындар» тегіс вагондарға қарай лап қойысты.

Біз  де  қыздарымызды  қолтықтап,  вагонның  тепкішегіне

кѳтердік.  Олармен  асығыс  қол  қысыстық.  Меңтай  менің

қолымды қаттырақ қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар деп

үміттенген  едім.  Олай  болмады,  оның  алақаны  менің

қолыма тиер-тиместе екінші біреу қағып әкетті. Осы кезде

радио  «Қараторғай»  әнін  бастады.  Оған  перрондағылар

қосылды,  вагондағылар  және  шырқады.  Кѳп  адамның

қосыла  айтқан  әні  желді  күнгі  теңіздей  толқып,  вокзал

үстіне  кѳтерілді  де,  кең  проспектіні  керней  Алатауға

қарай лықсыды. Келеді қара торғай қанат қағып...

Мен дереу ілгері ұмтылып, вагонның алдына келдім де:

218



Меңтай,  сен  маған  ұрыспа,  дәптеріңе  бір  сѳз  қосып

қойдым! - дедім дауыстап.

Осы  кезде  гудок  беріп,  поезд  қозғалды.  Перроннан

поезға, поездан перронға қарай қолдар созылды. Меңтай

басын  изеп,  қыздарға  қолын  бұлғады.  Ол  басын  маған

изеді  ме,  қыздарға  изеді  ме,  менің  не  дегенімді  естіді  ме,

естімеді ме - айыра алмадым. Менің кѳзіме мѳлтілдеп жас

келді.  Оны  ѳзгелерге  кѳрсетпеу  үшін  жылжып  бара

жатқан  вагондарға  қарап  қолымды  сермей  бердім.  Қол

сермеп, жердегілер шырқап тұр. Вагондардың терезелері‐

нен, есіктерінен қол бұлғап, поездағылар шырқап барады.

Сермелген  қолдар  қалықтап  ұшып  бара  жатқан  қара

торғайларға  ұқсайды.  Бір  топ  қара  торғай  зымырай,

самғай  ұшып,  алысқа  бет  қойғандай.  Бір  тобы  қалықтай

кѳтеріліп,  қайта  айналып  келіп,  алғашқы  орнына  қонуға

бет алып, қайта тѳмендегендей.

Бұлан, етіп қасымыздан соңғы вагон ѳтті. Сары жалау‐

шасын  шошайта  ұстаған  кондуктор  сан  кѳздің  шарасына

жалғыз  кіріп,  бейне  бір  сол  кѳздердің  тұңғиық  түбіне

сіңгендей болып, тереңдеп батып бара жатты.

Радио музыкасы тынды. Ән тоқталды. Поездың дүрсілі

бірте-бірте  алыстай  да  бәсендей  берді.  Қалған  жұрт  үн-

түнсіз  кері  бұрылып,  вокзал  қашасынан  қалаға  шығатын

қақпаға  қарай  ағылды.  Перрон  той  ѳткен,  жәрмеңкесі

тараған  тақыр  тебеге  ұқсап,  құлазып,  бос  қалды.  Сол

перрондай  болып,  поездың  қарасынан  кѳз  айырмай,

қалтиып жалғыз қалған менің кѳңілім құлазыды.

Ереке,  -  деді  біреу  ақырын  дауыстап.  Бұл  Жомарт‐



бектің үні еді. Ол мен әскерден келген алғашқы кездегідей

«

ағайды»  қойып,  кейде  осылай,  «Ереке»  дейтін  болған.



Үйренісе  келе  басқа  бірсыпыра  қыздар  да  мені  «Ербол»

деп атауға кѳшкен. Тек Меңтай ғана «ағай» деп атайтын.

Мен  мойнымды  бұрсам,  мың  кісі  сыярлық  перронда

Жомартбек  екеуміз  ғана  қалыппыз.  Жомартбек  менің

219



Меңтайды  құлай  сүйетінімді  іштей  түсінетін  еді.  Сонды‐

қтан болар, ол жақаурата сѳйледі. «Екі ай деген не, екі-ақ

күндей  боп  ѳте  шығады  әлі.  Содан  соң  тағы  да  бас

қосамыз  ғой  бәріміз,  -  деді  ол  екі  танауы  делдендеп.  -

Жүріңіз, жұртта сіз екеуміз ғана қалдық».

Жомартбек  мені  жұбаттым  деп  ойлады.  Бірақ  онысы

жұбату  емес,  жараның  аузын  тырнаумен  тең  болды.  «Екі

ай екі күндей боп қалай кѳрінсін, - деп назаландым ішім‐

нен. - Мен қызыққанға келдененнің құрығы түскіш келуші

еді. Кѳңілім құлаған осы қызды да тағы біреу қағып кетіп,

дәт  деп  қалмасам  жарар  еді.  Онда  мен  қалай  ѳмір  сүре‐

мін?  Сәлиманың  шерін  соғыс  тұншықтырған  еді.  Бұл

қызға  қолым  жетпей  қалса,  оның  ѳкінішін  не  ұмыттыр‐

мақ?  Мұндай  келбет-кѳркі  келісті,  ақыл,  парасаты  мол,

жаным  сүйген  жақсы  қыздан  айырылып  қалсам,  сорлы

жүрегім  ѳмір  бойы  қап  арқалаған  қайыршыдай,  арман

арқалап  кетпей  ме  амалсыз.  Мұны  ұмыттыратын  басқа

жақсы қызға кездессем құба-құп, кездеспесем, мүгедектей

мұнды  болып  қалмаймын  ба  ѳмір  бойы.  Ендеше  аузын

буған  ѳгізге  ұқсап,  сегіз  ай  бойы  неге  жүрдім  үн-түнсіз?

Неге  айтпадым  шынымды?  Неге  аяғына  жығылып,

«

жарым  бол»  деп  жалынбадым  мен  оған?  Кейбіреулер



қызды  бір  кѳргенде-ақ  «мен  саған  ғашықпын.  Мен  сенсіз

ѳмір  сүре  алмаймын»  деп,  жетім  қозыдай  қақсамай  ма,

жақ  жаппай?  Құмарлығын  ғашықтыққа  балап,  қыр

соңынан  қала  ма  қыздың  ондайлар?  Қант  салған  қаптай

ғып,  қолма-қол  жүрегінің  аузын  ашып  тастамай  ма

аңқайтып?  Ендеше  мен  шын  ғашықтық  сырымды  неге

ақтармадым сонша күннің ішінде? - деп іштей еңіреп, ѳз

бармағымды  ѳзім  шайнап,  сүйретіліп,  вокзалдың  қақпа‐

сынан  әрең  шықтым.  Жаным  жаңағы  поезда  кетіп,  бұл

жерде  құр  сүлдерім  ғана  қалғандай,  мең-зең  күйде

Жомартбекке ілесіп келіп, трамвайға міндім.

220





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет