Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі4,17 Mb.
#11598
1   2
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Chapterv XIII-XIV

Трамвай  Карл  Маркс  кѳшесімен  жоғары  ѳрлеп  келіп,

Шевченкоға  қарай  бұрылған  бұрышта  Жомартбек  түсіп

қалды.  Қаладағы  туыстарының  бірінің  үйіне  кетті.  Менен

Жомартбектің жағдайы әлдеқайда жақсы: мынадай үлкен

қалада ағайын, туғандары бар. Солардың үйіне барып, ас

ішеді,  аунап-қунап  қайтады.  Елде  әке-  шешесі,  бір

ауданды  билеп  тұрған  ағасы  бар.  Онда  барса  да  күп  ете

түседі.  Ал  менің  сүйеніш  болар  қалада  да,  ауылда  да

ешкімім  жоқ.  Сорайған  соқа  басым.  Қаладағы  жалғыз

танысым  майдандас  жолдасымның  соғыстан  мүгедек  боп

келген  ағасының  үйі.  Кѳп  балалы  және  жалғыз  кісінің

пенсиясына  қарап  отырған  ол  үйге  сомадай  боп,  сопиып

қашанғы  бара  бересің.  Әскерден  алғаш  келгенімде  пана‐

латып, жатақханаға кѳшкенше тар үйінің бір бұрышынан

орын  бергенінің  ѳзіне  рақмет.  Тірі  болсам,  ағайдың  ол

жақсылығын ѳтермін әлі.

Трамвай салдыр-гүлдір етіп, Никольск базарына келіп

тоқтады.  Осыдан  екі  сағаттай  бұрын  Меңтайдың  жүгін

кѳтеріп,  жұртпен  таласа  күліп  мінген  трамвайдан  енді

алты  ай  жаздай  сүзекпен  ауырып,  содан  жаңа  ғана

тұрғандай  сүйретіліп  жалғыз  түстім.  Бағана  бұл  жерде

адам  да  кѳп,  базар  да  қызу  сияқты  еді.  Енді  аялдама

басында  ешкім  жок,  базарға  кіре  беріс  манда  да  ешбір

жан  кѳзге  кѳрінбейді.  Әшейінде  жатақханадан  шыға

қалсаң  да,  университеттен  келе  жатсаң  да  менмұндалап,

сары  ала  тон  киген  патшаның  суретіне  ұқсап,  үнемі

қожырайып  алдыңда  тұратын  шіркеу  де  жоқ,  тағынан

тайғандай, тасаланып қалыпты.

Трамвай  жолынан  ѳтіп,  салбырап,  жатақхана  қақпа‐

сына қарай бет түзедім. Ѳне бойым сал-сал. Бірнеше күн

мас болып, мәңгіріп қалған сияқтымын. Басым салбырап,

пәленбай  жылдан  бері  студенттердің  аяғы  таптап  келе

жатқан  тақыр  асфальттан  кѳз  алмаймын.  Жерден  бір

221



нәрсе кѳрсем деп ынтығатындаймын. Бірақ қиыршық тас,

ұлпа  топырақтан  басқа  ештеңе  кѳрінбейді.  Міне,  қызыл

кірпіштің  сынығы  жатыр.  Бұл  сынық  бағана  біз  жатақха‐

надан  шыққанда  жол  ортасында  тұрған.  Қыздармен

қатар, алда келе жатқан Меңтай тоқтай қалып, аяғындағы

кішкентай  ақ  танкеткасының  тұмсығымен  кірпішті

итеріп, асфальттің шетіне қарай сырғытып кеткен.

Содан  соң  сәл  бұрылып,  арт  жақта  жүк  кѳтеріп  келе

жатқан  Жомартбек  екеумізге  қараған.  Мен  оның  аппақ

аяқтарының қаздиып осы кірпіштің қасында тұрғанын ѳз

кѳзіммен кѳрге-мін. Енді міне, сол жерде де оның ізі жоқ.

Мен  ернімді  тістедім.  Сүйген  жаныңның  ізі  кез  алдында

неге  сайрап  жатпайды  екен  деп  наза  болдым.  Тоқтап,

асфальтқа  еңкейіп,  қызыл  кірпіштің  сынығын  қолыма

алдым,  үңіліп  оған  да  қарадым,  онда  да  еш  белгі  жоқ.

Сонда  да  оны  қолымнан  тастамадым.  Біресе  бұл

Меңтайдың  танкеткасы  болса  деп  ойладым.  Біресе  оның

аяғын  ѳстіп  сипасам-ау  дедім.  Алақанымдағы  кесекті

қайта-қайта  қысып  қойдым.  Бірақ  ол  бұрышты,  қатты,

икемсіз  күйінде  қалды.  Жатақхананың  сыртқы  есігінің

маңдайшасына  орнатқан  жаппаның  тіреу  ағашына

қыстырып, ішке кірдім. Алақаныма қызыл кірпіштің қып-

қызыл ұнтағы жосадай жұғып қалыпты. Ғашықтық ізі осы

болғаны  ма  деп  ойладым  езу  тартып,  ѳзімді-ѳзім

мысқылдап.

Жоқ,  мен  ѳзімді-ѳзім  бекерге  мысқылдаппын.  Ғашы‐

қтын ізі болады екен. Бірақ ол топыраққа, тасқа түспейді

екен. Мен оны жүрген жолдан бекер іздеппін. Асфальтқа

орынсыз  үңіліп,  жан-жағыма  босқа  жалтақтаппын.  Ол  із

ѳзге  жерге  түспепті,  менің  жүрегімде,  ойымда  қалыпты.

Оны  мен  екінші  қабатқа  кѳтеріліп,  дәлізбен  сүйретіліп,

Меңтай  белмесінің  алдына  барғанда  білдім.  Оны  мен  ѳз

бѳлмеме  кіріп,  жастығымның  астында  жатқан  қойын

дәптерімді қолыма алғанда кѳрдім.

222



Неге  екенін  білмеймін,  ѳз  болмемнің  алдынан  ѳтіп,

Меңтай  белмесінің  есігіне  бардым.  Сол  жерден  қайыры‐

лғым  келді.  Сол  жерде  Меңтайдың  осы  бѳлмеден  шығып

бара  жатқанда  соңғы  айтқан  сѳзі  ойыма  оралды.  Қыздар

топырлап  бѳлмеден  сыртқа  қарай  беттеген  еді.  Олармен

ілесе Жомартбек шығып бара жатты, Зайкүл мен Меңтай

есікке  қарай  аяндады.  Ең  соңында  жүкті  алып,  мен

шыққалы  жатыр  едім.  Есікке  бара  беріп,  Зайкүл  жалт

бұрылды.

— 

Ойбу,  мен  айнаға  қарамаппын  ғой,  -  деп  жүгіріп



барып  бұрыштағы  шифоньердің  есігін  ашты.  Оның

қақпағының  ішкі  жағындағы  шар  айнаға  итініп,  тырты‐

сқан  мандайын,  ұйпаланған  қасын  сипады.  -  Тұра  тұр,

Меңтай, мен бетіме опа жағып алайын.

Меңтай  қайырылып  оның  қасына  келді.  Зайкүл

жалма-жан  сумкасын  ашып,  диірменшідей  бұрқыратып,

бетіне  ұн  жаға  бастады.  Мен  жүкті  алып,  дәлізге  шығып,

босағада қыздарды тосып тұрдым.

— 

Меңтай, осы сен неге боянбайсың? - деген Зайкүлдің



үні  естілді.Меңтай  сәл  бѳгеліп  (тегі  ол  әдеті  бойынша

ақырын  бір  жымиып  алған  болуы  тиіс)  барып  жауап

қатты.

— 

Мен табиғатпен таласуды жѳнсіздік деп білемін.



— 

Ол не деген сѳзің?

— 

Адамға  табиғат  берген  бояудың  ѳзі  жетіп  жатыр.



Оның үстіне бетіңе баттастырып бірдеңе жағу... - Меңтай

үні  үзіліп  қалды.  Мен  есікке  қарай  құлағымды  тоса

түстім,  оның  сѳзінің  аяғын  естуге  құмарттым.  -  Не  десем

екен  саған?  Иә,  табиғат  берген  бояудың  үстіне  батта‐

стырып  бірдеңе  жағу  Рафаэльдің  немесе  Репиннің  ғажап

картиналарын  жаңа  бояу  сүйкеп  жақсартамын  деп  әуре

болумен пара-пар. Мен сондықган боянбаймын, Зайкүл.

Мен бұл сѳзді ѳзім айтқандай қуандым. Меңтай жауа‐

бының  тапқырлығына  да,  оның  ѳзге  қыздар  сияқты

223



ешқашан  боянбайтындығына  да  сүйсіндім.  «Сол  керек

саған,  Зайкүл»  дедім  ішімнен.  Бірақ  бұған  Зайкүл

қысылмады.

— 

Қойшы,  сен  де  қайдағыны  соғады  екенсің,  -  деді



Зайкүл  ѳз-ѳзінен  сықылықтай  күліп.  -  Бояуға  не  жетсін,

шіркін!  Ерінді  қып-қызыл,  қасты  қап-қара  етіп  боянып

шыға  келгенінде  жігіттердің  жаны  жәннәмға  кетпей  ме?

Сенің бетің ақ қой, опа жақпасаң да болар. Бірақ ерін мен

екі  беттің  ұшын  қызартуың  керек.  Сонда  сен  үріп  ауызға

салғандай болар едің.

— 

Жоқ,  Зайкүл,  мен  сенің  орныңда  болсам  опа  да



үстамас  едім,  жосаға  да  жоламас  едім.  Ойға  емес,  опаға,

бойға емес, бояуға қызыққан жігіттен не барқадар шығар

дейсің.

Туфли ѳкшесінің тықыры шықты. Екі қыз ашық тұрған

есіктің табалдырығынан аттады. Зайкүлдің қоңырқай беті

айран  жаққандай  ала  қожалақ  бола  қалыпты.  Сонысын

сұлулық  санап,  кішкентай  ешкі  басын  кекжите  ұстап,

қасымнан  ѳтті.  Мен  дереу  есікті  қайырып,  кілтін  сала

бастадым.  Кілтті  бұрап  жатып,  Меңтайдың  Зайкүлге

айтқан  сѳздерін  есімде  қалдыруға  тырыстым.  Екі  қыздың

соңынан  жүгіре  аяңдап,  баспалдақпен  тѳмен  түсіп  келе

жатсам, тѳменгі қатарда қыздар күтіп тұр екен.

— 

Сен  үшеуің  оңаша  қоштасып  шыққаннан



саумысындар?  -  деді  Қанипа  кѳзін  ойнақшыта,  мойнын

қиқандатып.

— 

Жо-о-ға,  -  деді  Меңтай  даусын  созып.  -  Мына



Зайкүл айнаға қарап аламын деп.

Мен  Берлин  қақпасының  кілтін  ұстағандай  масат‐

танып қолымдағы кілтті жоғары кѳтердім.

Қыздар  бѳлмесінің  алдына  барғанымда  кенеттен  сол

сѳздер ойыма түсті. Ұмытып қалмау үшін жазып қояйын

деп,  ѳз  бѳлмеме  келіп,  дәптеріме  үңілдім.  Түні  бойы

отырып кѳшірген

224



жазуларым кѳзіме оттай болып және басылды. Бұл да

Меңтай  сѳздері,  соның  ойлары.  Ендеше  ғашықтық  ізі

деген осы емес пе? Ақ қарға түскен қызыл түлкінің ізіндей

сайрап  ол  кѳңілде,  кѳкіректе,  ойда  қалады  екен  ғой.

Ғашықтың ізін тек қана жүректен іздеу керек екен ғой.

Мен осылай деп түйдім.

Бұл  кезде  мен  жұмыс  істейтінмін.  Жазуымды  жазып

болдым  да,  жұмысқа  барғанша  аздап  тынығып  алайын

деп тѳсегіме жантайдым. Ұйықтап қап, жұмыстан кешігіп

жүрмейін  деп  және  ойладым.  Олай  деп  ойламай

қайтейін,  бұл  менің  әрең  қолым  жеткен  қызметім  ғой.

Тѳсекте  шалқамнан  жатып,  бұл  жұмысқа  қалай  орна‐

ласқанымды есіме түсірдім.

... 


Оған  дейін  мен  жексенбі  сайын  жатақхана  маңында

кѳрінбей, жоқ боп кететінмін. Қайда кетіп, не тындыраты‐

ным-ды  бір  бѳлмеде  жататын  Жомартбек  те,  Пернеш  те,

Тѳлеубек  те  білмейтін.  Олар  білмеген  соң  қыздар  мүлде

сезбейді.  Жұртқа  сездірмей  мен  жексенбі  күні  таңертең

ерте Фурманов кѳшесіне түсіп алып, тѳмен қарай заулай‐

мын.  Кѳше  мен  темір  жолдың  түйіскен  жерінде  сексеуіл

базасы  бар.  Жексенбі  сайын  оған  отын  тиеген  эшелон

келеді.  Оны  түсіру  үшін  базаға  қосымша  жұмыс  қолы

қажет.  Мен  база  жұмыскерлерімен  жалғасып,  платфор‐

мадан жерге сексеуіл құлатысамын. Темір жол жиегіне біз

құлатқан сексеуіл тау болып үйіліп қалады. Қала тұрғын‐

дары оны бірнеше күн бойы біреу есек арбамен, біреу ат

арбамен,  қолы  ұзындаулар  машинамен  алып  кетіп

жатады.  Әркімге  қолындағы  талонына  қарай  отын

беріледі.  Кімнің  қанша  отын  алатынында  менің  шаруам

жоқ.  Мен  кешке  еңбегім  үшін  қолыма  тиген  250  кило‐

грамм сексеуілдін талонын білемін. Соны сатып, ақшасын

стипендияма  жалғап,  бір  апта  бойы  талшық  етемін.

Кешке  қарай  жатақханаға  қайтқанда  екі  аяғыма  екі  пұт

темір  байланып  қалғандай  боп  әрең  қозғаламын.

225



Ертеңінде де ѳне бойым ауырып, жайсыз күйде боламын.

Әсіресе  қолым  қалтырап,  лекцияны  зорға  жазамын.

Содан кейін бірте-бірте құрыс-тырысым жазылып, келесі

демалысқа  дейін  денемнің  ауырғанын  мүлде  ұмытып

кетемін.

Қыс пен кѳктемді осылай ѳткіздім. Тек жазғы емтихан

басталғаннан  бергі  жексенбілер  ғана  сабққа  әзірлікке

кетіп  жатты.  Бірақ  бүгін  тағы  да  әкемнің  үйіне  бара

жатқандай асы-ғып, сексеуіл базасына қарай бет қоюыма

тура келді. Себебі сен емтиханға әзірленіп жатыр екен деп

ѳз-ѳзінен  қалтаңа  кѳк  тиын  келіп  түспейді  ғой.  Ал,

қалтадан  ақша  кетсе,  қарынның  құт-берекесі  кетеді.

Ақшан  барда  тойған  қозыдай  томпайып  үнсіз  жататын

моп-момақан  қарның  қалтаң  қағылса,  ішіне  қоралы

қасқыр кіріп кеткендей боп, ұлып шыға келетіні бар емес

пе.  Шұрылдап,  шуылдап,  құрылдап,  қорылдап  мазаңды

алатынын  қайтерсің.  Әсіресе,  қыздардың  қасында

отырғанда  қинайтынын  айтсаңшы  оның.  Ішегің  шұрыл‐

дап,  қарның  күндей  күркіреп  жонелгенде  шекеңнен  тер

шып-шып шығып, қысыла бастайсың. Сол кезде Қанипа‐

нын: «Ербол, ішіңе ит қамап қойғанбысың? Қоя берсеңші

ол  байғұсты»  деп  әзілдеген  боп  ѳз-ѳзінен  сақылдап  кеп

күлетінін  айтсаңшы.  Қыз  күлкісі  деген  бір  жерінен  от

тисе,  барлық  тұсы  бірден  лап  ете  қалатын  ашық  ыдыста

тұрған  бензин  іспетті  емес  пе?  Олардың  бір  тұтанған

күлкісін  сѳндіру  қандай  қиын.  Тек  Меңтай  ғана  олармен

қосыла  күлмейді.  Бәлкім  ол  мені  аяғандықтан  сѳйтетін

шығар. Күлкінің неден туғанын аңғармаған болып, дайын‐

далып  отырған  пәнімізге  қажетті  аса  бір  керекті  датаны

іздегендей, дәптер бетін парақтай береді.

Бүғін мен, Канипа айтқандай, ішімдеғі «қамаулы итті»

бо-сатып  коя  беру  үшін  келе  жатырмын.  Келе  жатып

Жомартбектің бір қылығы ойыма түсіп кетеді де, ақырын

мырс етіп күліп аламын.

226



Бір  бѳлмеде  мен,  Жомартбек,  Пернеш,  Тѳлеубек

тѳртеуміз  тұрамыз.  Солардың  менен  басқа  үшеуініңде

үйінен  азық  келеді.  Жомартбек  үйінен  келгеннің  бәрін

қаладағы жақындарынікіне алдырады. Пернешке бірдеңе

келсе,  жұртпен  бѳліп  жеп,  тез  тауысуға  құмартады.

Алғаш  дәм  татқаннан  кейін  қалғанын  ѳзі  жесін  деп,  біз

үнемі  шегіншектей  береміз.  Сабақтан  келе  сала,  оны-

мұныны  сылтауратып,  бѳлмеден  шығып  кетеміз.

Ондайда  Пернеш  дәлізден  бізді  іздеп,  соңымыздан  қуып

жүреді.  «Қайда  қашып  кеттіндер?  Келсендерші,  мынаны

бѳліп  жейік»  деп  шыр-пыры  шығады.  Кейде  екеуміз

оңаша  қалсақ,  ол  маған:  «Ағай,  мынадан  бір  алып

жіберіңізші,  жалғыз  менің  тамағымнан  ѳтпей  отыр»  деп

жалынады.  Ал  Тѳлеубектің  тамағынан  ѳте  береді.  Ол

ешкімге  дәм  де  татырмайды,  жұрттың  кѳзінше  теріс

қарап  алып,  үйінен  келген  сары  май  мен  жентті  қара

нанға  жағып,  күйсетеді  де  отырады.  Күн  сайын  сѳйтеді.

Бір  күні  Тѳлеубек  тѳсегінің  алдында  теріс  қарап

жайланып  алып,  қарыннан  шыққан  сап-сары  майды

нанға  жағып,  жаңа  аузына  тыға  бергенде  жанына

Жомартбек жүгіріп барды.

Тѳке,  мынаған  да  жағып  жіберіңізші,  жүрегімді



жалғайын,  -  деп  қалжың-шыны  аралас  қолындағы  бір

жапырақ нанын тосты.

— 

Жоқ,  бітті,  -  деп  Тѳлеубек  дереу  тѳсек  астындағы



қара чемоданға құлыпты салды да тастады.

Осыдан  кейін  Тѳлеубек  күндіз  жұрт  кѳзінше  қара

чемоданға  жоламайтын  болды.  Сѳйтсек  ол  түнде,  біз

ұйықтағаннан кейін, ѳз тамағын ѳзі ұрлап жеуге кѳшіпті.

Оның  бәрін  Жо-мартбек  қу  біліп  жүріпті.  Бір  күні  түнде

мені  біреу  тѳсегімнен  жұлқылап  оятты.  Сѳйтсем,

Жомартбек екен.

— 0, 


не болды?

— 

Ереке, тұрыңыз, осы үйге ұры кіріп кетті.



227


— 

Қайдағы  ұры,  не  алады  бұл  үйден?  -  деймін  мен

ештеңе түсінбей.

— 

Жоқ, ѳзіңіз тұрыңызшы, - деп ол болмай орнымнан



тұрғызды  да,  қараңғыда  қасыма  отыра  қалып  баяндай

бастады.  -  Шырт  ұйқыда  жатыр  едім,  еден  сықыр  ете

түсіп, оянып кеттім.

Расында  да  біздің  бѳлменің  едені  сықырлауық  бола‐

тын. Әсіресе Тѳлеубек жатқан тұстың тақтайы шіріген еді

де, оның тѳсегіне қарай аяқ бассаң, бажылдап қоя беретін.

— 

Иә.


— 

Басымды  кѳтеріп  алып  едім,  біреу  Тѳкеңнің  чемо‐

данын  тықырлатып  жатыр  екен.  «Әй»  деп  қалып  едім,

ұры  демін  ішіне  тартты,  еденге  үн-түнсіз  жата  қалған

сияқгы  болды.  Тегі  Тѳкеңнің  чемоданындағы  құрт,  май,

жентін ұрлауға келген біреу болуы керек.

Жомартбек сѳзінің жаны бар сияқтанды.

— 

Онда Тѳлеубекті неге оятпайсың?



— 

Тѳке!  Тѳке!  -  деді  Жомартбек  дауыстап.  -  Тѳке,

тұрыңыз, қасыңызда ұры жатыр.

Тѳлеубекте үн жоқ.

— 

Әне, айттым ғой, Тѳкең қатты ұйықтап қалған.



— 

Ендеше шам жақ. Пернешті оят.

Жомартбек  шам  жақты.  Пернеш  те  оянған  екен.

Бәріміз  анталап,  Тѳлеубектің  тѳсегіне  қарадық.  Ол  басын

бүркеп  алып,  қаннен-қаперсіз  ұйықтап  жатыр.  Тѳсегінің

астындағы  күні-түні  құлып  кетпейтін  қара  чемоданның

аузы  ашылып  қалыпты,  -  Әне,  айттым  ғой,  -  деп

Жомартбек  баж  ете  түсіп,  жүгіріп  барып,  Тѳлеубекті

жұлқылады.  -  Ойбай,  тұрыныз,  Тѳке,  чемоданыңызға

ұры түсті.

Бірақ  Тѳлеубек  тұратын  емес.  Басын  қымтап  алып,

құныса түседі.

— 

Ойпырай,  Тѳкеңнің  ұйқышылы-ай  осы,  -  деп



Жомартбек оның үстіндегі кѳрпені жұлып кеп алды.

228



Қырыққан  серкештей  тыртиып,  Тѳлеубек  орнынан

тұрды.  Аузы  қомпаң-қомпаң  етеді.  Алғашында  ол

Жомартбектің  жұлқылағанынан  шошып  кетіп,  үні

шықпай қалған екен деп ойладық.

Сѳйтсек аузына толтырып алған талқанды жұта алмай,

қақалып  тұр  екен.  Ауызындағы  кебір  талқанның

жартысын  әрең  ары  қарай  жѳнелткен  Тѳлеубек  кѳзі

аларып Жомарт-бекке бақшиды.

— 

Сен немене кісінің ѳз тамағын ѳзіне жегізбейсің бе? -



деді аузынан ақ боран бұрқылдап.

— 

Ойбай-ау,  Тѳке,  мен  қайдан  білейін  сіздің  ѳз



асыңызды  ѳзіңіз  ұрлап  жеп  жатқаныңызды,  -  деп

Жомартбек ез тѳсегіне қарай шегіншектей берді.

— 

Иә, білмегенің...



Пернеш  екеуміз  теріс  қарап,  сылқ-сылқ  күліп

жатырмыз.

— 

Оллаһи,  білгенім  жоқ,  -  дейді  Жомартбек  міз



бақпастан. - Сізді ѳйтеді деп кім ойлаған?!

Біз  қайтадан  орнымызға  жаттық.  Жомартбек  шам

ѳшіруге беттеп, сѳйлеп бара жатыр.

— 

Біздің ауылда бір кәнігі ұры болған екен, - дейді ол



ѳзінен-ѳзі  даурығып.  -  Сол  кісі  әбден  қартайып,  атқа

мінуден қалған соң, анда-санда, түнде ѳз үйінін шошала‐

сынан  ет  ұрлайтын  кѳрінеді.  Оны  айдалаға  апарып,

бақырға  асып,  маңайда  ешкім  жоқ  екенін  біле  тұрса  да,

айналасына  алақ-жұлақ  қарап  отыратын  болса  керек.

Шала  піскен  еттен  бір  асап,  опыр-топыр  отты  сѳндіріп,

қараңғыда  бұқпантайлап  тұра  кеп  қашып,  үйіне  келіп,

содан  соң  екі-үш  күн  қатарынан  рақаттанып  ұйықтайды

екен. Біздің Тѳкең сѳйтіп...

— 

Әй, оттамашы ѳзің!..



Қараңғыда бір нәрсе қабырғаға тарс ете қалды. Әрине

ол Тѳлеубектің бұзаубас туфлиі. Туфли еш жеріне тимесе

де  Жомартбек:  «Ойбай,  әлдім!»  деп  баж  етіп  тѳсегіне

229



құлады. Біз тағы мырс-мырс күлеміз. Жомартбек те күліп

жатыр.  Оның  мәз  бола  қатты  күлгендігі  сондай,  тѳсегінің

тот  басқан  шын-жыры  бірсыпыраға  дейін  шиқ-шиқ  етті

де тұрды. Кѳшеде келе жатып мен ѳзімнен ѳзім осы оқиға

есіме  түсіп  күлемін.  «Әй,  Жомартбек-ай,  несі  бар  екен

Тѳлеубек  байғұста?»  деймін  басымды  шайқап.  Күлемін

де,  «артыңнан  тым  болмаса  қатықсыз  қара  талқан  келіп

тұрғанның  ѳзі  де  қызық  екен-ау»  деп  ойлаймын.  Осы

кезде кѳз алдыма Меңтай елестейді. Ол қалың кірпіктерін

тѳмен  түсіріп,  «Рас»  деп,  ақырын  ғана  мені  құптап,  бас

изегендей  болады.  Әрине,  рас  деймін  мен  содан  соң

ѳзімді-ѳзім  құптағандай.  Ой  ойға  ұласады.  Қызға  ғашық

болу жігіт ѳмірінің ғажап бір кезеңі ғой. Кейінгі ѳміріңнің

реніш, қуанышы да соны сенің қалай түсініп, қалай ѳткер‐

геніңе  байланысты.  Қайта  оралмас,  қайырылмас  сол  бір

қымбат  сәтті  қадірін  кетірмей,  адалдықпен  ардақтап,

ертең  еске  түсіргенде  ѳзің  сүйсініп,  ѳзге  ғибрат  аларлы‐

қтай етіп ѳткізгенге не жетсін, шіркін! Бірақ сен сыртынан

сұқтанған  кѳрікті  қыз  кѳңіліңе  тоқ  болғанымен,  қарныңа

қанағат  әкелмейді  екен.  Міне,  мен  сондықтан  таң  атпай

дедектеп, сексеуіл базасына келе жатырмын.

Бірақ  бұл  жолғы  келуім  сәтті  болмады.  Ѳйткені

сексеуіл  тасу  ісі  жазда  тоқтап,  күзде  бір-ақ  басталады

екен. Біз емтиханға кіріскелі базаға бір де состав келмепті.

Алайда  отын  тау-тау  болып  үйіліп  жатыр.  Жүрт  жазғы

қажетіне ептеп осыдан алып кете бермек. Менің мұндағы

серіктерім  де  ыдырап  кетіпті.  Қалған  бірен-сараны

әркімнің есек арбасына отын тиесіп, иесінің мырзалығына

қарай  бірдеңе  алатын  кѳрінеді.  Түске  дейін  2-3  арба

тиесіп,  мен  де  он-он  бес  сомдай  ақша  таптым.  Бірақ

қыстағыдай  емес,  жұрт  аяғы  сирек.  Қыста  ма-шина  мен

машина  қағысып,  біреуге  біреу  жол  бермей  ию-қию  боп

жатушы еді. Енді алматылықтар жазда от жағып, ас пісір‐

меуге  ант  етіскендей,  тыйыла  қалыпты.  Мандымды

230



ештеңе  болмаған  соң,  мен  түс  ауа  қайтайын  деп  қалаға

қарай  беттедім.  Сексеуіл  базасынан  шыға  берісте  есек

арбаға  еріп  келе  жатқан  Шалдуар  Шалғынбаев  кездесе

кетті.


— 

Ау,  аманбысың,  Қарадомалақ,  аһ!  -  деді  ол  мені  кѳре

салып,  бейне  бір  редакцияның  дәлізінде  тұрғандай

ѳктемсіп.

— 

Сәлеметсіз бе?



— 

Е, неғып жүрсің мұнда?

— 

Жұртқа сексеуіл тиесейін деп келіп едім.



— 

Жүр, онда маған да тиес.

Шалдуар мені қолтығымнан алып, кейін қарай бұрды.

Ықылас,  ризалығымды  да  сұраған  жоқ.  Екеуміз  есек

арбаға  мѳлшерлеп  екі  жүз  елу  килограмм  сексеуіл

салдық.  Шалдуар  қолының  ұшымен  ғана  қимылдайды,

кѳбінесе маған бұйрық берумен жүр.

— 

Әй, анау қуарған кәрі сексеуілді арбадан алып таста.



— 

Неге?


— 

Сол.  Оның  орнына  мынау  бұғының  мүйізіндей

ербиген жасын сал.

— 

Жас сексеуіл жаруға қиын болады.



— 

Неге қиын болады? Балталаймыз онда.

— 

Балта ѳтпейді.



— 

Тасқа соғамыз.

— 

Тасқа  ұрғанмен  тез  сынбайды:  кісіні  электр  тоғы



соққандай  естен  тандырып,  екі  қолды  салдыратып

тастайды.

— 

Соқ ертегіні. Одан да ерініп тұрмын десеңші.



— 

Ерінетін  дәнеңесі  жоқ,  сал  десеңіз,  салып  берейін.

Маған бәрібір.

Екеуміз  сексеуіл  тиеген  есек  арбаға  ілесіп,  қалаға  келе

жатырмыз.  Есек  иесі  ұзын  сирақ  бала  дедектеп,  алда

231



келеді.  Әр  кѳшенің  бұрылысына  жеткенде  ол  артына

бұрылып, Шал-дуарға айғай салады.

— 

Ағай, енді қалай жүремін?



— 

Тура  тарта  бер,  -  дейді  Шалғынбаев  мардымсып.  -

Бірақ әр кѳшенің қиылысында осылай тоқтап, сұрап отыр.

— 

Қайта-қайта  сұратып  қайтесіз?  Одан  да  баратын



жердің  әдірісін  бірден  айтпайсыз  ба?  -  деймін  мен

баланы аяп.

— 

Сұрасын,  алатын  ақшасын  адалдап  алсын,  -  дейді



Шалдуар тұмсығын кѳтеріп.

«

Шалдуар десе, шалдуарсың-ау ѳзің. Атыңды әкең дәл



тауып қойған екен» деймін мен ішімнен. Содан кейін мен

ептеп Шалғынбаевтан сыр тартамын.

— 

Шәке,  осы  редакңия  маңынан  жеңіл-желпі  жұмыс



табыла ма?

Ол бедірейіп маған қарайды.

— 

Кімге?


— 

Маған.


Шалғынбаев шалқалап кеп күлді.

— 

Саған неғылған жұмыс? Сен студентсің ғой.



— 

Студент болсам да, жұмыс істемесем болатын емес,

тұрмыс қиын боп барады, - дедім мен шынымды айтып. -

Таңертең лекцияда болып, түстен кейін жұмыс істер едім.

Тіпті түннің бірсыпыра жеріне дейін істеуге де бейілмін.

Тегі  менің  үнім  жалынышты  боп  шықты-ау  деймін,

Шалғынбаев енді күлмеді. Оның күлмегенін пайдаланып,

мен  ѳзімнің  қыстай  демалыс  сайын  жалданып,  ептеп

ақша тауып келгенімді айттым.

— 

Әй,  сонда  сен  қанша  ақша  таптың?  -  деді  Шалдуар



тоқтай қалып, мені иығымнан жұлқып, ѳзіне қаратып.

«

Әй»,  «әй»  деп  сѳйлеу,  сѳйлегенде  қасындағы  адамын



иықтан,  желкесінен  періп  қалу,  жұлқып,  ѳзіне  қарату

Шалдуардың  әдеті  екен.  Байқаусыз  келе  жатқан  мені  ол

иығымнан  жұлқып  қалғанда  құлап  түсе  жаздадым.

232



«

Мынаған  не  болған?»  деп  ойлап,  апалақтап  оның  бетіне

қарап едім, Шалдуардың менің тәлтіректеп барып түзел‐

генімде шаруасы жоѳ, бедірейіп оз сұрағына жауап күтіп

тұр екен.

— 

Жексенбі сайын 20-30 сомға дейін қаратушы едім, -



дедім мен мардымсып. - Ол кѳп ақша ғой!

Шалдуар екі санын шапалақтап, қарқылдап кеп күлді.

Одан сон ол мені тағы да иықтан періп қалып, жол шетін‐

дегі арыққа құлата жаздады.

Кѳп  ақша  дейді!  -  деді  ол  ішін  басып,  күлкісін  тыя



алмай  _  Тапқан  екенсін  кѳп  ақшаны.  -  Ол  күлкісін  әрең

басып,  менімен  қайта  қатарласты.  Тағы  да  мақтана

сѳйледі.  -Сенің  ол  «кѳп  акшаң»  біздің  бір  кішкентай

информацияның  құны  ғана.  Сен  білесін  бе?  -  деп

Шалғынбаев  оң  қолының  бармағы  мен  сұқ  саусағын

біріне- бірін жақындата ұстап, менің кѳз алдыма тосты. -

Бес.  жолдық  мынадай  информацияға  бар  ғой,  бізде  он

сом қояды. Ал мынадай болса, - сұқ саусақ пен бармақтын

арасы  алғашқыдан  алшая  түсті,  -  жиырма  сом.  Егер

информацияның  кѳлемі  мынадай  болса,  -  ол  бір  нәрсені

ѳлшеп  жіберетіндей  боп  қарысын  кѳрсетті,  -  алпыс  сом.

Білдің  бе:  бір  қарыс  информация  жазсан,  бірден  алпыс

сом аласын. Аһ! Бұл газеттің бір номерінде бір информа‐

циян  ғана  шықса  алатының.  Кейде  бір  номерде  бірнеше

информацияң шығып кетуі де ықтимал. Ол ѳзіңнің пысы‐

қтығыңа  байланысты.  Ал  айына  газеттің  неше  номері

шығатынын  білесің  бе,  25-26  номері  шығады.  Сонда  бір

айда  орта  есеппен  он  бес  информация  шығарған  журна‐

листің  ѳзі  тоғыз  жүз  сомдай  ақша  табады.  Білдің  бе?  Аһ!

Шалғынбаев  маған  ежірейе  қарап,  бармағын  шошайтты.

Мен  кѳзім  бақырайып,  басымды  изедім.  Тегі  Шалғынба‐

евтың  менің  кѳзімді  мүлде  ұясынан  шығарып  жібергісі

келді-ау  деймін,  сәл  қабағын  шытыңқырап  маңызданды

да, қайтадан сѳйлеп кетті.

233



— 

Мен  ѳзім  информацияны  кәсіп  қылмаймын,  -  деді

ол  ол  денеден  жиіркенгендей  танауын  тыжырайтып.  -

Оны  кәсіп  қылу  тышқан  аулаумен  бірдей.  Мен  етектей-

етектей очерктер жазамын. Сен менің бір очеркіме қанша

гонорар қойылатынын білесің бе? Аһ!

Мен  басымды  шайқаймын.  Менің  оны  білмегеніме

Шалғынбаев одан сайын разы бола түседі.

— 

Білмейсің. Саған оны білу қайда? Мен бір очеркіме



алты-жеті  жүз  сом  аламын!  -  «Ал,  қалай?»  дегендей,  ол

бетіме  қарады.  «Сұмдық  кѳп  екен!»  деген  ишарамен  мен

кѳзімді  жұмдым.  -  Ал  сен  менің  айына  қанша  гонорар

табатынымды білесің бе? Аһ?

Мен  тағы  да  басымды  шайқаймын.  Шалдуар  одан

сайын мәз болады

-

Әр  айдың  аяғында  мына  додең,  -  ол  бармағын



шошайтып,  кеудесін  түртті,  -  мың  жарым-екі  мың  сом

гонорарды қалтасына салып алып, талтандап жүре береді.

Оның үстіне менің ай сайын сегіз жүз сом жалақым тағы

бар. Енді осының бәрін қосшы ѳзің.

— 

Кѳп ақша ғой, - дедім мен.



— 

Жоқ, ѳзің қосшы кәне.

— 

Екі мың үш жүз-екі мың сегіз жүздей-ау деймін.



— 

Дәл, дәл. Кейде мына үшеудің ѳзі де боп кетеді, аһ! -

деп ол бармағымен шынашағын басып тұрып, қалған үш

саусағын шошайтады. - Міне, кѳп ақша қайда жатыр? Ал

сен отыз сомды кѳп ақша кѳресің.

— 

Рас,  -  деймін  мен  Шалғынбаевтың  қаламақысынан



басым  айналғандай  тѳмен  қарап.  -  Маған  айына  екі-  үш

жүз  сомның  жұмысы  табылса  да  істер  едім.  Алда  жазғы

каникул  келе  жатыр.  Ол  кезде  жұмыссыз  бос  жүру  де

қасірет қой...

— 

Әй,  -  деді  Шалғынбаев  ұзаңқырап  барып  тоқтап



тұрған  есек  арбаға  қарап,  аяғын  шапшандата  басып,  -

біздің  редакцияда  екі-үш  жүз  сомдық  жұмыс  болмайды.

234



Курьердің  ѳзі  айына  тѳрт  жүз  сом  алады,  корректор‐

лардың  айлығы  алты  жүз,  әдеби  қызметкерлердікі  сегіз

жүз.  Сен  сияқты  шикі  студентке  әдеби  қызметкер  болу

қайда.  Сен  корректорға  да  жарамайсың.  Егер  курьер

болғың  келсе,  ертең  бізге  кел.  Мен  сені  жауапты  секре‐

тарьға алып барайын. Кеше Нюра деген курьер қызымыз

демалысқа шықпақшы боп, орнына кісі табылмай жатқан

сияқты еді.

.*

Біз есек арбаның қасына келдік.



— 

Әй,  былай  бұр,  -  деді  Шалдуар  есектің  шылбырын

ұстаған  балаға  кѳшенің  оң  жағын  нұсқап.  -  Ыстықкѳл

кѳшесіне қарай тарт. Анау, бұрыштағы үй.

Есек арба оңға қарай бұрылған соң мен:

— 

Ал, Шәке, қош болыңыз. Ертең редакцияға келемін,



деп ѳз женіме кетуге ыңғайландым.

— 

Ѳй,  қайда  барасың?  -  деді  Шалдуар  «ѳзіңнің  есің



дұрыс па?» дегендей маған бажырая қарап.

— 

Жатақханаға... Емтиханға әзірленіп жатыр едік.



— 

Жатақханаға...  -  деді  ол  маған  бірдеңесін  ѳткізіп

қойғандай  қабағын  шытып.  -  Сен  енді  мынаны  түсіріп

бермейсің бе?

«

Асығыспын, ѳзіңіз түсіріп алыңыз» дегелі бір тұрдым



да, Шалдуардың түрінен қорықтым. «Мінезі тік пәле екен,

ренжіп қап, ертең жұмысқа алдырмай жүрер» деп ойлап,

оның  соңынан  ықылассыз  ілестім.  Ыстықкѳл  кѳшесі  мен

Гоголь кѳшесінің бұрышындағы екі қатарлы үйдің алдын‐

дағы  сарайдың  қасына  есек  арбадағы  сексеуілді  түсірдім,

Шалдуар  үйіне  кіріп,  ақша  алып  шықты  да,  арбакеш

баланы жѳнелтті.

— 

Әй,  неғып  тұрсын?  -  деді  ол  кетуге  ыңғайланған



маған қарап. - Енді бұларды анау тасқа соғып, жармайсың

ба?  -Менің  қырсау  қимылымды  аңғарды  ма,  ол  бірден

бастырма-лата  жѳнелді.  -  Сен  ѳзің  менен  ақы  дәметіп

235



жүргеннен  саумысың?!  Саған  ақы  не  керек.  Отыз  сомды

олжа кѳріп жүрген сен ертең курьер боп, айына тѳрт жүз

сом алып отырсаң, шекеңе тар келе ме? Менің саған берер

ақшам сол. Ұқтың ба? Аһ?..

Мына  пәле  шынында  да  бір  сұмдықты  шығарып

жүрер  дедім  де,  үйіліп  жатқан  сексеуілді  үн-түнсіз

шетінен  сүйреп,  жаруға  кірістім.  Тасқа  соғылған  сексеуіл

жігері  жалаңаш  қолымды  жаңғыртып,  ѳне  бойымды

электр тогы соққандай дір-дір еткізеді. Сонда да тістеніп,

тырмысып  жатырмын.  «Мұны  ѳзім  жаратынымды

білгенде  бағана  тез  сынатын,  шірік  сексеуілді  кѳбірек

салатын  едім  ғой»  деймін  ішімнен.  Бірте-бірте  алақа‐

нымның  терісі  ойыла  бастады.  Ақыры,  қолым  шыдамай

бара  жатқан  соң,  жарылған  сексеуілді  аяғының  ұшымен

жинастырып тұрған Шалдуарға бұрылдым.

— 

Шәке, жаман қолғап бірдеңе табылмас па екен?



— 

Ѳй,  сен  ѳзің...  студенттің  жаман  қолын  аяп,  -  деп

ежірейді  ол  маған,  екі  қолын  қалтасында  ұстап,  шірене

тұрып. - Мен саған жаман қолғапты қайдан табамын?

— 

Қол  шыдамай  барады,  -  дедім  мен  Шалдуардың



қолғабы жоғына бейне бір ѳзім кінәлідей-ақ ыржия күліп.

— 

Онда  несіне  солдат  болып  жүрсің,  бес  тал  ағашты



жару  қолыңнан  келмесе?  Жә,  жар  да,  болған  соң  ана

сарайға  үйіп,  құлпын  сыртынан  бос  сал  да,  жатақханаңа

жүре бер.

Осыны  айтып  Шалдуар  алшаңдап  үйіне  қарай  кетті.

«

Жұртқа  жылы  сѳйлеп,  сәл  кішілік  кѳрсетсең,  ѳстіп



иығыңа мініп алатыны жаман, - деймін мен ѳзімнен-ѳзім

күйіп-пісіп. - Маған бірдеңесін ѳткізіп қойғандай ѳкірең‐

деп, алшандауын. Солдатты адам емес, темір деп ойлайды

екен-ау  бұл.  Кѳрер  едім  соғыста  болсаң, сенің  жаныңның

қандай  темірден  соғылғанын!»  Ѳстіп,  іштей  күңкілдеп

қанша  ұрысқаныммен,  ол  күні  Шалдуардың  бар

шаруасын  тап-тұйнақтай  етіп  тындырып  кетуіме  тура

236



келді.  Ертеңінде,  сағат  таңертеңгі  тоғыздан  аса  үкідей

ұшып редакцияға жеттім. Редакция орналасқан үш қабат

үйдің алдына келсем-ақменің жүрегімді ѳзгеше бір лүпіл

кернейді.  Оның  сыртқы  биік  тас  баспалдағына  кѳтеріл‐

геннін  ѳзіне  тау  болмаса  да,  тѳбе  басына  шыққандай

кѳңілім  биіктеп  сала  береді.  Маған  редакция  адамда‐

рының  бәрі  ерекше  жаралған  жан  боп  кѳрінедк  олар

шетінен  жақсы,  шетінен  сүйкімді  сияқтанады.  алдуар

Шалғынбаевтай  боп  олардың  ортасында  жүруден  артық

бакыт  жоқ  іспеттенеді.  Ѳстіп,  редакция  үйінің  әр  бұры‐

шына  аса  зор  құрметпен  қарап,  дәлізде  кездескен  әр

адамына,  ол  мені  елемесе  де,  иіле  сәлем  беріп,  жаңа

түскен  жас  келіндей  сызылып  келе  жатсам,  Шалдуар

машина бюросынан шығып барады екен.

— 

Шәке,  -  дедім  оны  кѳргенде  әкемді  кездестіргендей



қуанып.

Шалдуар жалт бұрылып, қалбаландай ұмтылған маған

таңданғандай, сүзе қарап қалды.

— 

Шәке, сәлеметсіз бе?



— 

Сені кім шақырды, аһ? - деді ол қасына келген менің

қолымды да, сәлемімді де алмастан.

— 

Сіз бүгін кел деп едіңіз ғой.



— 

Қашан?


— 

Кеше, сіздің үйге отын түсіргенде.

Шалдуар қабағын тыржитты.

— 

Отын,  отын...  -  деді  ол  әлденеге  мені  кекеткендей.  -



Жұмыс жайында десеңші одан да.

— 

Иә, жұмыс жайында ғой, Шәке. Курьер алып қойған



жоқ па едіңіздер?

Шалғынбаев менің бұл сұрағыма жауап бермеді.

— 

Жүр,  -  деді  ол  ѳктем  үнмен  иығымнан  жұлқып



қалып.  Бағанағыдай  емес,  Шалдуар  енді  маңғаздана

237



аяңдады.  Мен  сүмендеп  соңынан  ілестім.  Ілесе  бере,  оған

тағы бір сұрақ қойдым.

— 

Шәке, біз кімге барамыз?



— 

Жауапты секретарьға, - деді ол мойнын бұрмастан.

— 

Жауапты секретарьларыңыз кім деген кісі еді?



— 

Сен  білмейсің,  -  Шалдуар  оң  қолын  шорт  сілтеді,  -

жаңадан келген адам. Сен сияқты соғыста болған.

Мен  «ендеше  ол  кісіге  кірмей-ақ  қояйық»  деп  үлгір‐

генше  болмады.  Шалдуар  «Жауапты  секретарь»  деген

жазуы  бар  кабинеттің  есігін  жұлқып  қалып,  мені

жеңімнен сүйрей ішке кірді.

Кабинет  иесі  үстеліне  еңкейе  түсіп,  газет  қарап

отыр екей.

— 

Осы  кісі  жауапты  секретарь,  осы  кісімен  сѳйлес,  -



деп  Шалдуар  мені  ілгері  итермеледі.  Мен  Шалдуар  ѳзі

айтып, қызметке ѳзі алдырады екен деген үмітпен келген

едім.  Ол  малту  білмейтін  адамды  терең  суға  лақтырған‐

дай,  мені  кабинетке  кіргізе  салып,  ѳзі  сырғып,  шығып

кетуге  ыңғайланды.  Осы  кезде  жауапты  секретарь  басын

кѳтеріп,  бізге  бұрылды.  Оның  жүзін  кѳргенде  мен  ѳз

кѳзіме ѳзім сенбеген сияқтандым. Кірпіктерім үсті-үстіне

жыпылықгап  кетті.  Қасы  түксиген,  орыс  ѳндес,  сабырлы,

ақсары  кісі.  Екі  кѳзі  де  бұрынғысындай  сәл  шегірлеу.

Үстіне  жай  киім  кигені  болмаса,  бұрынғыдан  еш  ѳзгерісі

жоқ, әскери журналист, капитан Бағи Уазитовтың нақ ѳзі.

— 

Бәке! - дедім мен жауапты секретарьға екі қолымды



бірдей созып.

Бәкен  де  мені  жазбай  таныды-ау  деймін.  Тез  орнынан

тұрып:

— 

Ербол, сенбісің, айналайын!"- деп құшағын жайды.



Мен  Бәкеңнің  мол  құшағына  қалай  еніп  кеткенімді

білмей қалдым. Ол: «Аман-есен келдің бе?» деп бауырына

қысып, арқамнан қағып жатыр.

— 

Шүкір,  Бәке,  мен  былтыр  кедгенмін,  -  деймін



238


Бәкеңнің  мені  құшақтағанына  кѳңіліл  босаңқырап,  бірақ

оны білдірмеуге тырысып. - Ѳзіңіз қашан келдіңіз?

— 

Екі айдай болды. Осында бұрынғы қызметіме орна‐



ластым. Ѳзің қайдасың, Ербол?

— 

КазГУ-де, оқудамын.



— 

Бәрекелді. Ал, отыр, әңгімелесейік.

— 

Әңгіменің үлкені, осыған



жұмыс керек, - деді жаңағы мені осында кіргізе салып,

шығып  кетуге  ыңғайланған  Шалдуар  қайтадан  бұрылып

келіп  және  мені  қалай  да  қызметке  орналастыруға  бел

байлағандай  белсенділік  білдіріп.  -  Бұл  корректорлыққа

жарамайды,  курьер  ету  керек.  Ѳздерініз  де  таныс  екен‐

сіздер ғой.

— 

Болғанда  қандай!  -  деді  Бәкең  баптай  сѳйлеп.  -  Біз



бір  бѳлімде  қызмет  еткенбіз.  Мен  редакцияда  болдым.

Ерболдың  елең,  мақалаларын  газетімізде  жиі  жариялап

тұра-тынбыз.

Бәкеңнің  бұл  сѳзі  мені  бір  кѳтеріп  тастады.

Шалдуар  «жаман  студент»,  «жаман  солдат»  деп

желкемнен  түспей  қойып  еді.  «Бәлем,  білші  мен

қандай  солдат  болғанымды»  дедім  ішімнен  айызым

қанып.  Менің  осы  ойымды  сезгендей  Шалдуар  шап

ете түсті:

— 

Бұл ѳлең жаза алушы ма еді? - деді Бәкеңнің сѳзіне



сенбегендей.

— 

Бәле,  жазғанда  қандай!  Мұның  ѳлеңдерінің  кейбір



жолдары  біздің  бѳлімнің  туы  іспеттес  боп  кеткен.  Белім

шабуылға шыққан сайын біз Ербол ѳлеңінің:

Алға қарыс бассаң, бас!

Сүйем кейін шегінбе! -

Әдет  жоқ  ондай  тегінде!  -деген  жолдарын  үнемі

газеттің шигеліне беретінбіз.

Шалдуар басын шайқады да:

— 

Мынадан  ѳлең  шығады  дегенге  ешқашан  сенбес



239


едім, аһ, - деп мені бүйірден түртіп қалып, сақылдап кеп

күлді. Жауапты секретарь сѳзін қайтадан жалғады.

— 

Оның  үстіне  мен  Ерболға  соғыстан  аман  келіп,  осы



орында  отырғаным  үшін  тікелей  қарыздар  кісімін,  -  деді

ол Шалдуардың парықсыз күлкісінің тоқталуын тоспай. -

Бұл  бақандай  үш  журналисті  тікелей  ажалдан  алып

қалған.


Шалдуар  бұған  сенбегендей  боп,  маған  қарады  да,

басын  шайқады.  Жауапты  секретарь  үш  журналистің

алғы  шепке  келіп,  маған  жолыққанын,  біздің  позиция‐

мызды  жау  атқылап,  бір  снарядтің  жер  үй  алдына  келіп,

ысылдап  жатып  алғанын  Шалғынбаевқа  таратып  айтып

жатпады.


— 

Ербол,  сен  Нығмет  Елеусізовтің  қазір  қайда  екенін

білесің бе? - деді маған бұрылып.

— 

Жоқ.



— 

Бәле, ол қазір С. қаласында, облыстық газет редакто‐

рының  орынбасары.  Ал  капитан  Рыжовтың  қайда

екенінен хабарың бар ма?

-

Жоқ.


— 

Ол Москваның бір баспасына орналасыпты. Мен хат

алып тұрамын. Бір хатында сені сұрапты.

— 

Апырай,  ә,  -  деймін  мен  қуанған  үстіне  қуанып.



Уазитов енді менің жайыма ойысты.

— 

Сен  студентсің  ғой,  -  деді  ойлана  отырып.  -  Әрине,



қоса қызмет істемесең болмайды қазір. Ал саған не жұмыс

тауып берсек екен?

Ол қарсысында түрегеп тұрған Шалғынбаевқа қарады.

— 

Е,  мұны  Нюраның  орнына  кешкі  курьер  ете  салы‐



ңыз,  аһ,  -  деді  Шалдуар  жұлып  алғандай.  -  Бұған  сол  да

жетеді.


— 

Иә, - дедім мен басымды изеп.

— 

Жоқ, мен Ерболға түпкілікті жұмыс болса деп отыр‐



мын.  Курьерлікті  қойшы,  Ербол  түбінде  біздің  белді

240



қызметкеріміздің  бірі  болуға  тиіс.  Бірақ  қазір  сол

уақытша курьерліктен басқа бос орын жоқ.

— 

Мен  курьер-ақ  болайын,  Бәке,  -  дедім  осы  бар



қызметтен айырылып қалмайын дегендей асығып. - Қазір

емтихан ѳткізіп жатырмыз, ѳзі кешкі жұмыс болса, маған

қолайлысы осы сияқты.

— 

Жарайды,  әзірше  осыған  орналаса  тұр.  Ар  жағын



тағы  кѳре  жатармыз,  -  деп  жауапты  секретарь  маған  бір

жапырақ  қағаз  ұсынды.  -  Арыз  жаз  уақытша  курьер  етіп

алуды  сұраймын  деп,  қолынды  қой.  Кешкі  алтыда

қызметке кел.

— 

Айттым,  орналастырдым...  Аһ!  Ал  енді  не  ғыл



дейсің?  Аһ!  -  деді  Шалдуар  жауапты  секретарьдан

шыққаннан  кейін  маған  шірене  қарап,  -  Сен  менің  бұл

жақсылығымды ұмытпа.

— 

Рақмет, Шәке, ұмытпаймын, - дедім мен оған асыға



бас изеп. Мінеки, осыдан жиырма шақты күн бұрын мен

қызметке  осылай  орналаскан  едім.  Күн  сайын  кешкі

алтыда  редакцияға  барамын.  Түнгі  он  бір-он  екіде

жұмысымды  бітіріп,  жатақханаға  қайтамын.  Алғашында

«

курьер»  деген  сѳздің  мәнісін  жѳнді  біліңкіремей  де



жүрдім.  Сѳйтсем,  редакция  мен  баспахана  арасына  қағаз

тасушы  кісіні  осылай  деп  атайды  екен.  Редакцияда  екі

курьер  бар.  Күндізгі  курьер  Даниловна  дейтін  қартаң

әйел.  Кешкі  алтыға  дейін  редакциядан  баспаханаға

қағазды  ол  тасиды,  кешке  ол  жұмысқа  мен  кірісемін.

Біздің  таситынымыз  редакция  бѳлімдерінің  күн  сайын

газетке 

басылуға 

даярлайтын 

мақалалары. 

Соны

жиналған  сайын  топтап  секретариаттан  алып,  баспаха‐



наға  апарып  тастаймыз.  Цех  бастығы  курьерден  келген

мақалаларды  қол  қойып  алады  да,  дереу  линотиписка‐

ларға  бѳліп  береді.  Олар  алдарында  тұрған  пианино

тәріздес  машиналарға  -  линотиптерге  отыра  қалып,

мақала  сѳздерін  қорғасынға  кешіреді.  Осылайша  екі

241



курьердің күні бойы кезектесіп баспаханаға тасыған қағаз‐

дары  ертеңінде  газет  болып  шығып,  оқушылардың

қолына жетеді.

Маған  редакция  да,  баспахана  да  қызық.  Күн  сайын

екеуінің  де  жұмысының  жайына  қанып,  түсіне  түстім.

Түсінгеннен  кейін  ѳзімді  қатар  жатқан  қос  кѳлдің  айды‐

нына кезек сүңгитін қоңыр үйрекке теңедім.

Редакцияның  негізгі  мақалалары  баспаханаға  кѳбіне

күндіз  жѳнелтіледі  екен.  Кешке  күндіз  үлгірмеген  азын-

аулақ  мақала,  кѳбінесе  алдағы  номерлерде  басылуға  тиіс

запас  материалдар  тасылады.  Анда-санда  ТАСС-  тан

келген  тығыз  мақалалар  болады.  Аударылғаннан  кейін

баспаханаға соларды жеткіземін.

Қайткенмен де кешкі курьердің бос уақыты кѳп бола‐

тын.  Ондай  сәттерді  бос  жібермей,  мен  оңаша  кабинет‐

тердің  біріне  кіріп  алып,  емтиханға  әзірленетінмін.  Ал

емтихан ѳткізген күндері Даниловна апайдың қуанышына

жұмысқа  бірер  сағат  ерте  де  шығатынмын.  Елпек  атқа

кімнің  мінгісі  келмейді.  Қалған  жұмысын  Даниловна  да

маған  тастай  салады.  Қызмет  аяғында  қайта  басылған

мақаланы  салыстырып,  асығып  отырған  бѳлім  меңгеру‐

шісі де маған жалынады.

— 

Ербол,  сен  мынаны  тыңдай  қойшы,  мен  оқып



тастайын.

— 

Ербол,  сен  мынаны  оқып  жіберші,  мен  оригиналға



қарап отырайың, - дейді.

Ең  алдымен  мені  машиннстка  Бибіш  апай  жұмсайды.

Мен баспалдақтаң кѳтеріле бергенде машбюроның ашық

тұрған  есігінен  тѳрде  отырған  апайдың  кѳзі  мені  шалып

қалады да, дереу столының тартпасын аша бастайды.

— 

Сәлеметсіздер  ме?  -  деймін  машбюроның  ашық



есігінен басымды сұғып.

— 

Айналайын,  менің  Ербол  бауырым  елгезек  қой.



Маған  тѳменнен  барып  бір  папирос  әкеп  бере  қойшы,  -

242



деп Бибіш апай бірден ақшасын ұсынады. - Осы шарша-

а-ап ѳлейін деп отырмын, бүгін жұмыс сондай кѳп болды.

Мен  күліп,  бас  изеймін  де,  редакңияның  астындағы

буфетген  бір  пачка  «Прибой»  әкеп  беремін.  Оған  апай

мәз боп қалады.

— 

Ой,  тілеуіңді  бергір.  Ой,  бір  жақсы  келіншек  алып,



кѳсегең кѳгергір! - деп батаны үсті-үстіне жаудыртады.

Апай жақсы келіншек жайын айтқанда мен ѳз-ѳзімнен

қызарып  кетемін.  Кѳз  алдыма  бірден  Меңтай  елестейді.

Менің  осы  ғашыктығымды  осы  апай  бейне  бір  біліп

отырғандай  боп  кѳрінеді.  Ѳстіп  жүріп  оқу  жылын  да

аяқтадым.

Енді бүгіннен бастап дайындалатын емтихан жоқ.

Қыздар  да  ауылдарына  кетті.  Бір  бѳлмеде  қалған

Жомартбек  екеуміз  ғана  болсақ,  оның  кешке  дейін  келу-

келмеуі екіталай. Ол да ертең не бүрсігүндері еліне қайт‐

пақшы.  Бәлкім,  ол  қазір  билет  алудың  қамында  жүрген

болар.  Сондықтан  мен  сағаттың  алты  болуын  күтпей,

бүгін жұмысқа күндегіден ерте бардым.

— 

Ербол,  ѳй,  Ербол,  -  деді  Бибіш  апай  менің  тѳбем



баспалдақган  кѳрінісімен-ақ.  -  Жылдамырақ  жүрші,

айналайын.

Апайдың  темекісі  таусылып  отыр  екен.  Қазір  тарт‐

пасын  ашып,  сумкасын  ақтара  бастайды  деп  ойладым

ішімнен.

— 

Сәлеметсіздер ме? Жай ма, Биапай?



Апай күліп жіберді.

— 

Темекіге  жұмсайды  екен  деп  қалдың  ба?  Темекім



бар, қалқам. Осы қазір ғана сені жауапты секретарь іздеп

отыр  еді.  Соған  бара  қойшы  тез.  Саған  жаңа  жұмыс

бергілері келіп отырған сияқты.

Салып  отырып  жауапты  секретарьдың  кабинетіне

барсам, Бәкен жалғыз отыр екен.

— 

Хал қалай, Ербол? - деді ол сәлемдескеннен кейін.



243


— 

Хал жақсы, емтиханды бітірдік.

— 

Каникулда қайда болмақ ойың бар: осында қаласың



ба? Әлде бір жаққа барасың ба?

— 

Осында  қаламын,  қайда  барамын?  -  дедім  мен.  -



Ауылға  барып  қайтайын  десем,  арлы-берлі  жүруге

қаражат керек.

— 

Онда биыл жаздай бізде корректор боп істей тұрсаң



қайтеді?

— 

Істеймін.



— 

Ертең бір кешкі корректор демалысқа шығушы еді.

Соның  орнын  саған  ұстап  отырмын.  Келесі  айда  тағы

біреуі шығады, оның орнын және сен басасың, - деді Бәкең

сабырлы,  қамқор  кѳңілмен.  -  Күндіз  ұйқың  қанғаннан

кейін маған келіп жүр. Әнеугідей емес, қолың босады ғой.

Мен сені енді завод, фабрикаларға жіберіп, хабар, корре‐

спонденциялар  жаздырамын.  Бұл  да  қосымша  қаражат

болады.

— 

Рақмет, Бәке.



— 

Бара-бара  мақала,  очеркпен  де  айналысарсың.

Сѳйтіп  екеуміз  сенің  қолыңнан  жазу  келетіндігін  осын‐

дағы жұртқа дәлелдейтін боламыз.

Мен басымды изедім.

— 

Онда мен сені ертеңнен бастап корректор қызметін



атқарады  деп  бұйрық  бердіремін.  Сѳйтіп  мен  сол

күннен  бастап  екі  ай  корректор  болдым.  Екі  айда  «Е.

Есенов»  деп  қолым  қойылып,  газетте  6-7  хабар,  корре‐

спонденциям  шықты.  Газет  айына  екі  рет  қаламақы,  екі

рет  жалақы  береді  екен.  Студенттің  айына  бір  рет

берілетін  стипендиясындай  емес,  бір  айда  колыңа  тѳрт

рет  ақша  ұстаудың  ѳзі  маған  ересен  байлық  сияқты  боп

кѳрінді.  Оның  үстіне  Уазитов  ағай  менің  хабарларыма

студенттік  жайымды  есептеп,  үнемі  кѳтеріңкі  қаламақы

қойып  отырыпты.  Оны  қаламақы  алған  сайын  Шалду‐

ардың  бас  шайқауынан  білдім.  Мен  қаламақы  немесе

244



жалақы  алып  шықсам-ақ,  алдымнан  Шалғынбаев  тап

бола кетеді.

— 

Әй, Қара домалақ, ақша алдың ба? Аһ? - дейді.



— 

Алдым, - деймін мен арсалаңдап.

— 

Әкел, санайық, - дейді ол қолын созып.



Мен  жаңа  ғана  кассирден  санап  алып,  кенетоз  гимна‐

стеркамның  омырау  қалтасына  екі  бүктеп  салып  қойған

ақшаны қайта суырамын. Шалғынбаев оны уыстап алады

да,  мені  оңашалау  жерге  қарай  бастайды.  Содан  соң  ол

жайланып  отырып  менің  ақшамды  санай  бастады.

Санайды да:

— 

Кѳп, - деп басын шайкайды.



— 

Неге? - деймін мен ѳз-ѳзімнен қысылып. Ол бухгал‐

терияға  айтып,  ақшамның  жартысын  қайтадан  алдырып

қоятындай боп кѳрінеді. Сасқалақтап, Шалдуардың бетіне

жалтақ-жалтақ қараймын.

— 

Кѳп деген соң кѳп! - дейді ол ақшаны маған қайыр‐



май, уыстап ұстап тұрып. Мен бір оның қолынан суырып

әкететіндей,  будыраған  қағаз  ақшаның  уысынан  шығып

тұрған  шетін  бармағымен  басып  қояды.  Сосын  мені

тергей бастай-ды. - Сен бұл жартыда неше хабар жаздың?

— 

Екеу.


— 

Әне,  айттым  ғой.  Екі  хабарға  мұнша  аққша  тиісті

емес. Бұрын бізге аз қойылатын.

— 

Мен қайдан білейін, - деймін Шалдуардын алдында



қылмыс жасағандай қысылып.

— 

Сен білмейсің, мен саған білген соң айтып тұрмын,



аһ! - дейді ол маңғазданып.

Бір  жолы,  Шалдуардың  осындай  тергеуінен  кейін,

мен одан:

— 

Ѳзіңіз қанша алдыңыз? - деп сұрадым ақырын ғана.



Ол басын шайқады.

— 

Бұл  жолы  мен  ештеңе  алғаным  жоқ.  Қазір  ѳзі



очеркке лайық материал жоқ, - деп қабағын шытты.

245



Мен  одан  сайын  қысылдым.  Бейне  бір  Шалдуарға

тиісті  ақшаны  ѳзім  алып  қойғандай  қуыстандым.  Мені

бұл қиындықтан Шалдуардың ѳзі шығарды.

— 

Ал  енді  бұған  ішпейміз  бе?  Аһ?  -  деді  ол  менің



ақшамды  ұстаған  оң  қолынан  жоғары  кѳтеріп.  Мен

басымды изедім.

— 

Жүріңіз,  Шәке,  сіз  ішіңіз,  менің  ішпейтінімді  ѳзіңіз



білесіз ғой.

Бұлай  дейтінім,  курьерлік  жалақымның  алғашқы

жартысын  алғанымда  дәл  осылай  Шалдуар  кездесе

кеткен. Сонда да ол менің аз ақшамды қолына алып, ерні

жыбырлап  санап  шығып,  «ал  енді  ішпейміз  бе?»  деген.

Мен  оны  кѳше  бұрышындағы  кѳк  будканың  біріне  ертіп

барып,  екі  жүз  грамм  арақ  әпергенмін.  Одан  кейін  де

жалақы,  қаламақы  алған  сайын  Шалдуар  менен  міндетті

түрде екі жүз грамм ішпесе, аузы қисайып кететіндей боп

әдеттеніп алған. Сол кездесулерде менің жарытып ішпей‐

тініме оның кѳзі жеткен.

— 

Бұл  сенің  нешінші  қаламақың?  -  деді  Шалдуар



ақшаны ѳзіме қайтарып беріп жатып.

— 

Үшінші ғой, Шәке.



— 

А,  солай  ма?  Сен  де  үшінші  рет  қаламақы  алып

жібердің  бе,  ей?  -  Ол  қарқылдай  күліп,  әдеті  бойынша

арқамнан  қойып  кеп  қалды.  Ыңқ  ете  түскен  менің

аузымды  аштырмастан  тағы  да  ѳзі  сѳйлеп  кетті.  -  Онда

былай  болсын.  Үшінші  қаламақыны  жақсылап  жууымыз

керек.  Бәріміз  де  сѳйткенбіз.  Әйда,  жүр,  кѳк  базардағы

шайханаға барамыз.

Мен бұрынғы әдет бойынша Шалғынбаевты кѳшелер‐

дегі  кѳк  будкалардың  бірінен  сыйлап  қайтарармын  деп

ойлап  едім.  Ол  мені  дедектетіп,  кѳк  базардағы  шайха‐

надан  бір-ақ  шығарды.  Үстелге  отыра  сала,  даяшыны

шақырып, ѳзі заказ берді.

— 

Жүз елу грамм арақ, - деді ол даяшының қолындағы



246


қағазын  иегімен  ымдап,  оған  тез  жаз  дегендей  ишара

білдіріп.

— 

Шәке, екі жүз грамм ішіңіз, - дедім оның күнделікті



мѳлшерін тұспалдап қалған мен.

— 

Жоқ,  ѳзімнің  есебім  бар,  -  деді-Шалғынбаев,  -  жүз



елу,  жаздыңыз  ба?  Аһ?  Жазсаңыз,  оған  үш  рет  дұңған

кеспесін қосамыз.

«

Біз  екеу  емеспіз  бе,  үш  кеспе  деп  осы  кісі  қателесіп



айтты  ма»  деп  ойлап,  оның  бетіне  қарадым.  Менің

ойымды ұққандай Шалдуар: «Үш кеспе деп жаздыңыз ба?

Үшеу деп жазыңыз» деп және екі рет қайталады. «Бәлкім

тағы  біреу  келетін  шығар,  үшінші  кеспені  соған  алып

отырған болар» деп түйдім де, үндемедім.

Заказ  алған  даяшы  кухняның  есігіне  қарай  кетіп  бара

жатыр еді, Шалғынбаев қайтадан баж ете түсті.

— 

Тоқта,  тоқта,  бері  кел,  -  деді  даяшыға  қолын  үсті-



үстіне  сермеп.  -  Тіркемесі  қалып  қойыпты  ғой,  тіркеме

қосыңыз.


Даяшы  үстел  шетіне  еңкейіп,  қағазына  және  бірдеңе

түртіп  алды.  «Мұның  тіркемесі  не  нәрсе,  қымбат  бірдеңе

емес  пе  екен?»  деп  қыпылдап  отыр  едім,  Шалдуар  маған

қарады.


— 

Әй,  сен,  тым  болмаса  бір  кружка  сыра

ішсеңші, аһ?

— 

Бір саптыаяқ ішсем ішейін, - дедім мен. Кетіп бара



жатқан даяшыны Шалдуар тағы тоқтатты.

— 

Тағы  бір  кружка  сыра  қосыңыз,  -  деді  ол  мойнын



созып. - Қостыңыз ба? Енді әкеле беріңіз, тез әкеліңіз.

— 

Жаңағы  бір  тіркеме  дегеніңіз  не?  -  дедім  мен



Шалғынбаевқа.

Шалдуар  сақылдап  күліп,  мені  бүйірімнен  тағы  бір

періп қалды.

— 

Соны білмейсің бе?



— 

Менің білетінім машинаға тіркеп, сүйретіп жүретін

247



бір  нәрселер  сияқты  еді.  Мәселен,  зеңбірек  сүйреткен

машинаны...

— 

Е, оны білсең болды, - деді Шалдуар сѳзімді аяқтат‐



пай.  Шалдуар  тегі  ѳзі  ғана  сѳйлеуді  жақсы  кѳретін.

Әсіресе  ол  менің  сѳзімді  кез  келген  жерден  киіп  кетіп,

шірік жіптей үзе салатын да, ѳзі сѳйлей жѳнелетін. - Бұл

да сол сияқгы: жүз елу грамм арақ - машина, бір кружка

сыра - соған тіркеме.

— 

Ал егер арақ жүз елу емес, жүз грамм болса ше?



— 

Онда бір кружка сыра тіркеме бола алмайды.

— 

Неге?


— 

Сол. - Ол менің бетіме білгішсініп, бажырая қарады.

Жүз  грамм  арақ,  бір  кружка  сыраны  тарта  алмайды.



Түсінікті ме енді? Аһ?

Мен басымды шайқадым.

— 

Сен  топассың,  -  деді  ол  бетіме  бедірейген  күйі.  -



Түсінігің нашар, ұтымың жоқ. Сондықтан сенен мына мен

сияқты жүйрік журналист шықпайды. Сенікі ет пен терінің

арасындағы  желік  сияқты  бірдеңе.  Майданда  бір  нәрсе‐

лерді  шатпақтаған  болуың  керек.  Уазитов  сол  үшін  сені

кѳкке кѳтере мақтайды. Меніңше сенде ешбір талант жоқ.

Мен  не  дерімді  білмей,  қызарақтап  күле  бердім.  Осы

кезде қасымызға даяшы келіп, біз сұраған ас-суды подно‐

спен әкеп, алдымызға қойды.

— 

Кеспенің  біреуін,  сыраның  бірін  ал,  -  деді



Шалғынбаев.

Мен  айтқанын  істедім.  Содан  соң  ол  кеспенің  бірін  ѳз

алдына  жақындатты  да,  екінші  тарелкадағыны  соның

үстіне  тѳңкере  салды.  Қара  бұрыш  пен  ұсақ  тұзды  мол

етіп септі де, асықпай араластырды.

— 

Дұңған кеспесін жаным жақсы кѳреді, аһ? - деді ол.



Сондықтан  мен  бір  жегенде  оның  екеуін  осылай  бір

табаққа саламын да, бір-ақ жеймін. Ал, сыранды кѳтер.

248



Кѳбігі 

кѳпіршіген 

қырлы 

шыны 


саптыаяқтың

құлағынан  ұстадым.  Шалғынбаев  бүйірлі  келген  қырлы

стаканға  кеңірдектете  құйылған  араққа  асқа  телмірген

иттей  еміне  қарап,  жұтқыншағын  секең  еткізіп  бір

жұтынып  алды.  Содан  соң,  біреу  алдынан  ала  қашатын‐

дай,  шап  беріп  қос  қолдап  ұстап,  діріл  қаққан  стаканды

жыбырлай жѳнелген ерніне тез тақап, қылқылдатып жұта

бастады. Стаканды басына кѳтеріп болып, қабағын шытты

да,  дереу  сыраға  қол  созды.  Одан  қылқылдатып  екі

жұтымды және ұрттап жіберді. Осыдан кейін ол терлеп-

тепшіп, кеспеге бас қойды.

Шалдуар  қасықпен  копара  кѳтеріп,  қауып  асап,  асты

да тез жейді екен. Мен шектей шұбатылған ұзын кеспенің

бір-екеуін  сораптап  жұтып  үлгіргенше,  ол  ѳз  табағын

қотарып  та  тастады.  Шанышқы  мен  қасықты  бос  табаққа

салып,  үстелдің  жиегіне  қарай  сырғытып  жіберді  де,

саптыаяқта қалған сырасына қол созды. Қол созып жатып,

әрірек  үстелдерде  отырғандардың  бірімен  бас  изеп

амандасты.

— 

Әй, сен менің кіммен амандасқанымды кѳріп қой, -



деді  ол  мені  бүйірден  нұқып.  -  Таяуда  әскерден  босаған

ақын жігіт, ѳзі арақты ѳкіртіп ішеді. Аһ!

Мен  жолдасым  нұсқаған  жаққа  бұрылдым.  «Арақты

ѳкіртіп  ішетін»  қызыл  шырайлы  келген  еңгезердей  жігіт

екен. «Болса болар» дедім ішімнен.

— 

Әй, сен мына сыраға қарашы, - деді Шалдуар сапты‐



аяғын кѳтере ұстап. - Осының түсі қандай?

— 

Қоңыр емес пе?



— 

Жоқ,  таба  алмадың.  Жақсы  ішетін  бір  журналист

мұны былай деп суреттеген:

Тобылғы  торы  сыраны  Толқыта  ішер  күн  қайда?

Тостаған кѳз қоздарды Толықси құшар күн қайда!

«

Тобылғы торы сыра» дегені жақсы теңеу емес пе, аһ?



249


Ғажап  тауып  айтқан.  Аһ!  -  Осылай  деп  Шалдуар  қалған

сыраны басына бір-ақ кѳтерді.

— 

Тобылғының түсін торы демеуші еді ғой, - дедім мен



серігім  саптыаяғын  үстелге  қойғаннан  кейін.  -  Қызыл

тобылғы десе керек еді. Торы деген сѳз тек жылқыға ғана

айтылмай  ма?  Егер  арақтың  дәмін  аюдай  ақырған  ащы

дей  келіп,  сыраны  торы  жылқыдай  жуас  десе  бір  сәрі

емес пе?

— 

Жок, сен түк білмейсің, тобылғының да түсі торы, -



деді  ол  маған  бет  бақгырмай.  -  Жә,  сен  оны  кой,  -

Шалдуар  білегімнен  қысып  ұстап  алды.  -  Енді  мен  осы

тобылғы торы сырадан ішемін бе? Аһ?

— 

Озіңіз білесіз.



— 

Жоқ, сен оны қой. Мен сыра ішемін бе? Аһ!

— 

Ішіңіз.


Кѳзі кілегейленіп, ол маған тесірейе қарады.

— 

Жаңағыдай тіркеме қылып ішемін ғой? Аһ!



— 

Оз жайыңызға қараңыз.

— 

Жоқ,  менің  жайымды  неғыласың,  енді  бір  тіркеме



жүргіземін бе мен? Аһ!

Шалдуардың тағы да дәметіп отырғаны белгілі болды.

Осы  жолғы  қаламақымды  қосып,  киім  алып  кисем  деген

есебім бар еді. Ол ойым жүзеге аспауға айналды. Ішімнен

қынжылсам да, мен оған ақшам азайып қалады дей алма‐

дым.  Амалсыз  бас  изедім.  Шал-ғынбаев  дереу  даяшыны

шақырып алды да, қайтадан заказ берді.

— 

Жүз  елу  тіркемесімен...  -  Ол  тез  маған  бұрылды.  -



Сен ішесің бе?

— 

Жоқ, - деп мен безек болдым.



— 

Дұңған кеспесін жейсің бе?

— 

Жоқ, жоқ, әбден тойдым.



— 

Онда,  -  деді  Шалдуар  даяшыға  қарап,  екі  саусағын

кѳрсетіп, - екі рет дұңған кеспесін әкел.

Менің  бір  апта  ішетін  тамағымды  мынаның  бір  жола

250



ішіп кеткелі отырғанына ішім ашыды. Ендігәрі шайханаға

келмеспін  деп  ѳзіме  ѳзім  ант  та  бердім.  Сол  екі  арада

Шал-дуар  құлағынан  күн  кѳрінетін  бір  арық  адамға

орнынан тұрып, кеудесін басып, бас изеді. Биске шақыры‐

лған  әншінің  сахнаның  екінші  шетінде  нотасын  реттеп

жайбаракат  отырған  пианисті  орнынан  тұрғызып,  ѳзімен

қоса  кѳпке  бас  идіретіні  сияқты,  Шалдуар  тұқырайып,

кеспе  жеп  жатқан  мені  иығымнан  жұлқылап,  шайнаңда‐

тып, орнымнан тұрғызды.

— 

Ағаңа сәлем бер.



Мен  аузымдағымды  әрең  жұтып,  жаңағы  Шалғынба‐

евша  оң  қолыммен  кеудемді  басып,  жұқа  құлақ  кісіге

қарап,  бас  идім.  Ол  менің  сәлемімді  керек  етпеді-ау

деймін, ары бұры-лып кетті.

— 

Бұл  кісі  кім  еді?  -  дедім  Шалдуарға  ілесе  мен  де



орныма отыра беріп.

— 

Білмейсің бе?



— 

Жоқ.


— 

Мәссаған! Бұл атақты ақын ғой. - Шалғынбаев оның

қай  ақын  екенін  айтпастан,  бірден  мінездеме  бере

жѳнелді.  -  Жасында  мықтап  ішкен  кісі.  Кәрі  тарлан  сыр

берместен  әлі  сол  шабысымен  сілтеп  келеді.  Айтпақшы,

сен білесің бе? Аһ?

Тамаққа  ұмтыла  берген  мені  ол  тағы  да  бүйірімнен

түйіп  қалды.  Мен  қасығымды  қайта  орнына  қойып,

Шалғынбаевқа қарадым.

— 

Жазушылар  одағы  осы  кѳк  базардың  іргесінде  ғой.



Аһ!  Түсте  олар  осы  шайханадан  келіп  тамақ  ішеді.

Екеуміз  сәл  кешігіп  келдік,  әйтпесе  мен  саған  олардың

небір жайсаңын кѳрсететін едім. Сен маған жазушылар ас

ішетін  жерге  әкелгенім  үшін  және  анадай  екі  ақынды

кѳрсеткенім  үшін  рақмет  айт.  Аһ!  Мен  сені  ана  кәрі

тарланның  ѳзімен  қол  ұста-стырып  таныстырайын  ба?

Аһ!  Бірақ  оған  ана...  не..  -  деп  Шалдуар  оң  қолынын  сұқ

251



саусағы  мен  бармағын  бір-біріне  шапшандата  үйкеп-

үйкеп  жіберді.  -  Ана...  нетіп...  тағы  да  ақша  шығаруың

керек. Аһ!

Мен күліп, басымды шайқадым.

— 

Шәке,  рахмет.  Мен  ѳзге  емес,  осы  сіздің  ѳзіңізбен



танысқаныма бақыттымын!..

Осы кезде жүз елу грамм араққа бір саптыаяқ сыра, екі

тарелка дұңған кеспесін «тіркеп», даяшы жетті. Шалдуар

алға-шқысындай,  кеспесін  бір  табаққа  қотарып  алды  да,

босаған  ыдысты  сырғыта  салды.  Содан  соң  араққа  қолын

созып  жатып,  маған:  есептесіп,  қайтып  оралсам,  қырлы

стақан  босап,  табақ  тақырланынқырап  қалған  екен.

Шалғынбаев терлеп- тепшіп, қызара бѳртіп кетіпті. Табақ

түбінде қалған асты сынырып-сиырып бір-ақ асады да:

— 

Сен жақсысың! Аһ! - деді ол маған бұрылып. Содан



соң қабырғамнан тағы да бір қойып кеп қалды. - Рас айта‐

мын. Сен жақсысың деймін!

— 

Мақтағаныңызға  рақмет,  Шәкі-  дедім  мен  ыржия



күліп,  бүйірімді  сипалап.  Шалдуардың  ѳзімді  мақтап

тұрғанының  әсерінен  бе,  білмеймін,  бұл  жолы  бүйірім

бұрынғыдан  аз  ауырған  сияқтанды.  Осы  арада:  «Бәләй,

жаңа ақшам кѳп кетті деп бұған бекер ренжіген екенмін»

деп те ойладым. Егер емеурін білдірсе сол сәтте мен оған

енді  бір  «тіркеме»  алып  беруге  де  пейіл  едім.  Бірақ

Шалдуар  ѳз  шамасын  біледі-ау  деймін,  бірден  орнынан

тұрды.


— 

Кеттік.


Есік  алдына  шыққан  соң  Шалғынбаев  екі  сѳзге  келген

жоқ. Маған қолын сілтеді де:

— 

Ал сен кете бер, енді керегің жок. Аһ! - деді. Содан



соң кѳңілдене аяңдап, ѳз жѳнімен кетті.

Осыдан кейін бір күні жауапты секретарға жолықтым.

— 

Халың қалай? - деді ол.



— 

Жақсы.


252


— 

Қаламақы алып жүрсің бе?

— 

Алып  жүрмін,  бірақ  сіз  маған  кѳп  қойып  жүрген



жоқсыз ба?

— 

Неге олай деп ойлайсың?



— 

Шалдуар  мен  қаламақы  алған  сайын  «саған  кѳп

қойыпты» деп басын шайқайды.

— 

Содан сѳң?



— 

Содан  соң:  «Мұны  мѳлшерлі  қалыпқа  келтірейік,

жүр шайханаға», - дейді.

Жауапты секретарь қалың қасы түксиіп, тѳмен қарады

да,  үстелдің  тартпасын  ашты.  Одан  бір  папка  суырып,

мені қасына шақырды.

— 

Мынау қаламақы шқаласы, - деді ол папканың бетін



ашып.  Мұнда  қандай  мақалаға  қанша  сом  қойылатыны

кѳрсетілген.  Міне,  мынау  -  сен  жазған  хабарларға  қойы‐

латын  баға.  Осыған  қарап  еткен  жартыда  жазған  мақа‐

лаңның  саны  мен  оған  қойылатын  қаламақы  мѳлшерін

есептеп кѳрші.

Мен ернім жыбырлап, іштен есептеуге кірістім.

— 

Дұрыс па екен?



— 

Дұрыс сияқты.

— 

Ендеше  Шалдуар  шатаспасын!  Бұл  қаламақы



дегеннің  ѳзі  қып-қызыл  саясат.  Мен  сені  қанша  жақсы

кергеніммен,  тиісті  мѳлшерден  артық  ақша  қоя  алмай‐

мын.  Ѳйткені  ол  менің  ѳз  ақшам  емес  қой.  Түсінікті

ме, Ербол?

Мен басымды изедім.

— 

Бәсе,  арқамнан  ауыр  жүк  түскендей  болды  ғой,  -



дедім шын қуанып.

Күн  сайын  жүгіріп  жұмысқа  барып,  ай  сайын  ақша

тауып  жүрсем  де,  мен  бұл  екі  ай  бойы  ѳзімді  қараңғы

қапаста  қалғандай  сезіндім.  Жатақханаға  келсем  де,

жұмысқа барсам да бір нәрсемді, аса бір қымбат затымды

жоғалтқандай боп, іштей аландаумен, елегізумен болдым.

253



Кейде  жеген  тамақ,  жұтқан  суымды  да  ұнатпай  қалатын

сәттерім  кездесті.  Осының  бәрі  маңымда  Меңтайдың

жоқтығынан  еді.  Осы  күйім  Меңтайға  арналған  үшінші

елең боп және қағазға түсті. Менің оған арнаған ең соңғы

ѳлеңім де осы болды. Ол мынау еді:

Күн  күңгірт,  түн  қараңғы,  ай  болса  да,  Келмес  үйқы

жақсы  орын,  жай  болса  да.  Күншығыс  жоқтай  болып-

кѳрінеді  Тѳрт  бұрышы  тѳңіректің  сай  болса  да.  Күн

шығып  тұрсадағы  түк  кѳрмеймін.  Айналам  қаранғыдай

қол  сермеймін.  Сәулесін  аспандағы  ай  мен  күннің

Меңтайдың  ақ  жүзіне  теңгермеймін.  Жұтуға  ауадағы

жайсыз  аса.  Сѳйтпек  пе  әлде  кѳңіл  жабырқаса?  Қайдан

тәтті  болмақшы  ауа  шіркін  Меңтайдың  демлебізі  қосыл‐

маса. Іздеумен елегізіп қысылдым сан. Тән терлеп, жүрек

жүдеп,  қиналды  жан.  Құн  -  күңгірт,  ай  -  қараңғы,  ауа  -

ауыр - Меңтайдың бұл маңайда жоқтығынан!..

Сонымен жаз етті. Күзде оңтүстікке қарай бет түзеген

тырналардай  тізіліп,  Алматыға  лек-легімен  студенттер

қайтты.  Әр  жақтан,  алыстан  келіп,  ѳзінің  үйреншікті

кѳліне  қонған  аққудай  сыланып,  отыз  қыз  ѳзіміздің  отыз

үшінші аудиторияға жиналды?

Меңтайды  кѳріп,  менде  ес  қалған  жоқ.  Ѳзіме  онша

назар  аударып,  жақын  тартпаса  да,  бар  бейілім  соған

ауды.  Оның  аудиторияға  кіріп-шыққаны,  жүрген  жүрісі,

сѳйлеген  сѳзі,  күлген  күлкісі  -  бәрі  маған  қуаныш  болды.

Енді  маған  күн  де  күлімдеді,  ай  да  жарқырады,  ауа  да

жақсарды.  Сары  алтынның  буына  масайғандай,  кеңілім

кѳтеріліп, кѳзім күлімдеп, мәз болдым да қалдым. Сѳйтіп

жүріп  сентябрьдің  ѳткенін  де  аңғармаппын.  Бұл  күнде

мен  бұрынғыша  Меңтайдың  қасына  отырмаймын.

Жұрттың  кѳзі  түсіп,  сѳзі  кѳбейгеннен  кейін,  оның  үстіне

ѳзімнін  оған  деген  құмарлығым  артқан  соң,  амалсыз

қоныс  аударғандай  боп,  артжаққа,  Жомартбектің  қасына

кеткенмін. Қазір Меңтай мен Майра жұптасып, екеуі бірге

254



отырып,  бірге  жүретін  болған.  Ол  екеуі  сияқты,  курстағы

еркек кіндікті бұл екеуміздің де жұбымыз жазылмайтын.

Бір  күні,  октябрьдің  аяқ  кезінде,  Жомартбек  екеуміз

сабақтан  қайтып  жатақханаға  жаңа  ғана  кірген  едік.

Жомартбек  дереу  шай  әкелуге  кетті.  Оның  артынан  іле-

шала  ентіге  жүгіріп  бѳлмеге  Тана  келді.  Терезе  алдында

тұрған менің қасыма әзер жетті де, мойнымнан бас салып,

құшақтай  алып,  еңіреп  жылап  қоя  берді.  Мен  шошып

кеттім.  Ѳне  бойым  қалтырап,  не  істерімді,  не  дерімді

білмей қалдым. Қыз байғұстын құшағы ажырайтын емес.

— 

Жыламашы,  тоқташы,  не  болды,  Тана?  -  дедім  мен



үрпиіп.

Қыз  тоқтап,  сәл  сабыр  тұтып,  сѳз  бастамақ  боп,  кѳзін

сүртті. Сѳйтті де:

— 

Заман...  Заман...  -  деп,  ар  жағын  айта  алмай,



қайтадан кемсендеп, ағыл-тегіл боп және жылады.

Тана  «Заман»  деп  менің  досым,  ѳзінің  ѳлген  серігін

айтып тұр ма деп бір ойладым. Әлде «заман» деп дәуірді

айтып,  басына  түскен  тағы  бір  мұңын  шаққалы  келді  ме

екен деп тағы да дағдардым.

Бір кезде қыз есін жиды.

— 

Сүйінші,  Ербол,  Заман  тірі  екен!  -  деді  бір  жылап,



бір күліп. - Досың тірі екен, сенің!..

Мен сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Тѳбе шашым

тікірейіп,  ѳне  бойым  түршігіп  кеткендей  болды.  Ѳйткені

осы  байғұс  бала  ойсоқты  боп  кеткен  жоқ  па  екен  деген

күдік келді маған.

Сонымды сезгендей қыз басын шайқап, безек кақты.

— 

Рас,  рас,  Ербол,  айналайын,  қуатым.  Илан  менің



сѳзіме, илан! - деп Тана тез ридикюлін аша бастады. Одан

бір  конверт  шығарып,  конверттің  ішінен  екі  хат  суырып

алды. - Мынау - Заманның біздің үйге жазған хаты, мынау

менің сіңлімнің маған жолдағаны.



Мен жалмажан, саусақтарым дірілдеп, Заманның хаты

255



деген қағазды аша бастадым. Рас, Заманның жазуы, соның

ѳз қолтаңбасы. Хаттың басына бір қарап, дереу аяғына кѳз

жүгірттім.  «1946  жыл,  15  сентябрь»  деп  жазылыпты.

Содан  соң  мен  бассалып,  Тананы  шепілдетіп  сүйе  баста‐

дым.  Осыдан  нақ  екі  жыл  бұрын  бір  тѳсекте  жатып,

Тананың бетінен сүйіп, кѳзінен аққан қайғылы жасын қоса

жұтып  едім.  Енді  міне,  оның  бетінен  екінші  рет  сүйіп,

кѳзіндегі  қуаныш  жасын  қоса  сіміріп  тұрмын.  Екеуміз

біріміздің  бетімізді  тыным  таппай  шѳпілдете  сүйісіп

жатырмыз.  Бір  кезде  дедек  қағып  Жомартбек  келді.

Сүйісіп  жатқан  екеумізді  кѳріп  ол  танданғандай  боп  сәл

тұрды да, қолындағы шайнекті еденге қоя салып, жүгіріп

келіп, екеуміздің бетімізден кезек сүйе бастады.

— 

Сен неге сүйесің Тананы? - деймін мен Жомартбекке



қуана күліп.

— 

Сен  сүйген  соң  сүйіп  жатырмын.  Ал  сен  неге



сүйесің?

— 

Онда  себеп  бар.  Жарайды,  сен  Тананы  қыз  болған



соң сүйдің дейік. Ал менде нең бар?

— 

Сен  Тананы  сүйген  соң,  ол  сені  сүйді.  Ѳзін  мен



сүйсем,  Тана  да  мені  сүйе  ме  деп  дәметіп  жатырмын,  -

деді Жомартбек шімірікпестен.

Үшеуміз де күлдік. Содан кейін:

— 

Ендеше  сені  де  сүйейін,  бауырым,  -  деп  Тана



Жомартбектің оң бетінен шѳп еткізді.

— 

Мына бетім ѳкпелеп қалады, мұны да сүйіңіз, - деп



Жомартбек  дереу  Танаға  екінші  бетін  тосты.  Тана

Жомартбектің сол жақ бетінен тағы да сүйді.

Тағы  да  ду  күлдік.  Осыдан  соң  ғана  есімізді

жинағандай болып, хаттарды қайта оқыдық.

Сѳйтсек,  1943  жылы  Заман  ѳлмепті.  Ол  ротасымен

қоршауда  қалады.  Қоршауды  бұзып  шығамыз  деп  түнде

шептегі  немістерге  шабуыл  жасағанда  Заман  ауыр

жаралы боп, жау қолына түседі. Ротаның жартысы аман-

256



есен  ѳзіміздің  жаққа  ѳтеді.  Ол  тұтқындар  лагерінде

болады.  Бірнеше  рет  қашуға  талаптанып,  қолға  түсіп

қалады.  Ақыры,  1945  жылы  майда  әскери  тұтқындармен

бірге біздің қолға ѳтіп, кейін сотталады. Содан бері Орал

тауында шахтада жұмыс істейтін кѳрінеді.

Заман  хатының  соңында  ѳздерінің  Свердловск  қала‐

сының  солтүстік-батыс  жағында  сексен  шақырымдай

жердегі  Билимбай  деген  жұмысшы  поселкесінде  тұра‐

тындығын  айтып,  әдірісін  кѳрсетіпті.  Келем  деген  кісі

алдымен  Свердловскіге  жетсе,  одан  кейінгісі  қиын  емес  -

біздің  рудниктің  кен  тасыған  машиналары  ағылып

жатады  депті.  Әрине,  ол  ешкімге  де,  Танаға  да  кел  деме‐

ген,  бірақ  ерікті  ѳзіне  тастаған.  Ол  қалай  дегенмен  де,

уақыты  бітіп,  босағанша  біраз  қиындық  кѳруге  тура

келетінін ескерткен. Ал хатының ең соңында былай депті:

«

Соғыстан  кімдер  тірі  қалды?  Ербол  аман  оралды  ма?



Кѳрсең,  менен  кѳп-кѳп  сәлем  айт.  Әдірісімді  бер».

Сонымен  Жомартбек,  Тана,  мен  үшеуміз  үстел  үстіне

жайып  жібердікте,  картаға  үңілдік.  Ары  қарап,  бері

қарап, ақыры Орталық Оралдан Свердловскіні таптық та,

оның маңынан Билимбайды іздедік.

— 

Осы  Билимбай  дегеніміз  картаға  түсетін  жер  аты



емес,  Заман  ағайдың  пәтерде  тұрған  үйінің  иесі  боп

жүрмесін, - деді Жомартбек күлдіріп.

— 

Расында  да  ѳзі  қазақ  атына  ұқсас  екен,  -  деді  Тана



бір  жылап,  бір  күліп.  Тана  жылаған  кѳзінде  кѳзінен  кѳк

маржан  домаласа,  күлгенде  аузынан  ақ  маржан  шашы‐

лған секілденеді.

— 

Бәлкім, башкұрт жері болар, - деймін мен оларға ѳз



жорамалымды айтып.

— 

Бәсе, - деді бір кезде Жомартбек масаттанып, - бала



кезімде  бірсыпыра  б...  жесем  керек  еді.  -  Осылай  деп  ол

сұқ саусағын шошайтып, картаға тіреді.

— 

Ой, ой, Жомартбек, байқа, картаны тесіп жібересің,



257


дедім  мен  оған  күлместен,  жымимастан,  кѳзімді  бақы‐

райтқан болып. - Сенің саусағың саусақ емес, шеге екенін

білмейтін бе едің? - Жомартбек мырс етті. Ѳйткені арық,

қолы-басы  шидей  Жомартбектің  саусақтары  шегедей

салалы, ұзын болатын. Оның саусағы бүйіріне тиіп кеткен

қыздардың  қайсысы  болса  да  баж  ете  қалатын.  Әсіресе

Зайкүл:  «Әй,  әй,  Жомарт-бек,  тілінді  қалай  сұқсаң,  олай

сұқ, бірақ ана шегелерінді ары әкет» деп безек қағатын. -

Бірақ  мақтануыңа  әбден  болады  -  бала  күнінде  б...-ны

кѳп  жесең,  әрине  табасың.  Жарайды,  саусағынды

тарт енді.

—  «

Б»  деген  немене,  витамин  бе?  -  деді  Тана  да  мырс



етіп. Жомартбек тез саусағын ала қоймады.

— 

Немене, сен «б... » дегенге ананы айтып тұрсың ғой,



деді ол маған бұрылып. Қазақта кімде-кім бала күнінде

ѳз кәкейін кѳп жесе, ѳскенде сол кѳргіш болады деген әзіл

сѳз бар емес пе. Менің де ойыма келгені сол еді, Жомарт‐

бектің  де  «ананы»  деп  тұрғаны  сол.  -  Оны  жесең,  ѳзің

жеген  шығарсың.  Ал  мен  ботқаны айтамын.  Біздің  жақта

күріш кѳп болады. Мен бала күнімде күріш ботқаны кѳп

жегенмін.  Ал  ботқа  жегеннің  кѳзі  кѳреген  болады  дейтін

үлкендер.

— 

Біздің жақта күрішті жасық ас деп есептейді. Сенің



кѳреген  боп  жүргенің  күріштен  емес  шығар,  -  дедім  мен

күліп.  Тана  да  күлді.  Басын  шайқап  Жомартбектің  ѳзі  де

қосылды.  Күлкіміз  тыйылғаннан  кейін  Жомартбек

картадан саусағын кѳтерді. Билимбай картада расында да

бар  екен.  Оған  кѳзіміз  түсіп,  әрқайсымыз  ѳз  ауылымы‐

здың тѳбесін кѳргендей, қуанысып қалдық.

— 

Ал  енді  не  істеймін  мен?  -  деді  Тана  менің  бетіме



шыдамсыздана қарап. - Сенімен ақылдасуға келдім. Хатты

кеше алғамын, бүгін сабаққа да барғамын жоқ.

Мен ойланып қалдым.

— 

Заман ѳлді деп хабар келгелі екі жылдан асты. Басқа



258


сѳз  беріп  қойған  ешкімің  жоқ  па  еді?  -  дедім  тѳмен

қараңқырай, күбірлеп. Қыз жылап жіберді.

— 

Ербол-ау, Заманның аты ойымда тұрғанда мен кімге



қараушы  едім.  Оның  аты  мәңгі  менің  жанымда,  жүре‐

гімде, жадымда емес пе!

Осылай  деп  қыз  кѳзінің  жасын  қайтадан  сүртті.  Мен

күліп, әзілге айналдырдым.

— 

Маған да қарамас па едің, Тана? - дедім.



— 

Иә,  саған  да,  -  деді  қыз  да  күліп.  -  Бірақ,  Заман

болмаса, саған қарауым мүмкін еді.

— 

Рақмет, Тана, - дедім мен қызды шашынан сипап. -



Ендеше сенің Билимбайға баруың керек болар.

Қыз қуанып, орнынан атып тұрды.

— 

Ѳзім  де  осы  қорытындыға  келіп  едім,  Ербол,  -  деді



ол түрегеп тұрып, мені иығымнан құшақтап.

— 

Ойбай,  бұл  мәселеден  мені  де  шет  қалдырмаңыз,  -



деп  Жомартбек  орнынан  ұшып  тұрып,  Танаға  ол  да

иығын тосты. Тана оны да құшақтады.

— 

Түу, рақаттанып қалдым ғой, шашымнан бір сипап



жіберіңізші.  -  Тана  Жомартбекті  шашынан  сипап,  басын

бауырына  қысып,  босатты.  -  Осында  отыз  қыздың  орта‐

сында  отырмыз  Ербол  екеуміз.  Бірде-бірінің  дәл  сіздей

шарапаты  тиген  емес  бізге.  Ербол  Меңтайға  неге  құмар

десем, қыздың сипағаны жақсы болады екен ғой, шіркін!

Үшеуміз  де  ду  күлдік.  Күлкі  тынған  соң  Жомартбек

байсалды қалпына келді де, Танаға қарады.

— 

Оқуыңызды қайтесіз, Тана? - деп сұрады.



— 

Тастаймын, - деді Тана бірден. - Заманым ана жақта

ауыр жұмыста жүргенде оқу, қызық маған не керек? Бара‐

мын,  қасында  боламын.  Ол  отқа  күйсе  -  бірге  жанамын,

ол су түбіне кетсе - бірге батамын! Мен Тананың түрінен

шын  ғашықтың  шешімін  таныдым.  Таныдым  да:  «Ер

екенсің ғой, айналайын!» деп іштей құптадым.

Ары  талқылап,  бері  талқылап,  ақыры  біз  мынаған

259



келістік.  ЖенПИ  берсе,  Тана  екінші  курсын  бітіргені

жайында  анықтама  алады.  Бермесе  -  жүре  береді,

артынан  жібереміз.  Ѳйткені  ол  документтерін  ала  кетсе,

Свердлов  оқу  орындарынын  біріне  түсіп,  Заманға  жақын

жерге  орналасады.  Ал,  анықтаманы  аттестатымен  қоса

кейін  жіберсек,  онда  ол  сон-дағы  бір  институтта  сырттан

оқитын  болады.  Сексен  шақырым  жерде  институт  болса,

оны бітіріп алудың не қиындығы бар?!

Одан  кейінгі  мәселе  қаражат  жайына  тірелді.  Менің

жазда  курьер,  корректор  болып  тапкан  екі  мың  сомдай

ақшам  болатын.  Тананың  қаражатына  сол  жарайды  деп

есептедім.  «Әттең,  бір  7-8  мың  сом  болса,  жақсы  болар

еді»,  -  деп  ѳзімнен  ѳзім  кіжіндім.  Бірақ  қара  табан

студенттің  құр  кіжінгенінен  не  шығады?!  Жоққа  жүйрік

жетпегенде, ол қалай жетсін?

— 

Қашан жүресің? - дедім мен содан соң.



— 

Ұшарға  қанатым  жоқ,  Ербол.  Тез  жүрсем,  тез

жетсем, тезірек кѳрсем екен! - деп қамықты Тана.

Мен  тығып  жүрген  бар  ақшамды  алып,  ескі  ақшаның

кѳзі  ғой  онда,  қобыратып,  Тананың  редикюліне  салып

бердім.


— 

Апырай, Ербол-ай, - деді Тана тағы да тамағына жас

тығылып,  -  мен  сенің  адал  дос  екенінді  білгенмен,

мынадай мырза екенінді білмейтін едім...

Мен  бұл  сѳзді  де  әзілге  айналдырып  жіберуге

тырыстым.

— 

Жолдасың жомарт болса, сен қалай сараң боларсың,



дедім күліп, Жомартбекті нұсқап.

Жомартбек  менің  осы  сѳзімді  пайдаланып,  тез  жәп

ете түсті.

— 

Мұны сіз жалғыз Ерболдың бергені деп ойламаңыз,



Тана,  -деді  ол  қутындап.  -  Бұл  сіздің  жолыңызға  Ербол

екеуміздің қосқанымыз.

260



— 

Рақмет.  Бұл  еңбектерінді  тірі  болсам  ұмытпаспын

да, ѳтемей және тынбаспын!

— 

Әрине, сіздің екі есе ғып ѳтейтініңізге мен шүбәлан‐



баймын, - деді Жомартбек қуақыланып.

— 

Әкел қолыңды, бауырым, - деді Тана күліп, екі кѳзі



оттай  жайнап,  -  осы  еңбектеріңді  үш  есе  ғып  ѳтейтініме

ант етемін.

Мен баж ете қалдым.

— 

Қой, Тана, Жомартбек қалжындап тұр. Бұным саған



қарыз  емес,  достық  қарызының  титімдей  тѳлеуі  ғана

болар  бұл.  Ана  қарызынан  кейінгі  ѳмірде  ѳтелмес  үлкен

қарыз достық қарызы екенін білесің ғой ѳзің. Бұл әшейін

жол  қаражаты  болсын  -дегенім.  Бала  боп  кеткенбісің,

қайдағыны айтып.

Мен ашуланған болып аузымды бұлтиттым.

— 

Айналайын,  айналайын,  қалқам,  -  деді  ол  тағы



жылап, - ашуланбашы маған аптаның орайында қалайда

жүрмек  болды.  Жомартек  екеуміз  билет  алып,  шығарып

салуға уәделестік.Ертеңінде бұл оқиға бүкіл біздің курсқа

тарады.  Жомартбек  менің  анада,  емтихан  кезінде  Тана

туралы  айтқан  әңгімемнің  шын  екендігін,  Тананың  жігіті,

менің  досым  Заманның  ѳлмей,  тірі  боп  шыққаны,  соны

естіп,  Тананың  ЖенПИ-дегі  оқуын  та-стап,  Оралға

жүргелі жатқанын, менің алдағы базарда костюм, пальто,

аяқкиім  сатып  аламын  деп  жинап  отырған  ақшамды  бір

тиынына  дейін  қалдырмай  Тананың  редикюліне  салып

бергенімді  бірін  қалдырмай  қыздарға  айтып  қойыпты.

Қыздардың бәрі танаулары делдендеп, дүрлігіп алыпты.

— 

Рас па, ағай?



— 

Шын ба Жомартбектің айтып жүргені? - деп менен

бірінен соң бірі сұрасады.

— 

Алла-ай,  не  деген  күшті  махаббат!  -  дейді  Зайкүл



жағасын ұстап. - Бұл заманда да мұндай махаббат болады

261



екен  ғой.  Мен  ойлаушы  едім  махаббат  анау  Қыз  Жібек,

Баян сұлулармен біткен шығар деп.

— 

Иә,  неге  сен  олай  ойлайсың?  -  деп  Майра  шап  ете



түсті оған. - Махаббат мәңгілік, ол ешқашан ѳшпейді деп

оқыған жоқсың ба? Ендеше әр заманның ѳз махаббаты, ѳз

Қыз Жібегі болады.

— 

Бірақ  мен  махаббат  бар  екен  деп  сонау  Оралдағы



тұтқын  адамға  тѳбеңнен  алтын  құямын  десе  де  бармас

едім, қыздар, - деді Зайкүл иығын қиқандатып.

— 

Ол  -  сен  ғой,  Зайкүл,  -  деді  Меңтай  козін  алысқа



қадап, катты ойлана отырып.

— 

Сонда  сен  барар  ма  едің?  -  деп  Зайкүл  шап  ете



калды оған.

— 

Мен  ғашық  емеспін,  -  деді  Меңтай  бұрылып.  -  Ал



шын сүйіп, уәделескен кісім болса, әрине, барар едім.

«

Рас, шын сүйіп, уәделескен кісісі болса, Меңтай сѳзсіз



барар еді» деп ойладым мен де ішімнен.

— 

Жоқ,  Зайкүл,  сен  барасың.  Баратынынды  ѳзің



байқамай  отырсың,  -  деді  Қанипа  қасқа  тісін  ақситып,

кѳзін  құйқылжыта  күлімдеп.  -  Тѳбеңнен  алтын  құямын

десе, неге бармайсың, барасың, әрине. Ѳйткені, - Қанипа

бұл  тұста  дауысын  да  құбылтып  жіберді,  -  ол

алтын ғой...

Қыздар ду күлісті. Зайкүлдің ѳзі де күлді.

— 

Қайдан  білейін,  -  деді  ол  басын  шайқап,  -  онда



барып  та  қалуым  мүмкін-ау.  -  Бірақ  ол  бұл  ойына  табан

тіремей  жатып,  тез  жалт  бұрылды.  -  Әй,  алыс  қой,  бара

алмайтын  шығармын.  Айдаладағы  Орал  тауы  тұрғай,

мына  тұрған  Қордай  тауының  етегіндегі  ауылыма  барып

келуге де қиынсынамын..

Жомартбек әндетіп қоя берді.

262



Бектер  мінер  сүр  каска,  Шаба  алмаса,  үр  баска.

Батырлык, байлык кімде жоқ. Ғашықтың жѳні бір баска! -

деген емес пе? Ғ ашык болсаң - қашык болса да бара‐

сың, Зайкүл апа.

Зайкүл  киім  жағынан  ѳзгелерден  ѳзін  ерекше  ұстауға

тыры-сатын.  Кексе  әйелдерге  ұксап,  мойнына  студент

қолы  жетпейтін  кызыл  түлкі  салып,  екі  колын  бірдеҮі

қаракѳл  жеңқолғапка  ты-ғып,  окшауланып  жүретін.

Сонысына  ерегесіп  Жомартбек  оны  ызаландыру  үшін

кейде осылай, «апа» деп атайтын.

— 

Әй,  Жомартбек,  сен  қотыр  тоқтыша  сүйкенбей,



тыныш отыр, - деді Зайкүл бұл жолы оның «апа» дегеніне

шамданбай.  -  Мен  ғашықтарды  құрметтеймін.  Бірақ

ѳзімнен  ғашықтық  шықпайды.  Ғашық  болу  үшін  бір-ақ

кісіні сүю керек. Ал маған ѳзіме күле қараған жігіттің бәрі

жақсы  сияқты  боп  тұрады.  Аудиторияны  бастарына

кѳтеріп, қыздар ду күлісті.

— 

Зайкүл турасын айтады, - деді Ақанас.



— 

Мен  Зайкүл  апамды  сѳл  шындығы  үшін  жақсы

кѳремін  ғой,  -  деп  Жомартбек  орнынан  тұрып,  кеудесін

қақты. Оған Зайкүл масаттанып қалды.

— 

Ә,  бәлем,  мойындадың  ба?  Жақсы  кѳретінінді



айтқыздым  ба  ѳзіңе?!.  Енді  мына  Ерболды  мойындатсам,

онда тіпті арманым болмас еді.

Зайкүлдің  бұл  сезі  тағы  күлкі  тудырды.  Екі  кезі  жалт

етіп, Қанипа Зайкүлге бұрылды.

— 

Әрине,  группадағы  екі  жігітті  бірдей  иемденіп



алсаң, сенің не арманың болушы еді!..

Осындай әзіл-күлкімен бұл әңгіме де басылған сияқты

болды. Алғашқы қос лекцияны да тындап шықтық.

— 

Қыздар, маған бір ой келіп отыр, - деді Меңтай бір



үзілістің кезінде.

— 

Қойшы-ей,  саған  да  ой  келе  ме?  -  деді  Қанипа



қуақыланып. - Онда сал ортаға ойыңды.

263



Меңтай орнынан тұрып, сѳзін бастады.

— 

Менің  ойымнан  Тана  құрбымыз  бен  Заман  ағай



кететін емес.

— 

Ал?



— 

Сонсоң? - десті Зайкүл мен Қанипа жарыса.

— 

Ол  екеуінікі  қандай  мѳлдір  махаббат  десеңші,



қыздар, а!

Рас, рас! - десіп, басқа қыздар бастарын шұлғыды.



— 

Заман  ағайдың  суретін  анада  ағай  кѳрсетіп  еді  ғой

бізге,  -  Меңтай  иегімен  мені  нұсқады.  -  Сондай  бір

сымбатты,  ѳңінен  инабаты  білінген  әсем  жастың

тұлғасын  танығандай  боп  едік  қой  суретіне  қарап.  Сол

асыл  жігіт  тұтқынға  түсіп,  қор  болып,  мына-дай  күйге

ұшырапты.  -  Меңтайдың  дауысы  дірілдеп  кеткендей

болды.  Ол  сәл  тоқтап,  бойын  бекітіп  алды  да,  қайта

сѳйледі.  -  Тана  болса,  «ѳлді»  дегенге  сѳнбей,  ѳмір  бойы

күтуге  бекінген  екен.  Енді  оның  тірі  деген  хабарын  есті‐

генде бар бейнетке белін байлап, соған жүргелі жатыр. -

Меңтай  үні  тағы  да  булыға  бастады.  -  Біз  ғашық  тарды

құрметтеген  елдің  қыздары  емеспіз  бе?  Шамамыз

келгенше  бұл  сапарға  Тананы  дұрыстап  аттандырып

салсақ қайтеді...

Осылай деп Меңтай, сѳзінің аяғын айта алмай, кемсен‐

деп, бетін басып, жылап жіберді. Бірсыпыра қыздар оған

қосыла  кѳздерін  сүртгі.  Жомартбек  екеуміз  де  босап,

тѳмен қарап, партаны шұқылай бердік.

Меңтай қайтадан басын кѳтерді.

— 

Ағай  кеше  қалтасындағы  бар  ақшасын  беріпті  ғой.



«

Бақа бірдеңе етсе кѳлге сеп» деген бар емес пе? Тананың

жолына  біз  де  қаражат  жинап  берейік.  Танымайтын,

бѳтен  жерде  жарын  іздеген  шүйкедей  жалғыз  қыздың

күні  не  болатынын  кім  білсін...  Бірақ  ең  жоқ  дегенде

қалтасында ақшасы болса, ол да кѳңілге медеу ғой... Менің

дайын  ақшам  жоқ.  Бірақ  бір  кесек  нәрсемді  беремін.

264



Жомартбек  соны  ертең  базарға  апарып  сатсын  да,  ақша-

сын ағай екеуі Танаға апарып берсін.

Меңтайдың  ұсынысы  отқа  құйған  майдай  болды.

Қыздар лап етіп, оны бірден қостап әкетті. Біреу елу, біреу

жүз  сомнан  тауып  беретіндерін  айтысты.  Нәзилаш

қолма-қол  тізім  жасауға  кірісті.  Осы  кезде  Зайкүл

орнынан тұрды.

— 

Меңтайдың  жаңағы  сѳзі  жүйе-жүйемді  босатып



жіберді, қыздар-ау, - деді ол. Әшейінде Зайкүлдің әр сезін

қыздар  күлкімен  қарсы  алатын  еді.  Бұл  жолы  ешкім  езу

тартқан  жоқ.  Әлде  оның  алдында  айтқан  Меңтай  сѳзі

жүректерін  тебірентті  ме,  әлде  Зайкүл  қайтер  екен  деп,

соны  сынағылары  келді  ме,  әйтеуір,  қыздар  бірінші  рет

тырп  етпестен,  тыныш  күйде  қалды.  Бірақ  Зайкүл

олардың  неге  үндемей  қалғандарына  мән  берген  жоқ,

сѳзін әрі қарай айта берді. - Иығымда түлкі жағам болған

соң  мына  Жомартбек  мені  бай  деп  ойлап,  «апай»  деп

мазақтайды.  Бірақ  менде  де  бір  теңге  ақша  жоқ.  Ѳйткені

бір  теңге  ақшам  болғаннан  бір  үзім  наным  болғанды

артық кѳремін.

— 

Мен  де  сондаймын,  апамнан  айнымағанмын,  -  деді



Жомартбек.

Осы  тұста  ғана  қыздардың  еріндерін  күлкі  қытықтап,

сәл-пәл жымиысып қалды.

— 

Жомартбек, қоя тұршы қыстырылмай, - деді Зайкүл



оның  сѳзін  шыбын  шаққан  құрлы  кѳрмей.  -  Одан  да  сен

ертеңтаңертен біздің бѳлмеге келіп, менің түлкі жағамды

алып кет. Соны базарла да, ақшасын осы іске қос.

Мұндай  ерлікті  Зайкүлден  ешқайсымыз  да  күтпеген

едік. Бәріміз таңырқап, таңданып, бір сәтке үнсіз қалдық.

Бұл үнсіздікті Жомартбек бұзды.

— 

Айналайын,  апам-ай,  жүрегің  қандай  жақсы  еді.



Келші,  бетіңнен  бір  шеп  еткізейін,  -  деп  Ш  Зайкүлге

қарай ұмтылды.

265



Зайкүл  қымсынбастан  бетін  тосты.  Жомартбек  оны

құшақтап, бассалды. Жұрттағы да қыран күлкіге батты.

Ертеңінде Жомартбек қыздардың берген заттарын осы

күнгі  стадион  орнындағы  ескі-құсқы  базарына  апарып

ѳткізіп  келді.  Оның  ең  қымбатқа  сатқаны  Меңтайдың

қызыл  кѳрпесі  болыпты.  Жомартбек  Меңтайдың  шешесі

мен  ағасынан  қалған  белгі  -  жалғыз  кѳрпесін  сатпаймын,

алмаймын деген екен. Ол: «Ал, апар, басқа бағалы затым

жоқ»  деп  қиылып,  болмапты.  Сѳйтіп  мен  үшін  махаб‐

баттың  жалауындай  болған  қызыл  кѳрпе  ақыры  асыл

махаббатгың мұқтажына жұмсалды. Сонымен, қыздардан

бас-аяғы тѳрт жарым мың сом ақша және жиналды. Сол

күні  кешке  кітапханадан  шығып,  жатақханаға  кірсем  -

маған  келген  телеграмма  жатыр  екен.  Тез  ашып  жіберіп,

асыға кѳз жүгірттім.

«

Алма-Ата Виноградова, 62, комната, 69



Есенову Ерболу.

Бесконечно  рад,  мой  бесценный  друг.  Обнимаю  и

целую тебя тысячу раз. Таня, если хочет, если любит меня

по-прежнему,  пусть  приедет.  Буду  ждать  с  нетерпением.

Твой Заман».

Тана  келіп,  Заманның  хатын  кѳрсетіп,  баруға  бел

байлағаннан  кейін  мен  Заманға  телеграмма  жібергенмін:

Тананың барғысы келеді, қабылдай аласың ба, тез хабарын

жібер  дегенмін.  Бұл  Заманның  соған  жіберген  жауабы

екен. Демек, оның Танамен бірге тұруға мүмкіншілігі бар

деп түйдім.

Ертеңінде Жомартбек екеуміз Танаға барып, телеграм‐

маны  кѳрсеттік.  Одан  соң  Жомартбектің  Жоғарғы  Совет

Президиумында  қызмет  істейтін  туысына  барып,  келесі

күні  жүретін  Алматы  -  Москва  поезына  билетке  бронь

алдық.  Сол  бронымен  Свердловскіге  дейін  деген  билет

қолымызға  тиді.  Тек  Тананың  Куһбышевта  басқа  поезға

отыруына тура келеді.

266



Тана  жүретін  күні  вокзалға  соңғы  лекцияны  тастап,

біздің  группа  түгел  барды.  Вокзал  басында  қыздар

Танамен  шетінен  кѳрісіп  қоштасты.  Әсіресе,  Тана  мен

Меңтай бірінен-бірі ажыраса алмай, кѳп жыласты.

— 

Жайықтан  жеке  жѳнелген  Тѳлегендей  болып,



жалғыз  аттандың-ау,  құрбым,  -  деп  Меңтайдың  егіле

айтқан сѳзі бәріміздің сай-сүйегімізді сырқыратты.

Кѳзімнің құйрығын қайта-қайта сипалап, ернімді үсті-

үстіне тістелеп, бордай босап, ішімнен егіліп, мен тұрдым.

Содан соң Тананы вагонға орналастырдық та:

— 

Қош!



— 

Қош!


— 

Заманға сәлем айт!

— 

Сәлем айт! - деп біз қалдық.



Алматының  қою  түні  бүркеген  поезд  ішінде,  вагон

доңғалақтарының  рельс  қоспасына  сарт-сұрт  соғылған

ырғағымен  теңселіп,  белгісізге  бет  қойып,  Тана  кетті

алысқа.  Аяулы  ғашық  аттанған  поездың  барлық  дүрсіл-

гүрсілін жүрегімізде сақтап, біз қалдық перронда.

267




К

ѳктемде  топыраққа  түскен  дән  алдымен  нәзік

сабаққа  ай-налып,  артынан  уақыты  жеткенде  бас

жарады. Уақыты жеткенде тал бүршіктейді, ѳсімдік түйін

тастайды, алма ағашы гүлдейді, гүл аузын ашады - шешек

атады.  Ѳсімдік  үшін  осы  бір  ғажап  шақ  тек  қана  жазда

болады.  Ал  махаббатқа  мерзім  жоқ  -  ол  жылдың  тѳрт

мезгілінің  қалаған  маусымының  сәтті  сағатында  жүректе

гүл  жарып  шыға  келеді.  Махаббат  гүлдегенде  жас

адамның  аузынан  «сүйемін»  деген  асыл  сѳз  ақтарылады.

Менің  Меңтайға  деген  махаббатымның  сол  сағаты

ноябрьдің  алғашқы  күндерінің  бірінде,  Никольск  шірке‐

уінің түнгі он бірдегі қоңырауымен қоса соқты.

Соның  алдында  ғана  жүрегім  ѳз-ѳзінен  ѳрекпіп,  үйде

отыра  алмай,  сыртқа  шыққанмын.  Жомартбек  жоқ  еді,

Пернеш кітапханадан қайтпаған. Тек Телеубек қана тѳсе‐

гінде  қорыл-дап,  ұйықтап  жатқан.  Соның  қорылы

ойымды бѳлгеннен кейін, оңаша жер іздегі, екі жатақхана

арасындағы ашық алаңға бет қойғамын.

Калинин  кѳшесі  жақтағы  жатақхана  жанында,  басына

темір телпекті шам орнатылған биік бағана түбінде ұзын

орындық  болушы  еді.  Соны  бетке  алып,  аттай  бердім  де,

онда  біреудің  отырғанын  аңғардым.  Аяндап  қасына

келсем, ол отырған Ментай болып шықты. Оның Меңтай

екенін  танығанда  жүрегім  дір  ете  түсіп,  ѳз-  ѳзімнен

дегбірім кетіп, састым да қалдым.

— 

Кеш  жарық,  Меңтай,  -  дедім  әр  сѳзім  кекештің



аузынан шыққандай әрең қиюласып.

— 

Жарық  кеш  жан  ләззәтті  болсын,  ағай.  Келіңіз,



отырыңыз.

Қасында  бірнеше  кісілік  бос  жер  болса  да,  Меңтай

сырғып, маған ез орнын берді. Менің жүрегім одан сайын

лүпілдей  түсті.  «Ѳз  орнын  бергені  -  ѳзгеше  қадірлегені

ғой  Меңтайдың»  деп  ойладым  ішімнен.  «Кадірлегенің

жақсы-ау,  бірақ  құрметіңнің  бәрі  менің  аузыма  қақпақ,

269



басыма  тоқпақ  боп  жүр  ғой»  дедім  тағы  да.  Ойлағаным

осы  болса  да,  аузымнан  шықканы  баска  сѳз  болды.  -

Жалғыз неғып отырсың, Меңтай?

— 

Жай. Жатар алдында ауа жұтайын деп шығып едім.



Меңтай біздің жатақхана жаққа кѳз тасап алды да, сѳзін

қайтадан жалғады. - «Кімді ойласа, сол келеді» деген рас

екен,  ағай.  Мен  жаңа  ғана  сіздің  бѳлменің  терезесіндегі

шамды  кѳріп,  «ағай  әлі  сабақ  қарап  отыр  екен  ғой»  деп

ойлап едім.

«

Ойлағаның, есіне алғаның қандай жақсы, - дедім мен



ішімнен.  -  Ал  мен  сені  сағат  сайын  ойлаймын  ғой,

Меңтай. Сен осыны білесің бе?

Теңіз тебіреніп, жағаға толассыз толкын лақтырғандай

бір сәт гуды. Менің де теңіздей тербеліп сѳйлегім, ішімдегі

Меңтайға  деген  махаббат  толқынын  ағылта  ақтарғым

келді.


— 

Рақмет,  Меңтай,  -  дедім  тағы  да  екі  сѳздің  басын

әрең қосып. - Ойлағаныңа...

О, ғажап, теңіз тұрғай, титімдей бұлақ құрлы да қауқа‐

рымның  жоғын  аңғардым.  Аузымды  байқаусызда  біреу

желімдеп  кетіп,  соны  күшпен  әрең  ашатын  сияқтымын.

Ашқанмен  ар  жағынан  ақтарылар  ештеңе  жоқ,  адасқан

жалғыз  қаздай  қалбалақтап,  анда-санда  бір  сѳз  зорға

шығады.  Бірақ  сыртқа  шығарып  айта  алмағанды  іштей

сарнауға  шебермін  ғой  мен.  Дегенмен,  аузымды  судан

шыққан  балықтай  бостан-бос  ашқаныма  мәз  боп,  бірсы‐

пыра  асыл  ойларымды  ақтардым-ау  деп  жорамалдадым

ішімнен.

Осы кезде ыңыранып, Никольск шіркеуі үн қатты. Мен

шіркеудің  ѳзін  жек  кѳрсем  де,  оның  қоңырауының  үнін

ұнатушы  едім.  «Дың-дың»  деп  мыс  қоңырау  күңгірлей

бастағанда  істеп  отырған  шаруамды  тастап,  аяғына  дейін

тындай  қалатынмын.  Маған,  әсіресе,  ұзақ  соғылатын,

ұзаққа  кететін  осы  түнгі  қоңырау  күңгірі  аса  бір  сазды,

270



қызық  күйдей  боп  танылатын.  Сол  әдетім  бойынша  шүу

дегенде  мен  тым-тырыс  тыңдай  қалдым  да,  коңырау  бір-

екі рет соғылғаннан кейін, оны тастай салып, дереу негізгі

шаруама  кѳштім.  Осы  қоңырау  үнінің  дүрмегімен  басқа

еш  жанға  естіртпей  айтатын  басты  сѳзімді  Меңтайдың

ѳзіне  ғана  тез  ақтарып  қалғым  келді.  Қоңырау  соғылып

бітіп қалмасын деп, шапшаң Меңтайды екі қолынан ұстай

алдым  да,  екі  алақанымның  арасында  «пыр»  етіп  ұшып

кететін  тірі  торғай  тұрғандай  електеп,  аузымды  қыздың

құлағына  тақадым.  -  Меңтай,  мен  сені  сүйемін!  Шексіз

сүйемін!  -  дедім  біреу  «тәйт!»  десе,  жылап  жібергелі

тұрған жас баладай кемсеңдеп. Қанща әсемдеп, әдемілеп

айтам  деп  пәленбай  уақыт  ойланып,  оқталып,  жадымда

жаттап журсем де мен Ментайға деген мәңгілік махабба‐

тымды,  арман-тілегімді,  шексіз  ықылас,  қалтқысыз

құрметімді,  оны  бар  дүниеден  ѳзгеше  бағалайтынымды

ауызбен  айтып  жеткізе  алмадым.  Кѳптен  бері  айтамын

деп  әзірлеп  жүрген  сездерім  дәл  қажетінде  ауызға

түспейтін  бұлдыр,  буалдыр  бірдене  болып  кетті.  Әшей‐

інде  тақылдақ  тілім  «болдырған  жорғадай  сенделектеп,

сүрініп,  тұтығып,  тоқтап  қалды.  Енді  сол  ауыз  жеткізбе‐

генді  лүпілдеген  жүрек,  дірілдеген  дене,  денедегі  лыпыл

каққан  сансыз  тамырлар  қосыла  айтып,  Меңтайға  асыға

баяндап  жатқандай  болады.  Меңтай  енді  солардың  сѳзін

тындағандай,  бар  зейінін  соларға  аударғандай  боп,  жым-

жырт,  үнсіз  отырып  қалды.  Осы  үнсіздік  кезінде

саусақтарым  терлеп,  буын-буыным  қалтырап  кеткен

маған  кешедегі  күнде  міз  бақпай,  бақырайып  тұратын

электр 

шамдары 


ѳз-ѳзінен 

жыпықтай 

жѳнелген

сияқтанды.  Екі  жатақхана  ортасынан  сылдырап  ағып

жатқан  арықтың  суы  да  демін  ішіне  тартқандай,  үнсіз

қалды.  Ағаш  бұтақтарындағы  соңғы  жапырақтар  да

сыбдырын  тоқтатып,  сілтідей  тынды.  Бірақ  ѳзіммен  ѳзім

әуре мен олардың неге ѳйткендеріне мән бермедім, менің

271



басыма  тѳнер  не  сұмдықты  сезгендерін  аңғар-мадым.

Есілдертім  Меңтайда  болып,  оны  құшақтағым,  құшқым

келді.  Алғашында  иық  тиістіріп  отырған  мен  оның  үнде‐

мегенінен дәмеленіп, оң қолымды босатып, қызды қаусы-

ра  құшақтап,  ѳзіме  қарай  тарттым.  Неге  екенін  білмей‐

мін,  Меңтай  менің  құшағымнан  сытылып  шығуға  әрекет

етпеді.  Соған  батылдандым  ба,  білмеймін,  мен  еңкейіп,

оның діріл қаққан ыстық ерніне ернімді тигіздім. Ментай

оған да қарсылық кѳрсетпеді. Осыдан кейін маған Меңтай

мендік  екен  деген  ой  келді  де,  асыл  арманыма  шынымен

қолым  жеткені  ме  деп,  кѳкіректе  бұрқ-сарқ  қайнаған

қазандай  тасыған  қуаныштың  ыстық  буы  кѳзімді

шарпыды. Бірақ мұның бәрі Меңтайдың мені ескеруі ғана

екенін келесі сәттерде бірақ білдім.

Ол менің сѳзімді тыңдап болғаннан кейін тѳмен қарап,

қоңыраудың соңғы соғылуы біткенше үнсіз отырды. Одан

соң да ләм демеді. «Кей қыздар жігітпен кездескенде оған

сүйетін,  сүймейтінін  бірден  айтады.  Бағзы  біреулер  ѳз

ойын  олай  етіп  жеткізе  алмайды.  Кѳпшілік  қыздар

ауызбен  айтар  сѳзді  іштей  айтып,  үнсіз  баян  етеді.

Сырттай  сѳзі  де,  үні  де  мәлт  етіп  тѳгілген  кѳз  жасы  ғана

болады. Сол әр тамшы жаста әр алуан отты, ыстық сѳздер

мен жан күйдірген күйініш немесе жүрек жарған сүпіні‐

штер  жатады.  Ментай  да  маған  деген  сѳзін  іштей  айтып

отырған болар» деп малдандым мен.

Бірақ  бетіне  қарасам,  Меңтай  бір  қызарып,  бір

бозарып  отыр  екен.  Кейде  дем  ала  алмай,  кысылғанда

сияқтанады.  Оны  керген-де  мен  Меңтай  сырқаттанып

калған екен деп сасқалақтадым.

— 

Немене,  Меңтай,  ауырып  отырған  жоқсың  ба?  -



дедім  кѳзім  бакырайып.  -  Әлде  менің  жаңағы  сѳзіме

ренжідін бе?

— 

Жоқ,  ағай,  -  деп  әлден  уақытта  Меңтай  сәл  басын



272


кѳтерді. - Мен сіздің сѳзіңізге емес, басқа нәреге қиналып

отырмын.


Осылай  деп  Меңтай  тоқтап  қалды.  Сәл  бегелігі,  одан

соң әр сѳзін үзіп-үзігі айтып, қайтадан сѳйледі.

— 

Мен  де  сізді  жақсы  кѳремін,  ағай.  -  Менің  бұл  сѳзді



құлағымның естігеніне, ол сѳздің Меңтай аузынан шыққа‐

нына  сенер-сенбесімді  білмей,  екі  кѳзім  жыпықтап  кетті.

Оған  бұрынғыдан  бетер  жабыса  түсіп,  қолын  қайтадан

сипалай бердім. Меңтайдың «Мен де сізді жақсы кѳремін»

деген  бір  ауыз  сѳзі  мені  Алатаудың  етегінен  ең  тѳбесіне

шырқатып  бір-ақ  шығарғандай  болды.  Меңтай  сѳзі  тағы

естілді. - Бірақ... - Осы кезде екеуміздің иығымыз ажырап,

арамыз сәл ашылып кетті. Маған «бірақ» деген сол жалғыз

сѳз  кенет  жер  жарылып,  Ментай  екеуміздін  арамыздан

түпсіз  шыңырау  шыға  келгендей  боп  керінді.  Сол  шыңы‐

раудың  Меңтай  бір  жағында,  мен  бір  жағында  қалған

сияқтандым.  -  Бірақ,  мен  басқа  біреуге  уәде  беріп  қойған

едім. - Меңтайдың ендігі сѳзі маған алыстан, шыңыраудың

арғы жағасынан әрең естіліп тұрғандай болды. - Сіз Совет

Одағының  Батыры  Мәлкен  Ғабдуллаевты  білесіз  бе?

Білсеңіз,  менің  ағайым  Жүніс  Ербосынов  соғыста  сол

кісінің қарамағында қызмет етті. Оқ тиіп, ағайым келгенде

қасында  Тұмажан  деген  досы  болған  екен.  Ѳлерінде

жалғыз  бауырым,  жан  ағатайым  Жүйке  мені  аузына

алыпты.  «Менің  қарындасымның  суретін  сан  рет  кѳрдің

ғой. Тірі қалсаң, сен соған серік, сүйеу бол - ѳмірлік жар ет.

Меңтайға  менің  ѳлер  алдымдағы  осы  ѳсиеттілегімді

жеткіз»  депті  Тұмажанға.  Ауызша  айтқан  ѳсиетік  хатқа

түсіріп  және  беріпті,  -  деп  Меңтай  кѳкірек  жара  бір

күрсініп қойды. - Соғыс біткеннен кейін жігіт еліне барып,

елінен  мені  іздеп  осында  келіп,  ағайымның  қалай  ѳлгенін

баяндап  берді.  Ең  соңында  ағайымның  ѳмірден  ѳтерде

аузынан  шыққан  ақтық  сѳзін  -  ѳсиетін  жеткізді.  Мен

273



солқылдап кѳп жыладым. Кѳп уақытқа дейін ѳксігімді баса

алмадым.  Жігіт  қасымнан  кетпей  отырып  алды.  «Мендік

боламын деп маған уәдеңді бер», - деді. Жанымдай кѳретін

жалғыз  ағамның  ѳсиеті  солай  болған  соң  және  ел  қорғап,

соғыстан  келген  жіпттердің  жақсы-жаманы  жоқ  шығар

деп ойлап, «жарайды» дедім де, уәдемді бердім.

Меңтай терең бір дем алып,,сѳзін аяқтауға кірісті.

— 

Бар  мәнжай  осы,  ағай.  Мен  ол  жігітгі  сізден  артық



демеймін.  Айта  берсеңіз,  қандай  екенін  де  білмеймін.

Ендігісін  ѳзіңіз  біліңіз.  Тұмажанды  таста,  уәденді  бұз

дейсіз  бе,  оны  ѳзіңіз  айтыңыз.  Мен  сізге  сенемін.  Бұз

десеңіз, бұзып-ақ кетейін, ағатай!..

Меңтай  осылай  деп  айтарын  айтып  қалды  да,  бірақ

бекер айттым-ау деп ѳкінгендей, тез тағы да сѳйлеп кетті.

— 

Бірақ уәде бұзған адам она ма, ағай? Уәдеге беріктік



адамның асыл қасиеті болуы керек қой. Ендеше қайтып

бұзамын мен ол уәдемді.

Енді  Меңтай  емес,  мен  қиын  жағдайға  қалдым.  Ол

ендігі  билігін  ѳзіңіз  айтыңыз  деген  жаңағы  соңғы  сѳзімен

менің  махаббатым  мен  адамгершілігімді  сынға  салғандай

болды.  Таразының  бір  басында  мен,  екінші  басында

Меңтай  тұрған  сияқтанды.  Қай  жағына  ауарын  білмей

таразы  дірілдеп,  ұзақтұрып  қалған  іспеттенді.  Бір  кезде

оның  Меңтай  жақ  басы  дір  етіп  қозғалып,  бұлдырап

кетті...

Тѳрт  жыл  бірге  болған  майдандас  достарым  есіме

түсті.  Ол  кездегі  бәріміздің  бірінші  арманымыз  -  жауды

жеңу  болса,  екінші  арманымыз  -  соғыстан  соң  бір-бір

жақсы  жар  құшып,  жарасты  ѳмір  кешу  еді.  Кѳп

жолдастарым  осы  арманына  жетпей,  келіп  кетті.

Тұмажан  да  кѳкірегіне  сондай  арман  тұтып,  аман  келген

азамат шығар. Ендеше оның серттескен қызын бұзып алу

солдаттың  солдатқа  жасаған  қиянаты  болар.  Мұным

адамшы-лықка  жатпас,  арсыздықпен  шектесер  деп  бір

274



ойладым.  Жоқ,  қыз  мені  жақсы  кѳремін  деп  тұр  ғой.

Ендеше  неге  бѳгелемін:  бұз  дейін  уәдеңді,  бұздырайын

деп  тағы  қобалжыдым.  Осы  кезде  баяғы  танкпен  жекпе-

жек  шайқасқанда  ѳлген  ѳз  достарым  кѳз  алдыма  келді.

Олар  бірінен  соң  бірі:  «Жоқ,  сержант,  ѳйтпе.  Азғырма

солдаттың  серттескен  қызын»  деп,  бастарын  шайқап

тұрғандай  боп  кѳрінді.  Наводчигім  ѳзіммен  ѳте  сырлас

еді. Сәлима күйеуге тиіп кетіп, мұңайып отырғанымда ол

келіп  арқамнан  қағып:  «Жан  табылса  -  жар  табылады,

сержант. Уайымдама!» деп жұбатқан еді мені. Сол навод‐

чигім ерекше мұңайып: «Жан табылса

жар  табылады  ғой,  сержант.  Сен  тірі  қалдың.  Жаны

кеудесіндегі  кісінің  жары  жолында  -  алдында  емес  пе.

Тағы  ілгері  жүр,  ізде,  табасың  әлі.  Бүркітбай  сенің  Сәли‐

маңды  бұзып  алғанда  күйінгенің  есіңде  ме.  Ендеше

ѳзіңмен қарулас болып, жеңісті бірге шындаған солдаттың

жанын  жаралама,  сержант.  Ѳтінемін!»  деп  тұрғандай

болды.


Біресе  кѳзіме  Заман  елестеді.  Маңдайына  түскен  қою

шашын  сілкіп  тастап  ол:  «Әй,  әй,  мен  сенен  мұндай

қиянат  шығады  деп  ешқашан  ойламаған  едім»  деп  теріс

айналған іспеттенді. «Жоқ, Заман, - дедім мен оған іштей

үн  қатып.  -  Мен  қиянатқа  қаспын  Азғырсам  -  жігітке

қиянат,  ыстық  уәдесін  бұздырсам  -  қызға  қиянат.  Сенің

досын қос қиянатты арқалай алмайды. Солдатты қадірле‐

гендіктен, қызды сүйгендіктен ѳйте алмаймын мен».

— 

Жоқ,  Ментай,  олай  болса...  -  дедім  еріндерім  діріл‐



деп,  ѳн-бойым  қалтырап,  -  мен  саған  сертінді_бұз  дей

алмаймын. -Алтыбақан тепкен екі адамның бірі тѳменде‐

генде екіншісінің шырқап жоғары кѳтерілетініндей, тара‐

зының  Меңтай  жақ  басы  биікке  бір-ақ  шықты.  -  Онда,

буынсыз  жерге  пышақұрып,  орынсыз  қинағаныма

ғапу ет...

Міне,  осылай  дедім.  Бұлай  дейтінім,  тілі  шабан,  тілегі

275



жүйрік  ауыл  баласымын  ғой  мен.  Уәдеге  берік,  антка

адалдықты  жоғары  бағалап,  оның  ѳзіме  келтірер  залал,

зиянын пайымдап жатпастан ѳз үкімімді ѳзім шығардым

сѳйтіп.  Әккілігі  жоқ,  аңғал,  адал  кѳңілдің,  жүрегіме  бала

жасымнан  ұйып,  ұялаған  арлылықтың  сѳзін  айттым.

Адалдық,  тазалық,  шыншылдық,  туралық  -  емшек  сүті,

мектеп  ѳнегесі,  әскер  тәрбиесімен  бойға  сіңген  қасиетім

ғой  менің.  Момын  әке,  жуас  шешеден  туып,  кѳшпелі

колхозды  ауылдың  баласы  болған  соң,  осылай  айтуым

заңды да болатын. Ѳзімшілдігі жоқ бѳп ѳскен жастың бірі

болғандықтан  ол  түнде  ѳзіме  қас  үкім  шығарыппын  мен.

Әрине,  мен  мұныма  ѳкініп  тұрғаным  жоқ  бүгін.  Егер

жастық  шағым  қайта  оралып,  мен  сол  жағдайға  жаңадан

тап  болсам,  соз  жоқ,  сол  шешімімді  іркілместен  тағы

қайталаған болар едім қазір.

— 

Сіз  ренжімеңіз,  ағай,  -  деді  біраздан  соң.  -  Біздің



курстағы қыздардың бәрі де сізді жақсы кѳреді. Олардың

бірен-сараны  болмаса,  бәрі  де  жақсы  қыздар.  Әсіресе

Майра  кандай  жігітке  болса  да  адал  жар,  акпейіл  дос,

сенімді серік бола аларлык жан.

Сонымен  мен  Меңтайға  бірінші  рет  ашық  түрде  сѳз

айттым. Ол қарсылығын осылай, қамқорлықпен, елжірей

отырып  білдірді.  Меңтайдың  қарсылығының  ѳзі  маған

хош алғандай боп кѳрінді.

Ойын  айтып  болған  соң  ол  он  бойы  қалтырап,  сәл

діріл  қаққан  тәрізденіп,  орнынан  тұрды.  Енді  кішкентай

бѳгелсе,  ѳзін-ѳзі  ұстап  тұра  алмастай  кѳрді-ау  деймін.

Қолымды  босатқысы  да  келмей,  босатпай  да  тұра  алмай,

әлденеге  күбіжіктеп,  бѳгелгендей  болды.  Сонсоң  тез-тез

басып, жатақханаға карай жонеле берді.

Қолды  пышақ  кесігі  кеткенде  адам  оның  ауырғанын

бірден ѳілмейді. Сол сияқты, ѳзімді ѳзім аяусыз жаралаға‐

нымды  мен  де  Меңтай  жанымнан  ұзай  бастағанда  бір-ақ

білдім.  Алдындағы  бір  тар  қойды  қақаған  қатты  қыс  жұт

276



болып  жалмап,  қотан  шетінде  таяғын  ұстап  жалғыз

қалған сорлы шопандай күйде болдым мен.

Менің  қолыма  түсер  деп  дәмеленген  бар  байлық

Меңтайдың  махаббаты  еді.  Одан  айырылып,  әп-сәтте

жұрдай боп, жұтадым да қалдым.

Ѳстіп ескі түрік қағанаты кезінен қалған тас мүсіндей,

серейіп  тұрдым-тұрдым  да,  ілбіп,  үйге  қарай  аяндадым.

Аяғыма батпан байланып қалғандай, әрең қозғаламын. Әр

аттаған  сайын  жер  басып  келе  жатқандай  емес,  қара

жердің астына шым-шымдап батып бара жатқан сияқта‐

намын.  Аттаған  сайын:  «Енді  маған  Меңтай  жоқ,  Ментай

жоқ!» деп күбірлеймін ѳз-ѳзімнен.

Сол  кезде  Никольск  шіркеуінің  ыңырана,  күрсіне

шыққан  үні  келді  құлағыма.  Ол  да  маған:  «Енді  саған

Меңтай  жоқ!  Жоқ!  Жоқ!»  деп  тұрған  сияқты  болды.

Шіркеу қоңырауы түнгі сағат он екіні жариялады - маған

он  екі  рет  «Жоқ!  жоқ!»  деп  қақсады.  Бағана  ғана  сазды

музыкадай  кѳрінген  қоңырау  үні  енді  маған  дүниедегі  ең

сүйкімсіз,  құлаққа  түрпідей  қадалған  қаңғыр  лақ

дыбыстай  боп  танылды.  Қоңырау  күңгірі  алыстап,  тала‐

урап барып үзіліп кетті де, дүние тым-тырыс бола қалды.

Күңгірдің  соңғы  дірілімен  бірге  менің  жүрегімдегі

Меңтайға  деген  соңғы  үміт  қоса  үзіліп  кеткендей  болды.

Мен  сүрініп,  шайқалып  кеттім,  сол  кезде  ѳзімді  шыңнан

шыңырауға  құлап  бара  жатқандай  сезіндім  де,  жалма-

жан  жолдағы  қарт  теректі  құшақтай  алдым.  Оған

мұнымды шаққандай ѳкіріп, ѳксіп қоя бердім...

Ертеңінде мәңгіріп, дел-сал болып қалыппын. Әлдекім

мені  сойыл  сілтеп,  соққыға  жығып,  аяусыз  жаулықпен

естен  тандыра  ұрып  кеткен  сияқты  да  болады.  Үлкен

ұрысқа  әзірленіп,  түні  бойы  жәшік-жәшік  снаряд  тасып,

таңертең  шабуылға  шығып,  кешке  жаудан  жеңіліп,  кейін

шегінген  сәтте  де  осындай  боп  ѳлердей  бір  шаршайтын

шақ  болатын  еді.  Сонда  кез  келген  шұңқырға  түсіп,

277



жантайып  жата  қалғын  келетін.  Ѳлсем  де  осы  жерден

тұрмасам екен деп ойлайтынсың. Сондай күйге түстім де,

түске дейін тесектен тұра алмай, тұралап жаттым. Махаб‐

батка  күйреу  де  сѳғыста  жасанған  жаудан  жеңілуден  кем

болмайтынын мен сонда білдім.

Студенттің  бақырауық  түйедей  бажылдақ  темір  кере‐

уетін  қайта-қайта  сықырлатып,  бір  жамбасымнан  екінші

жамбасым  аунақши  беремін.  «әлі  тиіп»  жатқан  қойдай

тыпырлаймын.  Бірақ  маған  «ѳлі»  тиген  жоқ,  тірі  тиген.

Тірі  болғанда  мылтық  кезеп,  қылыш  суырып,  қырқыса

кетер жау емес. Маған тиген - қарусыз қыз. Ол маған жау

пиғылын,  жат  мінезін  танытқан  да  жоқ.  Күліп  жүріп,

күлімсіреп тұрып, ең ақырында кѳзінен бұрқ еткен ыстық

жас  шығарып,  мені  осындай  күйге,  аурудай  халге

ұшыратты.  Мен  соны  ойлап,  дѳңбекшимін.  «Не  деген

асыл  жан  еді!»  деймін.  Меңтайдың  кѳз  қызығып,  кѳңіл

сүйсініп,  тамаша  етерлік  сырт  тұлғасына  ішкі  адамгер‐

шілік 


парасаты 

қосылғанда 

адамды 

тебірентпей,

тербелтпей  қоймайтынын  енді  ғана  білгендей  болдым.

Оған  алғашқы  кѳрген  сәтімнен  бастап,  кѳп  күндер  бойы

ғашық боп жүргенімнің де себебін сонда ғана аңғардым.

«

Бұған баға жете ме? Жоқ, жетпейді!» деймін ѳзімнен



ѳзім  ойланып  жатып.  Сондай  баға  жетпес  қыздан

айырылып  қалғаныма  жүрегім  сыздап,  жарылып

кетердей  боп,  екінші  жамбасыма  қайтадан  аунаймын.

Жұдырықтан орлы жүректіңез денемді тәсек үстінде олай

бір,  былай  бір  лақтыруға  ғана  әлі  келеді.  Сонысымен  ол

маған қарсылық білдіріп, наразылық айтып жатқан секіл‐

денеді. «Сен неге Меңтайға тек мені сүй, тек қана менімен

бол  демедің?»  деп  мені  жазғырып,  жазалап  жатқанға

және ұқсайды. Осы арада Меңтайға жазда, емтихан бітіп,

отыз  үшінші  аудиторияда  сауық  ѳткізген  кештің  түнінде

шығарған ѳлеңімнің бір шумағы еріксіз есіме түседі. Бәрі

аз бағасына барлық санның, Тәжтағы, дүние, мүлкі патша,

278



ханның - Меңтайды мәңгі құшып сүйе тұғын Бар екен не

арманы Тұмажанның?!

Ѳлеңнің аяғындағы «жігіт жанның» деген сѳзді «Тұма‐

жанның»  деп  қалай  ѳзгерткенімді  ѳзім  де  аңғармай

қалдым.  «Жоқ,  енді  Меңтайға  ѳлең  шығармаймын»  -

дедім  ішімнен  ѳзіме-ѳзім  ант  еткендей.  Меңтайға  ешбір

ѳлеңнің  керегі  жоқ.  Меңтайға  керексіз  дүние  -  маған  да

керексіз.  Жоқ,  енді  мен  Меңтайды  кѳруге  де  құмартпай‐

мын. Енді мен оны ешқашан да ойламаймын.

Бірақ  ғашықтың  ойы  басқа  да,  ісі  басқа  болады  екен.

Ғашық  кѳрмеймін,  бармаймын  десе,  ѳзінің  қалай  барып,

қалай кездескенін де білмей қалады екен ол.

Сол,  мен  үшін  қайғылы  түннен  кейін  Меңтайды

ертеңінде  кешке,  театрда  кездестірдім  тағы  да.  Бір-екі

минуттай  ғана  қасынла  тұрдым.  Содан  кейін  мен  оны,

расында да, бірнеше күннен соң бір-ақ кѳрдім. Бәлкім бір

аптадан кейін де болар шамасы.

Түнде.  Жомартбек,  Пернеш,  Тѳлеубек  үшеуі  шырт

ұйқыда  жатқан  сағат  бірдің  мѳлшерінде,  жатар  алдында

азғана ауа жұтбақ боп, аулаға шықтым. Ауладағы Меңтай

екеуміз  ажырасқан  орындыққа  еріксіз  кѳз  салдым.

Осындай  оңашада  анада  Меңтай  отырған  жерге  барып

отырғым  келді.  Неге  екенін  білмеймін,  ол  отырған  орын‐

дықтың  тақтайын  алақаныммен  бір  сипасам  деп  ойла‐

дым.  Бәлкім,  онда  Меңтайдын  жұп-жұмсақ  қолдарын

қайта-қайта  сипағаным  еміс-еміс  есіме  келген  болар.  Ол

сәтте  орындықтың  қатты  тақтайы  қыз  қолы  емес  екенін

ескермеген де шығармын.

Қарасам,  оңаша  орындықта,  айнала  құлаққа  ұрған

танадай  жым-жырт  тыныштықта  бұйығып  біреу  отыр.

Жақындап  келсем,  Меңтай  екен.  Жағын  таянып,

шынтағын  тізесіне  тіреп,  тѳмен  қарап  қалыпты.  Менің

тықырымды да сезбегендей, селт ететін емес.

Жүрегім  кеудемді  ұрғылап,  тағы  да  дүрсілдеп  қоя

279



берді. «Жүрсенші, жүгірсеңші. Тұмажанды таста, мені сүй

деп,  жалынсаңшы  Меңтайға.  Аяғына  жығылсаңшы

жылдам!» деп тағы да зарлап, жылап жіберген іспеттенді.

«

Енді  Меңтайдың  жанына  жақындамаспын,  оған



ешқашан  бір  ауыз  тіл  қатпаспын»  деген  антымды  мен

біржола  ұмыттым.  Жел  қуған  қаңбақтай  домалап,

жанына жетіп барғанымды ѳзім де аңғармай қалдым.

— 

Сәлеметпісің,  Меңтай.  Жеті  түнде  неге  жалғыз



отырсың?  Бір  жерің  ауырып  отырған  жоқ  па,  жабырқа‐

усың  ғой  ѳзің,  -  дедім  оған  бірнеше  сѳзді  бір-ақ  лақ

ѳткізіп.

Бірнеше  күн  кездеспегендіктен  бе,  ол  маған  шынында

да ауырып, жүдеп қалғандай боп кѳрінді.

— 

Жоқ, қазір саумын ғой, - деді Меңтай жауап сәлемін



айтқан соң. - Жай, басым ауырған соң далаға шығып едім.

— 

Бірсыпырадан бері қайда болдың?



— 

Ауырып, үйде жаттым.

— 

Не дейсін, қыздар маған айтпады ғой.



— 

Мен  қыздарға  айтпаңдар,  ағай  босқа  мазасыздан‐

басын дегенмін. Отырыңыз.

«

Мазасызданады  деп  менің  қамымды  ойласа,  онда  әлі



менен  безбегені  ғой.  Кет  әрі  емес  болғаны  ғой»  деп

ойладым  мен  қуана  бастап.  «Мүмкін  Меңтай  менің

әнеукүнгі  ѳтінішімді  қабылдаған  шығар.  Сонда  «мен  де

сізді  жақсы  кѳремін»  деп  еді  ғой.  Бәлкім  сол  жақсы

кѳргені  жеңген  шығар.  Он  күн  ойлап,  менің  тілегімді

қабылдауға  бел  байлап,  бүгін  мені  әдейі  күтіп  отырған

болар».

— 

Меңтай, - дедім мен оның қасына отырғаннан кейін



әнеукүнгідей  оның  қолдарын  қос  қолымның  арасына

алып. - Мен... мен... мен...

— 

Иә, сіз, - деді Меңтай қоңыр үнмен.



— 

Ѳткен жолы сен: «Тұмажанды таста деңізші. Уәденді

бұз деңізші. Сіз солай десеңіз, мен бұзып-ақ кетейін» деп

280



едің ғой. Мен солай дегелі келдім саған. Сѳйтші, Меңтай.

Мен сені жанымдай жақсы кѳремін!...

— 

Жоқ,  ағай,  кеш  қалдыңыз,  -  деді  Меңтай  қапалы



үнмен.

— 

Неге кеш, неге? - деп мен оны ѳткен жолғыдай етіп,



тағы да құшақтай бастадым.

— 

Жоқ,  жоқ,  енді  болмайды,  ағай,  -  деп  Меңтай



құшақтатқысы келмей, бойын аулақтата берді.

— 

Неге  болмайды,  -  дедім  мен  оны  бассалып  құшак‐



тағаныма әрі қысылып, әрі оның ѳткен жолы емес, дәл бұл

жолы бұлқынғанына таңданып.

— 

Ѳйткені  болары  болып,  бояуы  болып  қалды,  -  деді



ол  менен  сәл  алысырақсырғып  барып,  тѳмен  қарап

отырып, соншама бір солғын, бәсең үнмен. - Бәріне ѳзіңіз

кінәлісіз...

Осылай  деп  солқылдап  жылап  жіберді.  Орамалын

алып, бір қолымен бетін басып, ѳксіп отырып қалды.

Мен  не  істерімді,  не  дерімді  білмедім.  Бар  болғаны

қыздың  жанына  жақындап,  оның  бос  екінші  қолын  екі

алақаныммен  қайта-қайта  сипай  бердім.  Оған  да  тағат

қылмай, шашын сипадым. Біраздан соң ол ѳксігін басып,

қайтадан сѳйледі.

— 

Әнеукүні  сіз  театрға  Тұмажанды  ертіп  әкелдіңіз.



Сізбен  екеуміз  осы  арада  отырып  сѳйлесетін  түннің

ертеңінде.  Мен  сол  күні  одан  қашып,  оны  кѳрмейін,

кѳрінбейін  деп  театрға  кетіп  едім.  Оның  бұл  мейрамда

қалайда  келетінін  білгенмін...  Сіз  театрда  бізді  табысты‐

рып,  кетіп  қалдыңыз...  Содан  ол  үш  күн  жатты...  Мені

босатпады, - деді қыз тағы да солқылдай жылап. - Содан

соң бітті, бәрі бітті...

281



C

hapter XVI-XVII

Ол  күні  мен  тѳсекте  езіліп  күні  бойы  жатып,

кешке  таман  жатақханадан  сыртқа  шыққамын.  Шықсам,

аулада,  кешегі  Меңтай  екеуміз  қоштасқан  орындықтың

үстінде  бірсыпыра  таныс  студенттер  карта  ойнап  отыр

екен.  Солардың  қасына  бардым.  Күн  жексенбі  және

мейрамға  бір-екі-ақ  күн  қалғандықтан  ба,  әйтеуір

студенттер кѳңілді екен. Мені кѳре сала олар орталарына

шақырды.

— 

Кел, кел, Ербол, - деді Тѳлеубек, - қарта ойнаймыз.



Күні  бойы  ұйықтап,  басың  күп  боп  ісіп  кеткен  шығар

сенің. Мен басымды шайқадым.

— 

Неге, ойнамайсың ба?



— 

Ойнай білмеймін.

— 

Ең аяғы бес картаны да білмеймісің?



— 

Иә.


Тѳлеубек қарқылдап кеп күлді.

— 

Карта білмейсің, темекі тартпайсың, арақ ішпейсің.



Сонда сен не білесің осы?

— 

Тѳке,  Тѳке,  ол  сабақ  оқуды  ғана  біледі,  -  деді



Жомартбек. - Жүріңіз, кәне, кезек сіздікі.

Жігіттер  мені  жайыма  тастап,  құлаштай  соғып,

картаны ѳздері ойнай берді.

Осы  кезде  жатақхана  қақпасынан  елбелектеп,  бірі

сақа,  бірі  жастау  -  екі  жігі  кіріп  келе  жатты.  Сақасы

едірендеп  алға  шығып,  біздің  қасымызға  тоқтай

қалды да:

— 

Жігіттер, амансындар ма? - деді.



Карта ойнап отырғандар оған оншама мән бере қойған

жоқ.  «Аманбыз»  дей  салды  да,  отыра  берді.  Едірендеген

жігіт  маған  кѳз  тоқтатты  да,  үстімдегі  гимнастеркамды

кѳріп:


— 

Әй,  сен  ѳзің  солдат  болып  па  едің,  әлде  солдат

282



кѳйлегін  киіп  отырсың  ба?  -  деді  нақ  бір  мені  тексеруге

келгендей бірден тергей жѳнеліп.

Мен  оның  бетіне  қарадым.  Дауысы  шіңкілдек,  мінезі

ажар-лау,  қаймыжықтай  жұқа  ерінді,  бітік  кездеу  келген

талдырмаш  сары  жігіт  екен.  Жаңа  ѳсіп  келе  жатқан,

тікендей  тікірейген  сүйкімсіз  шашы  бар.  Үстіндегісі  су

жаңа  әскери  киім:  шұға  галифе,  гимнастерка,  офицер

белбеуі,  жып-жылтыр  қара  хром  етік.  Тек  фуражкасы

ғана жоқ. Екіншісінін үстінде де кѳнетоз солдат киімі бар.

— 

Иә, солдатпын, - дедім басымды кѳтеріп.



— 

Солдат  болсаң,  бері  кел,  -  деді  ѳл  маған  кѳманди‐

рімдей-ақ ѳкім сѳйлеп.

«

Мұның менде не шаруасы бар, ей?» деп ойладым да,



орнымнан тұрдым. Ол мені үйдің бұрышына таман алып

келді де, тағы да тергей бастады.

Сен студентпісің?



— 

Иә.


— 

Қай факультетте оқисың? Мен оны да айттым.

— 

Қай курстансың?



— 

Үшіншіде.

Мен  тарих-филология  факультетін  айтқанда-ақ  ол

ежірендеп  қалып  еді.  Ал  үшінші  курста  оқитыным  оның

шамына тигендей боп, шытынап кетті.

— 

Онда сен Ербосынованы білесің бе?



— 

Меңтайды ма, білемін, - дедім әлде неге жүрегім су

ете қалып.

— 

Қалай білесің?



— 

Бірге оқимыз.

— 

Басқа ештеңен жоқ па?



Мен сәл үндемей тұрдым да:

— 

Жоқ, - дедім.



Ол менінң бұл жауапты кідіріп барып бергеніме күдік‐

тенгендей  болды.  Сенерін  де,  сенбесін  де  білмегендей,

бетіме шегір кѳзін сығырайтып, тағы да тесіле қарады.

283



— 

Ендеше сен оны қазір бізге шақырып кеп бер, - деп

бұйырды ол.

Енді  мен  оның  бетіне  тесіле  қарадым.  Бақсам,  жігітім

ептеп  жұтып алған екен.  Маған  ѳктем  сѳйлеп жүргені  де

содан  болуы  керек.  «Шабуылға  шығарда  сілейе  шарап

ішіп  алып.  ес-түсін  білмей  оққа  қарай  жүгіретін  фрицке

ұқсауын!» дедім оны ішімнен

кекетіп.

— 

Кім шақырды деймін!



«

Онда  не  шаруаң  бар?»  дегендей  сары  шегір  маған

тіктене қарады. Кѳзі от шашқандай боп, қанталап кеткен

екен.  Морт,  есерлеу  адамның  әлпетін  танытгы.  Ол  кѳзін

тікендей  қадап,  қанша  ежірейсе  де,  мен  орнымнан

қозғалмай тұра бердім.

Сары  шегір  оның  ѳз  жѳнін  білмей  шақырып

бермесімді ұқты да, мойнын күжірейтіп теріс айналды.

— 

Ағаң  шақырады.  Тұмажан  келіп  тұр  де,  -  деді



шіңкілдеп.

Мен  селк  ете  түскендей  болдым  да,  оның  бетіне

қайтадан  жалт  қарадым.  Қақас  естіген  жоқпын  ба  деп

қайыра сұрадым.

— 

Кім дейсіз?



— 

Тұмажан Ошакбаев, - деді ол маған жеки сѳйлеп. -

Саңыраумысың ѳзің?

— 

Иә, соғыста артиллерист болғанмын, - дедім мен де



оған  тіктеп,  сыздана  қарап.  -  Содан  қалған  құлағымның

мүкісі бар.

Мен  бұл  сѳзді  шегір  сарының  әкірендегеніне  ыза

болып айттым. Қанша ыза болғанмен, шыным да сол еді.

Бар  қиратқаным,  дауысымды  кѳтеріп  айтқаным  болды.

Бірақ  бұған  ѳзімніңде  айызым  қанбағанын  сездім.  Содан

соң  лақ  еткізіп,  аузыма  келген  бірінші  сѳзді  және  айтып

қалдым.


284


— 

Кѳп болса Қыз Жібегін іздеп келген Тѳлеген шығар‐

сың. Бірақ мен саған Бекежан емеспін, әкірендеме ѳйтіп!

Осылай дедім де жалт бұрылып, кетуге ыңғайландым.

Алғашында  қайтадан  карта  ойнаушылардың  қасына

барайын  деп  ойлаған  едім.  Сонсоң  осы  дәлдірге

ашуланып қайтемін, барып айта салайын дедім де, жатақ‐

ханаға қарай кеттім.

Меңтай  бѳлмесінде  жоқ  екен.  Майра  екеуі  театрға

кетіпті.


— 

Қай  театрға?  -  деп  сұрадым  қыздардан  оның  үйде

болмағанына  бір  жағынан  қуанғандай,  бір  жағынан  ѳкін‐

гендей болып.

— 

Драмаға.  Екі  жігіт  мені  тосып  тұр  екен.  Темекі



сорған  сары  шегір  кѳк  түтшді  кѳмейлете  жұтып,

шпыршық  атады.  Қасындағысы  мені  кѳргенде  елең  етіп,

үсті-басын түзеп, әлек боп қалды.

Сары да екі  саусағын белбеуіне тығып жіберіп, қораз‐

дана бастады.

— 

Меңтай  үйде  жоқ,  -  дедім  мен  олардың  қасына



онша жақындамай тоқтап.

— 

Қайда кетіпті? - деп сары шегір тағы әкірен ете қалды.



— 

Театрға.


— 

Қасындағы  жолдас  қызы  да  жоқ  па  екен?  -  деді

екінші жігіт сәл қысыла үн қатып.

— 

Майра қайда екен? - деді Тұмажан онымен жарыса.



— 

Екеуі де кетіпті.

— 

Қай киноға дейсің? - деп сары шегіт қайта сұрады.



— 

Киноға емес, театрға. Ѳзің саңырау емеспісің? - деп

мен де оны шағып алдым.

Тұмажан  менің  кекеткеніме  мән  бермеді.  Қайта  сұрақ

қойды.

— 

Ол қай жерде, алыс емес пе?



— 

Жоқ, алыс емес. Осыдан үш-тѳрт-ақ квартал жерде,

285



Дзержинский  мен  Виноградов  кѳшелерінің  қиылысында,

дедім Никольск шіркеуі жақты нұсқап.



Мен  олардың  қасынан  ѳтіп,  жаңағы  карташыларға

қарай  беттедім.  Зығырданым  қайнап,  ѳзімнен-ѳзім  ыза

боп  келе  жаттым.  Неге  ашуланғанымды  және  білмеймін.

Осы  кезде  сырт  жағымнан:  «Ағай,  тоқтаңызшы»  деген

дауыс естілді. Мойнымды бұрсам, сары шегіттің жолдасы

екен.


— 

Ағай, ана кісінің сѳзіне ашуланып қалдыңыз ба? Ол

кісінің мінезі солай. Майданда батырдың жолдасы болған

кісі, ѳзі де ер мінезді адам. Меңтай оның қарындасы емес,

уәделескен  қызы,  жаңа  оны  ѳзіңіз  дәл  тауып  айттыңыз.

Алда  мейрам  келе  жатқан  соң  сол  кісіге  жолығып

қайтайық  деп  ауылдан,  сонау  Нар  станциясынан  келіп

едік.  Оның  үстіне  ана  кісі  «Меңтайдың  жақсы  құрбысы

бар,  соны  саған  таныстырамын»  деп  сүйрелеп  болмады

мені.  Менің  де  әскерден  келгеніме  екі  ай  ғана  болып  еді.

Ѳзіңіз де солдат екенсіз. Сізден ѳтінішім, мына екі солдат

бауырыңызды театрға ертіп апарсаңыз екен. Біз оның қай

жерде  екенін  білмейміз.  Ағай,  мен  сізден  жалынып

ѳтінемін...

Осылай  деп,  Тұмажанның  жолдасы  лақ  еткізіп  бар

сырын бір-ақ айтты. Және іші-бауырыма кіре ѳтініш етті.

Мен бұл жас жігіттің тілегін қайтара алмадым. Осы жігіт

үшін екеуін театрға алып бармақ болдым.

Үшеуміз  Никольск  базарын  басып  ѳтіп,  шіркеудің

жанымен,  базар  маңындағы  ескі  үйлерді  артқа  тастап,

алдымен Дұңған кѳшесіне, одан соң Аманкелді кѳшесіне

шықтық.  Жас  жігіт  екеуміз  анда-санда  тіл  қатысып

қоямыз.  Одан  жѳн  сұрадым.  Ол  Нар  ауданындағы  бір

колхоз  председателінін  баласы  екен.  Аты  -  Ерғазы.  Бұл

әскерде  жүргенде  әкесі  ауылдағы  біреудің  қызын

әпермек  боп,  уәделесіп  қойыпты.  Бірақ  жігіт  оны  ұнат‐

папты.  Қасындағы  ағайы  бір  күні  ауылдарына  уәкіл

286



болып келіп, үйлерінде қонақ болып отырып: «Мен саған

Алматыдан  қыздың  кѳкесін  тауып  беремін»  депті.

Сонымен  ол  мұнда  «қыздың  кѳкесін»  іздеп  келіпті.

Ерғазы  қалған  сырын  осылай,  шелектен  су  құйғандай

етіп,  тағы  бір  ақтарып  салды  да,  кейінірек  келе  жатқан

Тұмажанға естіртпей:

— 

Бұл  кісі  аудандық  мекеменің  меңгерушісі,  -  деп



қойды.  Ѳзбек  кѳшесін  кесіп  ѳтіп,  драма  театры  тұрған

Дзержинский кѳшесіне келіп тірелдік.

— 

Театр осы, - дедім мен кеше жақ қабырғасында кіші‐



гірім  қазандай  аспалы  сағаты  бар,  бүйіріне  сыған  әйел‐

дерінің  киіміндей  әр  түрлі  алаба  жақ  афиша  қағаздары

жапсырылған,  жатаған,  ѳзен  пароходына  ұқсас,  үлкен

үйді нұсқап.

— 

Бұдан біз қалай табамыз? - деді Ерғазы апалақтап.



— 

Билет алып, ішіне кіріңіздер.

— 

Қазір ойын басталып кетті ме екен?



— 

Басталған  болар.  Бірінші  акт  бітіп,  жұрт  үзіліске

шыққанда тауып аласыздар ғой.

Арттан  ырғала  басып  Тұмажан  келді.  Ол  келе  сала

театр  қабырғасындағы  афишаға  үңілді.  Онда  кѳрсетілген

спектакльдерді бір-бірлеп оқи бастады.

— 

Е, бүгін «Қобыланды» екен ғой, - деді ол.



— 

Иә,  «Қобыланды»  екен,  -  деді  Ерғазы.  «Әр  Дон-

Кихоттың ѳз Санчо Пансасы болады» дедім мен ішімнен.

Сонсоң бұрылып ѳз жѳніммен кетуге оңтайландым.

— 

Тоқта,  сен  қайда  барасың?  -  деді  «батырдың



жолдасы» дегбірсізденіп.

— 

Театр  осы.  Керек  кісілеріңізді  осыдан  іздеп  тауып



алыңыздар.

— 

Әй, сен тауып берсеңші, біз қалай табамыз?



Бағанағыдай  емес,  «батырдың  жолдасы»  жұмсарып

қалыпты.  Бұл  жолғы  үні  тіпті  жалыныштылау  болып

шықты.  «Батырға  да  жан  керек»  деген  емес  пе,  театрға

287



келген  қалың  жұрттың  ішінен  ѳзіміз  таба  алмаспыз  деп

қорыққан болуы керек.

— 

Ағай, сѳйтсеңізші, - деп Ерғазы қоса жалынды.



Мен олардың бұл ѳтінішін тағы да жерге тастай алма‐

дым.  Ішке  кірсем,  фойеде  кассирден  басқа  ешкім  жоқ

екен.  Ойынның  басталғанына  жарты  сағаттай  болыпты.

Бірақ  билет  бар  екен.  Мен  қойны-қонышымды  тінтіп,

әрең  дегенде  балконға  кіретін  илеттің  ақшасын  жинап

алдым. Бұл ертең тамақ ішуге тиісті

ақшам 

еді. 


Намыстанамын 

деп 


жаңағыларға

ақшамның  жоғын  да  айтпадым.  Ішке  кіріп,  қараңғы

дәлізбен ѳзіміз әзілдеп «Студенттер олжасы» деп атайтын

балконға  кѳтерілдім.  Қап-қараңғы  есіктен  ішке  бас

сұқтым.

Сахнада - сәнді сарай кѳрінеді. Бұл - Қобыландыға жау

ел - Қызылбас жұртының ханы Кѳбіктінің сарайы. Сарай

алдында «Кек, кекелеп» ѳзінен ѳзі қойқандап батыр Қазан

жүр.  Осы  арада  сыртта  қалған  Тұмажан  ойыма  түсті  де:

«

екі заманның екі есер батырының бір-біріне ұқсауы-ай»



дедім  ішімнен.  Бір  жақтан  сыздана  алшандап  Алшағыр

батыр  және  шықты.  Екеуі  хан  қызы  Қарлығаға  таласып,

біріне-бірі сапы ала жүгірісіп, текедей тіресті де қалды.

Балконның  ең  артында  түрегеп  тұрып  кѳрген  бұл

кѳрініске мен мырс етіп тағы да күлдім. Жаңағы Тұмажан

екеуміздің  жатақхана  жанында  шарпысқанымыз  ойыма

түсіп кетті. Бұлар да қызға таласып жатыр екен ғой дедім

ішімнен.


Сахнадағы  бұдан  кейінгі  кѳріністерге  жете  назар

аудармадым.  Бар  болғаны  Кекланның  шашы  жалбырап,

«

Зу-зу  арзу»  деп  сахнада  ұшып  жүргені.  Қарлығаның



ѳзіне  құмар  қос  батыр  Қазан  мен  Алшағырға  қыр

кѳрсетіп, жалаң қылышты жарқылдата би билегені есімде

қалды.

Бір  кезде  жарқ  етіп  шам  жанды.  Жұрт  орындарынан



288


тұра  бастады.  Үзіліс  болғанын  мен  сонда  ғана  білдім.

Жалма-жан  балкондағы  жұртқа  бір,  тѳменге  бір  қарап,

ѳзі  арық  мойнымды  қыл-қандатып  соза  бастадым.  Жоға‐

рыға  шапшаң  кѳз  жүгіртіп,  тѳмендегі  жұрт  арасынан

іздеуге  асыққандықтан  ба,  балконда  біздің  қыздар  жоқ

сияқты  кѳрініп,  тез  тѳмен  қарай  жүгірдім.  Жан-жағыма

алақтап  кѳз  салып,  әркімге  бір  тесіле  қарап,  елпендей

басып  келе  жатыр  едім.  Сол  кезде  фойедегі  жұртты  қақ

жарып,  таныс,  бейтаныс  адамдарымен  қайта-қайта  бас

изей сәлемдесіп, кѳрермен қауымға мейірлене, бейілдене

жымиып.  сол  жымиюмен  жан-  жағына  шуақты  жылу

шашып,  маңғаз  аяндап  профессор  Әуезовтің  қарама-

қарсы  кѳп  қалғанын  бір-ақ  аңғардым.  Жалма-жан  шетке

бұрылып:


— 

Мұхит  аға,  сәлеметсіз  бе,  -  деп  оң  қолыммен

кеудемді басып, бас идім.

— 

Бәле,  бұл,  Ербол,  сенбісің,  «Қобыландыны»  кѳруге



келдің  бе?-деп  Әуезов  бұрылып  келіп,  мені  білегімнен

ішды.  Осы  арада  мен  кѳптеген  таныс,  жүздеген  студент‐

тері бар Әуезовтің адам аттарына соншама зеректігіне тан

қалдым.  Профессорға  сәлем  бере  тұрып,  бұл  кісі  менің

жүзімді  танығанымен,  атымды  біле  қояр  дейсің  бе?  Күн

сайын алдынан топ-тобымен ѳтіп жататын шәкірттерінің

қайсысының аты- жѳнін біле береді, менің есімім де есінен

шыққан  шығар  деп  ойлаған  едім.  Жоқ,  олай  емес  екен.

Профессор  мені  ѳзімен  ілесе  жүруге  икемдеп,  сѳзін

жалғады. - «Қобыландыны» кѳруге келгенің абзал болған,

кѳру керек. Жалпы театрға кѳп барғаның, спектакльдерді

кѳп  кѳргенін  дұрыс.  Мен  Ленинградта  оқығанда  әрбір

жаңа спектакльді босатпай кѳретінмін. Кітаптан оқығанда

кѳп  нәрсе  кѳзден  таса  қалып  қояды.  Ал  сол  оқиғаны

сахнадан  кѳрсең,  ол  ешкашан  ұмытылмастан  есінде

жүреді. Сахна тәрбиесі деген - ерекше тәрбие. Ол ұғымды,

жұғымды,  ұтымды  болады,  Ербол.  Жалпы  ѳнердің  бәрі

289



ұстаз ғой. Ал ұстаздардың ішінде тындаушының құлағына

құйып  беретін  бір  сұңғыла,  шешені,  ұқпас  ерік  алдыңа

қоймайтын ѳзгеше салауаттысы болмай ма? Ендеше театр

ѳнерін де сондай ұстазға пара-пар деп білуің керек. Театр

бос  ермек,  орынсыз  күлкінің  орны  емес.  Ол  ақыл  мен



сезімге нәр беретін орын...

Әуезов  ѳзінің  теңіз  ырғақты  үнімен  тебірене  сѳйлеп

кеткен  еді.  Мен  даладағы  екі  жігітті  де,  театрдан  ѳзім

іздеуге  келген  екі  қызды  да  ұмытып,  профессордың

шабытты  сѳзін  ұйып  тындап  қалған  болатынмын.  Осы

кезде біреу кѳлденең деп келіп, қос қолын бірдей ұсынып,

Әуезовтің  сѳзін  бѳліп  жіберді.  Онымен  амандасқаннан

кейін профессор қайтадан маған қарады.

— 

Орның бар ма ѳзіңнің? Қай жерде? - деп сұрады.



— 

Бар,  Мұхит  аға,  -  деп  мен  саусағымды  шошайтып,

тѳбені нұскадым. Оным «орным балконда» дегенім еді.

— 

Менің  қасымда,  бірінші  қатарда  бір  бос  орындар



тұр. Мен саған ақша берейін, Ербол. Егер сол орындардың

бірі  шын  бос  болса  -  билет  ал.  Орын  болмаса  -  ақша

қалтанда  қалсын,  басқа  бір  керегіңе  жаратарсың,  ѳз

орнында  отырып  кѳре  бер,  -  деп  Әуезов  жұрт  кѳзінен

тасалай  қалтасынан  жүз  сом  суырып,  менің  алақаныма

салып,  жұдырығымды  ѳзі  жұмды.  Сонсоң  иығымнан

қағып: бар, тез билет алып кел, Ербол, - деді.

Мен:  «Рақмет,  Мұхит  аға»  деп  міңгірлеп,  ѳз-ѳзімнен

қызарып, сыртқы есікке қарай аяндадым. Есікке тақағанда

бүйірден бір таныс дауыс құлағыма шалынды.

— 

Иә, ағай, кімді іздеп жүрсіз?



Жалт қарасам, Майра екен. Қасында Меңтай тұр.

— 

Сендерді, - дедім қуанып кетіп. - Қайда отырсыңдар



ѳздерің, бағанадан бері шарқ ұрып, таба алмай жүрмін.

Сѳйтсем  олар  балконда,  нақ  менің  алдымда,  иегімнің

астында  отырыпты.  Мен  жарты  сағаттай  қараңғыда,

солардың желкесінде тұрыппын.

290



— 

Иә,  ал,  неге  бізді  іздедіңіз?  -  деп  сұрады  Майра.

Меңтай  да  етіме  қарады.  Бұл  сұрақты  ол  маған  үнсіз

қойды.  Менің  жүзімнен  ѳзіне  аса  қажет  бір  нәрсені  ізде‐

гендей  боп,  қымсына,  қиыла,  үміттене,  үзіле  қарағандай

болды.  Сәл  тобарсыңқырап  тұрған  жұқа  ернінің  жиегін

күлкі  қозғап  ѳткен  іспеттенді.  Содан  соң  лезде  ернін

жымырып,  орынсыз  келген  күлкіні  қымтап,  тас  қылып

бекітіп тастаған сияқтанды, - Жай, бір кісілер іздеп келген

екен екеуіңді... Солар тауып бер деген соң...

— 

Иә,  ол  кім?  -  деді  Майра  сѳзімді  аяқтатпай  маған



қарай сәл ентелей түсіп.

Меңтай  үндемеді.  Қайта  менің:  «Бір  кісілер  екеуінді

іздеп  келіпті»  деген  сѳзім  оның  иығынан  батпан  болып

басқандай,  жаңағы  күлкі  қозғаған  ернін  жазалағандай

боп, аяусыз тістелеп, тѳмен қарады. - Иә, қандай кісілер -

әйел ме, еркек пе, айтсаңызшы тез.

— 

Екі жігіт, бірі Меңтайдың ағасымын, атым Тұмажан



дейді, - дедім мен бәсең, солғын үнмен.

Меңтай селк еткендей боп, ернін одан сайын тістелеп,

теріс айналып кетті.

— 

Неге әкелдіңіз оларды? Әкелмеуіңіз керек еді ғой, -



деді қынжылған қалып білдіріп.

Мен  сасып  қалдым.  Біреуге  істеймін  деген  жақсы‐

лығым  екінші  біреуге  жамандык  болар  деп  ойламаған

басым не айтарымды, не дерімді білмедім.

— 

Жік-жапар  боп  жалынған  соң...  Қайдан  білейін...



және уәдем бар демеп пе едің ѳзің...

Меңтай  қиналғандай  боп  басын  шайқады.  Онысы

уәдем жоқ дегені ме, әлде тағы да бекер әкелгенсіз дегені

ме - оны анық ұға алмадым.

— 

Ендеше  кѳргемін  жоқ,  таба  алмадым  деп  айты‐



ңызшы, - деді ол жалынғандай боп.

Мен  қысылдым,  не  дерімді  білмедім.  Бар  аузыма

түскені:

291



— 

Меңтай-ау, қалай ѳтірік айтамын, - деппін.

— 

Иә,  рас,  ағай  не  деп  ѳтірік  айтады,  -  деді  Майра.  -



Жүр  шығайық.  Әдейі  іздеп  келген  кісілерге  шықпау  ұят

болады.


Ол Меңтайды білегінен ұстап, сыртқа қарай икемдеді.

Меңтай  басын  шайқап,  күрсінді  де:  «Ал,  баста»  дегендей

ишара  жасады.  Байқасам,  бетінде  қан  қалмай,  бейне  бір

ѳлімге  бара  жатқан  адамға  ұқсап  қуарып  кетіпті.  Мен

ѳзімді  Меңтайды  жігітімен  жүздестіруге  емес,  дар

ағашына  қарай  айдап  апара  жатқан  жендеттей  сезініп,

қалбақтап алға шықтым.

— 

Онда мен... мен... жоқ екен деп айтайын, - дедім.



Қыздар  менің  бұл  сѳзімді  естімеді  ме,  естісе  де  енді

кеш  деп,  елемеді  ме,  ілбіп,  ілгері  жүре  берді.  Жігіттер

сыртқы дәлізге кіріп, бір бұрышта күтіп тұр екен.

Шегір  кѳз  сары  қыздарды  кѳргенде  құбылып  сала

берді.  Жымыңдап,  жылмиып,  маймаңдап  басып,  бізге

қарай  ұмтылды.  Иіріліп,  иіліп,  еңкейіп  келіп,  Меңтайға

бас иді. Аяғын сарт еткізіп жіберіп, оның қолын алды да,

алдымен ернін тигізді, сонан соң алақанын апарып бетіне

басты.  Меңтайдың  қолын  жайлап  босатып,  тез  Майраға

қарай  бұрылды  да,  аяғын  тағы  да  сарт  еткізіп,  жанағы

жасағандарын жылмия тұрып қайталауға кірісті.

«

Апырай,  мына  Тұмажан  бір  емес,  екі  кісі  болып



шықты-ау,  -  деп  ойладым  мен  оның  мына  қылықтарына

қарап  тұрып.  -  Жаңа  маған  соншама  сызданып  еді.  Енді

қыз алдында құрдай жорғалауын қарашы».

— 

Бикештер,  ѳздерің  қашып,  ұстататын  емессіндер



ғой, - деді ол қыздарға қырлана үн қатып.

— 

Бізді аяғымыздан тұсап, арқандап кеткен ешкім жоқ



шығар, - деді Меңтай сабырлы үнмен.

Шегір  кѳз  сары  иығын  қозғап,  ұрынбақ  болып

қопандап қалып еді. Одан бұрын Майра сѳйлеп кетті.

— 

Иә,  Меңтай  түні  бойы  қатты  ауырып,  түске  дейін



292


тѳсекте жатып еді, - деді ол. - Содан соң бой жазайық деп

театрға келдік. Әйтпесе, әрқашанда үйдеміз.

Шегір  сары  Меңтайға  қадалып,  оның  шынында  да

жабырқап  тұрғанын  кѳрді.  Сондықтан  ол  оқталған  сѳзін

айтпады.

— 

Ал,  қош  болыңыздар,  -  дедім  мен  кетуге



ыңғайланып.

— 

Ағай,  сізге  ракмет,  -  деп  Ерғазы  келіп  қолымды



алды.  -  Сіз  болмасаңыз,  біз  таба  алмайтын  едік  бұл

кісілерді.

Тұмажан  жай  ғана  иек  қақты.  Меңтай  үнсіз,  тѳмен

қараған күйде қалды. Майра кѳзінің астымен Меңтай мен

Тұмажан екеуіне кезек қарай берді.

Мен енді қайта театрға кіре алмайтынымды, кірсем де

орнығып  отырып,  ұғып,  ойын  кѳре  алмайтынымды

сездім. Театрдан шықтым да, ішім толып бара жатқандай

боп  жатақханаға  қарай  жүгірдім.  Ѳкпем  күйгенде  барып

бір-ақтоқтадым.  Ненің  қуанышы  қуалап  жүгіргенімді

ѳзім де білмедім. Жоқ, ол қуаныш емес еді. Бағанадан бері

денесінде снарядтын жарықшағы қалған жаралы адамдай

күйде  болатынмын.  Енді  сол  «жарықшақ»  қозғалып,

жанымды  шығара  бастады.  «Апырау,  неге  ертіп  әкелдім

осы екеуін сол пендетіп?» - деп бір ѳкіндім. «Мен әкелме‐

генмен олар бірін-бірі бәрібір табады ғой», - деп қайтадан

ѳзімді  ѳзім  жұбаттым.  «Меңтайдың  ѳтінішін  орындап,

қыздар  мұнда  жоқ  екен  деп,  неге  ѳтірік  айта  салмадым

оларға?  Ѳмірімде  бір  рет  ѳтірік  айтсам,  аузым  қисайып

кетпейтін  еді  ғой»  деп  және  қиналдым.  «Қой,  ѳлсем  де,

ѳтірік  айтпаспын»  деп  ол  ойыма  тағы  қарсы  болдым.

Мені  мұншама  ойға  қалдырып,  жанымды  қинаған

«

жарық  шақ»  -қызғаныш  пен  ѳкініш  еді.  Мен  Меңтайды



уәделескен жігітінен қызғандым. Мен оған берген уәденді

бұзбадегеніме бір ѳкінсем, енді екеуін қолдарынан жетек‐

тегендей  боп  біріне-бірін  табыстырғаныма  және  ѳкіндім.

293



Ѳкініш  пен  қызғаныш  ѳксік  болып,  тамағыма  кептеліп

еді.


Ол күні осылай болған-ды.

— 

Сол  үш  күн  бойына  сізді  ойыма  алумен  болдым,  -



деді  Меңтай  күрсініп,  қайтадан  сѳзін  жалғап.  -  Тұма‐

жанды  тасырлап,  одыраңдап  театрға  жетіп  келгенінен-ақ

ішім  жаратпап  еді.  Оны  сол  ұнатпағаным  ұнатпаған

болды.  Меңтай  булығып,  қыстығып  сѳйледі.  Әлденеге  іш

құса  болған  адамның  қалпымен  ішіндегі  ешкімге  жария

етілмес жасырын деген сырын актарды.

— 

Ол мені ерік алдыма қоймай, кѳшеде жүргенімізде



Майрадан  бәліп,  оңаша  үйге  алып  кетті,  -  деді  Меңтай

орамалымен  кѳз  жасын  тағы  бір  сүртіп  алып.  -  Майра

анау  жуас  жігіттен  құтылып  кетіп,  шарқ  ұрып,  мені

іздепті. Бір қаланың ішінен бір адамды табу бір мая шѳп

ішінен  жоғалған  инені  іздеумен  пара-пар  ғой,  таба

алмапты.  Үш  күннен  кейін  ана  пәледен  құтылып,  үйге

келсем,  менен  айырылдым  деп  жылап-сықтап  Майра

жатыр  екен.  Келгенімді  кѳріп,  жаны  қалмай  қуанды  ол

байғұс.

Келгенімді  қайтейін,  кеше  ғана  қыз  боп  аттап  жүрген

табалдырығымнан  енді  басқа  боп  аттаған  соң.  Жұрттың

бәрі маған Тұмажанның не істегенін біліп отырған сияқты

болды. Маған бәрінен де сол батты. Бѳлмедегі қыздардың

бетіне  қарай  алмадым.  Тұмажан  ойыма  түскенде  сѳ

сұммен  қалай  бірге  жаттым  деп,  ѳзденемнен  ѳзім  жиір‐

кендім.  Тұмажанның  дегеніне  кѳніп,  оны  ұнатпай  тұра

осалдық жасағаныма ѳкіндім. Ішім удай ашыды. Оған неге

кѳнгенімді,  жетегіне  неге  ергенімді  ѳзім  де  білмеймін,

сенсеңіз.  Содан  соң  сізді  есіме  алып,  және  жылай  бердім

егіліп.  Осы  бір  жылдың  ішінде  сізге  сондай  бауыр  басып

кеткенімді  сол  үш  күнде  бір-ақ  білдім.  Сыртқа  сездір‐

месем де маған сіздің адалдығыңыз, әділдігіңіз, ақ кѳңілді‐

гіңіз  ұнайтын.  Жаныңыздын  жұмсақ,  жүрегіңіздің

294



мейірбандығын жаратушы едім. Кѳпшіл кѳңіліңіз, адамға

деген қамқорлығыңыз жанымды тебіренте тербейтін. Ата-

анадан,  сүйген  қыздан,  сүйікті  достан  айырылып  қалған

күйініш,  қасіретіңіз,  олар  жайында  адал  кѳңілмен  бәрі‐

мізге  айтып,  ақтаратын  мұңды  әңгімелеріңіз  жүрегімді

елжіретуші  еді.  Сіздің  маған  деген  оттай  ыстық  махабба‐

тыңыз  ерітіп,  есімді  алатын.  Бірақ  бұрын  біреумен  уәде‐

лесіп  қойғаннан  кейін  сізге  сырымды  бермей,  ұқпаған,

елемеген,  естімеген  боп  жүре  беретінмін.  Еріп,  елжіреп

тұрсам  да  шегедей  қатты,  шегендей  берік  боп  кѳрінуге

тырысатынмын.  Меңтай  аузынан  бұл  сѳздерді  естігенде

мен  ѳне  бойым  қалтырап,  не  болғанымды  білмей  кеттім.

Қатты тістеніп, қайта-кайта басымды шайқай бердім.

— 

Оны мен білдім бе, Ментай-ау, - дедім онымен қоса



жыларман  болып,  дауысым  дірілдеп.  -  Ѳзін  уәдем  бар,

сол  кісіге  сѳзімді  беріп  қойдым  деген  соң...  Оның  үстіне

ағайымның ѳсиеті еді дедің...

— 

Ой,  ағай-ай,  сіз  қызық  екенсіз  ғой.  Қай  қыз  жігітке



айтқаның  бола  қойсын  дейді.  Кѳңілі  бар  қыздың  «бол‐

майды»  дегені  -«болады»  дегені  екенін  білмейтін  бе

едіңіз?  Сонда  сіз  анау  Тұмажанға  ұқсап,  бауырыңызға

қысып, босатпай қойсаңыз, онда сіздікі едім ғой.

— 

Ендеше...  әлі  де...  кеш  емес  қой,  -  дедім  сѳзім  үзік-



үзік  шығып,  Меңтайдың  Тұмажанмен  қосылып  қойғаны

кѳңілімді  күпті  етіп,  ішімді  ашытса  да,  оны  елемеуге

тырысып. - Әлі де ѳтінемін, Меңтай, мендік бол.

Меңтай басын шайқады.

—  «

Кіммен  қарайсаң,  сонымен  ағар»  деген  мақал  бар



қазақта,  -  деді  ол.  -  Мен  енді  не  болса  да  Тұмажанмен

боламын.  Ѳйткені  сонымен  қарайып  қалдым.  Уыздай  ақ

күнімде  қасыңызда,  еркіңізде,  құзырыңызда  едім.

Үндемей  жүріп,  ішпен  ғана  сізді  тіледім.  Енді  бәрі  бітті,

маған  ѳкпелемеңіз,  ағай...  Осыны  айтып,  орамалымен

бетін  басып,  Меңтай  тағы  да  жылады.  Мен  не  істерімді

295



білмей,  оның  ақ  білегінен  ұстап,  қоса  қиналып,  қолының

басын  қайта-қайта  сипай  бердім.  Тѳбедегі  шамның

жарығы  орындықта  отырған  ақ  жүзді,  ақ  мойын,  ақ

жүректі  ару  Меңтайдың  сол  сәттегі  мұңды  пішінін,  ұлы

суретшінің  майлы  бояумен  жасаған  картинасындай  етіп,

менің  жүрегіме  мәңгі  сақталып  қалу  үшін,  сансыз  сәуле,

нұрмен ѳрнектегі салып жатқан сияқты еді.

Меңтай  орнынан  тұруға  ыңғайланып,  ең  соңғы  сѳзін

айтты.

— 

Еркек  ѳзін  сүймеген  қызбен  жау  боп,  жамандасып



кетеді  деп  ойлушы  едім.  Ең  жоқ  дегенде  ол  қызға  теріс

айналып,  ѳш  алу  үшін  басқан  ізін  андып,  кекеп-мұқап

жүретін болар деп ойлайтынмын. Солай екені де рас. Сіз

ѳйтпедіңіз,  қасыма  келіп,  хал-жайымды  сұрадыңыз.  Мен

оған  лайық  болмасам  да,  жылы  кѳңіл  кѳрсеттіңіз.  Мен

сірдің бұныңызға да шексіз ризамын. Рақмет, ағай.

Меңтай орнынан тұрып, кібіртіктей басып, ѳз жатақха‐

насының  (бұл  кезде  ол  Калинин  кѳшесіндегі  корпуста

тұратын)  есігіне  қарай  аяндады.  Менің  қабырғам  сѳгіліп,

іші-бауырым  езіліп  бара  жатқан  сияқтанды.  «Әйел

жанын ұғу оңай емес деген осы екен-ау, - деп ойладым. -

Тұмажанды жек кѳремін дейді. Жақсы кѳретін кісіге және

бұрылмайды. Кіммен қарайсам, сонымен ағарамын дейді.

Ағарасың  ба?  Ағарсаң  жақсы-ау»  деп,  мен  басымды

қайта-қайта  шайқадым.  «Кѳзге  жақын,  кѳнілге  алыс  қыз

шіркінді  түсіну  қиын  екен-ау»  деп  қиналдым.  Қозғал‐

масын  деп  біреу  ѳзімді  орындыққа  қыл  арқанмен  таңып

тастағандай боп кѳрінді, Меңтай есік алдына барып, кейін

бұрылып,  маған  иіліп,  бас  изеді  де  ішке  кіріп  кетті.  Ай

батып,  айналам  түнек  тартып,  қараңғыға  қамалғандай

боп, мен қалдым.

Ойлап-ойлап,  ақыры  мен  университеттен  кетуге  бел

байладым. Ѳзімді де, Меңтайды да кинамайын дедім.

Ертеңінде  университеттің  сырттан  оқу  бѳліміне

296



ауысып,  емтихан,  сынақтың  бәрін  келесі  жазда  келіп

тапсыруға рұқсат алдым. Содан соң газет қызметіне орна‐

ласармын деп кѳрші облысқа жүріп кеттім.

Облыстық  «Алатау  жұлдызы»  газетінің  редакциясы

мені  жұмысқа  бірден  қабылдады.  Газеттің  аудандарға

жүріп  тұратын  тілшісі  болып,  бара  сала  қызметке

кірістім.

1947 


жылы  июльдің  басында  мен  ѳзім  тұрған  облыс

орталығынан поезбен Алматыға сапар шектім. Универси‐

тетке, сырттан оқитындардың жазғы сессиясына қатысуға

келе  жаттым.  Бір  купеге  балуан  бітімді,  ұзын  қара

мұртты,  қартаң  қазақпен  қатар  жайғасқан  едім.  Біз

отырғаннан  кейін  поезділгері  қозғалып,  қала  кейін

сырғып, артта қалды. Кѳршім терезеге үңіліп, мен кітапқа

бас қойдым. Сѳйтіп уақыт ѳткізуге кірістік.

Жолда, Нар станциясынан біздің купеге жүзі таныстау

сияқты  бір  жігіт  келіп  кірді.  Мен  быржиып  семіре

бастаған  бұл  адамды  қайдан  кѳрдім  деп  ойланып

отырғанда ол мені тани кетті.

— 

Ой, сен солдат емессін бе? - деді салған жерден.



— 

Иә, бірақ қайдағы солдат?

— 

Қой, қой, бұлталақтама, - деді бейтаныс адам бірден



сен  деп  сѳйлеп,  бейне  бір  менімен  бірге  ѳсіп,  ѳмір  бойы

біте қайнасып келе жатқандай-ақ. - Сен КазГУ-де оқисың

ғой. Ѳткен күзде кѳріп едің ғой, 7 ноябрьдің қарсаңында,

жатақхана  жанында.  -  Менің  жүрегім  жырқ  ете  түсті.

«

Апырау, осы сол болмасын» дедім ішімнен оған абайлай



қарап.  -  Ұмыттың  ба?  Сен  мені  театрға  ертіп  апарып,

Меңтаймен жолықтырғаның қайда?

Анық сол болды.

— 

Иә,  аман-есенсіз  бе?  -  деп  қолымды  ұсындым.  -



Сіздің атыңыз, ұмытпасам, Тұмажан Ошақбаев еді ғой.

Иә  оны  қойшы.  Саған,  жігітім,  сол  жолғы  қызметің



үшін  кѳп  рақмет.  Сен  болмасаң,  мен  ол  жолы  Меңтайды

297



таба  алмай  кететін  едім  де,  онын  несі...  -  деп  танауын

желбендетті  сары  шегір.  -  Ѳзің  де  білесіғ  ғой  қыздың

бойындағы  ана  несін...  белгісін...  Сол  жолы  сен  кездеспе‐

сең,  маған  ол  қыздың  сонысы  бұйырмайтын  еді.  Нардан

Алматыға  босқа  далақтап,  барып  қайтатын  едім.  Бірақ

жолым болды.

«

Жолы  болғыш  келеді  мұңдайлардың»  деп  ойладым



мен ішімнен.

— 

Ѳзім  де  «Әттең,  қолыма  түссе»  деп  алақаныма



түкіріп барып едім. Түсті ақыры. Ѳй, құлындай шыңғырт‐

тым-ау ѳзін де... Ошакбаев опық жемейді!

Мен  не  дерімді,  не  істерімді  білмей,  қызарып,  қысы‐

лғанымнан  терлеп  кеттім.  Ол  мені  әңгімемнің  қызықты‐

ғына  елтіп  отыр  деп  ойлады-ау  деймін,  дарақыланып,

жаңағы 


сѳзін 

сол 


тұрпайы 

қалпында 

қайтадан

жалғастырды.

— 

Ал  үшінші  күні  қызың  сүзектен  тұрғандай  боп,  екі



кѳзі шүңірейіп қалды. Кешке қарай кѳшеден такси ұстап

әкелдім  де,  ішіндегі  бар  нәрін  сорып  алып,  сыртындағы

қабығын  лақтырып  жіберген  лимондай  етіп,  қызды

жатақхана  жанына  жеткізіп  тастадым.  Ол  сең  соққан

балықтай  теңселіп,  салы  суға  кетіп,  есікке  қарай

жылжыды.  Ал  мен  бір  рота  немісті  жалғыз  ѳзім

жайпағандай кѳңілім есіп, Нарға қарай тарттым да кеттім

құйғытып. Ошакбаев опық жемейді!

«

Ошақбаев опық жемейді» деген мұның сѳзінің мәтелі



екен.  Әр  сѳйлемнің  соңында  осы  бір  дарақы,  жаттанды

сѳзді  екілене  қайталауды  ол  ѳзінің  әдетіне  айналдырып

алыпты. Мен бұл парықсызға не айтарымды білмедім.

— 

Сіз  қыздың  ағасымен  дос  болмап  па  едіңіз?  -  дедім



бар аузыма түскен сѳз осы болып.

— 

Болса  несі  бар,  онда  не  тұр?  -  деді  Тұмажан  екі



танауы  едірендеп.  -  Қыздың  не  үшін  жаратылатынын

білесің бе ѳзін? Білмесең мен айтайын: қыз - қызық үшін,

298



ләззат  үшін  жаралған.  -  Осылай  деп  ѳз-ѳзінен  тамсанып,

тісін  ақситты.  Бұл  тұста  ол  маған  кісі  емес,  тісі  сақылдап

тұрған  қасқыр  сияқты  боп  кѳріңді.  -  «Қыз»  деген  сѳздің

ѳзі  қызды  кѳріп,  бүйрегің  бүлкілдесін,  бүйірің  қызсың,

оны  кѳрсең  лап  қой,  бассал  да,  умажда  деген  мағынаны

береді.  Ал  мен  бас  салдым  да,  ѳмірдің  ѳзіме  тиісті

қызығын кѳрдім. Кеше немістермен біз не үшін соғыстық

осындай  қызық  кѳрмесек,  а?  Мен  саған  айтайын  бар  ғой,

Дүние  екі  келмейді.  Сондықтан  тірі  күніңде  тәтті

қыздардың шырынын сорып қалу керек, мына мен құсап.

Ол  жыртқыштың  тұяғы  іспетті  мұқыл  саусағымен  ѳз



кеудесін  бір  түртіп  қойды.  Содан  соң  қысық  кѳзін  одан

сайын сығырайта түсіп, сѳзін аяқтады. - Жалғыз қыз ғана

емес,  ѳмірдегі  тәттінің  бәрінен  ѳз  үлесінді  үзіп,  жұлып,

жұлмалап, алып қалуың керек! Міне, мұны білетін Ошақ‐

баев ешқашан опық жемейді!

«

Философиясын азғынның» дедім ішімнен қаным қыз-



қыз  қайнап.  Одан  соң  оның  арсыздығын  бетіне  баспақ

боп, тағы да бір сұрақ қойдым.

— 

Қыз  ағасының  сізге  айтқан  ѳсиеті  бар  емес  пе  еді:



тірі  қалсаң,  менің  қарындасыма  қосыл,  қорған  бол  деп

тілек етпеп пе еді? Сонда сіздің мұныңыз қалай болғаны?

— 

Тоқтай  тұр.  Оны  сен  қайдан  білесің?  Тегі  сенің  сол



қызбен бірдеңең бар шығар, түрің жаман, - деп Тұмажан

бетіме  тесірейді.  Кѳзі  жыланның  кѳзіндей  ѳткір  екен,

кірпігін  қақпады.  Содан  соң  бейне  бір  менің  кінәмді

кешіргендей  боп,  мардымси  сѳйледі.  -  Жарайды,  болса,

бола  берсін,  -  деп  қолын  бір  сілтеді  де,  сұрағыма  жауап

берді. - Бірақ «ѳлгеннің ѳсиетін тірі орындамайды» деген

бар емес пе, сен оны білесің бе? Мен ѳзім ѳмірде осы қағи‐

даны  мықтап  ұстайтын  кісімін.  -  «Сен  кісімісің,  кісі

бейнесіндегі  қорқау  емеспісің?»  дегім  келді  осы  жерде.

Бірақ ол сѳзін аяқтасын деп, үндемедім. - Ѳлген адам ѳлді,

топырағы  торқа  болсын!  -  Ол  ѳз-ѳзінен  ыржалақтап,

299



кеңкілдей күліп қойды. - Ѳлген адамның жамбасы жайлы

жерде жатыр. Ал тірі менің де, - ол тағы кеудесін түртті, -

жаныма  жайлы  ѳмір  кешуім  керек.  Ендеше  шѳп  желке

бір  студент  қыз  оқу  бітіреді  екен  деп  алтын  ѳмірімді

ѳксітіп  отырмақпын  ба  тосып?  Оқуды  таста,  маған  қатын

бол дедім ол қызға. Кѳнбеді. Кѳнбесе ѳз обалы ѳзіне оның.

Ошақбаев опық жемейді!

Осы  сәтте  әлдебір  ерлігі  есіне  түсіп  кеткендей,

Тұмажан  қай-мыжықтай  ернін  жымырайтып,  жымиып

алды.  Тілін  шағатын  жыланның  тіліндей  жалақтатып

қойды.

— 

Ѳзім  де  қумын,  -  деді  ол  содан  соң  маңғазданған



боп.  -  Оқ  тиіп,  құлағаннан  кейін  қыздың  ағасы  ѳлетінін

біліп,  қарындасын  маған  тапсырды.  Тірі  қайтсаң  кѳз

қырынды  салып,  қамқорлық  жаса,  менің  орныма  аға  бол

деді.  Оның  қарындасының  суретін  талай  рет  кергемін,

сұлу екенін білетінмін. Бір жаман ой келе қалды да: «Осы

айтқаның  рас  болса,  қарындасыңа  деген  бұл  ѳсиетінді

қағазға  жазып  кет»  деп,  қойын  дәптерімді  алдына  тоса

қойдым. Ол сорлының ойы шын екен. Ѳлетін адам ѳтірік

айта  ма?  Бейшара  қолы  қалтырап,  сѳз  құрастырып  жаза

алмады.  Сонсоң  блокнотты  шапшаң  қайта  алдым  да,  ақ

бетіне сүйкектете жѳнелдім. Анау ѳліп кетпей тұрып, тез

қолын қойдырып алайын деп асықтым. Ақ қағаз бен оның

қағаздай  боп  ағарып  кеткен  бетіне  кезек  қарай  отырып,

былай деп жаздым:

«

Бауырым  Меңтай!  Тумажан  -  менің  досым.  Елге  тірі



барса,  осының  етегінен  ұста,  сенің  басыңды  қор

қылмайды. Бұл менің саған ѳлер алдында айтқан ѳсиетім,

бауырым. Орында, қалқам, Ағаң Ербосынов»

Осылай деп, оған сүйемелдеп отырып, қолын қойдыр‐

дым.  Не  жаздын  деп  сұрауға  да  шамасы  келген  жоқ.  Тез

қолын  қойдырып  алғаным  жақсы  болды.  Ѳйткені  Жүніс

содан кейін бірден әлсіреп, сәл сұлық жатты да, біраздан

300



соң  ѳне  бойы  қақайып,  ол  дүниеге  кетті.  Аяғында  жақсы

ботинкасы  бар  еді,  алдымен  соны  шешіп,  обмоткасымен

орап,  киіп  алдым.  Қалтасындағы  заттарын,  қойнындағы

қыздың суреті мен әдірісін алдым да, сүйегін сүйретіп бір

шұңқырға  апарып  тастай  салдым.  Ошақбаев  опық

жемейді!


«

Тым  болмаса  мынау  сасық  мәтелді  осы  жерде

айтпасаң етті» деп ойладым мен. Одан соң:

— 

Бетін  де  жаппадыныз  ба?  -  дедім  оған  шошына



қарап.

— 

Оның қажеті не? Топырақ ѳзі де бүркеп алады, - деді



Тұмажан шімірікпестен.

— 

Ал сіз ол кісінің басына зират орнаттым деп келіпсіз



ғой,  -  дедім  мен  Меңтайдың  маған  бұл  адамның  ағасына

жасаған  «жақсылығын»  соншама  сүйсіне  айтқаны  есіме

түсіп.

— 

Сен  оны  да  біледі  екенсің  ғой,  -  деп  Тұмажанның



жылан  кѳзі  маған  тағы  да  шаншыла  қадалды.  Содан  соң

кѳзін  тез  тайдырып  әкетті  де,  ѳзіне-ѳзі  риза  болғандай,

қарқылдай күлді.

— 

Қыздар ертегіні жақсы кѳреді. Ендеше сен оны біліп



қой.  Оның  үстіне  менің  ол  қыздың  басын  айналдырып,

алдымен  уәдесін  алуым  керек  болды  емес  пе?  Қыз  бен

командирдің  алдында  лыпылдап  тұрмасаң  болмайды.

Сонда  олар  сенің  сыртыңды  ішің  екен  деп  қабылдайды,

ѳңінді ѳзің деп түсінеді. Бірақ тәжірибелі командир сенің

ар  жақ,  бер  жағыңды  бірден  аңғарады.  Ал  тәжірибесіз

қыздар жігіт неғұрлым жылпылдай берсе, соғұрлым соған

қарай  жығыла  береді.  Мен  де  сѳйттім.  Ошакбаев  опық

жемейді.

Мен  ернімді  тістеп,  басымды  шайқадым.  Тұмажан

ѳзінің арсыз қылығына ѳзі мәз болып, поездың терезесіне

бір қарап қойды да, әңгімесін жалғады.

— 

Соғыстан  келген  соң  қызды  Алматыға  іздеп  барып,



301


ағасының  сәлемін  алдымен  ауызша  айттым.  Сенбеді.

Сонсоң  қойнымдағы  сары  майдай  сақтап  жүрген  блок‐

нотты  суырып  алып,  жаңағы  сѳздерді  оқыттым.

Дәптерімнің  сол  бетіне  бір  қызыл  бояу  да  жағып  қойған

едім. «Мынау ағаңыздың жарасынан тамған қаны», - дедім

қызға. Осыдан кейін қыз байғұс оқ тиген жапалақтай боп,

жалп ете түсті. «Ѳзің жапалақ, зұлым, - дедім мен

ішімнен. Оқ тиген үйректей деуге тілін келмей ме сен

сұмның.  Періштедей  Меңтайды  жапалаққа  теңеуін  бұл

жауыздың.  Ѳзі  құзғын  болған  соң  ѳзгені  жапалақ  дегі

біледі ғой бұл сұмырай!» - Жалп еткені емес пе, блокнот‐

тағы  ағасының  қолын  танып,  оны  қайта-қайта  бетіне

басып,  ағыл-тегіл  жылады-ай  кѳп.  Ақыры  уәдесін  берді.

Бірақ  бойына  дарытпады,  «асықпаңыз»  деп  қарыласып

отырып  алды.  Әйтпесе  мен  оны  сол  жерде-ақ  жайлап

кететін  едім.  Ал  асықпағаннын  арты  жаңағыдай  болды.

Оқуды  тастап,  маған  ти,  ауылға  кетейік  деп  бірнеше  рет

хат  жаздым.  Кѳнбей  қойды.  Кѳнбесең...  дедім  де,  -  ол

былш еткізіп былапыт сѳздер айтты, - мен елде үйі-күйі,

қора-жайы,  3-4  сиыры  бар,  шалқып  отырған  жесір,  жас,

бай әйелге үйлендім де алдым. Тышқақ лағы жоқ студент

қыздың қасында бұл дегенің шылқып жатқан байлық емес

пе? Ѳйткені Ошакбаев опык жемейді! -Тұмажан менің бас

изеп, мақұлдауымды күтті. Мен міз бақпай, отырып қал-

дым. - Үйленер алдында ол қызды ең болмаса бір жайлап

кетейін  деп,  қалтаға  ақшаны  сықап,  қасыма  Ерғазыны

алып,  ә  дегенше  апыл-ғұпыл  айда  Алматыға  тарттым  да

кеттім  емес  пе!  Жаңа  айттым  ғой,  онда  мына  сенің  кѳме‐

гіңмен  ойлағанымды  орындап,  «екі  жылдан  соң  оқу

бітіресің,  содан  соң,  біржола  аламын»  деп  қызды  алдап,

абыройын жосадай ағызып, қатын ғып кеттім де, келе сала

жаңағы  әйелге  үйлендім.  Енді  маған  бұл  әйелім  де  бір,

Алматыда  қызбын  деп  жүрген  Меңтайың  да  бір.  Қыз

атандыратын  белгісі  бойынан  кеткеннен  кейін  әйелден

302



әйелдінайыр-масы  болмайды,  шырағым.  «Жоқ,  бекер

айтасын,  -  дедім  мен  іштей  зығырданым  қайнап.  -

Алтынды адал қол да, арам қол да ұстайды. Арам қол бір

тигенге алтын арам болып қалмайды. Сол қадірлі, қымбат

күйінде  қалады.  Ендеше  Меңтай  сол  саф  алтын  сияқты.

Сен  алтынға  тиген  арам  қолсың  ғой.  Алтынды  бір

сипағанға  арманымнан  шықтым  деп  ойлайсың.  Оны

кірлетіп,  кадірін  кетірдім  деп  түсінесін.  Жақсы  кыздың

абырой белгісі тәнінде ғана емес, жанында болатынын сен

білмейсің, сұмпайы. Меңтай бойындағы асыл белгі - оның

ақылдылығы,  адалдығы,  арлылығы,  жанының  жібектей

жұмсақтығы. Меңтай бойындағы бұл белгіні сен ешқашан

да жоя алмайсың, ақымақ. Болатты тот баспайды, алтынға

кір жұқпайды. Меңтай суы таза, мѳлдір бұлақ іспеттес. Ал

сен  -  итсің.  Иттің  тұмсығы  бір  тигенге  бұлақарам  болып

қалмайды... »

Осы  сѳздер  кѳмейіме  келді.  Лак  еткізіп  айтып  салсам

ба деп те ойладым. Бірақ аузымнан басқа сұрақ шықты.

Сіздің  мұныңызды,  үйленіп  қойғаныңызды  Меңтай



біле  ме?  -  дедім  қыстығып.  Ана  жолы  бұл  сұмның

ѳтінішін  орындап,  театрға  ертіп  барып,  Меңтайға  кезде‐

стіргенімді  қылмыстай  кѳріп,  ѳзімді  ѳзім  жерледім.

«

Меңтайдың  мені  сүйетінін  неге  анғармадым,  неге



батылдық  жасамадым,  не  деген  соқыр,  не  деген  ынжык

едім  мен»,  -  деп  Тұмажан  жасаған  қылмысты  ѳзім

жасағандай  қиналдым.  Оның  осы  қылмысты  жасауына

анқаулық,  адалдықпен  еріксіз  кѳмекші  болғаныма

күйіндім.

— 

Е,  білмегенде  ше,  -  деді  Тұмажан  едірендеп.  -



Олардың  ѳткен  қыстағы  каникулы  кезінде  мен  әдейі

командировка  алып,  Алматыға  бардым.  Ондағы  ойым  ол

қызды  тағы  да  бір  жәукемдеп  кету  еді.  Бірақ  ѳткен

жолғыдай  емес,  қыз  қиқандап,  маңына  жуытар  болмады.

Жалынып та айттым, қорқытып та айттым. Кѳнбеді. «Енді

303



оқу бітіргеннен кейін бір-ақ қосылайық. Әйтпе-се бойыма

бала  бітіп  қалады,  сонсоң  оқуды  бітіре  алмаймын»  деп

бәлсінді.  Тіпті  ыза  болғаным  сондай,  сол  жерде  бетіне

былш  еткізіп  айттым  да  салдым:  «Ендеше,  сенің  бір

тиынға  да  керегің  жоқ.  Мен  үйленгелі  екі  ай  болды.  Сен

құр  тұлыпқа  мѳңіреген  сиырсың»  деп.  Бірақ  соны  бекер

айтқан  екенмін  деп  ѳкінемін.  Қызға  ѳзімнің  үйленіп

қойғанымды  айтпай,  қатынға  сездірмей,  оқу  бітіргенше

оны  да  пайдалана  беруім  керек  еді,  бірін  бәйбіше,  бірін

тоқал  етіп.  Шыдамсыздық  жасадым.  Ѳйтпесіме  тағы

болмады.  Жігіттік  намысым  жібермеді.  Білсін,  бәлем,

онсыз  да  күн  кѳре  алатынымды  деп,  айттым  да  салдым,

қайдан  шықса,  одан  шықсын  деп.  Ошақбаев  опық

жемейді ешқашан!

«

Намысының  түрін  шошқаның!»  дедім  ішімді  ыза



кернеп.  Оның  бетіне  былш  еткізіп,  түкіріп  те  жібергім

келді.  Немесе  шарт  еткізіп  жағынан  шапалақпен  тартып

жіберсем  бе  екен  деп  ойладым.  Ѳйтсем,  бұл  ит  менімен

тѳбелесе кетеді де, мені қазір милиция бұл түсетін Біртѳ‐

беден қоса поездан алып қалып, тергеу, тексеруге салады.

Сѳйтіп,  уақыт  босқа  кетеді,  жазғы  сессияға  кешігіп

қаламын деп, ѳзіме-ѳзім амалсыз тежеу салдым.

— 

Анадағы,  қасыңыздағы  еріп  келген  жігіт  қайда?  -



дедім Тұмажанға теріс қарап отырып.

— 

Ерғазы ма? Ол бір ашық ауыз ғой. Алматыда қолына



ұстатқан  мынадай  қыздан  аузы  аңқайып,  айырылып

қалған  одан  не  сұрайсың.  Жүр  ауылда  әлі  күнге  дейін

әйел ала алмай.

Осы  кезде  поездың  жүрісі  баяулап,  Біртѳбе  станция‐

сына  жақындап  қалды.  Тұмажан  шеті  жемтір-жемтір

әскери сумкасын қолына алып, орнынан тұрды.

— 

Не  қызмет  істейсіз?  -  деп  сұрадым  мен  одан



орнымнан қоса түрегеліп.

304



— 

Осы  мына  Біртѳбе  ауданында  жинақ  кассасының

бастығымын, - деді ол қолымен сол жақты нұсқап.

— 

Ақшаның кѳп жерінде екенсің ғой.



— 

Еһе, кѳп жерінде. - Осыдан кейін ол менің құлағыма

сыбырлады.  -  Мемлекет  деген  қайнап  жатқан  қара  қазан

ғой.  Ебін  тапсаң,  ол  қазаннан  қалқып  ішіп,  қылқып  жей

беруіңе  болады.  Нарда  бір  кѳктѳбел  үйім,  осында  бір

шифер  шатырлы  үйім  бар.  Құдайға  шүкір,  жаман

тұрмаймын. Ошақбаев опық жемейді! - деді.

Осыны айтып болып ол қисандай аяндап, есікке қарай

жѳнеле  берді.  Есікке  жете  бере  артына  қайта  бұрылып,

маған қарады.

— 

Сен  Алматыға  бара  жатсаң,  бұрынғы  байың  сәлем



айтты  де  Меңтайға,  -  деді  ол  кеңкілдей  күліп,  томпиған

қозы  қарнын  үсті-үстіне  сипалап.  Мен  қабағымды

шыттым.  Соны  аңғарды  ма,  ол  сѳзін  дереу  басқа  арнаға

бұрды. - Айтпақшы, сенің кѳңілің болса, ол қызды нетуіңе

болады,  -  деді  ол  бұғақтанып  қалған  мұқыл  иегімен

поездың  алдыңғы  жағын  нұскап.  -  Ол  нешауа  қыз.  Бірақ

енді маған оның керегі жоқ. Ошақбаев опық жемейді!

Осы сѳздерімен ол мені бақытты еттім деп ойлаған болуы

керек. Есікке қарай қайта бұрылып, талтандай жѳнелді.

— 

Әй,  тоқта,  -  дедім  мен  осы  кезде  ѳзімді-ѳзім  ұстай



алмай,  ѳне  бойым  қалш-қалш  етіп.  Оның  қасына  қалай

жетіп  барғаным-ды  да  білмеймін.  Бара  сала  бала  күнгі

әдіспен  шықшыттың  астын  ала  бар  пәрменіммен  періп

кеп  жібердім.  Тұмажанның  басы  сарт  етіп,  вагонның

қабырғасына  соғылды  да,  қолтығындағы  сумкасы  сусып,

жерге түсіп кетті. Ол кѳзі бақырайып, қайта түзеле берген

кезде иектің ұшынан баспен және бір сүзіп кеп қал-дым.

Ошакбаев  үн  шығара  алмастан  жалп  етіп  барып,  еденге

құлады. Осы кезде:

— 

Ұр, айналайын! - деп бағанадан бері біздің сѳзімізді



305


үнсіз  тындап  отырған  еңгезердей  мұртты  қазақ  орнынан

атып тұрды. - Қызды қорлаушының сазайын осылай беру

керек!  Ұр,  айналайын!..  Ата-бабамыз  оң  жақтағы  қыздың

ѳзі түгіл, отауына шаң жуытпаған; қыз абыройын қызғы‐

штай  қорыған.  Қыз  балаға  қасқыр  боп  тиген  еркекте  еш

қасиет  болмайды.  Бұл  жігіт  емес,  жылмандаған  ұры  ит

қой, шырағым. Аяма мұндай сүмелекті!

Онсыз  да  қаным  қарайып,  Тұмажанды  түтіп  жердей

күйге  келген  едім.  Оның  үстіне  мына  сѳз  жаныма  және

қамшы  болды  ма,  әлде  кѳрші  қазақтың  ѳзімді  қостаға‐

нына  арқаландым  ба,  білмеймін,  орнынан  тұрып  келе

жатқан  Тұмажанды  ал  кѳп  тепкілейін.  Проводник  әйел

жүгіріп келіп, арашалағанда ғана әрең тоқтадым.

Менің  долданып  алған  түрімнен  қорықты  ма,  әлде

қасымдағы  таудай  қазақтың  қияпатынан  сескенді  ме,

әйтеуір, Тұмажан ләм деп аузын ашқан жоқ. Бар болғаны:

«

Әй,  сен  де  осындай  ма  едің?»  деп  таңданғандай,  жыпы‐



лықтап бетіме қарай берді. Содаң соң

жанында  жатқан  сумкасын  алып,  орнынан  сүйретіле

кѳтеріліп, есікке қарай зытты.

— 

Арсыз!  -  дедім  мен  оған  артынан  айқайлап.



Тұмажан  менің  сѳзімді  естімеді  ме,  естісе  де  елемеді  ме,

жаман  сумкасын  бауырына  қысып,  семіз  денесін  алға

нтіндіріп,  вагоннан  түскелі  жатты.  Терезеден  оның  дома‐

лаңдап  жерге  түскенін  кѳргенде,  үйге  кіріп  кеткен  сұр

жыланнын  сыртқа  шыққанына  кѳзім  жеткендей,  «уһі!»

деп,  орныма  келіп  отыра  кеттім.  Бұндай  сұмға  жұдырық

ѳте ме? Бұғанам қатқан білікті журналист болып, ѳмірдегі

осындай  сұмдардың  қылмыстарын  ашып,  ѳздерін  фелье‐

тоннын  ѳткір  найзасымен  аяусыз  түйрер  ме  едім!  -  деп

кіжіндім ішімнен.

Ол  күні  вагонда  түні  бойы  жаман  түстер  кѳріп,

ұйықтай  алмай  шықтым.  Тұмажанмен  тѳбелесіп,

милиция  қолына  түскен  екенмін  деймін.  Мені  тергеп

306



отырған  милиционер  біресе  Тұмажан  болып:  «Ошакбаев

опық  жемейді»  деп  сақ-сақ  күледі  келіп.  Содан  соң  ол

әлде қайдан Меңтайды шашынан сүйреп алып келіп, қол-

аяғым  байланып  қалған  менің  кѳз  алдымда  іштен

тепкілеп,  сабай  бастайды.  Жаны  қысылған  Меңтай  мені

кѳмекке  шақы-рып,  құлындағы  дауысы  құраққашығып:

«

Аға-а-ай!»деп  шыңғырып,  мені  шақырады.  Мен  жан



терге  түсіп,  не  тұра  алмай,  не  қолымды  босата  алмай,

қиналамын.

Ѳстіп  қысылыгі  жатқанымда  мені  қасымдағы  кѳршім,

Алма-тыға  қазақша  күреске  қатысу  үшін  келе  жатқан

балуан қазақ түртіп, оятып жіберді.

— 

Жаман  түс  кѳрдің  білем,  шырағым,  -  деді.  Осыдан



кейін  ұйқы  болған  жоқ.  Меңтай  байғұсты  аяп,  қазір

қандай  күйде  екен  деп  жаным  отқа  ұстаған  майдай

шыжғырылды.  Оның  маған  ең  соңғы  айтқаны:  «Кіммен

қарайсаң,  сонымен  ағар»  деген  мақал  бар  емес  пе?  Мен

енді  осы  кісімен  қарайдым,  осы  кісімен  ағаруым  керек»

деген сѳз еді. Мен онда Меңтай Тұмажанға қосылады деп

кәміл сенгенмін. Сенгендіктен де басқа ештеңеге қарайла‐

май,  облыска  кеткенмін.  Анда-санда  Жомартбектен  хат

алатынмын. Бірақ ол бұл жайды білмейді, арлы қыз жан

қиналысын  ешкімге  айтар  ма,  сірә?  Айтпаған  ғой  деп

ойлаймын  ішімнен.  Қаладан  Меңтайды  таба  алар  ма

екенмін?  Әлде  ол  каникулға,  еліне  кетіп  қалды  ма?

Тапсам,  енді  ол  менің  тілегімді  қабылдар  ма  екен?  Әлде

тағы да басқа біреумен серт байласып қойды ма?

Міне,  осы  ойлармен  мен  шілденің  ыстығында  екінші

Алматы вокзалына келіп жеттім.

Облыстан  шығарда  курстас  қыздар  қарсы  алар  деп

Жомартбек  атына  телеграмма  берген  едім.  Поезд

тоқтағаннан  кейін  вагон  терезесіне  қарағанымда  маған

келіп тұрған ешкім байқалмады. Бәрі де жазғы каникулға

тарап  кеткен  болар  деп,  чемоданымды  алып,  вагонның

307



аузына  келдім.  Есіктен  шыға  бергенімде  аяғы  аяғына

жұқпай  сумандап,  плашының  етегі  түлеген  жыланның

үстінен  түскен  қабықтай  сусылдап,  вагоннын  жанына

Зайкүл жетіп келді.

— 

Сәлем! - деді ол ақ қолғапты қолын жоғары кѳтеріп,



екі кѳшенің қиылысында машиналарға жол сілтеп тұрған

ақ қолғапты милиционердей қалшиып.

— 

Сәлеметпісің, Зайкүл? Аман-есенбісің?



— 

Есен-есен,  Ербол,  -  деп  ол  қолын  созып,  жақындай

берді. - Қайда жоқ боп кеттің сен, сағындырдың ғой әбден.

Екеуміз қол алыстық. Құшақтассақ та болатын еді. Зайкүл

оған  тіпті  де  қарсы  еместей  екен.  Бірақ  мен  бірден  чемо‐

данымды кѳтеріп, жүруге ыңғайландым.

— 

Жомартбекке  телеграмма  берген  екенсің,  -  деді



Зайкүл  аяғы  кѳстендеп  менімен  қатар  аяндап.  -  Ол  кеше

аулына  қайтып  кетті.  Басқа  қыздар  да  кетіп  қалған.

Жатақханада  қазан  түп  болып  жалғыз  қалған  мен  ғана

болған  соң  ѳзім  қарсы  алдым  сені.  Сені  бәріміз  сондай

сағындық, Ербол.

— 

Рақмет, Зайкүл.



— 

Сен бізден бекер кетіп қалдың. Рас, Меңтайға қолым

жетпеді  деп  ѳкпелеп  кеттің.  Бірақ  бізде  басқа  да  қыздар

бар емес пе еді?

— 

Ѳзіңе бұйырмайтын ѳзге қыздан не пайда, Зайкүл.



— 

Мен-ақ  бұйыратын  едім  ғой.  «Зайкүл,  айналайын»

деп бір күн жалынсаң болып жатыр еді. Ал сен: «Меңтай!

Меңтай!»  дедің  де  жүрдің  ѳзгені  кѳзге  ілмей.  Тегі  жігіт‐

терде  ақыл  жоқ  осы.  Ѳйткені  олардың  бәрі  ѳз  шамасына

қарамай,  жақсы  қызға  қарай  жүгіреді.  Жақсы  қыз  жете

ме,  қарағым-ау,  бәріңе  бірдей.  Сѳйтіп,  кѳп  жігіттер  біз

сияқты ѳзіне лайықтыдан құр қалып, артынан ѳкінеді.

Біз аялдамаға келіп, жатақханаға баратын екінші трам‐

вайға отырдық.

— 

Жігіттер  ауылда  қыздарға  үйленіп  алып,  артынан



308


оқу оқып келемін деп, тастап кетіп жатыр ғой адастырып,

деді  Зайкүл  трамвайға  мінгеннен  кейін.  -  Сен  де  сѳйт‐



педің  бе?  -  Орындықта  отырған  Зайкүлдің  қасында

түрегеп  тұрған  мен  басымды  шайқадым.  -  Онда  қазір

Меңтайдың  да  басы  бос.  Ал  ол  анау  Тұмажан  зәліммен

жанасып қойды десең, мен бармын...

— 

Сен жанаспаған шығарсың, - дедім мен күліп.



— 

Құдай  ақына.  Сен  ѳзің  сенсеңші  маған.  Кешке

паркке барасың ба?

— 

Жоқ,  сенемін,  -  дедім  мен  тағы  да  күліп.  -  Саған



сенбегенде кімге сенемін?

Бұдан әрі сұрамауға шыдамым жетпеді.

— 

Меңтай қайда, Зайкүл? - дедім біраз бѳгеліп барып.



— 

Меңтайды қайтесің? Ана сұм алдап кетті. Содан соң

тағы  бір  жігіт  сонына  түсіп  жүріп,  терезеден  тас  лақты‐

рып,  басын  жарды  кѳктемде.  Биыл  ауылыма  бармаймын

деген.  Осыдан  екі  күн  бұрын  Майраға  ілесіп,  Бүргендегі

соның  үйіне  кетті-ау  деймін  тегі.  Жаздай  сонда  болуға

тиіс.  Әлгі  тас  лақтырған  сүмелегі  соңынан  қуып  барып,

шырқын  бұзбаса  тағы.  Айтпақшы  сол  сүмелек  тағы

біреуді ұрып, милицияға түсті деген ақыры.

— 

Ол кім?



— 

Сен  білесің  оны,  Ербол.  Әлгі  Сейітқали  деген

сүмелек  бар  емес  пе  еді  ақынмын  деп  кеудесін  қағып

жүретін. Бір газетке «Қызыл бұзау» деген ѳлеңі басылып,

қыздар  тегіс  оны  Қызыл  бұзау  деп  атап  кетіп  еді  ғой.  Ол

ѳзі барып тұрған жағымпаз болатын. Әр лекциядан кейін

оқытушыны  тоқтатып  алып:  «Сіздің  бүгінгі  лекцияңыз

ғажап  болды,  ағай.  Тура  миға  құйып  бердіңіз.  Бұл

лекцияға Әуезовтың лекциялары да астар бола алмайтын

шығар»  деуші  еді  ғой  беті  бүлк  етпестен.  Енді  есіңе  түсті

ме? Міне, сол. Меңтайдың басын жарғаннан кейін универ‐

ситеттен қуып жіберген оны.

— 

Меңтайды неге ұрады ол?



309


— 

Менімен  жүрмейсің,  айтқаныма  кѳнбейсің  деп

ұрады да. «Мен саған ғашықпын!» деп кѳкиді. Ал Меңтай

оны  иттің  етінен  жек  кѳреді.  Сол  Қызыл  бұзау  еліне

кетпей  осында  жүр  деген  мѳңіреп.  «Мен  Меңтайды

қайтсем  де  аламын.  Меңтайды  алмасам  -  анам  қатыным

болсын!»  дейтін  кѳрінеді  оттап.  Айттым  ғой  мен  жігіт‐

терде  ес  жоқ  деп.  Ѳздерін  сүймейтін  қыздардың  аяғына

бас  ұрып,  жатып  алады.  Ал  ѳздерін  сүйетін  қыздарды

олардың  ешқайсысы  кѳрмейді.  Зайкүл  сықылықтап

кѳп күлді.

— 

Мына  ѳлең  есінде  ме?  -  деді  де  ол  тақпақтата



жѳнелді:

Ѳртенуші  ем  кѳрген  сайын  Сенің  нұрлы  жүзінді.

Сүюге де едім дайын Басып кеткен ізінді. Бір сен үшін суға

батып,  Отқа  түсіп,  күюге.  Әзір  едім  алдып  жатып,  Аяғы‐

ңнан сүюге!..

Ал,  мен,  қымбаттым,  «андып  жатып,  аяғымнан

сүймей-ақ»,  жігіттер  саусағымнан  сүйіп  отырса  да,  разы

болар  едім,  -  деп  Зайкүл  кѳзін  құйқылжытып,  басын

қиқандатты.

Никольск базарының қасына келіп, трамвайдан түстік.

— 

Меңтайдың басы қатты жарылды ма? Зақым келген



жоқ па? - дедім мен жатақханаға қарай бет ала беріп.

— 

Алла-ай, немене, жаның ашып бара ма? Ол бәрібір



сенің қызың емес қой қазір.

— 

Әңгіме  онда  емес  қой,  Зайкүл.  Жолдастың  жайын



сүрап білуіме болмай ма менің?

— 

Иә,  жолдас  деп  жаның  шығып  бара  жатқан  шығар



сенің.  -  Зайкүлдің  мінезі  қызық  болатын.  Алдында

қылжақтап тұрса да, соңынан түзу жауабын бере салатын.

Бұл  жолы  да  сѳйтті.  -  Қазір  жарасы  жазылып  кетті.

Шашының  арасында  пышақтың  қырындай  ғана  ақ  дақ

қалған.  Бірақ  білінбейді  онысы.  Сүйегі  аман.  Ал  түсті  ме

жүрегің орнына?

310



Зайкүл екеуміз жатақхана алдында қоштастық.

— 

Ал, кешке паркке келесің бе, Ербол?



— 

Рақмет,  Зайкүл,  -  дедім  мен.  -  Қарсы  алғаныңа,

айтқан  әңгімелеріңе  -  бәріне  рақмет.  Бірақ  мен  бүгін

ешқайда тырп ете алмайтын шығармын. Қазір универси‐

тетке баруым керек. Ертең - емтихан.

— 

Қойшы,  сен  емтиханды  кѳзіңді  жұмып  отырып



тапсырасың  ғой.  Бұрын  да  жақсы  оқитынсың.  Ал  мен

кеттім онда. Айтпақшы, мен ертең Қарағандыға жүремін,

сондағы  туыстарыма  барып  қайтамын.  Кѳшеден  бері

жатақхана емес, апайдың үйінде жатырмын. - Осылай деп

ол  маған  қолын  берді.  -  Сен  жаңағы  менің  айтқанда‐

рымның  бәрін  шын  екен  деп  қалып  жүрме,  жігіттер

жайындағы  сѳзімді  айтамын.  Оның  бәрін  жай,  қалжың

үшін, сен қайтер екен деп айтып жатырмын.

— 

Оны түсінемін ғой, Зайкүл. Ал жолың болсын!



Жазғы  сессия  біткен  күннің  ертеңінде  мен  Меңтайды

іздеп,  Бүргенге  бардым.  Сессияның  арасында  барып

қайтсам ба деп талай рет оқталдым да. Бірақ шыдадым.

Бүргенге  келіп,  автобустан  түскен  соң,  алғашқы

кездескен  біреуден  Абаеваның  үйі  қайсы  деп  сұрадым.

Маған  ауылдың  орта  тұсындағы  кѳк  терезелі,  тоқал  үйді

нұсқады.

Қос қыз үйде онаша отыр екен. Олар мені қуана қарсы

алды. Әсіресе Майра жылап кѳріскендей бѳлды.

— 

Иә,  иә,  есенсіз  бе,  ағай?  -  деп  кеудеме  мандайын



тѳседі.  Осы  кезде  оның  кѳзінен  жас  та  шығып  кетті.  Оған

мен де босаңсып, кѳзім жыпылықтай жѳнелді. Тек Меңтай

ғана  сыр  бермеу-ге  тырысып,  ернін  тістеп,  бір  қызарып,

бір  бозарып,  қолынын  ұшын  ғана  берді  де,  үнсіз  қалды.

Амандасқаннан кейін қыздар мені есік алдындағы кѳлен‐

келі  жай  -  беседкаға  алып  барды.  Онда,  дѳңгелек  үстел

жанында  салулы  кѳрпе  бар  екен.  Майра  үкідей  ұшып,

үйден екі жастык әкеп жаныма қойды.

311



— 

Иә,  ағай,  жастыққа  жантая  отырып,  демалыңыз,  -

деді  Жайғасып  отырғаннан  кейін  мен  қыздардың  бетіне

қарадым;


Майра  бұрынғысынан  сәл  тола  түскенге  ұқсайды.

Меңтай жүзі шүберектей боп, қатты жүдегі қалыпты.

— 

Ал, халдерің қалай, қыздар? - дедім мен.



— 

Иә, не халды сұрайсыз, - деді Майра тез және жауап

беріп.  -  Сіз  кеткеннен  кейін  талай  сұмдықты  бастан

кешірдік қой Меңтай екеуміз.

Осылай  деп  ол  Меңтайға  қарады,  содан  соң  сѳзін  әрі

қарзй жалғастырмай, үнсіз отырып қалды.

— 

Мен  бәрін  де  естідім,  бәрін  де  білемін,  -  дедім



қыздар  ол  сұмдық  жайларды  естеріне  алып,  тағы  да

қиналмасын деп- Зайкүл айтты. Тұмажанды да кѳрдім.

— 

Иә, Зайкүл байғұс бәрін де айтып үлгірген екен ғой,



деді Майра күліп.

Меңтай  басынан  ѳткен  бар  ауыртпалықгы  ѳз

құлағыммен  естіп  келгендіктен  бе,  мен  ѳзімді  оның

алдында  кінәлідей  танып  кібіртіктей  берген  едім.  Осы

тартқан азабына мені жазғырып

жазалайтындай  кергемін.  Бірақ  Меңтай  ѳйтпеді.

Жылап-сықтап мұң да шақпады.

— 

Мұндай  ѳкінішке  ұшыраймын  деп  ойламап  едім,  -



деп  бір  ѳкініш,  арызын  бір-ақ  ауыз  сѳзге  түйіп,  үндемей

отырып қалды-Содан соң барып, сәл ғана иегін кѳтерді. -

Жігіттің  де  жігіті,  майдангердің  де  майдангері  бар

екен ғой...

— 

Иә, ол рас. Ал ағай, ѳз жайыңызды айта отырыңыз, -



деді Майра.

Мен  қос  қызға  жақсы  әңгіме  айтып,  жандарын

жадыратсам

деп  ойладым.  Бірақ  ондайда  аузыңа  тілеген  әңгімең

келіп  түсе  қоя  ма?  Мен  алдымен  облыстық  газетке  тілші

312



боп  қызмет  істегенімді  ел  аралағанымды  айттым.  Кѳп

мақалалар жаздым дедім.

— 

Иә,  бізден  кеткеннен  кейін  басыңыздан  кешкеннің



бәрін де айта беріңіз, - деді Майра.

— 

Айтайын,  -  дедім  мен  аузыма  қыздарды  күлдіретін



ешбір қызық әңгіме түспей, сасқалақтап.

— 

Тек  кѳргеніңізді  ғана  айтыңыз,  ағай,  естігеніңізді



емес,  "  деді  Майра  сұқсаусағын  шошайта  күліп,

профессор  Әуезовтың  оқыған  Алдаркѳсе  жайлы  лекци‐

ясын еске түсіріп.

Мен  де  күліп,  басымды  изедім.  Осы  кезде  Меңтай

сұрақ қойды.

— 

Сәлиманы кѳрдіңіз бе? - деді баяу үнмен.



— 

Кѳрдім.


— 

Иә, соны айтыңыз, - деді Майра.

— 

Айтайын.


313


К

ѳленкесін  сүйретіп  ашық  күнде  ұзақ  жортқан



салт  атты  жолаушыға  ұқсап,  біздің  тілші  деген

ағайындар да кезбе келеді, - деп бастадым мен әңгімемді.

«

Иә, бәсе, ағайдың әңгімесі осылай боп келсе керек еді», -



деп  Майра  күлміндеп,  қуанып  қалды.  Меңтай  да  ықыла‐

стана  жымиып  қойды.  Олар  күлгенге  мен  мәз  болып,  әр

сѳзімді одан сайын бейнелеп, бедерлеп айтуға тырыстым.

Ел кезіп, аудан аралап жүрген күндердің бірінде жолым



түсіп,  ѳзіміздің  «Ақбота»  ауылына  соқтым.  Жұмабай

жездем соғыстан аман-есен қайтқан болатын. Кешке келіп

сонда  түсіп,  апайымды,  жиендерімді  қуантып,  аунап-

қунап  жаттым  да,  ертеңінде  Бүркітбайға  сәлем  берейін

деп колхоз кеңсесіне бардым.

— 

Ассалаумағалейкүм,  -  дедім  председатель  каби‐



нетінің табалдырығын аттай бере.

Тѳрде  күжірейіп  Бүркітбай  отыр  екен.  Мен  бала

күнімнен  білетін  кешегі  ширақ,  кірпі  шаш,  ұзын  бойлы,

кѳзі  тұздай  кѳк  сары  жігіт  бұл  күнде  үйелмендей  сары

шал  болыпты.  Иегі  ілгері  ұмсынып,  шошқаның  кірпігі

сияқты қою ақ кірпік торлаған, тұзы азайғандай түссіз кѳк

кѳздері  ѳзін  жұтқалы  келе  жатқан  жыланнан  қорыққан

тышқандай  боп  бүрісіп,  бұғып  қалған  қарсы  алдындағы

жұдырықтай  әйелге  тікенектей  қадалып,  тесірейе

қалыпты.  Бүркітбай  маған  мойын  да  бұрмастан,  орман‐

дағы сары аюдың табанындай балпиған күректей етженді

алақанын  жас  баланың  қос  жұдырығындай  қызыл

мұрнына қонған шыбынды қаққандай бір сілтеп қалып:

— 

Әй, сәлемінді қойшы әрі, - деді.



Бүркітбай бұрынғысынша жай сѳйлейді екен. Әр сѳзін

ақпанда  құтырып,  адам  тарпыған  бураның  тізесіндей

тегеурінмен нығарлап, нығыздай айтатын болыпты. Оның

оң  қол  жағында  соғыста  үлкен  командирлер  ғана  ұстай‐

тын,  қалындығы  қылыштың  қырындай  сары  әмірқан

былғарыдан  жасалған,  иыққа  асынатын  ұзын  баулы,

314



әскери  сумка  жатыр.  Шабуылға  шыққанда  кей  коман‐

дирлер  оған  гранат,  немістердің  олжа  пистолет  -  ауыр

парабеллумын  салып  алатын.  Бүркітбай  шарап  сауы‐

тының  тығынын  бұрала  сүңгіп  тесіп  ѳткен  темір  бұран‐

дадай  боп  әйелге  қадалып  қалған  түссіз  кѳк  кѳзін

бұрмастан, он қолын сумкаға қарай созып, сипалап, оның

аузын  ашабастады.  Мен  мына  мылқау  дүңгене  сумкадан

мылтык  суырып  алып,  сорлы  әйелді  бүрісіп  отырған

бойында  басып  салар  ма  екен  деп  қорықтым.  Шынында

да ол сумкадан немістердің ағаш сапты гранатасы сияқты

ұзындау  бірденені  суырып  алды.  Сѳйтсем  онысы  ішім‐

діктен  босаған  сида  сауытқа  толтыра  салып  алған,

тышканның  құмалағы  сияқты,  қныршық-қиыршық  қара

бұйра  насыбай  екен.  Соның  шошайған  қағаз  тығынын

алып,  сол  жақ  алақанының  шұңқырына  бір  уысқа  жуық

насыбайды  бір-ақ  салды  да,  насыбай  емес,  қылқ  еткізіп

коньяк  жұтқандай  етіп,  апандай  аузына  апарып,  тастап

кеп жіберді. Тілінің ұшымен екі ұртын кезек-кезек бұлти‐

тып,  тығырыққа  қасқыр  қуып  тықандай  құмарлықпен,

аузындағы насыбайды салпы ерін мен сары тістің арасына

жинады  да,  рақаттанғандықтан  екі  езуі  үнсіз  ырылдаған

сары  тѳбеттің  езуіндей  жыбырлагі  қоя  берді.  Содан  соң,

сабалақ  сары  шашты  аю  басын  әрең  қозғап,  солға  қарай

бұрды  да,  кәрі  қойдың  тісіндей  мүжіліп,  түп  жағы

қарайып  кеткен,  ұш  жағы  сап-сары  сирек  тістерінің

арасынан  сыздықтата,  шырт  еткізіп  түкіріп  қалды.

Бүркітбай  түкірмек  боп  басын  бұрған  кезде  бұрандаға

ілініп,  суырылып  бара  жатқан  тығындай,  әйел  байғұс

орнынан  кѳтеріле  берді  де,  Бүркітбай  бері  қарай  қайта

бұрылғанда әйел де сылқ етіп, орнына отырды - ѳн бойын

темір бұранда бойлай кіріп, қозғалтпай тұрған тығын сол

күйінде қалды.'

Бүркітбайдың  түкірігі  сол  жақтағы  үстелде  бұқиып

бірдеңе жазып отырған есепшінің оң жақ бетіне шылп ете

315



түсті.  Есепші  ыржың  етіп  басын  бір  кѳтерді  де,  бетін

алақанымен  сипай  салды.  Содан  соң  қағазына  қайта

бұқиып,  жағына  Бүркітбайдың  түкірігі  емес,  нақ  бір

құдайдың  жылы  жаңбыры  тигендей  масайрап,  мыңқ

етпестен отыра берді. Есепші жігіт біздің ауылдың Тұрсын

деген  баласы  болатын.  «Тұрсын,  тѳбеңнен  құдай  ұрсын»

дедім мен ішімнен оның бетіндегі Бүркітбайдың насыбай

аралас түкірігінің айғыз-айғыз ізін кѳріп тұрып.

Бүркітбай  рақаттана  түкіріп  тастап,  қатты  бауырсақ

шайнағандай, 

аузын 

қайта-қайта 



малжандатып,

тышқанның  боғындай  түйіртпек  насыбайдан  әлдебір  әл

алғандай  боп,  алдындағы  әйелге  одан  сайын  тесірейе

қарады.


Сендер, немене, соғыс бітті, енді Бүркітбайдың сѳзінің

бұты бір тиын деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, соғыс бітсе, соғы‐

стан  бүлінген  дүниені  қалпына  келтіру  бар.  Бұл  да  соғы‐

стан  кем  емес.  Ендеше  Бүркітбайдың  бұрынғы  бұйрығы  -

бұйрық, оның бұрынғыдай, ақ дегені - алғыс, қара дегені -

қарғыс! Біліп қойындар мұны. Ертеңнен бастап ѳзің шѳпке

жұмысқа барасың. Ал балаң тракторға шығады.

— 

Бала  тәуір  боп  қалды,  барсын,  -  деді  әйел  тамағы



кеберсігі,  үш-тѳрт  сѳзді  бѳліп-бѳліп  әрең  айтып.  -  Ал

маған екі-үш күн аял бер, Бѳке, қатты ауырып жүрмін.

Әйел  бойындағы  бар  қасіретті  жүзіне  жинап,  Бүркіт‐

байға жалына қарады.

—  «

Ауырып  жүрмін»,  -  деп  кекетті  Бүркітбай  оны.  -



Ауырсаң,  жұмыс  басында  ел,  білдің  бе,  үйде  жатпа.

Кеуденде  жаның  болса,  ертең  сені  шѳп  басынан  кѳретін

болайын,  білдің  бе?  Ал  ѳйтпесең,  онда  менен  жақсылық

күтпе, білдің бе?

Әйел  амалсыз  кѳнгендей  боп,  басын  изеді.  Содан  соң

үнсіз орнынан тұрып, есікке қарай беттеді.

— 

Әй,  қатын,  тоқта,  -  деді  Бүркітбай  әйелге  жеки



316


ақырып.  -  Неге  үндемей  барасың:  шығасың  ба  ѳзін

жұмысқа, жоқ па?

— 

Ѳмір  бойы  осы  колхоздың  жұмысымен  кѳзіміз



шығып келеді ғой, Бѳке. Ауырған соң, амалсыздан бір күн

қалып  едім.  Жарайды,  ѳлсем,  сол  шѳбіңнің  басында-ақ

ѳлейін,  -  деді  әйел.  -  Ауданға  барып,  дәрігерге  қаралып

келемін бе деп едім, жібермедің ғой. Қайтейін.

Бұл  әйелдің  кім  екенін  ол  токтап,  кейін  бұрылғанда

бір-ак  білдім.  Ері  мен  үлкен  ұлы  соғыста  ѳлген  Канша

апай  екен.  Со-ғыста  ѳлген  үлкен  үлы  менімен  түйдей

кұрдас  еді.  Қолындағы  кенжесі  біз  соғыска  кеткенде

кішкентай  бала  болатын.  Сол  есейіп,  әжетке  жарап,

қаршадайынан  жүмыс  істеп,  шешесіне  сүйеніш  болып

жүр деп естігенмін.

— 

Сәлеметсіз  бе,  Қанша  апай?  -  дедім  әйел  председа‐



тельге  акырғы  жауабын  беріп  болғаннан  кейін.  Канша

апай да мені енді таныды.

— 

Аманбысың,  айналайын,  Ербол  екенсін  ғой,  -  деп



жақын-дап  кеп,  бетімнен  сүйді.  -  Кашан  келдің?  Окуың

бітті ме, кал-кам?

— 

Кеше келдім, окып жүрмін әлі.



— 

Нарша  байғүс  куанып,  ақ  түйенін  карны  жарылып

жатыр  десеңші  онда.  Жарайды,  қалқам,  үйлеріңе  барып

жолығамын ғой, - деп Қанша апай қайтадан есікке қарай

беттеді.

— 

Әй,  қатын,  -  деді  Бүркітбай  әйелді  тағы  тоқтатып.



Қанша  апайдың  әкесі  азан  шақырып  қойған  аты

Бүркітбай  үшін  мүлде  ѳшкен  сияқты,  қайта-қайта

«

қатын»  деп  атайды.  -  Дәрігер  сенің  не  теңің,  жұмысқа



бара  бер.  Егер  балаң  ертен  тракторға  жанар-май  тасуға

шықпаса,  онда  ауданнан  мелитса  шақыртып,  айдатып

жіберемін ұлынды. Білдің бе?

Бүркітбайдың  бар  құқ  айына  тѳрт  жылдан  бері

317



шарасыз кѳніп келе жатқан жесір әйел бір ауыз қарсы сѳз

айтпастан, тағы да бас изеп, есіктен шығып кетті.

Бұрынғы  бригадирімнін  мынадай  боп  кеткеніне  мен

тан  кал-дым.  Алғашында  оның  сәлемімді  алмағанына

ренжіп  калып  едім.  Артынан  әлгі  сорлы  әйелдіңсонша

жәбірленгенін  кѳргенде  оған  зығырданым  кайнады.

Ѳзімді-ѳзім әрең ұстап, оған кайтадан сәлем бердім.

— 

Ау,  сен  қайдан  жүрсің?  -  деді  ол  сәлемімді  алған



болып. Мен жѳнімді айтып, тілшілік куәлігімді кѳрсеттім.

— 

Е,  тілші  деген  қалада  отырмайтын  ба  еді,  -  деді  ол



енді  мені  мысқылдап.  -  Жұрт  қалаға  жете  алмай  жүрсе,

сен  Алматыдан  облыс  келігі,  облыстан  ауылға  шапқылап

жүргенің  қызық  екен.  «Сары  иттің  басын  сары  табаққа

салса,  шоршып  түседі»  деген  осы-ау,  -  деп  ол  ѳзінен-ѳзі

рақаттанып,  кеңкілдеп  кеп  күлді.  «Сары  ит  -  сенсің,  -

дегім  келді  оған.  -  Шашың  да,  қасың  да,  шарықтабақтай

бетің  де  сары.  Сен  ѳңкиген  сары  аюсың!»  Бірақ  әдеп

сақтап,  жасы  үлкен  кісімен  тайталаспадым.  Жѳн  жауап

бердім.

— 

Қала  қайда  қашар  дейсіз,  -  дедім  де  койдым.



Бүркітбай тағы кеңкілдеді.

—  «


Ѳзі  жақсы  кісіге  -  бір  кісілік  орын  бар»  деген

кайда? Жалпақ жұрт сыйып жатқан қалаға сенің бір басы‐

ңның  сыймағаны  қиын  екен,  шырағым.  Жарайды,

жарайды, қалаға сыймасаң - дала кең. Ѳзің біл.

«

Бұл  қақпас  неге  менен  ауылды  қызғанып  тұр?»  деп



ойладым ішімнен. Оның себебін артынан білдім.

— 

Ал,  менде  не  шаруаң  бар,  тілші  болсаң?  -  деді



Бүркітбай 

арт 


жағынан 

оны 


біреу 

ауыздықпен

шаужайлап отырғандай, екі езуін кезек қайшылап.

— 

Бірінші  шаруам  сізге  сәлем  беру  еді.  Оны  әрең



орындадым. Берген сәлемді алмайтын боп кетіпсіз. Екінші

айтарым  -  колхозшы  әйелмен  жаңағыдай  сѳйлесуіңіз

дұрыс  емес.  Сіз  ол  кісіні  ѳзімнің  меншікті  күңім  деп

318



ойлайсыз  ба?  Жоқ,  олай  емес.  Ол  кісі  осы  колхоздың

қожаларының бірі.

— 

Оны кім айтты саған?



— 

Партия.


— 

Маған ақыл үйрететін кімсің сен ѳзің?

— 

Облыстық  партия  комитетінің  тілі  -  «Алатау



жұлдызы» газетінің қызметкерімін.

Бүркітбай  булығып,  үндей  алмай  қалды.  Мен

бұрылдым да, қоштаспастан шығып кеттім.

Ертеңінде  қалаға  қайтпақ  болып,  Тѳкешті  іздеп,

тѳменгі ауылға қарай беттеп, мектептің қасынан ѳтіп бара

жаттым.


— 

Аға-а-а!  -  деп  торғайдай  шырылдаған  бір  бала

дауысы шықты артымнан.

Жалт  карасам,  шашы  жалбыраған  бір  кішкентай  қыз

соңымнан жүгіріп келеді екен. Мен тоқтап, тосып алдым.

— 

Аға, сізді мұғалім тәтем, - деді кішкентай қыз ентігін



баса алмай, - Сәлима тәтем шақырады. Ѳзі класта отыр.

Осы кезде мектептен жамырай жүгіріп, басқа балалар

шықты.

Мен  Сәлиманың  осында  мұғалім  екенін  білетінмін.



Бірақ барып жолықпаған болатынмын. Ѳзі шақырған сон,

барайын  деп  мектепке  қарай  бұрылдым.  Колхоз  кеңсесі

мектептіңдәл  қасында  еді.  Оның  сығырайған  кішкене  екі

терезесі әлдекімді андығандай боп, мектеп жаққа жұтына,

жымия қарап, телміріп тұратын.

Бұрынғы  у-шуы  кеп,  орталау  мектеп  соғыс  кезінде

жабылып,  бастауыш  мектепке  айналған.  Оның  тұтас  бір

жақ  жартысын  колхоз  алып,  астық  қоймасы  етіп  жібер‐

генін  естіген  болатынмын.  Ѳзімнің  ең  алғаш  қанат  қағып

ұшқан  ұям  болғандықтан  ба,  әлде  ѳмірлік  жар  болар

деген үмітпен ең алғаш құшақтаған қызым Сәлима ішінде

отырғандықтан  ба,  әйтеуір,  мектептің  табалдырығын

аттай бере жүрегім қатты лүпілдеп кетті. Сәлима екеуміз

319



ең  алғаш  рет  сүйіскен  класта,  мұғалім  үстелінің  басында,

есікке қырыңдау отыр екен. Онын қарсысындағы ѳзім бала

күнімнен  таныс  парталар  бұрыш-бұрышы  күшіктің

құлағындай  делдиіп:  «Апырау,  мынау  Ербол  ма?»  деп,

жапырлай маған қарасқан сияқты болды.

Есіктің  ашылған  дыбысын  естіп,  Сәлима  жазып

отырған  журналының  бетін  жапты  да,  мойнын  бұрды.

Класқа  кірген  адамның  кім  екенін  білген  соң,  орнынан

ауыр  кѳтеріліп,  мен  үшін  ѳзгеше  бір  жат  қимылмен,

үйрекше,  екі  жағына  кезек  теңселе  басып,  бері  қарай

аяңдады. Ол ѳзіме жақындағанда іші едәуір білініп қалған

екі қабат екенін аңғардым. Бұрынғы әппақ беті тарғақтың

жұмыртқасындай  тарғылданып,  әр  жеріне  әжімге  әсте

ұқсамайтын  жалпақ,  қызғылт  сызықтар  тартылыпты.  Екі

қабат әйелдің бетіне «ноқта» түседі деген осы екен ғой дегі

ойладым. Сәлиманың бұрын да бір баласы бар деп ести‐

тінмін. Ішіндегі екіншісі болар деп жорамалдадым.

Сәлима  маған  қол  беріп  амандасты.  Мен  де  одан

артыққа бармадым. Тарғыл бет, шартиған іш, үйрек аяң -

бәрі  маған  біртүрлі  жатта,  жиіркеніштілеу  де  кѳрінеді.

Бірақ мұнымды сездірмеуге тырыстым.

Сәлима  алдымен  ѳзі  барып  сәлем  бере  алмай  жатқа‐

нына кешірім сұрады.

— 

Соғыс кезінде келгенінде де кѳре алмап едім, - деді.



— 

Оқасы жоқ, Сәлима, - дедім мен. - Оз халың қалай?

— 

Халдың  несін  сұрайсын?  -  деп  күрсінді  ол  үстел



жанындағы  ѳз  орнына  отырын  жатып.  Мен  шәкірт

сияқтанып, оның алдындағы бірінші партаға жайғастым. -

Қара  түнде  адасып,  қанғып,  елсіз  шѳл  далаға  шығандап

кеткен адамда не хал болушы еді?

Мен үндемедім. Сәлиманың жүрегіндегі ескі жараның

аузын  тырнағым  келмеді.  Бірақ  Сәлима  ѳз  жайын  мен

сұрамай-ақ баяндай бастады.

— 

Мен сені ешқашан да кінәламаймын, - деп бастады



320


ол  сѳзін.  -  Осалдың  омыртқасын  омырып,  беріктің  белін

бүгілдіріп  кеткен  соғысты  кінәлап,  жас  ѳмірімді  мәңгілік

ѳшпес ѳртке салып кеткен соған лағнег айтамын. Осалдық

жасап, 


омырылып 

қалғаныма 

ѳкінемін, 

ѳзімді


кінәлаймын.

— 

Осылай  деді  ме?  Тура  осылай  деді  ме,  ағай?  -  деп



Меңтай білегімнен ұстай алды.

— 

Иә, - деп мен басымды изедім.



— 

Түу, ағай, қандай жақсы болған. Мен сіз Сәлимамен

кездесіп, ол тура осылай деп, ѳз қатесін сіздің алдыңызда

мойындаса  деп  ойлаушы  едім.  Кездескеніңіз,  Сәлиманың

осылай дегені қандай жақсы болған!

Меңтай арқасынан әлде бір ауыр жүк түскендей, ішіне

сыймай  жүрген  осы  бір  мойындау  сѳзін  Сәлима  емес,

бейне  бір  езі  айтқандай  боп,  масайрап,  рақаттанып

қалды.

— 

Сәлима бұдан басқа да бірсыпыра сѳздер айтты.



— 

Енді  ретімен  айта  беріңіз,  ағай.  Маған  ең  керегі

жаңағы  мойындауы  еді,  -  деп  Меңтай  қайтадан  сабырлы

қалпына келді.

— 

Ѳзімді  кінәлайтыным,  -  деді  Сәлима  ауыр  бір



күрсініп алып, - мен анау Танадай тұрақты бола алмадым.

Сым  қоршаудың  ішінде  болса  да  ол  қазір  сүйгенінің

қасында жүр. Шын ғашыққа одан артық мұрат бар ма?

— 

Тананың қайда екенін біледі екен ғой, - деді Майра.



— 

Біледі екен...

— 

Ойлап  қарасам,  менің  саған  жазған  соңғы  хатым



аққудың ақырғы әніндей бопты, Ербол, - деп Сәлима тағы

бір күрсініп алды.

— 

Ол хат әлі күнге дейін сақтаулы, - дедім мен.



Сәлима басын изеді.

— 

Онда мен шешен де, шебер де екенмін. Ақын болсам



деген  талап  бар  еді  ғой  онда  кеудеде.  Соның  бәрі  мына

сары  шалдың,  саңырау  дүлейдің,  -  Сәлима  мектеп

321



сыртындағы  колхоз  кеңсесі  жақты  нұсқады,  -  алқасында

қалды.  Тұяғы  қанданып,  тұмсығы  майланып,  қорбандап,

жас  жемтіктің  кеудесін  кеулеп  жатқан  кәрі  қасқырдай

күйге жеткен соң ақын емес, ақымақ қылды ғой ол мені.

— 

Сен  әлі  де  акынсың,  Сәлима,  -  дедім  мен.  -  Мына



сѳздеріңнің ѳзі тегіліп тұрған теңеу ғой.

— 

Акындық қайда енді бізге, - деп күрсінді ол. - Бала-



шағамен  қалдық  қой  біз.  Ал  сен  нағыз  журналист  боп

кетіпсің,  Ербол.  Жазгандарыңның  бәрін  газеттерден

үзбестен оқып жатамын.

— 

Нағыз  журналист  болуға  әлі  ерте  ғой,  -  дедім  мен



басымды шайқап. Сәлима да басын шайқады.

— 

Жоқ, жок, рас айтамын.



Осьгдан  соң  ол  сәл  ойланып,  үнсіз  қалды  да,  алғашқы

баста-ған әңгімесін қайтадан жалғады.

— 

Тағы  да  айтамын,  Ербол,  мен  сені  ешқашан  да



кінәламаймын.  Тұл  -  жетім,  жар  -  жесір  болып,  әр

кеудеде  жүрек  орнына  жүдырықтай  мұз  жатқан,  әр

адамның  кезінен  аққан  қанды  жасы  екі  бетті  кислотадай

күйдірген  сұрапыл  соғыс  жылдарының  азабын,  зардабын

кім ұмытады дейсің. Бұл да сол мындаған жанның жүре‐

гінде  қалған  тарқамас  шердің  бірі  ғана  ғой.  Оның  үстіне

ѳмір  бойы  ѳзімді  кінәлап  ѳтермін  дедім  емес  пе  жаңа.

Егер үнім жетсе, мен бар қызға, қыз боп туар болашақ бар

ұрпаққа  былай  деп  жар  салар  едім:  «Қыздар,  бай  деп,

бақты деп ешқашан да шалға шықпандар. Жаның сүйген

тең  құрбы,  до-сыңа  балғын  бал  кѳңілмен  берген  уәденді

ѳлсең  де  бұзба!»  дер  едім.  Бірақ  менің  үнімді  кім  естиді,

кімге  айтамын?  Сѳзінде  тұра  алмай  сорлаған,  шатасып,

шалға  шыққан  Сәлиманың  ендігі  сѳзі  кімге  керек,

кімге дәрі...

— 

Түу,  байғұстың  жағдайы  қиын  екен  ғой,  аяп  кеттім



ғой,  -  деді  Майра.  Меңтайдың  да  мѳлтілдеп  кѳзіне  жас

келген сияқтанды. Мен әңгімемді ары қарай жалғадым.

322



— 

Осы  арада  Сәлима  ексіп  жылап  қоя  берді.  Оның

жылағанын  кѳріп  отырып,  ѳзім  де  қиналдым.  Бірақ,

қиналғанмен  менің  қолымнан  келер  не  бар?  Сәлима

ексігін  тоқтата  алмай,  қайта-қайта  жылай  берді.  Оның

ендігі  сезі  екі  ѳксік  арасында  айтылып  қалған  үзік-үзік

ойлар  түрінде  жалғасты.  Ол  маған  шал  күйеуінің  соғы‐

стан  соңғы  бір  жыл  ішінде  ѳзіне  істеген  зәбірін  жеткізді.

Бұл ауылда Бүркітбай етегін ашпаған жас әйел, әңі бүтін

орта жастағы қатын кемде-кем кѳрінеді деді.

— 

Бұл  қорлыққа  кѳнгенше  ѳлгеннің  ѳзін  хош  кѳрген



сәттерім де болды, Ербол, - деді ол тағы бір ексіп алып. -

Алайда мезгілсіз жан шықпайды екен кеудеден. Әлі күнге

дейін  ѳлмей,  тірі  келемін.  Бірақ  тек  тірі  жан  дегенің

болмаса,  мендегі  ендігі  тіршілік  шамалы  боп  қалды  бұл

күнде.  Әйтеуір  бала-шаға  болған  соң  бой  үйреніп,

кендігіп  кетіп  бара  жатырмын,  тенізге  лақтырылған  бір

кесек  тастың  су  түбіне  қарай  сыбдырсыз  домала-ғанына

ұқсап.


Сәлима кѳзінің жасын сүртіп, сѳзін жинақтай бастады.

— 

Сені  терезеден  кѳрген  соң,  шыдамай  шақырттым,



Ербол.  Келгеніне  рақмет,  саған  шағып,  ішімдегі  шемен

шерім біраз босап қалғандай болды...

Осы  кезде  сарт  етіп,  класс  бѳлмесінің  есігі  ашылды.

Екеуміз  де  жалт  қарадық.  Түсі  оңа  бастаған  кѳк  кѳздері

құтырған иттің кѳзіндей қанталап, оқ тиіп долырған сары

аюдай қорбаңдап, Бүркітбай кіріп келе жатыр.

— 

Ә, екі ғашық, қол ұстасып, отырсыңдар ма сыбырла‐



сып, - деді ол тістене, тақпақтай сѳйлеп. Содан соң Сәли‐

маның  қасына  келді  де,  үнемі  тершіп,  быршып  жүретін

жалпақ  алақанымен  жағынан  сылп  еткізіп  тартып  кеп

жіберді.


— 

Әкеңнің  аузын...  Сен  менің  қатыным  екеніңді

ұмытып қалған боларсың тегі...

Аюдың  табанындай  ауыр  алақанымен  Сәлиманы

323



беттен  салып  қалғанда  «Ойпырай,  ѳлтіреді-ау  мына

бейшараны» деп жаным шығып, орнымнан атып тұрдым.

— 

Неге ұрасың, не жазығым бар? - деді Сәлима жылап



жіберіп.

— 

О,  шешеңді...  Міне  жазығың!  -  деп  ол,  әйелінің



екінші бетінен және тартып жіберді. - Кет үйге қазір.

Менің  кѳз  алдым  тұманданып,  ѳзімді-ѳзім  әрең  ұстап

қалдым.  Оның  үстіне  жаумен  соғысқа  болмаса,  мен  ѳзі

бала  күнімнен  ауылдың  жаяу  тѳбелесіне  жоқ  жанмын.

Қазір  қызбаланып,  жағасынан  алсам,  мына  аю  сары

шалдың  осы  минутта  шапқылап  ауданға  барып:  «Мені

тілші сабады», - деп ѳзін-ѳзі ѳтірік жаралап, жалған жала

жауып,  соттатып  жіберуі  хақ.  Сондықтан  не  де  болса

шыдап, ернімді тістеп, үндемей бақтым.

Екі бетін басып, еңкілдеп жылап, Сәлима есікке қарай

ұмтылды. Егер Сәлима екіқабат болмаса, мына дүлей оны

жығып  салып,  насыбай  толы  қалың  ернін  тістеніп  алып,

ішке тепкілейтіндей еді.

— 

Мұныңыз дұрыс емес қой, ақсақал, - дедім мен бұл



сәтте бар қолымнан келгені осы болып.

— 

Мен сенен ақыл сұрамаймын, - деді ол былш еткізіп



партаға  түкіріп.  Содан  соң  есікке  қарай  аяңдады  да,

тоқтай  қалып  және  тістене  сѳйледі.  -  Үлкен  үйдің

итаяғынан  жұғын  дәметкен  бұралқы  күшікше  ілмимей,

жайыңа кетсең ѳзің!

Маңдайымнан  қара  тер  бұрқ  ете  түсті.  «Мұның  кеше

қаладан  Далаға  неге  келдің  деп  домбытпалап  отырғаны

осы  екен  ғой.  Менің  әйелімді  торып  келдің  дегені  екен

ғой»  деп  ойладым.  Сары  аюдың  нақақ  жаласына  жаным

күйді.

Бүркітбай  бар  ашуымен  есікті  тарс  еткізе  жауып,



шығып  кетті.  Ол  Сәлима  екеуміз  бала  күнімізде  оңаша‐

ланып  келіп,  бірінші  рет  сүйіскен  класс  бѳлмесін,

324



мектептің баска жағын қойма, атқора етіп алғаны сияқты,

абақты етіп, соған мені тас қып қамап кеткендей болды.

Осылай  деп  мен  үнсіз  отырып  қалдым.  Қос  қыз  да

бастарын шайқап, ауыр мұңға батқандай болды. Енді мен

әңгіменің аяғын тиянақтадым.

— 

Сол жолы Бүркітбай Тұтқышевқа қатты ыза болып



кеткен  едім.  Оның  жалғыз  Сәлимаға  ғана  емес,  Қанша

апайға  кѳрсеткен  жәбірі  де  жадымда  жүрген.  Қанша  ыза

болсам да Бүркітбайды маған бірден жыға қою оңай емес

кой. Ѳйткені мен жас журналиспін ғой әлі. Ал Бүркітбай

болса жас аңшыға кездескен кәрі қабан іспеттес. Алыстан

және  жанды  жерінен  дәл  кѳздеп  атпаса,  жаралы  қабан

аңғал жас аңшының ѳзін де жайратып кетпей ме? Осыны

ойладым  да,  мен  Бүркітбайдың  Сәлимаға  байланысты

арсыздықтарын  былай  қойып,  оның  колхозшылармен

дѳкірлігін  сынап,  Қанша  апайға  -  кѳрсеткен  зәбірін

баяндап  газетке  «Әй,  қатын...»  деген  фельетон  жаздым.

Ѳйткені Сәлима туралысын айтсам: «Бұл менің әйелімнің

бұрынғы  жігіті  болатын.  Сондықтан  ѳштікпен  жазып

отыр» деп бассалар да, басқалар соған иланып қалар деп

ойладым.  Соным  дұрыс  бопты.  Кейіннен  Аудандық

партия комитетінде жаңағы мен жазған фельетон талқы‐

ланғанда  ол  шынында  да  солай  деп  шатыпты.  Кейбіре‐

улердің  Бүркітбайды  қолдағанына  қарамастан,  бюро

колхозшылармен  дѳкірлігі  және  колхоз  шаруасын

ақсатқаны  үшін  оған  сѳгіс  жариялапты.  Егер  мұндай

қылықтары 

қайталанса, 

орнынан 

алынатындығын

ескертіпті.

Осы  кезде  баска  бір  үйден  шығып,  сары  кідір  тартқан

ақсары әйел қасымызға келді.

— 

Апа,  бері  жақында,  мына  Ербол  деген  балаңмен



таныс.  Біздің  бірге  оқитын  жолдасымыз,  -  деді  Майра

әйелге.


325


Мен орнымнан ұшып тұрып, басымды иіп, үлкен кісіге

сәлем бердім.

— 

Сәлеметсіз ба, апа?



— 

Аман-есенбісің,  шырағым.  Күйлі-қуатты  жүрмісің,

жаным.  -  Содан  соң  әйел  қызына  қарады.  -  Майра,

қалқам-ау,  тал  түс  болды.  Қонақтарыңа  шай  қайнатып

бермейсіңдер ме? - деді.

— 

Қазір, қазір, апа, әңгімелесіп отырып қалдық, - деді



Майра  ақталып.  Меңтай  екеуі  тез  орындарынан  тұрып,

беседка сыртындағы қазандыққа қарай ұмтылды. Ақкоф‐

талы,  қызыл  юбкалы  Меңтайдың  сыртынан  мен  сұқтана

қарап отырып қалдым.

Қос  қыз  бен  қарт  ана  үшеулеп,  лезде  шай  жасап

әкелді.


— 

Қарағым, әкең бар ма? - деді қарт ана маған Майра

арқылы шай ұсынып жатып.

— 

Жоқ, апа, соғыста ѳлді.



— 

Е,  бақыр-ай,  -  деді  ана  ернін  сылп  еткізіп.  -  Біздің

Майраның да әкесі соғыстан қайтпады.

— 

Білемін, апа. Майра айтқан болатын.



— 

Шешен бар шығар?

Мен басымды шайқадым.

— 

Е, бақыр-ай, - деп Майраның шешесі тағы да ернін



сылп  еткізді.  Содан  соң,  менің  әке-шешемнің  жоқтығы

ана  жүрегінің  әлдебір  қылын  қозғады  ма,  білмеймін,  ол

бұрынғысынан  да  мейірленіп,  дастарқан  үстіндегі  май

мен бауырсақты ѳз қолымен молырақ етіп, менің алдыма

қарай ысырды.

— 

Жеп-іш, қарағым. Тойып ал.



— 

Иә,  менің  апам  жақсы  кісі,  -  деп  Майра  еркелеп,

шешесіне басын сүйеді.

— 

Кімнің  шешесі  жаман  дейсің?  Баласының  қасында



басы  қарайып  отырған  шешенің  жаманы  бола  ма,

қарағым, - деді қарт ана шайын ұрттай отырып.

326



— 

Ж

Шайдан  кейін  Майра,  Меңтай,  мен  үшеуміздің  әңгі‐



меміз қайтадан жалғасты.

ас  баланың  ѳз  туған  әке-шешесінің  нендей

адамдар  екенін,  олардың  мінез-құлқы,

қадыр-қасиеті қандай екенін білмейтіні сияқты, жас күні‐

мізде  бәрімізде  туған  халқымыздың  бойындағы  барлық

қасиеттерді  тегіс  біле  бермейді  екенбіз.  Әсіресе,  оның

кемшілік  жақтарын  кѳрмейді  екенбіз,  қыздар.  «Халық  -

ана», «Халық - каһарман», «Халық - данышпан» деп жүре

береміз. Онымыздың бәрі де рас. Бірақ жаксы адамның да

басында кемшілігі болатыны сияқты, сол қаһарман, даны‐

шпан  халықтың  да  бойында  бір  кінәрат  болады  екен.

«

Жеке  адамдардың  кемшілігіне  халық  кінәлі  ме?»  деп,



екеуіңнің  маған  қарсы  дау  айтуларыңа  да  болар.  Бірақ

халық  жеке  адамдардан  тұратын  болғандықтан,  мен

олардың  кемшілігін  халықтың  бойындағы  мін  деп  отыр‐

мын.  Сонда  мен  әйгілі  академик  Қаныш  Сәтбаевтай,

дүниенің  тѳрт  бұрышына  кең  танылған  үлкен  жазушы,

ғұлама  ғалым  Мұхтар  Әуезовтей,  дүлділ  композиторлар

Мұқан  Тѳлебаев  пен  Ахмет  Жұбановтай,  бұлбұл  әнші

Күләш  Байсейітовадай  есімдері  мәңгі  жасайтын  ұл,

қыздары  бар,  дарынды,  данышпан  қазіргі  қазақ  қауы‐

мының басындағы мін арызқорлық деп түйдім.

Бұған  ѳзім  алты  жарым  айдай,  яғни  190  күн  тілші

болып,  ел  аралағанда  еркін  кѳзім  жеткендей  болды.

Ѳйткені  мен  сол  190  күннің  тең  жарымынан  артығын

арыз тексерумен ѳткіздім.

Бір  жолы  редактор  шақырып  алып,  алыс  ауданнан

түскен арызды қолыма ұстатты.

— 

Ербол  шырағым,  осы  хатты  жақсылап  тексеріп



келші,  -  деді  редактор.  -  Олай  дейтінім,  мұны  жазып

327



отырған  мұғалім  адам.  Бұл  кісіден  бізге  бұдан  бұрын  да

бірнеше  арыз  келген.  Қараңғы  колхозшы  емес,  оқыған

ауыл интеллигенті боп есептелетін бұндай адам неге арыз

жаза береді екен, соның себебін білші.

Хатты  алып,  редакцияның  бір  бос  бѳлмесіне  барып,

оқи  бастадым.  Қарасам,  дәптердің  тѳрт  бетіне  жазған

хаттың іші бықып тұрған қате. «Сауатын арызбен ашатын

ағайындарым-ай»  деп  ішімнен  тынып,  хаттың  аяғына

қарасам,  «Тілеуғали  Рүстемғалиев»  деп  қол  қойыпты.

Аты-жѳні  маған  таныс  адам  сияқты  боп  кѳрінді.  Соғыста

дәл  осындай  бір  қаруласым  болған  еді,  сол  емес  пе  екен

деп  ойладым.  Іздеп  келсем,  соның  нақ  ѳзі  боп  шықты.

Мен  ѳның  арызына  байланысты  кѳп  адамдармен  әңғіме‐

лестім.  Аудандык  партия  кѳмитетінің  секретарымен  де,

ауатком  председателімен  де,  прокурормен  де,  аудандык

оқу  бѳлімінін  менгерушісімен  де  сѳйлестім.  Бүлардан

басқа  адамдардың,  Тілеуғалимен  бірге  қызмет  істейтін

мұғалімдердің  ол  туралы  пікірлерін  тындадым.  Олар  бір

ауыздан  менің  ескі  досымның  оңбағандығын  дәлелдеді.

Солай екеніне ѳзімнің де кезім жетті. Осы кісі бір езі ғана

екі  жылдың  ішінде  жѳғары  орындарға  әркімнің  үстінен

отыз екі арыз жазыпты. Соның бірде-бірі раска шықпаған.

Отыз  үшінші  арызды  қолыма  ұстай  отырып,  мен  ескі

досымның  езімен  әңгімелестім.  Ол  бәрін  де  мойындады,

«

рас-талмағаны рас» деді.



— 

Ендеше расталмайтын арызды неге жазасыз, Тілеке?

дедім мен. Соғыстың талай сұрапыл кезеңдерін басымы‐



здан бірге ѳткерген ескі дос болғанымызбен, ол менен 5-6

жас  үлкен  еді.  Сондықтан  мен  оның  жасының  үлкендігін

құрметтеп, осылай - «Тілеке» деп атадым.

— 

Біреудің  үстінен  бірдеңе  жазбасам,  отыра  алмай‐



мын,  -  деп  ескі  досым  шынын  айтты.  -  Біреуді  жаманда‐

масам, ішкенім ас болмайды. Тегі қанымда сондай бірдеңе

бар ғой деймін,- деді ол. Оның қанында не бар, не жоғын

328



тексергемін жоқ, білмеймін. Ѳйткені мен дәрігер емеспін.

Бірақ журналист те дәрігер сияқты, ол да ѳзінің тексерген

ісіне  диагноз  қояды,  операция  жасайды  -  кемшіліктен

кұтылудың  жѳнін  кѳрсетеді.  Дәрігер  операцияны

адамның  тәніне,  журналист  жанына  жасайды.  Теріс

диагнозбен  жанға  жасалған  операция  адамды  ѳмір  бойы

мүгедек  етеді,  сѳйтіп  оны  баспасѳзге  деген  сенімнен

айырады,  оған  ѳштестіреді.  Бұл  жалпақ  жұртқа  жария

болады.  Ал  тәнге  жасалған  операция  теріс  болса,  адам

ѳледі,  ештеңені  білмейді,  ешкімге  айта  алмайды.  Ѳлген

адам тіріге қорқынышты емес. Екеуінің тағы бір айырма‐

шылығы  -  дәрігер  адамның  бойынан  ауру  тапқанда  оған

жаны  ашығанын  айқын  аңғартпайды,  ішінде  сақтайды;

журналистің әр адамның бойынан кемшілік кѳрген сайын

жаны  ауырады,  «бұл  сорлы  мұндай  кесірге  қайдан  тап

болды  екен?»  деп,  ѳз-ѳзінен  қиналады.  Мен  де  қинала

отырып,  командировкадан  қайтқаннан  кейін,  «Алатау

жұлдызына» «Ескі досқа хат» деген үлкен мақала жаздым.

Мен сендерге соның ен соңын ғана оқып берейін, қыздар.

Мен  арт  жағымда,  ақ  жастықтың  қасында  жатқан  қоңыр

папкаға  қол  создым.  Онда  менің  «Алатау  жұлдызында»

жариялан ған барлық мақалаларымның қиындылары бар

еді.  Жомартбекке  кѳрсетіп  мақтанайын  деп  облыстан

Алматыға  әдейі  ала  келген  едім.  Жомартбек  жок  болған‐

дықтан келгеннен бері беті ашылмай жатқан бұл папканы

мүмкін  Меңтай  мен  Майраға  кѳрсетермін  деп,  бағана

осылай қарай шығарда қолтығыма қыса салғамын. Майра

лып  етіп,  маған  қол  жалғап  жіберді.  Мен  аталған  мақа‐

ланың ең соңғы бағанасын оқи бастадым.

«... 


Досым, сен маған алғашында дипломыңның барлы‐

ғын,  сауатты  екеніңді  айттың.  Сол  кезде  алдымда  жатқан

сенің арызыңның соңғы бетіне кѳзім түсті менің. Онда сен

былай деп жазған екенсің.

«

Редаксиядан (!?) сұрайтыным (?) менің осы хатмның (?)



329


қата  (?)  Жер  (?)  болса  түзетіп  (?)  Жазып  (?)  қостың  (?)

қосып, ѳңдеп (?) кәзит бетіне жазуды (?) сұраймын (?). Т а қ

ы р ы б ы: «Ескіліктің Жат (?) әдеттеріне (?) Жол (?) беруші

бастықтар»  деп  (?)  басқа  теме  (?)  алуыңа  (?)  болады  (?).

Тезірек тексеруіңді (?) сұраймын (?).

«

Хат  Жазушы  (?)  мұғалим  (??)  Тілеуғали  (?)  Рүсте‐



мғалиев(???)»

Сѳзіңді  тыңдап,  жазуыңды  оқи  отырып,  сен  үшін  мен

қызардым,  досым.  Қырық  шақты  сѳзден  үлкенді-кішілі

жиырмадай  қате  жіберіпсің.  Жазуыңнан  кѳрінген  сауат‐

сыздық сол жердегі сѳзіңнен танылып тұрды сенің.

Мені қудалап жүр. Сондықтан мектеп директорының



жазалануын талап етемін, - дедің сен сѳзіңнің соңында.

Сабақтың  сапасын  білу  үшін  комиссия  құруын

қудалау  деп  есептесең,  онда  директордікі  дұрыс,  Тіле‐

уғали. 


Ѳйткені, 

директор 

мектептегі 

оқу-тәрбие

жұмысына  жауап  береді.  Ол  бар  оқушының  барша

пәннен  сауатты  болып  шығуын  кѳздейді.  Ал,  сен,  шала

сауаттысың, сенен оқып, ештеңе білмей шыққан баланың

обалы кімге ертең? Сен осыны ойладың ба ѳзің? Ойласаң,

олай демеген болар едің, әрине.

Мен ауданнан қайтқанда сен туралы дәнеңе жазбай-ақ

қоярмын  деп  едім.  Бірақ  оным  саған  болысқандық

болмайды екен, ескі дос. Сен тек ѳзімдікі жѳн деп, ѳзгенің

сѳзін  ѳрге  бастырмайды  екенсің.  Қит  етсе,  иректеп  арыз

жазуға құмар кѳрінесің. Бұл оқиға сенің ѳміріңдегі бір рет

еткен  ағаттық  болса,  мен  оны  елемеген  де  болар  едім.

Бірақ  бұл  сенің  сүйегіңе  сіңіп  бара  жатқан  дерт  кѳрінеді.

Сондықтан  мен  жүрегім  сыздай  отырып,  осы  хатты

жолдауға мәжбүр болдым саған.

«

Жалақор»  деген  жаман  ат,  Тілеуғали.  Арызшылдық



абырой әпермейді. Ескінің бұл жиіркенішті қалдығы жаңа

ѳмірге  жараспайды,  коммунистік  жаңа  заман  адамына

330



лайық емес. Әсіресе, осы ѳмірді қорғау жолында қасықтай

қанын, шыбындай жанын аямай, жаумен күрескен Отанның

ер  солдаты  -  сенің  бойыңа  сыйымсыз  іс.  Ойлан  осыны.

Коллективіңмен тату бол, жолдастарыңды сыйла; орынсыз

арыз  айтып,  ѳтірік  жала  жауып,  олардың  тынышын  алма,

шырқын бұзба. Сонда олар да сені құрметтейді. Жалқаулы‐

қтан  арыл,  ерінбей  ізденіп,  сауатыңды  аш.  Сонда  сені

шәкірттерің  қадірлейтін  болады.  Сен  екеумізді  майданда

бір  күні,  бір  жиналыста  партияға  алды.  Соғыста  ел  үшін

еткен  ерлігіміз  үшін  ұлы  партияның  мүшесі  болдық.

Ендеше екеуміз әрқашан ѳзгелерге ѳнеге кѳрсетуге, майдан‐

дағыдай тек қана алға ұмтылуға тиіспіз, жауынгер дос.

Мен  сенің  редакцияға  келген  хатыңды  алғаш  оқып,

соңындағы атың мен фамилияңды кѳргенде қуанышымда

шек  болмады.  Бірден  сені  кѳз  алдыма  келтіруге  тыры‐

стым.  Тезірек  ѳзіңмен  кездесуге  құмарттым.  Бірақ

жайыңды  кѳріп,  жабырқап  қайттым.  Мен  сені  мұндай

болады  деп  ойламаған  едім.  Сәлеммен  сенің  майдандас

ескі досың Ербол Есенов».

Бұл - бір, - дедім газет қиындысын қайтадан папкаға



салып  жатып.  -  Бұдан  басқа  да  бірнеше  мысал  айтайын

мен  сендерге.  Мінеки,  осы  екеуің  сияқты,  бір  кабинетте

қатар  отырған,  бірімен-бірі  ойнап-күліп  жүрген  адам‐

дардың  бірінің  үстінен  бірі  арыз  жазғанын  естідіңдер  ме,

сендер?  Жоқ,  естіген  жоқсыңдар.  Ал  мен  кѳрдім  ондай

адамдарды.

Редакцияға бір колхоздың председателі мен орынбаса‐

рының  бірін-бірі  жамандап  жазған  хаты  келеді.  Екі  хатта

да: «Ол ішіп қойды, жеп қойды. Мемлекет мүлкін талан-

тараж етті» деген ауыр-ауыр айыптар бар. «Жазған құлда

жазық  жоқ»  дегендей,  екі  етекті  белге  түріп  алып,  мен

жѳнелдім ол хатты тексеруге.

Аудан 

басшыларымен 



ақылдасып, 

адамдармен

331



сѳйлесіп,  тексеріп  қарасам,  колхозда  шашау  шыққан

ештеңе жоқ. Бар мүлік орнында, бар дүние қалпында.

— 

Ау, ақсақалдар-ау, бұларың не? - деймін мен күліп,



председатель  мен  орынбасарға  кезек  кѳз  тастап.  Екеуі  де

тѳмен қарап, күмілжиді.

— 

Мынау бір тойда жұрттың бәрін мақтап сѳз сѳйлеп,



менің  атымды  әдейі  аузына  алмай  кетті.  Мен  соған  ыза

болып едім, - дейді председатель.

— 

Бұл  кісі  ылғи  ойын-тойда  ѳзі  тѳрге  отырып  алады.



Басты  да  ѳзі  ұстайды,  басқаны  да  ѳзі  таратады.  Маған

үлкен  едің  деп  үстел  басын  бір  билетпейді.  Мен  соған

ерегісіп  едім,  -  дейді  орынбасар.  Сѳйтсем  орынбасар

председательден 2-3 жас үлкен екен.

Мінеки,  ол  екеуінің  арыздасқандағы  әңгімелерінің

түрі осы.

— 

Екеуіңіз де үлкен адамсыздар, менің әкемдей кісісіз‐



дер,  -  деймін  мен  оларға  қынжылып.  -  Екеуіңізге  менің

ѳнеге  айтуым  келіспейді  де.  Бірақ  осыларыңыз  ел-жұрт,

естір құлақтан ұят емес пе?!

— 

Қояйық, кояйық.



— 

Жаздық,  жаңылдық,  -  дейді  олар,  мен  бейне  бір  ол

екеуін атып кететіндей апалақтап.

— 

Шаршадыңдар ма, қыздар?



— 

Жок,  жоқ,  айта  беріңіз,  ағай,  -  дейді  Майра  мен

Меңтай қосыла үн қатып, тағы да тыңдауға ынталанып.

— 

Енді  тоқсандағы  ѳлмелі  шал  жазған  тағы  бір



арыздың  қызық  хикаясын  айтайын  да,  бұл  әнгімені  доға‐

райын біржола.

— 

Иә,  қызық  емес,  қасірет  қой  бұл,  -  дейді  Майра.



Майраны мақұлдап, бас изеймін де, қызып алған мен тағы

да сѳйлей жѳнелемін.

— 

Іргелес  қатар  отырған  екі  ауылдың  бірінің  тоқсан‐



дағы  шалы  екінші  ауылдың  алпыстағы  шалының  үстінен

арыз жазыпты, былай деп кѳрсетіпті:

332



«... 

Үшбу,  жоғарыда  аталған  Әлімбай  шал  аруағы‐

мызды  қорлап,  атамыздың  бейітіне  қол  тигізді.  Соны

тексеріп,  атамыздың  аруағын  қорлаған  кісіні  жазалауды

сұраймыз... »

— 

Иә,  түуһ,  -  деді  Майра  қабағын  шытып.  -  Ол



соншама  Қозы  Кѳрпеш  пен  Баян  сұлудың  бейіті  ме  екен

қол тигізбейтін?

— 

Тексере  келгенімде,  -  дедім  мен,  -  мәселе  мынадай



боп  шықты.  Арыз  жазған  тоқсандағы  шалдың  арғы

атапары  білікті  кісі  болса  керек.  Ауылдарының  шетінде

соған  орнатылған,  бір  жақ  бүйірі  құлаған  ескі  зират

тұрады  екен.  Кѳрші  отырған  екінші  ауылдың  қарты

Әлімбай  деген  кісі  бір  күні  сол  зираттың  құлаған  жерін

қайтадан  қалап,  бұрынғыдай  етіп,  жақсартып,  түзеп

қояды. Тоқсандағы шал осыған ашуланады.

— 

Әлімбайды неге кінәлайсыз? - деймін мен оған.



— 

Атамыздың бейітіне қол тигізді.

— 

Атаңыз қадірсіз кісі ме еді?



— 

Жок, қадірлі болатын.

— 

Онда Әлімбайдың атаңыздың құлап жатқан бейітін



түзеткені дұрыс емес пе?

— 

Жоқ, теріс.



— 

Неге?


— 

Ѳйткені ол - біздің атамыз.

— 

Онда зиратты ѳзіңіз түзетейін деп жүр ме едіңіз?



— 

Жоқ,  менің  оған  халім  жоқ,  Әлімбайдай  жас

емеспін.

— 

Жас  болмасаңыз,  зираттың  түзетілгеніне  қуан‐



байсыз ба қайта?

— 

Жоқ, куанбаймын.



— 

Неге?


— 

Ол  -  біздің  атамыздың  зираты.  Оны  түзетсек,  біз

түзетуіміз  керек.  Түзете  алмасақ,  бѳтен  ешкімнің  қолы

тиюге тиіс емес!..

333



Міне,  мұны  алжыған  шалдың  сандырағы  ғана  деп,

ешбір  мән  бермеуге  де  болар  еді.  Бірақ  дәл  осы  штрихта

жоғарыда  айтқан  кінәраттың  ескі  психологиялық

элементтері  жатыр.  Ол  кінәрат,  ол  дерт  -  арызқорлық,

ауылға  бѳлінушілік.  Мен  халқымыз  осы  жаман  дерттен

арылса  екен  деп  арман  етемін.  Ең  жоқ  дегенде  болашақ

ұрпаққа осы дерт жұқпаса екен деймін. Құр арманмен іс

бітпейді.  Арманды  жүзеге  асыру  үшін  аянбай  күресу

керек.  Жан-жақты  күрес  қажет.  Мен  журналист,  сендер

мұғалім  болып,  бәріміз  бір  үнмен  осы  тілектің  ұранын

жас ұрпақтың құлағына құюға тиістіміз! Мен осылай деп

ойлаймын, қыздар.

— 

И-иә,  ағай-ай,  жақсы  айттыңыз-ау,  -  деді  Майра



менің  сѳзіме  сүйсінгендей  болып.  Меңтай  да  Майра

екеумізді құптағандай бас изеді де:

— 

Жалақорларға  жаза  қолданылса,  қандай  жаксы



болар еді! - деді баяу үн қатып.

— 

Иә,  оның  рас,  арызқорларды  шен-лауазымына



қарамай  әшкерелеп,  халық  алдында  қарабет  етсе,

тоқталар еді бұл пәле.

Екі қыз маған қарады. Мен де басымды изедім оларға.

Содан  соң  үшеуміз  де,  әрқайсымыз  іштен  ойланғандай

боп,  біраз  үнсіз  отырдық.  Менің  есіме  профессор  Әуенов

түсті.


— 

Мұхит ағай қалай, қыздар? - деп сұрадым келгелі ол

кісіні кѳрмегенімді айтып.

— 

Жақсы, - деді Майра. - Сізді лекцияға келген сайын



сұрап  қояды.  «Ерболдан  хабар  бар  ма,  Жомартбек?»

дейді. «Ол облыстық газетте тілші боп, ел кезіп жүр» деп

жауап  береді  Жомартбек.  Оған  Мұхит  аға  риза  боп

қалады. «Бәле, жас жігіттің ѳмір кѳргені жаксы. Ол - соғы‐

стың  сұрапылын  белуардан  кешіп  келген  азамат.  Енді  ел

ѳміріне  қансын.  Ербол  сияқты  жігіттерге  ѳмірдің  ѳзі

университет.  Кѳрерсіңдер,  Ербол  үлкен  журналист

334



— 

А

болады  әлі»  дейді  Мұхит  аға.  Біз,  Меңтай  екеуміз,  асыл



ағаның  сізді  мақтай  айтқан  бұл  сѳзіне  тѳбеміз  кѳкке

жеткендей  боп  қуанып  қаламыз.  Рас,  қой,  Меңтай?  -

Меңтай сабырмен бас изеді.

Рақмет, - деп мен де басымды изедім оларға.

Содан кейін мен оларға анада, осы екеуін іздеп театрға

барғанда,  Мұхит  ағай  маған  алдыңғы  қатардан  орын  ал

деп ақша бергенін, бірақ мен ол акшаға билет ала алмаға‐

нымды,  кейін,  облысқа  кеткенде  жол  қаражатына

жұмсағанымды айттым.

— 

Соны алмауым керек еді, алғаным ұят болды-ау деп



осы  күнге  дейін  ойлаймын.  Бірақ  үлкен  кісі  ѳзі  ұсынып

тұрғаннан кейін алмауды тағы ерсі кѳрдім.

— 

Иә,  оның  несі  бар?  Тәбәрік  қой,  қайта  жақсы



болады, - деді Майра.

— 

Ол күні Мұхит ағаның залда сізді қолтықтап, әңгіме



шертіп  жүргенін  біз  де  кѳргенбіз.  Мұхит  ағай  қандай

әңгіме  айтты  деп  сізден  сұрағалы  бұрышта  тосып  тұрған

едік.

— 

Иә,  иә  сонда.  Енді  сол  ақшаны  Мұхитағаға  калай



қайырып берсем деп жүрмін.

— 

Қойыңыз, ол кісі ренжір, - деді Майра.



— 

Неге? Егер мен студент боп қайтарып берсем, ол кісі

ренжір  еді.  Ал  қазір  мен  журналиспін,  жас  интелли‐

гентпін ғой.

— 

Жоқ, тәбәрік болады, оны қозғамаңыз, - деп Майра



үзілді-кесілді кесім айтты.

л  енді  не  қалды  айтылмаған  онда,  -  деп  қос

қызға  кезек  қарадым.  -  Бүгін  мен  сондай

мақтаншақ  боп  кеткен  сияқтымын.  Кѳңіліме  келгеннің

бәрін  кідірмей,  ақтарып  жатырмын.  Ол  сендерді  сағы‐

нғандығымнан болар, қыздар. Кешірім етіңдер.

335



— 

Жо-жоқ,  бәрі  де  жақсы,  ағай,  -  деді  Майра  бәйік

болып.  -Сіз  келгенге  жанымыз  жасап  қалды.  Иә,  айта

беріңіз, тағы да айтыңыз.

— 

Онда,  мынау  менің  «Алатау  жұлдызында»  осында



жүрерде  жарияланған  ең  соңғы  мақалам  еді,  -  дедім

папкамды  қайтадан  ашып,  оның  ішінен  тұтас  газет

номерін  суырып.  -  Махаббат  туралы.  Енді  соны  оқиық.

Тарихы  мынадай.  Бір  жігіттің  уәделескен  қызы  басқа

біреуге  тұрмысқа  шығып  кетеді.  Соған  назаланып  жігіт

редакцияға:  «Осы  ма  еді,  ей  қалқа,  берген  сертің»  деген

мақала  жолдады.  Мақала  газетке  басылып,  оған  кѳптеген

пікірлер келді. Сол хаттарды қорытындылау маған тапсы‐

рылған  еді.  Мен  бірнеше  күн  ойланып,  толғанып  жүріп,

осы мақаланы жаздым. Майра, сен оқисың ба, мен оқиын

ба? - дедім газеттің ішкі бетін ашып жатып.

— 

Әкеліңіз, ағай, мен оқиын. Сіз бағанадан бері әңгіме



айта-айта шаршаған боларсыз.

Мен  газетті  Майраға  бердім.  Ол  тамағын  бір  қырнап

алып, мақаланың басына кѳз жүгіртті.

—  «


Ербол  Есенов,  жас  журналист»,  -  деп  Майра

алдымен  мақала  тақырыбының  үстіңгі,  оң  жақ  шекесіне

бадырайта жазылған менің аты-жѳнімді айтып, сәл тыныс

жасады да, содан соң судыратып, тѳмендегі мақаланы оқи

жѳнелді.

Алтын діңгек

«

Алатау  жұлдызы»  газетінің  осы  жылғы  12  майдағы



санында  «Осы  ма  еді,  ей  қалқа,  берген  сертің?..  »  деген

тақырыпта мақала жарияланды. Бұдан кейін газет бетінде

бірнеше дүркін оқырман қауым сол мақалаға байланысты

ѳз пікірлерін ортаға салды.

Аталған мақалада да, оған байланысты кѳтерілген әңгі‐

меде  де  адам  жанының  ең  сұлу,  ең  асыл  сезімі,  жас

ғұмырдың  жалынды  әні  -  махаббат  мәселесі  сѳз  болды.

Махаббат деген не? Махаббаттың басты шарты қайсы? Тек

336



сұлулық  үшін  ғана  сүюге  бола  ма?  Алған  жарыңның

мүсіні  кѳкейдегі  мұратыңа  сай  келмесе,  не  істеу  қажет?

«

Бір кѳргеннен» ғашық болу деген рас па? Екі адам бірін-



бірі кѳрместен ғашық бола ала ма? Құмарлық пен ғашы‐

қтықтың  арасында  айырма  бар  ма?  Махаббаттың  жауы

не?  Тұрақсыздық  қайдан  туады?  Сезімді  тұрақты  етіп

қалай тәрбиелеу керек? - міне, осы жайлар едәуір талқыға

түсті. Кѳп оқырманның бірі ретінде менің де бұл әңгімеге

атсалысуыма тура келді.

Газеттегі  мақалаларды  оқып  шыққаннан  кейін  менің

ойыма сонау жайлауда жатқан бір қарт шопан айтқан сѳз

түсті.  Социалистік  Еңбек  Ері  Ілияш  Қызырбаевпен  әңгі‐

мелесіп  отырғанымызда,  бір  реті  кеп  қалған  тұста  мен

Ілекеңнен  «Махаббат  деген  не,  ѳзі?»  деп  сұрадым.  Қарт

шопан  қой  бағуға  байланысты  емес  бұл  сұраққа  да

ойланып жауап берді.

— 

Ол - әр үйдің алтын діңгегі ғой, шырақтарым, - деді.



— 

Сонда кемпір мен шал сіздерде де махаббат бар ма?

деді  менімен  бірге  келген  жас  зоотехник  Ілекеңе  бәйбі‐



шесі Ақнұрды нұсқай әзілдеп.

— 

Осы  сен  күннің  нешеу  екенін  білесің  бе?  -  Осылай



деп, Ілекең зоотехник жігітке қарсы сұрақ қойды.

— 

Білемін, аспанда жалғыз ғана күн бар.



Жоқ,  -  деді  шопан  бурыл  басын  шайқап,  -  күн  екеу,

оның  бірі  кѳкте  болса,  бірі  жүректе.  Жүректегінің  аты  -

махаббат.  Махаббат  мекендемеген  жүрек  қыстыгүні  қар

астында қалған қараңғы үймен тең.

Ілекең  ѳзіне  сұрақ  қойған  жігітті  осылай  жеңіп  кетті.

Біз  шопанның  тапқырлығына  мәз  боп,  құттықтап,  кезек-

кезек қолын алдық.

«

Махаббат  деген  не?»  деген  сұраққа  газет  бетінде  бұл



мәселені  талқылауға  ат  салысқан  жұрттың  бәрі  жауап

берді.  Бұл  жѳнінде  даналардың  да,  данышпандардың  да

айтқандары  кѳп.  Бұл  сұраққа  шопанның  да  берген

337



жауабы орынды. Ѳйткені... «қанша бас болса, сонша ақыл

болады, демек, сонша жүрек, соншама махаббат болады»

(

Л.  Толстой).  Осыдан  екі  мың  жыл  бұрын  Рим  ақыны



Тибулл  махаббатты  «тәтті  жұмбақ»  деп  атаса  керек.

Шығыстың  бір  бұлбұлы,  атакты  Хафиз  акын  оны  «мәні

мәлімсіз  сәт»  депті.  Мәселе  махаббатты  кімнің  қалай

атағанында  емес.  Әңгіме  адам  жүрегінің  осы  қымбат

қазынасын қадірлей білуде ғой.

Газетте  жарияланған  мақалаларға  қарағанда  кейбір

жастардың  махаббатқа  жеңіл-желпі  қарайтыны  байқа‐

лады.  Мұның  ѳзі  олардың  махаббат  мұраты  не  екенін

алдын  ала  ойлап,  бажайлап,  саралап  алмайтындықта‐

рынан  болуға  тиіс.  Махаббаттың  алдында  жазда  алыстан

кѳзге  шалынған  таудай  мұнартып,  әрқашан  екі  мақсат

тұратыны  аян.  Оның  бірі  табиғи  тілек  те,  екіншісі  сана

мұраты  болмақ.  Табиғи  тілек  дегеніміз  ұрық,  ұрпақ

қалдыру  жѳніндегі  соқыр  сезімнің  жетегі  екені  түсінікті.

Ол қыз бен жігіттің бір-біріне қызығып, құмартуы түрінде

білінеді, нәпсіге тіреледі. Ал, сана мұраты жігіттің қыздан

немесе  қыздың  жігіттерден  ѳзімен  ойы  тең,  ақылы  сай,

бір-бірінің  қуаныш-реніштеріне  ѳмір  бойы  ортақ  болы‐

сып,  мұң  шағып,  сыр  шертіп,  шер  айтысатын,  жанымен

жаны  үндес  адам  іздеуі,  бірін-бірі  шексіз  сүйетін  жан

тауып,  соған  қосылып,  қосылған  соң  бірін-бірі  ѳле-

ѳлгенше  қадірлеп,  құрметтеп  ѳтуге  ұмтылуы.  «Кімнің

жаны  махаббаттан  тән  ләззәтімен  қоса  рухани  ләззәт

алуға  ұмтылса,  тек  соны  ғана  адам  деп  бағалаймыз»

дейтін  Бальзак  сѳзінің  мәні  осы  арада  айқындала  түседі.

Қызқұмар  жігіттің  (немесе  керісінше)  желекпе,  жеңілтек,

қызыққыш,  құмартқыш  келетіні  ежелден  белгілі  жай.

Ондай адамдардың қысқа қызық, шолақ шаттыққа аңсар‐

лары  ауып  тұрады  да,  бара-бара  нәпсінің  құлына  айна‐

лады.  Ондай  жандар  ѳздерінің  осы  нәпсі  құмарлығын

ѳзгеге махаббат деп ұсынады. Бірақ шынайы махаббат пен

338



құмарлықтың  екеуі  екі  басқа.  Құмарлық  кѳбіне  аңшыға

тән  қасиет.  Аңшы  кѳрген  аңын  құтқармауға  ты-рысады.

Ол  кѳк  ала  қанат  үйректі  сүйгеніне  емес,  соған  оғының

тигеніне  разы  болады.  Аңшыға  шолақ  сәттің  қуанышы

ғана  қажет.  Ал,  махаббат  мәңгілік  қуаныштың  туын

ұстайды.


Кей  қыздар  махаббаттың  басты  шарты  сұлулық  деп

түсінеді.  Неғұрлым  жігіттерге  сұлу  боп  кѳрінсем,

соғұрлым  махаббатта  жолым  болады  деп  есептейді.

Сондықтан  ондайлар  бетін  бояп,  қасын  күзеп,  кірпігін

«

ұзартып», ернін қызартып, әлек болады. Жақында трам‐



вайда  сондай  бір  қаракѳз  қызды  кѳрдім.  Қасты  қырып,

оның орнына бір сызық қара бояу тартыпты. Сол бояуды

кѳзінің  құйрығына  да  жағып,  оны  және  «ұзартып»

қойыпты.


Бетіндегі  баттасқан  бояуды  былай  қойғанда,  қасының

орны  мен  кѳзінін  құйрығынан  қатарласа  сызылған

жаңағы  екі  жіңішке  сызық  кѳлденең  адамға  жыланның

айыр тіліндей танылып, сүйкімсіз әсер етеді. Қыздың онда

шаруасы  жок,  «Мен  сұлумын,  маған  сұқтана  қараңдар»

дегендей  жағын  таянып,  орындықта  сіресіп  отыр.  Оның

қасына қарт ана келіп, түрегеп тұрды. Қыз кішілік жасап,

үлкенге  орын  берер  деп  ойлап  едім,  бірақ  ѳйту  оның

кәперіне де келмеді. Біреу қызға қолын созып, қасындағы

кассадан билет жыртып әперуді ѳтінді. Сұлу адам сыпайы

болуға  міндетті  еместей-ақ,  ол  міз  бақпастан  теріс  айна‐

лып, терезеге қарап кетті.

Мұндай  қызға  қандай  жігіттің  ғашық  боларына  таң

қаласың.  Табиғаттың  ѳз  бояуы  бойында  тұрған  уыздай

жас қыздың жалпақ жұртқа деп шығарылған қайдағы бір

жасанды  бояуды  жағып,  сұлу  боп  кѳрінуге  тырысуы

келіспейді-ақ.  Кѳп  қыздардың  ішін  сұлуламай,  тек

сыртын  сұлулауға  тырысуы  ѳкінішті.  Қыз  қанша  боянға‐

нымен  саналы  жігіт  оған  салғаннан  құлап  түспесе  керек

339



қой.  Қызға  ажары  үшін  ғана  емес,  адамгершілігі  үшін

ғашық  болмай  ма?  Ғашық  адам  сүйгенінің  бойынан

сұлулықтан  басқа  да  асыл  қасиеттер  іздейді.  Ол  қасиет‐

тер:  ақылдылық,  адамгершілік,  сыпайылық,  сыйластық,

еңбексүйгіштік  болса  керек.  Жалқау  қызға  жан  жола‐

мауға, еріншек қызды ер алмауға тиіс. Мұның растығына

кѳптеген  мысалдар  бар.  Еңбекте  үздікті  сүйеді.  Оқуда

озықты  қалайды.  Қай  қыз  жұмысты  жақсы  істесе,

жұмысшы жігіт соған ұмтылады. Қай қыз сабақты жақсы

оқыса,  студент  жігіт  соған  қырындайды.  Нашар  оқитын

қыз  ѳзін  сүйікті  етіп  кѳрсетуге  тырысады.  Жігітті  де  қыз

танауы  үшін  емес,  таланты  үшін  сүйеді.  Еріншек  жігітке

ешкім  қарамайды.  Ендеше  махаббаттың  басты  шарты

сұлулық  емес.  Бұл  арада  алғашқы  ма-қалада  айтылатын

Күләш  деген  қарындастың  Жомарт  деген  жігітті  «түр-

тұлғасы  үшін  сүйемін»  дегеніне  қосылуға  болмайды.

Сұлулық  жоғарыда  аталған  ғашық  болуға  қажетті

шарттардың  бірі  ғана.  Сұлу  деп  қазақта  кѳрікті  әйелді

айтады. Ал кѳркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару

деп атайды. Ѳмірде сұлу кѳп те, ару аз. Ауыз әдебиетінде

ару  бейнесіндегі  Құртқа,  Қарашаш,  Мендісұлу  сияқты

қыздар ғана суреттеледі.

Кейбір  жігіттер  «мен  пәленшеге  бір  кѳргеннен  ғашық

болдым»  деп  соғады,  ал  «бір  кѳргеннен  ғашық  болу»

ешбір  қисынға  келмейді.  Бір  кѳргенде  қыздың  ұнауы

немесе  оның  жігіт  қиялындағы  ѳзі  мұрат  еткен  әйел

бейнесіне  бір  жері  (беті,  аузы,  кѳзі,  мұрны,  шашы,  т.  б.)

ұқсауы  ықтимал.  Сол  ұқсастық  жігіт  жүрегіндегі

құмарлық  сезімін  лап  еткізеді  де,  ол  енді  қыздың  қалған

қасиеттерін  ѳз  ойындағыдай  етіп,  қиялмен  жобалай

жѳнеледі.  Осыны  ол  «бір  кѳргеннен  ғашық  болдым»  деп

түсінеді. Бұл шындық емес. Ѳйткені, бір кѳрінген қыздың

басындағы  қасиеттер  оған  қараған  жігіттің  кѳңіліндегі

бейнеге  қаншалықты  ұқсайтынын  бірнеше  кѳргеннен

340



кейін  ғана  анықтауға,  сонда  оның  кѳп  белгілері  сәйкес

келмейтініне кѳз жеткізуге болады.

Ұлы  Отан  соғысына  дейінгі  біздің  ауыл  бозбалала‐

рының кѳпшілігінің арманы аққұба енді, ақ жүзді жар еді.

Ѳйткені  онда  әйел  жѳніндегі  біздің  мұратымыз  фольк‐

лордан, ақындардың ѳлеңдерінен қалыптасты. Біз үшін ол

кезде  дүниедегі  ең  сұлу  әйел  Қыз  Жібек  болатын.  Ал,

қиссада ол былай суреттелетін:

Қыз Жібектін ақтығы

Наурыздың ақша қарындай...

Кѳкейде  қалыптасқан  осы  бір  жақсы  жар  мұратын

Абайдың  «Білектей  арқасында  ѳрген  бұрым»,  Ақан

серінің  «Аққұба  қатын  алсаң  бойы  сұңғақ»  дейтін  ѳлең‐

дері және толықтыра түсті. Сѳйтіп олар танадай жалтыл‐

даған  қара  кѳзді,  қардай  аппақ  қызға  шықты,  сондай

жарға  қолымыз  жетсе  деп  арман  етті.  Соғыстан  кейін

олардың  бірсыпырасы  жар  сүйді.  Бірақ  кѳбінің  кѳңілдегі

мұраты  алған  әйелдерінің  мүсінімен  үйлескен  жоқ:

«

наурыздың  ақша  қарындай»  ақ  қыз  орнына  қараторы,



бидай  ѳңді,  қызыл  шырайлы,  ақсары,  шикілсары  келін‐

шектерге ие боп шыға келісті. Тіпті олардың бойлары да

әр түрлі: сұңғақ, орта, тәпелтек; кѳздері де әр түсті: қоңыр,

шегір,  кѳк  болды.  Енді  олар  мұраттарын  алған  жарла‐

рының  мүсініне  лайықтап,  қайта  қалыптастырды.  Осы

арада  олар  ѳздерінің  бұрынғы  мұраттарының  мол

пішілген киімдей олпы-солпысын да кѳрді, кемшілігін де

білді.  Егер  жарыңның  жаны  жақсы,  адамгершілігі  биік

болса, оның «ақтығы наурыздың ақша қарындай», ал кѳзі

«

аласы  аз,  қара»  боп  келуінің  тіпті  де  қажеті  жоқ  екенін



ұқты. Менің құрдастарымның балалықпен тағы бір білме‐

гендері  жарымыздың  бойы  Ақан  айтқандай  сұңғақ  болса

деп  армандауы  болыпты.  Енді  қарасақ,  олардың  бәрінің

ѳз  бойлары  орта,  тәпелтек,  бәкене  екен.  Ал  ѳзін  тапал,

жарың  биік  болса,  онда  қандай  жарастық  болмақ?  Жі

341



гіттер  оны  да  байқамапты.  (Әрине,  ѳмірде  ұзынды-

қысқалы  боп  та  жұптаса  береді.  Бұл  қосылушы  екі

адамның кѳңіл жарастығына байланысты).

Махаббатты  ѳзенге  емес,  кѳлге  емес,  тек  қана  теңізге

теңестіруге  болады.  Теңіз  сияқты  мұның  да  бетінде

тулаған  толқындар  жүреді,  түбінде  ғажайып  сырлы

тереңдік  жатады.  Адамның  жыныстық  соқыр  сезімінен

туған сусыма жүйрік тілек толқынға ұқсаса, шын санадан

шыққан жан тебірентер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі

махаббаттың  терендігін  танытады.  «Бір  кѳргеннен  ғашық

болу»  деген  сѳз  де  сол  «толқын»  іспеттес,  ол  тән  құмар-

лығынан  туған,  жалт  етпе  сезім  ғана.  Алғашқы  лап  еткен

сәтте  оның  күшті  боп  кѳрінуі  де  ықтимал.  Бірақ  бұған

қарап  алданып  қалуға  болмайды.  Тән  құмарлығы

алдамшы,  ѳткінші,  тұрақсыз  сезім.  Онда  шынайы  махаб‐

батқа  лайық  тереңдік  жоқ.  «Бір  кѳргеннен  ғашық

болдым» дегеннің ѳзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады,

кѳре  сала  сѳны  құшуға  құмартқан  жүгенсіз,  ұшқыр

тілекті  кѳрсетеді.  Теңізді  бірінші  рет  кѳрген  адам  онын

суының  ащы  немесе  тұщы  екенін,  астында  не  барын

бірден  білмейді.  Мұны  теңізге  түсіп  кѳріп,  түбіне  талай

сүңгіген адам ғана айта алады. Сол сияқты бір кѳргеннен

адамның  бойындағы  барлық  адамгершілік  қасиетін  аңға‐

руға  болмайды.  Оны  анықтамаған  соң  ғашық  болу  да

мүмкін  емес.  Ендеше  «Сізді  бір  кѳргеннен  ғашық

болдым»  деген  сѳзге  сенудің  орны  жоқ.  Олай  деп  оңай

«

олжа»  тапқысы  келген  қу  жігіттер  мен  шын  сезімнен



хабары  жоқ,  жасѳспірім,  бейкүнә  қыздар  ғана  айтуы

ықтимал.


Сонымен, «бір кѳргеннен ғашық болу» деген ұшқары

сѳз. Бір кѳргеннен тек қана ұнатуға, қызығуға, құмартуға

болады.  «Құмарту  -  ғашықтық  емес.  Адам  жек  кѳре

тұрып  та  құмарта  береді»  (Ф.  Достоевский).  Ал,  бірсы‐

пыра  жастар  бірін-бірі  ұната  сала:  «Бітті,  біз  ғашық‐

342



пыз!»  деп  есептейді.  Сѳйтіп,  қолма-қол  сүйісіп,

сүйкенісіп  жібереді.  Кѳзді  ашып  жұмғанша  ерлі-

зайыпты боп та шыға келеді. Олар мұның шынайы сезім

емес  екенін  артынан  аңғарады.  Содан  соң  бір-бірімен

айтысып,  ажырасып  әлек  болады.  Мұндай  күйге  душар

болмас  үшін  жастар  тез  қауышуға  құмартпауы  керек.

Ұзак  сѳйлесіп,  сыйласып,  сырласып,  әбден  біліскеннен

кейін,  шын  сүйетініне,  бірігіп,  жарасты  ѳмір  кешетін‐

деріне  анық  сеніскеннен  соң  ғана  бір-біріне  ләззат

құшақтарын  ашса  абзал.  Кіршіксіз,  таза  махаббаттың

тәттілігі  де  сол  болмақ.  Қыздар  бос  күйеу  тапқанына

емес, дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино,

театрға  бірге  баратын  жолсерік  қана  емес,  жан  серік

тапса  ғана  бақытты.  Осылай  жұптасып,  зайыптылық

ѳмірдін  алтын  босағасы  -  достық  пен  махаббатты  берік

ұстаған  берекелі  семьяны  ғана  кѳрші  ұнатады,  коғам

құптайды.

Махаббат ұшқыны дананың да, даңғойдың да жүрегіне

түседі.  Біріншісінің  жүрегіне  түскен  ұшқын  махаббаттың

маздаған мәңгілік отын тұтатады; соңғысына түскені - мұз

үстіне  лақтырған  қызыл  шоққа  ұқсайды.  Шын  махаб‐

баттың шырғалаңы да болады.

Махаббат мәңгілік болуы үшін, оның оты ѳшпеуі үшін

оған  жұп  боп  қосылған  екі  жақ  кезек  «тамызық»  тастап

отыруы парыз. Мұның ѳзге ешбір математикалық форму‐

ласы жоқ. Махаббатта бір-ақ формула бар, ол - тұрақты‐

лық.  Махаббаттың  да  досы  мен  қасы  бар.  Досы:  ұят,  ар,

борыш.  Осы  үшеуін  ренжітпей,  ѳзіне  сенімді  серік  еткен

махаббат  қана  зайыптылық  заңына  берік  болады.  Қасы:

ашу,  қызғаныш,  кикілжің.  Осылардың  әзәзілі  -  арақ.  Жас

жұбайлардың  бірін-бірі  сүйіп  қосылуымен  іс  бітпейді.

Олар  қосылғаннан  кейін  де  ѳз  махаббатын  гүлдей

мәпелей беруі тиіс. Сүйіктісін қуантуға тырысу, соны риза

етерлік бір нәрсе істеуге ұмтылып отыру - мәпелеудің бір

343



түрі  осы.  Сүйгеніңнің  кѳңілін  қалдырмау  үшін  оның

тілегін мүлтіксіз орындау да ғанибет.

Сайып  келгенде  әр  адам  -  ѳз  махаббатының  бағбаны.

Солып  қалмауы  үшін  қай  гүлге  қашан  су  құю  керектігін

бұлжытпай  білетін  бағбан  тәрізді,  адам  да  ѳз  махабба‐

тының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап

отыруы  тиіс.  Бұл  үшін  ерлі-зайыптылардың  әрқашан  да

бір-біріне құштарлығы, шексіз сенімі, әлдеқалай іште бас

кѳтерген қызғанышты сыртқа шығармай, сабырмен жеңуі,

ағат  айтылған  сѳздерді  кек  тұтпауы,  кешірімділігі,  ѳзара

қалтқысыз  қамқорлығы,  сыйластығы,  ашуды  тежеп,

нәпсіні тыйып ұстауы қажет. Бір сѳзбен айтқанда, ѳздерін

тәртіппен ұстай білген зайыптардың махаббаты ешқашан

ѳшпек  емес.  Бұл  арада  атақты  Абайдың:  «Болмаса

мінезінің  жат  кесегі,  майысқан  бейне  гүлдей  толықсыған,

кем емес алтын тақтан жар тѳсегі» деген сѳздерін әрқашан

да есте ұстау абзал. Сонда ғана ерлі-зайыптылар арасын‐

дағы  жарасты  махаббат  үйге  нұр,  ұяға  кѳрік  береді,

тұрмысқа ажар, кѳңілге базар орнатады.

Мен мақаламды шопан қарттың сѳзімен бастаған едім.

Сѳл  сѳзбен  аяқтағым  келеді.  «Махаббат  -  әр  үйдің  алтын

діңгегі» деген болатын Ілекең. Бұл - ѳте орынды айтылған

даналық  сѳз.  Ѳйткені  діңгек  болмаса,  үй  тѳбесі  ортасына

шѳгеді, құлайды. Мен Ілекеңнің сѳзін қайталап, әрбір жас

семьяның  алтын  діңгегі  әрқашан  да  берік  болсын  деп

тілеймін.  Әр  үйдің  ортасында  нұр  шаша  жарқыраған

алтын діңгектер тұрсын деймін».

Түу,  жүрегім  лүпілдеп  кетті  ғой,  -  деді  Майра  газетті

маған қайырып беріп жатып. - Ағай, ѳзіңіз мүлде ѳзгеріп,

есейіп кеткен сияқтысыз.

— 

Ел кѳріп, ѳмірімен араласқан соң солай болады да, -



деді Меңтай. - Адам ысылмай ма?

— 

Иә,  дегенмен  ағай  алғашқы  әскерден  келгендегідей,



біздің  бәрімізден  жасқанып  тұратын  ұяң  жігіт  емес,  енді

344



бәрімізге  ақыл  айтатын,  нағыз  байсалды  кісіге  айналған.

Жалғыз  жастардың  ғана  емес,  мен  мына  мақалалардан

жұрт  қамын  ойлайтын  үлкен  аза-мат  үнін  де  аңғарып

отырмын, Меңтай.

— 

Түу,  қойыңдаршы,  -  дедім  мен  қыздардың  мақта‐



уынан қысылып. - Мен баяғы қалпымдамын. Ештеңем де

ѳзгерген жоқ. Ал енді күн кешкіріп барады. Жаңағы әңгі‐

менің  жалғасы  немесе  аяғы  іспетті  бір  кішкентай  ғана

әңгіме айтайын да, кетейін мен.

— 

Иә,  айтыңыз,  ағай,  -  деп  Майра  тағы  да  тыңдауға



дайындалып, жағын таянып отыра қалды.

— 

Жаңағы  Майра  оқыған  мақалада  жайлауда  Ілияш



Қызырбаев деген қарт шопанмен кездестім дедім ғой. Ол

күні  Ілекең  бізді  босатпады.  Қонақ  етіп,  ѳз  ѳмірінен  кѳп

хикаялар шертті. Июнь айының әсем кешінде далаға тѳсек

салдырып,  Ілекең,  жас  зоотехник,  мен  үшеуміз  далаға

жаттық.  Ұзақ  сѳйлесіп,  әңгіме  аяқталғаннан  кейін  ұйқы

тыныштығы  туды.  Менің  кѳзім  жаңа  ілініп  бара  жатыр

еді.  Ілекең  менен  жасырғандай  боп,  жас  зоотехникпен

күбірлесе  бастады.  «Бұлар  не  сѳйлесер  екен?»  деп

ұйықтаған  боп  жатып,  мен  олардың  ѳзара  күңкіліне

құлақ салдым:

— 

Келінмен  қайтадан  жарастың  ба,  балам?  -  деді



Ілекең жігітке.

— 

Жоқ, Ілеке, ана оқиғадан кейін қайтып жібимін?



— 

Сұлу әйел бақтан үзіп алған бір шоқ гүл сияқты ғой,

шырағым.  Гүлді  кімнің  иіскегісі  келмейді.  Сұғанақ  біреу

сен  бейқам  тұрғанда  қолыңдағы  кѳтерген  гүліңді  бір

иіскеп  қалса,  сол  үшін  сен  оны  лақтырып  тастай

аласың ба?

— 

Бір емес, үш иіскесе қайтем, Ілеке-ау.



— 

Гүлің жақсы болса, оның жұпар иісі мың иіскесең де

жойылмайды.  Бір  рет  немесе  ѳзің  айтқандай,  үш  рет

иіскеді  деп,  мың  рет  ләззат  алар  хош  иісті  гүліңді

345



лақтырып тастағаның жѳн бе, балам?

— 

Біреу  мұрнына  тақаған  гүлді  қалай  иіскеймін,



Ілеке-ау?

— 

Сен  оны  ешкім  иіскеді  деп  ойлама.  Тек  қана  ѳзім



иіскеп  жатырмын,  бұл  тек  менің  ғана  гүлім  деп  ойла.

Сонда ештеңе де етпейді.

— 

Бұл ѳзіңді ѳзің алдау ғой.



— 

Адам  ѳзін-ѳзі  алдамайды,  балам.  Адам  ѳзіне-ѳзі

басу  айтып,  бақытсыздықтан  сақтанады.  Келіннің  бауы‐

рында  алтын  айдар  ұлың  бар.  Оның  бір  білместігін

кешіруің  керек,  шырағым.  Адам  бір  адасқан  жерінен

екінші рет ѳмірде адаспайды.

— 

Ѳзім де жақсы кѳремін оны, қимаймын.



— 

Онда  ѳзіңді  де,  оны  да  қинама,  балам.  Ал  ұйықтай

бер енді.

Жігіт  түні  бойы  дѳңбекшіп,  ұйықтай  алмай  шықты.

Таңертең  екеуміз  аттанып  кеттік.  Жігіт  жолда  сырын

айтты. «Енді әйеліммен қосыламын!» деді.

Осылай деп әңгімемді аяқтадым да, мен екі қызға кезек

қарап,  ѳзімнен-ѳзім  ыржиып  күлдім.  Майра  бірдеңені

сезгендей, жымиып тѳмен қарады.

— 

Иә,  ал  бұдан  шығатын  қорытынды  не?  -  деді



содан соң.

— 

Ақсақалдікі  дұрыс  қой!  -  дедім  мен  тағы  да  ѳз-



ѳзімнен  қысылып  күліп.  Шал  мен  жігіттің  сонау  жайла‐

удағы,  жұлдызды  түндегі  осы  диалогы  арқылы,  соған

астарлап, бұл менің Меңтайға оларды іздеп келген мақса‐

тымның  түйінін  айтқаным  еді.  Бірақ  Меңтай  ештеңе

ұқпағандай, үнсіз қалды.

Күн бата екі қыз мені шығарып салмақ болып, автобус

тоқтайтын жерге ертіп әкелді.

— 

Түу,  ағай,  келгеніңіз  қандай  жақсы  болды!  -  деді



Меңтай кетерде маған ризалығын жеткізіп. - Кѳп рақмет.

Сіз  менің  кеудеме  керемет  бір  күш  құйып,  жігер

346



бергендей  болдыңыз.  Соңғы  кезде  жігіттердің  ешқай‐

сысын  кѳргім,  кѳздеріне  түскім  келмеуші  еді.  Ал  бағана

сізді  кѳргенде,  неге  екенін  білмеймін,  бірден  қуанып

кеттім.


— 

Ол  Ербол  ағайды  ѳзіңнің  туған  ағаңдай  кѳретін‐

діктен  ғой,  Меңтай,  -  деді  Майра  сәл  жымиып,  астарлай

сѳйлеп.


— 

Рас,  содан  болар,  -  деді  Меңтай  Майраны  бірден

қостап,  тағы  да  оның  сѳзінің  астарын  ұқпағандай  қалып

кѳрсетіп.  -  Мен  қиналған  шақта  сіздің  бір  айтқан  сѳзіңіз

кѳңіліме  медеу  боп,  қайрат  берді,  ағай.  Сіз  ол  не  сѳз

екенін білесіз бе?

— 

Қайдан  білейін,  Меңтай,  мен  солдаттан  келгелі  кѳп



сѳйледім ғой, - деп күлдім мен. - Тѳрт жыл жаумен үнсіз

соғысқан күндердің есесін қайтардым білем.

— 

Есіңізде  ме,  сіз  былай  дегенсіз:  «Адам  ѳз  басына



түскеннің бәріне кѳнуге де тиіс, оны кѳтеруге де міндетті.

Ѳйтпесе  оның  несі  адам?!»  Осы  сѳзіңіз  ѳмір  бойы  жанды

жанитын  жануыштай  боп,  кѳкірегімде  қалды.  Сіз  бұл

сѳзді  біздің  бѳлмеде,  «Қызыл  кѳрпені»  шығарған  күні

айтып едіңіз.

Меніңде  есіме  түсті.  Ол  күні  Одиссей  мен  Пенелопа

жайында  әңгіме  болған.  Сол  күні  Меңтай  ѳтініп,  маған

Сәлима оқиғасын айтқызған.

Автобус келіп, мен қыздармен қоштастым. Меңтайдың

қолын  ұстағанда  жүрегім  аузыма  тығылардай  лүпілдеп

қоя  берді.  Ол:  «тағы  ештеңе  бітпеді  ме?»  деп  зар

қаққандай  болды.  Елжіреп,  Меңтайдың  бетіне  телмірдім.

Ол  тѳмен  қарап  кетті.  Автобус  мені  екі  қыздан  айырып,

Алматыға қарай ала қашты.

347



Б

ұл күні мен ештеңе бітіре алмадым. Меңтайдың хал-

жайын  біліп,  егер  оның  басы  бос  болса,  тағы  сѳз

айтсам деген ойым орындалмастан қалды. Орындалмаға‐

нымен,  оны  кѳргеніме  мәз  болып,  толассыз,  тоқтаусыз

сѳйлей  бердім.  Сұрағандарының  бәріне  жауап  та  қайыр‐

дым.  Меңтай  толық  етіп  айтыңызшы  дегеннен  кейін  әр

әңгіменің  бүге-шігесіне  дейін  қалдырмай,  тәптіштеп

баяндадым.  Мақтанып  кеттім  бе,  масайрап  кеттім  бе,

білмеймін,  қыза  келе  облыстық  газетте  жарияланған

мақалаларыма  дейін  кѳрсеттім.  Осынымның  бәрі

орынсыз  болғанын  түнде,  Калинин  кѳшесіндегі  жатақха‐

наның  отыз  жетінші  бѳлмесінде  жатқанда  бір-ақ  пайым‐

дадым.  Күні  бойы  мас  болып,  енді  ғана  есімді  жиғандай

күй  кештім.  «Апыр-ау,  неге  ѳсіттім?  Неге  кѳкіп,  ұзақ

күнге жақ жаппай, сѳйлей бердім? Одан да Меңтайға оны

әлі күнге дейін сүйетінімді неге айтпадым? Айтып тұрып,

«

адал  жарын  болайын,  енді  мені  ѳмірлік  серігің  ет»  деп



неге  жалынбадым  оған?»  деп  ѳзіме  ѳзім  ұрыстым.  «Жоқ,

айтуға  мүмкіндік  болды  ма»  деп  ѳзімді-ѳзім  және  ақта‐

дым.  «Ағай,  басыңыздан  кешкеннің  бәрін  бүгінгі  күнге

деиін толық айтып беріңізші» деп Меңтай қиылғанда мен

қалай  үнсіз  отырамын.  Оның  үстіне  Майра  да  маңымы‐

здан  шықпай  қойды.  Сѳйтіп  бір  әңгімеге  бір  әңгіме

жалғасты.  Тоғыз  айдың  оқиғасын  тоғыз  сағатта  айтып

шығу оңай ма? Әлі де айтылмаған талай сѳздер қалды... »

«

Талай  сѳздер  қалды,  талай  сѳздер  қалды...»  -  деймін



біраздан  кейін  ѳзімді  ѳзім  қайтадан  әжуалап.  -  Сен  «сѳз,

сѳз» деп әлі жүрсің. Ал майданнан сенімен қатар қайтқан

жігіттер  келе  сала  үйленісіп  алды.  Олардың  қазір  бір-

екіден  балалары  да  бар.  Баса-кѳктер  батылдығың  жоқ

боп,  сүйгеніңді  тек  қана  сырттай  қызықтай  берсең,  ѳмір

бойы  қу  тізеңді  құшақтап  ѳтерсің  сен...  »  «Үйлену  оңай,

үй болу қиын ғой, - деймін мен белгілі нақылдың белгілі

сѳзін қайталап, тағы да ақталып. - Сомадай жігіт боп, сѳз

348



айтып  тұрсаң,  саған  да  біреу  тиер-ау.  Тән  де  табыса

беретін  болар.  Бірақ  алдымен  адамның  жаны  үйлесуі

абзал ғой. Жаны үйлескен жандар ғана жақсы ѳмір сүріп,

қызықты  күндер  кешпек.  Ал,  жан  жарасымы  махаббат

арқылы  келмек.  Махаббат  -  жас  ғұмырдың  жалынды

жыры.  Жастыққа  тән  ерекше  екі  қасиет  ерлік  пен

махаббат  болса,  біріншісінің  сынынан  сүрінбегенім  аян.

Енді  екіншісінен  де  сүрінбесем  деймін.  Ол  үшін  ѳзім

сүйген жанды ғана

жар  етуім  керек!  Ол  -  Меңтай  ғана...  Бірақ  «батыл

емессің»  дегенің  рас.  Батыл  болсам,  баяғыда,  соғыста,

жүргенде Сәлимаға: «Басқа ешкімге барма, тек қана мені

тос!» деп кесіп айтпайтын ба едім. Батыл болсам, баяғыда

Меңтай: «Ѳзіңіз айтыңызшы: таста деңізші ол жігітті, бұз

деңізші уәдеңді - бұзып-ақ кетейін» деп толқып тұрғанда,

«

Таста! Бұз!» демейтін бе едім... Жарайды, енді ѳйтпеймін.



Ертең  қайтадан  барамын.  Барамын  да  Меңтайға  бірден

ѳзімнің  оны  әлі  күнге  дейін  сүйетінімді  айтамын!  Содан

сон  оған:  «жарым  бол»  деп  тікелей  тілек  білдіремін!

Бірден осылай деймін!..»

Ертеңінде  мен  Бүргенге  тағы  да  танертең  келдім.

Ауылдың орта тұсындағы кешегі кѳк терезелі тоқал үйдің

тұсына  тақағанда  отау  үй  іспеттес  дѳңгелек  беседкада

оңаша  отырған  Майра  мен  Меңтайды  кѳрдім.  Олар  мені

жандарына  жақындағанда  бір-ақ  білді.  Майраның  сѳз

арасында  «иә,  иә»  дей  беретін  әдеті  болушы  еді.  Бір

нәрсеге таңданып, иә қуанғанда аузына сѳз түспесе, оның

«

иәсі» мүлде кѳбейіп кететін.



— 

Иә,  иә,  ѳзіңіз  де  сәлеметсіз  бе?  Иә,  иә,  келіп

қалдыңыз  ба?  Иә,  иә,  тѳрлетіңіз,  -  деді  мені  орнынан

тұрып, беседка баспалдағында қарсы алған Майра.

— 

Иә, иә, келіп қалдым, - дедім мен оған әзілдеп.



— 

Иә,  иә,  келетініңізді  білгенбіз,  -  деді  Майра  күліп,

Меңтайға қарай жүзін бұрып.

349



Баспалдаққа  аяғымды  сала  беріп,  мен  де  тез  Меңтайға

қарадым. Беседка ортасындағы дѳңгелек үстел жанына тѳрт

қабаттап  салынған  шәйі  кѳрпе  үстінде  оң  қолымен  жер

тіреп, сол қолымен кешегі қызыл юбканың етегін тізесінен

тѳмен түсіре қымтап, бір жамбастай отырған Меңтай, менің

тағы  да  келгеніме  сенер-сенбесін  білмегендей,  неге

келгенімді таба алмай дағдарғандай, дѳңгелек қара кѳздерін

таңдана кең ашып, босаға жаққа бақырая қарап қалған екен.

Мен беседканың соңғы сәкісін аттай бергенімде ол лып етіп

орнынан тұрды. Оның алғашында сәл қуқылдау кѳрінген ақ

бетіне лап етіп қызыл бояу жайылғаны байқалды. Бірақ қыз

ішіндегі  толқынды  тез  басып,  таңданарлық  ештеңе

болмағандай қалыппен маған қарай қолын созды.

— 

Ағай, сәлеметсіз бе?



Екі  қыз  қол  алысқаннан  кейін  мені  беседканың  тѳріне

қарай икемдеді.

— 

Иә,  таңертеңгі  шайымызды  жана  ғана  ішіп  болып,



енді жинайық деп жатыр едік, - деді Майра едендегі үлкен

қара  таба  деп  күлдің  үстінде  тұрған  шойын  шайнекке

еңкейе  беріп  сәл  кешіксеңіз,  жамандап  жүреді  екенсіз

дейтін  едік.  Иә,  шай  жиналмай  келгеніңізге  қарағанда

бізді жақсыламасаңыз да, жамандамайтыныңызды білдік.

Иә, оған да шүкіршілік.

— 

О  не  дегенің,  Майра,  -  дедім  мен  күліп.  -  Сендерді



жамандаған  жігіттің  жаны  шықсын  дер  едім.  Бірақ

мақтаған кісінің де мәз болмайтынын байқағанбыз.

— 

Иә,  әй,  осы  сіздің  тіліңіз-ай,  -  деді  Майра  сықылы‐



қтай  күліп.  Күліп  тұрып,  «бұл  қайтер  екен?»  дегендей,

кѳзінің  қиығын  Меңтайға  тастады.  Меңтай  сәл  жымиды

да,  үстел  үстіндегі  бос  шыны  аяқтарды  бір  жерге

жиыстыра бастады.

— 

Майра, мен үшін шай қоймай-ақ кой. - Оған қарап,



«

рақмет» деген ишара білдіріп, кеудемді бастым.

350



— 

Иә, танертеңгі шайыңызды ішіп пе едіңіз?

— 

Іштім, - дедім мен әлі оразамды ашпасам да.



— 

Иә, асығыс па едіңіз?

— 

Асығыспын, - дедім тағы да бас иіп.



— 

Онда  от  ала  келген  боларсыз?  -  деді  Майра  басын

шалқайта түсіп, сақылдай күліп.

— 

Рас, от ала келдім, - дедім мен неге екенін білмеймін



бетімді Меңтайға қарай бұрып.

Меңтай қолына бос шыны аяқтың бірін ұстап, түрегеп

тұр  еді.  Мен:  «Рас,  от  ала  келдім»  деп  оған  қарай  бұры‐

лғанда  қыздың  ақ  жүзін  тағы  да  лап  етіп  қызыл  жалын

шалған іспеттенді. Осы кезде қызыл юбка, ақ кофта киген

Меңтай маған маздай жанып, лаулап тұрған ѳшпес оттың

ѳзі сияқты боп танылды.

— 

Иә,  онда,  асығыс  болсаңыз,  -  деді  Майра  шайнекті



қайтадан  орнына  қойып  жатып,  -  нан  ауыз  тиіңіз,  кейін

келіншегіңіз тастап кетпеуі үшін.

Осылай деп Майра тағы да сықылықтап күліп алды.

— 

Ауыз тиейін, - дедім мен үстел үстіндегі бауырсаққа



қолымды  созып.  -  Кейін  тастаса  тастап-ақ  кетсін,  ѳз

жамандығымнан  онда.  Бірақ  бүгін  қолым  жетсе  екен

соған,  -  деп  мен  де  күліп,  бір  бауырсақты  аузыма  тастап

кеп жібердім.

— 

Иә,  бауырсаққа  бапандай  кѳрінесіз,  жететін



шығарсыз оған да, - деп Майра тағы да күлді.

— 

Енді  қайтейін,  «таз  ашуын  тырнадан  алады»  деген



бар ғой, - дедім мен ұялған тек тұрмастың кебін танытып.

Бұған Майра екеуміз қосыла күлдік.

— 

Иә,  сіз  асығыс  болсаңыз,  мен  де  асығыспын,  -  деп



Майра  кетуге  ыңғайланды.  -  Кешеден  бері  апам  басым

ауырады,  жүрегім  шаншиды  деп  мазасызданып  жүр.

Менің  сол  кісіні  дәрігерге  кѳрсетіп,  дәрі-дәрмек  алып

беруім керек.

351



— 

Жүректің  дәрісі  маған  да  керек  еді,  -  дедім  мен

Майраға әзілдеп.

— 

Иә,  біліп  тұрмын,  -  деді  Майра  да  әзілге  әзілмен



жауап қатып. - Сізді Меңтайға тапсырамын. Сізге керекті

дәрі-дәрмекті  тауып,  біз  келгенше  емдеп  қояр  деп

ойлаймын.

Бұл кісі менен дәрі сұрап келмеген шығар, - деді де,



Меңтай  тоқтап  қалды.  «Бұл  сѳзді  бекер  айттым-ау»

дегендей боп, ѳз-ѳзінен қызарып, тѳмен қарады.

— 

Дәрі сұрамаса, дәнемен кетпес. Біз келгенше ағайды



ертіп,  ѳзен  басына  барып  қайт.  Ағайға  ауылдың  айна‐

ласын  кѳрсет.  Кѳктебенің  басына  ертіп  бар,  -  деп  Майра

құрбысына  шегелей  тапсырды  да,  ѳзі  шапшаң  аяңдап,

үйге қарай жәнелді.

— 

Сіздің уақытыңыз бар ма еді? - деді Меңтай Майра



үйге кіргеннен кейін.

— 

Бар.



— 

Онда,  қаласаңыз,  мен  сізге  ауылдың  айналасын

кѳрсетейін.

... 


Біз  аяңдап  Бүрген  ѳзенінің  жағасына  келдік.  Айғай-

шуды  кѳбейтіп,  ақ  кѳбік  атқылап,  ѳз-ѳзінен  лепіріп

жатқан таяз ѳзенге біраз үнсіз қарап тұрдық.

— 

Тау ѳзені кѳпіріп, кѳп сѳйлейтін мақтаншақ, даңғой



адамға  ұқсайды,  -  дедім  мен.  -  Қарашы,  суы  тізеге

жетпейді, шуы жер жарады.

Меңтай мені құптап, бас изеді.

— 

Рас.  Дала  ѳзені  лықсып,  үнсіз  ағады.  Суы  да  терең



болады ғой, - деді ол.

Осыдан кейін біз гүлді ѳзекті қуалап, Кѳктѳбеге қарай

беттедік.

— 

Мен  сізді  ешқашан  да  кѳрмейтін  шығармын  деп



ойлаушы едім, - деді біраз жүрген соң Меңтай.

— 

Неге?



— 

Білмеймін...

352



— 

Онда мені ойлаған екенсің ғой?

— 

Ойладым,  кѳп  ойладым.  Сіз  туралы  ешқашан  да



ойламаймын  деп  ѳзіме-ѳзім  талай  рет  ант  еттім.  Бірақ

соның  артынша  қалай  ойлап  кеткенімді  ѳзім  де  білмей

қалып жүрдім.

Мен  Меңтайдың  қолын  уысыма  алып,  құшырлана

қыстым. Меңтай қолын тартып алмады, тіпті ауырсынған

да  белгі  бермеді.  Енді  мен  оның  қолын  алақанымнан

шығармадым.

— 

Ал мен сені бір күн де ойымнан шығарған жоқпын,



Меңтай.

— 

Сенемін.



— 

Тоғыз  ай  сенен  аулақ  болу  менің  махаббатымды

ѳсірмесе,  ѳшірген  жоқ  Мен  сені  сол  қалпымда  сүйемін!

Осыған сенесің бе?

— 

Сенемін. Бірақ.



Меңтай  әппақ,  жұп-жұмыр  мойнын  сәл  солға  қарай

бұрыңқырап, үнсіз қалды.

— 

Бірақ дегенің не? - дедім мен сыбырлай үн қатып.



— 

Бірақ... - Меңтай ар жағын тағы да айтқысы келме‐

гендей,  ернін  тістеледі  де,  тез  босатып  жіберді.  Қалпына

келген томпақ ерін тістегенге запы болғандай, бір дір етіп

барып,  қайта  ашылды.  -  Бірақ  менің  сақинам  сынып,

сабағым  үзіліп  қалды  ғой...  -  Меңтай  тағы  да  ернін  тісте‐

леді. - Кейін бетке шіркеу болар... - Меңтайдың тамағына

жас  кеп  тығылғанын  аңғардым.  Жаным  онымен  қоса

қиналып,  не  істерімді  білмей,  қабағымды  шытып,  мен  де

ернімді тістелей бердім. Бірақ ол лықып келіп қалған кѳз

жасын тез тоқтатып тастады да, сабырмен сѳзін аяқтады. -

Жақсы жардан жан ауыртар сѳз естіп отыру азап болар...

— 

Жоқ,  жоқ,  -  дедім  мен  ѳз  үніме  ие  бола  алмай,



қыстыға  сѳйлеп,  -  мен  сені  соғыстан  келген  күні  бірінші

рет кѳрген күйімде қабылдаймын. Сен сол күйіндесің, сол

қалпындасың, Меңтай! Сенің ештеңең ѳзгерген жоқ...

353



Меңтай  ақырын  ғана  басын  шайқады.  Менің  одан

сайын  дегбірім  қашты.  Оны  қалай  жұбатарымды  білмей,

жаным  күйзелді.  Тістеніп,  жан-жағыма  қарап,  пиджа‐

гімнің ѳңірін жұлмаладым. Осының бәріне сәл кінәлідей-

ақ,  біржола  жұлып  алардай  боп,  қайта-қайта  түймемді

жұлқыладым.

— 

Сезіме  сенбесең,  ѳзіме  сенесің  бе?  -  дедім  екі



танауым қусырылып.

Меңтай  бетіме  қарап,  ақырын  ғана  басын  изеді.  Тегі

менің  екі  кѳзім  құрық  кѳріп,  құйрығын  тігіп  алып,

шығандап қашқан қашағанның кѳзіндей долырып кеткен

болуы  тиіс.  Меңтай  тез  екі  қолын  бірдей  кѳтеріп,  бетімді

сипады.  Осы  кезде  мен  алқымын  бұғалдырық  қысқан

асаудай жуаси бастағанымды білдім.

— 

Сенемін!  Сенемін!  -  деп  Меңтай  бетімді  сипап



тұрып екі рет қайталады. - Дегенмен, бірде болмаса бірде

кѳңілге келіп жүрмесе дегенім ғой.

— 

Келмейді,  келмейді!  -  дедім  мен  басымды  шайқап.



Осылай деп мен Меңтайды құшағыма алып, бетінен, кѳзі‐

нен,  маңдайынан,  иегінен  аймалап  сүйе  бастадым.  Ол

қарсылық  білдірмеді.  Бар  ықыласымен  бауырыма  кіре

түсіп,  ақтамақ,  қызыл  ерін,  жұмыр  мойнының  мен

қалаған  жерін  ерніме  тоса,  екі  кѳзін  шарт  жұмып  алып,

шалқая  берді.  Біз  тѳбесінде  тұрған  Кѳктебе  теңселіп

кеткендей  болды.  Ол  бізді  махаббаттың  бесігі  болып,

тербей жѳнелген сияқтанды.

Осы  сәттен  бастап  мен  уақыттың  мѳлшерін  білуден

қалдым.  Меңтайдың  маңында  жүрсем,  маған  шығыстан

сарғайып таң атса-ақ болды, кѳзді ашып-жұмғанша баты‐

стан  түнеріп,  тенірекке  түн  шѳге  бастайтын  тәрізденді.

Әншейінде  аяғын  тәй-тәй  басып,  жүк  жағалаған  баладай

боп,  аспанда  күні  бойы  дѳңгелеп  жүріп  алатын  күн  енді

гүрс  етіп  стволдан  шыға  сала  дүрс  етіп,  кѳздеген  жерге

барып жарылатын танктің снарядындай ұшқыр боп кетті.

354



Сол сияқты түн де, электр қырықтықпен қырқылған қара

қойдың жабағы жүніндей боп, лезде еңсеріледі де қалады.

Ал  мен  Ментайдың  қасынан  сәл  ұзап  шықсам-ақ  бітті  -

сағат  жүрмейді,  күн  бедірейіп  бір  жерден  қозғалмайды,

түн  тұншықтырып,  туырлықтай  тұтасып,  жатып  алады.

«

Еркектің  таңын  атырып,  күнін  шығаратын,  күндізін



кѳрікті,  түнін  тәтті  ететін,  жақында  жүрсе,  жаныңа  қанат

беріп,  алыста  жүрсе,  аңсататын,  жұлдызын  оңынан  туғы‐

зып,  еңбегін  жемісті  ететін  сүйген  жар  екен  ғой  шіркін!»

деген ой осы кезде келді маған.

Сонымен  біз  Майраның  үйіне  кешке  қарай  бір-ақ

оралдық.  Меңтай:  «Апамнан  ұят  болды-ау.  Мені  қайда

кетті деп іздейді-ау» деп, жеткенше қысылып келді.

Майраның  шешесі  шынында  да  Меңтайды  күтіп

отыр екен.

— 

Қарағым, қайда жүрсің? Қарның ашып қалды ғой, -



деді  ол  есіктен  аттай  берген  Меңтайды  құшағын  жая

қарсы алып. Содан сон шеп еткізіп мандайынан сүйді.

— 

Сәлеметсіз  бе,  апа?  -  дедім  мен  кемпір  Меңтайдың



бетінен сүйіп бола берген кезде.

— 

Сәлемет пе, қалқам, - деп ол бұрылып, менің бетіме



қарады. - Кешегі баламысың? Е, жоғары шық, шырағым.

— 

Апа, ѳзіңіз қалайсыз, тәуірсіз бе? - деді Меңтай.



— 

Тәуірмін,  қалқам,  тәуірмін.  Осы  дәрігерлердің  бір

салауаты бар. Үйде қанша ыңқыл-сыңқыл болып, ауырып

жүрсем  де,  құдайдың  құдіреті,  дәрігер  алдына  барғанда

жазыламын  да  кетемін.  Бүгін  де  сѳйттім.  Бағана,  түсте

берген  дәрісін  ішіп,  ағыл-тегіл  терлеп  едім  келіп.  Енді

мүлде жазылып кеттім.

— 

Бәле, жақсы болған екен, апа, - деді Меңтай кемпірді



құшақтап.

Ойбай-ау,  мен  ѳзімнің  ауруымды  айтып,  сарнап



тұрып алыппын-ау, - деді кемпір тез орнынан қозғалып. -

Сендерге деп әлгінде бір май шайқап қойып едім. Майра

355



келгенше  нанға  жағып,  соны  жей  тұрыңдар.  Майра  қазір

келеді, сиыр қайырып келуге кетті.

Мейірбан  ана  батар  күннің  соңғы  сәулесі  мол  тѳгіліп

тұрған  тѳрт  бѳлме  ішіндегі  дѳңгелек  үстелге  дастарқан

жайып, Меңтай екеуміздің алдымызға ас қойды.

— 

Осыны  аужал  қыла  тұрыңдар,  қарақтарым.  Мен



қазір тез сиыр сауып, ыстық ас жасап беремін.

Осыны айтып, Майраның шешесі шығып кетті.

— 

Апам  сондай  ғажап  кісі,  -  деді  Меңтай.  -  Мен  бұл



кісіні  осында  келген  күннен  бастап  ѳз  шешемдей  кѳріп

кеттім.


Есік қайтадан ашылды.

— 

И-иә,  екі  ғашық,  қол  ұстасып  келдіңдер  ме?  -  деп



жүре сѳйлеп келе жатқан Майранын үні естілді. - Иә, отқа

келген  кісінің  отыз  ауыз  сѳзі  бар  деуші  еді.  Сіздің  сѳзіңіз

одан кѳбірек болды-ау деймін.

Бұл Майраның мені таңертең айтқан асығыспын деген

сѳзіме  орай  қағытқаны  еді.  Менің  кѳңіліме  келмесін

дегендіктен  болар,  ол  «отқа  келген  қатынның  отыз  ауыз

сѳзі  бар»  деген  халық  мақалын  сәл  ѳзгертіп,  «қатынның»

дегеннің орнына осылай, «кісінің» деп айтты.

— 

Майра-ау,  ол  отына  және  келген  кісісіне  байла‐



нысты шығар, - дедім мен күліп.

— 

Әрине,  менің  Меңтайым  отыз  ауыз  сѳз  айтып,



бықсытып,  бақырға  салып  ала  жѳнелетін  ауыл-үйдің

арзан оты емес. Бұл - алыстағыны күйдіріп, жақындағыны

жандыратын,  жаманды  естен  тандыратын,  жақсының

құмарын қандыратын, ѳзгеше от.

— 

Рас.  Майра-ау,  ѳзің  ақын  болып  кетіпсің  ғой,  -



дедім мен.

— 

И-иә,  неге  аѳын  болмайын:  арманым  орындалып,



айтқаным келген болса. - Осылай екілене сѳйлеген Майра

шапшаң  Меңтайға  бұрылды.  -  Иә,  ал  айт  жылдам,  тура

солай  болды  ма?  Меңтай  жымиып,  жайлап  қайта-қайта

356



басын изей берді. Майра дѳнгелек үстел басында отырған

Меңтайға  шапшаң  еңкейіп,  оның  екі  бетінен  кезек  шѳп

еткізіп екі сүйді де, қапсыра құшақтап орнынан тұрғызды.

— 

Иә,  ей,  тұрсаңшы,  жарылып  кетпей  неғып  отыр‐



сың?  -  деп  ол  Меңтайды  шырқ  кѳбелек  айналдырды.  -

Иә,  айтпап  па  едім  мен  саған,  Ербол  сені  шексіз  сүйеді,

ал  шын  сүйген  адам  ештеңеге  қарамайды  деп.  Иә,

айттым  ба?  -  Кѳзін  бір  ашып,  бір  жұма  түсіп,  Меңтай

тағы  да  бас  изеді.  -  Иә,  мен  саған  қыстыгүні-ақ,  ана

сұмпайың  «қатын  алдым»  деп  кеткеннен  кейін,  айтпап

па едім Ерболды іздейік, осыны айтып, хат жазайық деп.

Сен  без-без  етіп  болдың  ба  сонда.  -  Майра  енді

Меңтайдың дауысына сала сѳйледі. - «Жо-жоқ. Ағай мен

үшін  оқуын  тастап  кетті.  Ендігі  біреумен  танысып  та

қойған шығар. Оны бұзуға болмайды. Мен не болсам, ол

болайын. Бірақ ол кісінің бақытты болуын тілеймін!» деп

еңіреп  жылап,  жатып  алдың.  Аш  күзендей  бүгіліп,  бір

жұма  бойы  тѳсектен  тұрмадың.  Иә,  сонда  мен  саған

айттым  емес  пе:  ағайың  сияқты  адамдар  тез  таныса

білмейді.  Ондай  кісі  танысының  бәріне  табына  да

бермейді.  Осында,  оның  айналасында  отыз  шақты  қыз

оқыдық.  Солардың  ішінде  жалғыз  саған  ғана  ықыласы

ауды.  Сенен  күдер  үзгенде  де  ѳзгемізді  кѳзге  ілместен

кете барды. Басқаны былай қойғанда қақылдаған Қанипа

мен  мүйізі  қарағайдай  Зайкүлге  де  қараған  жоқ.

Ағайдың  бақытты  болуын  тілеймін  дейсің.  Мен  айтайын

саған:  Ербол  ешқашан  да  сенсіз  бақытты  болмайды,  сен

онсыз  ѳмір  сүре  алмайсың!  Иә,  осылай  дедім  бе?  Дедім.

Иә,  енді  сүй  қазір  ғашығыңның  бетінен.  Осы  менің

кѳзімше сүй!

Меңтай  күліп,  екеуінің  қасында  түрегеп  тұрған  маған

қарай  қолын  созды.  Мен  магнит  тартқан  бүркеншікті

шегедей  лып  етіп,  қыздың  қасына  бардым.  Ол  мені

сүймекші  боп  жатыр  еді.  Жібектей  созылған  Меңтайдың

357



баяу  қимылына  шыдамадым  білем,  бассалып,  оны  ѳзім

сүйе бастадым.

Майра сақылдап кеп күле жѳнелді.

— 

Иә, апырай, кѳніңіз кеуіп қалған екен сіздің, - деді ол



күлкісін  тыя  алмай.  -  Тұра  тұрыңыз,  енді  сізді  мына  қыз

сүйсін.


Отқа  тақаған  балауыз  шамдай  қызып,  балқи  бастаған

мен  әрең  тоқтадым-ау  деймін.  Сол  кезде  Меңтай  келіп,

бар ықылас, махаббатын танытып, дірілдеген ыстық ернін

ерніме  тақағанда  теміршінің  электр  дәнекерлегішінің

тұмсығы  тиген  кесек  қорғасындай  ерітіп,  елжіреп  бара

жатқанымды сездім.

— 

Жарайды, болды, болды, - деді Майра тағы күліп. -



Бір жабыссаң, айырылмайды екенсің ғой ѳзің.

— 

Енді  қайтейін,  сүй  деген  соң  сүюдің  жѳні  осы  екен



деп жатқаным да, - деп Меңтай да қымсына күлді.

— 

Сен  ѳзің  жаңағылардың  бәрін  тегіс  айттың  ба?



Айтты ма? - деп Майра күлкісін тыйғаннан кейін Меңтай

екеумізге кезек қарады.

Меңтай басын изеді.

— 

Күні  бѳйы  арамызда  айтылмаған  жыр,  ашылмаған



сыр қалмаған сияқты, - дедім мен.

— 

Бәсе,  ѳзіңіз  айтыңызшы.  Әйтпесе  мынаның  қуанға‐



нынан  тіл-аузы  байланып  қалыпты.  -  Майра  Меңтайды

нұсқап,  тағы  да  сақылдап  күліп  алды.  -  Енді  сізді  «ағай»

дегенін қойды ма?

— 

Қойды, - дедім мен күліп.



— 

Бір,  -  деп  Майра  сол  қолының  шынашағын  бүкті.  -

«

Сіз» дегенін қойды ма?



— 

Қойды. Бірақ бұған бірнеше рет репетиция жасауға

тура келді. Ұмытып кетіп, қайта-қайта «сіз» дей береді.

— 

Әйтеуір сізді «сен» деуге тілі келді ғой.



— 

Келді.


— 

Екі, - деп, Майра аты жоқ саусағын бүкті. Содан соң

358



ол  «үндемеңіз»  дегендей  ишара  жасап,  маған  ақырын

кѳзін  қысып  қойды.  -  Дұрыс.  Ал  енді  сізге  Меңтай

«

жаным, сәулем!» деді ме?



— 

Жоқ, - дедім мен басымды шайқап.

— 

Ендеше  соны  айтқызу  керек,  -  деп,  Майра  бұры‐



штағы  биік  үстел  жанындағы  жайдақ  орындықтан

атып тұрды.

Ментай  оның  бұйрығын  екі  етпеді.  Жерде  қатар

отырған менің қолымды ұстап:

— 

Жаным! Сәулем! - деді үздіге үн қатып.



Маған  сол  арада  дүниеде  Меңтай  аузынан  шыққан

сѳзден тәтті, осы екі сезден күшті ештене жоқ сияқты боп

кѳрінді.

— 

Қой,  Майра,  сыртқа  шығып,  апама  кѳмектесейік,  -



деп Меңтай тез орнынан тұрды.

— 

Иә, сіз де жүріңіз, - деді Майра, не қыздармен бірге



сыртқа  шығарымды,  не  үйде  қаларымды  білмей,

қипақтап  қалған  маған.  -  Меңтай  сиыр  сауады,  сіз  бұзау

ұстайсыз.

Осыны айтып, Майра тағы да күлді. Сырттай сабырлы

кѳрінетін, орынсыз кѳп те сѳйлей бермейтін Майра бүгін

адам танығысыз боп ѳзгеріп кеткен сияқтанады. Әр түрлі

әзіл-күлкісімен Меңтай екеуміздің жанымызды қытықтап,

күміс қоңыраудай сылдыраумен болды.

Біз  бірімізді-біріміз  жетектеп,  сақылдай  күліп,

сыбырлай  сѳйлеп,  сыртқа  шықсақ,  Майраның  апасы

сиырды  сауып  болып  қойыпты.  Беседкаға  таяу  тұрған,

кірпіштен  қаланған  кішкене  мұржалы  қазандық  басында

кешкі тамағын түсіріп жатыр екен.

— 

Майраш,  тѳргі  үйге  шам  жақтың  ба?  -  деді  ол



қыздарының даусын естіп.

Біз  үйде  әңгімемен  отырып,  байқамаппыз.  Күн

әлдеқашан батып, кешеге қараңғылық үйіріле бастапты.

— 

Қазір,  апа.  -  Майра  бізге  қарай  бұрылды.  -  Бәләй,



359


сізге бұзау ұстатып, Меңтайға бір сиыр саудырып кѳрейін

деп едім, болмағанын қарашы...

Майратағы  да  ѳз-ѳзінен  сақылдай  күліп,  ішке  қарай

жѳнелді. Біз де қайта кірдік. Майра ондық шамды жағып,

биік үстелдің үстіне қойды.

— 

Майра,  мына  орындықты  дѳңгелек  үстелге  жақын‐



датып, шамды үстіне қояйық. Сонда жарығырақ болады, -

деді  Меңтай  бір  қолымен  шамды,  бір  қолымен  орын‐

дықты алып жатып.

— 

Жарайды,  жарайды,  -  деп  Майра  енді  ыдыс-



аяқтарды  сылдырата  бастады.  -  Иә,  жігітім  аузын  таба

алмай  қала  ма  деп  жаның  шығып  барады  ғой  тегі...

Майраның  езуі  күлкіден  жиылмады.  Бір  сѳз  айтып  -  бір,

екі сѳз айтып - екі күледі. Күле жүріп тамақ ішетін тарел‐

каларды үстел жанына жайғастыра бастады. Шам жақын‐

дағаннан  кейін  дѳңгелек  үстелдің  үсті  бұрынғыдан  бетер

жарықтала түсті...

«

Меңтайдың  мұнысы  қандай  оңды  болды?»  деп



ойладым  мен  ішімнен.  Тек  үстел  басы  ғана  емес,

Меңтайдың  әр  сѳзі,  әр  қимылынан  жаныма  жарықтарап,

жүрегіме нұр кіріп жатқан сияқты болып кѳрінді маған.

— 

Әлде,  сіз...  Ереке,  -  деді  Майра  маған  қарап.  Ол



бұрынғыша  «ағай»  дейін  деді  де,  олай  атамай  «Ереке»

деді.  -  Иә,  ала  кѳлеңкеде  аузыңызды  таба  алмайтын  ба

едіңіз?

— 

Майра, мен ѳз аузымды қараңғыда да таба аламын, -



дедім  жымиып.  Ѳзімше  тауып  айттым  деп  ойлап,  іштей

рақаттанып қалдым.

Майра бұған сақылдап күлді. Бір толқын күлкісі тола‐

стай  бергенде  екіншісі  басталды.  Содан  кейін  жалаңаш

білегімен кѳзінің жасын сүртіп, күлкісін тыйды.

— 

Әй, қайдан білейін, қараңғыда табатын кісі жарықта



адаспаса керек еді.

Майраның  үсті-үстіне  толқындата  неге  ұзақ  күлгенін

360



мен  енді  ғана  аңғардым.  Ол  менің  батылсыздығымды,

бостығымды  ажуалап  тұр  екен.  Ол  Майраның  «Батыл

болсаң,  Меңтайға  баяғыда  қолың  жететін  еді»дегені  екен.

Мен оны бірден мойындадым да:

— 

Иә, оның да рас, Майра, - дедім. Майра тағы күлді.



— 

Әй, Ереке-ай, қандай адал, ақ кѳңілсіз. Шындықтың

шеті  шықса,  шынжыр  торға  шырмалғандай  боп  қалаты‐

ныңыз  тағы  бар-ау  сіздің.  Біздің  мына  қыздың  кѳкейін

тесіп жүрген де осы адалдығыңыз ғой, шіркін!

Меңтай  үндеген  жоқ.  Тек  қасында  түрегеп  тұрған

Майраның бір иығынан құшақтап, оның маңдайынан қақ

жарған  қос  бұрымды  ұзын  шашын  қайта-қайта  сипалай

берді.

— 

Екеуіңе бір тарелка қояйын ба? - деді Майра иығын



құшақтап тұрған Меңтайға мойнын бұрып. Меңтай кѳзін

жыпықтатып, басын изеді.

— 

Бір қасық берейін бе?



Меңтай тағы да бас шұлғыды.

— 

Айттым  ғой  мынау  бүгін  тіл-жағынан  біржола



айырылып қалған деп.

Майра тағы да сықылықтап кеп күлді. Қыз жүрген жер

қызықсыз,  күлкісіз  болмайды  ғой.  Дегенмен  Майра  бүгін

бірнеше  қыздың  күлкісін  бір  ѳзі  міндетіне  алған  сияқты

болды.  Оның  үстіне  Майраның  бұл  жағдайы  күлгенінен

күлімсіреуі  кѳп  Меңтай  мен  ешқашан  қарқылдап  қатты

күлмейтін  менің  қасымда  ерекше  білініп  тұрды.  Алайда

Майраның  күлкісі  адал  досқа  деген  ақ  жүректен  ақта‐

рылып жатқан асыл қазына екенін біліп, бізде оны іштей

қосыла құптауда едік.

— 

Балалар,  үстелді  жасадыңдар  ма?  -  деп  дауыстады



осы  кезде  ыдыс  кѳтеріп,  сырттан  кіріп  келе  жатқан

Майраның шешесі.

— 

Дайын, ана, - деп Майра мен Меңтай қосыла жауап



қатты.

361



Майраның  апасы  буы  бұрқыраған  бір  тегене  ыстық

асты  үстел  қасына  әкеп  қойды.  Ѳзі  соның  жанына

жайғасты да, қызының қолынан бір-бірлеп тарелка алып,

бәрімізге  бѳліп  құя  бастады.  Абзал  ананың  қолымен  ақ

сүтке  жасалған  кеспе  кѳже  Меңтай  екеуіміз  ақ  тілеумен

табысқан  алғашкы  күні  аузымызға  алған  асыл  асымыз

болды.

— 

Ішіңдер, қарақтарым. Нанмен қосып ішіңдер, - деп



шешеміз  бәйек  болып  жатыр.  Содан  сон  маған  карай

бұрылды.  -  Қарағым,  сен  азаматсың  ғой,  тауысып  іш.

Келгенің  жақсы  болды,  айналайын.  Сенің  тѳбең  кѳрін‐

геннен бері мына екі баламның ажары кіріп, адам болып

қалды.

— 

Иә,  ажары  ғана  емес,  мына  қызыңыздың  кеудесіне



жаны кіріп, жақсы болып қалды, апа, - деп Майра ѳзінен

жоғарырақта,  маған  тақау  отырған  Меңтайды  нұсқады.

Шешесі  басын  кѳтеріп,  қызына  қарады.  Меңтай  «тыныш

отыр»  деген  ишара  жасап,  Майраны  ақырын  жеңінен

тартқылады. Бірақ оған Майра тоқталмады. - Меңтай мен

мына  отырған  балаңыз  екеуі  бір-біріне  Қыз  Жібек  пен

Тѳлегендей  ғашық  болатын.  Араларына  бір  Тұмажан

деген  Бекежан  түсіп,  мына  балаң  оқуын  тастап,  былтыр

басқа қалаға кетіп қалған. Дүниеде Бекежандар оңушы ма

еді,  ол  Меңтайдың  оқу  бітіруін  тоспай,  басқа  біреуге

үйленіп  қойыпты.  Сѳйтіп  мына  аңқау  қызынды  алдап

кетіпті.  Иә,  кеткені  жақсы  болды  сол  сұмпайының!  -  Бұл

тұста  Майраның  жазық  маңдайы  шытынап,  кеудесін  ыза

кернегендей,  дауысы  дірілдеп  шықты.  -  Мына  балаң  оны

білмей,  ана  жақта  жүре  берген.  Ал  қызың  ұялып,  оны

айтпаған. Сонымен андағы Ербол балаң жазғы оқуға келе

жатып,  жолда  бір  жерде  жаңағы  сұмпайымен  -  Беке‐

жанмен  кездеседі.  Содан  бар  жайды  біледі.  Білген  соң

Меңтайды  іздеп,  кеше  осында  келеді.  Иә,  апа,  мына

қызың,  -  ол  қолымен  Меңтайды  бүйірінен  түртті,  -  бүгін

362



бұрынғы  Меңтай  емес.  Тѳлегеніне  қосылған  Қыз  Жібек

боп отыр кәзір. Ал құттықта, апа, балаларыңды.

— 

Алда,  қарақтарым-ай!  Алда,  айналайындар-ай!



Бақытты  болыңдар  ендеше!  Босағаларың  берік,  үбірлі-

шүбірлі болыңдар, қалқаларым, - деп Майраның шешесі

қапелімде аузына түскен тілегін айтып, ақ батасын берді. -

Келіңдерші,  қарақтарым,  екеуіңнің  де  беттеріңнен

сүйейін,  -  деп  орнынан  тұрды.  Біз  де  қоса  кѳтерілдік.  Екі

беті  қып-қызыл  боп  кеткен  Меңтай  тѳмен  қарап,  ілбіп

басып,  Майраның  анасына  қарай  аяңдады.  Ана  оны

айқара 


құшақтап, 

бауырына 

басып, 

қайта-қайта

шашынан  иіскеді.  Содан  соң  маңдайынан  сүйді  де:  -

Қосағыңмен қоса ағар, ботам! - деді.

— 

Айтқаныңыз  келсін,  апа,  -  деген  үш  сѳзді  даусы



дірілдеп  әрең  айтты  да,  Меңтай  Майраның  анасын  тез

қайта құшақтап, солқылдап жылап қоя берді. Оған қосы‐

лып, ана да кѳзіне жас алды. Меңтай жылағанға мен қоса

қиналып,  ернімді  тістелей  бастадым.  Ішіміздегіміз

бақпаған Майра ғана болды.

— 

И-иә, несіне жылайсың? Қуанғанына кѳрінсін! - деді



ол  құрбысын  сыртынан  құшақтап,  анасының  бауырынан

ажыратып  жатып.  Содан  соң  маған  қарап,  кѳзін  бір

қысып қойды.

—  «


Қуанған  да,  қорыққан  да  бір»  деген  ғой,  қайтсін

жыламай,  -  деді  Майраның  шешесі  басындағы  орама‐

лының ұшымен ѳз кѳзінің жасын сүртіп жатып. - Бәлкім,

анасы есіне түскен болар. Ол байғұс тірі болса, ѳз қолынан

ұзатар еді ғой бүгін. -Осы сѳздерді айтып болған соң ана

құшағын  жайып  маған  бұрылды.  -  Кел,  балам.  Аналық

құшағын кең жайып тұрған бұл мейірбан кісі менің де ѳз

шешеме  ұқсап  кетті.  Мені  де  алдымен  тѳсіне  басып,

сонсоң екі қолын екі иығыма салып, тебірене сѳз сѳйледі

— 

Сен  де  жалғыз  екенсің,  балам.  -  «Жалқылығым



жадыңда  екен-ау»  деп  ойладым  ішімнен.  -  Жалғыздың

363



жан  жолдасы  -  ары  мен  жары  болады.  Ендеше,  қалқам,

жарыңды  жаныңмен  тең  ұста,  жаныңды  арыңмен  тең

ұста.  Сен  сенімді  серік  болсаң,  Меңтайым  мейірімді  жар

бола алады саған. Жерден шыққан жетім қыз алдым деме,

шырағым.  Ақылды  қызға  -  ана  кѳп,  аяулы  жанға  -  пана

кѳп.  Мен  жалғыз  Майраның  ғана  емес,  Меңтайдың  да

анасымын, қарағым...

— 

Иә,  біздің  апам  боздатты  біржола,  -  деді  Майра



Ментайдың кѳз жасын құрғатып жатып.

Әзіз ана ѳз сѳзін одан әрі жалғастыра берді.

— 

Ендеше сен құрсағымнан шықпаса да, құшағымнан



шыққан  баламды  алғалы  тұрсың,  міне.  Еркектің  бақыты

да, тақыты да жақсы жар болады, шырағым. Саған айтар

ақыл,  берер  кеңесім,  қарағым:  ѳзіңді  тапқан  анаңды

сыйласаң  -  анау  адал  жарыңды  сыйла.  Сенің  де  анаң  бір

кезде  осындай  жас  келін  боп  түсіп,  жан  ұшырып  жүріп,

сені  дүниеге  келтірген.  Ана  болғаннан  кейін  дана  болған.

Адамның екінші қымбаты - арыңды қадірлесең, жарыңды

қадірле,  қарағым.  Мына  бүлдіршіндей  Меңтайымды

жарым деп қана емес, жаным деп қабылда, қалқам. - Осы

арада ана бір тоқтап, тыныс алды да, сѳзін аяқтады. - Бұны

Жетісудың  бір  бейтаныс  кемпірінің  сѳзі  емес,  ѳзіңнің

туған шешеңнің есиеті деп ұқ, балам!

Осылай деп ана менің де маңдайымнан сүйді. Ананың

сѳздері  менің  де  сай-сүйегімді  сырқыратты.  Меңтай

кѳзінен тағы да үнсіз жас сорғалады. Бұл тұста Майра да

босады.  Мұнысын  білдірмеу  үшін  ол  Меңтайды  уата

жүріп, оның бетін үнсіз аймалай берді.

Жүрегім  елжірей  тұрып  мен  осынау  шүйкедей

кемпірдің  шешендігіне,  даналығына  таң  қалдым.  Менің

Флобер,  Бальзак,  Тургенев,  Горький  кітаптарын  айлар

бойы  ақтарып,  алтын  тапқандай  қуана  қойын  дәптеріме

кѳшіріп  алатын  асыл  создерімді  бұл  кісі  бір  ғана  сәтте

түйдек-түйдегімен  тѳкті  де  салды.  Осы  үйдегі  кешеден

364



бері  ең  елемеген  адамым  да  осы  кісі  еді.  Кеше  келгенде

«

Сәлеметсіз бе, апа» деп сәлем беріп, кетерде «сау болы‐



ңыз,  апа»  деп  қоштасқаннан  басқа  жылы  ұшырап,  бір

ауыз  сѳйлескемін  жоқ.  Менің  есіл-дертім  екі  қызда,

Меңтайда  болды.  Солар  не  айт  десе,  соны  айтып,  осы

үйдің  алдында  патефондай  сайрадым  да  отырдым.  Олар

күлген сайын мен әңгімемді соза бердім. Оларды күлдіре

түскім,  қуанта  түскім  келді.  Сонда  мәсісінің  ұшымен

басып,  есікті  сықырлатпай  ашып,  үйге  кіріп-шығып

жүрген осы кісі кѳлеңке іспетті ғана боп кѳрініп еді маған.

Кітап  қадірлегіш,  ѳткен  данышпандарды  сыйлағыш  мен

екі  күн  бойы  қасымдағы  тірі  дананы  елемеппін-ау.  «Ана

болғаннан кейін дана болған» деген сѳзі қандай жақсы еді

апамның!  Жо-жоқ,  жалғыз  бұл  емес,  жаңағы  айтқан  бар

сѳзі  маржан  ғой  тізіліп  тұрған.  Кеш  менің  білместігімді,

данышпан  ана.  Мен  ішпей  маспын  ғой  бұл  күндері.  Мас

кісі не білуші еді, не анғарушы еді. Соны ескер, абзал ана.

Әрине, мен мұны ауызша айтқамын жоқ. Оймен айттым.

Ѳйткені  мен  үндемей  отырып,  іштей  сѳйлесуге  ғана

шешенмін  ғой.  Ал  ауызша  айтқан  бар  сѳзім  мынау

ғана болды.

— 

Алдияр ана, айтқаныңызды орындаймын! - деп бас



иіп, ант еткендей оң тіземді бүктім.

Бұл  менің  анаға  деген  ризалығым  еді.  Бұл  және

Меңтайға  ризалығымнан  айтылған  сѳз  болатын.  Осы  аз

сѳздің  ѳзін  әрең  айттым.  Ѳйткені  мен  ѳзімнің  тебінгідей

үлкен еріндеріме ие бола алмай қалдым. Ол жылаған жас

баланың ерніндей боп, кемсеңдеп кетті.

Майра жүгіріп кеп, мені қолтығымнан кѳтерді.

— 

Иә,  не  боп  кетті  ѳзі.  Жұрт  қуанады  екен  десе,  -  деп



ол ѳз-ѳзінен күбірлеп жүр.

— 

Қуаныш деген осы ғой, күнім, - деді ана енді камзо‐



лының қалтасынан орамалын алып, кѳзін сүртіп жатып. -

Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан

365



кешіретін  тәтті  қуаныш  қана.  Азаппен  келетін  ащы

қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап,

жүректі  сыздатып,  жылата  келеді  ғой,  қарағым.  Ең

қайырлы қуаныш та сол болады.

— 

Иә, апам бүгін философ болып кетіпті, - деп Майра



бізді  орнымызға  жайғастыра  бастады.  -  Отырыңызшы,

Ереке. Отырсаңшы, Меңтай.

—  «

Былайсоп-мылайсобыңның»  не  екенін  білмеймін,



қалқам,  -  деді  ана  қызы  орнына  отырған  соң.  -  Соғыс

кезінде  соқаға  жеккен  сиырды  «соп!»  дейтінбіз.  Менің

білетінім  осы  ғана.  Ендігі  білетінім  -  ертең  ел-  жұртты

жинап, той жаса, балам.

— 

Иә, жасаймыз, - деп Майра күлімдеп кетті.



— 

Ертең  ана  ақ  бұзауыңа  айырбастап  колхоздан  бір

семіз қой ал. Жиырма жылдан бері осы колхоздың ысты‐

ғына күйіп, суығына тоңып келеміз ғой. Соғысқа кеткенше

әкең де табан аудармай жұмыс істеген. Берер бір малын.

— 

Береді,  апа,  береді,  -  деді  Майра  алақанын



шапалақтап.

— 

Берсе, солай ет, ботам, - деп ана орнынан кѳтерілді.



Ол тегенені, Майра мен Меңтай ыдыс-аяқты жинап алып,

ауыз үйге әкетті.

Тѳргі  бѳлмеде  оңаша  қалған  мен  ѳз-ѳзімнен  отырып

тағы  да  тебірендім.  Ері  соғыста  ѳлген,  жалғыз  қызын

медеу етіп, күнделікті еңбегімен күн кѳріп отырған жесір

әйелдің  мынадай  мырзалығына  және  таң  қалдым.  Алты

аласы, бес бересі жоқ біреуге той жасап, жалғыз бұзауын

сойып  бермек.  Неткен  дарқандық  десеңші  бұл!  Бүгін

біреуге той жасап, ертең ѳздері аш отыруға бейіл ғой бұл

ел.  Жоқ,  Меңтай  екеуміз  бұзауды  сойдыртпаспыз.  Ал

алда-жалда айтқанымызға кѳнбесе, екі есеғып ѳтерміз бұл

жақсылықты.  Жалғыз  Майраның  ғана  емес,  үшеуміздің

бірдей ортақ анамыз етіп алармыз бұл кісіні!

Мен осыны ойлап отырғанда тѳргі үйге Майра кірді.

366



— 

Біз, Меңтай екеуміз де күнде беседкаға жатушы едік,

деді ол орындықтағы шамды алып, биік үстелдің үстіне



апарып жатып. - Үй ыстық. Сізге тѳсекті қайда салайық?

— 

Үйдің  тѳбесіне  жатуға  бола  ма?  -  дедім  мен.  Менің



бүгінгі  кѳңіл  күйім  не  үйдің  тѳбесіне,  не  таудың  тѳбесіне

жатуды керек қылғандай еді.

— 

Болады. Онда мен сізге тѳбеге салайын, - деп Майра



тѳр  жақта  жинаулы  тұрған  жүкті  бұза  бастады.

Орнымнан ұшып тұрып, мен де оған кѳмектесуге кірістім.

Мен  текеметті,  Майра  кѳрпе-жастықты  кѳтеріп,  екеуміз

сыртқа  қарай  беттедік.  Меңтай  ауыз  бѳлмедегі  биік  ағаш

тѳсектің жинауын бұзып жатыр екен.

— 

Меңтай,  -  деді  Майра  шығып  бара  жатып,  -  сен



андағы, апамның тѳсегін салып болғаннан кейін ѳзіміздің

тѳсек-орынды беседкаға апара бер.

— 

Жарайды, Майра.



Бұл  екі  сѳз  маған  ғажап  музыка,  асқақ  әндей  боп

білінді.  Сол  ән  мен  музыка  жаныма  қанат  бітіріп,

жайраңдап  далаға  шықсам,  аи  сүттей  жарық,  ауа  қымы‐

здай  тәтті  екен.  Кеудемді  кере  дем  алып,  қабырғаға

сүйеулі тұрған саты ағаштың орта беліне дейін кѳтерілдім

де,  текеметті  жоғары  шығардым.  Одан  соң  жерде  тұрған

Майраның қолындағы кѳрпе-жастықты алып, тесекті ѳзім

салып  аламын  деп  оны  қоя  бердім.  Маған  алаңдамай,

олардың тезірек беседкаға жайғасуын тіледім.

367



М

айра  маған  бір  кѳрпе  мен  бір  жастық  және

ұзынша  келген  құрақ  кѳрпеше  беріпті.  Соғыстан

соңғы,  дүниеге  тапшы  кез  еді  ғой  ол.  Құрақ  кѳрпешені

текемет  үстінен  тѳсеуге  әрі  простыня  орнына  бергенге

ұқсайды.  Тѳсекті  тез  салуын  салып  алғаныммен,

тыншығып  жата  алмадым.  Текеметке  киімшең  құлаған

бойыммен, ѳлі тигендей дѳңбекшіп, біресе оң жамбасыма,

біресе  сол  жамбасыма  аударыла  беремін.  Кейде  тѳмен

домалап,  үй  үстіне  қаулап  ѳскен  алабота,  кѳк  қурайды

сытырлата  сындырып,  аунай  кеп  жѳнелемін.  Тѳбедегі

шѳпті  ат  аунағандай  етіп  жапырамын  да,  одан  соң

қайтадан  орныма  ораламын.  Біраздан  кейін  киімімді

шешіндім де, тек трусишең ғана күйде қалдым. Содан сон,

аюмен  алысқандай  боп,  екі  иығымнан  демалып,  екі

танауым делдеңдеп біраз шалқамнан жаттым.

Сѳйтіп  жұрт  аяғы  басылып,  ел  ұйқыға  кеткенше  ѳз-

ѳзімнен  аласұрумен  болдым.  Әлден  уақытта  жолбары‐

стай ырғып орнымнан тұрдым да, біреу кѳріп қоятындай

еңкеңдеп,  бір  басып,  екі  басып  сатының  қасына  келдім.

Беседка  жаққа  кѳз  салып  едім,  қыздардың  жайбарақат

ұйықтап  жатқандары  аңғарылды.  Сатыдан  түсе  салып,

жүгіріп  қастарына  барсам,  Майра  басын  бүркеп  алған

екен.  Қою  қара  шашы  ақ  жастыққа  шашылып,  шалқа‐

сынан  жатқан  Меңтайды  кѳргенде  үстіне  құлап  түсе

жаздадым.  Буын-буыным  қалтырап,  тынысым  тарыла

түсіп,  Меңтайды  еңкейіп  ернінен  сүйдім.  Ол  тез  кѳзін

ашып  алды  да,  мені  қос  қолымен  бетімнен  сипап,

мойнымнан құшақтады.

Мен дегбірім кетіп, оны тез орнынан тұрғызбақ болып,

екі қолынан тарттым. Меңтай кеудесін кѳтеріп отырды да,

Майра  жаққа  карап,  маған  екі  саусағын  кѳрсетіп,  ерніне

басты. Онысы: «Ақырын, Майра оянып кетеді» дегені деп

ұқтым. Мен оған саусағыммен беседканы нұсқап, одан соң

үйдің үстін кѳрсеттім. Оным: «Жүр, үйдің тѳбесіне барып

368



жатайық»  дегенім  еді.  Ол  орнынан  тұрып,  үндеместен

соңыма  ілесті.  Беседкадан  шыққаннан  кейін  екеуміз  қол

ұстасып,  сатыға  қарай  жѳнелдік.  Жұқа,  шолақ  ішкѳйле‐

гінен  екі  тізесі  жарқ-жарқ  кѳрініп,  ақ  мәрмәрдәй  мойын,

кеудесі айға шағылысып, қалың, қою, ұзын қара шашы ту

сыртын  қара  мақпалдай  қымтап,  Меңтайдың  сахнаға

шыққан бишідей

аяғының  ұшынан  лыпып  басып,  қасымда  келе

жатқанын  кѳргенде  менін  жүрегім  жарылардай  боп

дүрс-дүрс соқты.

Үйдің  үстіне  шыққаннан  кейін  Меңтай  тѳсек  үстіне

келіп, демін ішіне тартып, дымы құрығандай боп шоқиып

отыра  кетті.  Сол  тұста  кѳкте  қайырған  қыранның  теге‐

урінінен  тайсалақтап,  діріл  қағып,  жан  ұшырып,  тегіс

жерде  шалқасынан  құлаған  қызыл  түлкінің  үстіне  жарқ

етіп,  нажағай  соққандай  болды.  Ерінді  ерін  тауып,  бір-

бірінен  шырын  сорып,  бал  жұтысқан  тойымсыз,

тынымсыз толассыз бір сәт туды.

Меңтай  екеуміз  құшақтасып,  жалаңаш  денеміз

сүйіскен  екі  еріндей  жабысып,  кѳрпе  астында  үн-түнсіз

ұзақ  жаттық.  Бұл  -  күн  ыстықта  ұзақ  жол  жүріп,  қаны

кеуіп  шаршап,  қаталап  келіп,  алдынан  кездескен  мѳлдір

бұлаққа  бас  қойған  адамның  алғашқы  алған  рақатынан

кейінгі  тапқан  тынысы  тәрізді  шақ  еді.  Қатты  шѳлдеген

адамның  сусыны  қанушы  ма  еді?  Менің  тағы  да  шѳл

қандыру  әрекетіне  кіріскім  келді.  Осы  кезде  Меңтай  мені

сәл бѳгеп, бір нәрсе сұрағысы келгендей ыңғай білдірді.

— 

Сіз... сен менен жиіркенген жоқсың ба? - деді ол.



-

Жоқ.


— 

Жиіркенбейсің бе?

— 

Жоқ.


— 

Ѳмір бойы ма?

— 

Иә...


Осы  кезде  менің  денемнің  Меңтай  жақ  жартысы  дір

369



ете  қалғандай  болды.  Діріл  тез  қайталап,  бірден  жиілей

түсті.  Сѳйтсем,  Меңтай  ѳксіп,  жылап  жатыр  екен.  Оны

неден ренжітіп алдым деп мен жаным шыға бәйек болып,

асты-үстіне түстім.

— 

Не болды, жаным?



— 

Жай, әшейін.

— 

Әшейін  емес  қой,  айтшы,  қуатым,  -  дедім  мен



жалынып.

— 

Әшейін,  -  деді  Меңтай  үстіміздегі  кѳрпенің  шетіне



кѳзін сүртіп.

— 

Айтшы, сәулем?! - дедім оның ащы жас шыққан екі



кѳзінен, аузынан тынбастан сүйіп. - Айтшы, қуатым.

— 

Жай,  әшейін  дедім  ғой...  Сен  болмасаң,  мені  кім



бағалар  еді?  Ѳзегіне  құрт  түскен  алмаға  кім  қолын  созар

еді... деп... Әшейін соған..

Меңтайдың  неге  жылағанын  енді  білдім.  Тезірек  оны

жұбатуға асықтым.

— 

Қойшы,  қалқам,  оны  ойламашы,  -  дедім  тағы  да



толассыз  сүйіп  жатып.  -  Ол  бір  сәт  түнде  кѳрген  жаман

түс сияқты болып, ѳтті де кетті емес пе. Ойламашы соны.

Сен бітеу тұрған, бұзылмаған ең тәтті алмасың, жаным!

— 

Мен  сіздей...  сендей  кісіге  лайық  емеспін-ау,  тең



емеспін-ау деп ойлаймын.

— 

Жоқ, лайықсың! Сен менен артықсың, сәулем!



Меңтай біраз үнсіз жатты.

— 

Жарайды, сенің кѳңіліңе келмесе болды маған, - деп



ол  мені  ыстық  ернімен  аймалап,  жұмсақ  алақанымен

жанымды сүйсіндіре жауырынымды сипады.

— 

Келмейді, келмейді, қуатым! Сенші маған. Келмейді



ешқашан  да!  Ешқашан  да!  Мен  сені  осылай  құшып

жатқаныма  бақыттымын,  қуатым,  қызығым,  ѳмірім,

ѳзегім!..

— 

Айналайын, кѳкетайым! - деді Меңтай «айналайын»



деген сѳзді жанды еріте созып айтып.

370



Айлы  түнде  айдай  жарымның  ашық  жатқан  аппақ

кеудесіне  тағы  да  құмарта  кѳз  тіктім.  Ұлы  даналар

жасаған  жан  ләззаті  -  жалаңаш  әйел  бейнелері  кѳз

алдыма  елестеді  сол  сәт.  Гойяның  биік  тѳсекте  шалқалай

сұлап,  топ-томпақ  қос  анары  қызықтыра  кѳз  тартып,

ѳзіне  маужырай  қараған  бұраң  бел,  жалаңаш  Махасын

кѳргендей тамсандым. Енді бір сәт Тицианның қою қолаң

шашын  уыздай  денесіне  шәлі  етіп  жамылып,  жұмыр

білегі,  қос  анары,  үлбіреген  ақтамағы  ғана  ашық  қалған

жанды  еріткен  жас  сұлу  Мария  Магдалинасы  мен  ақ

санын  айқара  ашып  тастап,  сабыры  сарқылып  жатқан

Данаясының; бір сәт Рубенстің оң иығына жалт бұрылып,

әлденеге құмарта қарап қалған сымбатты Вирсавиясының

қасында тұрғандай сұқтандым.

— 

Айналайын,  -  деді  осы  кезде  Меңтай  даусын  соза



сѳйлеп, жалынғандай болып, - қарамашы тесіліп, қойшы,

кѳкем! Ұяламын! Біреу кѳріп қояды.

— 

Кім  кѳреді?  Ешкім  де  кѳрмейді,  -  деймін  мен  оны



кеудесіндегі тырсиған ақ алмасынан аймалап.

— 

Әне,  ай  кѳріп  тұр,  -  деді  Меңтай  күліп,  қытығы



келіп.

— 

Ай кѳрсе, кѳре берсін.



— 

Ол айналасына айтады.

— 

Айтса, айта берсін.



— 

Жұлдыздар кѳріп қойды. Олар жер жүзіне жаяды.

— 

Жайса, жая берсін.



Дүниеде  әйелдің  тәнінен  тәтті,  оның  тұлғасынан  сұлу

ештеңе  жоқ  шығар  деп  ойладым  мен  Меңтайдың  ақ

денесін  кѳрпемен  қайтадан  қымтап  жатып,  -  Әйелдің

асыл тәніне тәнті болу - еркектік тіршіліктің түйіні шығар

деп түйдім мен онда. Бірақ ешбір картина менің Меңтай‐

ымның  сымбатын  бере  алмайды.  Барлық  Венералар  да,

Данаялар  да,  Мариялар  да,  Вирсавиялар  да  Меңтайдың

шеніне келмейді. Ѳйткені бұл ешкім кѳрмейтін, менің ѳз

371



картинам,  ѳз  дүнием,  ѳз  байлығым,  ѳз  бақытым!  Міне,

мен  Меңтайды  бауырыма  басып,  ішімнен  осылай  деп

жаттым.  «Меңтай  -  менің  ѳз  картинам,  ѳз  дүнием,  ѳз

байлығым, ѳз бақытым!» деп мың мәртебе қайталадым.

Әйел  мүсінінің  сұлулығын  қылқаламмен  жырлап

ѳткен  ұлы  даналар  қалдырған  Эрмитаж  қабырғаларын‐

дағы бір кѳрген адамның ешқашан есінен кетпес мәңгілік

ғажап  картиналар-дай  болып,  сол  бір  түн,  жарық  ай,

жалаңаш  Меңтай  күні  бүгінге  дейін  менің  кѳз  алдымда

қалды.  Сол  жолы  мен  сұлулықтың  шын  сырын  ұқтым.

Әйел  сымбаты,  әсіресе  оның  жа-лаңаш  мүсіні  дүниедегі

ең  қуатты  күш  екенін  түсіндім.  Әйел  тәні  еркектер  үшін

магнитпен  пара-пар  екенін  білдім.  Жалаңаш  әйелді  жау

да  жеңе  алмас-ау  деп  ойладым.  Бұл  сабақты  маған  сол

түн,  сол  сәт  берді.  Ол  түн  маған  дүниеде  ең  бір  ұлы

сабақтың алғашқы әліппесі болды.

Мен  шалқамнан  жатырмын.  Меңтай  бір  қырындап,

мені  құшақтап  алған.  Мен  оны  мойнынан  қысып,  екінші

қолыммен  қолын  сипап  жатырмын.  Аспанда  асыға  ай

дѳңгелеп  барады.  Одан  әріректе  менің  Меңтайымның

жүзін кѳруге таласқандай боп, жұлдыздар жапырласады.

Олар бір-бірімен жарыса жымыңдасады. Содан соң: «Сен

қандай  бақыттысың!»  деп  маған  бас  изегендей  болады.

«

Иә, мен бақыттымын! - деймін жұлдыздарға күбірлеп. -



Менің бақытыма сендердің де сандарың жетпейді!» Ѳстіп

Меңтайды құшақтап, жұлдыздармен сѳйлесіп жатып мен

соншама  бір  ғажап,  рақат  теңізінің  түбіне  қарай  шым

батып бара жатқандай сияқтандым.

Таңертең  Меңтай  ерте  тұрып,  мені  қайта-қайта  сүйді.

Содан  соң  беседкадағы  Майраның  қасына  кетті.  Мен

жалғыз қалдым. Бұл жолғы жалғыздығымды мен басқаша

сезіндім. Үй үстінде бір ѳзім оңаша болғаныммен, Меңтай

кѳзге  кѳрінбей,  қасымда  жатқан  тәрізденді.  Ол  да  оңаша

емес, қасына мені алып жатыр деп ойладым.

372



Кѳкжиектен  дѳңгелеп  күн  шығып  келе  жатты.

Жалғыз  жатып,  мен  күбірлеп  күнмен  сѳйлестім,

сыбырлап  желмен  тілдестім.  Оларға  да  ѳз  бақытымды

айттым.


Бір  кезде  үйден  шелегін  салдыратып,  сиыр  саууға

Майраның  анасы  шықты.  Мен  киініп,  үй  тѳбесінен  түсіп,

абзал анаға сәлем бердім.

— 

Армысыз, анам!



— 

Бар бол, балам. Ұйқың келмесе, ѳзенге бар, - деді ол.

— 

Бүрген, Бүрген, мен бақыттымын, - дедім ѳзен жаға‐



сына келіп айқайлап.

Одан соң аяңдап гүлді ѳзекке түстім.

— 

Гүлдер, гүлдер! Мені құттықтаңдар! Мен сендердей



гүл  құшақтадым,  мәңгі  құштым!  -  дедім  оларға.  Гүлдер

қуана  құттықтап,  бастарын  изесті.  Содан  соң  мен  Кѳктѳ‐

беге кѳтерілдім.

— 

Мен  бақыттымын!  -  дедім  тѳбе  басында  тұрып



дауыстап.  Маған  алыстағы  таулар  үн  қосты.  Олар:  «Мен

бақыттымын!  Мен  бақыттымын!»  деп  жаңғырыға  жауап

қатты.

Маған  Бүрген  ѳзені  шалқып  жатқан  дария,  Кѳктѳбе



асқар  тау  сияқты  боп  кѳрінді.  Мен  дүниенің  тѳріне

шығып, тѳбесінде тұрғандай сезіндім ѳзімді.

Иә,  сол  күні  кешке  Майра  болмастан  той  жасады.

Ауыл  жиналды.  Махаббат  гимні  -  «Жар-жар»  айтылды,

әндер  шырқалды.  Ауыл  адамдары  Меңтай  екеумізге  ақ

жүректерінен  шыққан  адал  тілектерін  айтысты.  Шарап

жоқ, шатақ жоқ шаршы ғана жиын жасадық ѳзімізше.

Ертеңінде Меңтай, Майра, мен үшеуміз қалаға келдік.

Жатақханаға  кірсек,  маған  деген  тілдей  ашық  хат  жатыр.

Оқып жіберсем, былай деп жазылыпты.

«

Ербол!


Сен бізге аса қажетсің. Тез келіп, маған жолық.

Б. Уазитов».

373



— 

Мені  редакция  іздеп  жатыр.  Барамыз  ба,  қыздар?  -

дедім неге екенін білмесем де ѳз-ѳзімнен қуанып.

— 

Барайық, - деді олар бірден.



Базардың  қасына  келіп,  трамвайға  отырдық.  Одан

кейін  біраз  жаяулап,  редакцияға  бардық.  Жол  бойы  мен

жақ  жаппастан  сѳйлеумен  болдым.  Қыздар  күлумен

болды.


Қыздар тосып, сыртта қалды. Мен ішке кірдім.

— 

Ә,  келдің  бе,  Ербол?  -  деді  жауапты  секретарь  мені



кѳріп. - Сәлеметсің бе? Хал қалай? Сессияң бітті ме?

— 

Бітті.



— 

Окуыңды қашан тауысасың?

— 

Енді бір он шақты айдан кейін.



— 

Бізде  бір  орын  босады.  Сені  қызметке  алсақ  деп

ойлап едік. Қалай кѳресің?

— 

Ақылдасып кеп артынан айтайын. Кімнің орны?



— 

Шалғынбаевтың орны.

Менің кѳзім бақырайып кетті.

— 

Ол қайда? Неғып кетті?



— 

Басқа  жұмысқа  ауысты.  Газетте  істеуге  қабілеті

жетіңкіремеді.  Оның  үстіне  мақтаншақ,  даңғой,  ішкіш

адам болып шықты. Ал ѳз шешіміңді айт кәне.

«

Апырай, Шәкем-ай, - дедім мен ішімнен. - «Аһ!» деп



ѳзіңнен  ѳзің  сиыр  қайырғандай  болып  отырушы  едің.

«

Тіркемелі» жүз елу грамм түбіңе жеткен екен ғой, тегі».



— 

Қазір,  семьяммен  ақылдасайын,  Бәке,  -  дедім

содан соң.

— 

Семьялы  болып  па  едің?  Құтты  болсын!  -  деді



жауапты  секретарь.  -  Семьялы  болсаң,  осы  қызметке

кіргенің жѳн болар.

Жүгіріп есік алдына шықсам, Меңтай мен Майра күтіп

тұр екен.

— 

Иә, неге шақырыпты? - деді Майра.



— 

Бізге қызметке кел дейді.

374



— 

Иә, сіз не дедіңіз?

— 

Семьяммен ақылдасайын, - дедім.



Майра мәз болып күлді.

— 

Ал, семьясы, айт, - деді Меңтайға бұрылып.



— 

Оқу бар ғой, - деді Меңтай.

— 

Қалған  бір  курсты  жұмыс  істеп  жүріп-ақ  бітір‐



меймін бе?

— 

Ана жақтағы жұмысыңды қайтесің?



— 

Оны  тастаймын.  Редакция  ол  жақтан  ѳзі  босатып

алады.

— 

Қайдам, ѳзіңе ауыр болып жүрмесе?



— 

Жок,  түсейін.  Менің  арманым  нағыз  журналист

болу  емес  пе?  Ол  үшін  осы  газетте  жұмыс  істеуім  керек.

Оның  үстіне  қызметістесем,  екеуміздіңде  жағдайымыз

жақсарады.

— 

Ѳзің  біл.  Бірақ  маған  осыдан  артық  еш  жағдайдың



керегі  жоқ,  Ербол.  Мен  қандай  қиындық  болса  да

шыдаймын ғой.

Сол  күні  маған  Ербол  Есенов  республикалық  газеттің

әдеби  қызметкері  болып  тағайындалсын  деген  бұйрық

берілді.  Тағдыр  менің  сүйген  қызымды  да,  сүйікті

қызметімді де осылай, бір-ақ күнде қолыма ұстатты.

Сонымен,  не  керек,  нағыз  бақытты  жан  мен  болдым.

Меңтай екеуміз Мичурин кѳшесінен оңаша бѳлме жалдап

алдық.  Мен  Меңтай  дегенде,  ол  мен  дегенде  ішкен

асымызды жерге қоятын болдық. Біріміз жоқта біріміз бір

ұрттам  су  ішпейтінбіз,  тамағымыздан  ѳтпейтін.  Мен

жұмыстан,  ол  сабақтан  босасақ-ақ  болды,  екеуміз  бір-

бірімізге  қарай  ұмтылатынбыз.  Жылдам  жетіп,  жолығы‐

сқанша асығатынбыз.

Біздің  кішкентай  бѳлмеміз  бүкіл  курс  студенттерінің

орталығына  айналды.  Олар,  әсіресе,  демалыс  күндері

біздің  үйден  шықпайтын.  Шай  ішетін,  шарап  тататын.

Ѳте-мѳте Жомартбек пен Майра біздің үйге жиі келетін.

375



— 

Екеуің қосылсаңшы, - дейтінбіз біз оларға әзілдеп.

— 

Менің  қосылғым-ақ  келеді-ау,  -  дейтін  ондайда



Жомартбек күліп. - Бірақ мына Майра мен сенен үш жас

үлкенмін,  апаңмын  деп  болмайды.  -  Осылай  деп

Жомартбек  күлкісін  тыя  қояды  да,  моп-момақан  болып,

Меңтай  екеумізге  кезек  қарайды.  Содан  соң:  -  Апасын

алушы ма еді жұрт? - деп сұрайды.

Бәріміз  қыран  күлкі  боламыз.  Майра  Жомартбекті

тѳмпештеп, екі құлағынан кезек жұлады.

— 

Ойбай, апатай, алмаймын, апатай, - деп Жомартбек



бақырып, үйді басына кѳтереді.

Бұған да кѳзімізден жас аққанша күлісіп, мәз боламыз.

Кейде Зайкүл келеді. Келеді де ол біздің ескі-құсқы база‐

рынан сатып алған жаман диванымызға жалп етіп отыра

кетеді.  Содан  соң,  бір  аяқты  бір  аяқтың  үстіне  салып,

юбканың  етегін  кейін  серпіп  жіберіп,  екі  санын  жарқы‐

рата жалаңаштап тастайды да, сѳзге кіріседі.

— 

Ѳз  курсында  оқитын  қыз  бен  жігіттің  оңаша  үйі



болып, аяқты кѳсіліп тастап отырған қандай рақат, - дейді

ол мардымсып.

Жомартбек оған дүрсе қоя берді.

— 

Әй,  әй,  Зайкүл,  -  дейді  ол  қабағын  түйіп.  -  Сен



Кербез  ағайынның  алдында  отырған  жоқсың,  жап

етегіңді.

— 

Ой, осының ѳзі мәдениетсіз, - дейді Зайкүл міз бақпай,



бетін тыжырайтып. - Қызға кісі ѳстіп дѳкір сѳйлей ме екен?

Жомартбек қарқылдап күліп жіберді.

— 

Е,  немене,  қыз  емес  дегің  келе  ме,  -  дейді  Зайкүл



басын  қақшита  ұстап.  -  Менің  мына  Меңтай  сияқты

күйеуім  бар  ма?  Жоқ.  Ендеше  не  керек  саған?  Артта

қалғансың. Мен саған жолда жатсаң, қарамас едім.

Меңтай тез орнынан тұрып, Зайкүлдің қасына барды.

— 

Қойшы,  Зайкүл,  Жомартбектің  қалжыңына  несіне



376


ашуланасың,  -  дейді  оны  құшақтай  арқасынан  қағып.  -

Қарның ашты ма? Жұмыртқа қуырып берейін бе?

— 

Сѳйтші,  Меңтай,  -  дейді  Зайкүл  Жомартбекпен



ұрысып  отырғанын  бірден  ұмытып.  -  Ішім  ұлып  барады.

Мен  қуырған  жұмыртқаны  сондай  жақсы  кѳремін,

Меңтай. - Содан соң Меңтайдың құлағына сыбырлайды. -

Шарабың бар ма?

— 

Сендік  бірдеңе  табылады,  -  дейді  Меңтай  тез



Зайкүлді тамақтандыру қамына кірісіп.

Біраздан кейін мен Меңтай пісірген жұмыртқаны таба‐

сымен  кѳтеріп,  шыжылдатып  әкеп  үстелдің  үстіне

қоямын.  Меңтай  біреулерден  қалған  шараптың  аузын

ашады.

— 

Зайкүл,  жалғыз  ішесің  бе?  Жомартбек  басын



шайқап отыр ғой.

— 

Жоқ,  мен  сенімен  қағыстырып  ішемін,  -  дейді



Зайкүл шарапты жұтпай жатып, сықылықтай күліп.

— 

Мен мұны ішпеймін.



— 

Неге?


— 

Менің шарабым басқа.

Зайкүл алдындағы стақанды сырғыта салды.

— 

Ендеше  мен  де  ішпеймін.  Сендер  тәуір  шарапта‐



рыңды  ѳздерің  ішіп,  маған  біреуден  қалған  жаманын

беріп отырсыңдар.

— 

Мен күлдім.



— 

Менің  шарабым,  шербетім  мінеки,  -  деп  қасымда

бейқам отырған Меңтайдың бетінен сүйіп кеп алдым.

— 

Күн  сайын  ішесің,  күнде  мас  боласың,  ә?  -  деді



Жомартбек желпініп.

— 

Иә.



Зайкүл  сықылықтап  күліп,  стақанға  қайтадан  қолын

созды.


— 

Олай болса, ішемін.

377



— 

Ербол,  Зайкүлмен  соғысып  ішсеңші,  -  деп  Меңтай

маған да құйды.

— 

Ендеше маған да тамыз, - деп Жомартбек те стақан



тосты.

— 

Бәрібір  Ербол  Зайкүл  екеумізге  басқа  шарап-



шербетінен татырмайды.

Зайкүл  орта  стақан  шарапты  бір-ақ  қағып  салды

да, күлді.

— 

О не, Зайкүл? - деді Жомартбек бұрылып.



— 

Менің  шарабым  басқа  дегенде  мұның  ѳзі  оңаша

ішіп жүрген бәлзамы бар екен десем. Мен бір мықтының

үйінен  ішкемін  ондай  бәлзамды.  Бірақ  оның  сауыты

қыздың  беліндей  жіп-жіңішке  болады  екен.  -  Осы  арада

Зайкүл  кѳзінің  қиығымен  Меңтайға  қарап  қойды.  -  Ал,

мына  Ерболдың  бәлзамының  сауыты...  -  Зайкүл  одан

сайын сықылықтады. - Аузын кенеппен тығындап қоятын

қойшылардың  карелин  сауытына  ұқсай  ма,  қалай,

Жомартбек?

Меңтай  қызарып  кетті,  бірақ  үндемеді.  Іші  білініп,

жүріс-тұрысы ауырлап қалған жарымды сѳккені маған да

ұнамады. Жомартбек те теріс айналып кетті.

— 

Әй,  әй,  ѳкпелеп  қалдыңдар  ма?-деді  Зайкүл  бірден



күлкісін тыйып. - Мен қалжыңдап айтамын.

— 

Мен  қалжыңды  білмейді  дейсің  бе,  Зайкүл,  -  деді



Меңтай. - Алаңдамай тамағыңды ішіп ал.

— 

Сенің осы ешкімге ренжімейтін мінезің үшін жақсы



кѳремін,  Меңтай,  -  деді  Зайкүл  шанышқыны  қайтадан

қолына  алып.  -  Менің  бір  ауыз  қалжыңымды  кѳтере

алмай,  мына  екеуі  торсиды  да  қалды.  Ойпырай,  биыл

госэкзамен келе жатыр ғой. - Зайкүл қолына алған шаны‐

шқысын  қайтадан  тастай  салды.  -  Анау  кітапты  кѳріп,

ойыма түсіп кетті.

— 

Бір  тілде,  бірыңғай  таза  сѳйлеуге  болмай  ма  осы?  -



деп Жомартбек Зайкүлге тағы тиісті.

378



— 

Ѳзім орысша араластыра сѳйлегенді сүйемін.

— 

Ѳйткені сен Чеховтың ««қарындасысың» ғой...



— 

Онда  жұмысың  болмасын.  Араластырып  сѳйлесең,

ең  жоқ  дегенде  екі  тілді  білетінің  білінеді.  Маған  жұрт

Сағынова  орысшаға  да,  қазақшаға  да  судай  екен  деп

түсінсе болды, басқаның керегі жоқ.

— 

Оның атын кѳзбояу дейді.



— 

Әй, болса бола берсін!

Меңтай басын шайқады.

— 

Ол жѳн емес кой, Зайкүл.



— 

Ѳзіңе  не  ұнаса  -  сол  жѳн,  басканікі  не  керек,  -  деп

Зайкүл шанышқыға қайтадан қол созды.

—  «


Адасқанның  алды  -  жѳн,  арты  -  соқпақ»,  -  деп

Жомартбек ақырын әндетіп қойды.

— 

Осы кітапты кѳрсем бар ғой, - деді Зайкүл жұмыр‐



тқадан тағы бір асап жатып, этажеркадағы кітаптарға кѳзі

түсіп  кетіп,  -  аза  бойым  ѳаза  болады.  Кітапты  жек

кѳретіндігімнен  бе  ѳайдан  білейін.  Әнеукүні  түсімде  бар

ғой,  Меңтай,  бар  кітап  жиылып,  мені  сабап  жүр.  Мынау

Жомартбектей  шілмиген  жұп-жұқа  «Логиканың»  ѳзі

жұдырығын  түйіп,  ентелеп  келе  жатыр.  Түсте  кітаппен

тѳбелескен  не  болады  екен  осы?  Білесің  бе,  Меңтай?  -

Меңтай  басын  шайқады.  -  Ендеше  мен  емтиханда  құлап

қалатын шығармын деп жорыдым.

— 

Сен  құласаң,  мен  мұрнымды  кесіп  берейін,  -  дейді



Жомартбек қуланып.

— 

Керегі жоқ мұрныңның. Бірақ қалай құламаймын -



тѳрт  жыл  оқығаннан  түйірдей  ештеңе  жоқ  басымда.

Сенесіңдер ме осыған?

Біз үшін жауапты Жомартбек берді.

— 

Сенеміз.  Бірақ  сендей  сұлу  қызға  жасаған  жар



болады, Зайкүл.

Зайкүл мақтанып, қуанып қалды.

— 

Табиғат  әділ  ғой,  шіркін,  -  деді  ол.  -  Ой  бермей,



379


маған  ен  бергенін  айтсаңшы!  -  Үстел  шетіндегі  айнаны

алып, басын қисаңдатып бетіне тосты. - Мынандай ѳңі бар

кісіге ойдың керегі не? Әһ?

—  «


Айнаның  қарсы  алдына  маймыл  барып»,  -  дейді

тағы  да  Жомартбек  әндетіп,  бірақ  «маймыл»  деген  сѳзді

Зайкүлге  естіртпей,  міңгірлей  айтып.  -  Жаман  болсаңда,

жас болғанға не жетсін, Зайкүл.

Біз бәріміз ду күлеміз. Сѳйтіп Зайкүл кетеді. Одан соң

ѳзгелер келеді. Күлкі күлкіге жалғасады.

Осылай  базар  болып  тұрған  алтын  отауымыздың

шаңырағы  бір-ақ  күнде,  ойламаған  жерде  салдыр-күлдір

етіп  ортасына  түсті...  Ғапу  етіңіздер,  мен  бұл  әңгімені  әлі

күнге  дейін  тебіренбей,  кѳзіме  жас  алмай  айта  алмай‐

мын...  Ол  күндерде  еңірегенде  етегім  толатын  еді...  Одан

бері жиырма жылдай уақыт ѳтті. Бірақ бәрі-бәрі әлі күнге

дейін кѳз алдымда сайрап тұр... Иә, қай жерге келіп едім?

Қазір...  Бір  күні  түнде  Меңтай  ішім  ауырды  деді.  Ол

былай болды.

Мен  ол  күні  күндіз  редакцияның  тығыз  тапсырма‐

сымен  бір  заводка  барып  келіп,  кешке  мақала  жазып

отырдым.  Үстелдің  екінші  басында  Меңтай  болашақ

бѳпемізге деп кѳйлек пішіп, әбігерленіп жатты.

— 

Ербол деймін, - деді бір кезде Меңтай.



— 

Ау, - дедім мен тез қағаздан басымды кѳтеріп.

— 

Ѳстіп,  тігісін  сыртына  қаратып  тепши  берсем,



бола ма?

— 

Болады, болады, Меңтай.



Осыдан  кейін  екеуміз  де  ѳз  шаруамызды  істеп  отыра

бердік.


— 

Ербол деймін, - деді бір кезде тағы да Меңтай.

— 

Ау, Меңтай.



— 

Сенің иткѳйлегің болды ма?

— 

Болған шығар.



380


— 

Менікі де болған шығар, - деді Меңтай басын изеп. -

Бірақ біз ғой шешеміздің оны қалай тіккенін білмейміз.

— 

Әрине, білмейміз.



— 

Иткѳйлегін  екеуміздің  осылай  ақылдасып  отырып

тіккенімізді  біздің  бѳпеміз  де  білмейтін  болады  ғой  әлі,

иә Ербол?

— 

Қайдан білсін ол тентек...



— 

Ой,  ішім,  -  деп  Меңтай  ішін  баса  қалды  осы  кезде.

Мен 

орнымнан 



ұшып 

тұрып, 


оны 

арқасынан

құшақтадым.

— 

Ербол-ай, бүріп әкетіп барады, енді қайттым? - деді



ол маңдайынан тер бұрқ ете түсіп.

Менің де жаным шығып кете жаздады.

— 

Қазір,  қазір,  жедел  жәрдем  шақырайын,  -  дедім



сасқалақтап.

Меңтай басын изеді. Мен жан ұшырып кѳшеге шығып,

автоматтан  жедел  жәрдемге  телефон  соқтым.  Кѳп

кешікпей  жедел  жәрдем  машинасы  келіп,  мен  Меңтайды

перзентханаға алып бардым. Мен қиналмасын деп перзент‐

ханаға  жеткенше  ол  тістеніп  дыбыс  шығармауға  тырысты.

Барысымен сестралар «ай-түйге» қаратпастан, ішке қарай

ала жѳнелді. «Кетпеңіз» деп біреуі маған ескертіп те кетті.

Осы қазір келіншегімді босандырып, баламды әкеп қолыма

құшақтатады екен деп, оған едәуір дәмеленіп қалдым.

Бір  кезде  қолына  түйіншек  ұстап,  жаңағы  сестра‐

лардың бірі шықты.

— 

Алыңыз, - деп ол түйіншекті маған ұсынды.



— 

Мұныңыз не?-дедім мен шошып кетіп, шегіншектей

кейін сырғып.

— 

Әйеліңіздің киімі.



— 

Әйелім кайда?

Сестра күлді.

— 

Қорықпаңыз,  жігітім,  әйеліңіз  осында  қалады.



381


Киімін  үйге  алып  қайтасыз.  Босанғаннан  кейін  бір

аптадан  соң  киімдерін  қайта  алып  келіп,  әйеліңізді  де,

балаңызды  да  үйіңізге  алып  кетесіз,  -  деп  тыныштан‐

дырды ол.

«

Аузыңызға  май!»  дедім  мен  ішімнен.  Содан  соң



Меңтайдың  киімін  құшақтап  үйге  қайттым.  Үйге

жеткенше  денемнің  дірілі  басылмады.  «Апырай,  мына

киімін  қайтарып  беретіндері  жаман  ырым  екен!»  дей

бердім ішімнен. Сонда неге жаманға жорыдым екен деген

ой маған күні бүгінге дейін келеді. Әрине, ол ойлағанды‐

қтан  да  емес  қой.  Әшейін  құр  далбаса  ғой  менікі.

Сонымен  не  керек,  мен  сондағы  Меңтайдың  киімін

құшақтаған бойда қалдым ғой ақыры...

Меңтай  перзентханада  тѳрт  күн  болды.  Үш  күн  бойы

күніне  үш  рет  барып,  терезеден  кѳріп  кетіп  жүрдім.  Ол

екінші  этаждағы  палатада  болатын.  Мен  «Меңтай!»  деп

дауыстаймын келе сала асығып. Ол менің үнімді ести сала

тѳсегінен түсіп, терезенің ал-дына келеді. Сѳзіміз бір-бірі‐

мізге  жѳнді  естілмейді.  Содан  кейін  екеуміз  сақау  кісідей

ымдаса  бастаймыз.  Мен  тѳменде  тұрып,  оған  суға  батып

бара жатқан кісіге ұқсап, қайта-қайта иек қағамын. Оным

-  «

Жайың  қалай?»  дегенім.  Меңтай  балаша  жымиып,



басын  изейді.  Ол  -  «Түсіндім»  дегені.  Содан  соң  ауруха‐

наның  олпы-солпы  ақ  кѳйлегінің  сыртынан  кеудесін

басады  да,  алақанын  жайқайды.  Онысы  -  «Қорықпа,  мен

үшін  алаң  болма»  дегені.  Сѳйтеді  де,  екі  кѳзін  ботаның

кѳзіндей  мѳлдірете  кең  ашып,  маған  қарайды.  Сұқ

саусағымен  қайта-қайта  мені  нұсқайды.  Онысы  -  «Ѳзің

қалайсың?»  дегені.  Мен  бас  изеймін  де,  екі  қолымның

басын тѳмен салбыратып жіберіп, кезек кѳтеріп, саусақта‐

рымды  жыбырлатамын.  Оным  -  «Кешегі  мақаланы

машинаға  бастырдым»  дегенім.  Меңтай  түсініп,  қайта-

қайта басын изейді. Сонсоң мен сұқ саусағымды шошай‐

тып, аспанды нұсқаймын да, бас бармағымды кѳрсетемін.

382



Мұным - «Мақаламды редактор оқып, жақсы деп айтты»

дегенім. Солай түсініп, Меңтай да қайта-қайта бас изейді.

Мен  тағы  да  ишара  жасап,  қолымды  сілтеп,  кѳше  жақты

нұсқаймын.  Оным  -  «Мақала  баспаханаға  терілуге  кетті»

деген сѳзім. Меңтай алақанын шапалақтайды.

Тағы  бір  барғанымда  Меңтай  «Маған  тамақ  әкелме,

ѳзің  іш»  деп  ымдады.  Бір  күні  кешке  екі  қолын  жастық

етіп, соған қисайтып басын қойды. Онысы - «Маған алаң‐

дамай,  жақсылап  ұйықта»  дегені  еді.  Бірде  қолын

тѳбесінен  аса  созып,  ѳзі  жоғары  қарады.  Онысы  «Ұзын‐

бала» - Жомартбек келіп кетті дегені деп ұқтым. Ѳйткені

Жомартбек:  «Енді  жеңгем  болдың,  маған  ат  қой»  деп

болмағаннан  кейін  Меңтай  саған  қойған  атым  деп  оны

Ұзынбала деп атайтын. Бір жолы ол бас бармағы мен сұқ

саусағын  дѳңгелетіп  кѳзіне  апарды  да,  екі  саусағын

кѳрсетті. Онысы - «Тостаған кѳз Майра бүгін екі рет келіп

кетті» дегені болатын.

Тѳртінші күні түсте (таңертеңде келіп, Меңтайды кѳріп

кеткен  болатынмын)  жүгіріп  келіп,  таныс  терезенің

түбінен «Меңтай!» деп дауыстадым. Терезе алдына ешкім

келмеді. Тағы да «Меңтай!» деп айқайладым. Бұл жолы ѳз

дауысымнан  ѳзім  шошып  кеттім.  Даусым  палатаға  да

үрейлі  естілді-ау  деймін,  терезе  алдына  орта  жастағы

қазақ  әйелі  жетіп  келді.  Келді  де  мені  кѳре  салып  кейін

қашты.  Тұлабойым  шіміркеніп,  не  болғанымды  білмей

кеттім.  Тағы  да  «Меңтай-а-ай!»  деп  айқайлап  жібердім.

Бұл  жолғы  үнім  перзентхана  маңын  ғана  емес,  бүкіл

Алматыны,  барша  Алатау  аясын  басыма  кѳтере  шыққан

жан  даусымдай  еді.  Іштен  ақ  халат  киген  қартаң  сестра

жүгіріп шығып, тез-тез бірдеңе деп, мені қолтықтап ішке

қарай алып кетті.

Мен  сіздерге  бұдан  кейінгісін  айтпай-ақ  қояйын.  Оны

тар  есікті,  мұз  еденді  мәйітхананың  тас  тѳсегінен  қалай

кѳргенімді, асыл жарды ѳлі туған перзентімен бірге қалай

383



қиып  қара  жердің  құшағына  бергенімізді  айтуға  дәтім

шыдамайды.

Меңтайды қойғаннан кейін үшінші күні үйге жас орыс

әйелі бас сұқты.

— 

Сіз Есенов боласыз ба? - деп сұрады менен.



— 

Иә, Есеновпін.

Алдымен  әйел  сіздің  қайғыңызға  ортақпын  деп  маған

кѳңіл айтты. Содан соң ѳзінің перзентхана сестраларының

бірі  екенін  білдіріп,  қалтасынан  қол  басындай  дәптер

шығарды.  Тани  кеттім.  Бұл  менің  Меңтай  перзентханаға

түскен күннің ертеңінде апарып берген дәптерім болатын.

— 

Осы  дәптерді  жарыңыз  сіздің  ѳз  қолыңызға  тапсы‐



рыңыз деп аманат етіп еді маған.

Әйелдің  қолынан  дәптерді  алып,  денем  дірілдеп,

бірінші  бетін  аштым.  Меңтайдың  маржандай  жазуы

кѳзіме  оттай  басылды.  Бірінші  бетке  ол  былай  орысша

жазыпты: «Улица Мичурина, 65. Есенову Ерболу, лично».

Ағыл-тегіл  тағы  жыладым.  Кѳлденең  жұртқа  жақсы

кѳрген  жарынан  айырылған  еркектің  еңірегенін  естуден

ауыр жай жоқ екенін сонда білдім. Жанжарынан айыры‐

лған  еркектің  сәбидей  қорғансыз,  сақау,  саңыраудай

бейшара  боп  қалатынын  сонда  ұқтым.  Содан  кейін  ол

дәптер  менің  бойтұмарым  болды.  Оның  беттеріндегі

жазулар,  тыныс  белгілері,  үтір-нүктесіне  дейін,  тасқа

қашалған  Орхон-Енисей  жазуындай  болып  менің  жүре‐

гімде  мәңгі  сақталып  қалды.  Мен  сіздерге  соны  оқып

берейін де, әңгімемді аяқтайын енді.

Ал тыңдаңыздар. Азғантай ғана ѳзі де.

«

Ербол, жаным, Ербол!



Ѳткен  түнде,  сен  мені  перзентханаға  әкеп  салып,

қайтып  кеткеннен  кейін  маған  осында  ѳліп  қалатын

шығармын деген ой келді. Мен ѳлсем де, бала ѳлмесе екен

деп тіледім. Атын ѳзің қой. Сен не деп қойсаң, мен соған

ризамын, менімен келістім деп есепте. Бұл - менің, бола‐

384



Е

шаққа  жолдаған  сәлем  хатым  болады  ғой  сонда,  иә.

«

Мамаң  аты  кім?»  десе,  «Меңтай»  дейді  ғой  ол  тілі



шыққан  соң!  Ол  мені  айтқаны  ғой.  Сонда  сен  күлесің  де,

күрсініп мені еске аласың ғой.

Жо-жоқ, бұл жай ой ғой, Ербол. Мүмкін мен ѳлмейтін

шығармын. Бірақ, «Ѳлетін адам ажалын сезінетін сияқты»

деп сен ѳзің айтушы едің ғой. Мен де бірдеңені сеземін бе,

қайдан  білейін.  Сезбегенім  жақсы  болар  еді.  Бәлкім,  бұл

сені  шексіз  сүйетіндігімнен  шығар.  Сенен  ажырамасам

екен  деген  тілегім  ѳзінен-ѳзі  үрейге  ұласатын  болар.

Сүйген  жүрек  -  дірілшіл,  күйген  кѳңіл  -  ырымшыл

келетін шығар тегі.

рболым менің!

Мен  тағы  да  қорқынышты  ойлар  ойладым.

Адамдар  бірін-бірі  сүйеді.  Содан  соң  біреуі  ѳліп,  сауды‐

раған  сүйек  болып,  жер  астында  қалады.  Ол  ештеңені  де

білмейді,  сезбейді.  Ештеңеге  қиналмайды,  ойламайды.

Бірақ  бар  салмақ,  бар  ауыртпалық  тірі  қалғанға  түседі

ғой.  Жаман,  арсыз  жар  есепті  тіршілігін  жасай  жатар.

Адал  жарға  ауыр  тиеді-ау  жалғыздық.  Шіркін,  шын

сүйіспеншілікпен  қосылған  жандар  ѳлмейтін  болсыншы!

Жоқ,  мұным  табиғат  заңына  қайшы  болар.  Онда,  ондай

адамдар ұзақ жасайтын болсашы ең болмаса!

Бірақ  мен  ѳлсем  де  ѳлмейтін  шығармын  деп

ойлаймын тағы да. Ѳйткені мен ішімнен шығатын балада

және сенің жүрегіңде ѳмір сүремін ғой. Сонда ол менің ол

мендік емеспе? Солай емеспе, Ербол? Солай деші, жаным,

кѳкетайым!..

Мен саған бұл жолдарды тек ішім ауырмасын деп қана

жазып  отырмын,  Ербол.  Сені  ойлап,  сен  туралы  жаза

бастасам-ақ,  ішімнің  ауырғаны  қоя  қояды.  Тегі  ішімдегі

385



А

тентек  әкесін  сыйлайтын  болуы  керек.  Кѳрдің  бе  міне,

әкенің беделі қандай болатынын!

йналайын, кѳкетайым!

Сен менің осы сѳздеріңді жақсы кѳресің ғой. Сен

естісін деп мен мұнда осы екі сѳзді әлденеше рет айттым.

Естідің бе?

Ойпырай, ішім әкетіп барады... Уһ, бұрап бұрап, әрең

басылды-ау, әйтеуір. Дәрігерлер мерзімінен бұрын келген

толғақ дейді. Ол неге мерзімінен бұрын келеді екен?..

Не  айтайын  деп  едім  саған  ?  Иә,  жаңа  есіме  түсті.

Ұнжырғаңды  түсірмей,  уақытында  шашыңды  алдырып,

әрқашан да умаждалмаған таза киім киініп жүр, қуатым.

Жұрт  сенің  ішіңе  үңілмейді,  сыртыңа  қарайды.  Жаның

жадау,  жағаң  жамау  болса,  соған  сүйсінетіндер  де

шығады, Ешкімге таба болмай, тік жүр, жаным, жарайма?

Арақ ішпе, керегі жоқ. Ѳзің де құмар емессің ғой. Ѳзіміз

ішпей үлгі кѳрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп

ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Менің еркіме салса, бұны

болашақ ұрпақ атымен арақ ішпесе екен деймін. Капита‐

лизмнің  қалдығы  дегеннің  ең  зұлымы  -  осы  арақ.  Біздің

қоғамымыздың  ішкі  жауы  да  осы.  Ендеше  арақты  құрту

керек,  ѳмірден  аластау  керек  оны!  Арақ  бар  жерде,

меніңше,  ешбір  мораль  заңы,  ол  қандай  асыл  сѳздерден

тізіліп, алтын әріппен жазылса да жүзеге аспайды, Ербол.

Дүниеде  су,  сүт,  шай,  қымыз,  лимонадқа  жететін  не  бар,

шіркін!  Адамды  желіктірмейтін  момын  сұйық  -

осылардың ѳзі жақсы.

«

Момын  сұйық»  дегенім  кісі  сияқты  боп  кетті,  иә,



Ербол.  Бұл  бейнелеп  сѳйлеуді  сенен  үйренгенім 

болу керек.

Сен  менен  не  үйрендің?  Ештеңе  үйренген  жоқ

386



шығарсың  деп  ойлаймын.  Ал  мен  сенен  кѳп  нәрсе

үйрендім  ғой,  күнім.  Кісіні  алдамауды,  адамды  арына

қарап құрметтеуді, ѳз ойыңды күмілжімей, ашық айтуды,

қайырымдылықты,  басқаларға  болысқыштықты,  біреудің

ішіндегі жан ауруын білдірмей біліп ала қоюды - осының

бәрін  сенен  үйрендім,  Ербол.  Нағыз  ѳмірдің  ѳзін  сен

үйреттің маған! Сенсің менің мәңгілік ұстазым!

Біздің палатада бір артистің әйелі жатыр. Сен білесің,

Ербол,  ол  артисті,  «Отеллода»  Яго  боп  ойнайды.  Әйелі

алтыншы  балаға  босаныпты.  Босанғанына  бір  айдан  асса

да,  тапжылмастан  осында  жатқан  кѳрінеді.  -Апай,  мұнда

неге жатырсыз үйге қайтпай? - деп сұрадым кеше одан. -

Ой,  шырағым-ай,  тѳсегі  жақсы,  тыныш  жерде  жата  беру

керек  қой,  -  деді  ол.  -  Осында  демалып  алған  жақсы.

Бұлар бір апта ѳткен соң-ақ шығарамыз деп қодыраңдай

береді.  Ал,  әдісін  тапсаң,  шығара  алмайды.  Алғашында

«

тымау  тиді,  басым  ауырады»  дедім.  Соңғы  бес  күн



бойына «температурамен» жатырмын.

— 

Ыстығыңыз жоғары ма ? - деппін оған аңқау басым.



Әйел күлді.

— 

Әңгіме сол ыстығымның жоқтығында ғой, - деді ол. -



Ыстығымды ѳлшеуге термометр бергенде сестраның кѳзін

ала беріп, жіңішке жағын одеялға ысып-ысып жіберемін.

Кейде - 37, кейде - 38 боп шыға келеді. Олар сенеді. Кейін

сен де сѳйт.

Мен жағамды ұстадым.

— 

Апай, алдағаныңыз дұрыс емес қой, - деп басымды



шайқадым.

Жо-жоқ.  Мен  ешқашан  да  ѳйте  алмаймын,  Ербол.

Перзентханага  келгелі  тұтқынға  түскендеймін  мен.

Осында  ѳзіңсіз  ѳткен  үш  күн  (бүгін  үшінші  күн)  үш

жылдай боп кѳрінді маған. Мен босанғаннан кейін бір күн

де қалмаймын мұнда. Мені босана салысымен дәрігерден

сұрап алып кет, Ербол. Жарайма, жаным, жарайма?

387



Жұрт күйеулеріне еркелетіп ат қойып жатады ғой осы:

Құрманғалиды  -  Құрмаш,  Уатайды  -  Уаш  деп.  Мен  сені

әлі  бір  рет  еркелетіп  атамаппын  ғой  жаным.  Бүгіннен

бастап Ертай деп еркелетейінші сені. Ертайым менің!

Сенің  халық  қамын,  мемлекет  мүддесін  ойлайтын

үлкен  журналист  болғаныңды  кѳрсем  деп  арман  етуші

едім  іштей.  Бағана  ѳзің  әкеп  берген  газетте  басылған

«

Жұмысшы мүддесі» деген мақалаңды оқып, тѳбем кѳкке



жеткендей  боп  қалды  бүгін.  Редакторың  мақтаса,

мақтағандай  екен!  Бірақ  сен  оған  мақтанып  кетпе,  күнім.

(

Мақтанбайтыныңды  білем  ғой,  әшейін  айтамын,  оған



ѳкпелеп қалма. Жарайма ?)

Айтпақшы, бүгін майдың 5-і екен гой. Сен әкеп берген

газеттен  кѳріп,  есіме  түсті.  Сені  баспасѳз  күнімен  құтты‐

қтаймын. Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жалғыз мен ғана

емес,  «Папама  менен  де  сәлем  айт!»  деп  бүйірімді

тепкілеп жатыр мына тентегім. Оның да сәлемін қабыл ал!

Айтпақшы,  Ертай,  сен  барып  деканатқа  айт  -мені

перзентханада  жатыр  деп  мемлекеттік  емтиханға

кіргізбей  қойып  жүрмесін.  Менің  «Әдебиеттегі  еңбекші

әйелдер  бейнесі»  деген  тақырыпта  жазған  диплом

жұмысшысының да дайын екенін айт. Ѳзің білесің, осыған

дейін  бір  күн  сабақтан  қалған  жоқпын  ғой  мен.  Мемле‐

кеттік  емтихан  тапсыруға  қалайда  күйім  келеді.  Қалайда

менің  биыл  құрбыларыммен  бірге  диплом  алуым  керек.

Мектепке  жолдама  алып,  класқа  кіріп,  «Сәлеметпісіңдер,

балалар.  Мен  сендердің  мұғаліміңмін»  деп,  жас  ұлан‐

дардың  алдында  жымия  күліп  тұрсам,  арманым  болмас

еді, дүние-ай!..

Ойпырау,  мынау  Сәлемхат  тағы  да  тынышсыздана

бастады  ғой...  Мен  осыны  Сәлемхат,  Сәлемхат  дей  бере‐

мін. Түбінде Сәлемхат атанып кетіп жүрмесін осы тентегі‐

міз.  Мен  бұл  тентегіңді  қандай  болса  екен  деп

ойлайтынымды білесің бе сен ? Ұл болса - саған, қыз болса

388



А

Б



маған тартса екен деймін. Бірақ ұл болса да, қыз болса да

ақылы, адамгершілігі сендей болса екен. Ал саған тағы да

Сәлемхаттан сәлем, папасы.

дал  дос  адамға  медеу  де,  демеу  де,  мақтаныш  та,

мереке  де  ғой,  шіркін!  Біздің  Майра  сондай  ғой.

Жаны  қалмай  жүр  байғұстың  біз  үшін.  Бағана  келіп:

«

Баланы  уайымдама,  босанған  соң  апама  бақтырамыз.



Апам  ѳзіме  әкеп  беріңдер  деп  айтты»  деп  кетті.  Апамды

әуре  қылмаспыз.  Солардың  сырттай  жасап  жатқан

қамқорлығына  жаным  ериді.  Оның  артынан  ѳзіңнің

«

кешкі кѳлеңкең» - Жомартбек келді. (Сен екеуің біріңді-



бірің  жеңе  алмай-ақ  келесіңдер  қажасып.  Сен  оны  кешкі

кѳлеңкем  деп  атасаң,  ол  сені  ѳзімнің  түскі  кѳлеңкем  деп

шыға  келеді.  Әйтеуір  қисындырып,  бір  нәрсені  таба

қояды.)  Бір  газетті  бала  етіп  әлпештеп,  «іңга-іңга»  деп

мені  мазақтап  кетті  терезе  сыртынан.  Мейлі,  мазақтаса,

мазақтай  берсін.  Ертең  ѳзі  келіншек  алып,  баласы

болғанда кѳреміз оның әуселесін.

ұл  күнделікті  мен  жай,  әшейін,  ермек  үшін  жазып

жүрмін,  папатай,  Сәлихатың  балс  етіп,  бақырып

жерге түскеннен кейін ѳзіңе беріп жіберемін мұны. Кейін

дос-жарандарға  оқып,  тұңғышымыздың  дүниеге  қалай

келгенін  айтып,  осы  күндерді  еске  алып,  күліп  отыратын

болармыз  әлі.  Соған  жазсын,  соған  жеткізсін!  Иә,

папатай...»

389



К

C

hapter 

Эпилог

ѳңілі  босап,  кѳзіне  жас  келгендей  болып,  Ербол



біраз  уақыт  үнсіз  отырды.  Бойын  жиып,  буынын

бекіткеннен  кейін  ол  сѳзін  қайта  жалғап,  әңгімесін

аяқтауға кірісті.

Мінеки,  Меңтайдың  соңғы  күнделігі  осы.  Жан



тәсілімін  жасап  жатқан  адамның  акырғы  тынысы,  соңғы

қырыл, соңғы дірілі сияқты, асыл жардың ақырғы сѳзі еді

бұл.  Бірақ  осы  азғантай  сѳзде  мен  үшін  қаншама  сыр,

қаншама  жыр  жатыр  десеңізші!  Қаншама  ѳкініш,

қаншама  мұң  бар  мұнда.  Оқып  отырып,  сан  рет  ѳкіріп,

ѳксіп жылағанмын мен. Одан айырылып қаларымды ѳзім

де  сездім  бе,  қайдам,  Меңтайды  аялап,  аймалап,  құшып

сүюге, баладай әлпештеп, еркелетуге бір тоймаушы едім.

Ақыры  оның  бір  кішкентай  қара  тырнағына  да  зар  боп,

аңырадым  да  қалдым.  Тѳрт  жыл  соғыста  тѳрт  талына

қылау  кірмеген  кѳмірдей  қара  шашым  Меңтайдан

айырылған  тұста  аппақ  қудай  боп  шыға  келді.  Талай  рет

ұйықтап  жатып  Меңтай  үнін  естідім.  «Жаным  Ербол,

Ербол!» деп ол сан рет құлағыма сыбырлады. Еден сықыр

ете  түссе,  Меңтайдың  жүрісін  танып,  сан  рет  басымды

кѳтеріп алдым. Оның кѳйлегінің сыбдырын естігендей боп

сан рет елеңдедім. Бірақ ол келмеді, кѳрінбеді. Мәңгілікке

жоқ болды, ғайып болды. Таң алдында кѳрген тәтті түстей

ғана елес қалды.

Кейде  бір  оңашада  ѳткенді  ойлап,  мұңға  батасың.

Сонда  «Құдай-ау,  қайда  сол  жылдар?»  деген  Абай

жолдары  еріксіз  еске  түседі.  Ойлап-ойлап  келіп,  жастық

шағыңның  орынсыз  ѳтпегенін  іштей  медеу,  мақтаныш

етесің.  Ѳйткені  адамзат  толқын-толқын  болып  дүниеге

келеді,  түйдек-түйдегімен  ѳмірден  ѳтеді.  Әр  толқын,  әр

390



түйдек  алғы  шепке  шеру  тартқан  әскер  легіне  ұқсайды.

Октябрь  революциясы  мен  Азамат  соғысына  қатысқан

құрыш  адамдардың  темір  тасқынды  легіне  ілесіп,  біз  18

бен 22 жастың арасында азаттықтың ауыр жүгін арқалап,

тѳрт жыл толассыз қан кештік. Пештен жаңа ғана қотары‐

лған қызыл шойындай жүйткіп, батыстан Москваға қарай

лықсыған  от  пен  ѳрт  селінің,  қорғасын  мен  темір  топа‐

нының  алдын  тостық.  Біздің  жас  тәнімізді  неміс  фаши‐

стерінің  оғы  шұрқ-шұрқ  тескіледі,  жау  танктері

үстімізден 

таптап, 

жас 


сүйегімізді 

сықыр-сықыр

сындырды; жас жүректерімізге немістің селінің қос құла‐

штай  қанжарлары  кірш-кірш  қадалды.  Концлагерьден

қашқанымызда  немістің  қасқыр  иттері  қоң  етімізді

жұлмалап,  терімізді  жалбыратып,  қанжоса  етіп  талады.

Бізді  зұлым  жау  камераларға  қамап,  улы  газ  жіберіп,

тұншықтырды.  Бізді  олар  тірідей  ѳртеді,  кѳзімізді  бақы‐

райтып  қойып,  тікемізден  тік  тұрғызып,  кѳрге  кѳмді.

Бірақ біз:

Қасиет  күші  Ұлы  Отанның,  Қанатын  бер  қыран



құстың,  Ашуын  бер  арыстанның,  Жүрегін  бер  жолбары‐

стың!  Күллі  әлемнің  ашу-кегі.  Орна  менің  кеудеме  кеп!

Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл, жүрек!- деп,

жанған  самолеттен  жау  колоннасына  жай  оғындай

шаншылдық;  айналаға  ѳлім  шашқан  ажал  ДЗОТ-ына  ѳз

денемізді ѳзіміз қол гранатадай лақтырып, дұшпан пуле‐

метін  қанымызбен  қақалттық.  Жауға  жанымызды  берсек

те,  арымызды  бермедік.  Біз  жығылып  жатып  -  тұрып

жаттық, ѳліп жатып - жеңіп жаттық.

Халық  намысын  қорғасынға  қоса  құйып,  құрышпен

кіріктірдік  те,  бомбаға  қанат,  снарядқа  заряд  еттік.  Ел

тәуелсіздігін тѳбемізге ту етіп кѳтердік. Сѳйтіп біз дүниені

жайпап  келе  жатқан  темір  топанды  тоқтаттық.  Біз  Отан

жауын осылай жеңдік.

Ақын  айтқан  біздің  «сол  жылдарымыз»  -  махаббат,

391



қызықтан  гѳрі  мұңы  мол  боп  ѳткен  жастық  күндеріміз,

жарты  сағат  бұрын  дәл  тѳбеңнен  күркірей  жауған  қалың

жаңбырдың  бұлты  басқа  жаққа  қарай  аунап,  оның  әр

жерінен  бой  кѳрсеткен  алыс  нажағайдың  қылыш

бойындай  ғана  қысқа  жарқылы  іспеттеніп,  күннен-күнге,

айдан-айға  аулақтап,  шегініп,  ұзап  барады.  Сол

жарқылдың  ішінде  мен  де,  менің  Меңтайым  да  бар  деп

күбірлеймін  мен  осылай,  ѳз-ѳзімнен  тебірене,  тербеле

отырып, ойымды ѳзіммен қоса тербеп...

Біз  майданда  қандай  адал  болсақ,  махаббатта  да

сондай  пәк  болдық.  Әр  жүректе  асыл  адамгершілік,

айнымас  махаббат  болуын  тіледік.  Ѳйткені  ѳмірден  қол

ұстасып  ѳтер  жан  серік,  жалғыз  жарын  шын  сүйе

білмеген адам жолдасын да жақсы кѳре алмайды, коллек‐

тивін де құрметтей білмейді. Жан жарына адал болмаған

адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс, арқалаған

қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы

ѳмірдің  бар  қызығы  махаббатқа  тіреледі.  Сондықтан  да

махаббатқа  соқпай  кететін  сезім  аз.  Анаға  сүйіспеншілік,

жарға  құштарлық,  Отанға  перзенттік,  туған  топыраққа

борыштылық  сезімдерінің  бәрі  махаббатқа  байланысты.

Адам  бойындағы  ең  асыл  қасиет  адамгершілік  сезімі  де

махаббатпен 

сабақтас. 

Ѳйткені 

махаббат 

қадірін

білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адам‐

гершілігі  жоқ  кісінің  жүрегін  махаббат  мекендемейді.

Жоғарыда  Тургенев  пен  Пришвиннің  махаббат  жайын‐

дағы тамаша

392



Қ. Аманжоловтан сѳздері келтірілді. Менің оған қосарым

«

махаббат»  деген  асыл  жібекке  түйілген  отаншылдық,



еңбекшілдік,  достық,  туыстық,  бауырмалдық  сезімдері

әрбір  жас  жүректің  жалынды  туы  болса  екен  деп  тілей‐

мін.  Біз  -  Октябрь  революциясынан  кейін  дүниеге  келген

жаңа  ұрпақ  Отанға  да,  махаббатқа  да  ақ  жүрегімізбен

адал  қызмет  еттік.  Міне,  біз  мұны  ѳзіміздің  мәңгілік

мақтанышымыз  деп  білеміз.  Осы  мақтаныштың  әкелер

жүрегінен  балалар  жүрегіне  кѳшуін  кѳрсету  де  бүгінгі

күннің тақырыбы. Оны қалай кѳрсету, әрине, жазушының

міндеті.

Иә, иә, ұқтым. Не сұрайын деп отырғаныңызды түсін‐

дім. Меңтайдан басқалар қайда қазір демексіз ғой? Оны да

айтайын  сізге.  Университет  бітіргеннен  кейін,  ұядан

ұшқан  балапандай  болып,  әркім  әр  жаққа  кетті.  Біреу

қияға қонып, біреу қиырды мекендеп жүріп жатыр қазір.

Балапан  басқан  тауықтың  ұясына  байқаусызда  түсіп

кеткен үйрек жұмыртқасынан шыққан сушыл балапандай

болып,  филфакты  бітіре  сала  мұғалім  болмай,  журнали‐

стиканың  айдын  кѳліне  тартып  мен  кеттім.  Ол  отыздың

біразы  ғылыми  қызметкер  болды.  Кѳпшілігі  мұғалім.

Қыздар  әлдеқашан  күйеуге  шыққан,  жігіттер  әйел  алған.

Бір  кездегі  бүлдіршіндей  қыздар  мен  қыршын  жігіттер

бүгінде  сары  қарын  әйел,  сақалды  шалға  айналды.

Алдының балалары институтқа ілініп, баяғы біз басымы‐

здан  кешкен  жастықтың  жәрмеңкесіне  енді  олар  кірді;

біздің  жастықтың  жығылған  жалауының  орнына  олар  ѳз

туларын кѳтерді...

Солардың  ішінен  Меңтай  екеуміздің  мәңгілік,  адал

досымыз  Жомартбек  Жолдин  ғылым  докторы  атағын

алды.  Зайкүл  есебін  тауып,  бір  бастықтың  етегінен

ұстаған.  Соның  беделімен,  тамыр-таныстық  деген  кәрі

кеселдің  кѳмегімен  ол  да  кандидат  деген  атқа  ие  боп

алған. Қазір ол бір институтта «басын жарып, кѳзін шыға‐

393



рып»,  әдебиеттен  сабақ  береді.  Зәкең  бұрынғының  бәрін

ұмытқан.  Әншейінде  шекірейіп  жүретін  әйел  кандидат

болса,  мүлде  кекірейіп  кетеді  емес  пе.  Ол  да  солай:

кездесе  қалсаң,  танығысы  келгенін  таниды,  танығысы

келмегенге  танауын  кѳтеріп  жүре  береді.  Жеңілтек

адамды  жағдай  ѳзгертпей  қоя  ма?  Мінеки,  ѳмір  дегеніңіз

кейде ойсыз, ұшқалақ адамды ұшпаққа осылай шығарады

екен.  Қанипада  -  кандидат.  Майра  Абаева  Ленин

орденімен  наградталған.  Жақында  оған  еңбегі  сіңген

мұғалім атағы берілді.

Тұмажанның  да  қайда  екенін  білгіңіз  келетін  болар?

Жер үстінде ол да жүр. Бірақ біздің қоғамымызда ондай‐

лардың  орны  түрме  емес  пе?  Түрмеге  түскен.  Жинақ

кассасына  меңгеруші  боп  тұрғанда  бірнеше  облигацияға

подлог  жасап,  мемлекеттің  кѳп  ақшасын  жегені  және  ѳз

сѳзімен  айтқанда,  басқа  да  «үзіп,  жұлып,  жұлмалағаны»

үшін  кѳп  жылға  сотталған.  Оның  екі  сѳзінің  бірі  «Ошақ‐

баев опық жемейді» болып келуші еді. Жоқ. Ошақбаевтар

да  омақа  асады  екен.  Олардың  әділетсіздігінің,  арсызды‐

ғының, нысапсыздығының зауалы - заң екен.

Ал  енді,  қалған  кім  дейсіз  ғой?  Қос  ғашық  Тана  мен

Заман  болар.  Ертедегі  еш  ғашықтың  қолы  жетпеген

мұратқа  осы  екеуі  жетті.  Екеуі  қосылып,  кѳп  бейнеттерді

бастарынан  кешіріп,  сол  жақта  жүріп,  институт  бітіріп,

елу  тѳртінші  жылы  елге  келді.  Қазір  екеуі  де  мұғалім.

Тана  Серкебаева  екі  рет  Жоғарғы  Советке  депутат  болып

сайланды. Білімбай, Ербол, Махаббат, Меңтай есімді тѳрт

баласы  бар.  Бір  ұл,  бір  қызына  Меңтай  екеуміздің

атымызды  қойыпты.  Мен  олармен  анда-санда  кездесіп

тұрамын. Кездескен сайын алдымен кішкентай қыздарын

құшағыма алып: «Меңтайым менің!» деп шѳпілдете сүйе‐

мін. Содан соң Тана мен Заманға карап:

Ал  осы  заманның  Қозы  Кѳрпеші  мен  Баян  сұлуы,



амансыңдар ма? - деп құшағымды жаямын.

394



Кѳздері  жасаурап,  еріндері  дірілдеп,  ол  екеуі  қатар‐

ласа маған қарай ұмтылады.

Асыл жар, адал досқа не жетсін, шіркін!

1963-1970 

Алматы.

Chapter  «

МАХАББАТ,  ҚЫЗЫҚ  МОЛ  ЖЫЛДАР»

КІТАБЫ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?

Оқырмандарға жауап)



Менің  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  атты  кітабым

1970 


жылы  жарық  кѳрді.  Содан  бері  биыл  үшінші

жылға  аяқ  басты.  Бірақ  бұған  дейін  де  менің  оннан  аса

кітабым  жарияланды.  Жұрт  кезінде  мені  жақсы  очер‐

кист  деп  таныды.  Солай  бола  тұрса  да  мен  ол  кітапта‐

рымның  бірде-біріне  хат  алған  емеспін.  Ал  «Махаббат,

қызық  мол  жылдардың»  жалғыз  ѳзіне  ғана  мыңға  жуық

хат  алдым.  Бұрын  кейбір  кітаптарыма  бірді-екілі

реиензия  шығып,  кей  кітаптарым  атаусыз  қала  беретін.

Ал  мына  романға  республикалық,  облыстық,  аудандық

газеттер  беттерінде  отызға  жуық  пікір  жарияланды.  Сол

сияқты,  бұған  дейін  мен  кітап  оқушылар  конференци‐

ясы,  жазушының  ѳз  оқырмандарымен  кездесуі  дегенді

естігенім, 

кѳргеніммен, 

менің 

бірде-бір 



кітабым

бойынша  конференция  ѳтпеген,  ѳзім  жазушы  ретінде

оқырман  қауыммен  кездеспеген  едім.  Ал  осы  роман

жайында  Қызылорда,  Шымкент,  Қарағанды,  Семей

пединституттарында,  Қызылорда  мен  Жамбыл  педучи‐

лищелерінде, астанамыз Алматыда С.М. Киров атындағы

мемлекеттік  университет  пен  қазақтың  Абай  атындағы

педагогтық  институтында,  республиканың  кѳптеген

қазақ  орта  мектептерінде  оқушылар  конференциялары

ѳтті.  Мен  автор  ретінде  Қызылордадағы  Мәншүк  Мәме‐

това атындағы қыздар педучилищесінің бес жүз шәкірті‐

мен, 


Алматыдағы 

қазақтың 

Абай 

атындағы


395


пединститутының  тіл-әдебиет  факультетінің  студент‐

терімен жүздестім.

«

Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романына  байла‐



нысты  маған  хат  жолдағандардың  кѳпшілігі  студенттер,

орта  мектептердің  жоғары  класс  оқушылары,  ауыл-село‐

дағы  жұмысшы  жастар,  Совет  Армиясы  мен  Әскери-

Теңіз Флотының жауынгерлері. Солардың ішінде пенсио‐

нерлердің  де,  үй  шаруасындағы  әйелдердің  де,  ауыл

интеллигенциясының да лебіздері бар. Ѳз республикамы‐

здың  барлық  облыстарынан  тегіс  хат  алғандығымның

үстіне, 


туысқан 

Ѳзбек 


республикасыныңТашкент,

Самарқанд,  Бұхара,  Ферғана  сияқты  қалаларынан  да

хаттар келгенін, соның ішінде әсіресе, Қарақалпақ АССР-

інен  кѳптеген  хаттар  алғанымды  ерекше  атап  айтуым

қажет.  Осы  хаттардың  бәрінде  де  оқырмандар  алдымен

ѳздерінің  бұл  кітапты  қызыға  оқығандарын  білдіріп,

мұндай  шығарманы  ұсынғаны  үшін  «Жазушы»  баспа‐

сына, авторға рақмет айтады. Сѳзіміз жалаң болмас үшін

бірнеше хаттан қысқаша үзінділер келтірейік.

Орал облысының Фурманов ауданынан механизатор Е.

Әбдаров  ѳз  ойын  қысқаша  ғана  былай  деп  түйіндепті:

«

Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романын  нағыз  махаб‐



баттың  сырын,  мәнін  ұқтыратын  құнды  шығарма  деп

білемін.  Тағы  да  айтар  едім,  бірақ  та  әттең,  әттең  тілім

жетпейді.»  Ал  Талдықорған  облысының  Панфилов  ауда‐

нынан  «Жазушы»  баспасының  атына  келген  хатта

мынадай  сѳздер  жазылған:  «Әзілхан  Нұршайықовтың

жакын-да  шыққан  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»

романын  оқыдық.  Бұл  кітап  бізге  ѳте  ұнады,  әрқайсы‐

мызға  да  ой  салды.  Сол  кітаптағы  кейіпкерлер  осы  күні

бар  ма  екен?  Солардың  шын  аты-  жѳні  кім?  «Ербол  кім?

Жомартбек  пен  Майраның  ѳмірі  қандай  болады?  Бұл

сұрауларды  қойған  себебіміз  бұл  кітапта  Мұхтар  Әуезо‐

втің  аты  мен  фамилиясы  ѳзгерген.  Мүмкін  Ербол  да  сол

396



сияқты  осы  күнгі  ақын,  жазушыларымыздың  бірі  шығар.

Әлде  бұл  романның  екінші  кітабы  бар  ма?  Біздің  осы

сұрауымызды  ескерусіз  қалдырмай,  жауап  беруді

ѳтінеміз.

Механизатор  қыздар:  Ахметова  Тұрсынбүбі,  Қамыр‐

баева Пәтігүл».

Сол  сияқты  Шымкент  облысы  Қапланбек  шаруа‐

шылық  оқу  орнының  агрономы  Махамбет  Алтаев  ѳз

пікірін былай хабарлайды: Әзілхан Нұршайықов «Махаб‐

бат,  қызық  мол  жылдар»  романында  осы  заман  тақыры‐

бының  күрделі  мәселесі  -  жеке  адамға  деген  махаббатты

кѳпке  деген  сүйіспеншілікпен  ұштастыра  біліп,  дәл

бүгінгі күннің кѳкейтесті жәйттерінің пернесін тап басқан.

Адамгершілік,  ізгілік  шарттарын  бұзбауға,  адал  махаб‐

батты ардақтап, соның ыстық-суығына күйе білуге, еңбек‐

шілдікке үйретеді... Бұл кітаптың жүректерінде махаббат

оты бар бүкіл жастар қауымының керекті құралына айна‐

лып,  жақсы  іске  тұлға  боларына  сенімім  зор.  Осындай

жан азығы мол, жақсы кітаптар шыға берсе екен».

Челябі  облысының  әскери  бѳлімінде  қызмет  етуші

жауынгер  Кәкібай  Әйімбетов  «Жазушы»  баспасына

кітапты  оқығаннан  кейін  былай  деп  сәлем  жолдайды:

«

Соғыс  кезінде  Ербол  ағаларға  серік  болған  «Ақын»



романы  сияқты,  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  кітабы

біздің  серігіміз  болды.  Жорықтардан  шаршап  келгенде

оны қолыма алып, оқи бастасам, біржола шаршағанымды

ұмытып кетемін. Қасымдағы орыс жігіттеріне де бірнеше

рет  әңгімелеп  айтып  бердім.  Оларғада  ѳте  қатты  ұнады.

Біздің  взводтың  жігіттері  сіздерге  және  осындай  қызық,

тартымды  роман  жазып  шығарған  Әзілхан  Нүршайықов

ағайға  кѳп-кѳп  рахмет  айтады».  Житомир  облысында

әскери  борышын  ѳтеп  жатқан  жауынгер  Қуантай

Бұзаубаев  бұл  романның  ѳзінің  әскери  борышын

ойдағыдай атқаруға кѳмектескенін жазады.

397



Сѳйтіп  оқырмандар  ѳз  хаттарында  осылай,  алдымен

кітап  жайындағы  пікірлерін  білдіре  келіп,  ѳздерінің

«

әттеген-айларын»  айтады:  анау  неге  олай  болмады,



мынау  неге  бүйтпеді  деген  сияқты  ѳз  ѳкініштерін  ортаға

салады.  Осындай  бірнеше  сұрақтарына  жауап  беруді

ѳтінеді.  Ондай  сұрақтарға  оқырмандармен  бетпе-бет

жүздескенде  толық  жауап  беруге  мүмкіншілік  мол.  Ал

конференцияда  кездеспей,  республиканың,  тіпті,  Отаны‐

мыздың  алыс  түкпірлерінде  жатқан  оқырмандарға  жеке-

жеке  жауап  беру  қажет.  Алғашқы  4-5  хат  келгенде  мен

оларға қолма-қол жауап та бердім. Ѳйткені мен ол кезде

мұндай кѳп хаттың астында қалармын деп ойламап едім.

Бірте-бірте хат кѳбейе бастаған соң олардың әрқайсысына

бѳлек-белек  жауап  жазып  үлгіре  алмайтынымды  аңғар‐

дым.  Жүзінші  хат  келгенде  «Жүз  хатка  жауап»  деген

тақырыппен газетке мақала жазуға, сѳйтіп оқырмандарға

баспасѳз арқылы жауап беруге ұйғардым. Бірақ осы кезде

науқастанып,  ұзақ  уақыт  ауруханада  жатып  қалдым.

Шынымды  айтсам,  сол  науқастанып  жатқан  кезімде

оқырмандардан үзбей келіп тұрған хаттар маған дәрігер‐

лердің емі мен дәрісінен кем болған жоқ. Әр хат маған әл

берді, жаныма жігер құйды.

Міне,  ауруханадан  шығып,  қолыма  қуат  кіргеннен

кейін,  романым  жѳнінде  жылы  лебіздер  білдіріп,  хатта‐

рымен қиын күнде демеу болған қадірлі оқырмандарыма

рақмет  айту  үшін  қолыма  қалам  алып,  осы  жауапты

жазуға  кірістім.  Жоғарыда  аталған  мыңға  жуық  хатты

түгел  оқып  шыққаннан  кейін  солардың  ішіндегі  барлық

оқырман  үшін  ортақ  мәні  бар  деген  он  шақты  сұраққа

жауап беруді жѳн кѳрдім. Олар мыналар:

Сұрақ:  Сіз  ақынсыз  ба?  Әлде  жас  кезіңізде  ѳлең

жаздыңыз ба?

Жауап:  Мен  бала  күнімде  ѳлеңге  құмар  болдым.

Мектепке  барғанша  елден  ескі  дастандарды  кѳп  тыңда‐

398



дым.  Хат  танығаннан  кейін  «Батырлар  жырының»  бірін

қалдырмай жаттап алдым. Соларға қарап ѳзімнің де ѳлең

шығарғым келді. Сѳйтіп жүргенде соғыс басталды. Алма‐

тыға  әскерге  келдім.  Бір  күні  кешке  (1941  жылы

декабрьде)  бәрімізді  тездетіп  сапқа  тұрғызды.  Командир

алға келіп:

— 

Майдандағы 8-гвардиялық дивизияны толықтыруға



кім барады - екі адым алға шығыңдар, - деді.

Денесі  тѳртбақтау  келген,  жұмыскер  пішіндес  жас

жігіт  шығып,  бізге  қасқая  қарсы  қарап  тұрды.  Қапелімде

одан  басқа  ешкім  шықпады.  Мен  шықтым,  шыға  сала

жігіттерге қарсы қарап тұрып, ѳлеңдетіп қоя бердім:

Біз жеңеміз, ѳйткені ісіміз ақ.



Барлық адам баласы бізбенен жақ.

Дүниеге зұлымдық үстем болып,

Тұрмақ емес, әділдік жеңуі хақ!

Әділ ісіміз үшін шығыңдар, азаматтар, алға! -

дедім.

— 

Жарайсың!  -  деп  тертбақ  жігіт  қолымды  қысты.  -



Ѳлеңді ѳзің шығардың ба?

— 

Ѳзім шығардым.



Сол-ақ  екен  біздің  оң  жақ,  сол  жағымызды  жігіттер

кернеп  кетті.  Сапқа  бірге  тізілген  екі  артдивизионнан

керегі  80  адам  екен,  100  адам  шығыппыз.  Жиырма  адам

артық  деп  командир  бірсыпыра  адамды  кейінге

қалдырды. Мені де сол жиырманың ішіне қосты.

— 

Сен ақын екенсің. Ақын бригадаға да керек. Соғысқа



бұлардан сәл кейінірек бірге барамыз, - деді.

— 

Кұп!



Майданға  барамын  деп  саптың  алдына  алдымен

шығып,  жігіттерге  қасқая  қарап  тұрған  жігіт  Тѳлеген

Тоқтаров  еді.  Кейіннен  Тоқтаровқа  Совет  Одағының

Батыры атағы берілгені туралы хабарды естігенде: «Апы‐

рай,  сонда  Тѳлегенмен  бірге  кетіп  қалсам,  мен  де  батыр

399



болатын  ба  едім?!»  -  деген  ой  келді.  Ол  менің  албырт‐

тығым еді. Әйтпесе екінің бірі ер бола бермейді ғой.

Сонымен 

мен 


майданға 

бару 


үшін 

жаңадан


жасақталып  жатқан  бригаданың  құрамында  қалдым.

Ѳзім  бала  күнімнен  елгезек,  ширақ  едім.  Екі  күнде

ефрейтор  атандым.  Кѳп  ұзамай  кіші  сержант  боп  шыға

келдім. Бәрінен де жақсысы бұрын «Лениншіл жасқа» бір

конвертке  салып  он  ѳлең  жіберсем,  соның  бірде-біреуі

басылмайтын еді. Енді бригада газетінде бұрқырап менің

ѳлеңдерім  шығатын  болды.  Бұрын  бір  ауыз  ѳлең

шығарғанға  ѳзімді  ақынмын  деп  санап  жүрген  басым

бригада газетінің бетінде «Кіші сержант Ә. Нұршайықов»

деген атпен ѳлеңдерім жиі жариялана бастаған соң ѳзімді

едәуір  үлкен  ақынмын-ау  деп  ойладым.  Соғысқа

барғаннан  кейін  ұзақ  ѳлеңмен  бригада  атынан  «Ата-мыз

Жамбыл ақынға» деген хат жаздым. Менің осы ѳлеңім мен

оған  берген  Жамбылдың  «Жүз  жасаған  жүректен»  деген

жауабы екеуі қатар «Социалистік Қазақстанда» шықты.

Соғыс  бітті.  Бірден  Алматыға  келіп,  университетке

түстім.  «Социалистік  Қазақстан»,  «Лениншіл  жасқа»

ѳлеңдерімді  апардым.  Ешқайсысы  баспады.  «Мынауың

бықып  тұрған  фольклор  кѳрінеді.  Фольклордың  заманы

ѳткен,  шырағым.  Бұл  түріңменен  ешқашан  да  ақын

шықпайды»  десті.  Бұрынғымның  бәрі  бос  әурешілік

екеніне сонда ғана кѳзім жетті. Сѳйтіп, албырт, жас кездегі

ақылсыздығымнан  ақын  бола  жаздап,  аз-ақ  қалдым.

Осыдан  кейін  ѳлеңмен  үзілді-кесілді  қош  айтысып,

журналистік жолға біржола бет түзедім. Прозаның ауылы

жаққа  да  алыстан  кѳз  салып  жүрдім.  Ал  поэзия,  алға‐

шында  уәдесін  беріп,  үміттендіріп,  артынан  ѳзге  біреуге

күйеуге  шығып  кеткен  қыздай  болып,  кѳңілімнен  де,

кѳкейімнен де біржола алыстап кетті.

Сұрақ:  Осы  роман  қалай  туды?  Қанша  уақытта

жазылды?

400



Жауап:  Мен  ұзақ  уақыт  журналист  болдым.  Тек  қана

журналистика  жанрларымен:  бас  мақала,  сын  мақала,

очерк,  рецензия  жазумен  шұғылдандым.  Ал  әңгімеңі

ауызша  ғана  айтатынмын.  Ауызша  айтатын  әңгіме‐

лерімнің  тақырыбы  лирикалық,  сатиралық,  әзіл-қалжың

түрінде  боп  келе  беретін.  Ұзақ  жол  жүріп  келе  жатып

машина  ішінде,  дастарқан  басында,  демалыс  үйінде

тынығушылар  арасында  айтатын  ондай  әңгімелерім

бірнешеу еді. Олар «Ботакѳз», «Жемпір», «Әтір», «Алтын

сағат», «Үлкен жазушының жанында», «Аупартком секре‐

тары  туралы  баллада»,  «Қызыл  кѳрпе»  т.б.  болатын.

Осылардың бірсыпырасын кейін жолдастардың кеңесімен

қағазға 

түсіріп, 

газет-журналдарда 

жа-рияладым.

Кейбіреулері  кітапқа  да  кіріп  кетті.  Тек  сонау  1945-49

жылдардағы  студенттік  ѳмірдің  бір  сәтіне  ғана  құрылып,

кейін  әлденеше  рет  ѳңделіп,  жѳнделіп,  толықтырылған

«

Қызыл  кѳрпе»  әңгімесі  ұзақ  уақыт  қағазға  түсірілмей,



ауызша  айтылумен  келді.  Оның  қысқаша  мазмұны

мынадай еді: соғыстан келген солдат - студент ѳзімен бірге

оқитын  қызды  сүйеді.  Қыз  да  жігітті  жақсы  кѳреді.  Жігіт

сѳз айтқанда қыз басқаға беріп қойған уәдем бар еді, оны

қайтемін  деп  қиналады.  Жігіт  қыздың  уәдесін  бұздыр‐

майды.  Содан  кейін  ол  сырттан  оқуға  ауысып  кетеді.  Бұл

әңгімені мен ауызша ең соңғы рет 1968 жылы 7 ноябрьде

белгілі  тіл  маманы  Әйтім  Әбдірахмановтың  үйіне

жиналған  кѳп  адамның  алдында  айттым.  Сонда  ақын

Ғафу  Қайырбеков  орнынан  тұрып,  құттықтап  қолымды

алды да:

— 

Осы айтқаныңыз қағазға түскен бе? - деп сұрады.



— 

Жоқ.


— 

Қағазға түсіресіз бе?

— 

Түсіремін.



— 

Ендеше,  тез  қағазға  түсіріңіз,  әйтпесе  мұны  мен

поэма етіп жазып қоямын...

401



Студент  күндегі  блокноттардың  беттерін  ақтардым.

Ақтара  отырып,  бұл  жайды  ѳзім  жазбасыма  болмай‐

тынын  және  түсіндім.  Күндіз-түні  соны  қағазға  қалай

түсіруді  ойладым.  Қандай  қосалқы  оқиғалар  жанастыру

жағын  іздестірдім.  Ақыры  сол  жылдың  декабрінде

демалыс алып, осы әңгімені қағазға түсіруге отырдым.

Мен  -  журналист-жазушымын.  Ѳмір  бойы  кеңседе

қызмет  істеп  келемін.  Профессионал  жазушылардың

журналист-жазушылардан  артықшылығы  олар  кеңседе

қызмет  істемейді,  үйлерінде  жатады,  тек  қана  творче‐

ствомен  шұғылданады.  Ондай  мүмкіншілігім  болмаған‐

дықтан,  мен  кесек  деген  кѳркем  шығармаларымды  тек

қана жыл сайынғы кезекті демалысымды алғанда жазаты‐

нмын.  Осылай  етіп  мен  бір  жылғы  демалысымда  «Ма-

хаббат  жыры»  деген  алғашқы  повесімді  аяқтадым.  Одан

кейінгі  екі  демалысым  «Ботакѳз»,  «Әсем»  дейтін  шағын

повестерге  жұмсалды,  т.  т.  Ал  алпыс  сегізінші  жылдың

кезекті  демалысын  «Жастық  жыры»  деген  жаңа  атпен

ауызша  «Қызыл  кѳрпе»  аталып  келген  осы  әңгімеге

жұмсамақ болдым.

Алғашқы  жоспарым  бұрын  жарияланған  «Махаббат

жыры», «Ботакѳз», «Әсем», «Ескі дәптерге» енді «Жастық

жырын»  қосып,  замандастар  жайлы  шағын,  бес  повестен

құралған  роман  жасау  болды.  Осы  арада  бұл  шығар‐

маның  қай  жақтан  баяндалатыны  да  белгілі  боп  қалды.

Ѳйткені  оған  дейінгі  шағын  повестердің  бәрі  де  бірінші

жақтан  баяндалатын.  Солардың  бір  бѳлігі  болғандықтан,

мұны да солай етудің қажеттігі айқындалды.

Бұған  дейін  де  мен  бұл  әңгімені  қағазға  түсіремін  деп

бір-екі  рет  талаптанған  болатынмын.  Бір  рет  бастаға‐

нымда  журналист  Ербол  Алматыдан  келген  жазушымен

екеуі  тың  жерлерді  аралап  жүріп,  ауатком  председа‐

телінің кабинетінде қонады. Сонда Ербол астана жазушы‐

сына ѳз ѳмірін баяндап беретін. Екіншісінде ол кабинетте

402



емес,  далада,  машина  ішінде  баяндайтын.  Ал  үшінші

жолы оны кабинетте де емес, машина ішінде де емес, ѳзен

жағасындағы  шонан  үйінде  жатып  баяндайтын  еттім.

Бірақ кітап біткеннен кейін оның басталуын тағы да ѳзгер‐

туге  тура  келді.  Бір  кездескенімізде  жазушы  Мырзабек

Дүйсенов  екеуміз  романның  жалпы  атын  не  деп  қоюды

ақылдастық.  Ол  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  деп

қоюға  кеңес  берді.  Осыған  тоқтадық.  Осы  атпен

«

Жазушы» баспасының 1970 жылғы жоспарына 15 баспа



табақ роман беремін деп мен заявка жасадым.

Ал  ауызша  айтқанда  20-30  минутта  аяқталатын

«

Қызыл  кѳрпе»  әңгімесі  «Жастық  жыры»  деген  атпен



қағазға  түсе  бастағанда  шағын  повесть  кѳлеміне  сыймай,

шырқап  кетті.  Бір  ай  демалысымда  оны  бітіре  алмадым.

1969 

жылдың  басында  тағы  да  бір  ай  демалыс  алып,



тапжылмастан  отырдым.  Онда  да  бітпеді.  Жазған  сайын

жаңа линиялар қосылып, шығарманың арқауы қалыңдай

берді. Бұрын әңгіме бір ғана Меңтай мен Ербол арасында

ғана болса, енді оған Ербол - Сәлима, Бүркітбай - Сәлима,

Меңтай  -  Тұмажан,  Заман  -  Тана  линиялары  қосылды.

Белгілі  бір  дәуір  -  Отан  соғысы  кезінің  қиындығы,  одан

кейінгі  ауыртпалық  туралы  шығарма  жаза  отырып,  сол

кезге  тән  бұл  оқиғалардан  аттап  кете  алмайтын  болдым.

Оның  үстіне  Меңтай  мен  Ерболды,  олардың  қасындағы

және  басқа  жанама  кейіпкерлерді  сол  40-жылдардың

дәрежесінде қалдыру керек пе деген сұраққа да кѳп ойла‐

нуға  тура  келді.  Қалдырсам,  70-жылдардың  жастарына

олар  ұнай  ма?  Бұл  кітаптың  оқырмандары  сол  Меңтай

мен  Ерболдың,  солардың  тұстарының  балалары  болады.

Олардың  әке-шешелерінің  махаббатын  әрі  таза  күйінде,

әрі  ѳздеріне  үлгі  ете  кѳрсету  міндет.  Қазіргі  жастардың

білім дәрежесі де, сыншылдық ѳресі де ѳте жоғары. Бұлар

жоқшылық  дегеннің  не  екенін  білмей,  молшылық  дүни‐

есінде  балықтай  жүзіп  келе  жатқан  жандар.  Олардың

403



махаббат  жайындағы  түсінігі  де  ѳзгешерек.  Осылардың

бәрін  елеп,  ескеру,  екшеу  қажет  болды.  1969  жылдың

басында  алған  демалысымда  шығарманы  аяқтай  алмаған

соң,  сол  жылдың  декабріне  дейін  жұмыс  істей  жүріп,

кештетіп  үнемі  соған  үңілумен  болдым.  Ақыры  1969

жылдың  аяғында  бір  айлық  кезекті  демалысымды  алып,

1970 

жылдың  19  январында  кітаптың  соңғы  нүктесін



қойдым.

Кітаптың  әр  тарауын  жеке  новелла  етіп  аяқтап  отыр‐

дым.  Шамасы  келсе,  әр  тарау  келесі  тарауға  жетекші

болсын. Шамасы келмесе, біткен бір тарау ѳз алдына жеке

әңгіме  сияқтанып  қалсын  дедім.  Ѳйткені  осы  күнгі

оқушының  кез  келген  романды  басынан  аяғына  дейін

оқып отырарлық мұршасы жоқ. Қолына тиген романның

бір тарауын оқып, тартпаса тастай салуы да мүмкін. Мен

кітабымның ең жоқ дегенде оқушы шыдамы жетіп оқыған

тарауы  ойында  қалуына  тырыстым.  Ол  үшін  оның

оқиғасы қызықты, тілі тартымды - екеуі де ѳмірдің ѳзінен

алынған  шындық  болуына  кѳп  назар  аудардым.  Бірсы‐

пыра  тарауларды  кейін  қайталай  кѳшіріп,  ондағы  оқиға,

сезім,  сѳз  шындығын  үнемі  тексеріп  отырдым.  Кей

күндері  жаңа  материалдан  3-4  бет  жазсам,  кейде  жарты

бетті  толтыра  алмай,  қиналған  шақтарым  да  болды.

Әсіресе  оқушының  кѳз  алдында  картина  тәрізді  боп

қалса-ау  деген  тұстар  тұтқыр  тарта  берді.  Мысалы,

Ерболдың ең алғаш жаңа жыл түнінде жауған кѳбік қарды

шинелінің  етегімен  боратып  келе  жатқан  сәті,  Ерболдың

Меңтайға  сѳз  айтатын  түні,  Ерболдың  қайта  майданға

кеткелі  жатқанда  Қарашекені  шын-жырлап  жатқан  жері

т. б.

Әсіресе  бұрын  ауызша  айтып  жаттыққан  жерлерім



(

Ерболдың ең алғаш аудиторияға кіруі, бірінші лекцияны

тыңдауы т. б.) ѳте тез жазылды.

Кітапты  жазуын  жазып  бітірсем  де  қолжазбамды

404



жолдастарға кѳрсетуге қорқып жүрдім. «Ұнай ма, ұнамай

ма?  Ұрсып  тастамай  ма?»  деп  қымсындым.  Оны  алғаш

оқып,  пікір  айтқан,  кѳңілімді  демеп,  буынымды  бекіткен

ақын  Мұзафар  Әлімбаев  болды.  (Баспа  қызметкерлері

кітаптың  кіріспесін  ықшамдау  керек  дегенде  тағы  да

Әлімбаев  сенің  кітабыңның  бар  мазмұны  Пришвиннің

мына  сѳзінде  тұр,  соған  зер  салшы  деген  кеңес  айт-ты.

Осыдан  кейін  алғашында  эпиграф  ретінде  алынған

Тургенов  сѳзі  мен  Пришвин  пікірін  ұштастырып,

кітаптың кіріспесін қайта ықшамдадым).

«

Жастық  жыры»  біткеннен  кейін  оған  бұрынғы  пове‐



стерді  қосуға  болмай  қалды.  Ѳйткені  жалғыз  осының  ѳзі

баспа  жоспарындағы  кѳлемнен  кѳбіректеу  боп  шықты.

Енді  мұны  жеке  кітап  етіп  шығаруға  тура  келді.  Тек

«

Жастық  жыры»  деген  аты  ѳзгертіліп,  баспаның  жоспа‐



рында кѳрсетілген «Махаббат, қызық мол жылдар» деген

атпен  шығып,  «роман»  деп  аталатын  болды.  Сонымен,

осы кітаптың түбіне бірінші рет фамилиям жазылды.

Сұрақ: Роман неге тек қана махаббатқа құрылған?

Жауап:  Бұл  романды  жастар  ѳмірінен  алып,  жастарға

арнап  жазған  мақсатым,  бұрынғы  ата-  бабаларымыздың

мекеніне  ұя  салып,  бүгінгі  біздің  орнымызды  басатын,

ісімізді  жалғастырып,  алға  апаратын  болашақ  ұрпаққа,

солардың  жүректерінде  асыл  адамгершілік  қасиеттерінің

қалыптасуына  титтей  де  болса  ѳзімнің  себімді  тигізуге

ұмтылу еді. Біз - ата-ана, жан-жүрегімізді жарып шыққан

жас  қауымның  жақсы  болуын  тілейміз.  Солар  әділ,  адал

болып  ѳссе  екен  дейміз.  Баяғы  Тѳлеген  ағаларындай

уәдеге  берік,  Жібек  апаларындай  ақылды,  жаугершілік

жағдайға душар болса, сонау Қарақыпшақ Қобыландыдай

қаһарман  батыр,  кешегі  Тѳлеген  Тоқтаров,  Әлия

Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова  сияқты  отаншыл,

ержүрек болса екен деп арман етеміз. Ѳз жүрегімдегі сол

арманды  мен  жастарға  қалай  жеткізсем  деп  толғандым.

405



Сонда  осы  ойдың  бәрін  оларға  бір  ғана  махаббат  деген

асыл жібекке түйіп беруді мақұл кѳрдім. Ѳйткені саналы

ѳмірдің  бар  қызығы  махаббатқа  тіреледі.  Махаббатқа

соқпай  кететін  сезім  аз.  Анаға  сүйіспеншілік,  жарға

құштарлық,  Отанға  перзенттік,  туған  топыраққа  боры‐

штық  сезімдерінің  бәрі  махаббатқа  байланысты.  Адам

бойындағы  ең  асыл  сезімдердің  бірі  адамгершілік  сезімі

де  махаббатпен  сабақтас.  Ѳйткені  махаббат  қадірін

білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адам‐

гершілігі жоқ кісінің жүрегіне асыл махаббат ешқашан да

ұя  салмайды.  Мінеки,  осы  себептен  де  мен  жастардың

жүрегіне  махаббат  арқылы  жақындауды  мақсат  еттім.

Кітабымның негізгі арқауын махаббат ете отырып, жаста‐

рымыздың  жанына,-жүрегіне,  ойына  қарапайым  халқы‐

мыздың  кейбір  асыл  қасиеттерін:  ананы  ардақтаушылық,

қызды  қадірлеушілік,  алған  жарын  жанындай  сүюшілік,

ағаны  құр-меттеушілік,  сертке  беріктік,  ұйымшылдық,

бірлік-бірауыздылык,  бауырмалдық  сияқты  советтік

моралімізге сай келетін дәстүрлерін сіңіргім келді. Халқы‐

мыздың бұл қасиеттері туралы басқа кітаптарда да жазы‐

лған,  айтылған,  әлі  де  айтыла  берер.  Ал  мен  соған  ѳз

үлесімді  қосуды  парыз  тұттым.  Ол  мақсатым  орындалды

ма, орындалмады ма - оны оқырман қауым біледі.

Сұрақ:  Романда  Меңтай  неге  трагедиялық  күйге

ұшыратылды?  Оны  тым  болмаса  тірі  қалдыруға

болмайтын ба еді?

Жауап:  Меңтайдың  басынан  кешкен  трагедиялық

жағдай бірнешеу. Алдымен кішкентай күнінде әкесі ѳлді.

Одан соң соғыста жалғыз ағасы қаза тапты. Оның күйігіне

шыдай  алмай,  шешесі  қайтыс  болды.  Бұл  соғыс  кезіндегі

соғыстың  тақсіретін  тартқан  әр  семьяға  тән  қасіреттер

болатын.  Халықтың  қалың  ортасынан  шыққан  қыз

болғандықтан, әрине, Меңтай да сол азаптардан ѳтуге тиіс

еді.  Байқауымша,  бұл  жағына  оқырмандар  қарсы  емес,

406



дәнеңе  демейді.  Бұдан  баска  Меңтай  ұшыраған  тағы  екі

трагедиялық  хал  бар:  бірі  оның  Тұмажанның  торына

түсіп  қалуы,  екіншісі  -  ѳлімі.  Кѳп  жұрт,  әсіресе,

Меңтайдың ѳліміне ѳкінеді. Меңтайды ѳлімге кәрі де, жас

та  қимайды.  Кѳп  жастар  Меңтай  ѳлімін  жылап  отырып

оқығандарын 

жазады. 

Ал 


Павлодар 

облысының

Майқайың поселкесінде тұратын пенсионер қарт Кәрібай

Уайысов  бұл  туралы  ѳз  хатында  былай  дейді:  «Жолдас

Әзілхан 

Нұршайықовтың 

«

Махаббат, 



қызық 

мол


жылдар»  деген  романын  түгел  оқып  шықтым.  Жақсы

жазылған.  Менің  сіздерге  хат  жазып  отырған  себебім,

романға  сын  айту  емес,  Меңтай  ѳлімінің  қайғылы  екенін

айту. Сондай абзал жаратылған адамның ѳлді деген жерін

оқығанда не болып кеткенімді ѳзім де білмеймін. Жүрегім

әлсіреп,  сасқанымнан  дәрі  ішіппін».  Немесе  Қызылорда

облысының 

Жаңақорған 

станциясының 

тұрғыны


Қылышбек  Бейсекеев  былай  деп  жазады:  «Ѳмірімде

қолыма қалам ұстап, шығарма талдап немесе пікір айтып

кѳрген  жоқ  едім.  Әзілхан  Нұршайықовтың  «Махаббат,

қызық мол жылдар» деген романын оқып, қатты толғаныс

үстінде  қалдым.  Мейлі,  Меңтай  ѳлді  дейік  (жоқ,  «ѳлді»

деуге  ауыз  бармайды;  оны  ѳлді  дегенше  әлгі  батырдың

жолдасы  болмай  кеткір  Тұмажанды  ѳлтіру  керек  еді).

Бірақ  «ѳлгеннің  артынан  ѳлмек  жоқ»  деген  бар  емес  пе?

Ендеше  Ерболдың  содан  бергі  20  жылдық  ѳмірінен

оқушыға  екі-үш  бет  қана  хабар  беруге  болар  еді  ғой.

Сосынғы  бір  айтарым:  біздің  ауылда  осы  кітаптың  ішін‐

дегі  «Апамның  айтқандары»  деген  нақылдарды  қойын

дәптеріне  кѳшіріп  алған  адамдарды  кѳрдім.  Бұл  да

Меңтайды  сыйлағандықтың  белгісі  деп  білдім.  Мінеки,

оқырмандардың  пікірі  -  Меңтайдың  тағдыры  туралы  екі

ұдай:  біреулер  ѳлгенін  дұрыс  кѳреді,  біреулер  тірі

қалдыру  керек  еді  деседі.  Бірақ  қанша  қиналып,  қынжы‐

407



лғандарымен  кѳпшілік  оқырмандар  оның  ѳлгенін  дұрыс

санайды.


Шынымды  айтсам,  мен  Меңтайды  «ѳлтіремін»  деп

ойлаған  жоқ  едім.  Алғашқы  жоспарымда  Меңтай

Ерболмен 

қосылмайтын, 

Тұмажан 

опасыз 


боп

шыққаннан  кейін  басқа  біреумен  тұрмыс  құрып  кететін.

Содан  жиырма  жыл  ѳткеннен  кейін  Жоғарғы  Советтің

сессиясы  кезінде  депутат  Меңтай  мен  журналист  Ербол

екеуі  астанада  кездесетін.  Бірақ  Татьяна  менің  еркімнен

тыс ерге шығып кетті деп Пушкин айтқандай, Меңтай да

менің  еркімсіз  Ерболға  шықты,  онымен  аз  уақыт  қана

тәтті дәурен сүріп, дүниеден қайтты.

Меңтайдың  күйін  кешіп,  осы  күні  тірі  жүргендер  де

бар  ѳмірде.  Ендеше  оны  романдағыдай  қайғылы  халге

ұшыратпауға  да  болатын  еді.  Бірақ  романның  мазмұнын

«

Меңтай  жақсы  қыз  еді.  Алғашында  адасты.  Артынан



бақытты  болды»  деген  сѳздерге  ғана  сыйдырсақ,  оқушы

соған  иланар  ма  еді?  Иланбауы  мүмкін.  Ѳйткені  ѳмірде

екінің бірі бақытты бола бере ме? Қазір ғашықтарға ешбір

бѳгет  жоқ:  заман  дұрыс,  заң  әділ  дегенімізбен,  әлденелер

бѳгет  болып,  әркім  әр  түрлі  себеппен  арманда  кетіп

жатпай ма? Романда Заман мен Тана мақсаттарына жетіп,

бақытты  болады.  Оның  үстіне  Ербол  мен  Меңтайды

бақытты  етіп  қойсам,  тым  тәтті  болып  кетпей  ме?  Міне,

осындай  толғаныс  үстінде  Меңтайды  трагедиялық  халге

жеткізу  жайында  еміс-еміс  ой  келді.  Оған  мынадай  бір

себеп ге болды.

Бұл  роман  жазылмас  бұрын,  газетте  қызмет  істейтін

журналист  кезімде  бір  жас  әйелдің  редакцияға  жазған

хатын тексере бардым. Аупартком кабинеттерінің бірінде

арыз  иесімен  әнгімелестім.  Қазірдің  ѳзінде  уыздай  ѳңді

келіншектің  қыз  кезінде  керемет  сұлу  болғаны  аңғары‐

лады. Келіншек кѳзінің жасын сығып тастап, сұрақтарыма

жауап берді. Ол ѳзі облыстық қалалардың бірінде жоғары

408



оқу  орнын  бітіріпті.  Кѳрікті  қызға  кѳз  салғыштар  кѳп

болмай ма? Бұған да солай болыпты. Соған мастанып, бұл

ешкімге  қарамай  қояды.  «Бұйырмаған  қызға  бұғалық

түспейді» дегендей, ешкімді кѳзіне ілмей, ойнақтап жүре

береді.  Әсіресе  бір  жұпыны  жігіт  қызға  кеп  жалынады.

Киімің нашар, бойың тапал деп қыз ол жігітті де маңына

жуытпай  қояды.  Сѳйтіп  жүргенде  қыз  институтты

бітіруге айналады. Бір күні кештен бірге қайтқан екі жігіт

қызды  шығарып  салмақ  болып  келе  жатып,  алдап  бір

үйге  кіргізеді  де,  екіншісі  есікті  сырттан  кілттеп,  кетіп

қалады.  Тағамы,  шарабы  жасаулы  тұрған  иен  үйде  әлсіз

қыз  еңгезердей  жігітпен  екі  күн  оңаша  қалуға  мәжбүр

болады.  Сѳйтіп  сақтығынан  айырылған  қыз  пәктігінен

айырылады  -  арамза  жігіттердің  шығарып  саламыз

дегеніне  сеніп  жүре  берген  сорлы  бала  осылайша

опасыздың  олжасына  айналады.  Бұл  оқиғадан  кейін  қыз

институтты тауысып,

дипломын  алып,  үн-түнсіз  қызметке  жѳнеледі  де,

барған  жерінде  бірінші  сѳз  айтқан  жігітке  тұрмысқа

шығады  да  кетеді.  Бірақ  шыққан  жігіті  мінезсіз  боп

кездеседі.

Пәктіктен  айырылғаннан  кейін  ақтығың  адыра



қалады  екен,  ағай,  -  деді  келіншек  тағы  бір  ѳксіп  жылап

алып.  -  Күйеуім  мас  болған  сайын  мені  балағаттап:  «Сен

маған  келгенде  қыз  емес  болатынсың»  деп  кінәлайтын,

тіпті,  қол  жұмсап,  ұратын  болды.  Осылай  да  осылай,

зорлыққа душар болдым деп талай рет жалынып, жылап,

шынымды  айттым.  Бірақ  оған  күйеуім  сенбеді.  Сенін

бұрын  ғашықтарың  болған,  пәктігіңді  солардың  біріне

сыйлағансың деп, ол ѳз сѳзін айтатын болды. Кей күндері

үйге  қонбайтынды  шығарды.  Күйеуім  -  жоғары  білімді

зоотехник.  Алғашында  оқыған  жігіт  қой,  ескі  салттардың

жѳн-жосығына мән бермейтін шығар деп ойладым. Оған

уәдемді  берсем  де,  ұрлық  қылған  кісідей,  ѳмірлік  жан

409



жарыма ақаусыз күйде жете алмағаныма қиналып, қысы‐

лған  едім.  Ақыры  ойлағанымдай  болып  шықты.  Сѳйтсем

оқыған  жігіттердің  ѳздері-ақ  студент  күндерінде  кѳрікті

қыз  кездессе,  қызыл  кѳрген  қарғадай  шуласып,  таласып,

тѳбелесіп  жүргендерімен,  кейін  үйленген  кездерінде

алған  қыздарының  сызаты  жоқ,  шыныдай  мѳлдірлігін

талап  етеді  екен.  Алған  қыздары  кѳңіліндегідей  боп

шыққан  жігіттер  қуана  құнжыңдап,  алтын  тапқандай

мақтанышын  сездіріп  жүрсе,  ондай  болмағандар  ѳз-

ѳзінен  тұнжырап,  суық  тигендей  шытынай  беретінін

байқадым.  Тегі,  күйеуім  мені  сүймейтін  шығар,  шын

сүйген адам ондайға қарамауы керек қой деп те ойладым.

Қайдан  білейін.  Осыны  күздің  күніндей  тұнжыратпай,

біржола  ажырасып  кетсем  бе  деп  те  оқталдым.  Ерден

шыққан  әйелден  ешкім  пәктік  талап  етпейді  ғой.  Дәм

жазса  тағы  біреуге  қосылармын  дедім.  Бірақ  олай  етуге

елден  ұялдым,  ѳзім  оқытып  жүрген  шәкірт  балалардан

қысылдым.  «Пәленше  мұғалім  күйеуінен  ажырасып

кетіпті» деген қаңқу сѳзден қорықтым.

Ѳстіп  дел-сал  болып  жүргенімде  бір  күні  түнде

күйеуім мас боп, менің бала күнімдегі жолдасым деп үйге

бѳтен  біреуді  ертіп  келді.  Оған  тѳсек  салдырып,  маған

соның  қасына  жат  деп  итермеледі.  «Бұл  маған  келгенде

қыз  емес  болатын,  бүгін  сен  қойнына  жатып  шық»  деп

оған  ыржалақтады.  Мен  жерге  кіріп  кете  жаздадым.  Бұл

қорлықты  кѳргенше  ѳлейін  деп,  қыстың  аязында  киімсіз

далаға  қаштым.  Содан  үсініп,  үш  ай  ауруханада  жаттым.

Жақында ғана жазылып шықтым.

Шынымды  айтсам,  жынданудың  аз-ақ  алдында

қалдым,  ағай.  Тағы  да  сол  үйде  тұрып  жатырмын.  Күйе‐

уімнің бетіне кісі екен деп қарағым келмейді. Бір столдың

басында  басымыз  түйіспейді.  Ол  ѳз  тамағын  ѳзі  істеп

ішеді,  мен  де  ѳз  бетіммен  тіршілік  етемін.  Ортамызда

жалғыз  бала  бар.  Екеумізді  бір  ошақтың  басында  ұстап

410



отырған  дәнекер  сол  ғана.  Әйтпесе  сырт  бүтін  болғаны‐

мен, іш түтін.

Осылай  деп,  келіншек  темен  қарап,  сәл  үнсіз  отырды

да, әңгімесін қайта жалғап кетті.

Жас  күнде,  қыз  кезімізде,  кѳбіміздің  кѳзімізді  шел



қаптап  жүреді  екен,  ағай.  Бір  жігіттің  бойы  аласа,  екін‐

шісінің  ѳңі  сиықсыз  -  бұлар  «Ландыш»,  бізге  «Венера»

керек  деп,  ѳзімізге  адал  серік  болар  жақсы  жігіттерді

аяғымыздың астында жатса да аңдамайды екенбіз. Бұрын

институтта  жүргенде  группадағы  жігіттердің  бәрі  мені

қатты  сыйлайтын  еді.  Олар  менің  атымды  Гүлім  демей,

ылғи Ақгүлім деп атаушы еді. Енді міне ақгүл емес, қара

гүл  болдым.  Жер  үстінде  құр  сүлдерім  жүргені  болмаса,

кейде  ѳзімді  тірі  ѳлік,  тірі  аруаққа  санаймын.  Қызмет,

бала,  жора-жолдас  -  бәрі  алданыш  қой.  Бірақ  әйелдің

шын  бақыты  осылардың  үстіне  ѳмірлік  жан  жарының

жақсы болуында екен.

Мінеки,  ағай,  ѳмірім  осы  менің.  Ауруханада  жатып,

жаным  қиналғанда  редакцияға  хат  жазғанмын.  Бір  адам

жіберсеңіздер  бар  қайғы-сырымды  айтамын  дегенмін.

Келгеніңізге рақмет. Бірақ ѳзімді-ѳзім әшкерелеп, жұртқа

жайып  қайтемін  деген  тағы  бір  ойға  тоқтадым.  Сізден

ѳтінішім,  менің  күйеуіммен  оңаша  сѳйлесіп,  осының

бәрін  айтыңыз.  Алдымен  арақ  ішкеніңді  қой  деңіз.  Бар

пәле  содан  басталады.  Осыған  уәдеңді  берсең,  мен  сені

масқаралап,  газетке  жазбаймын  деңіз.  Ол  осыған  кѳнсе,

газетке жазбай-ақ қоюыңызды сұраймын.

Әрине,  мен  келіншектің  күйеуімен  де  сѳйлестім.  Ол

уәдесін  берді.  Бірақ  осы  окиға  менің  есімде  сақталып

қалды.  Мінеки,  романдағы  Меңтайдың  тағдырын  немен

тындыру  керек  деп  толғанғанда  бұл  жай  ойыма  оралды.

Келіншектің  сонда  айтқан:  «Тегі,  күйеуім  мені  сүймейтін

шығар, шын сүйген адам ондайға қарамауы керек қой деп

ойладым» деген сѳзі бір шындықтың шетін аңғартқандай

411



болды.  Меңтайды  Ерболға  қосу  туралы  ой  осыдан  туды.

Ал халқымыз ежелден ұлын адал, қызын пәк етіп ѳсірген.

Ѳйткені  пәктік  жас  жұбайлардың  бір-біріне  болашақ

қадір-құрметінің,  достық-сыйластығының,  риясыз  беріл‐

гендігінің  басы  деп  білген.  Ендеше  біз  ѳз  ұрпағымызды

ата-бабамыздың  бүгінгі  коммунистік  моральға  жақын

келетін  осы  дәстүрі  негізінде  неге  тәрбиелемейміз?  Осы

мақсат  үшін  қимасам  да,  қиналсам  да,  оқушы  жан-

тәнімен  жақсы  кѳрген  ақылды  ару  Меңтайды  құрбан

еттім.  Бұл  «қаталдығым»  үшін  оқырман  қауымнан

кешірім  ѳтінемін.  Бұл  арада  менің  ұзақ  жыл  очеркист

болғаным  да  кінәлі  ме  деп  ойлаймын.  Ѳйткені  очеркист

ѳмірде  болған  оқиғаны  ғана  суреттейді,  фактыны  ғана

баяндайды.  Тегі,  менің  ескі  кәсібіме  тартып,  Меңтай

басынан  ѳткен  трагедиялық  халді  ѳмірде  шын  болған

оқиғаға негіздеп жіберуім де ықтимал.

Қалай  дегенмен  де  мен  автор  ретінде  Меңтайға  разы‐

мын.  Ол  ѳлсе  де  кѳңіліндегі  сабағын  беріп  тынды.  Адал‐

дықтың,  адамгершіліктін,  достықтың,  асыл  жардың  әнін

ѳзінше  шырқап  ѳтті.  Менің  жақсылығымнан  үлгі  алың‐

дар,  қатемді  қайталамаңдар  деп  кетті.  Ол  ѳзінің  қоғам‐

шыл,  кѳпшіл  ісімен,  әділ,  адалдығымен  әр  оқырманның

кѳңілінде қалды.

Сұрақ:  Ербол  мінезіндегі  кейбір  жасықтықты  қалай

ұғуға болады?

Жауап:  Ербол  -  момын  ата-анадан  туған,  халқының,

қоғамының  бойындағы  ең  жақсы  қасиеттерді  бойына

сіңірген, Октябрь революциясынан бес жыл кейін дүниеге

келген  жас  азамат.  Ербол  социалистік  қоғамның

қырқыншы  жылдары  піскен  нәрлі  жемісі,  осы  күні  жаңа

адамдар деп аталатын Октябрь тѳлінің алдыңғы легіндегі

күрескер.  Сырттай  қораш  кѳрінгенімен  Ербол  іштей

ақылды,  адамгершілікті,  кѳпшіл,  қоғамшыл,  досшыл,

сабырлы  жігіт.  Әңгіме  адамгершілік  пен  арға  тірелгенде

412



ол  екінін  бірі  бара  алмайтын  кесек  қимылдарға  барады:

жан-жағын  жалмауыздай  жайпап  келе  жатқан  жау

танкісімен  жекпе-жек  айқасады:  жолдастарына  қауіп

тѳнгенде  жыландай  ысқырып,  жарылайын  деп  жатқан

снарядті құшақтап алып, шұңқырға лақтырады; досының

қызы  Тананың  абыройын  тѳкпеу  үшін  онымен  үш  күн

бірге  болғанда  тастай  боп  қатып  қалады;  ѳзі  жақсы  кѳре

тұра  Меңтайдың  басқаға  берген  сертін  бұздырмайды;  ѳзі

жалаңаш-жалпы  жүріп,  костюмге  жинаған  ақшасын

Заманды  іздеп  бара  жатқан  Танаға  жол  қаражат  етіп

береді.  Оқырмандар  оның  бойындағы  осы  қасиеттерді

дұрыс  түсініп,  бағалаған.  Түсіне  тұра  кейбір  оқырман‐

дардың  Ербол  мінезіндегі  екі  «жасықтыққа»  зығырданы

қайнайды..  Мектеп  ішінде  Бүркітбай  Сәлиманы  ұрғанда

Ербол неге Бүркітбайды сақалынан алып, жағасын жырт‐

пады?  Неге  ол  вагонда  Ошақбаевты  тым  болмаса  шапа‐

лақпен  бір  тартып  жібермеді?  -  деп  ѳкінеді.  Алматы

облысының  Кеген  ауданынан  «Меңтайдың  ѳліміне

Ерболдың  ынжықтығы  кінәлі.  Ербол  шүу  басында  сертін

бұздырып, Меңтайға үйленіп алса, онда мұндай аянышты

хал  болмайтын  еді.  Бәріне  еркектер  кінәлі,  оларға

ешқашан  да  сенуге  болмайды»  -  деп  маған  ашулы  хат

жазды.  Бірақ  осылардың  бәріне  оқырмандардың  ѳздері

жауап  беріп  жатыр.  КазГУ-дің  М.О.  Әуезов  атындағы

әдеби бірлестігінде осы романға арналған конференцияда

бірді-екілі  жігіттер  Ерболды  аузындағысынан  айырылып

қалатын  ынжық  деп  кінәлағанда,  ѳзге  жастар  (әсіресе

қыздар)  бұл  пікірге  қарсы  шықты.  Трибунадан  сѳйлеген

кейбір қыздар әзілдеп: егер осы күнгі жігіттеріміздің бәрі

Ерболдай  болса,  қыздар  одан  артықты  іздемес  еді  деген

пікірді де айтты.

КазПИ-де  болған  кездесуде  сѳйлеген  Жамалова  деген

студентка: «Ербол Бүркітбайды бір ұрғанмен, Сәлиманың

басына  бақыт  орнай  ма?  Ошақбаевтың  бетіне  бір  түкір‐

413



генмен, Меңтайдың міні бүтінделе ме? Екеуі де болмайды.

Ендеше  мен  Ерболдың  сабыр-лылықпен  астасқан  ақыл‐

дылығын  құптаймын»  деді.  Мен  бұл  жайында  осы

студенткадан асырып ештеңе айта алмайтын сияқтымын.

Жазушының кітаптағы кейіпкерлерін жан-жақты білуі

парыз. Сондықтан да мен шығармаға кіріспес бұрын оның

кейіпкерлерінің  кейбір  прототиптерімен  әлденеше  рет

кездестім.  Оған  журналистік  қызметім  мүмкіндік  берді.

Олардың  бәріне  де  «Қызыл  кѳрпені»  ауызша  айтып

бердім.  Әңгімем  тыңдаушыларға  ұнаған  сайын  маған  да

шабыт  келіп,  осыны  жазсам,  жұрт  оқыр  еді-ау  деген  ой

баурай бастады. Осы тоқтамға 1968 жылдың күзінде анық

келгенімді жоғарыда айттым. Ескі достармен жүздескенде

ѳтіп  кеткен  қырқыншы  жылдардағы  студенттік  ѳмірдің

ѳзім  ұмытып  қалған  детальдарын  қойын  дәптерге  және

түрте  жүрдім.  Шығармаға  отырар  алдында  универси‐

теггің  Совет  кѳшесіндегі  ескі  корпусын  әдейі  барып

аралап  шықтым.  Ѳзіміздің  ескі  аудиторияларға  кірдім,

кітапханаға  да  бас  сұқтым.  Университеттің  Калинин  мен

Виноградов  кѳшелеріндегі  ескі  жатақханаларын  жағалай

және  аралап  шықтым.  Дәлізде  жүріп,  бѳл-мелердің

номерлеріне  дейін  үңіліп  кѳз  салдым.  Қасымнан  арлы-

берлі  ѳтіп  жатқан  қыз,  жігіттер  менің  осыдан  жиырма

жыл  бұрын  ѳздері  сияқты  студент  боп,  осы  бѳлмелердің

бірінде  жатқанымды,  қазір  сол  студенттік  ѳмір  жайында

кітап жазуға келіп жүргенімді, әрине, сезген де жоқ.

Ескі  орындарды  аралай  жүріп,  мен  кітабымның  бас

каһармандарының  бірі  Ербол  Есеновтың  қандай  болуы

керектігін  ойладым.  Сѳз  жоқ,  ол  Ұлы  Отан  соғысына

барып,  жауды  жеңіп  қайткан  саналы  қазақ  жастарының

жиынтық  бейнесі  болуға  тиіс.  Сондықтан  да  Ербол

кітаптың  алғашқы  беттерінде  ұлы  жеңіске  семіріп,  туған

жеріне,  арман-астанасына  сағынышпен  жетіп,  романти‐

калық күйде жүрген солдат күйінде суреттеледі. Мысалы,

414



оның  Совет  кешесін  бойлап  университетке  келе  жатуы,

оның  тас  баспалдағына  табаны  тигендегі  жан  тебіренісі,

университетке  қабылданып,  деканаттан  шыққанда  ѳзін

асқар Алатаудың үстіндегі ақ бұлттардың тѳбесінде қалы‐

қтап  ұшып  жүргендей  сезінуі  осыны  дәлелдейді.

Алғашқы  лекция  үстіндегі  оның  қыздар  туралы  лири‐

калық  ойы,  группадағы  отыз  қыздың  бәрін  бірдей

ақылды,  бәрі  бірдей  сұлу  деп  есептеуі  осының  айғағы.

Әрине,  тѳрт  жыл  қанды  қырғынға  қатынасып,  соғыс

күнделікті  ѳмірлік  ісі  боп  кеткен  адам  оның  үйреншікті

әдеттерінен  бірден  арыла  алмайды.  Сондықтан  да  Ербол

алғаш  аудиторияға  кіргенде  ѳзіне  қадалған  отыз  қыздың

кѳзін  түнде  жау  самолетін  іздеген  прожекторлардың

айқыш-ұйқыш 

сәулесімен 

салыстырады. 

Алғашқы

лекцияға  келген  оқытушы  аты-жѳнін  сұрағанда  ол

орнынан  атып  тұрып:  «Сержант  Ербол  Есенов»  деп  тақ-

тұқ  жауап  береді.  Соғыста  болмаған,  әскер  тәртібін

білмейтін  оқытушы  түрегеп  тұрған  солдатқа  «отыр»  деп

айтпай,  лекциясын  ары  қарай  жалғастыра  бергенде

Ерболдың  рұқсатсыз  отырмай,  қақиып  тұрып  қалуы  -

міне,  осының  бәрі  әскери  дағды.  Ерболдың  сол  қақиып

тұрғаны  кѳлденең  жұртқа  күлкі  боп  кѳрінгенімен,  сол

сәттің  кѳп  сыры  бар.  Бұл  біріншіден,  Ерболдың  бойына

әскери  тәрбиенің  мықтап  сіңгендігін  кѳрсетеді.  Ал  Ұлы

Отан соғысының жеңісі әскери уставтың талаптарын адал

кѳңілмен  атқаратын  Ербол  сияқты  солдаттардың  табан‐

дылығымен  келген.  Егер  Ерболға  қаптап  келе  жатқан

қалың  жаудың  алдынан  зеңбірекпен  не  пулеметпен  жеке

қалып, жалғыз шайқас десең, шайқасады. Ѳзгелер межелі

жерге  жетіп  алып,  жайғасқанша  сен  тапжылма,  шамаң

жетпесе,  сол  жерде  Отан  үшін  ол  десең,  ол  оғы  біткенше

жаумен  атысып,  сол  арада  тапжылмастан  ѳледі  де.  Ал

Ерболдың  бойына  армия-ананың  сүтімен  сіңген  бұл

қасиет  ол  әскерден  қайтып  келіп,  студент  боп  аудито‐

415



рияға  кірісімен  кете  қалмайды.  Оқытушы  орнынан

тұрғызып  алып,  қайтадан  «отыр»  деместен  лекциясын

бастай  жѳнелгенде  Ерболдың  жұрт  кѳзіне  нысана,

күлкісіне тиек болып, рұқсат күтіп, бір сәт тапжылмастан

тұрып  қалған  күлкілі  жағдайында  осындай  бір  астарлы

жай және бар.

Рас,  кейіннен  әскери  әдеттің  кейбір  сырт  кѳріністері

Ерболдың  бойынан  біртіндеп  қалада  бастайды.  Бірақ

әскери  тәрбиенің  мәні  оның  қанында  мәңгі  сақталып

қалады.  Сондықтан  да  Ербол  үлкендерді  кѳргенде  гене‐

ралдың  алдынан  ѳткен  солдаттай  сызылады,  нашар

оқитындардың сабақты ұғуына болысып, жолдастарының

арасында  коллектившілдік  сезімін  күшейтеді.  Ербол  ѳз

аузынан  мынадай  тұжырым  айтады:  ананың  емшек  сүті,

мек-теп  тағылымы,  әскер  тәрбиесі  бірін-бірі  толықтыра

түседі; осы үш тәрбиені бойына сіңірген адам асыл азамат

болады. Сондықтан да ол Меңтайдың басқа біреуге берген

сертін бұздырмайды. Ѳйткені, ант бұзу ана тәрбиесіне де,

армия дәстүріне де жат іс - сұмдық жай. Сол себептен де

ол сүйген қызын ондай сұмдыққа итермелей алмайды.

Автордың  мақсаты  Ербол  мен  Меңтай  жақсы  жігіт,

білімді қыз екенін кѳрсетіп қана қою емес, солар арқылы

халқымыздың  бойындағы  кейінгі  ұрпаққа,  арғы,  алыс

болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау.

Сол  қасиеттерді  Меңтай  мен  Ерболдың  бойына  ѳлшеп

піше  отырып,  жұртқа  жарасымды  үлгі  ұсыну  еді.

«

Апамның  айтқандары»,  «Ѳз  ойларым»,  «Алтын  діңгек»



дейтін  нақыл  тараулар,  т.б.  осы  пікірді  нығайтуға

қосымша  түрінде  кірді.  Ауыз  әдебиетінің  үлгі-нұсқала‐

рының  ең  асылдарын  ауызға  ала  отыру  да  осы  ниеттен

туған. Ерболдың облыстық газетте тілші боп жүргенде ел

ішіндегі  ескі  салт-сананың  кейбір  ерсі  қылықтарын

сынап-мінеуі  де  осы  тілекпен  қабысады.  Сырт  қараған

кісіге  жасық,  жуас  кѳрінген  Ерболға  автор  осындай

416



идеялық  жүк  беріп,  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  әр

жүрекке жеткізер елші міндетін жүктеген үміт артқан еді.

Сондықтан  мен  кѳптеген  оқырмандар  пікіріне  қосыла

отырып, Ерболды «сырт қараған кісіге жуас, момын кѳрі‐

нетін  -  соғыста  батыр,  еңбекте  ер  боп  шығатын,  жаны

жалынды, қарапайым қазақ жігіттерінің бірі деп ұғамын.

Сұрақ: Кітаптың аяғында кейіпкерлердің кейіннен кім

болғаны  кѳрсетілген.  Ал  Ерболдың  қандай  күйде  екені

неге айтылмаған?

Жауап: Ерболдың қазір кім екендігі кітаптың соңында

емес, басында айтылды. Жазушы мен әдебиет сыншысына

журналист  Ербол  ѳз  басынан  ѳткенді  баяндап  береді.

Демек, ол журналист.

Сұрақ:  Роман  кейіпкерлерінің  прототиптері  бар  ма?

Бар  болса,  олар  қазір  қандай  күйде,  не  қызметте?  Семья

жайлары қандай?

Жауап: Бірсыпырасынікі бар. Кейбіреулерінікі жоқ. Ал

бірді-екілі кейіпкер кітапқа ѳмірдегі ѳз атымен кірді.

Бірақ бар деген прототиптердің сырт пішіндері, кейбір

басынан  кешкендері  кітапқа  кіргенімен,  кейіпкер  бейне‐

лерін  жасау  үстінде  олар  мүлде  ѳзгеріп  кетті.  Прототип‐

тердің  ѳздері  білмейтін,  бірақ  ѳмірде  болған,  басқалар

басынан  кешкен  жаңа  окиғалар  қосылды.  Сондықтан

кітапты оқып шыққаннан кейін мына кейіпкердің прото‐

типі  менмін-ау  деп  ойлаған  кейбір  таныстарымның

«

мұндай  оқиға  менің  басымнан  ѳткен  жоқ  еді  ғой»  деп



таңданулары  да,  шамданулары  да  мүмкін.  Олай  етудің

қажеті жоқ. Ѳйткені бұл кітап деректі дүние емес, кѳркем

шығарма ғой.

Енді  сол  прототиптердің  немесе  жартылай  прототип‐

тердің бас-басына жеке тоқтайын.

Меңтай  бейнесінің  соңғы  жақтары  қайдан,  қалай

алынғанын  оқушы  жоғарыда  аңғарған  болар.  Ал  ол

бейненің алғашқы бѳлігінің - бала, пәк Меңтайдың прото‐

417



типі  сол  кезде  бізбен  бірге  оқыған  бір  қыздың  ѳмірінен

алынды.  Оның  ағасының  ѳлгені,  соғыстан  келген  бір

жігіттің  мен  ағаңмен  жолдас  болдым,  ағаң  ѳлерінде  сені

маған  тапсырып  кеткен  деп  ол  қыздың  уәдесін  алғаны,

«

сен  уәдеңді  бұзба,  бұзсаң  сені  ѳлтіремін!»  деп  мейрам



сайын  Алматыға  келіп,  қызбен  кездесіп  жүргені  рас.

Артынан  оның  елдегі  сиыры,  үйі  бар  жесір  келіншекке

үйленгені,  сберкассада  қызмет  істеп,  облигацияға  подлог

жасағаны  үшін  сотталып  кеткені  де  шындық.  Меңтай

прототипіне  негіз  ретінде  алынған  ол  қыз  -  қазір  екі

баланың  анасы,  орта  мектептің  мұғалімі.  Жолдасы  -

ағарту қызметкері.

Ерболдың  прототипін  күнде  кѳремін,  екеуміз  бір

мекемеде  қызмет  істейміз.  Әсіресе,  таңертең  асығып,

жұмысқа  келген  бетте  шаш  сипау  үшін  айна  алдында

жүздесіп,  жымыңдасып  та  қаламыз.  Оның  тѳрт  баласы,

әйелі  бар.  Оны  кѳргенде:  «Сен  кітаптағы  Ербол  менмін

деп  мақтанасың.  Бірақ  жазушының  әр  шығармасында  ѳз

ѳмірінің  элементтері  араласа  жүретінін,  ендеше  Ербол

бейнесінде  менен  де  титтей  бірдеңе  бар  екенін  оқыр‐

мандар да сезетін шығар» деп қоямын. Расында да кейбір

оқырман  Ербол  мен  авторды  бір  адам  деп  есептейтін

кѳрінеді.  Ал  кѳптеген  оқырмандар  Ерболды  ѳмірде  бар,

тірі  адам  деп  те  ұғады.  Сондықтан  да  олар  баспаға

жолдаған  ѳз  хаттарының  сыртына  «Ербол  Есеновке

тапсырылсын» деп жазады.

Заман  менТана  туралы.  Заманның  прототипі  екеу.

Біреуі  1941  жылы  немістер  тұтқиылдан  шабуыл

жасағанда  Брест  түбінде  тұтқынға  түсіп,  1945  жылы

майда  әскери  тұтқындармен  бірге  ол  да  қолға  ѳтіп,

кейіннен  сотталған  жігіт.  Ол  Орал  тауында  шахтада

жұмыс  істеген.  Жігіттің  сүйген  қызы  артынан  оны  іздеп

барып,  қосылып,  екеуі  балалы-шағалы  боп  бірнеше

жылдан  соң  елге  келген.  Бірақ  бұл  қыз  ЖенПИ-де

418



оқымаған, орта біліммен ауылда мұғалім боп жүрген еді.

Заманның  екінші  прототипі  белгілі  халық  ақыны

Сапарғали  Әлімбетовтың  жалғыз  ұлы,  1943  жылы  Ұлы

Отан  соғысында  қаза  тапқан  жас  ақын  Маман  болатын.

Маманныңда  шын  сүйіп,  серттескен  қызы  бар  еді.  Міне

бұл  қыз  ЖенПИ-де  оқыды.  Егер  Маман  жоғарыдағы

жігіттің  жағдайына  ұшырап,  аман  қалса,  бұл  қыздың  да

оны  жер  түбіне  болса  да  іздеп  барары  кәміл  еді.  Бұл  кісі

де  кейін  тұрмысқа  шыққан,  балалы-шағалы,  жанды-

жақты дегендей, үлкен семья болды. Қазір ерімен екеуі де

орта  мектепте  мұғалім.  Романдағы  Заман  мен  Тана

бейнесі осы екі жігіт пен екі қыздан алынған болатын. Ал

Ербол  мен  Тананың  соғыс  кезінде  кездесіп,  екеуінің  үш

күн бірге болған сәтін суреттейтін достық, адалдық, адам‐

гершілік  жыры  ѳмірде  шын  болған,  нақты  оқиғаға  негіз‐

делген  еді.  Бұған  кейбір  кексе  кісілердің  сенбейтіні

байқалады. Оған мен не айта аламын. Қолына тиген кітап

жайында  қалай  ойласа  да  оқырмандардың  еркі

ғой, әрине.

Зайкүлдің прототипі бар десе де, жоқ десе болады. Бар

деуге  болатыны,  соғыс  кезінде  сезімі  ерте  оянып,  еркек

кѳрсе,  қылмыңдай  бастайтын  кейбір  қыздардың  болғаны

рас. Сондайлардың біреуі ЖенПИ-ден қуылып, Универси‐

теттің біз оқып жүрген группасынада келген болатын. Ол

қыздың жатақханада сол кезде жаңа ғана шыққан «Алтын

кілт»  деген  кәмпитті  бір-біріне  тұмсығынан  жем  берген

кѳгершіндей болып, жігіттердің аузынан (бір ұшын жігіт,

бір  ұшын  қыз  тістеп)  сорып  отырғанын  да  кѳргенбіз.

Зайкүл бейнесін жасарда сол қыз ойыма түскен де болар.

Бірақ ол қыздың кейін қайда кетіп, қазір қайда жүргенін,

тіпті, бар- жоғын да білмеймін. Зайкүлдің прототипі жоқ

десе  де  болады  дейтінім,  ол  бейненің  бойына  осы  күнгі

кейбір  қыздарда  кездесетін  кемшіліктерді  және  қостым.

Сѳйтіп,  Зайкүл  жеңілтек,  желѳкпе  бұрынғы  қыздарға  да,

419



бүгінгі  қыздарға  да  ұқсап  шықты.  Менің  ѳз  түсінігімше,

бойында  ұшып-қонба  жеңілтектік  мінездері  болғанымен,

жалпы  Зайкүл  ақкѳңіл  қыз.  Жақсы  жар  кездесіп,  қара‐

пайым ѳмір сүрсе, ондайлардың кейін салиқалы әйелдер

қатарына  қосылып  кетері  сѳзсіз.  Бірақ  «басына  бақ»

қонса,  Зайкүл  сияқтылардың  кердеңдеп  кететіні  де

болады. Ондайлар ең алдымен тыраштанып киінеді. Одан

соң  кенедей  жабысып,  күйеуінің  машинасынан  түспейді.

Осыдан  кейін  ѳзі  шатпақтаған  бірдеңелерін  диссертаци‐

ямның тарауы деп әркімге бір түзеттіріп немесе жаңадан

жаздыртып, ғылым кандидаты деген атақ алып, алшаңдап

шыға келеді. Ал оның қорғаған диссертациясынан қоғамға

келер  бір  тиын  пайда  болмайды.  Ѳмірде  осындай

оқиғалар  кездесіп  жататындықтан,  біздің  Зайкүл  де

мұндай  «модадан»  құр  қала  алмады.  Оның  бойындағы

жас  кезіндегі  -  жеңілтектік,  ѳскеннен  кейінгі  ұятсыздык,

күйеуге  шыққаннан  кейінгі  келісіп  тұрған  жағдай

осындай  озбырлыққа  барып  ұштасты.  Зайкүлге  кѳп

тиісетін  қуақы  мінезді  Жомартбектің  де  прототипі  бар.

Қазір  ол  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясында  қызмет

істейді,  филология  ғылымының  докторы.  Кѳптеген

ғылыми  еңбектері  шыққан  және  бірнеше  әңгімелер

жинағы, повестері жарияланған белгілі жазушы. Бірақ қу

тілді  жігіттерді  қыздар  менсіне  қоймайды  ғой.  Сол

себептен  де  ол  ѳлдім-талдым  деп  отызға  жеткенде  әрең

үйленеді.  Роман  прототиптерінің  ішіндегі  әзірге  бала‐

лары  институтқа  ілінбеген  тек  осы  ғана.  Автордың

мақсаты  халқымыздың  бойындағы  жақсы  қасиеттерді

кѳбірек кѳрсету болғандықтан, романда жағымсыз кейіп‐

керлер  ѳте  аз  алынды.  Түптеп  келгенде  кітаптағы  шын

мәніндегі  жағымсыз  кейіпкер  екеу  ғана.  Оның  бірі

Тұмажан  да,  екіншісі  Бүркітбай.  Тұмажан  Ошақбаевтың

басында  біздің  қоғамымызға  жат  екі  түрлі  мін  бар.  Ол

Тұмажанның  советтік  моральға  сыймайтын  озбырлығы

420



мен  қоғам  дәулетіне  сұғанақтығы.  Оның  бойындағы  осы

қылықтарды  оқырмандар  қатты  айыптап,  зығырданы

қайнаған хаттар жазады. «Махаббат, қызық мол жылдар»

романын  сүйсіне  оқып,  кѳп  уақытқа  дейін  ойландым.

Ѳзімді  әлденеше  рет  Ербол  мен  Тұмажанның  орнына  да

қойдым,  -  деп  жазады  колхозшы  Алтынбек  Дәкібаев.  -

Сонда Тұмажандай болғанша, ұл боп анадан тумағанның

ѳзі  артық  деген  қорытындыға  келдім».  Алты  баланың

анасы,  үй  шаруасындағы  әйел  Бағила  Мұқанова  -  Шапа‐

това: «Кітапты оқып отырғанда Тұмажанға жының келіп,

сондай  ыза  болып  отырасың»  десе,  совхоз  жұмысшысы

Әлмұханбет  Дос-жанов  ѳз  хатын:  «Ошақбаевты  ошаққа

тірідей  тығып  жібергің  келіп,  бойыңды  ашу-ыза

кернейді» деп түйіндейді. Ал Л. Құтылбекова, С. Жаукеев

және басқалар Тұмажан сияктылардың ауылда әлі де бар

екенін айтады.

Рас,  Тұмажан  сияқтылар  ауылда  ғана  емес,  қалада  да

кездеседі.  Бірақ  қазіргі  Тұмажандардың  іші  ѳзгермеген‐

мен, түсі ѳзгерген. Олар қара костюм, ақ кѳйлек киіп, екі

беттері  шиқандай  боп,  шекірейіп,  мейманханалардың

маңында жүреді.

Мінеки, Тұмажан бейнесінің прототипіне шүу дегенде

баяғы  ѳзімізбен  бірге  оқыған  қызды  аламын  деп  алдап

кеткен  жігіт  алынған  болатын.  Оның  сотталып  кеткеннен

кейінгі  хал-жайынан  хабарым  жоқ.  Менің  мақсатым,

қыздарды  қашан  да  болса  Тұмажан  сияқтылардың

қармағынан  сақтандыра  отырып,  қыз  намысын  қорлау

қылмыс  жасағанмен  тең  екендігін  жас  жігіттерге  ұғын‐

дыру еді.

Енді  романдағы  прототипі  жоқ  бейнелерге  келейік.

Олар Бүркітбай мен Сәлима.

Бұл  екі  бейненің  екеуі  де  ойдан  жасалғанымен,  оқыр‐

мандар Бүркітбайға лағнет айтып, Сәлимаға шын жүрек‐

терінен  аяныш  білдіреді.  «Сәлима  сияқты,  аюға

421



қосақталған  аяулы  жандар  біздің  ауыл,  ауданымызда  да

бар»  деп  жазады.  Мұның  ѳзі  бұл  екі  бейненің  мен  ѳзім

кѳрген  прототиптері  жоқ  болғанымен,  жұрт  кѳрген,  ел

білетін  прототиптері  бар  екенін  кѳрсетеді.  Кітапта  ѳз

атымен  аталған  кейіпкерлердің  бірі  Майра  Ыбыраева

(

кітапта  -  Абаева).  Ол  қазір  педучилищенің  оқытушысы.



Майрамен кітап шыққаннан кейін тағы бір кездестім. Сол

жолы: «Мынау Майра деп отырғаны мен шығармын деп,

кѳңілім  тасып,  аяқ  басысым  шапшаңдап,  қыз  күніме

жетпесем  де,  келіншек  күйімдегідей  халге  келдім.  Бес

балам  ер  жетіп,  ѳз  алдына  отау  болғанда  солардың

үйлерінің  бірінші  жасау  -  мүлкі  болсын  деп,  бесеуіне

арнап  бес  кітап  сатып  алдым.  Алтыншысы  мына  Уәкең

екеуміздікі.  Осыларға  автограф  жазып  бер»  деп,  Майра

алты кітапты алдыма жайып тастады.

— 

Осы Майраның шын сѳзі, шын сезімі, - деп жолдасы



басын изеді.

— 

Кітабым  жастардың  жасауына  жараса,  неге  авто‐



граф  бермейін,  -  деп,  мен  оның  біріншісіне  мынадай

сѳздер  жазып,  қолымды  қойдым:  «Бұл  кітапты  осы

романдағы тікелей ѳз атымен атаған кейіпкерім, соғыстан

кейінгі  ауыр  жылдарда  университеттің  азынаған  аудито‐

риясында  аш  отырып,  бірге  лекциялар  тыңдаған  ескі

досым,  қазіргі  педагог,  асыл  ана  Майра  Ыбыраева  мен

оның  жан  жары,  абзал  азамат  Уәкеңе  шын  жүрек-тен

сыйладым.

декабрь 1970 ж.



Жамбыл қаласы».

Сол сапарымда Меңтай прототипінің негізіне алынған

кісімен  де  кездестім.  Менің  келгенімді  естіп,  күйеуімен

екеуі мейманханадан ертіп үйлеріне апарып, қонақ етті.

— 

Ағай,  кітабыңызды  оқыдым.  Аяғында  Меңтайды



ѳлтіріп  тастаған  екенсіз.  Бірақ  тіріден  артық  етіп  сурет‐

тепсіз, - деді үй иесі әйел ас үстінде.

422



— 

Ондағы  анау  Меңтай  деген  сен  емессің  бе?  -  деді

күйеуі.

— 

Маған да ұқсаңқырайды, - деді әйел.



— 

Әй,  осы  ѳздеріңнің  бірдеңелерің  жоқ  па  еді?  -  деді

күйеуі әзілдеп.

— 

Жоқ  екеніне  кѳзің  жетіп  еді  ғой,  -  деді  әйелі  наз-



наразылығын қосарлай білдіріп.

— 

Рас, рас, - деп күйеуі әйелінің арқасынан қақты.



Романдағы анық ѳз аты-жѳнімен алынған екінші адам

Тәкен  Майшынов  қазір  Талдықорған  облысының  Ақсу

ауданында  тұрады.  Жақында  ғана  Еңбек  Қызыл  Ту

орденімен наградталды. Сәуле деген ақжарқын әйелі бар.

Екеуі  де  сауда  қызметінде  істейді.  Үлкен  қызы  Фарида

университетті,  одан  кейінгісі  Халима  политехникалық

институтты  бітірді.  Ѳзге  балалары  институтта,  мектепте

оқып  жүр.  Майданнан  қайтқан  эшелоннан  Ербол  оқу

оқимын  деп  Алматыға  түсіп  қалғанда  мен  үйге  барып

үйленемін  деп  елге  тартқан  Тәкеннің  балалары  заңды

түрде Ерболдың балаларынан бұрын ержетті. Анау, соғы‐

стан  қайтқан  эшелон  ел  шетіне  кіргенде  арсалаңдап,

бетіне айран жағып алатыны сияқты, осы кітап шыққанда

Тәкеннің істеген тағы бір қызығы бар.

Аудан  магазиніне  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»

түскенде  соның  ішінде  ѳзі  де  бар  екенін  білетін  Тәкен

(

үйге  бір  келгенде  жазып  отырғанымды  кѳріп  кеткен)  он



бес  кітапты  бірден  сатып  алады.  Кѳп  кітап  құшақтап,

Жансүгіров селосын бойлап үйіне қарай келе жатқан оған

таныстары кездеседі.

— 

Ассалаумағалейкүм, Тәке, мынауыңыз не?



Тәкен сәлем алмастан кездесушіге қарсы сұрақ қояды.

— 

Сен  Нұршайықов  деген  жазушыны  білесің  бе?



Алматыда  тұратын  үш  жүздей  жазушыны  жұрттың  бәрі

тегіс  біле  бере  ме,  алғашқы  жолыққандардың  бір-  екеуі

«

білмеймін» деп жауап береді.



423


— 

Онда  жүре  беріңдер,  сендердің  керектерің  жоқ,  -

деп Тәкен ілгері кетеді.

Тағы  да  таныстар  кездеседі.  Сәлем  бергеннің  бәріне

Тәкең жаңағы сұрағын қайтадан қояды.

— 

Е, білемін, аға.



— 

Білсең, мына кітап соныкі. Оқы, ішінде мен бармын,

деп алшаңдай басып жѳнеле береді.



Сѳйтіп  ол  үйіне  жеткенше  қолтығында  екі-ақ  кітап

қалады.  Осыны  Алматыға  келгенде  Тәкеннің  әйелі  Сәуле

айтып, біздің ішек-сілемізді қатырғаны бар.

Кітапқа  кірген  «Тоғжан»  деп  аталатын  новелла  -

тарауда  аталатын  адамдардың  бәрі  де  ѳмірде  болған,

кейбіреулері  қазір  де  бар  адамдар.  Олар  неміс  фаши‐

стеріне  қарсы  күресте  ерлікпен  қаза  тапқан  кіші  коман‐

дирлер:  Айтқали  Құсайынов,  Нәсіп  Қалиев,  Әбдірахман

Бимурзин,  Сенбек  Молдабаев,  Мәншүк  Мәметова,

офицерлер  Қажым  Кѳшеков,  Жамалхан  Жамалбеков,

Ақыраш  Андиров,  подполковник  Әбілқайыр  Баймолдин

бәрі  де  біздің  құраманың  түлектері  болатын.  Бұл



солдаттар  тұрады  емес,  студенттер  жайындағы  кітап

болғандықтан,  оқырмандарды  жалықтырмау  үшін  соғыс

кѳріністерін мысқалдап қана алдым. Сол алған жерлеріме

ең  жоқ  дегенде  ѳз  кітабымда  аттары  атала  жүрсін  деп,

Отан соғысында опат болған азаматтардың аты-жѳндерін

сыналап  кіргізіп  отырдым.  Осы  тарауда  аты  аталған

Ризуан  Қалиев  қазір  бір  облыста  колхоз  агрономы  боп

қызмет атқарады. Қаза табар алдында жауынгер жігіт хат

жазған  Зада  есімді  қыз  да  қазір  республиканың  бір

жерінде болуға тиіс.

Енді кітаптағы оқытушы кейіпкерлер туралы бір ауыз

сѳз.  Роман  жалпы  университет  туралы  емес,  бір  факуль‐

теттің  студенттері  жайлы  ғана  болғандықтан,  оқыту‐

шылар бейнесін сомдауға оншама бой ұрғаным жоқ. Тек

бірер ғана оқытушының аттары аталады. Олар сол кездегі

424



ұстаздарға  ұқсай  ма,  ұқсамай  ма,  -  оны  сол  кездегі

студенттер  біледі.  Бірақ  солардың  кейбіреулері  арқылы

романда  осы  күнгі  кейбір  оқытушылардың  да  басындағы

оғаш қылықтары ептеп сыналатыны хақ.

Міне,  роман  кейіпкерлерінің  прототиптері,  олардың

қазіргі  жайы  дегенде  айтылатын  сѳз  осы.  Бір  жердің

оқырмандары  үшін  бұл  кітаптың  шылғи  шындық  боп,

кей жерлерде болған оқиғаға ұқсап тұратын себептері де

кітап  кейіпкерлерінің  прототиптері  барлығынан  болар.

Бірақ  пәленшенің  прототипі  пәлен  дегенмен,  романда

солардың  мүлде  ѳзгеріп  кеткендігін  тағы  да  ескерткім

келеді.


Сұрақ:  Осы  романды  жазу  үстінде  қандай  кітаптар

оқыдыңыз?

Жауап:  Жаңа  кітап  оқығаным  жоқ.  Ескіден  Фадеевтің

«

Тас-талқаны»  мен  Ерубаевтың  «Менің  құрдастарымын»



қайталап  қарап  шықтым.  Ал  романым  ѳндіріске

кеткеннен  кейін  қолыма  бірінші  алған  кітабым  Шыңғыс

Айтматовтың «Ақ кемесі» болды.

Сұрақ: Жазушылардан кімді жақсы кѳресіз?

Жауап:  Классиктерді  кім  жақсы  кѳрмейді.  Ал  жалпы

совет  жазушыларынан  сүйіп,  сүйсініп  оқитыным  А.

Фадеев, М. Шолохов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов.

Сұрақ: Роман желісіндегі әр алуан махаббат линияла‐

рының  бірінен  жазушы  М.  Иманжановтың  «Есеновтың

тағдыры»  дейтін  әңгімесіне  ұқсастық  аңғарылады.

Осы неден?

Жауап:  Мен  қазіргі  қазақ  жастарының  ѳмірін

жырлаған  жазушылардан  екі  адамды  ерекше  бағалай‐

мын.  Олар  -  Саттар  Ерубаев  пен  Мұқан  Иманжанов.

Біріншісін  кѳре  алғамын  жоқ.  Ал  екіншісімен  1954

жылдың  күзінде  бірінші  рет  жақын  танысуымның  сәті

түсті.  Қазақстан  комсомолы  Орталық  Комитетінің

жолдамасымен  тың  игерушілер  ѳмірінен  шығарма

425



жазуға  Павлодарға  келген  Мұқан  Иманжановқа  серік

болып  (ол  кезде  мен  Павлодар  облыстық  «Қызыл  ту»

газетінің редакторы едім), тың игеруші жаңа совхоздарды

араладым.  Бірнеше  күнге  созылған  сол  сапарда  Мұқан

менің  «Шешен»,  «Қызыл  кѳрпе»,  «Командировка»

сияқты  ауызша  әңгімелерімді  айтқызып,  тыңдады.  «Сен

ѳзің  дайын  жазушы  екенсің,  осы  айтқандарыңды  қағазға

түсір»  деп  кеңес  берді.  Ал  қисаң  «Қызыл  кѳрпенің»

сюжетін маған бер, мен әңгіме жазайын. Қимасаң оны да

ѳзін жаз деді. Әрине, жақсы кѳретін жазушың қолқаласа,

оның үстіне жазылмаған әңгімең болса, оны кім қимайды.

Алыңыз дедім. Жазғандарымды Алматыға, тура Иманжа‐

новтың  ѳзіне  жіберуге  және  уәде  еттім.  Мұқан  менен

алған сол сюжетті «Есеновтың тағдыры» деген әңгіме етіп,

«

Тыңдағылар»  атты  кітабына  кіргізді.  Мінеки,  Иман‐



жанов  екеуміздің  арамыздағы  творчестволық  достық

осылай басталды. Мұқан Иманжановтың тікелей қамқор‐

лығымен  1956  жылы  «Алыстағы  ауданда»  деген  атпен

менің  тұңғыш  очерктер  жинағым  жеке  кітап  боп

басылып шықты. Маған СССР Жазушылар одағына мүше

болып  ѳту  үшін  бірінші  рекомендацияны  да  Мұқан

Иманжанов  берді  (Серік  Қирабаев  екеуі).  Мұқан  Иман‐

жанов  жалғыз  менің  ғана  емес,  ол  кездегі  кѳптеген  жас

жазушылардың (осы күнде олардың бірсыпырасы атақты

жазушы болып кетті) шынайы қамқоршысы, адал ұстазы

болды.

Міне, сол 1954 жылдың қарлы күзінде, түнде, ауатком



председателінің  кабинетінде  қонып  жатып  Мұқанға

айтқан  кішкентай  әңгіме  келе-келе  кеудемді  кернеп,  оны

ѳзім  жазбасыма  болмайтын  күйге  жеттім.  Мұқан  жазған

ол  әңгіме  ақыры  осындай  үлкен  романға  айналды.

Романның бір линиясындағы ұқсастық осыдан шықты.

Сұрақ:  Сіз  бұл  кітапты  қайда:  курортта,  теңіз  жаға‐

сында  ма,  әлде  үйде,  тек  кабинетте  отырып  қана

426



жаздыңыз  ба?  Қалай  жаздыңыз,  басынан  бастап,  аяғынан

бір-ақ шықтыңыз ба?

Жауап:  Бізде  кабинет  деген  болмайды.  Бір  бѳлмеде

тѳрт бұрыш болса, соның бір бұрышын «кітапхана», екін‐

шісін  -  «ас  ішетін  орын»,  үшіншісін  -  «қонақ  бѳлме»,

тѳртіншісін  «кабинет»  деп  атаймыз.  Кітаптың  кѳпшілік

беттерін  сол  «кабинетте»  отырып  жаздым.  Жеке  тарау‐

ларын  ауруханада  жатып  жалғастыруыма  тура  келді.

Мысалы,  Меңтай  ѳлетін  тарауды  ауруханада,  «Мәдениет

және  тұрмыс»  журналының  редакторы  Мұса  Дінішевпен

бір палатада жатып бітірдім (Мүсекен соқыр ішегін алды‐

рған-ды).  Ал  қалай  жаздың  дегенге  келсек,  басынан

бастап,  сыдыртып  аяғынан  бір-ақ  шыққамын  жоқ.  Твор‐

честволық процесс кейде қазанның қайнағанына ұқсаңқы‐

райды.  Қазанға  суды  толтырып,  астына  от  жағып,  бетіне

қарап  отырсаң,  оның  беті  бірден  бұрқ-сарқ  етіп  шыға

келмейді.  Әне  жерден  бір  бүлк  етіп,  мына  жерден  бір

бүлк  етіп,  бірте-бірте  су  беті  тұтас  сарқылдай  бастайды.

Сол  сияқты  мен  романның  бас  жағын  жазып  жатқанда

оның  орта  тұсында,  не  аяқ  кезінде  айтылар  ойлар,

оқиғалар  қаумалап  келе  берді.  Ондай  кезде  мен  жазып

отырған  жерімді  қоя  қойып,  жаңадан  келген  ойларды

дереу  бір-бір  жапырақ  қағазға  түсіріп  отырдым.  Онын

үстіне  шырт  ұйқыда  жатқан  шағың  -  түнде  тѳсектен

түртіп  оятатын  ойлар  тағы  болады.  Кейін,  сол  тұстарға

жеткенімде,  осыдан  бірнеше  күн  бұрын  қағазға  түсіріп

алған  оқиғаларды  ѳрбітіп,  жеке  ойларды  сол  күйінше

романға кѳшіріп отырдым.

Кітап  тек  үйде  ғана  жазылған  жоқ.  Сонымен  бірге

оның  кѳптеген  жолдарын  кѳшеде  тұрып  та  жаздым

деуіме  болады.  Ѳйткені  таңертең  жұмысқа  бара  жатқа‐

нында  неше  алуан  адамдарды  кѳресің,  олардың  әр  түрлі

қимылдарын  аңғарасың.  Содан  ѳзіңе  ой  түсіп,  кітабыңа

керекті жаңа детальдарға кездесесің, жаңа нақылдар таба‐

427



сың.  Жолда  кездескен  үркек  ойдан  айырылып  қалмау

үшін  бір  үйдің  бұрышында  тұра  қалып,  жалма-жан

қалтаң-нан  қойын  дәптерің  мен  қарындашыңды  шыға‐

рып, жаңағы сѳзді жазып алуың қажет. Ѳз-ѳзіңнен тоқтай

қалып,  жанталасып  қағазға  бір  нәрсені  түрте  бастауың

жүріп  жатқан  жұрттан  ұятта.  Ұят  болса  да  ѳйтпеске

амалың жоқ. Ѳйткені, басқа келген ой, бұтаққа қонған бір

топ  торғаймен  тең.  Сол  сәтінде  суретке  түсіріп  алмасаң,

топ торғай пыр етіп ұшады да кетеді. Содан соң ұмытқан

ойды іздеуден ауыр азап жоқ. Іздегенмен оны таба алмай‐

сың.  Мысалы,  кітаптағы  мынадай  жолдар  ең  алдымен

кѳшеде қойын дәптерге түскен еді:

«

Баласы  арақ  ішсе,  шешесі  у  ішеді.  Маскүнем,  жаман



бала жақсы ананы ажалынан бұрын кѳрге кіргізеді.

Жақсы дос жаман әкеден артық.

Кѳшеде кѳлденең тұра қалып, бірінің ернің бірі жұлып

жердей  боп  жалмап,  жұрт  кѳзінше  сүйісіп  жатқан  қыз

бен жігітте ар да, ұят та болмайды.

«

Шошақай  қыз  шешесінің  атына  кір  келтіреді»,  т.б.



Ѳстіп  барып  «Махаббат,  қызық  мол  жылдардың»  осы

күнгі нұсқасы дүниеге келді...

Сұрақ: Бұл кітап енді қашан қайта басылып шығады?

Жауап:  «Махаббат,  қызық  мол  жылдарды»  қайта

бастырып  шығару  жайында  «Жазушы»  баспасына  да,

Қазақстан  комсомолының  Орталық  Комитетіне  де  оқыр‐

мандардан  кѳптеген  ѳтініш  тілектер  түсті.  Жер-жерде

ѳтіп жатқан оқырмандар конференцияларында айтылған

осындай тілектерді және ескере отырып, Қазақстан ЛКСМ

Орталық  Комитеті  1971  жылдың  басында  Қазақ  ССР

Министрлер  Советінің  Баспасѳз  жѳніндегі  мемлекеттік

комитеті  мен  «Жазушы»  баспасына  жас  оқырмандардың

тілегін  айтып,  бұл  кітапты  қайта  басып  шығару  жѳнінде

ұсыныс енгізді.

428



Баспа  бұл  ѳтінішті  ескере  отырып,  оны  1972  жылдың

жоспарына енгізді.

Сѳйтіп  бұл  кітап  1972  жылы  «Махаббат  жырлары»

деген атпен қайтадан шықты. Кітап екі бѳлімнен тұрады.

Бірінші  бѳлімге  «Махаббат  жыры»,  «Ботакѳз»,  «Әсем»,

«

Ескі дәптер» кіреді, екінші бѳлім «Махаббат, қызық мол



жылдардың»  бір  ѳзінен  ғана  тұрады.  Ең  алғашқы

жоспарым бойынша осылардың бәрінің басын қосып, бір

роман  деп  атадым.  Романның  бірінші  бѳлімінде:  журна‐

лист Ербол Есенов ѳзгелер туралы баян етсе, екінші бѳлі‐

мінде ѳзі және ѳзінің достары туралы сыр шертеді.

Осы арада егер кітап қайта басылса, оған оқырмандар

айтқан  кейбір  ескертпелер  ескерілді  ме  деген  сұрақ  тууы

мүмкін.  Иә,  ескерілді.  Мәселен  КАЗГУ-де  ѳткен  конфе‐

ренцияда  Ербол  Меңтайдың  мойнын  сілекейлей  береді

делінген  еді.  Енді  Ербол  сілекейлемейтін  болды.  Сол

сияқты  артық  деген  абзацтар  қысқартылды.  Жұрттың

тілегіне сәйкес кейбір беттерге толықтырулар жасалды.

Кітап  20  тараудан  тұрады.  Мұндай  кѳлемді  кітапты

кейбір авторлар бірнеше бѳлімге бѳледі. Әр бѳлімді жеке-

жеке  тараулайды.  Мен  ѳйтпедім.  Кітап  ұнаса,  оқырман

бас  алмастан  оқыр,  ұнамаса  үш  бѳлімге  бѳліп,  отыз

тарауға  таратып  секектетсең  де  оқымайды  деп  ойладым

да,  бұл  жағының  «техникасына»  мән  бермедім.  Осылай

ойласам да жұрт бұған наразылық білдірмес пе екен деп

іштей  сезіктеніп  жүрдім.  Бақсам  бұған  оқырмандар  да

мән бермепті. Сондықтан кітаптың бұл басылымында оны

бѳлімдерге бѳлмей, бұрынғыша қалдырдым.

Қайта  басылымында  кітабым  кемшіліктен  жүз

процент  арылды  демеймін.  Кем-кетіктері  әлі  де  болар.

Оларды жаңа оқырмандар кѳрсетер, сѳйтіп тағы да түзе‐

термін деп ойлаймын.

Сұрақ:  Бұл  кітапты  Меңтай  ѳлімімен  бітіру  жѳн  емес

429



пе  еді?  Одан  соң  қалған  кейіпкерлердің  кейіннен  кім

болғанының керегі не?

Жауап: Ѳзі де солай, кітап Меңтай ѳлімімен бітіп тұр.

Содан  кейін  бір  беттей  ғана  эпилог  ретінде  басқа  кейіп‐

керлердің  бүгінгі  тағдырынан  мәлімет  беріледі.  Ѳйткені

«

Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  осымен  бітеді.  Олай



болса,  оқырмандардың  ѳзге  кейіпкерлердің  кейіннен  кім

болғанын  білгісі  келер,  ендеше  бұл  біреуге  қажет

болмағанымен, біреуге керек болар деп ойладым.

Оның үстіне кейбір оқырмандар бұл кітаптың жалғасы

қашан  шығады  деп  сұрайды.  Енді  біреулер:  «Махаббат,

қызық  мол  жылдар»  үш  кітаптан  тұруы  керек.  Қазіргісін

екінші  кітап  деп  есептеп,  енді  Ерболдың  соғысқа  дейінгі

және  университет  бітіргеннен  кейінгі  ѳміріне  арнап

бірінші,  үшінші  кітаптарды  жазу  жѳн  деп  кеңес  береді.

Әрине,  ондай  кітаптар  болмайды.  Ендеше  кітаптың  ең

соңындағы эпилог орнындағы кішкентай тарауы оқушыға

автордың осы ойын жеткізу жѳніндегі жүкті арқалап тұр

деп білген жѳн.

Сұрақ:  «Менің  сіздерден  ѳтінішім:  «Махаббат,  қызық

мол  жылдар»  кітабын  баршаға  ортақ  тіл  -  орыс  тіліне

аудартсаңыздар  екен.  Менің  орыс,  тәжік,  дүңген,  татар

құрбыларым да оқысын бұл кітапты.

Алтай Жапарбекова, Жамбыл қаласы».

Осындай  ѳтінішті  Целиноград  қаласынан  Қасым

Қарпышев,  Чернигов  қаласында  әскери  борышын  ѳтеп

жатқан  жауынгер  Сағынбай  Қаратаев  және  басқа  оқыр‐

мандар да жолдаған.

Жауап:  Оқырмандардың  осы  тілектерін  ескере

отырып, «Жазушы» баспасы бұл кітапты 1973 жылы орыс

тілінде  басып  шығаруды  жоспарлап,  Ленинградта

тұратын  орыс  жазушысы  Г.А.  Горышинмен  шарт  жаса‐

сты.  Жазушы  Глеб  Горышин  «Махаббат,  қызық  мол

жылдарды» орыс тіліне аударып жатыр.

430



Мінеки,  оқырман  хаттарындағы  авторға  қойылған

сұрақтардың ең негізгілері осылар.

Осымен  оқырмандарға  жауабымды  аяқтаймын.  Әр

жүректе асыл адамгершілік, айырылмас махаббат болсын.

Ѳмірден қол ұстасып ѳтер жан серік жалғыз жарын шын

сүйе  білмеген  адам  жолдасын  да  жақсы  кѳре  алмайды,

коллективін  де  құрметтей  білмейді.  Жан  жарына  адал

болмаған  адам  қылған  қызмет,  істеген  жұмыс,  атқарған

қоғамдық  міндетіне  де  адал  бола  алмайды.  Кеудесінде  ѳз

адамгершілік,  берік  махаббат  ұя  салмаған  адам  анасына

да,  Отанына  да  адал  бола  алмайды.  Жоғарыда  келтірген

осы  ойымды  тағы  да  қайталағаныма  кешірім  ѳтіне

отырып, әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол

махаббат  әр  жас  семьяның  алтын  діңгегіне  айналсын  деп

тілеймін,  қырда  жайқалған  қызғалдақтай  қыздарым  мен

ѳндірдей  ѳрен  ұлдарым  менің!  Тек  жас  семьяның  ғана

емес,  «махаббат»  деген  асыл  жібекке  түйілген  отаншыл‐

дық,  еңбекшілдік,  достық,  туыстық,  бауырмалдық,

Октябрь  революциясының  ісіне,  дәстүріне  жан-тәнімен

берілгендік  сезімдері  біздің  социалистік  Ұлы  Отанымы‐

здың алтын діңгегі болсын деймін!

Жастықтың,  жігердің,  адалдықтың,  адамгершіліктің

алтын туы асыл махаббат жасасын!

1 - 10 


январь, 1972 ж.

431



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет