Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 БЕЙМАТА МАТЕРИАЛДАР ӨНДІРІСІ



Pdf көрінісі
бет105/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150
4. БЕЙМАТА МАТЕРИАЛДАР ӨНДІРІСІ 
 
Беймата дегеніміз – бір немесе бірнеше текстиль материалдарының 
түрлерінен  жасалған  кездемені  немесе  олардың  текстильді  емес 
материалдармен үйлесімін айтамыз. 
Беймата  материалдарының  топтастырылу  негіздерінің  әртүрлі 
белгілері бар. Олар: өндіріс әдісі, қолданылатын шикізаттың түрі, дайын 
материалдың қолданылу және т.б.  
Беймата  материалдарының  негізі  –  талшықты  жайғақ  –  оларды  әр 
кезде  әр  қалай  атап  келген,  яғни  кейде  талшықты  кездеме  немесе 
талшықты  қабат,  тіпті  мақта  деп  те  атаған.  Бірақ  соңғы  кездері  оның 
дұрыс  аталуы  жолға  қойылған,  оны  «талшықты  жайғақ»  немесе 
қарапайым тілмен жай ғана «жайғақ» деп атайды. Бұл атау материалдың 
сипаттамалы қасиеттерін жақсы анықтайды, сонымен бірге бұл термин  – 
«жайғақ» - текстиль өндірісінде бұрыннан қолданылады. 
Беймата  материалдарының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Оларға 
жататындар:  көлемділігі,  ауа  өткізгіштігі,  ылғал  сіңіргіштігі,  қаттылығы, 
жылу  және  дауыс  айырушы  қабілеттілігі,  жоғарғы  серпімділігі, 
құрылымының біркелкілігі, иілгіштігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет